Алдын ала тергеуді, анықтауды және жедел іздестіру қызметің жүзеге асыратың органдар



1 Алдын ала тергеуді, анықтауды және жедел іздестіру қызметің жүзеге асыратың органдар ұғымы және жалпы сипаттамасы
2 Алдын.ала тергеу және анықтау
3 Соттылық
4 Қылмыстық іс жүргізу заңы
Алдын ала тергеу белгіленген тәртіппен жүзеғе асырылады. Ол қылмыстық іс қозғалып, оны іс жүргізуге қабылдағаннан кейін басталады, айыптау қорытындысын жасап, айыптау қорытындысын бекіту және соттылығы бойынша соттка жіберу үшін істі прокурорға жіберілгенде не жаза тағайындауды немесе оны орындауды және сол мақсаттарда істі прокурорға жіберуді қиындататын, есі кіресілі-шығасылы жағдайда қылмыс жасаған немесе психикалық аурумен ауырған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын колдану туралы қаулы жасалғанда не іс тоқтатылғанда аяқталады.
Алдын ала тергеу деп оның процесінде жасалған кінәсі туралы, дәлелденгені туралы корьггындылар түпкілікті болып табылмайтындықтан аталады. Қылмыстық іс келіп түсетін сот процесін жүргізу кезінде алдын ала тергеу органдары жинаған материалдарды негізге алса да, дәлелдемелерге өзінің жеке зертгеуін жүзеге асырады: сотта-лушының, жәбірленушінің, куәлардың айғақтарын тыңдайды, сарапшылардың қорытындысын зерделейді, затгай дәлелдемелерді карайды және т.б. Соттын сотгалушының кінәсі туралы кылмыстың мән-жайлары дәлелденғені туралы қорытындылары алдын ала тергеу органдарының қорытындыларымен сәйкес келмеуі және қарама-қарсы болуы мүмкін. Адамды айыпталушы ретінде тартуға қарамастан, тергеушілер оны кінәлі деп есептейді, "кінәсіздік презумпциясы" туралы конституциялық қағидатқа сәйкес мемлекет соңғы заңды күшіне енген айыптау үкімінен кейін ғана кінәлі деп таниды.
Алдын ала тергеу объективтік қажеттілік болып табылады. Алдын ала тергеу органдарының өздерінің тармақтануына, қылмыс жасалған жерге жақындығына, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен тығыз байланыста болуына орай әрбір қылмыс оқиғаларына тез арада ден қою, қысқа мерзімде кажетті дәлелдемелерді жинау мүмкіндігі бар. Істі қарайтын соттардың тергеуші ұсынған айыптың шеңберінен шығуға, айып көлемін кеңейтуге, аса ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқығы жоқ.
Алдын ала тергеу органдарының міндеттері заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға ықпал ету, қылмыстарды тез және толық шешу, кінәлілерді әшкерелеу, әрбір жасалған қылмыс әділ жазалануы үшін және бірде бір кінәсі жоқтар кылмыстык жауапкершілікке тартылмас және сотталмас үшін заңның дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
3.1 Алдын ала тергеуді, анықтауды және жедел іздестіру қызметің жүзеге
асыратың органдар ұғымы және жалпы сипаттамасы
 
Алдын ала тергеу белгіленген тәртіппен жүзеғе асырылады. Ол
қылмыстық іс қозғалып, оны іс жүргізуге қабылдағаннан кейін басталады,
айыптау қорытындысын жасап, айыптау қорытындысын бекіту және соттылығы
бойынша соттка жіберу үшін істі прокурорға жіберілгенде не жаза
тағайындауды немесе оны орындауды және сол мақсаттарда істі прокурорға
жіберуді қиындататын, есі кіресілі-шығасылы жағдайда қылмыс жасаған немесе
психикалық аурумен ауырған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шарасын колдану туралы қаулы жасалғанда не іс тоқтатылғанда аяқталады.
Алдын ала тергеу деп оның процесінде жасалған кінәсі туралы,
дәлелденгені туралы корьггындылар түпкілікті болып табылмайтындықтан
аталады. Қылмыстық іс келіп түсетін сот процесін жүргізу кезінде алдын ала
тергеу органдары жинаған материалдарды негізге алса да, дәлелдемелерге
өзінің жеке зертгеуін жүзеге асырады: сотта-лушының, жәбірленушінің,
куәлардың айғақтарын тыңдайды, сарапшылардың қорытындысын зерделейді,
затгай дәлелдемелерді карайды және т.б. Соттын сотгалушының кінәсі туралы
кылмыстың мән-жайлары дәлелденғені туралы қорытындылары алдын ала тергеу
органдарының қорытындыларымен сәйкес келмеуі және қарама-қарсы болуы
мүмкін. Адамды айыпталушы ретінде тартуға қарамастан, тергеушілер оны
кінәлі деп есептейді, "кінәсіздік презумпциясы" туралы конституциялық
қағидатқа сәйкес мемлекет соңғы заңды күшіне енген айыптау үкімінен кейін
ғана кінәлі деп таниды.
Алдын ала тергеу объективтік қажеттілік болып табылады. Алдын ала
тергеу органдарының өздерінің тармақтануына, қылмыс жасалған жерге
жақындығына, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен тығыз
байланыста болуына орай әрбір қылмыс оқиғаларына тез арада ден қою, қысқа
мерзімде кажетті дәлелдемелерді жинау мүмкіндігі бар. Істі қарайтын
соттардың тергеуші ұсынған айыптың шеңберінен шығуға, айып көлемін
кеңейтуге, аса ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқығы жоқ.
Алдын ала тергеу органдарының міндеттері заңдылық пен құқық
тәртібін нығайтуға ықпал ету, қылмыстарды тез және толық шешу, кінәлілерді
әшкерелеу, әрбір жасалған қылмыс әділ жазалануы үшін және бірде бір кінәсі
жоқтар кылмыстык жауапкершілікке тартылмас және сотталмас үшін заңның дұрыс
қолданылуын қамтамасыз ету болып табылады.
Олар жүзеге асыратын жалғыз функция болып табылатын қылмыстарды
тергеу үшін арнайы тағайындалатын, тиісті ведомстволардың лауазымды
адамдары тергеушілер болып табылады. Ол үшін оларға Қылмыстық іс жүргізу
кодексінде белгіленген. өкілеттіктер берілген.
Ең алдымен тергеуші қылмыстарды тергеу кезінде толық дербес болып
табылады. Оның өзі дәлелдемелерді жинауды жүзеғе асырады, айыпталаушы
ретінде адамды тарту, айыпталушыға жолын кесу шарасын қолдану туралы, алдын
ала тергеу аякталғаны туралы шешім қабылдайды. Заңда көзделген жағдайларда
ғана (күдіктіні, айыпталушыны қамауға алғанда, тінту жүргізілгенде және
баскалары) ол прокурордың санкциясын алуға тиіс. Тергеуші тергеу
әрекеттерінің заңды әрі уақытында жүргізілуіне толык жауапкершілік
көтереді.
Прокурор тергеушінің заңдарды дәл орындауын қадағалауды жүзеге
асырады, олар қабылдаған шешімдердің күшін жоя алады, орындау үшін міндетті
нұсқаулар бере алады. Алайда тергеуші маңызды тергеу мәселелері бойынша
нүскаулармен келіспесе (айыптаушы ретінде жауапқа тарту туралы, айыптаудың
көлемі туралы, қылмыстың құрамы туралы, айыпталушыны сотқа беру үшін істі
жіберу туралы немесе істі тоқтату туралы), прокурордың нұсқауларын
орындамауға құқығы бар, төмен тұрған прокурордың нүскауларынын күшін
жоятын, не істі басқа тергеушіге беретін жоғары тұрған прокурорға өзінің
қарсылықтарымен істі ұсынуға тиіс.
Тергеуші анықтау органдарына тергеу және іздестіру әрекеттерін
жүргізу туралы тапсырмалар мен нұсқаулар беруге, анықтау органдарынан
тергеу әрекеттерін жүрғізу кезінде (мысалы тінту) жәрдемдесуін талап етуге
құқылы. Қылмыстық  іс жүргізу заңымен олардың құзыретіне жатқызылған істер
бойынша қылмыстарды алдын ала тергеуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген
мекемелер, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар анықтау оргаидары
больга табылады. Анықтау органдарының алдын ала тергеу органдарынан басты
айырмашылығы тергеуші үшін қылмыстарды тергеу жалғыз функция болып табылса,
ал аныктау органдары үшін жалғыз ғана емес, негізгі емес (полицияны
қосапағанда) болып табылады. Алдын ала тергеу ісін жүргізу олар үшін
алдында тұрған негізгі міндеттерді шешу үшін қажетті қосалқы функция болып
табылады. Анықтау органдары көбінесе олардың әкімшілік қызмет саласында
туындайтын қылмыстық істерге тергеу жүргізеді. Анықтау органдары тек қана
лауазымды адамдар - түзеу мекемелерінің бастықтары, әскери бөлімдердің
командирлері ғана емес, тұтастай органдар - полиция, мемлекеттік өртке
қарсы қызмет органдары анықтау органдары болып табылады.
Анықтау ісін жүргізуге уәкілеттік берілген органдар мен лауазымды
адамдардың тізбесі, олардың өкілеттіктері Қылмыстық іс жүргізу кодексінде
және түрлі арнайы Заңдарда: "Қазақстан Республикасындағы ішкі істер
органдары туралы", "Қазақстан Республикасындағы ұлттық қауіпсіздік
органдары туралы", "Қазақстан Республикасынағы кеден ісі туралы" және
басқаларында белгіленген. Сол немесе өзге органдарда анықтауды ұйымдастыру
ведомстволық нормативтік актілерде айқындалады.
Анықтау органдарының міндеттері алдын ала тергеу органдары сияқты
қылмыстарды тез және толық шешу, кінәлілерді әшкерелеу, әрбір жасалған
қылмыс әділ жазалануы үшін және бірде бір кінәсі жоқтар қылмыстық
жауапкершілікке тартылмас және сотталмас үшін заңның дұрыс қолданылуын
қамтамасыз ету болып табылады.
ҚР ҚІЖК-нің 65-бабы анықтау органдарын мынадай түрде сипаттайды:
1. Қылмыстың сипатына қарай анықтау органдарына:
1)  заңмен белгіленген құзыретіне сәйкес қылмыстың белгілері мен
оларды жасаған адамдарды табу, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу
мақсатында қажетті қылмыстық іс жүргізу және жедел іздестіру шараларын
қолдану;
2)  алдын ала тергеу жургізу міндетті істер бойынша осы Кодекстін
200-бабында көзделген тәртіппен қылмыстық-іс жүргізу және жедел іздестіру
әрекеттерін орындау;
3)  осы Кодекстің 37-тарауында көзделген тәртіппен алдын ала тергеу
жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау;
4)  осы Кодекстің 288-бабының үшінші бөлігінде көзделген
жағдайларда алдын ала тергеу жүргізу жүктеледі.
ҚР ҚІЖК-нің 65-бабында былай делінген:
Мыналар анықтау органдары болып табылады:
1)   ішкі істер органдары;
2)   ұлттық қауіпсіздік органдары;
3)  қылмыстық жазаларды орындау тәртібімен байланысты қылмыстар
туралы істер бойынша - әділет органдары;
4)   қаржы полициясы органдары;
5)  контрабанда және кеден төлемдерін төлеуден жалтару туралы істер
бойынша - кеден органдары;
6)   Қазақстан Республикасынын. Қарулы Күштерінде, Қазақстан
Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында шақыру немесе
келісім-шарт бойынша әскери қызметін атқарып
жүрген әскери қызметшілер; әскери жиындарды өткеру кезінде запастағы 
азаматтар; әскери бөлімдердің, құрамалардың,мекемелер дің азаматтық
қызметкерлері олардың қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты немесе осы
бөлімдердің, құрамалардың және мекемелердің орналасқан жерінде жасаған
барлық қылмыстары туралы істер бойынша - әскери полиция органдары;
7) Қазакстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы заңдарды
бұзу туралы істер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
континентальдық шельфінде жасалған қылмыстар туралы істер бойынша - шекара
бөлімдерінің командирлері;
8) Қазакстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан
Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында шақыру немесе
келісім-шарт бойынша әскери қызметін атқарып жүрген өздеріне бағынысты
әскери қызметшілер, сондай-ақ олар әскери жиындар өткеру кезінде запастағы
азаматтар жасаған барлық қылмыстар туралы істер бойынша; әскери
бөлімдердің,   құрамалардың,   мекемелердің   азаматтық  қызметкерлері
олардың өзінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты немесе осы
бөлімдердің, құрамалардың және мекемелердің орналасқан жерінде жасаған
қылмыстары туралы істер бойынша - әскери полиция органы болмаған жағдайда
әскери бөлімдердің, құрамалардың командирлері, әскери мекемелермен
гарнизондардың бастықтары;
9)  өздерінің қызметкерлері болған елдерінде жасаған қылмыстар
туралы істер бойынша - Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкілдіктерінің,
консулдық мекемелерінің және өкілетті өкілдіктерінің басшылары;
10)  өртке байланысты барлық қылмыстар туралы істер бойынша -
мемлекеттік өртпен күресу қызметінің басқару органдары мен бөлімшелері.
3. Анықтау органының барлық қылмыстар туралы істер бойынша сотқа дейінгі іс
жүргізу және кезек күттірмейтін тергеу қимылдарын орындау жөніндегі
құқықтары мен міндеттері сол сиякты алысқа жүзу сапарындағы теңіз
кемелерінің капитандарына, геологиялық барлау партияларының, осы баптын
екінші бөлігінде аталған анықтау органдарынан алыстағы басқа да -
мемлекеттік ұйымдар мен олардың бөлімшелерінің басшыларына да, көлік
қатынасы болмаған кезенде жүктеледі.
ҚР ҚІЖК-нің 67-бабына сәйкес:
1. Анықтаушы - өз құзыретінің шегінде қылмыстық іс бойынша сотқа
дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік лауазымды адам.
2.  Анықтаушы осы Кодексте айқындалған нысандарда сотқа дейінгі іс
жүргізудің басталуы және жүзеге асырылуы туралы шешім қабылдауға, заңда
оларды анықтау органы бастығының бекітуі, прокурордың санкциясы немесе
соттың шешімі көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес шешімдер қабылдауға
және
тергеу мен басқа да іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге құқылы.
3.  Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес қылмыстық істер бойынша
сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде анықтаушы осы Кодекстін 37-тарауында
көзделген алынып тасталатындарды қоспағанда, алдын ала тергеу жүргізу үшін
осы Кодексте көзделген ережелерді басшылыққа алады.
4.  Анықтаушы, алдын ала тергеу жүргізілуі міндетті қылмыстық істер
бойынша кідіртуге болмайтын жағдайларда анықтау органы бастығының
тапсырмасы бойынша қылмыстық іс қозғауға, сондай-ақ шұғыл тергеу әрекеттері
мен жедел іздестіру шараларын жүргізуге, ол туралы жиырма төрт сағаттан
кешіктірмей прокурор мен алдын ала тергеу органын хабардар етуге міндетті.
5.   Анықтаушы соттың, прокурордың, алдын ала тергеу органының және
анықтау органының жекелеген тергеу әрекеттерің жүргізу туралы, қылмыстық
процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігі шараларын қолдану туралы
тапсырмаларын орындауға міндетті.
6.  Анықтау органы бастығының  нұсқаулары анықтаушы үшін міндетті.
Анықтау органы бастығының қылмыстық істер жөніндегі нұскауына прокурорға
шағым жасалуы мүмкін. Нұскауларға шағым жасалуы, қылмыстың саралануы мен
айыптаудын көлемі, айыпталушыны сотқа беру үшін істі прокурорға жолдау
туралы немесе қылмыстық істі қысқарту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Анықтау органдары
Полиция қызметінің негізгі бағыттары
Қылмыстық ізге түсу түрлері
Алдын ала тергеу мен анықтаудың ара қатынасы
Ішкі істер органдары
Қылмыстық істерді тергелуі бойынша бір органнан екінші органға беру
Жауап алуды жүргізудің қағидалары
Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру
Прокуратура органдары қызметі
Қылмыстық ізге түсу функциясының ұғымы
Пәндер