2 – сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:
2 - СЫНЫП МАТЕМАТИКА ПӘНІ МАЗМҰНЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
І. 2-СЫНЫП МАТЕМАТИКА ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ МАЗМҰНЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1. 1 Математиканың жаңа білім мазмұнының ерекшелігі . . . 8-17
1. 2 Оқу материалдарын оқытып-үйретудің жоспарын талдау . . . 18-27
ІІ. 2 - СЫНЫП МАТЕМАТИКА ПӘНІ МАЗМҰНЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН АНЫҚТАУ ЖОЛДАРЫ
- Ауызша қосу және азайту әдістерін меңгерту . . . 28-45
- Бастауыш сынып оқушыларының үлгерімін көтеру . . . 46-51
Қорытынды . . . 52-58
Пайдаланған әдебиеттер . . . 59
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасында Тәуелсіздік алысымен қызу қолға алынған ауқымды іс-шаруалардың бірі-жеткіншек ұрпақты мүмкін болған жаңа қағидалар негізінде тәрбиелеу.
Бұл міндетті шешу жолы білім берудің әр сатысының мақсат- міндеттері, формаларының айқындалуы, 2002-2003 оқу жылында еліміздің өз ғалымдарымыз, әдіскерлеріміз, мұғалімдеріміз даярлаған төл оқу құралдарына толық көшуі, осы жаңа буын оқулықтарының нақты іс жүзіне асуы өте маңызды десек қателеспейміз. Алайда, қателесу, кемшідік жібермеу тіршілік иесінің бәріне тән жағдай. Сол себепті, мұндай жағдайда атамыз қазақ айтқандай « көш жүре түзеледі», деген қағиданы өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
Еліміздің төл Конституциясы, жаңадан қабылданған Тіл туралы және Білім туралы Заңдарында бүкіл қоғамның, сол сияқты жеке тұлғаның мәдени және рухани дамуының басты құралы жас ұрпаққа білім беру мен ғылымды, мәдениет пен өнерді заман талабына сәйкес өркендете отырып, бастауыш сынып оқушыларына математика пәні мазмұнының ерекшеліктерін оқытуға арнайы көңіл бөлінген. Сонымен қатар, Қазақстан Респуликасының алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі ел экономикасын жаңа бағытта жеделдетіп дамыту.
Жаңа буын оқулықтары мен оқу әдістемелік кешені білім берудегі күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Бұған қазақ халқының ұлы ағартушылары Ы. Алтынсарин, М. Әуезов, А. Байтұрсынұлы, ал бір ғана математика пәнінен оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер М. Дулатов, К. Жәлелов, Қ. Сәтбаев, С. Қожанов, Ә. Қасымов, Е. Қасболатов, Е. Омаров, Т. Құралов сияқты жазушы, ғалымдар ат салысқан.
Оқулық авторлары өз туындыларының бірінші басылымында кеткен, жіберіп алған «әттеген айларын» екінші басылымда түзеуде немесе, мұғалімдерге арналған қосымша оқу құралдарын шығаруда, мақалалар жазуда, лекциялар оқуда.
Сондықтан зерттеу тақырыбымызды «2-сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктері» деп алуға негіз болды.
Зерттеу обьектісі: Бастауыш мектептегі оқыту процесі.
Зерттеу мақсаты: Жаңа буын оқулықтары мен оқу әдістемелік кешенін талдау.
Зертеудің әдістері: Теориялық әдістемелік әдебиеттерге шолу жасау.
l. 2 - сынып математика оқу материалдары мазмұнына жалпы сипаттама
«Математика» оқу пәнінің нысаны. «Математика» оқу пәні өзінің дербестігін сақтай отырып, «Математика және информатика» білім беру саласының мазмұнына енеді, оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған. Кіші мектеп жасындағы оқушының математикалық сауаттылығы математикалық тілді, математикалық ұғымдар мен амал тәсілдерін меңгеру, алынған білім мен амал тәсілдерін күнделікті өмірдің түрлі жағдайларында қолдануда көрінеді.
Математикадан пәндік стандарттың мазмұны Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартында көрсетілген түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыратын білім беру нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған.
«Математика» пәні. Математика - мазмұнына сандар мен оларға қолданылатын амалдарды, шамаларды, есептерді, алгебра, геометрия, комбинаторика, ықтималдықтар және математикалық статистика элементтерін біріктірген, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесуін жүзеге асыратын кіріктірілген оқу пәні.
