Әлемді мойындатқан даңқты қолбасшылардың бірі - Ақсақ Темір


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Әлемді мойындатқан даңқты қолбасшылардың бірі - Ақсақ Темір.
  2. Әмір Темірдің Орда жеріне жасалған жорықтары.
  3. Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жорықтары.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Әлемді мойындатқан даңқты қолбасшылардың бірі - Ақсақ Темір. Атақпен бірге аңыз бен аярлық ілесіп жүретінін ескерсек Темір туралы түрлі мысалдар жетерлік. Біреулер оның ақсақтығын іштен біте туған кемістікпен байланыстырса, екіншілер кезінде қарақшылар басшысы болған жігіттің аяғана барымта кезінде жебе қадалған дейді. Ал, тарихқа сүйенсек Ақсақ Темір 1336 жылы Бұхар хандығының құрамындағы Кеш шаһары маңында дүниеге келген. Түбі монғол-түрік тайпасы атанған Барлас руынан. Оның әкесі Тарағай осы тайпаның көсемі болыпты.

Темірдің кезеңі сан қилы оқиғаларға толы. Шағатай мемлекетінің құлауы, Мәуренахрды түрік әмірлерінің тулақтай етіп тартысқа салуы, моңғолдардың тұтас Шығыс Түркістан мен Құлжа аумағын, Жетісуды қарамаққа алып Тұқылық Темірді таққа отырғызатын осы тұс. Қарақшыларымен келіп Кеш шәрінің билеушісі Қажыға қызмет ете бастаған Ақсақ Темірдің билікке қол жеткізуіне Тұқылық Темірдің Мауренахрға жорық жасауы ықпал еткен. Кеш билеушісі қашқан соң Ақсақ темір Тұқылықпен келісімге келіп, кенттің билеушісі атанады. Ал, 1361 жылы ол тек шаһар әмірі емес, Тұқылықтың Мәуренахрды билеген ұлы Ілияс қожаның сенімді серіктерінің біріне айналады. Уақыт өте келе Әмір Темір көреген сұңғылалық танытады да моңғолдармен атқұйрығын кесісіп, түрік әмірі Қазағанның немересі Құсайынмен бірігу арқылы бұрынғы достарына соққы бере бастайды. Осының арқасында 1364 жылы Мәуренахр түбі түрік Құсайын ханның қолына өтеді. Бірақ, анасынан қан уыстап туған Темір өзіне бұрынғы Кеш шаһарының қайтарылғанын ғана канағат тұтпай, Құсайынға қарсы екі мәрте соғыс ашады. Ақырында 1370 жылы 34 жасында Құсайынды өлтіріп, бар тізгінді қолына алады. Бірақ, ол хан деген атақтан қашқақтап, Ұлы Әмір-дегенді қалайды.
Ақсақ Темір билікті алысымен әуелі өз тәртібін қабылдамаған көрші билеушілерді мойынұсындыра бастады. Жетісу мен Шығыс Түркістанға жорық жасады. 1379 жылы Хорезмді талқандады. Ал, келер жылы Парсыларға жорыққа шықты. Темірдің ұстанғаны "Бір жаһанда екі билеуші болуы мүмкін емес", - деген ұран еді. 2 жыл ішінде Герат, Хорасан, Сейстан алынды. Жалпы, Ақсақ Темір Парсы еліне үш мәрте жорық жасаған. Айналдырған 4-5 жыл ішінде Ақсақ Темір моңғол иелігіндегі Қара Ертіске дейінгі, алтынордалықтар ат суарып жүрген Еділге дейінгі аралықты түгел иемденді. Парсының батыс бөліг імен Бағдатты уысында ұстаған Жалайырлар бұл кезде жергілікті соғыстардан ығыр болған еді. Осының салдарынан күллі өңір Темірдің ұлы Омар шейхтің қол астына кірді. Ал, Каспий жағалауы, Әзербайжан мен Қап тауының бір бөлігі Әмірдің екінші ұлы- Миран шахты мойындады.

1. Әлемді мойындатқан даңқты қолбасшылардың бірі - Ақсақ Темір

Темірді көп мазалаған өз көмегімен Мамайды жеңіп, Алтынорда тағына отырған Тоқтамыс хан болды. Мәуренахрға тұмсық сұғып бір жеңілген Тоқтамыс, Қап тауында да қиғалақ салды. Ұлы Миран шахқа көмек беруге аттанған Әмір Темір 1395 жылы орыс елінің оңтүстігін басып алды да, Тоқтамыспен Терек өзені бойында қылыш жүздестірді. Қаһарға төтеп бере алмай қашқан жауын өкшелеген билеуші жолындағы Астрахан Сарай, Азов, Кафу сынды шаһарларды тас-талқан еткен. 1398 жылы Әмір Темір Үндістанды жаулауға аттанған.
Темірдің 1401 жылы Бағдаттағы билікті нығайтуы асқан қатыгездікпен жүзеге асты. Осы шайқаста 90 мың адам жан тапсырыпты. Жалпы, ХY ғасыр Ақсақ Темірдің Осман империясының сұлтаны Баязитпен қырқысуынан басталады. Бұған түріктердің Темірдің сенімді адамы билеп отырған Арзинджан шаһарын басып алуы түрткі болған. Бас аяғы екі-ақ жылдың ішінде Темір Баязиттің талқанын шығарып, өзін тұтқынға алды. Ангордағы атақты шайқастың бұлай тамамдалуы тек османдықтардың ғана емес, кіші Азия билеушілерінің барлығының басына күн тудырды. Көрегеннің жасағы барлық қалаларды жайпап өтті. Кіші Азияға сапарын аяқтап, Самарқанға оралған Ақсақ темірдің көкейін тескен Қытай еді.

Билікке ұмтылу жолында бар амалды қолданып, 1370 жылы 34 жасында таққа отырған Әмір Темір Парсыны, Қап тауы мен Еділ бойын басып алып, түрік сұлтаны Баязитті талқандағаннан кейінгі арманы Қытай төрінде ат ойнату еді. Бұл елді жаулауды ол 1398 жылдан бастап көксеген. Осы мақсатына жету үшін шегараға жақын маңнан екі бекініс те салдырыпты. Жаулап алған жерлеріндегі хан сұлтандарды тыныштандырамын деп жүріп, тек 1405 жылы аждаһа таңбалы елге жорыққа шығады. Алайда, 70-ті алқымдаған Әмір Отырар қаласына жеткенде сырқаттанып көз жұмады да, мақсаты орындалмай қалады.
Ақсақ Темір туралы тек билікке ұмтылушы деген көзқарас қалыптастыру жөн болмас. Оның өзі билеген елдердің барлығынан шебер алдырып Самарқанды көркейткені, Қожа Ахмет Иассауйға кесене салдырып, Түркістан қаласын түрлендіргені көпке мәлім.

Ақсақ Темір әлемді тітіркенткен ұлы қолбасшы Шыңғысхан өмірден озғанына бір ғасыр өтер-өтпестен дүниеге келген тұлға. Қазірде осы екеудің арасынан ұқсастық іздеушілер бар. Деректердің көбі Әмір Темір Шыңғысханды ұстаз тұтқан-ау деген болжамға итермелейтіні де рас. Әскерді тәртіпте ұстау, жаулап алған жерлерінде мәдениетке, білімге кеңістік беру, төңірегіне ғалымдарды топтастыру сынды ұқсастықтар баршылық.

Қазір де даңқты қолбасшыларды меншіктеу жүріп жатыр. Осыдан біраз бұрын қазақ зиялылары "Шыңғысхан қазақ па, қазақ емес пе?", - деген мәселеге бас қатырып еді. Енді осы індет өзбек ағайындарға жұққан сынды. Өз жеріне жуып кеткеннің барлығын бауырана бүріп ала қоятын көршілеріміз біздің жерімізде тұрып, қаламызды көркейткен Әмір Темір өзбек екеніне шүбә жоқ- деп емініп отыр. Ескендір Зұлқарнайын, Еділ батыр, Шыңғысхан сынды дара қолбасшылар шоғырының соңын Ақсақ Темір түйіндеп тұр. Өзгелері сияқты оның тұлғасы да әлі сан пікірдің ұшығына ілігер, зерттелер.

Әмір Темірдің тарихы өзінің көзі тірісінде-ақ қағазға түскен. Ол туралы әли-бен Джемал-ал-Ислам, Низам-ад-дин Шами, Шереф ад-дин Иезди, Хафизи Әбру сынды ғалымдар қалам тартқан. Ол еңбектердің біразы бізге тозған қолжазба күйінде жетті. Ал, толық сақталғандары Британия сынды елдердің мұражайында. Жоғарыда аталған жылнамашылар еңбегін негізге ала отырып, талай ғалым Темір даңқты қолбасшы ма, қанқұйлы жаулаушы ма? Оның Орталық Азиядағы, тіпті, "Әлемдегі алар орны қандай?, - деген сауалдарға жауап іздеді. Әлі де іздей бермек . . .

2. Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары

Әмір Темірдің Алтын Орда жеріне жасаған жорықтары. Әмір Темір - монғолдың түркіленген барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы. Ол 1336-1405 жылдар аралығында өмір сүрген. Әмір Темір 1370 жылы Мауереннахрды басып алады. Содан 35 жыл бойы - 1405 жылға дейін жеке-дара билік жүргізген. Ол қазақстан мен Кырғызстан аумағына - Шығыс Дешті Қыпшаққа, Жетісу мен ТяньШаньға басқыншылық мақсаттарын асқан қатыгездікпен жүзеге асырады.

Әмір Темір Алтын Орданы басып алудан бұрын оның өзіне жақын жатқан бөлігі Ақ Орданы әлсіретуді көздейді. Оған себеп те табылады. Ақ Орданың ханы Үрұс Алтын Орданың астанасы Сарай каласын басып алуға көмектеспегені үшін Жошы ұрпағы Түй-Қожаны жазалайды. Ал оның баласы ТоқтамысАқ Ордадан Темірге қашып барады. І Бұл жағдайды дер кезінде пайдаланған Темір Тоқтамысқа әскер беріп, Ақ Ордадағы билікті алуға аттандырады. Алайда Тоқтамыс Сауран түбіндегі 1374-1375 жылдардағы шайқаста жеңіліске ұшырайды. Темір Тоқтамысқа әскер беріп, Ақ Ордаға қайта аттандырады. Үрұс ханның үлкен ұлы Тоқтақиядан жеңіліп, Әмір Темірге қайта қашып келеді. 1375 жылдың басында Үрұс ханнан Әмір Темірге Тоқтамысты қайтаруды талап еткен және өз әскерінің Түркістан жеріне таяп қалғанын ескерткен елші келеді. Әмір Темір бұған жауап ретінде Тоқтамысты үшінші рет қаруландырып, енді өзі бірге аттанады. Әмір Темір әскерімен Отырар маңына орналасады. Үрұс хан Сығанақта тоқтайды. Арада 3 ай өткенде Үрұс хан Сығанақтан қайтып кеткен соң, Темір оның Үлы Мәлік оғланның 1 О мың әскерін талқандайды. 1376 жылы Ұрұс ханның дүние салуы, көп ұзамай оның үлкен ұлы Тоқтақияның қаза болуы Ақ Орданың жеңілуіне әкеліп соғады. Әмір Темір Тоқтамысты Сауранда таққа отырғызып, оған Жошы ұлысының калған жерлерін жаулап алуды тапсырған соң, өзі Мауереннахрға қайтады.

Ақ Орданың жаңа ханы, Ұрұс ханның Ұлы Темір-Мәлік 1377 жылы Сауранда Тоқтамысты және жеңіліске ұшыратады.

Әмір Темір бұл жолы өзінің әскербасыларымен бірге Тоқтамысты Ақ Ордаға тағы да аттандырады. Тоқтамыс Ақ Орданың астанасы Сығанақты басып алады. Әмір Темір мұнымен қанағаттанып қоймай, Темір-Мәлікті біржола талқандауды тапсырады. Әмір Темірдің тапсырмасын жүзеге асырған Тоқтамыс өзін Ақ Орданың билеушісі деп жариялайды. Ақ Орданың көптеген әмірлері оның жағына өтеді.

1380 жылдан бастап Тоқтамыс Алтын Орданың көптеген жерлерін - Сарайды, қажы-Тарханды, қырымды, Мамай Ордасын басып алады.

Тоқтамыс енді Алтын Орда мен Ақ Орданың бұрынғы қуатын қайта қалпына келтіруді ойлап, Әмір Темірге тәуелділіктен бас тартады. Алтын Орда енді бұрынғы одақтастар - Темір мен Тоқтамыстың арасындағы ұрыс алаңына айналады.

Тоқтамысты жазалау үшін Әмір Темір 1391 жылы 21 қаңтарда 200 мың әскермен оған қарсы жорыққа аттанады. 18 маусымда құндызша деген жерде Тоқтамыстың әскерін қуып жетіп, қирата жеңеді. Алайда ұрыс алаңынан Тоқтамыс хан қашып құтылады. Әмір Темір көп олжамен қайтады. Тоқтамыс 1393 жылдан бастап Алтын Орданы қайта қалпына келтіруге тырысып, өзінің билігін күшейте түседі. Әмір Темір 1395 жылы Тоқтамысқа қарсы тағы да жорыққа шығады. Бұл жолғы шайқас Кавказ тауының солтүстігіндегі Терек өзенінің жағасында өткен. Тоқтамыс күйрей жеңіліп, Темір әскерлері Еділ бойынан Алтын Орданың астанасы Сарай-Беркеден бір-ақ шығады. қаланың байлығын тонап, бала-шаға, ер-әйел демей, көптеген адамдарды құлдыққа айдап әкетеді. Еділ бойындағы басқа да көптеген қалалар тоналып, оларға өрт қойылды, Алтын Орда ұзақ жылдар бойы оңалмастай нұқсан тұралады.

  1. Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жорықтары.

Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жорықтары. Әмір Темір 1371-1372 жылдары Моғалстанға әскер аттандырды. Олар'Моғалстанның шығыстағы қалаларының бірі Алмалықтың жанына дейін жетіп, керейіттерді талқандап, қайтып оралады. Нақ осы жылы Темірдің өзі де Моғалстанның жері Ыстықкөл өңіріндегі Сегізағашқа дейін барлаушылық жорық жасап, көптеген тұтқын алып, қыруар олжа түсіріп қайтады. Бұл жорық Моғал жерінің ішкі аудандарына келешекте жасалатын жорықтардың бағдарламасы болған еді.

Әмір Темір Моғалстанға 1371 жылдан 1390 жылға дейін он шақты рет жорық жасаған. Оның алғашқылары 1371-1377 жылдары Сайрам, Талас арқылы жүрген. Жетісудың ішкі аудандарына өтіп, Іле өзеніне дейін жеткен. Әмір Темір 1376 жылы көктемде Моғалстанның атақты қолбасшысы қамар ад-динді талқандау үшін 30 мың адамдық әскер аттандырады. Оны қыпшақ әмір Сасы-Бұға басқарған. Алайда СасыБұға басқа әмірлермен астыртын келіседі де, Әмір Темірдің Хорезмге кеткенін пайдаланып, оған қарсы Бұлік шығарады. Сасы-Бұға Ақ Орданың ханы Үрұс пен Моғалстанның билеушісі қамар ад-диннен көмек сұрайды. Бұл хабарды естіген Ә-мір Темір Мауараннахрға тез оралып, қамар ад-динді Атбасы маңында (қырғыз жері) қуып жетіп, тапқандайды. Бұдан кейін де Моғал әмірінің Темірге қарсы күресінен ешбір нәтиже шықпаған. Ол 1377 жылы қаратау етегінде және Ыстықкөлге баратын жолдағы Бүғым шатқалында екі рет Әмір Темір әскерлерінен күйрей жеңілген.

Ақ Орда мен Моғалстан билеушілері өздерінің Өмір Темірге жекедара қарсы тұра алмайтындарын біліп, 1380 жылдың аяғында одақ құруға әрекет жасайды. Алайда бұл одақтан да еш нәтиже шықпаған. Өйткені одақтың құрылып жатқанын білген Әмір Темір 1384-1391 жылдардың аралығында Алтын Ордаға және Моғал жеріне бірнеше рет жорықтар жасаған. Моғолстанды біржола қаратып алу үшін оның түкпір-түпкіріне 120 мың әскер аттандырады. Осы жорықтарда Темір әскерлері көп олжа түсіріп, қора-қора қой, үйір-үйір жылқы, топтобымен қолға түскен тұтқындарды Мауараннахрға жіберіп отырған. 1390 жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толық тәуелділікке түсті.

Әмір Темір жорықтарының зардаптары. Әмір Темірдің Қазақстан жеріндегі ұзақ жылдар бойы жасаған жорықтары оның 1405 жылы Отырар қаласында қаза болуымен аяқталады. Бұл жорықтардың қазақстан үшін, ондағы өмір сүрген ру-тайпалар үшін адам айтқысыз ауыр зардаптары болды. Біріншіден, бұл аймақтарда өмір сүріп жатқан халықтардың шаруашылығы мүлде күйрөді. Елдер арасындағы байланыс үзілді. Халық қырғынға ұшырап, қолға түскендері құлдыққа айдалып, Орта Азияның қалаларындағы базарларда сатуға түсті. қалалар қирады, өртелген қалалардың күлі ғана калды. Шапқыншылықтың салдарынан ауа көшу, қоныс аудару күшейді. Оның әсері бір жұрттың халық болып қалыптасу жүйесін бұзды. Әмір Темір шапқыншылығы қазақ жерінің экономикасының, мәдениетінің дамуына көп зардабын тигізді.

Моғол хандығын осындай саяси бытыраңқылық жайлап жатқанда Мауараннахрдағы билікті өз қолына алып, күшейген Әмір Темір енді Моғолстанды жаулауға кіріседі.

XVI ғасырдың аяғында Әмір Темір Моғолстан жеріне бас көтертпей, дүркін-дүркін жорықтар жасайды. Алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болған. Бұл жорықта Алмалық қаласына дейін жетеді, бірақ қалаға кірмейді. Жол бойындағы елді мекендерді тонап, халықтың мал-мүлкін талан-таражға ұшыратып, көптеген тұтқын алып қайтады. Екінші жорықта 1375-77 жылдары оңтүстік Қазақстан арқылы жүріп, жетісудің Шарын өзеніне дейін жетеді. Моғол ұлысының басшысы Қамар ад-динмен шайқасып, оны жеңеді. Қамар ад-дин Шығыс Түркістанға, Үш

Тұрфанға қарай қашып құтылады. Әмір Темір Моғолстанға 1380-1390 жылдары да бірнеше рет жорық жасаған. Бұл жолғы жорықтың жойқындығы соншалықты,

Әмір Темір өзінің балаларының қолындағы әскерлермен қосқанда 120 мың адаммен атанған.

Әмір Темір 1371-1372 жылдары Моғолстанға әскер аттандырады. Олар Моғолстанның шығыстағфы қалаларының бірі Алмалықтың жанына дейін жетіп, керейіттері талқандап, қайтып оралады. Нақ осы жылы Темірдің өзі де Моғолстанның жері Ыстықкөл өңіріндегі Сегізағашқа дейін барлаушылық жорық жасап, көптеген тұтқын алып, қыруар олжа түсіріп қайтады. Бұл жорық моғол жерінің ішкі аудандарына келешекте жасалатын жорықтардың бағдарламасы болған еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘМІР ТЕМІР тарихы
Әмір Темірді соңғы жорыққа жібермеу
Әмір Темір— Орталық Азия жаһангері
Бату хан
Көшпелілердің дәстүрлі әскери өнері өте күрделі өнер
Әлішер Науои және қазақ әдебиеті
Тарихи деректер
Түркі әлемінің әміршісі – Әмір Темір
МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ ҺӘМ ОНЫҢ ТАРИХ-И РАШИДИІ
Шыңғыс хан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz