Жастар субмәдениетінің рухани адамгершілік құндылығына әлеуметтанулық талдау



І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІ.1 Жастар субмәдениеті қазіргі қоғамның маңызды әлеуметтік ресурсы ретінде.
ІІ.2 Қазақстандық жастардың құндылықтары мен қалыптасу ерекшеліктері
ІІ.3 Қазақстан Республикасы жастарының әлеуметтік маңызды құныдылықтарын талдау
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ІҮ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қоғамның әлеуметтік, экономикалық және рухани салаларында болып жатқан өзгерістерге, ең алдымен қазіргі заман жастарының әлеуметтік бейнесіне айтарлықтай ықпал етіп отырған құндылықтық, әлеуметтік басымдықтарға кешенді талдау жасау қажеттілігіне негізделген. Қарастырылып отырған мәселеге келудегі көзқарас жастар едәкір сезімтал және динамикалы әлеуметтік топ болып ьабылады. Өзгерістер дәуірінде есейе отырып, олар болашақта бүкіл социумның құндылықтық моделіне айналатын аксикологиялық жүйені қалыптастырады. Қазақстан жастары демократиялық құндылықтар жүйесін саналы түрде қабылдап, заманауи қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси түрленуіне белсенді түрде ат салысқанда ғана әлеуметтік ресурс бола алады.
Алайда, өтпелі кезең жағдайында жастардың жағдайына жастардың жоғарыда аталған ресурсқа айналуы демократиялық құндылықтарды саналы түрде қабылдағанда, Қазақстан қоғамының әлеуметтік-экономикалық және саяси түрленуінің жүзеге асуына белсенді түрде қатысқан жағдайында ғана мүмкін болады.
Нарықтық экономикаға, азаматтық қоғамға өту әлеуметтік институттардың реформалануын ғана емес, жаңа құқықтық және экономикалық нормалардың пайда болуын да қарстырады. Сондықтан да әлеуметтік өзгерістердің аталған процесіндегі маңыздысы жаңа құндылықтық нормалармен бағыт ұстаудың генерациясы болып табылады. Жастардың жаңа құндылықтарды, нормаларды және модельдерді интернализациялау процесі ерекше маңызға ие, өйткені бұл топ өмірлік өзін-өзі анықтау процесінде тұр, олардың алдында болашақ мамандығын таңдау, болашақ мансабын, өмір сүру үлгісін, өз болашағын таңдау тұр.
1. М.С. Аженов, М.С. Садырова «Қоғамның әлеуметтік құрылымы» Алматы 2001
2. Аженов М.С., Бейсенбаев Д.Э. Социальная стратификация РК
Алматы 1997
3. О.Нұсқабаев. Өскелең ұрпақтың адамгершілік тәрбиесінің теориялық методологиялық негізі. А.Ясауи атындағы ХҚТУ хабаршысы, 2001
4. Жаназарова З.Ж. Социальное значение измеений современной семьи в Казахстане. Саясат 2008
5. Молодеж Казахстана – 2006. Аналитический отчет о результатах социологического исследования. Астана 2006
6. Абсаттаров Р.Б, Садыков Т.С. Воспитания культуры межнационального общения студентов: теория и практика. Алматы 1999

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

СТУНДЕНТТЕРДІҢ ХІХ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

БАЯНДАМА

Тақырыбы: Жастар субмәдениетінің рухани адамгершілік құндылығына әлеуметтанулық талдау

Дайындаған: Изтілеуова Ж

Ғылыми жетекші: Қайнар М

Тобы: ЗСЦ-811

Түркістан-2010

Жоспар

І КІРІСПЕ

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ІІ.1 Жастар субмәдениеті қазіргі қоғамның маңызды әлеуметтік ресурсы ретінде.
ІІ.2 Қазақстандық жастардың құндылықтары мен қалыптасу ерекшеліктері
ІІ.3 Қазақстан Республикасы жастарының әлеуметтік маңызды құныдылықтарын талдау
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ІҮ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Ғылыми жұмыс қазіргі уақыттағы Қазақстан жастарының құндылықтық бағыт жүйесіндегі дүниетанымдық, саяси, адамгершілік сенімдерінің қалыптасу ерекшеліктеріне талдау жасауға арналған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қоғамның әлеуметтік, экономикалық және рухани салаларында болып жатқан өзгерістерге, ең алдымен қазіргі заман жастарының әлеуметтік бейнесіне айтарлықтай ықпал етіп отырған құндылықтық, әлеуметтік басымдықтарға кешенді талдау жасау қажеттілігіне негізделген. Қарастырылып отырған мәселеге келудегі көзқарас жастар едәкір сезімтал және динамикалы әлеуметтік топ болып ьабылады. Өзгерістер дәуірінде есейе отырып, олар болашақта бүкіл социумның құндылықтық моделіне айналатын аксикологиялық жүйені қалыптастырады. Қазақстан жастары демократиялық құндылықтар жүйесін саналы түрде қабылдап, заманауи қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси түрленуіне белсенді түрде ат салысқанда ғана әлеуметтік ресурс бола алады.
Алайда, өтпелі кезең жағдайында жастардың жағдайына жастардың жоғарыда аталған ресурсқа айналуы демократиялық құндылықтарды саналы түрде қабылдағанда, Қазақстан қоғамының әлеуметтік-экономикалық және саяси түрленуінің жүзеге асуына белсенді түрде қатысқан жағдайында ғана мүмкін болады.
Нарықтық экономикаға, азаматтық қоғамға өту әлеуметтік институттардың реформалануын ғана емес, жаңа құқықтық және экономикалық нормалардың пайда болуын да қарстырады. Сондықтан да әлеуметтік өзгерістердің аталған процесіндегі маңыздысы жаңа құндылықтық нормалармен бағыт ұстаудың генерациясы болып табылады. Жастардың жаңа құндылықтарды, нормаларды және модельдерді интернализациялау процесі ерекше маңызға ие, өйткені бұл топ өмірлік өзін-өзі анықтау процесінде тұр, олардың алдында болашақ мамандығын таңдау, болашақ мансабын, өмір сүру үлгісін, өз болашағын таңдау тұр. Мемлекет өзгерістерінің нәтижелігі көпшілігінде жастардың белсенділігіне, олардың кәсіби биіктікке мақсат қоюына, өз өмірін жақсартуға деген тілегіне байланысты болады.
Трансформациялық процестер жастар арасында, социомәдени өндірісте жастар рөлінің өзгеруінде біршама анық байқалып жүр. Қазақстан Республоикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасында Қазақстан халқына жүгіне отырып, негізгі басымдықтар ретінде келесілерді белгілейді: еліміздің болашағы ретінде жас ұрпақты тәрбиелеу, жоғары білім деңгейі, ұлттың рухани-адамгершілік, интеллектуалдық және мәдени дамуы, денсаулығы. Қоғам өмірінің барлық саласына ықпалының күшеюінен көрініс тауып жүрген қазіргі заман мәдениетінің жасаруы, ювентизация, инфантилизация сияқты сипаттамаларының пайда болуы белгілі бір қызығушылық тудырады. Осы орайда, қазіргі қоғамдағы жанжалдық құбылыстардың өсу үрдісін жастармен байланыстырады. Қандай болғанда да, жастрады зерттеуц болашақты түсіну жолдарын, оның мүмкіндіктерін және модельдеу формаларын іздестірумен байланысты. Жастар қоғамның біршама динамикалық бөлігі бола отырып, болашақ әлеуметтік шындықты қалыптастырушы әлеуметтік топты құрайды. Қазіргі заман жастарының социомәдени бағыт ұстау процесі векторын маңыздылау социологиялық талдау шеңберінде нәтижелі болмақ.
Социомәдени жастар бағытының аумақтық процестерін мәндестіру Қазақстан жастарының етенелестілігінің барлық сан алуандығында құндылықтық бағыты туралы тұтастай ойды қалыптастырады.
Социологиялық зерттеудің обьектісі. Қазақстан Республикасы жастарынңы құндылықтық бағыт жүйесі.
Зерттеудің мақсаты. Қазіргі заман жастиарының рухани-адамгершілік құндылық мәселесінің өзектілігі, олардың теориялық-практикалық маңыздылығы және айтарлықтай жетілмегендігі негіз болды. Қазіргі таңдағы теория мен практиканың қажеттіліктерін ескере отырып баяндамамды жастардың рухани-адамгершілк құндылықтарының біршама маңызды теориялық-әдістемелік және практикалық мәселелерді зерттеуді алдыма мақсат етіп қойдым.

Жастар субмәдениеті қазіргі қоғамның маңызды әлеуметтік ресурсы ретінде.
Қазіргі кездегі ғылыми әдебиетте жастардың дамуы зерттеуге келудің көптеген жолдары бар, олар өз кезегінде жастар ұғымының маңыздылығының анықтамасы да сан алуан. В.Т.Лисовский 1968 жылы алғашқылардың бірі болып жастар ұғымына анықтама берді: жастар әлеуметтену сатысынан өтетін, меңгеретін, ал біршама ересек жаста білім беру, кәсіби, мәдени және басқа да әлеуметтік функцияларды меңгеріп қойған адамдардың ұрпағы; нақты тарихи жағдайларға байланысты жастардың жастық критериі 16 тан 30 жасқа дейін өзгеруі мүмкін. Осы орайда жастарды ұрпақ ретінде қарастыра отырып, осы ұрпақтың белгісі жасы ғана емес, сондай-ақ сенімі мен мақсаттарының бір болуы, уайымының және өмірге деген қарым-қатынасының ортақтығы болып табылады деп санайды. Жасы келе ұрпақ дәуірде тәрбиеленген әлеуметтік сипатын сарқылтпайды.
Жастарды әлеуметтік талдау бір жағынан, алдыңғы ұрпақтың сіңіретін әлеуметтік тетігі арқылы, екінші жағынан дербес және өзінңі құндылықтары мен әрекет стандарттарын әкелетін және тәжірбиесі негізінде қоғамның әлеуметтік құрылымының табалдырығында тұрып, қоғамдық қатынастардың қалыптасып қалаған әлеуметтік стратификациялық тәртібіне әсер етуші әлеуметтік топты зерттеуді білдіреді. Жастар өзінің жастық тобының ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік ұстанымы мен әрекеттердің инновоциялық типіне біршама икемді, дәстүрлі қалыптасып қалған тәртіптердің әсеріне аз дәрежеде ұшыраған және бір мезгілде девиацияның әртүрлі түрін қабылдауға икемді. Жас ұрпақтың органикалық маргиналдық топтың бірінен тұратындығы маңызды болып табылады. Оның статусы уақытша және оның аға ұрпақтың берік әлеуметтік күйін бойына сіңірудің алдына дейін уақытша болып табылады.
Осының барлығы жастардың құндылықтық ұстанымы мен әлеуметтік әрекетінңі ерекшелігін сипатын анықтайды. Өз кезегінде бұлар қоршаған социумның әлеуметтікшындығына қалыптасады. Осы әлемге қаншалықты дәрежеде және қаншалықты шектеулі кіруіне оның болашағы ғана емес, қалалық қоғамның даму болашағы да байланысты. Бұл әлеуметтік тетіктерді өңдеуді қажет етеді, соның ішінде оның сол қоғамға ынтымақтасуының жетістігін және оның қарай өмірінің жетістігін, жастра өмір сүріп жатқан қаланың болашағын қамтамасыз ететін әлеуметтік саясат арқылы да. Әлеуметтік-стратификациялық жүйені бір бөлігі бола тұрып, ол әлеуметтік дифференциацияға ұшыраған, яғни әлеуметтік біртекті массаны береді. Сондықтан жастарды әлеуметтік топ ретінде зерттей отырып, олардың ішкі әлеуметтік біртектіліксіздігіне назар аудару керек. Қазіргі кездегі әлеуметтік, демографиялық, педогогикалық және психологиялық әдебиеттерде жастардың жасының төменгі және жоғарғы жастық шекаарсын анықтауда әртүрлі ағымдар бар. БҰҰ Халықаралық жастар жылын өткізгенге дейін жеткіншектік кезең деп 10 нан 19 жасқа дейінгі жасты санап келген. Өйткені дәл сол жастық интервал статистикалық және демографиялық есептерде қолданылады. 1985 жылы БҰҰ Халықаралық жастар жылының өткізілуіне байланысты жастық шақ деп 15 жастан 24 жасқа дейінгі кезеңді белгіледі. Жастық шақ кезеңінің басы жеткіншектік кезеңінің орта кезімен сәйкес келгендіктен, осы екі кезеңді біреуге біріктіріп, 10 жастан 24 жасқа дейінгі үлкен жастық кезең ретінде қарстыру шешілді.
Біршам толық анықтаманы И.С.Кон берді: жастар-жастық сипаттардың жиынтығы, әлеуметтік жағдайдың ерекшелігі негізінде бөлініп шығатын және басқа да әлеуметтік-психологиялық қасиеттерімен негізделген әлеуметтік-демографиялық топ. Дәл осы анықтама жастар әлеуметтануындағы негізгі анықтамаға айналып отыр. Жастық шақ белгілі бір фаза, өмірлік кезеңнің сатысы ретінде биологиялық тұрғысынан әмбебап, алайда оның нақты жастық шеңберлері, онымен байланысты әлеуметтік статусжәне әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктер әлеуметтік-тарихи табиғатқа ие және қоғамдық құрылымға, мәдениетке және сол қоғамға тән әлеуметтенудің заңдылықтарына тәуелді.
Батыс әлеуметтануында жастар белсенділігінің субмәдени, делинквентті тұстарын зерттеудегі алғашқы қарлығаштары ретінде Чикаго мектебінің өкілдерін санауды ұсынған. Олар ХХ ғасырдың 20 жылдары қалалық жастардың ерекше топтарын зерттеуді қалалық этнография әдісін пайдалануды ұсынған болатын. Жастар әлеуметтануындағы субдисциплинаның қалыптасуындағы маңызды рөлді Т.Парсонсиемденеді. Ол жастар мәдениеті терминін ендірді. Ересек қоғамның рөлдерін игеру үшін Т.Парсонс әзірлеген жастар мәдениеті кеңістігінің функционалдық маңыздылығы туралы идеясы балалық шақтан есеюге өтуді түсіндірудегі негізгі орынды әлі де алып келе жатыр.
Бактыс әлеуметтануында Т.Парсонс пен Ш.Айзенштадтың концепцияларымен берілген құрылымдық-функционалдық тәсіл жастардың мәдениетін, оның қоғамда атқаратын қызметі-жастар мен қоғам арасындағы ауыртпалықты жою қызметі тұрғысынан қарастырады.
Бар ғылыми анықтамаларды жіктей келе келесі негізгі жолдарды бөліп қарстыруға болады:
Стратификациялық жолда жастар жастың шеңберімен өздерінен ерекше әлеуметтік рөлдері мен статусын және әлеуметтік көзқарастарымен шектелген ерекше әлеуметтік –демографиялық топ ретінде анықталады.
Психофизиологиялық жол адам тұлғасын жыныстық жетілуі меғн толық ересектігі арасындағы даму кезеңі ретіндегі жастық шақ ұғымына негізделген.
Әлеуметтік философияда жастарды өздерінің биологиялық және психологиялық қарым-қатынастағы белгілі бір жастың адамдары ретінде анықтайтын әлеуметтік –психологиялық жол бөлінген.
Рөлдік жол жастық шақты адамның сәби рөлінде ойнамайтын, сонымен қоса ересек адамдардың рөлі толыққанды алып жүрмейтін әрбір адамның өміріндегі ерекше іс-әрекеттік фаза ретінде талдайды,
Жанжалдық жол жастық шақты өміріндегі әрбір адам үшін маңызды күйзелістерге мәселелерге өз-өзімен және қоғаммен болатын жанжалдарға толы кезеңі ретіндегі ұғымына сүйенеді.
Субмәдениеттікжол жастарды ерекше өмір сүру үлгісі, іс-әрекет стилі мәдени нормасы \мен құндылықтары бар ерекше топ ретінде қарастырады.
Интеракционистік жол жастардыәрбір адамға тән көңіл-күйдің бірі ретінде қарастырады. Ол көңіл-күй күтпген іс-әрекеттерде, реакциялардың тікелей, стандартты емес кезінде көрініс береді.
Жоғарыда аталған жолдардың әрқайсысы жастарды зерттеудің ерекшеліктері мен нақты ғылыми пәндердегі жастық шақ феноменімен белгілейді.
Социологиялық талдау жастарға тән ұрпақтық жағдай, ұрпақтық өзара байланыс және ұрпақтар бірлігі қасиеттері бар жастардың ұрпақтық талдауды жүргізуді қарастыратын интегративті жолмен құрылады. Жоғарыда айтылған идеяларға сүйене отырып атап айтар болсақ К.Мангеймнің, Г.Шельскийдің, қазіргі кезде әлеуметтану жас ұрпақты олардың өзара байланысы мүшелерінің сезінуіне негізделген обьективті бірлік, тарихи уақыт қатарында сол ұрпаққа жатуды қарастырады. Г.Шельскийдің көзқарасы бойынша жастар біздің қоғам үшін қажетті, қоғаммен арандатылатын және марапатталатын әлеуметтік типті репрезенттейді.
Сонымен, негізгі бағыттардың бірі- бұл жастарды ұрпақтардың реттілігі мен ауысуы процесін обьекті және субьектісі ретінде қарастыру. Жастардың әлеуметтік қызметі алға шығады. Зерттеушілердің бұл тобы К.Маркстің сызығы мен Мангеймнің сызығы деген атауға ие болған екі бағытпен берілген.
К.Маркстің және Ф.Энгельстің еңбектері жастарды таптық жол көзқарасы тұрғысынан анықтауға бастау қойды. Бұл жерде таптық бөліну негізге алынады. Бұлар жастықтың ерекше сипаттамалары арқылы көрінеді: белсенділік, ымыраға келмеушілік.
ХХ ғасырдың 60-70 жылдары жастардың әлеуметтік концепциясының жүйесі қалыптасты. Осы бағыттың көрнекті өкілі И.С.Кон болып табылады, ол өзінің Юность как социалная проблема, Социалогия личности, Психология юнешеского возроста, НТР и проблемы социализации молодежи атты еңбектерінде жастарды зерттеудің социологиялық және психологиялық тәсілдерін біріктірді.
ХХ ғасырдың 70-80 жылдарына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар субмәдениетімен әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктері
Қазіргі жастардың құндылықтары
Қазіргі заман жастарының рухани-адамгершілік құндылық мәселесінің өзектілігі
Әлеуметтанудағы маргиналдылық тұжырымдамасы
Мәдениет және ұлтаралық қатынастардың әлеуметтануы. Жастар және дін
Әлеуметтік өзгерістер кең мәтініндегі Қазақстан жастар мәдениетінің ерекшелігі
Қазіргі қазақ жастары
Білім беру әлеуметтануы пәнінің қарастырылатын мәселелердің ауқымы
Қазақстан балаларының құндылықтық бағыт жүйесіндегі дүниетанымдық, саяси, адамгершілік сенімдері
ҚР жастар субмәдениетін зерттеу
Пәндер