Бастауыш білім берудің базалық пәні болып табылатын математика, бір жағынан, өзге пәндерді (информатика, қоршаған орта, көркем еңбек, т. б. ) оқытудың алғышартын және негізін қалайды, ал екінші жағынан, осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады.
Бастауыш мектеп математикасы негізгі мектеп математикасының табиғи бір бөлігі болып табылады. Бұл бастауыш мектепте математиканы оқытудың төмендегідей мақсаты мен міндеттеріне жетудің қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Математика мақсаты: Кіші мектеп жасындағы оқушыны математикалық дамыту, практикалық міндеттерді шешу.
Математиканы оқытудың негізгі міндеттері:
- Жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде, қоршаған ортаны сипаттау нысаны мен таным әдістері ретіндегі математика туралы түсінік қалыптастыру;
- Оқыту барысы мен нақты өмірде қолдануға қажет болатын математикалық білім, білік, іс-әрекет тәсілдері жүйесін берік әрі саналы түрде игеруді қамтамасыз ету;
- Математикалық іс-әрекетке тән ойлау сапасын қалыптастыру, қоршаған ортаны танып-білуге арналған нысандарды бақылай, өлшей және модельдей алу мен оларды практикалық өмірде қолдану.
Кіші мектеп жасындағы оқушыларға математикалық білім берудің мазмұнын іріктеудің негізіне оқытуға құзіреттілік тұрғыдан қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ұстанымдар алынған. Курстың практикалық бағыты мен өмірмен байланысы күшейтілген, меңгеру деңгейінің төмендеуіне байланысты алгебралық және геометриялық материал жеңілдетілген, математикалық дамытуға қажет болатын баланың ойлау стилін қалыптастыру арқылы игеруді жеңілдетуге мүмкіндік беретін материал ендірілген.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері - табиғат, қоғам, ой дамуының жалпы заңдылықтары; теория мен практиканың диалектикалық бірлігі туралы; философилиялық және психологиялық - педагогикалық тұжырымдамалар; жеке тұлғаны іс-әрекет арқылы дамыту теориясы; дамыта оқыту теориясы.
Зерттеу көздері. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, ҚР Конституциясы, қаулы-қарарлары, философтардың, психологтардың, педагогтардың материалдары; Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты; Жоғары педагогикалық оқу орындарының, кәсіби оқыту орындарының оқу жоспарлары, бағдарламалары мен оқу - тәрбие процесі.
Зерттеу әдістері. Зерттеу маңыздылығы бойынша әдебиет көздерінен қажетті мәліметтерді жинақтау және оларды жүйелеу; ғылым мен өндіріс салаларындағы прогресті анықтау; жұмысшы кадрларды дайындаудың озық тәжірибелерін зерделеу; байқау, анкета, хронометраж, педагогикалық эксперимент.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: кәсіби оқытудың ғылыми негіздерін және мазмұнын түзу; жұмысшы кәсібін меңгерудің тиімді формаларын, әдістерін және оқытудың дидактикалық құралдарын түзу.
Зерттеудің практикалық маңызы: оқушылардың кәсіби оқыту мазмұнын дайындау; «Кәсіби оқытудың мазмұны, формалары мен әдістемесі» - әдістемелік оқу құралы; «Оқушылардың кәсіби дайындығының дидактикалық негіздері» монографиясын дайындау.
Оқу бағдарламасы оқу материалының мазмұнын және пәннің құрылымын іріктеудің төмендегідей негізгі ұстанымдарына сүйенеді: ғылымилық, білім берудің үздіксіздігі, іс-әрекеттік, пәнішіндік және пәнаралық интеграция, қолжетерлік, оөушылардың дара жетістіктері мен шығармашылығын ескеру.
Ғылымилық ұстанымы кіші жастағы оқушылардың күнделікті өмірде және оқу барысында ғылыми терминдер мен ұғымдарды меңгеру және қолданысқа енгізу үшін қажетті жағдайлар жасауға негізделеді.
Үздіксіздік ұстанымы мектепке дейінгі дайындық, бастауыш және негізгі мектеп («Математика» 5-6 сыныптар) математикасы курсындағы барлық мазмұндық-әдістемелік желілердің үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді, оқытудың әдіснамасы, мазмұны, әдістемесі мен технологиясы деңгейінде оқытудың барлық сатылары арасындағы сабақтастықты білдіреді.
Іс-әрекеттік ұстанымы математикалық ұғымдар мен амал-тәсілдерін саналы әрі берік игеруге арналған негізді қамтамасыз етеді. Оқушыларды белсенді оқу-танымдық іс-әрекетке тарту арқылы жаңа білімді «ашуға», өзін-өзі бағалау мен өз әрекетін бақылауды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Пәнаралық интеграция ұстанымы математикалық білім беру мазмұнын құрайтын жиындар теориясының элементтері мен сандар, теріс емес бүтін сандар арифметикасы, алгебра, геометрия, комбинаторика мен шамалардың элементтері арасындағы табиғи бірлікті қамтамасыз етеді. Пәнаралық интеграция балаларда әлемнің біртұтастығы көрінісін қалыптастыруға мүмкіндік береді, әр түрлі оқу пәндердің өзара байланысын сезінуге көмектеседі. Аталмыш принциптің маңызды компоненті қарым-қатынас жасаудың ерекше құралы ретіндегі математикалық тілді меңгеру болып табылады.
Қолжетерлік ұстанымы бастауыш мектеп математикасын оқыту барысында психологиялық жағдай туғызуға мүмкіндік береді. 6-10 жастағы балалардың жас ерекшелігін ескеру жетістікке жетуге, тілектес болуға көмектеседі, оқушының жеке білім беру траекториясы бойынша өз қозғалыс бағытын сезінуіне көмек береді.
Оқушының дара ерекшеліктерін ескеру ұстанымы қиындық деңгейі әр түрлі тапсырмаларды, өзіндік, зерттеу және жобалық жұмыстарды қолдануды қамтамасыз етеді, оқытудың тұлғалық-маңызды мотивін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұғалімнің тиімді оқыту технологияларын, оқу материалдарын іріктеуге және жоспарланған нәтижеге жету үшін оқу үдерісінде оларды бейімдеу деңгейін анықтауға, сондай-ақ әр түрлі іс-әрекетті (жасау, түрлендіру, алгоритмдік және шығармашылық) ұйымдастыруға мүмкіндігі бар. Оқу материалдары оқушылардың әр түрлі деңгейлеріне лайықталуы тиіс.
Шығармашылық ұстанымы оқушылардың өз бетімен стандартты емес, шығармашылық, логикалық есептердің шешуін табу қабілеттерін қалыптастыруға, жаңа амал-тәсілдерін «ашуға», жаңаны жасай алуға, нақты өмірлік жағдаяттардың стандартты емес шешімін табуға, құзіреттілікке бағытталған тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.
Оқу пәнінің мазмұндық желілері:
Сандар мен өрнектер. Теріс емес бүтін сандар және шамалар (ұзындық, масса, сыйымдылық, уақыт) . Өлшем бірліктері мен олардың арақатынасы. Шамалар арасындағы тәуелділік (бір қалыпты түзу сызықты қозғалыстағы жылдамдық, уақыт және қашықтық; заттың бағасы, саны мен құны, жұмыс, еңбек өндірісі мен жұмыс уақыты арасындағы және т. б. ) . Сандарға және шамалардың мәніне амалдар қолдану. Арифметикалық амалдардың қасиеттері. Есептеу тәсілдері. Өрнектер (санды және әріпті) . Есептер және оларды шешу тәсілдері.
Теңдеулер мен теңсіздіктер. Санды теңдіктер мен санды теңсіздіктер. Теңдеулер.
Геометриялық фигуралар. Геометриялық шамаларды өлшеу. Кеңістіктік қатынастар. Қоршаған ортадағы заттардың бейнесі ретіндегі геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері. Геометриялық шамалар. Көпбұрыштың периметрі. Көпбұрыштың ауданы. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі. Геометриялық шамаларды өлшеу. Қарапайым салулар.
Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың элементтері. Қызықты жаттығулар мен шығармашылық тапсырмаларды орындаудағы комбинаториканың, ықтималдықтардың және статистиканың элементтері. Кестелер, диаграммалар.
Пән бойынша оқу жүктемесі
2 сынып - аптасына 4 сағат, жылына 136 II. «Математика» пәнін оқытуда күтілетін нәтижелер
Оқушы 2-сыныптың соңына қарай «Математика және информатика» білім беру аймағында түйінді құзіреттер аспектісіндегі түйінді пәндік құзіреттіліктерді көрсетеді:
а) ақпараттық құзіреттер :
- айналадағы заттар мен құбылыстардан мәліметтер алады, 100-ге дейінгі нумерациялық, шамалар (ұзындық, масса, сыйымдылық, уақыт) және геометриялық фигуралар жөніндегі білімді пайдаланып, оларды сипаттайды және оларды жіктемелейді, оқу іс-әрекеті үдерісінде қолданады.
ә) коммуникативтік құзіреттер :
- оқу және өмірлік міндеттердің шешулерін пайымдау, түсіндіру және жазу барысында математикалық тілді қолданады (қосу мен азайту амалдарына берілген 1-2 амалды өрнектер мен есептерді шығару барысында; 100-ге дейінгі сандарды және шамалардың мәндерін қосу мен азайту барысында; уақытты анықтау, ұзындықты, массаны, сыйымдылықты өлшеу барысында; геометриялық фигураларды (нүктелерді, сызықтарды, кесіндіні, тік төртбұрышты) тану және салу барысында) .
б) проблемалардың шешімін табу құзіреттері :
- шарты мен талабын табады, оқу міндеттерін шешу үшін әрекеттердің ретін анықтайды, шешуін орындайды және оны қосу мен азайту амалдарына берілген 1-2 амалды есептер мен өрнектерді орындау, ұзындықты, массаны, уақытты, сыйымдылықты өлшеу және салыстыру, шаршы мен тік төртбұрыштың периметрін табу, кесінді мен тік төртбұрыш (шаршы) салу барысында тексеруді жүзеге асырады.
Оқушы 4-сыныптың соңына қарай «Математика және информатика» білім беру аймағында түйінді құзіреттер аспектісіндегі түйінді пәндік құзіреттіліктерді көрсетеді:
а) ақпараттық құзіреттер :
- айналадағы заттардан, процестер мен құбылыстардан (теріс емес бүтін сандар, 4 арифметикалық амал, қатынастар, өзара байланысты шамалар, қозғалыс, сауда-саттық, жұмыс процесі, геометриялық фигуралар, геометриялық шамалар) мәліметтер алады, оларды жіктемелейді, математика тіліне аударады және оқу мен күнделікті іс-әрекетте қолданады.
б) коммуникативтік құзіреттер :
- 2-3 амалды өрнектер мен есептерді (оқытылған түрлерін) шешу барысында; 1000 000 көлеміндегі сандармен 4 арифметикалық амал орындау барысында; геометриялық шамаларды (аудан, көлем) өлшеу барысында; геометриялық фигураларды салу барысында; пропорционал шамалар арасындағы тәуелділікті тағайындау барысында оқу және өмірлік міндеттердің шешулерін пайымдау, түсіндіру және жазу барысында математикалық тілді қолданады
в) проблемалардың шешімін табу құзіреттері:
- шарты мен талабын табады, оқу міндеттерін (стандартты және стандартты емес жағдайларда) шешу үшін әрекеттердің ретін анықтайды, шешуін орындайды және төмендегідей математикалық әдістерді қолдана отырып, оны тексеруді жүзеге асырады: 2-3 амалды өрнектерді құрады және мәнін табады, 2-3 амалды есептерді шығарады, теңдіктер мен теңсіздіктерді құрады, теңдеуді шешеді, шамаларды өлшейді және салыстырады, геометриялық фигураларды салады.
l. l. Математиканың жаңа білім мазмұнының ерекшелігі.
Республикамыздың қазақ тіліндегі мектептердің 2-сыныбы 1993-94 оқу жылынан, ал орыс және ұйғыр тіліндегі мектептерінің 2-сыныбы 1994-95 оқу жылынан бастап математика пәнін, негізінен, төл бағдарлама және соның негізінде дайындалған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен арқылы оқытып келеді. Содан бері, 2-сынып математика пәнінің бағдарламасы да, 1-сынып математикасының бағдарламасындай бір мәрте қандай да деңгейде алғашқы 4-5 жылдық тәжірибе негізінде жетілдіріліп 1998-99 оқу жылынан бастап тұрақты пайдаланылып келеді. Сол сияқты, бұл бағдарламаға биылғы оқу жылынан бастап (2000-2001 оқу жылы) өзбек тіліндегі мектептер де көжпек. Сондықтан, біз бұл еңбегімізде бүкіл КСРО мектептерінде 1970 жылдардан бері пайдаланылып келген 2-сынып математика пәнінің бағдарламасын (авторлары М. И. Моро және т. б. ) төл бағдарлама авторлары (авторлары Баймұханов Б., Оспанов Т., Өтеева Қ., Қайыңбаев Ж. және т. б. ) қандай бағытта жетілдірді жіне соның негізінде аталған сыныптағы математиканың мазмұны қалай өзгерді, неге өзгерді? - деген мәселелерге жауап бермекшіміз.
Алдымен, аударма және төл бағдарлама бойынша 2-сынып математикасында қарастырылатын тақырыптарды салыстырайық.
1.
2.
11-20-ға дейінгі сандар
Қосу және азайту - 45 сағ.
Жүздік -115 сағ.
а) 1-ден 100-ге дейінгі сандар - 17 сағ.
ә) Қосу және азайту - 68 сағ.
б) Көбейту және бөлу -30 сағ.
Өткен материалдардың негізгі сұрақтары - 10 сағ.
Жүз көлеміндегі сандар -104 сағ.
а) Сандарды оқу, жазу, салыстыру, қосу және азайту - 24 сағ.
ә) Ондықтан аттамайтын ауызша қосу және азайту - 24 сағ.
б) Кестелік қосу және азайту - 28 сағ.
в) Ондықтан аттайтын ауызша қосу және азайту - 20 сағ.
г) Ондықтан аттайтын жазбаса қосу және азайту - 20 сағ.
1000 көлеміндегі сандар - 24 сағ.
а) сандарды оқу, жазу және салыстыру - 12 сағ.
ә) Қосу және азайту - 12 сағ.
Біз нені үйрендік? - 8 сағ.
Кестеден байқалып тұрғандай, төл бағдарламаның аударма бағдарламадан айырмашылықтары мынандай мәселелерге келіп саяды:
1. 2-сыныпта математиканы оқытуға бөлінген уақыт 34 сағатқа қысқарады.
2. «Көбейту және бөлу» мәселесі 2-сыныптың мазмұнынан алынып тасталды.
3. 2-сынып мазмұнына «1000 көлеміндегі сандар, оларды қосу және азайту» мәселесі енгізілді.
4. Есептеу тәсілдерін оқытып үйретудің реті елеулі түрде өзгертілді.
Тек қана 2-сынып математикасы ғана емес, жалпы бастауыш мектепте математиканы оқытуға бөлінген уақыттың қысқару себебінің бұған дейін-ақ негізделгенін (40) ескеріп, бірден екінші айырмашылықты талдайық.
Аударма бағдарлама бойынша көбейту және бөлу мәселесіне 2-сыныпта математиканы оқытуға бөлінген уақыт шамамен 18% (30 сағат) арналғанымен, бұл материалдар 2-сынып негізгі тақырыптарының қатарына жатқызылған жоқ. Сондықтар бұл мәселелер бағдарламаның талабы бойынша 2-сынып соңында оқушылар меңгеріп шығуға міндетті білім, білік және дағдылардың құрамына енбеді.
Сол себепті, көбейту және бөлу жайлы «меңгеріп шығуға міндетті» деген нақты, қатал тұжырыммен емес, «көбейту және бөлу» тақырыбын оқып-үйренудің соңында оқушылар мынандай білім, білік және дағдыға ие болуға міндетті… деген жалпылама тұжырыммен өрнектелді. Және де оқушылар «ие болуға» міндетті жағдайларға тақырып бойынша мына мәселелер жатқызылады:
а) Көбейту амалдың аты, көбейтудің таңбасы, көбейтудің компоненттері мен нәтижелерінің және өрнектің (көбейтінді) аты, бөлу амалының аты мен амал таңбасын, көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін білу және бұларды есептеулерде қолдана алу;
ә) Көбейтудің қосындысымен (3*5=3+3+3+3+3), көбейткіштерді ауыстыру (2*9=9*2) және қосылғыштарды топтауға (2*6=2*5+2) негізделген тәсілдермен пайдаланып, бір таңбалы сандарды көбейту;
б) Бөлудің нәтижесін алдымен көрнекіліктің, одан соң бқлу мен көбейту амалдарының тәуелділігі (2А6=12 яғни 12:2=6 және 12:6=2) негізінде таба білу;
г) Көбейту және бөлу амалдарының мән-мағынысын ашатын жай есептерді алдымен көрнекіліктің, одан соң түсініктің көмегімен шығара білу;
д) 2 және 3 сандарына байланысты көбейту кестесін еске сақтау;
Демек, бұл тұжырымдарға қарағанда 2-сынпта бөлуге қарағанда көбейту мәселесіне ерекше ден қойылғаны байқалады.
Атап айтқанда:
а) Көбейтуді оқытуға 20 сағат, ал бөлуді оқытуға 9 сағат (1- сағат тақырып бойынша бақылау жұмысы) уақыт бөлінген;
ә) көрсетілген 1-пунктке қарасақ, оқушылардан көбейту жайлы, бөлуге қарағанда әлдеқайда көп талап етіледі.
б) алдымен көбейту жайында білім қалыптасады, содан соң ғана осы білімнің негізінде бөлу талданады.
Мұндай жағдайдың қорытындысында тақырыптық оқытудың негізгі негізгі «2 және 3 сандарына байланысты көбейту (бөлу жөнінде әңгіме жоқ) кестесін еске сақтау» қажет деп айқындалумен ған шектелінген.
Демек, аударма бағдарлама талабы бойынша, біріншіден, көбейту мен бөлу 2-сыныптың негізгі тақырыптарының қатарына, екінші 2- сынып соңында оқушылар меңгеріп шығуға міндетті білім, білік және дағдылардың жиынтығына жатқызылған жоқ. Яғни, басқа сөзбен айтқанда, мәселе қандай да деңгейде оқытылады, бірақ нәтиже талап етілмеді.
Біздің ойымызша, оның бірнеше себебі бар: біріншіден, математиканың мазмұнындағы «100 көлеміндегі сандарды қосу және азайту» мәселесінен кейін не «Көбейту мен бөлу», не «Мың көлеміндегі сандар» мәселелерінің бірі қарастырылуы керек екендігінде дау жоқ. Сондықтан аударма бағдарлама авторлары бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша білім мазмұнының орналасу ретін сақтаған. Екіншіден, 1-сыныпта 10 және 20 көлеміндегі, 2-сыныпта 100 көлеміндегі, 3-сыныпта 1000 көлеміндегі, 4- сыныпта 1 көлеміндегі сандарды қарастыру дәстүрін авторлар бұзғысы келмеген. Үшіншіден, авторлар «Мың көлеміндегі сандар және оларды қосу және азайту» тақырыбы сияқты ауқымды мәселеге 30 сағат аз деп есептеген. Төртіншіден, авторлар пәнішілік, сыныпаралық байланысты күшейтуге ерекше ден қоямыз деген түсінікпен, 3-сыныптың басында (аударма бағдарлама бойынша) қарастырылатын көбейту және бөлу мәселесін оқуға оқушыларды дайындау мақсатын көздеген.
Алайда, өмірлік тәжірибе, зерттеу жұмыстардың нәтижесі бұл тақырып қарастырудың ретін өзгерту қажеттілін талап етеді.
Атап айтқанда, оған мынандай жағдайлар түрткі болды.
а) Бастауыш математика мазмұнындағы күрделі, қиын материалдардың қатарына жататын көбейту мен бөлу мәселесін әр сыныпқа бөліп қарастыру дұрыс нәтижеге қол жеткізген жоқ. Яғни, 2-сыныпта қарастырылған аталған мәселе жайлы алғашқы түсініктер олар жайлы берік білім қалыптастырылып үлгермегендіктен, тіпті мұндай деңгей көзделінбегендіктен демалыс айларында ұмытылып қалуға әкеп соқты. Сондықтан, 3-сынып басында мұғалімдер көбейту және бөлу мәселесін басынан бастап қайта құруға мәжбүр болды. Ал, бұл дегеніміз, бір материалды оқытуға екі мәрте уақыт арнау деген сөз. Тіпті, мұны бғдарлама авторлары да жоққа шығармай, былай тұжырымдайды « . . . кестелік көбейтуге (2-ге және 3-ке) байланысты жұмыстар» «кестелік көбейту және бөлу» тақырбында (ал бұл тақырып 3-сыныпта) жүргізілу көзделді».
ә) Бастауыш математиканы оқытуға бөлінген сағат саны қысқаруына (68 сағатқа) және оқытылатын материалдар көлемінің елеулі түрде ұлғаюына байланысты артық, бір деңгейді қайталауға жол бермейді. Яғни, материалдарды орналастырудың үйлесімді жолын табу қажеттілігі.
б) «Есептеулер тәсілдеріне үйрету кезінде . . . көбейту мен бөлу бірге, өз ара кері амалдар ретінде қарастырылады. Сондықтан да амалды орындау, оны кері амалды пайдаланып тексеру бірге оқытылып-үйретіледі, яғни, мұнда арифметикалық амалдардың арасындағы байланысқа сүйеніп білім бірлігін . . . ұсынылады. »
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz