Жапония (Таң шапағы елі)



1. Жапония.
2. Табиғаты.
3. Тарихы.
4. Экономикасы.
Ниппон, Нихон (Таң шапағы елі) – Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю, т.б. Жер аум. 372,2 мың км2. Халқы 126,2 млн. (1997). Астанасы – Токио қ. (11,9 млн.). Әкімш.жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония – бір ұлтты ел. Халқының 99,4%-і – жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. Ресми тілі – жапон тілі. Негізгі діндері – синто және будда діндері. Жапония – конституциялық монархияны сақтаған ел. 1947ж. 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император – « мемлекет пен халық бірлігінің көрінісі». Ол парламенттің ұсынысы бойынша премьер-министрді тағайындайды және премьер-министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғ. Соттың төрағасы мен мүшелерін тағайындайды немесе орнынан алады. Конституция бойынша, мемл. істерге толығымен премьер-министр басқаратын үкімет жауап береді. Жоғ. заң шығарушы орган парламент – екі палатадан (өкілдер палатасы және кеңесшілер палатасынан)тұрады. Ұлттық мерекесі 23 желтоқсан (император Акихитоның туған күні) . Ақша белгісі – иен.
Қазақстан энциклопедиясы III том Бас ред. Ә.Нысанбаев. 569-572

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
1.Жапония, Ниппон, Нихон (Таң шапағы елі) – Шығыс Азия жағалауларына
жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық
аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю, т.б. Жер
аум. 372,2 мың км2. Халқы 126,2 млн. (1997). Астанасы – Токио қ. (11,9
млн.). Әкімш.жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония – бір ұлтты ел.
Халқының 99,4%-і – жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар
тұрады. Ресми тілі – жапон тілі. Негізгі діндері – синто және будда
діндері. Жапония – конституциялық монархияны сақтаған ел. 1947ж. 3 мамырда
қабылданған конституция бойынша император – мемлекет пен халық бірлігінің
көрінісі. Ол парламенттің ұсынысы бойынша премьер-министрді тағайындайды
және премьер-министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғ. Соттың төрағасы
мен мүшелерін тағайындайды немесе орнынан алады. Конституция бойынша, мемл.
істерге толығымен премьер-министр басқаратын үкімет жауап береді. Жоғ. заң
шығарушы орган парламент – екі палатадан (өкілдер палатасы және кеңесшілер
палатасынан)тұрады. Ұлттық мерекесі 23 желтоқсан (император Акихитоның
туған күні) . Ақша белгісі – иен.
2.Табиғаты. Жапония аралдарының жан-жағын Тынық мұхит пен оған кіретін
Жапон, Охот, Шығ.Қытай теңіздері қоршаған. Жерінің көп бөлігі таулы-қыратты
болып келеді. Неғұрлым ірі таулары: Хидака мен Китами, Оу, Этиго, Хида,
Кисо, Аканси. Бұл тауларда сөнбеген жанартаулар әлі де көп. Ең белгісі –
Хонсю аралындағы 3776 м биіктікте орналасқан фудзияма жанартауы. Елде жиі-
жиі жер сілкіністері болады және мұхит жағалауларында цунами желі үнемі
соғады. Жазық жерлер аз, ірі жазықтары Канто немесе Токио жазығы, Исикари.
Климаты муссонды. Территориясының басым бөлігі – субтропикалық белдеуде,
солт. – қоңыржай, оңт. – тропикалық белдеуде орналасқан. Қаңтар айындағы
орташа темп-ра Хоккайдо аралында – 5оС, оңт-те 6оС, Рюкю топаралында 16оС,
ал шілде айында 22, 27, 280С.Жылдық жауын-шашын мөлшері ел аумағының
көпшілік бөлігінде 1700-2000мм, оңт-те 4000мм-ге дейін. Көбінесе, жаздың
аяғы мен күз айларында болатын тайфундар нөсер жауын алып келеді. Өзендегі
шағын, бірақ суы мол, сондықтан электр қуатын өндіру мен жер суғаруға
пайдаланылады. Территориясының 68%-ін қолдан өсірілген ормандар мен бұта
тоғайлары алып жатыр. Ұлттық саябақтар (Бандай – Асахи, Никко, Сето –
Найкай, т.б.) мен қорықтар көп.
3.Тарихы. Қазіргі Жапония аумағына адамдар неолит дәуірінде қоныстана
бастады. Алғашқы тұрғындар Азия құрлығынан топ-топ болып қоныс аударған
деген жорамал бар. Олар жер өңдеумен, мал шаруашылығымен айналысқан (Дзёмон
және Яеи мәдениеттері). Б.з.б. 2 ғ-дан бастап тайпалар одағы қалыптасып,
яматотайпалық одағы негізінде ежелгі Жапон мемлекеті пайда болды.Орт. мемл.
Билік күшейіп ямато билеушілері Қытай императорына бірнеше елшілік
аттандырды (6ғ.) және осы кезден бастап ел ішінде будда діні тарай бастады.
Ямато патшалары өздерін тэнно деп атады және бұл атау күні бүгінге дейін
император деген ұғымды білдіреді. 645ж. болған Тайк төңкерісінен кейін құл
иелену жойылып, жалдамалы шаруалар мен ірі жер иелері пайда болды. 710ж.
алғашқы тұрақты астана Нара салынып, 784 ж. Орт. Нагаоку, 794 ж. Хэйан
қалаларына көшірілді. 11 ғасырда ірі-ірі әскери топтар арасында билік үшін
күрес басталып, 1192 жылдан бастап үкімет билігі тек сөз жүзінде ғана
сақталды. Сегундер елді әскербасыларының (буси) көмегімен басқарды.
Бусилардың төм. бөлігі ұсақ жер иелерінен тұрып, самурай деп аталды. Қытай
мен Кореяны басып алған Шыңғыс хан империясы 1274 және 1288ж. екі рет
Жапонияға сәтсіз жорық жасады. Елде 13ғ-дан бастап сауда және қолөнер
бірлестіктері (дза) көптеп құрыла бастады. Қалалардың саны өсті. 15-16 ғ-
ларда Қытай және Кореямен арадағы сауда дамыды. Кен орындары пайда болды.
Жапония жеріне алғаш рет еуропалықтар (1542ж. португалдар, 1584 ж.
испандар), христиан миссионерлері келе бастады. Иэясу Токугава (1542-1616)
елдің бірігуін аяқтап, 1603 ж. сегун болып жарияланды. Токугава әулетінің
билігі 1867 жылға дейін созылды. Аймақ билеушілері (даймё) үлкен жасақ
ұстады. Оларға самурайлар қызмет етіп, еңбектері үшін күріш түрінде жалақы
алды. Даймелердің үстінен қатаң бақылау орнатылды. Халық 4 әлеум. жікке
(самурайлар, шаруалар, қолөнершілер, саудагерлер) бөлінді. Үкімет
еуропалықтарға қарсы арнайы заңдар шығарып, олардың елге келуіне және
христиан дінін насихаттауына тыйым салды. 1641жылдан Қытай мен Голландия
көпестері үшін Нагасаки(Дэсима) порты ашылды. 18 ғ-дың аяқ кезінен бастап
мануфактуралар (жібек өңдеу, қағаз, т.б.) пайда болып, нарықтық қатынастар
дами бастады. 1850 – 60 ж. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жапония мемлекеті туралы ақпарат
Жапония мемлекеті туралы
Жапония Ниппон, Нихон (“Таң шапағы елі”)
Қазақстан Республикасының Жапониямен экономикалық және географиялық қарым-қатынасы
Жапония - ежелгі мемлекет
Ежелгі Жапонияда мемлекет пен құқықтың пайда болуы
Жапонияның конституциялық құқық негіздері
Мемлекет қоғамнын саяси жүйесінің негізгі элементі
Бүгінгі поэзиядағы көне түркілік таным көріністері
Кешегі немесе бүгінгі соғыстың зұлымдық екенін, онымен адамзаттың келіспейтіндігін жеткізу
Пәндер