Кінәліге әділ жаза таңдау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Қазақстан республикасы қылмыстық зандары
бойынша жазаның жалпы сипаттамасы және түрлері
1. 1
1. 2
2
2. 1
2. 2
Қазақстан республикасы жаңа қылмыстық кодексіндегі жаза
жүйесінің ұғымы және маңызы
Қылмыстық жауаптылықтың және жазаның жалпы түсінігі
Әлеуметтік әділеттілікті жүзеге асырудағы қылмыстық жазаның мақсаты
Қылмыстық жазаның белгілері және мақсаты
Қылмыстық заң бойынша жазалардың топтастырылуы
3. 1
3. 2
3. 3
3. 4
Қылмыстық кұқық бойынша жаза тагайындаудың жалпы
негіздерінің түсінігі
Қылмыстық жазаны жеңілдететін мән-жайлар
Қылмыстық жазаны ауырлататын мән-жайлар
Қылмыстық жазаны жеңілдетудің және одан босатудың
жекеленген түрлері
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі.
Біздің елімізде XX ғасырдың 90-жылдарының басынан бастап болып жатқан әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгеріс - жаңғырулар қоғамның құқықтық саласындағы өзгерістерге де еріксіз алып келді. Тәуелсіздік алғаннан бері Казақстан Республикасында іргелі саяси, экономикалық, құқықтық реформалар жүзеге асты. Елімізде жылдан жылға алға өрлеушілік, дүниежүзілік деңгейге көтерілуге қадам басқандық айқын көрініс тапты. Тәуелсіз Қазақстан Республикасында екі мәрте 1993 жылы және 1995 жылы Конституция қабылданды. Мемлекетіміздің құқықтық негізі берік қаланды. Осы аз уақыт ішінде кез келген құқықтық мемлекеттің алғашқы тұғыры, берік ірге тасы болып табылатын бірқатар заңдар: Конституция,
Азаматтық кодекс, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық атқарушылық кодекс және т. б. қабылданды.
Қылмыстык заңнаманы жетілдіру қылмыстық кұқықтың мынадай принциптері бұлжымай сақтала отырып жүргізілуі тиіс:
- мәні қылмыстық күкық тұрғысында іс қимылдың қылмыстылығы мен
жазалылығы тек қылмыстық заңмен айқындалуы тиіс екендігіне саятын
заңдылық;
- қылмыс жасаған барлық азаматтардың шыққан тегіне, әлеуметтік,
лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нэсіліне, ұлтына немесе кез
келген басқа жағдайларға қарамастан заң мен сот алдында бірдей екендігін
білдіретін заң мен сот алдындағы азаматтар теңдігі;
- адам тек өзінің кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеттері мен одан туындаған қоғамдық қауіпті салдарлар үшін ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын айқындайтын кінэлі жауапкершілігі;
- қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін, қылмыстының жеке басының, жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын жагдайларды ескере отырып, соттардың эділ жаза белгілеуі тиіс екендігін білдіретін әділеттілік;
- заңды қолдану кезінде қылмыс жасаған адамдарға азаптауды, қорлауды болдырмайтын ізгілікгі қарауды және оларга қатысты қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату үшін заңды негіз болмаған жағдайда ғана қолданылатын, ал қарастырылғандар арасынан жасаған қылмысы үшін жазаның барынша қатаң түрі егер қатаңдығы біршама төмен түрі жаза мақсатына қол жеткізе алмаған жағдайда ғана тағайындалатынын білдіретін қылмыстық жазалаудың ізгілігі мен үнемділігі;
- қылмыстың жасалуына кінәлі әрбір адамның, заңмен тікелей көзделген (дипломатиялық және басқа иммунитеттер, көтермелеу қылмыстық - құқықтық нормалар және т. б. ) жағдайлар болмаса, қылмыстық жауаптылыққа және жазалауға немесе қылмыстық заңда көзделген ықпал етудің басқа шараларына тартылатынын білдіретін қылмыстық жауаптылық пен жазаның бұлтартпастығы;
- жәбірленушілердің, соның ішінде мемлекеттің де құқыктарын бірдей
корғау ". [1]
Қылмыстық заң әдебиеттерінде жаза туралы проблемалар әр уақыттарда
заңгер ғалымдардың еңбектерінде жарияланды. Бұл проблемалар: Г. З.
Анашкин, Н. А. Беляев, М. Д. Шаргородский, Я. М. Брайнин, М. И. Бажанов, Е. В.
Благов, А. С. Горелик, В. К. Дуюнов, И. И. Карпец, С. Г. Келина, В. Н. Кудрявцев,
П. В. Коробов, Л. Л. Кругликов, А. И. Коробеев, Г. Л. Кригер, А. П. Козлов, Ю. Б.
Мельникова, П. П. Осипов, В. В. Похмелкин, Л. Ч. Сыдықова, Е. И.
Қайыржанов, А. Н. Агыбаев, У. С. Жекебаев, М. С. Нәрікбаев, А. А. Исаев, Е. О. Алауханов, И. И. Рогов, Б. Ж. Жунков, Н. О. Дулатбеков, А. Ф. Мицкевич, М. Н. Становский, Д. С. Чукмаитов, Ю. Н. Юшков және т. б. ғалымдардың еңбектерінде жарық көрді. [2]
Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі . Зерттеліп отырған проблема Қазақстан Республикасында арнаулы зерттеу обьектісі болмаған. Бұл проблема қылмыстық құқық теориясында көптен бері зерделеніп келе жатыр. Жаза тағайындау проблемасында әртүрлі көзкарастар, ой-пікірлер баршылық, бірақта осы проблемаға, оның ішінде қылмыстық жазаларды топтастыру, оларға негіз боларлық белгілер жөнінде, жаза жүйелерінің орналасу тәртібі, жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән жайлар институты арнаулы, терең зерттеу обьектісі болмаған. Бұл проблемаға арналған бірлі жарым мақалалардан басқа Республика көлемінде осы институттың табиғатын бейнелейтін арнайы зерттелген ғылыми теориялық, іргелі еңбектер жоқ. Осы проблемаға арналған бұрынғы кеңестік жүйедегі заңдарға негізделген ғылыми еңбектер қазіргі заман талабына, жаңа қылмыстық заңдарға, сот-тергеу практикасына сәйкес келмейді. Осыған орай, осы проблеманың құқықтық тарихи, әлеуметтік, қырларын кешенді түрде зерттеу қажеттілігі айқын көрінеді.
Жұмыстың объектісі жазаларды топтастырудың ғылыми негіздерін белгілеуге мүмкіндІк беретін теориялық принциптерді анықтау және жауаптылық пен жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлардың атқаратын рөліне байланысты катынастарды реттеу.
Жұмыстың пәні қылмыстық жаза ұғымы, оның белгілері, жазаларды жіктеуге негіз болатын мән жайлар, жазалардың өзара жеке даралану институтының атқаратын маңызы, жаза жүйелерін жетілдірудің қылмыстылықпен күрес саласындағы атқаратын қызметі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міңдеті. Дипломдық жұмыстың басты мақсаты мен міндеті - кінәліге әділ жаза таңдау немесе қылмыстық құқықтык сипаттағы басқа да шара тағайындаумен байланысты теориялық, нормативтік құқықтық проблемаларды кешенді түрде, кең тұрғыда талдау непзінде жаза институтына қатысты жазаны топтастырудың теориялық ережелерін жүйелеп шығару және сот практикасына осыған орай кепілдемелер беру болып табылады. Көрсетілген мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу жолы қарастырылды:
- қылмыстық жазалар жүйесі қүрылымының теориялық негіздерін зерттеу;
- жаза түсінігінің құқықтық теориялық аспектілерін қарау;
- жазаларды жіктеуге негіздерді анықтау;
- жазалардың жеке дара реттелуіне салыстырмалы құқықтық талдау
жүргізу;
- қылмыстық жазалардың түсінігі және түрлеріне тарихи құқықтық талдау
жүргізу;
- қолданыстағы қылмыстық заңға сәйкес жазаны ауырлататын және
жеңілдететін мән-жайларды қолдану тәжірибесінің құқықтық реттелу тәртібіне
талдау жүргізу;
- қылмыстық заңды жетілдіруге байланысты ұсыныстар жасау.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы.
Жұмыс Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық заңы қабылданғаннан кейінгі қылмыстық жазаларды қолдануды құқықтық реттеу мен қолдану практикасына арналған тұңғыш жұмыс болып табылады. Жұмыс Қазақстан Республикасы Конституциясының принциптеріне, қолданыстағы қылмыстық кодекс пен халықаралық нормативтік актілердің нормаларына негізделген және жаза институтының проблемаларын зерттеу барысында нормативтік, статистикалық материалдар мен гылыми заң эдебиеттері пайдаланылды, қылмыстық заңның қылмыстық жазаларды реттеуге қатысты реформалау процесі тарихи аспектіде талданды.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негіздері. Жұмыстың әдістемелік негізін философияда, әлеуметтануда, әлеуметтік психологияда, құқық тарихы және теориясында, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық аткарушылық, азаматтық күкық салаларында, криминологияда қалыптасқан ғылыми ұстанымдар мен таным категориялары кұрады.
Негізгі әдіс танымның диалектикалық әдісі болып табылады. Сонымен қатар, жұмыс барысында, жалпы ғылыми және дербес ғылыми әдістер: сандық талдау әдісі, жүйелік тарихи, логикалық-заңдық әдістер, салыстырмалық құқыктық әдістер де пайдаланылады.
Дипломдық жұмысының құрылымы мен көлемі. Жұмыстың құрылымы зерттеудің негізгі мақсаты мен міндеттеріне сай келеді. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 бөлім, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қазақстан республикасы қылмыстық зандары бойынша жазаның жалпы сипаттамасы және түрлері
- Қазақстан Республикасы жаңа Қылмыстық кодексіндегі жаза жүйесінің ұғымы және маңызы
Әділқазылық мәселелерін шешуде жазалар жүйесін белгілеудің методологиялық және практикалық елеулі маңызы бар.
Оның методолиялық маңызы сол - әрбір жазаның қолдану жағдайын, дәл шегін және тәртібін көрсетіп, олардың толық тізімін беру арқылы қылмыспен күресте жазалау саясатының бірлігіне, сот қызметінде заңдылық принципін сақтауға қол жеткізе аламыз. Ал оның практикалық маңызы сол - онда жазаның түрлері бір жүйемен (ең жеңілінен бастап ең ауырына қарай) берілген, соның нэтижесінде сот заңға сүйене отырып, сот практикасының тәжірибесін, қоғамдык көзқарасты және ғылыми ұсыныстарды ескеріп, сотталғанга ықпал жасаудың әртүрлі шараларын тиімді де үтымды пайдалана алады.
Заңмен белгіленген жазалар жүйесінің маңыздылығы сонда - ол арқылы қай жазаның аса қатаң, ал қай жазаның онша қатаң емес екендігін анықтай аламыз. Бұл тек жаза тағайындалғанда ғана емес, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның жүмсақтау түріне ауыстырғанда да керек (ҚК-тің 71-бабы) . [3]
Жалпы жаза түрінің жүйесі және жазаның әрбір жеке түрі көптеген тәсіл аркылы сотталғанға ыкпал жасау мүмкіндігін береді, сол тәсілдер арасынан сот ең орынды шараны таңдап ала алады. Осы жүйеге сәйкес соттар ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға қатысты да, онша қауіпті емес қылмыс жасаған адамдарға қатысты да ауырлығы әртүрлі жаза қолдануға құқылы.
Сонымен, жаза түрлерінің біршама көптігі қылмыстың да, оны жасаған қылмыскердің де қоғамға қауіптілігін ескеріп әділ жаза тағайындауға мүмкіндік береді, алдында түрған мақсатқа жетуге көмектеседі.
Жазаның түрлері мен жүйесі, сонымен қатар, қылмыскерлікпен күресу тәсілдеріне және қылмыстың өзіне деген қоғамда қалыптасқан пікірдің көрінісі. Адамның өмірі, денесі, бостандығы, ар - ожданы жазаның объектісі, ал өлім, жарақат, күш көрсетіп қинау, қамау, қудалау, мүлкінен айыру, масқаралау -жаза қолданудың салдары болып табылады. Жаза қолданғанда қылмыскер әруакта мемлекет атынан айыпталады.
Қылмыстың жаза қоғамдағы үстем көзқарасқа және оның өмір сүруінің негізгі шарттарына сәйкес келетін көзқарастарға жауап беріп келеді, жауап береді де. Заңдарға бүрынғы ескірген жазаларды енгізсек, оны қоғам тарихи анахронизм деп санар еді, ол жазалар іске аспас еді.
Қылмыстың заң мен жаза адамдардың қалыптасқан өмІріне, қоғамдық қатынаска, сол қоғамның идеологиясы мен таптың қүрылымына, мемлекет экономикасының ахуалына, және осы негізде қалыптасып отырған этикалық және құқықтық көзқарастарға сәйкес келуі тніс.
Егер жаза түрлерінің қоғамның және қоғамдық қатынастардың даму деңгейімен байланысына көз жүгіртсек мынадай заңдылықты байқауға болады: өндіргіш күштердің даму деңгейі төмен кезде қогамдық түрмыс та нашар, мәдениет те төмен деңгейде болды, оған сәйкес идеология болды; жазалаудың аса қатаң түрлері қолданылды - ашықтан ашық үрей тудыру, өлтірудің, жарақаттаудың жетік түрлері болды; қоғам ішіндегі қайшылықтың ушығуы жазаны қатайтуды қажет етті; аса қатаң жазалау кейінгі феодализмге тэн әрекет еді.
Қылмыскерлікпен күрестің барлық формалары мен әдістері тек қатаң жазалаумен ғана шектелді. Ондағы басты мақсат - "зиянкес" адамның көзін жою немесе оны адам сияқты өмір сүру қабілетінен айыру. Ол кездің үраны -үрейлендіру мен қатыгездік.
Бірак, қатаң жаза қолданудың өзі қатыгездікті тудыратынын өмір көрсетті. Нэтижесінде қылмыс азайған жоқ, қайта көбейіп кетті. Сондықтан да, алдыңғы қатарлы ойшылдар бір жағынан жазаның снпатын өзгерту керек, екіншіден қылмыстың алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру керек дегенді айтты.
Қазіргі тарихи кезеңде жағдайды жазамен түзетуге болмайтьшдығын көрсетіп отыр, сондықтан да оқымыстылар бұл тығырықтан шығудың жолын
іздестіруде. Осыған байланысты мэжбүрлеу және зорлық принципіне емес, сенімді мәжбүрлеумен ұштастырған принципке негізделген жаза теориясы ерекше маңыз алады. Бұл теория жаза қылмыскерлікпен күрестені мацызды да және эзірше қажетті қүрал болғанмен, ол жалғыз әрі басты қүрал емес, тек қосымша ғана деген түсініктен туындайды.
Қоғамның әлеуметтік өміріндегі жазаның орны, бәрінен бұрын, адамгершіліктен, адамға деген қамқорлықтан барып анықталуға тиіс. Мэжбүрлеудің кылмыспен күрес тәсілдерінің бірі екендігін ескере отырып, бірақ ақтык соңында тек мақсатты тәрбие мен сенім арқылы ғана адамга ықпал жасауға болатындыгын, солар арқылы ғана адамның сезімі мен ойын, көзқарасын, идеясын, дағдысы мен мінез-қүлқын өзгертуге болатындығын мойындау керек. [4]
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде бұл принциптер ескерілген және жаза түрлерінің тізімі бүрынгы заңмен салыстырғанда едэуір өзғерген. Жазаның кейбір түрлері сақталған, ал кейбіреулерін заң шығарушы алып тастаған.
Сонымен қатар, қоғамдық жұмыстар, бостандықты шектеу, тағы басқадай жазаның жаңа түрлерінің жүйеге енгізілуі өте дэлелді.
Жазаның кейбір түрлерінің атаулары да, оған сәйкес мазмүны да өзгерген. Әскери және арнайы атақтан айырудың орнына - арнайы әскери және қүрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру; бас бостандығынан айырмай түзеу жұмыстарына жіберудің орнына - түзеу жұмыстары тәртіптік батальонға жіберу түріндегі жаза тәртіптік әскери бөлімде ұстаумен ауыстырылған.
Өлім жазасы жаза түрлерінің тізіміне кіргенмен, ол ерекше сипаттағы жаза деп көрсетілмеген.
ҚР ҚК-нің 39-бабында қарастырылған қылмыстық жазалар тізімінде белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір кызметпен айналысу құқығынан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары; эскери қызмет бойынша шектеу; қамау; тәртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру; өлім жазасы; арнаулы, эскери немесе қүрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру; мүлкін тәркілеу.
Тиімділігі өте төмен болғандықтан жаңа Қылмыстық кодекстен жазаның мынадай түрлері алынып тасталды: қоғам алдында бетіне басу, келтірген нүқсанды жоюды мІндеттеу, жер аудару, елден шығарып жіберу, қызметтен босату, еңбекпен тәрбиелеу профилакториясына жіберу, ата-ана кұқығынан айыру. Мүның бәрі 1959 жылғы Қылмыстық кодексте бар болатын.
Бүрын кәмелетке толғандарға тағайындалатын жазалар түрінің арнайы тізімі қарастырылмаған болатын. Ал қазір, ҚР ҚК-нің 79-бабына сәйкес, 18 жасқа дейін қылмыс жасаған адамдарға тек мына жазалар қолданылады: айыппұл; белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары; бас бостандығын шектеу; бас бостандығынан айыру.
Жаңа ҚК-те жазалар жүйесі басқаша құрылған: олар (жаза түрлері) жеңілдеу жазадан бастап катаң жазаға қарай тізілген. Бұл Қылмыстық заң принципімен сәйкестігін табады - қылмыскерді жазалағанда жазалау қүралдары үнемді пайдаланылады.
ҚР-ның қылмыстық заңындағы жазалар жүйесінде адамды масқара ететін, оның денесін жарақаттап, мүгедек ететін жаза түрлері жоқ. ҚР Конституциясының 17-бабында былай делінген:
«Біріншіден адамның қадір - қасиетіне қол сұғылмайды. Екіншіден азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-касиетін қорлайтындай жэбір көрсетуге, не жазалауга болмайды». Сонымен қатар, кэмелетке толмаған адамға, екі қабат әйелдерге, емшекте баласы бар және жас сәбиі бар эйелдерге жаза қолданылғанда заң бойынша бірқатар шектеулер қарастырылған. [5]
Сондықтан да бұл кылмыстық заңда жаза түрлерінің толық әрі нақты тізімі берілген, оларды сот қылмыс жасаған адамға тағайындай алады. Заңда қарастырылмаған жазаны қолдануға жол берілмейді.
Жаза түрлері өздерінің мазмүны, сотталғанға ықпал жасау тәсілі және ауырлығы (жазалау сипаты) жағынан бір-бірінен өзгеше болады.
Кейбір жазаларды соттардың міндетті түрде қолдану шарты, шегі және тәртібі тікелей заңда белгіленеді, оның нэтижесінде жазаның эділдігін, лайықтылығын және жеке даралығын, жаза тағайындағанда заңдылықты сақтауға, жинақтай келгенде қылмыскерлікпен күрес саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге жағдай жасалады.
Осы күндегі ҚК бойынша жаза жүйесі туралы айтқанда, бірІншіден оның озық, алдыңғы қатардағы принциптер бойынша күрылғанын, сондықтан оған жазалаудың жаңа тиімді шаралары кіргенін, соңғы бірнеше онжылдықтар бойы қолданылмаған кейбір жазалардың алынып тасталғанын атап өту керек. Сонымен қатар, жаңа ҚК-дегі кейбір кемшіліктерді де айтпай кетуге болмайды. Мысалы: өмір бойы бас бостандығынан айырудың жазаның бөлек түрі ретінде жазалар жүйесіне кіргізілмегендігі - қателік.
Жазаның бұл түрінің өзінше бөлек жаза болып қарастырылуға құқығы бар, себебі бас бостандығынан айыру жазаның мерзімді түріне жатады, ал өмір бойы бас бостандығынан айыру - мерзімсіз жаза. ҚК-нің Ерекше бөлігіндегі баптардың санкцияларында ол жазаның басқа түрлеріне, оның ішінде бас бостандығынан айыруға балама жаза ретінде көрсетіледі (ҚК-тің 96 - бабының 2 - бөлігі) .
Жүйеге кіретін жазаның барлық түрлері үш топқа бөлінеді: негізгі, қосымша және балама, яғни олар негізгі болып та, қосымша болып та қолданыла алады (ҚК-тің 39 - бабы) .
Жазаларды негізгі және қосымша деп бәлудің практикалық маңызы зор. Атап айтқанда, қосымша жазаларды қолдану - жазаны жеке даралау принципін жүзеге асыру тәсілдерінің бірі. Жазаның кай түрі негізгі, қайсысы қосымша екендігін дәл көрсету заңдылық талабына толық сай келеді.
- Қылмыстық жауаптылықтың және жазаның жалпы түсінігі
Қылмыстық заң жазалау қатерімен тиым салу арқылы адамның жеке басына, қоғамға, мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын қылмысты әрекеттерді істеуге тиым салады.
Қылмыстық заңның міндеттері - бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, аумақтық тұтастықты, конституциялық құрылысты, қоғамдык тәртіп пен қауіпсіздікті, табиғи ортаны қылмыстық қол сүғушылықтан қоргау және қылмыстың алдын алу болып табылады.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық заңдар қылмыстық жауаптылықтың негіздерін, қылмыс істеген адамдарға қолданылуы мүмкін және өзге де ықпал ету шараларын белгілейді.
Азамат терісқылық немесе құқықтық бұзушылық жасаса оған моральдық немесе құқықтық жауапкершілік жүктеледі. Құқықтық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып саналады. Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстык жазалау қатерімен тиым салынган қоғамга кауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді.
Құқықтық әдебиетті талдау нәтижесінде барлық ғалымдардың келесі ережелерге байланысты бірдей пікір ұстанатынын анықтаймыз.
Қылмыстық жауаптылық құқықтық жауапкершіліктің бір түрі ретінде оның барлық белгілеріне ие;
Қылмыстық жауаптылық қылмыс жасаған түлғаларға қатысты
қолданылатын мемлекеттік мэжбүрлеудің ең қатал, күрделі түрі;
Қылмыс жасаған адамдар өз қылмыстары үшін мемлекет алдында жауап беруге міндетті;
Қылмыстық жауаптылық кезінде аталған түлғалардың қандай да бір дәрежеде құқықтары болады.
Аталған ережелерге байланысты Я. М. Брайнин [6], В. И. Курляндский [7] өз еңбектерінде көңіл бөлген.
Қылмыстық жауаптылықпен байланысты әртүрлі мәселелерді зерттеу багытындағы ғалымдардың ізденістері бірқатар пікірлерді тудырады. М. А. Шнейдер қылмыстық жауапкершілікті тек сотталумен және жазамен, яғни құқыктық санкциялардың жүзеге асырылуымен байланыстырады. [8]
Біздің пікірімізше қылмыстық жауаптылық анықтамасын тек сотталумен және жазамен шектеу дүрыс емес. Шын мәнісінде, қылмыстық жауаптылықтың анықтамасы одан да кең. Кейбір ғалымдар қылмыстық жауапкершіліктің мәнін қылмыстық құқықтық қатынастар қүрайтындығы және оның мазмүны ретінде тараптардың өзара құқықтары және міндеттері, ең алдымен қылмыс жасаған түлғаның мемлекет алдында өз іс-әрекеттері үшін жауап беру міндеттілігі жататындығын айтады. [9]
Адам қылмыстық жауаптылыққа істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген накты бір қылмыстың күрамы болған жағдайда ғана тартылады. Мүның өзінде кылмыстық жауаптылық оның іс-әрекеті нақты қылмыс
кұрамын түзейтін қылмыстық құқыктық нормаларды кінәлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz