Химиялық тін талшықтарын өлшеу аспапатары


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Ауаның температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығын психрометрлерде анықтау

Жұмыстың мақсаты: Психрометрлердің жұмыс істеу принциптерімен танысу, сонымен қатар психрометірлермен ауаның салыстырмалы ылғалдылығы температурасын анықтауды үйрену.

Теориялық бөлім

Салыстырмалы ылғалдылық ϕ (%), су буымен ауаның сіңірілу дәрежесімен сипатталады. Ол мына өрнек бойынша анықталады:

ϕ = 100 р d t , (1. 1)

мұндағы р d - t с температурада атмосферадағы су буының қысымы, Па;

р t - t c температурада сіңірілген су буының қысымы, Па.

Ауаның температурасы мен салыстырмалы ылғалдылықты тіркеу және өлшеу үшін төмендегілерді қолданады:

- аспирациялық психрометр - термометрдің жанынан өтетін ауаның қозғалысы 2 м/с төмен емес жылдамдығымен қамтамасыз етілген;

- қарапайым психрометр (термометр төңірегіндегі ауаның қозғалу жылдамдығы кататермометрмен немесе аспирациялық психометрдің көрсеткіштерін салыстыру арқылы анықталады) ;

- тіркеу приборлары - гидрограф және термограф.

Тіркеу приборлары мен қарапайым психрометрдің көрсеткішінің дұрыстығын мерзімді аспирациялық психрометрмен тексеріп отырады, тәулігіне бір рет.

Аспирациялық және қарапайым психрометр (1 сурет) екі бірдей термометрлерден құралған (1) және (2) . Термометр (1) ауаның температурасын көрсетеді. Термометрдің кішкене шарына (2) беттік тығыздығы 50-60 г/м 2 тең жіңішке қабатты толық өңделмеген мақта - қағазды матаны орайды. Аспирациялық психрометрде әрбір өлшеу алдында мата бір минут шамасында дистилденген суға дымқылдандырады, ал қарапайым психрометрде ол үнемі су ыдысының түбіне дейін батырылады. Су булана отырып термометрді (2) суытады, сондықтан оның көрсеткіші құрғақ термометрдің (1) көрсеткішінен төмен болады. Ауа неғұрлым құрғақ және оның салыстырмалы ылғалдылығы төмен болған сайын судың булануы интенсивті болады, және құрғақ және ылғал термометрлердің (t к - t ы ) көрсеткіштерінің психрометриялық айырмашылығы жоғары болады.

Судың булану интенсивтілігі ауаның жылдамдығына тәуелді болады, қарапайым психрометрмен ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықта кезіндеескеру қажет.

Аспирациялық психрометрде ауа желдеткішпен (6) сіңіріледі (1. 1 сурет, а) және (3) пен (4) құбырлардан өтіп, (5) құбырдан 1 және 2 термометрдің жанынан өтеді. Тұрақты жылдамдық 2 м/с төмен болмайды. Желдеткіш (6) айналуды сағат бағытын сәйкес механизімде (7) немесе үлкен емес электрлі двигательді жүзеге асырады.

Ауаның сіңіруінің тұрақты жылдамдығы желдеткіштің белгілі бір жылдамдығымен қамтамасыз етіледі, оны шағын терезе (8) арқылы барабанда бір айналым уақыты бойынша бақылап отырады. Ол прибордын паспортында көрсетілген.

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшеу алдында міндетті түрде, қрапайым психрометрдегі мата ылғалдылығын тексеру керек, ал аспирациялық психрометрде матаны дистилденген сумен пипетка арқылы 1 минут шамасында 20 ± 2 0 С температурада сулау қажет.

3-5 минут өткенен кейін ылғал термометрдің ең төмен температурасына жеткен кезде термометрдің t n температурасын анықтайды, ал содан кейін құрғақ термометрдің t қ температурасын 0, 1 0 С қателігімен анықтайды.

Ылғал термометрдің ең төмен температурасының орнына 1 минут шамасында өзгермеген мәнін қабылдайды. Қарапайым психрометрдің екі термометірінің көрсеткіштерін көзге көрінетіндей арақашықтықта есептейді.

Алдымен жылдам түрде градустың ондық үлесін есептейді содан кейін толық градусты қамтиды.

1. 1 кесте бойынша құрғақ және ылғалды термометрлерінің температураларына байланысты ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтауды дәлірек ету мақсатында паскальда қаныққан су буының қысымын р t және р b сәйкес мәндерін анықтайды.

Аспирационды психрометр үшін алдымен t қ температурасы кезінде атмосфераның су буының қысымын есептейді, Па:

p d = p b ­ 0, 5 (t c ­ t b ) B ⁄ 7, 55, (1. 2)

мұндағы p b - t b температурасы кезінде қаныққан су буының қысымы, Па;

(t c ­ t b ) - психрометриялық айырма, 0 С;

B - зерттеу кезінде бөлмеде өлшенген атмосфералық қысым, гПа;

Содан кейн (1) формула бойнша ауаның салыстырмалы ылғалдылығын ϕ (%) формула бойынша есептейді:

ϕ = 100 [р b ­ AB (t c ­ t B ) ] / р t , (1. 3)

мұндағы А - ауа жылдамдығына тәуелді коэфициент

А = 0, 001 (65+6, 75/0), , (1. 4)

Бақылау сұрақтары:

  1. Қарапайым психрометрлердің сипаттамасын және жұмыс істеу принциптерін сипаттаңыз?
  2. Аспирационды психрометрлердің сипаттамасын және жұмыс істеу принциптерін түсіндірініз?
  3. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы қалай анықталады?
  4. (1. 1), (1. 2) формулаларды түсіндіріп, мысал келтірініз.
  5. (1. 1) кестеден не есептейді?

Лабораториялық жұмыс №2

Тақырыбы: тоқыма материалдармен таразыларды өлшеу.

Мақсаты: Химиялық талшықтар салмағын терсионды, аналитикалық, техникалық және квадрант таразыларда өлшеуді үйрену.

2. 1. Торсионды таразылар.

Торсионды таразылар жоғары дәлдікті көрсететін таразы болып табылады. Олардың жұмыс істеу принципі 2а суретте көрсетілген. Таразы өсінде (1 - 1) спиральды жазық серітпе (2) бекітілген. Осы серіппенің соңына екінші (сыртқы) көрсетілген (2) жалғанған. Мұнда өлшеу нәтижелері шкалалы приборды (3) көрсетіледі. Жоғарыда айтылған (1 - ) осьте тостақшасы бар (5) таразы жабдықталған және сол оське бақылау бағдаршасы (6) бекітілген.

Өлшеуші тоқшаны таразының оң жағына орналастарғанда оң жақтағы таразы (крамысло) төмен жақтағы түседі де, серіппенің айналу нәтижесінде бірқалыпты тербеліспен бағдаршаға (6) нольдік жағдайға енеді. Салмақты өлшемді одан ары қарай сағат тіліне қарсы бағытта ұстағышта айналдырады және циферблатта (3) шкалаларын өлшеу нәтижелерін көрсету Таразының депеферасында алюминий секторы (8) (1 - өстегі) орналасқан, ал тербелу кезінде полюс аралықтағы тұрақтылықты магнит (9) арқылы реттейді. Аталған барлық бағаның металл тұлғасына бекітілген, ал астыңғы жағында таразыны тік ұстауы қалыпты тұрақтылықты сақтайтын үш аяқты таразының тіреуіші орналасқан (2 б суретте) .

Торсионды таразылар механизмдермен бекітілген қондырғыда жабдықталған. Рычаг (10) ілгегі таразының сыртындағы тік бағаның сол жағында (2 б сурет) орналасқан. Таразының циферблатындағы бағдарламаларда «қосылды және бекітіледі» деген жазбалар бар. Таразы тостақшасының қабырғалары шыны тәрізді, ал қалпақшасы қайтармалы металмен жабдықталады.

Қондырғының бақылау бағдаршасының (6) дұрыстығын реттейтін арнайы қондырғы (11) болып табылады. (2 б сурет) .

Торсионды таразының жұмыс істеу принциптері.

Приборды тепе - теңдік деңгей бойынша орналастырамыз. Қондырғының бақылау бағдарламасының дұрыстығын тексереміз.

Салмақ өлшеуіш механизмді (бекітеміз) жабамыз (бағаның сол жағындағы ілгекті басу қажет) .

Қорапшаны (фртляр) абайлап ашамыз және таразының тостақшасына салмақты саламыз содан кейін фрутлярды жабамыз салмақ футлар қабырғаларында қонып кетпеуі қажет) . Бағаның оң жағындағы ілгекті болу қажет.

Салмақты тепе - теңдей жағдайға кептіреміз, ұстағышты (7) сағат тіліне қарсы бағытқа айналдыра отырып бақылау бағдаршасын нольдік жағдайға келтіреміз.

Содан кейін салмақты өлшеу нәтижелерін циферблаттан жазылып алынды.

Таразыны жабамыз, салмақты алып болған, соң ұстағышты (7) нольдік жағдайға келтіреміз.

Бұл таразыда жұмыс істегенде мыңнан сақтау сақтығы жүргізілуі тиіс.

Торсионды таразының өлшеу шегі - МГ

Маркалары: Маркалары
Салмағының шегі мг: Салмағының шегі мг
Бөлу, мг: Бөлу, мг
Қателік (абсалютты): Қателік (абсалютты)
Маркалары:

Вт - 20

Вт - 200

ВТ- 1000

Салмағының шегі мг:

0 -10, 10 - 20

0 - 100, 100 - 200

0 - 500, 500 - 1000

Бөлу, мг:

0, 05

0, 20

1, 00

Қателік (абсалютты):

+0, 05

+0, 20

+1, 00

1. Сурет.

2. 2. Аналитикалық таразылар.

Аналитикалық таразылар 200 г салмақтан 0, 1 Мк дәлдікке дейін өлшеу үшін қолданылады 3 суретте АДВ - 200 аналитикалық таразысы көрсетілген. Олар салмақты өлшеу үшін аналитикалық гирлер (17 - 200 А) 1 - 100 г және 10 - 60 кг, яғни сақиналы гирлер қолданылады.

Аналитикалық таразыларда өлшеудің тәртібі төмендегідей.

Таразы қондырғысы тексеру қажет (біртегіс) немесе тепе - теңдігі бойынша) ;

Таразының бағдарламасы нольдік деңгейге екі мықты таразының теңдесуі мен тураланады. Салмақты аналитикалық таразыда өлшер алдында, таразының дұрыс жұмыс істеп таразының, сол жақтағы тостақшасына салмақты салып оң жағына гирді қоямыз.

Гирлерді, яғни таразы тастарын тостақшаға саларда таразының бастапқы орнын яғни қосылмаған жағдайға ұстаймыз;

Барлық істелінетін іс - қимылдар тақ сақтықпен және жылдам әрекетпен жүргізу қажет.

Аналитикалық таразылардың техникалық сипаттамасы.

Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
Таразылар: Таразылар
Көрсеткіштер: В 17 - 20
Таразылар: АДВ - 200
Көрсеткіштер: Ең үлкен салмақ, 2
Таразылар: 200
200
Көрсеткіштер: Шкала бөлшектері
Таразылар: 0, 5
0, 1
Көрсеткіштер: Таразы мықтарының тепе - теңсіздіктен кеткен қателігі, Пг
Таразылар: 0, 5 - тен жоғары емес
1 - ден жоғары емес

2. 3. Техникалық таразылар.

Таразының бұл түрі кең тараған мұндай жұмыс істеу екі мықты таразының тепе - теңдік жағдайға теңесуінен орындалады. Таразы үстелнесінің алдында орналасқан бұрамалы ұстағышты қосу (бұру) арқылы яғни сағат тіліне бағыттас бұраймыз, оларды орындағаннан кейін вертикаль орналасқан стержень иықты таразы жоғары көтеріледі, сол уақытта орналықта орналасқан шкала бағдаршасы нөлдік жағдайға жеткенде салмақ көрсетеді. Негізгі көл қолданылатын техникалық таразылар Т - 200 және Т - 1000 г дейін, тал көрсеткіші 200 - 1000 г дейін тіп көрсеткіші 10 - 50 г жіберілген қателігі 60 - 200 м тең.

4. сурет. Квадрантты таразы.

Бұл таразы орналған жіптердің салмағын өлшеуге негізделген. Мұнда арнайы суретте көрсетілген квадрат таразысы 100 н ұзындықтағы иірілген жіпті өлшеу үшін қолданылады. Оралған жіпті таразы рычагінің ілгегіне кигізіп болғаннан соң ізденіп отырған салмақ шкаладағы сындар арқылы көрінеді. Егер оралған жіптің жартысын 50 м өлшесек немесе 2, 5 м оралған жіпті өлшесек, онда квадраттың көрсеткішін 2 немесе 4 рет көбейту қажет. оралған жіптің салмағын 10 - ға көбейтіп, жіп қалыңдығын жеке (21 км) анықтаймыз, сонымен қатар жіп ұзындығын 4/ 10 км қабылдаймыз.

Бақылау сұрақтры

  1. Жоғарыда көрсетілген таразылардың шептіктері қандай?
  2. Оралған жіптерді қандай тарақты өлшеуге болады?.
  3. Аналитикалық таразылардың өлшеу шегі қалай?
  4. Техникалық таразылардың өлшеу ?
  5. Термонды таразының маркалары қандай?
  6. Термонды таразыны өлшеу шегі?
  7. Аналитикалық таразының маркалары қандай?
  8. Терсионды таразының обсалютты қателік қандай?
  9. Теке дегеніміз не?
  10. Қазіргі кездегі кең қолданылатын таразыларды атаңыз?

№3 Лабораториялық жұмыс

Тоқыма материалдардың ылғалдылығын кептіру аппаратында және электрлі ылғал өлшегіште анықтау.

Жұмыстың мақсаты : Электрлі ылғал өлшегіш приборын қолдану арқылы талшықтардың ылғалдылығын анықтау әдістерін үйрену.

Қажетті материалдар мен приборлар : 200-300г салмаққа ие әртүрлі талшықтардың үлгілері;

- 50г салмақтағы вискоза талшығының үлгісі;

- кептіру аппараты;

- техникалық таразы және оларға түрлі жүктеулер;

- электрлі ылғал өлшегіш;

Жұмысты орындау реті:

1 . Кептіру аппаратында ылғалдылықты анықтау;

Кептіру аппаратының құрылғысы мен оның жұмысы бойынша нұсқаулармен танысу;

Аппаратты жұмыс істеуге дайындау.

Электр желісін (220В) қосамыз, 105-110С температураға дейін қыздырамыз, сыналатын материалды торлы (корзинаға) кәрзенкеге саламыз, үлгіні кептіргенге дейінгі бастапқы салмағын анықтаймыз, прибордың жоғарыдағы қақпағын жабамыз, желдеткішті қосамыз;

Кептірудің бастапқы уақытын жазып аламыз және әр 10-15мин. Сайын материалды өлшеп отырамыз, оны екеуінің нәтижелерінің расындағы айырмашылық 100мг аз болғанша жалғастырамыз.

Ескерту . Материалдың салмағын өлшеу кезінде (уақытысында) аппаратты сөндіру қажет.

Сынақ нәтижелерін жазудың реті (түрі) :

Салмақты өлшеудің реттейтін нөмері
Уақыт, (сағ., мин. )
Салмақ, г
Аппараттағы температура, о С
Салмақты өлшеудің реттейтін нөмері: 1.
Уақыт, (сағ., мин. ):
Салмақ, г:
Аппараттағы температура,оС:
Салмақты өлшеудің реттейтін нөмері: 2.
Уақыт, (сағ., мин. ):
Салмақ, г:
Аппараттағы температура,оС:

Кептіргенге дейінгі сыналатын материалдың салмағы G=(г) ;

Сынаманы (үлгіні) кептіргеннен кейін салмағы G с =(г) ;

Талшықтың ылғалдылығын пайызда есептеу.

2. Электрлі ылғал өлшегіште (ТЭВ-1) ылғалдылықты анықтау:

  • электрлі ылғал өлшегіштің құрылғысы мен жұмыс істеуі бойынша нұсқаумен танысу;
  • аппаратты жұмыс істеуге дайындау: ылғалдылықтыи көрсететін бағдаршаны«0»-ге қоямыз, ауыстырып қосқыш шкаланы«эталонға»келтіреміз;
  • приборды электр желісіне (220В) қосамыз және (3-5мин дейін) қыздырамыз;
  • приборды күйіне келтіреміз: өлшеу кнопкасын басамыз және микроамперметр бағдаршасын нөлге келтіреміз;
  • тұрақты сиымдылықтағы конденсаторға сыналатын үлгілерді саламыз

(вискозды талшық), сәйкес шкалаларды ауыстырып қосқыш шкаласын реттейміз;

  • өлшеу кнопкасын басамыз және ылғалдылықты көрсететін бағдаршаны айналдыра отырып, микроамперметр бағдарламасын 0-ге қайта келтіреміз. Ылғалдылық көрсеткіштерін шкала бойынша оқып, жазып алып аламыз. Өлшеуді вискоза талшығы үшін 3 рет қайталаймыз.

Өлшеу нәтижелерін жазудың түрі:

Талшық
Мысаммиакты талшық
Вискозді штапельді талшық
Талшық: Өлшеулер
Мысаммиакты талшық: 1-ші
Вискозді штапельді талшық: 2-ші
3-ші
орташа
1-ші
2-ші
3-ші
орташа
Талшық: Ылғалдылықтың көрсеткіші, %
Мысаммиакты талшық:
Вискозді штапельді талшық:

3. 1. сурет ТЭВ-1 типті электрлі ылғал өлшегіш приборы

  1. тұрақты сиымдылықтағы конденсатор;
  2. айналмалы сиымдылықтағы конденсатор;
  3. өлшегіш бағдарша;
  4. шкалалар;
  5. микроамперметр;
  6. өлшегіш шкалалы қайта қосқыш;
  7. өлшеу кнопкасы;
  8. қоректендіргіш сөндіргіш;
  9. реттейтін тұтқа (регулятор) ;

10- корректор;

  1. приборды электр сымын ұстатқыш арқылы жерге қосу;
  2. дыбысты лампа (ақ немесе жасыл түсті) прибордың алдыңғы қабырғасында немесе кейде үстіңгі қабырғасында орналасады.

Зауыт паспорты бойынша ТЭВ-1 электр ылғал өлшегіш келесі сипаттарға ие: ылғалдылықты өлшеу шегі 8-21% дейн (қызыл шкала бойынша - штапельді вискозды талшық үшін) ; ылғалдылықты өлшеу қателігі (үш сынамадан) 0, 6-0, 8 % аралығында болады.

Қазіргі уақытта аспаптың жетістігі өлшем жылдамдығы болып табылады.

Есеп беруді дайындау:

  • кептіру аппартында және электр ылғал өлшегіште зерттеу әдістерін сипаттап өткізу;
  • кептіру аппаратының жұмыс схемасын суреттеу;
  • электрылғалөлшегіштің және оның негізгі бөлшектерінің спецификациясына нұсқаулврмен аспап панелінің жұмыс схемасын суреттеу;
  • жұмыс жоспарында көрсетілген барлық есептерді шешу;
  • жұмыс бойынша қорытынды жасау.

Бақылау сұрақтары:

1. Салыстырмалы ылғалдылық дегенімз не?

2. Тоқыма материалдарының ылғалдылығын анықтау үшін сынау? зертханаларында ГОСТ бойынша ауаның қандай парметрлерін қолданады?

3. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы неге тең?

4. Материал ылғалдылығы неге тең ?

5. Материал ылғалдылығы деп нені айтады?

6. Кондиционды ылғалдылықты негізгі ылғалдылықтан қалай ажыратады?

7. Электрылғалөлшегіштің жұмыс істеу принципі?

№ 4 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

Химиялық талшықтардың микроскопиясы

Жұмыстың мақсаты: Талшықтардың құрылысын микроскоп арқылы көріп-білу.

Керекті материалдар мен приборлар:

- жасанды талшықтар (вискозды, мыс-аммиакты, ацетатты), синтетикалық талшықтар (капрон, нитрон, лавсан, хлорин) ;

- микроскоп;

- заттық және жабынды әйнек;

- препараттаушы инелер;

- қайшылар;

Жұмыстың реті:

Микроскоппен жұмыс істеуге қойылған ережелермен танысу;

Микроскоп құрылғысын танысып, алдын-ала дайындауды үйрену;

Көлдеңінен қиылған талшық түріндегі препараттарды дайындау;

Дайындалған препараттарды микроскоппен қарап, олардың әрбір түрінің суретін алу;

4. 1 сурет - МБИ микроскопы

Теориялық бөлімі

Микроскоп /micro -ұсақ, кіші, scopus - көремін/ - оптикалық құрал. Ол негізгі үш бөліктен тұрады: механикалық, жарық және оптикалық.

Механикалық бөлігі немесе штатив микроскоп табанынан, тубустан, тубусұстағыштан, заттық үстелшеден және винттерден тұрады. Табан - таға тәрізді, тіректік қызмет атқарады. Тубус -микроскоптың көру түтігі (2) . Тубустың жоғарғы жағына - окуляр (3), төменгі жағына өз осінде айналатын «револьвер» (4) орналасады. «Револьверге» - объективтер орналастырады. Тубус ұстағыш (1) - доға тәрізді. Ол микроскоптың бір орыннан екінші орынға тасымалдау үшін ұстағыш ретінде қолданылады. Заттық үстелше (6) - зерттелетін препаратты орналастыру үшін қажет. Препараттар заттық үстелшеге қысқыштар немесе клеммалар (8) арқылы бекітіледі. Заттық үстелше ортасында саңылау орналасқан. Ол жарық сәулесін өткізу үшін қажет. Винттер (7) - макрометрлік және микрометрлік болып бөлінеді. Винттер арқылы тубусты жоғары және төмен қарай қозғалтуға болады.

Жарық бөлігі - заттық үстелшенің астында орналасқан. Ол айнадан және конденсордан тұрады. Айна (13) - конденсор бағытына қарай жарық сәулелерін өткізеді. Конденсор (11) - препаратты жарықпен қамтамасыз етеді. Ол айнадан шағылысқан жарық сәулелерін жннап, заттық үстелшедегі саңылау арқылы препаратқа бағыттайды.

Крис-диафрагма (12) - конденсор астында орналасқан, оның көмегімен конденсорға түсетінжарық саулелерінің саны реттеледі.

Оптикалық бөлігі - объективтер мен окулярдан тұрады. Объектив (5) линзалар жүйесінен тұрады. Әр объективтің шетінде ұлғайту сандары көрсетілген /8, 15, 20, 40, 90/. Окуляр (3) - екі линзадан тұрады. Жоғарғы линза - көру, ал төменгі - жинағыш қызметтерін атқарады. Окулярда да ұлғайтқыш көрсеткіштері көрсетілген /7, 10, 15/.

Объектінің жалпы ұлғайту көрсеткіші - объектив пен окулярдың ұлғайту көрсеткішіне тең.

Микроскоппен жұмыс істеу ережелері:

  1. Микроскопты қораптан алғанда бір жағы штативтен, екінші жағын штативтің табанынан ұстау қажет. Микроскопты жан-жаққа шайқауға болмайды, окуляр тубустан түсіп, сыныу мүмкін;
  2. Микроскопты жұмыс үстелінің шетінен 3-5 см арақашықтықта орналастырады. Жұмыс істеу алдында құрғақ, жұмсақ шүберекпен микроскоптың механикалық және оптикалық бөлігіндегі шаңды сүрту қажет;
  3. Микроскоптың көру аймағындағы жарықты дұрыс орналастыру қажет. Ол үшін окулярға қарап айнаға түскен жарық сәулелерінің объективке бағыттайды.
  4. Заттық үстелшеге зерттелетін препараттарды орналастырып, клеммалармен қысу қажет.
  5. Алдымен препаратты 8 объективімен көреді, сонан соң қажетті көрсеткішке дейін ұлғайтады;
  6. Қажетті жарық дәрежесін конденсорды жоғары немесе төмен түсіру арқылы алады;
  7. Заттық үстелшеде орналасқан бүйірлік винттерді қозғау арқылы алады;
  8. жұмыс аяқталған соң препаратты заттық үстелшеден алып, конденсорды түсіріп, микроскопты қайта қорабына салу қажет.

Есеп беруді даярлау:

  • Микроскопты жұмысқа алдын-ала дайыдау әдістерін жазу және оның негізгі сипаттамаларын (объективпен окулярдың үлкеюі, жалпы үлкеюі, сандық апертура, микроскоп пен окулярдан көрінетін диаметр) өлшемдерін беру қажет;
  • әрбір талшықтардың көлдеңен қимасы мен бойлай түсірілген түрлерін қатарластырып орналастыру қажет;
  • суреттердің түрлерімен түсіндіріп көрсете білу;
  • суреттегі талшықтардың құрылысы мен ерекшіліктерін түсіндіріп беру қажет (қабырғалары мен каналдары) ;
  • жұмыс бойынша қорытынды жазу;

4. 2 сурет Кейбір химиялық талшықтардың көлденең қималары

Қосымша нұсқаулар

Химиялық талшықтарды қарастырғанда олардың беттік күйіне көңіл бөлген жөн, вискозды талшық бойлай жолақтық суретпен сипаттайды, ал қалған химиялық талшықтардың беті тегіс болып келеді.

Талшықты 280-300 рет үлкейту арқылы құрылысын көре отырып суретін салу қажет. Сонымен қатар бойлай, көлдеңен қималарын өзара сай келетін жағдайға жеткенше пропорцияны сақтау арқылы, талшықтың суретін бейнелеп салу керек.

Бақылау сұрақтары:

  1. Микроскоптың механикалық бөлігі;
  2. Микроскоптың оптикалық бөлігі;
  3. Микроскоптың жарық бөлігі;
  4. Микроскоппен жұмыс істеу ережесі;
  5. Вискозды талшықтың көлдеңінен қимасының көрінісі;
  6. Лавсанды талшықтың көлдеңінен қимасының көрінісі;
  7. Нитронды талшықтың көлдеңінен қимасының көрінісі;
  8. Ацетаттытты талшықтың көлдеңінен қимасының көрінісі;

№5 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

Химялық талшық түрлерін танып білу

Жұмыстың мақсаты: Тоқыма талшықтар түрін танып білудің негізгі әдістерін меңгеру және оларды қоспадағы сандық құрамы арқылы анықтау.

Тапсырма:

1. Талшықтардың жану сипаты бойынша оларды танып білу әдістерін үйрену. Ерекше жанатын талшықтың негізгі түрлерімен танысу.

2. Әр-түрлі реактивтерде олардың ерігіштігі бойынша талшықтарды танып білу әдістерін үйрену. Маңызды талшықтарға әр-түрлі реактивтер әсерімен танысу.

3. Қоспадағы талшықтарды танып білу әдістерін қолдана отырып, матаның талшықты құрамын анықтау.

4. Қоспадағы талшықтың сандық құрамын бағалау әдістерін үйрену. Аралас иірілген жіпті талшықтың сандық құрамын анықтау.

Жұмысты жүргізу әдісі:

Талшықтарды жағу (жандыру) арқылы, оларды танып білу әдісенде, ең алдымен зерттелетін талшықты қысқышпен қысып оттыққа 2-3 секунд ұстаймыз. Нәтижесінде, зерттеленген талшықтың жану сипатына, қалган қадыққа, иісіне мұқият көңіл аударамыз.

Әртүрлі реактивтер арқылы талшықтардың ерігіштігін танып білу үшін, кішкене буда талшықты таза әйнекке қойып, пипетка арқылы реактивтерді тамызамызда арнайы инені қолдана отырып талшықтың ерігіштігін анықтаймыз.

Алынған нәтижені 5. 2. кесте бойынша анықтап, 5. 3 кестені толтырамыз.

Негізгі мағлұматтар

Химиялық талшықтар өндірісі жыл сайын жоғары қарқынды өсуде. Химиялық талшықтардың таза түрін және табиғи талшықпен қоспасын қазіргі заманда кеңінен қолданылады. Әрбір компоненттің қоспасы бұйымға спецификалық қасиет береді. Сондықтан, бұйымды шығару алдында тапсырылған қасиетті сақтау мақсатында әр-түрлі талшықтар қоспасының сандық ара-қатынасын міндетті түрде сақтауды қадағалау қажет.

Қазіргі кезде талшықтар қоспасын танып, айырып білудің әр-түрлі әдістері көптеп жасалуда. Талшықтарды танып білудің негізгі және қарапайым әдістері арқылы яғни сыртқы түрінен, жану сипатынан, әр-түрлі реактивтерде еруінен, боялуынан анықтап отырады. Сонымен қатар талшықтарды танып білуге арналған арнайы зерттеу - балқу температурасы.

Жандыру арқылы талшықтарды танып білу арнайы аппараттарды қажет етпейтін өте қарапайым әдіс. Алайда анализ барысы бір компонентті қоспаны қолдану керек. Кейбір жағдайларда бұл әдісті екі компонентті қоспада жүргізуді талап етеді. Целлюлозды және блокты талшық түзетін заттарды, сонымен қатар жанбайтын талшықтарды (асбест, шыны талшығы) жандыру арқылы талшықтарды дәл танып біле аламыз. Осы жол арқылы қатесіз синтетикалық талшықтарды тануға болады, бірақ талшықтарды жеке түрлеріне бөлу қиынға соғады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беруде оқушылардың мектеп оқушыларына ағаш өңдеу технологиясын теориялық тұрғыда түсіндіру
Технологиялык, селекциялық-тұқым асылдандыру жұмыстары, жүн, қой етін, қзаракөл елтірісін, қой терісін өндіру жайлы мәселелер
Трансформаторлар қызметі, қолдану аймағы
Құрғақ жүн талшықтарының салмағы
Табиғи талшықтар
Электрокардиография жайлы ақпарат
Былғары және мех өңдеу технологиясы
Психологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы
Нервтердің жіктелуі
Ішкі және сыртқы саясатымыздағы аса маңызды 30 серпінді бағыт
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz