XX ғасырдың 20-30- жылдарындағы қазақ тіліндегі мерзімді баспасөзі: шығу тарихы мен деректік маңызы
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қорытынды
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қорытынды
Соңғы жылдары Отан тарихының түрлі салаларында қарқынды түрде зерттеу жұмыстары жүргізіліп, кеңестік дәуірде тыйым салынып келген тақырыптардың сыры мен қырын айқындауға мүмкіндіктер туды. Дегенмен, әлі де терең ғылыми талдау жасап, қайта қарауды қажет ететін мәселелер мен тақырыптар жеткілікті. Академик М.Қ. Қозыбаев бұл турада: «Егер тарих ғылымының алдына тұрған міндеттерді бетбұрыс кезеңінің талаптары тұрғысынан саралайтын болсақ, тарихшылардың туған халық алдындағы қарызы белшесінен екені айқын көрінеді. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы тарих ғылымы алдымен субъективизмнің, тоқырау идеологиясы мен психологиясының шырмауында болып келді. Мен бұл тұжырымды тарихшылардың талай ұрпағын ақтау үшін ғана келтіріп отырғаным жоқ», – деп жазуы осыған дәлел деуге болады 1, 5-б..
Тарихымыздың көмескі деп саналып келген немесе анығына жетіп зерттелмеген мәселелерін қайта қарауда дәстүрлі тоталитарлық жүйенің әдістемелік негіздерінен бас тарта отырып, оны алмастыратын тың негіздер батыл тұрғыда іздестіріліп, зерттеу барысында қолданысқа енгізіліп келеді.
Отан тарихының ең күрделі де түйінді нысаны болған ХХ ғ. 20-30 жж. саяси жағдайлар мен оқиғалар кезеңі белгілі деңгейде зерттелгенімен бұл тақырыпты концентуальды тұрғыда терең қарастыру қажет. Себебі, ғылыми зерттеу бағыттарын алдыңғы қатарға шығарып отырған күрделі тарихи үдерістердің себеп, салдарлы байланыстарын, ортақ заңдылықтары мен ерекшеліктерін айқындауда тың әдістемелік тәсілдерді қолданып, жаңа бағыттарды игеруді қажет етеді. Бұл жолда мерзімді баспасөзді дерек ретінде қолдану аса орынды.
1917 ж. Ақпан төңкерісі қарсаңына дейін Қазақстанда «Қазақ», «Алаш» сияқты ұлттық-бейресмилік газеттер шығып, өз айналысына қазақ ұлт зиялыларын топтастырып, қоғамда болып жатқан түрлі оқиғалар мен құбылыстар, Қазақстанның саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайы туралы материалдар жариялап, ресми орындардың қатаң бақылауында болса да бүкіл түркі-мұсылман интеллигенциясының патша үкіметінің отаршылдық жүйесіне қарсы наразылықтарын көтере білді.

1 Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 272 б.
2 Мажитов С.Ф. Формирование исторического сознания в Республике Казахстан: реалии и перспективы // Современное состояние и перспективы развития исторической науки Казахстана и России: Сборник материалов Междунар. науч.-практ. конф. / Под ред. С.Ф. Мажитова. – Алматы: Тарих тағылымы, 2008. – 424 с.
3 Қазақ журналистикасы. 3 томдық. – 1-т. Қазақ баспасөзі. – Алматы: Таймас баспа үйі, 2008. – 352 б.
4 Әуезов М. Не себептен? // Қазақ тілі. – 1921. – 5 февраль. №119.; Әуезов М. Қазақтағы қалам қайраткерлеріне! (Ашық хат) // Шолпан. – 1922. –№ 2-3. – 5-7-бб.; Кульджанова Н. Киргизские газеты в КССР // Известия Киргизского областного комитета РКП(б). – 1922. – №24. – С. 27-28, 30; Асылбеков А., Тоқжігітов Ш. Газета туралы // Қазақ тілі. – 1923. – №12; Мадияр. Баспасөз үмесі // Еңбекшіл қазақ. – 1923.– 17 мамыр. – № 88.
5 Бабинцев С.М. Заметки о периодике Семипалатинского края // Записки Семипалатинского отдела общества изучения Казахстана. – Т.3. – Вып. 20. – Семипалатинск, 1931. – 146 с.; Сексенбайұлы А. Орта Азия республикаларының баспасөзі 15 жыл социализм күресінде. – Ташкент: Өзбекстан мемлекеттік баспасы, 1932. – 16 б.
6 Бекхожин Х.Н. Первая казахская газета «Дала уалаяты» (1888-1902). – Алматы, 1949. – 254 б.
7 Кенжебаев Б. Қазақ баспасөзінің тарихынан: Тарихи очерк. – Алматы: Қазмембас, 1950. – 40 б.; Бекхожин Х. Қазақ баспасөзі совет өкіметі орнау жылдарында. – Алматы, 1958. – 12 б.; 8 Имашев С.Н. Работа коммунистической партии по созданию и укреплению местной печати в Казахстане (1917-1925 гг.): дисс. ... к.и.н. – Алма-Ата, 1953. – 220 с.; Имашев С.Н. Печать Казахстана - детище Великого Октября // Культура Советского Казахстана. Сборник статей. – Алма-Ата: Казахское государственное издательство, 1957. – 238 с. – С. 161-185.
8 Амандосов Т. Верныйдағы большевиктік тұңғыш қазақ газеті. – Алматы: Қазмембас, 1959. – 35 б.; Кенжебаев Б., Қожакеев Т. Қазақ совет баспасөзі тарихынан. – Алматы: Қазмембас, 1959. – 63-б.
9 Сыздыков Н., Бурабаев М., Бекхожин Х., Амандосов Т., Колчин И. и другие. Полвека в пути. – Алма-Ата, 1961. – 339 с.; Имашев С. Н. Зарождение коммунистической печати Казахстана. – Алма-Ата: Казгосиздат, 1961. –112 с.
10 Бекхожин Х.Н. Қазақ баспасөзінің даму жолдары (1860-1930). – Алматы: Қазмембас, 1964. – 264 б.
11 Партийно-советская печать в период борьбы за строительство социализма. Сборник статей /под общей ред. А.Л. Мишуриса. – Москва: Издательство МГУ, 1964. – 148 с. ; Ученова В.В. Партийно-советская печать восстановительного периода (1921-1925 гг.). Краткий очерк. – Москва: Издательство МГУ, 1964. – 36 с.; Исмаилов Н. Партийно-советская печать и социально-экономическое преобразование села. – Ташкент, Узбекистан, 1968. – 128 с.; Таиова Е.Т. Периодическая печать Тувы. –Кызыл: Тувинское книжное издательство, 1979. – 112 с.
12 Ақтамбеков К. «Мұғалім» – тұңғыш педагогикалық журнал // Қазақ тілі мен әдебиеті мәселелері. – 1966. – 204-215-бб.; Нығметов С. «Қызыл Қазақстан» журналында Ленин идеяларының насихатталуы // Қазақстан коммунисі. – 1968. – №5. – 53-55-бб.; Қорқытов Б. «Қызыл Қазақстан» // Қазақстан әйелдері. – 1968. – №9. – 16-17-бб.; Қожекеев Т. Тарих дәлдікті сүйеді // Қазақ әдебиеті. – 1964. – 5 июнь; Сейітов А. «Жұлдыз» журналына 40 жыл // Қазақстан коммунисі. – 1968. – №2. –75-78-бб.
13 Ыдырысов А. Қазақстан коммунистік партиясын 1926-1932 жылдардағы республика партия-совет баспасөзін одан әрі дамыту жөніндегі қызметі: т.ғ.к. дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Алматы, 1972. – 196 б; Ахметова Л.М. Қазақстан баспасөзінің әйелдерді социализмге жұмылдыруы: т.ғ.к. ... диссертация. – А., 1974. – 193 б.
14 Бекхожин Х. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі (1860-1958). – Алматы, 1981. – 239 б.
15 Арғынбаев М. Айтулы кезеңдер шежіресі // Қазақстан коммунисі. – 1982. – №2. – 91-96-бб.; Бөкеев О. Шындық шежіресі // Жұлдыз. – 1984. – №1. – 4-5 бб.; Мұстафин Б. Алғашқылардың бірі // Ленин туы. – 1990. – 4 көкек; Смақов Т. Тұңғыш редактор – халық комиссары // Денсаулық. – 1990. – №1. – 5-8 - бб.; Ажаров Қ. Көздей көлдің көлдей жасы бар // Ленин жолы. – 1989. – 1 июль.
16 Имашев С.Н. Свет ленинских идей. Избранные труды. – Алма-Ата: Казахстан, 1985. – 472 б.
17 Бекхожин Х.Н., Козыбаев С.К., Матвиенко С.С. Очерки истории журналистики. – Ч.1. – Алма-Ата: Казахстан, 1988. – 192 с.
18 Қозыбаев С., Бекболатов Ж. Өмір айнасы. – Алматы: Қазақстан, 1990. – 88 б.
19 Қожакеев Т. Жыл құстары. – Алматы: Қазақстан, 1991. – 240 б.; Қожакеев Т. Сара сөздің сардарлары. – Алматы: Санат, 1995. –168 б.; Қырықбай Аллаберген, Жарылқасын Нұсқабайұлы, Файзолла Оразай. Қазақ журналистикасының тарихы. – Алматы: Рауан, 1996. – 244 б.
20 Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі – Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918). – Алматы: Қазақ университеті, 2000. – 358 б. Атабаев Қ. Деректану: Оқу құралы. Толықтырылып 2 бас. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 272 б.
21 Нұрғалиева Л.Р. 1917-1937 жылдардағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері баспасөзде: тарихнамалық зерттеу: т.ғ.к. ... авторефераты. – Алматы, 1998. – 26 б.; Сағымбай З. Қазақ әйелдерінің публицистикалық мұрасы: ф.ғ.к. ... дисс. – Алматы, 1999. – 142 б.; Мукашева М.Т. Научно-популярная периодика Казахстана: истоки, становления и перспективы развития: дисс. ... к.ф.н. – Алматы, 2000. – 156 с.; Баялиева Д. Қазақ баспасөзіндегі әдет-ғұрып пен салт-дәстүрдің жазылу проблемалары: ф.ғ.к. ... автореферат. – Алматы, 2002. – 26 б.; Молдашева Р.А. Семей баспасөзі: қалыптасуы және даму жолдары: ф.ғ.к. дисс. – Алматы, 2003. – 145 б.
22 Махат Д.А. Қазақстанда әміршіл-әкімшіл социализм жүйесін қалыптастырудың сталиндік концепциясының мерзімді басылымдарда насихатталуы (1925-1956 жж.): т.ғ.д. ... дисс. – Алматы, 2007. – 378 б.; Махат Д.А. Баспасөз: сталиншілдіктің Қазақстанда орнығуы (1925-1956 жж.). – Астана: Ана тілі – Ата тарих, ЖШС, 2007. – 528 б.
23 Вопросы истории Компартии Казахстана. – Алма-Ата, 1963. – 307 с.
24 Кәкішев Т. Октябрь өрені. – Алматы, 1962. – 204 б.
25 ҚР ПМ. 141-қ., 1-т., 486-іс. 62-64 -пп.; 487-іс. 3-п.
26 ҚРПМ. 141-қ., 1-т., 2781-іс. 42-п.
27 ҚРПМ. 141-қ., 1-т., 5002-іс. 13-п.
28 ҚРПМ. 141-қ., 1-т., 13202-іс. 16-п.
29 Дулатов М. Қазақ-қырғыз тарихы туралы // Қазақ тілі. – 1923.– 5 май. – №35.
30 Елдес. Қазақ тарихынан // 1923 жылдың Қазақ календары. –1922. – 80-91-бб.
31 Тынышбаев М. Түркі-моңғол тарихы // Сана. – 1923. – №1; Соныкі. Мырза Едіге батыр // Сана. – 1924. – №2-3. – 38-45-бб.
32 Әйтиев Ә. Қазақстанда кеңестер құрлысы һәм оның тарихи маңызы // Қызыл Қазақстан. – 1923. – № 22. – 33-43-бб.
33 Шонанұлы Т. Қазақ жері мәселесінің тарихы // Қызыл Қазақстан. – 1923. – №15, 16, №19-20-21. – 39-59-бб.
34 Жұмалиев Қ. Исатай, Махамбет көтерілісі және Махамбет поэзиясы // Қазақ әдебиеті. – 1937. – 6 сентябрь. –№35 (150), –10 сентябрь. – №36 (151), 15, 25 сентябрь, 28 октябрь. – № 37, 38, 43 (158).
35 Жанқожа Нұрмағамбет баласы // Жаңа мектеп. – 1926. – №6. – 32-37-бб.
36 Кәсіп шаруасы көркейсін // Еңбекші қазақ. – 1926.– 20 ғинуар. – №15.
37 Бейсембиев К. Победа марксистско-ленинской идеологии в Казахстане. – Алма- Ата: Казахстан, 1970. – 383 с.
38 ҚРПМ. 139-қ., 1-т., 254-қ. 85-п.
39 ҚРПМ. 141-қ., 1-т., 2551-іс. 36-п.
40 Кенжин А. Алаш партиясы туралы тарихи мағлұмат // Қызыл Қазақстан. – 1923. – №15. – 9-11-бб.

XX ғасырдың 20-30- жылдарындағы қазақ тіліндегі мерзімді
баспасөзі: шығу тарихы мен деректік маңызы
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында ХХ ғасырдың 20-30 жж.
шығып тұрған қазақ тіліндегі мерзімді баспасөздің шығу тарихы мен тарих
ғылымындағы деректік маңызы қарастырылады. Мерзімді баспасөз
материалдарын дерек көзі ретінде қолдана отырып ежелгі дүниеден бастап
1917 жылға дейінгі аралықтағы тарихи оқиғалар мен ХХ ғасырдың 20-30 жж.
үкіметтің әлеуметтік-экономикасын көтеруге арналған реформалар мен мәдени
жағдайларды дамытуға арналған түрлі іс-шаралардың барысы, қазақ
зиялыларына қатысты жүргізілген қуғын-сүргін нәубеті ашылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары Отан тарихының түрлі
салаларында қарқынды түрде зерттеу жұмыстары жүргізіліп, кеңестік дәуірде
тыйым салынып келген тақырыптардың сыры мен қырын айқындауға мүмкіндіктер
туды. Дегенмен, әлі де терең ғылыми талдау жасап, қайта қарауды қажет
ететін мәселелер мен тақырыптар жеткілікті. Академик М.Қ. Қозыбаев бұл
турада: Егер тарих ғылымының алдына тұрған міндеттерді бетбұрыс
кезеңінің талаптары тұрғысынан саралайтын болсақ, тарихшылардың туған
халық алдындағы қарызы белшесінен екені айқын көрінеді. Жарты ғасырдан
астам уақыт бойы тарих ғылымы алдымен субъективизмнің, тоқырау
идеологиясы мен психологиясының шырмауында болып келді. Мен бұл тұжырымды
тарихшылардың талай ұрпағын ақтау үшін ғана келтіріп отырғаным жоқ, –
деп жазуы осыған дәлел деуге болады (1, 5-б.(.
Тарихымыздың көмескі деп саналып келген немесе анығына жетіп
зерттелмеген мәселелерін қайта қарауда дәстүрлі тоталитарлық жүйенің
әдістемелік негіздерінен бас тарта отырып, оны алмастыратын тың негіздер
батыл тұрғыда іздестіріліп, зерттеу барысында қолданысқа енгізіліп
келеді.
Отан тарихының ең күрделі де түйінді нысаны болған ХХ ғ. 20-30 жж.
саяси жағдайлар мен оқиғалар кезеңі белгілі деңгейде зерттелгенімен бұл
тақырыпты концентуальды тұрғыда терең қарастыру қажет. Себебі, ғылыми
зерттеу бағыттарын алдыңғы қатарға шығарып отырған күрделі тарихи
үдерістердің себеп, салдарлы байланыстарын, ортақ заңдылықтары мен
ерекшеліктерін айқындауда тың әдістемелік тәсілдерді қолданып, жаңа
бағыттарды игеруді қажет етеді. Бұл жолда мерзімді баспасөзді дерек
ретінде қолдану аса орынды.
1917 ж. Ақпан төңкерісі қарсаңына дейін Қазақстанда Қазақ, Алаш
сияқты ұлттық-бейресмилік газеттер шығып, өз айналысына қазақ ұлт
зиялыларын топтастырып, қоғамда болып жатқан түрлі оқиғалар мен
құбылыстар, Қазақстанның саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайы туралы
материалдар жариялап, ресми орындардың қатаң бақылауында болса да бүкіл
түркі-мұсылман интеллигенциясының патша үкіметінің отаршылдық жүйесіне
қарсы наразылықтарын көтере білді.
Патша үкіметі құлағаннан кейін бұл басылымдардың қатары Бірлік туы
(1917, мамыр), Сарыарқа (1917, маусым) газеттерімен толығып, ұлт
зиялыларының органына айналып, елдегі саяси жағдай, демократиялық
өзгерістердің жүргізілу барысы жайында мағлұматтар жариялады. Бұл
басылымдарда жарияланған материалдардың деректік құндылығын соңғы
жылдарда жазылған ғылыми жұмыстар дәлелдеп отыр.
1917-1918 жж. ұлттық-демократиялық басылымдар кеңестік жүйеге қарсы
күрес жүргізгені үшін жабылып, олардың орнына большевиктік газеттер
шығарыла бастады. Кеңестік билік жүйесі өзінің идеясын жүзеге асыруда
мерзімді басылымдарға аса назар аударып, партияның рөлін насихаттауға
шебер қолдана білді. Баспасөз арқылы социализмнің салтанатын дәріптеу,
лениндік, сталиндік идеяның мәңгілік екендігін халық санасына сіңдіру,
коммунизм орнатуда партияның сара жолына түсу қажеттігін түсіндіруді
мақсат ете отырып, қалың бұқараны тек кеңестік билікке бойұсынуға
шақырды. Мерзімді басылымдарды кеңестік мемлекет саясаты мен идеологиясын
насихаттаудың ақпараттық құралы ретінде мейілінше ашық түрде қолдана
бастады. Баспасөзді насихат құралы ретінде пайдалануда арнайы қаулы-
қарарлар мен шешімдер қабылап, оның атқаратын негізгі қызмет ету аясын
айқындады. Сөйтіп, мерзімді басылымдар кеңестік үкімет пен партия
саясатына бағына отырып, лениндік, сталиндік биліктің Қазақстанда берік
орнауына, әкімшіл-әміршіл жүйенің саяси-идеологиялық өктемдігінің жаппай
салтанат құруына жағдай жасады.
ХХ ғ. 20-30 жж. мерзімді баспасөз большевиктік идеология құралы
болғанымен де сол жылдардағы Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық,
мәдени өмірінің кейбір мәселелерін айқындауда бірден-бір дерек көзі болып
табылады. Бұл мәселелерді нақтылай қазақ тіліндегі мерзімді басылымдарда
жарияланған материалдармен қарастыру осы кезге дейін жеке тақырып ретінде
зерттелген жоқ. Оның бірнеше себебі бар деп білеміз.
Біріншіден, 1917 жылдан 30-жылдың басына дейінгі аралықта қазақ
мерзімді басылымдардың араб әрпінде (графикасында) шығып тұруы көптеген
зерттеушілердің газет-журнал материалдарын ғылыми зерттеулерінде
қолдануға қиындықтар туғызды. Екіншіден, ғалымдар тарапынан мерзімді
баспасөзді нақты дерек ретінде қолдануға құлшыныстың болмауы. Кейбір
ғылыми зерттеулер бірлі-жарым газет немесе журнал материалдарын
қолданумен ғана шектелді. Үшіншіден, біз алып, зерттеп отырған тақырып 20-
30-жылдарды қамтиды. Бұл кездерде Қазақ Республикасы түрлі саяси оқиғалар
мен жағдайларды бастан кешірген әрі елде Баспа саласы жаңадан ғана
қалыптасып, партия-кеңестік идеология аясында баяу дамып келе жатқан
болатын. Оның үстіне кеңестік үкімет баспасөз ісінде өзінің жетекшілік
рөлін күшейтуде бар күшін салып, партия идеологиясын жүзеге асыруда
психологиялық күш қолдану саясатын ұстанды. Бұл идеологиялық қысым
елімізде КСРО ыдырап, тоталитарлық жүйе күйрегенге дейін салтанат
құрғандығы мәлім. Міне, осы аралықта тақырыпты зерттеу барысында кеңестік
тарихнамада маркстік-лениндік тарихилық, объективтілік, партиялық
принциптері кеңінен қолданылып, мәселені осы принциптер негізіне сүйене
талдау жүргізілді. Бұл ретте Х. Бекхожиннің, Б. Кенжебаевтың, Т.
Амандосовтың, С. Имашевтың және т.б. ғалымдар мен журналистердің
еңбектері мен мақалаларын атауымызға болады. Алайда идеологияланған
кеңестік тарихнама қазақ тіліндегі мерзімді баспасөз тарихына, оның тарих
саласындағы деректік маңызына нақты баға бере алмады. Төртіншіден, 20-30
жж. қазақ тіліндегі баспасөздің шығу тарихы мен деректік маңызы
тәуелсіздігімізді алғаннан кейін де тарих ғылымы саласында нақты зерттеу
нысаны болып, объективті бағасын ала қойған жоқ. Осындай әрекеттерден
кейін кеңестік тарихнамадағы баспасөз мәселесін қайтадан қарап, жаңаша
мәнді ой-пікірлер мен концепцияларға, қағидаларға сай талдауға тура
келеді.
Өткен ғасырдың 20-30 жж. еліміздегі саяси-әлеуметтік жағдай,
жүргізілген түрлі реформалар мен науқандар, экономика саласындағы
жетістіктер мен кемшіліктер, мәдени революция барысы мерзімді баспасөздің
басты тақырыбына айналды. Мерзімді басылымдарда қазақ зиялыларының қазақ
халқы тарихының айтулы кезеңдері мен жекеленген маңызды оқиғаларын
көрсететін құнды мақалалары жарияланып тұрды. Атап айтсақ, қазақ халқының
шығу тегіне, ежелгі және ортағасырлық тарихына, патшалық Ресейдің
Қазақстанды отарлау саясатына, отаршылдыққа қарсы болған ұлт-азаттық
көтерілістер барысына, 1916 жылғы көтеріліс және 1917 жылғы қос төңкеріс
және тағы басқа тарихи мәселелерге арналған ірілі-ұсақты мақалалар. Қазақ
зиялылары М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Е. Омаров, Т. Рысқұлов, С. Сейфуллин
және тағы басқалардың Қазақстан тарихына және этнографиясына арналып
қазақ мерзімді басылымдарына жариялаған мақалалары қазіргі кезде дерек
көзі ретінде бағалауда аса құнды болып табылады. Өйткені бұл мақалалар
нақты ғылыми зерттеулер болмаса да кеңестік дәуірде бұрмаланып, сыңаржақ
жазылған тарихымыздың шынайы бетін ашуда өзіндік ерекшелігімен туған
халқымыздың тарихын, болымысын айқындауда маңызды мәлімет берері анық.
Қазақтың 1920-1930 жж. соңына дейін шыққан мерзімді басылымдарда
жарияланған материалдар арқылы 20-30 жж. коммунистік идеологияның
салтанат құруын, сталиндік жолсыздықтарды, голощекиндік биліктің
республиканың рухани дамуына тигізген зиянын, осы сорақы кеңестік
саясатты әшкерелеуге тырысқан ұлт интеллигенциясының сергелдеңге түсіп
қуғындалуын, нақтылай айтқанда 90-жылдардың басында тарих ғылымында
ақтаңдақтар атанған мәселелерді айқындап көрсетуімізге болады. Демек,
қоғамдық өмірде 20-30 жж. Қазақстанның тарихын қарастыруда қазақ мерзімді
баспасөзін тарихи деректік материалдар негізінде теориялық және
практикалық тұрғыда концептуалдық зерттеу тақырыптың барынша өзекті
екендігін танытады. Сондықтан ХХ ғасырдың 20-30 жж. қазақ мерзімді
басылымдарының деректік негізін ойдың елегінен өткізіп, тәуелсіздік
идеологиясы талаптарына сай қарастыру отандық тарихнамадағы олқылықтардың
орнын толтырады деп есептейміз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. ХХ ғасырдың 20-30 жж. шыққан қазақ
тіліндегі мерзімді баспасөз материалдары дерек ретінде тарихшылар
тарапынан тереңдетіле зерттелген жоқ. Алайда 20 ж. баспасөздің
маңыздылығын А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С.
Сейфуллин, С. Сәдуақасов, М. Әуезов, Т. Рысқұлов,
Ш. Тоқжігітов және т.б. қазақ зиялылары газет-журналдардың бетінде
айқындап берген болатын.
Қазақ баспасөзін дамытуда қазақтың алдыңғы қатарлы зиялы қауым
өкілдерімен қатар, әйелдер арасынан суырылып шыққан А. Оразбаева,
Н. Арықова, С. Есова, М. Бегалиева сынды қазақ қыздары
елеулі үлес қосты.
30-40-жж. мерзімді баспасөздің маңыздылығын нақтылаған зерттеу
жұмыстары болмағанмен де ХХ ғасыр басында шығып тұрған Қазақ, Айқап,
Сарыарқа, Бірлік туы, Алаш және т.б. басылымдар ұлтшылдық пиғыл
ұстанғандығын сынға ала отырып, 20-жылдардан бастап шыға бастаған
басылымдардың партия саясаты мен идеологиясын насихаттаудың басты құралы
екендігін ашық жазған мақалалар жариялана бастады.
20-30 жж. мерзімді баспасөз тарихын зерттеу барысы 50-жылдары ғана
қолға алынды. Бұл ретте Қ. Бекхожиннің, Б. Кенжебаевтың, Т. Амандосовтың,
Б. Қорқытовтың еңбектерін атауымызға болады.
60-80 жж. Қазақстандағы баспасөз ісінің қалыптасу барысын зерттеу
қарқын алып, оның түрлі салаларына қатысты журналист, филолог ғалымдар
М.И. Фетисов, Ш. Елеукенов, Т. Қожакеев, Т. Ыдырысов,
Н.Г. Богданов, З. Тұрарбеков, Б. Әбілқасымов, К.
Ақтамбеков және т.б. ғалымдардың еңбектері жарық көрді.
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін баспасөз барысына қатысты
журналистика, филология, тарих ғылымдарынан бірнеше диссертациялық
жұмыстар қорғалып, қазақ баспасөзінің даму жолдарын саралауға арналған
мақалалар жарияланып, кітаптар жарық көрді. Бұл ретте С. Қозыбаев,
Ж. Бекболатов, Т. Қожакеев, Қ. Аллаберген, Ж. Нұсқабайұлы,
Ф. Оразай, Қ. Атабаев, Л. Нұрғалиева, Д. Махат және т.б.
ғалымдардың ғылыми еңбектерін атауымызға болады.
Диссертациялық жұмыстың деректік негізі. Қазақстан тарихнамасында
Кеңес өкіметі тұсындағы қазақ мерзімді баспасөзінің қалыптасу тарихы мен
оның тарих ғылымы үшін деректік маңызын айқындауда зерттеу жұмысының
деректемелік негіздері бірнеше бағытқа топтастырылды. Атап айтқанда:
Кеңес өкіметінің реттеуші заңнамалық құжаттары; Кеңес өкіметі мен
үкіметінің, Коммунистік партия шешімдері мен қаулы-қарарлары; Қазақстанда
жарық көрген республикалық, губерниялық мерзімдік басылым материалдары;
тақырыптың хронологиялық ауқымы шегіндегі қоғамдық-саяси, тарихи
оқиғаларды айғақтайтын құжаттық деректердің жинақтары; Қазақ баспасөзіне
қатысты мұрағат құжаттары; Марксизм-ленинизм классиктерінің шығармалары;
Тақырыпты ашатын ғылыми, саяси және көркем шығармалар; Статистикалық
құжаттар; Қазақ мерзімді басылымдарына қатысты қоғам және мемлекет
қайраткерлерінің, баспасөз қызметкерлерінің жарық көрген материалдары мен
мемуарлық еңбектері.
Деректік негіз ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің
мұрағатының (ҚРПМ) РК(б)П Қырғыз Өлкелік партия комитетінің (139-қ.),
Ресей Компартиясы Қырғыз (қазақ) бюросы (140-қ.), БК(б)П Қазақ өлкелік
партия комитетінің (141-қ.) және Қазақстан Коммунистік партияның Орталық
комитетінің (708-қ.), Қазақ облыстық Бақылау комиссиясының (718-қ.),
БК(б)П Қазақ өлкелік бақылау комиссиясы (719-қ.), Қазақстан бойынша
Бүкілодақтық Коммунистік партияның жанындағы партиялық бақылаудың
өкілеттік комиссиясының (725-қ.), Қазақстан Компартиясы Орталық
комитетінің саяси зерттеу институтының (811-қ.) қорларында және Қазақстан
Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағатының (ҚРОММ) Қазақ АКСР-нің
Орталық Атқару комитеті (5-қ.), Халық мұғалімі журналы редакциясы (398-
қ.), Қазақ Мемлекеттік баспасы (1383-қ.), БКП(б) ОК-нің партиялық баспа
ісінің қазақ бөлімі (1384-қ.), Қазақ өлкелік баспасы (1386-қ),
Қазмембаспаның Шығыс бөлімі (1491-қ.), Қазақ АКСР Халық Комиссарлар
Кеңесіне қарасты Қазақстанның мемлекеттік баспаханасы (929-қ.)
қорларының, сонымен қатар Орынбор облыстық Жаңа Тарихи Құжаттар
Орталығының (ООЖТҚО) 1- қор құжаттары қазақ ұлттық баспасөзге және 20-30
жж. саяси-экономикалық жағдайға қатысты құжаттық деректер талдау нысанына
айналды.
Баспасөз саласына байланысты Кеңес өкіметі мен үкіметінің, Коммунистік
партия шешімдері мен қаулы-қарарлары, кеңес, кәсіподақ және комсомол
органдарының директивалық материалдарын жинақтап шығарған және т.б.
құжаттар мен материалдар және мақалалар жинақтары зерттеу барысында
кеңінен қолданылды. Сонымен қатар статистикалық құжаттар мен ғылыми,
саяси және әдеби көркем шығармалар да зерттеу жұмысына тартылды.
20-жылдың басынан 30-жылдар аралығанда шыққан республикалық,
губерниялық Ақ жол, Қосшы, Жаңа өріс, Еңбекшіл қазақ, Қызыл
Қазақстан, Лениншіл жас, Жас қайрат, Өртең, Жарлық, Сәуле,
Жетісу әйелі, Пионер, Таң, Теңдік, Халық мұғалімі, Хабар,
Әйел теңдігі, Ана мен бала, Ауыл тілі, Жыл құсы, Жұмысшы,
Әдебиет және искусство, Жаңа әдебиет, Жаршы, Қызыл әскер,
Денсаулық жолы, Әдебиет майданы, Екпін, Екпінді тілші, Халық
мұғалімі, Ауыл коммунисі Жаңа мектеп, Ауыл мұғалімі, Сауаттыға
жол және т.б. басылымдарда Қазақстан тарихына қатысты және ХХ ғасырдың
20-30 жж. қоғамдық-саяси, әлеуметтік экономикалық мәселелерді көтерген
құнды мақалалар жарық көрді.
Тақырыптың құнды дерек көзі қатарында 20-30-жылдары кеңес үкіметінің
билік орындарында қызмет етіп, елді экономикалық және мәдени жағынан
көтеруде мерзімді баспасөз арқылы толымды пікір айта білген Т. Рысқұлов,
С. Қожанов, Н. Нұрмақов, С. Сейфуллин, С. Сәдуақасов және т.б.
қайраткерлердің мақалалары мен еңбектері, естелік жазбалары, сонымен
бірге Алаш қозғалысының қайраткерлері Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М.
Дулатов, М. Әуезов, Х. Досмұхамедов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытовтардың
мерзімді басылымды көтеруге және елдегі саяси-экономикалық жағдайын
айқындауға, тарихи тақырыптарға арналған көптеген мақалалары
пайдаланылды.
Диссертация жазу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің
мұрағаты дайындаған жинақтар және Алаш қозғалысына, ұлт-азаттық қозғалыс
барысына қатысты құжаттардың жинақтары және т.б. жинақтар дерек көзі
ретінде кеңінен қолданылды.
Жоғарыда аталған материалдарды талдау барысында, атап айтқанда, ресми
құжаттарда кеңестік саяси жүйе мен оның басқару құрылымдарының, қазақ
баспасөзінің қалыптасуы мен даму және оның қызметін идеологиялық тұрғыда
біржақты бағалау ағымы үстем болғандығын байқауымызға болады. Өйткені
кеңестік құжаттарда үкімет пен партия басшылығының Баспа ісіне қатысты
жүргізген саясатының кемшіліктері мүлдем аталмайды. Міне, осы себептен
бұл құжаттарға сыни көзқараспен қарап, басқа құжаттармен салыстыра,
саралай пайдалануға тура келді.
Зерттеу жұмысының нысаны. Қазақ мерзімді баспасөзінің шығу тарихы мен
Қазақстан ғылымында дерек көзі ретінде алар орны мен рөліне тарихи талдау
жасау.
Зерттеу жұмысының пәні. ХХ ғ. 20-30 жж. шығып тұрған қазақ
баспасөзінің тарихы мен мерзімді басылым материалдарының Қазақстан тарихы
үшін деректік маңызын айқындай отырып кейбір тарихи мәселелер мен сол
кездегі қоғамның саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуын қарастыру болып
табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық зерттеу жұмысы
ХХ ғ. 20-30-жж. қазақ тіліндегі мерзімді баспасөздің шығу тарихы мен
деректік маңызын тарихи, теориялық-әдістемелік және деректемелік
негізінде қарастыра отырып, объективті түрде баға беруді мақсат етіп
қояды. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер белгіленді:
- ХХ ғ. 20-30 жж. большевиктер партиясының басшылығымен шыққан қазақ
тіліндегі мерзімді баспасөздің зерттелу барысын тарихнамалық тұрғыда
талдау және қазіргі кездегі принциптерге негізделген жаңа методикалық
әдіс-тәсілдермен жүйелі түрде зерттеу;
- баспасөзге қатысты 20-30 жж. шығарған РК(б)П, БК(б)П және КОКП,
ҚКП-ның қаулылары мен шешімдерінің мәнісін айқындай отырып, олардың
кеңестік идеологияны насихаттаудағы рөлін дәйектеу, қазақ тіліндегі
мерзімді баспасөздің қалыптасу барысы мен ресми билік арасындағы қарым-
қатынас үрдісіне талдау жасау, ұлттық басылымдардың дамуындағы
ерекшеліктерді айқындау және оған баға беру;
- қазақ тіліндегі мерзімді басылымдардың Қазақстан тарихы үшін
деректік маңызын ашып көрсету;
- қазақ мерзімді баспасөзінің маңыздылығын нақтылауда зиялылардың
көзқарастарына тарихнамалық талдау жасай отырып, баға беру;
- қазақ тіліндегі мерзімді басылымдардағы тарихи мақалалардың
ерекшеліктері мен сипатын, деректемелік, тарихнамалық маңызын көрсету
және алғашқы қауымдық құрылыстан бастап, ХХ ғ. 20-30 жж. тарихи
оқиғаларға, ұлттың әдет-ғұрып, салт-дәстүр мәселелеріне қатысты жазылған
тарихи мақалаларды талдау және оның тарихи маңыздылығын анықтау;
- 1921-22 жж. Қазақстандағы ашаршылық мәселесі, оның зардаптары және
оған қарсы күрес барысын, жер-су реформаларын жүргізудегі ұлт саясаты,
Кіші Қазан бағытын іске асыру барысы мұрағат құжаттары мен мерзімді
басылым материалдарын, ғылыми зерттеулерді қолдана, салыстыра көрсету;
- елді индустрияландыру мен ұжымдастыру барысында өрбіген түрлі саяси
айтыс-тартыстарды мұрағат құжаттары және ғылыми зерттеу еңбектеріне
сүйене баспасөз материалдары арқылы жаңа қырынан зерделеу;
- республикадағы мәдени құрылыс мәселелері, атап айтқанда, халық
ағарту, өнер, әдебиет салаларындағы іс-шараларды жүргізу бағытын
айқындауда ұлттық баспасөз мәліметтерінің рөлін саралау;
- қазақ комсомол жастары мен әйелдер арасындағы кеңестік идеология
саясатының жүргізілу мәнісін қазақ баспасөзі материалдары арқылы
түсіндіру;
- тоталитарлық жүйеге қарсы туындаған наразылық пен Алаш
зиялыларының сынға ұшырауы мен ұлтшылдықпен айыпталу мәселесінің ұлттық
баспасөзде көрініс табуының негізгі сипатын айқындау.
Диссертацияның ғылыми жаңалығы. Отандық тарихта теориялық-әдістемелік
тұрғыда ХХ ғ. 20-30 жж. аралығында шыққан қазақ тіліндегі мерзімді
басылымның шығу тарихы мен оның тарих ғылымы саласында негізгі дерек көзі
ретінде қарастырылды. Осы кезге дейін бұл тақырып отандық және шетелдік
тарихшылар тарапынан кешенді түрде қолға алынбаған болатын. Осыған
байланысты зерттеу жұмысының мынадай маңызы мен жаңалықтарын атап
көрсетеміз:
- XX ғ. 20-30 жж. тарихи тұрғыда қазақ тіліндегі мерзімді баспасөзі
жаңа методологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, жүйелі түрде
тарихнамалық талдау жасалына қарастырылды;
- партия мен үкіметтің баспасөз саласына қатысты қаулы-қарарлары мен
шешімдерінің мәнісі нақтыланып, олардың қазақ баспасөзін қалыптастырудағы
алғышарттары дәйектеліне отырып, ұлт басылымдарының ерекшеліктері тарихи
тұрғыда жан-жақты айқындала зерделенді;
- қазақ тіліндегі мерзімді басылымдарды мұрағат құжаттары және ғылыми
зерттеулермен салыстыра отырып, тұңғыш рет кешенді түрде Қазақстан тарихы
үшін деректік маңызы ашып көрсетіліп, баға берілді;
- алғаш рет қазақ тіліндегі баспасөзге қатысты ұлт зиялыларының
пайымдаулары мен тұжырымдары жүйелілікпен саралана, бағаланды;
- қазақ мерзімді басылымдарына жарияланған Қазақстан тарихы мен
этнографиялық мақалалардың тарихи және деректік маңыздылығы айқындалып,
мұрғат және ғылыми зерттеулермен салыстырмалы түрде тұңғыш рет талдана
қарастырылды, сондай-ақ бұрындары араб әрпімен жарияланған көптеген
материалдар ғылыми айналымға енгізілді;
- ХХ ғ. 20 ж. басындағы Қазақстандағы ашаршылық пен қиыншылықтар, елде
жүргізілген түрлі реформалар мен бағыт барысы қазақ мерзімді басылым
материалдарын қолдана отырып дәйектелінді;
- Қазақстандағы индустрияландыру, тәркілеу, ұжымдастыру, отырықшы-
ландыру және тағы басқа науқандарға қатысты қазақ тіліндегі мерзімді
басылым беттеріне жарияланған, бірақ осы күнге дейін қолданылмаған
көптеген материалдар ғылыми айналымға қосылды;
- сауатсыздықпен күрес барысы, мәдени шаралардың жүзеге асырылуы, өнер
мен әдебиет салалары жолындағы үкіметтің іс-шаралары мен оның нәтижелері
қазақ мерзімді басылымдар материалдары негізінде жан-жақты сараланды;
- мерзімді басылым материалдарын қолдана қазақ жастары мен әйелдерінің
қоғам ісіне араласуы және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан
үлестері саралана отырып қарастырылды;
- большевиктік партия мен Кеңес өкіметінің 20-30 жж. әкімшіл-әміршіл
саясатының мәнісі, Алаш қайраткерлерінің ұлтшыл, халық жауы ретінде
қуғындалу барысы нақтылана мұрағат және баспасөз материалдары арқылы
бүгінгі тарихи таным тұрғысынан жаңа ғылыми әдістемелік жолмен
зерделенді.
Тақырыптың хронологиялық шеңбері. Зерттеу жұмысының хронологиялық шегі
1920-1939 жылдар аралығы болып белгіленді. Жұмыста аталмыш жылдар
аралығында жүргізілген жаңа экономикалық саясат, жер-су реформасы,
ауылшаруашылық, ұжымдастыру, отырықшыландыру, тәркілеу, елді
индустрияландыру, мәдени-ағарту ісі, кеңестендіру, жергіліктендіру, араб
әліпбиінен латын әліпбиіне көшу барысы, қуғын-сүргін нәубеті, сонымен
қатар ерте ғасырдан 1917 жылға дейінгі Қазақстан тарихының кейбір
мәселелері мерзімді басылымдар аясында өзге деректік материалдармен
салыстыра қарастырылады.
Зерттеудің қолданыстық маңызы. Диссертацияда жасалынған негізі
тұжырымдар мен қорытындыларды, алынған нәтижелерді ғылыми еңбектер,
оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар дайындауға, сол сияқты әлеуметтік-
гуманитарлық бағыттағы болашақ доктор, магистр, бакалавр мамандары үшін
Отан тарихының теориялық және әдістемелік мәселелеріне байланысты арнайы
курстар дайындауда қолдануға болады. Диссертацияда қалыптасқан
әдістемелік тәсілдер Отан тарихында әлі қыры мен сыры ашылмаған 20-30 жж.
кейбір қоғамдық-саяси оқиғаларды айқындап, жан-жақты зерттеп, тарихи
таным нысанына айналдыруға мүмкіндік береді.
Зерттеудің теориялық және методологиялық негізі. Зерттеу жұмысының
методологиялық негізін айқындауда, қоғамдық құбылыстар мен үрдістерді
зерттеудің бірнеше әдіс-тәсілдері қолданылды. Тарих ғылымында қалыптасқан
мәселені, болған оқиғаны зерттеуде нақты фактілер мен дәлелдерді мұрағат
және газет-журнал материалдары арқылы салыстыра көрсету басшылыққа
алынды. Сонымен бірге зерттеу барысында саралау, талдау және қорыту,
тарихи-салыстырмалы, жүйелік-құрылымдық, теориялық таным, модельдеу мен
типтендіру сияқты жалпы ғылыми, философиялық, әлеуметтанушылық, тарихи
зерттеу тәсілдері қолданылды.
Негізінде тақырыптың теориялық негіздемесі мен зерттеудің әдістемелік
негізгі диссертацияда арнайы қарастырылды. Тарихи оқиғаларды немесе саяси
жағдайларды баяндауда баспасөз материалдары мен мұрағат құжаттары және
ғылыми зерттеу материалдарын салыстыра зерттеу әдісі кең қолданылды.
Автор тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі қалыптасқан ғылыми ой-
пікірлер мен тұжырымдарға, сонымен қатар қоғамтанушы ғалымдардың
еңбектеріндегі баспасөз мәселесіне қатысты көзқарастарына сүйенеді. Қазақ
тіліндегі мерзімді баспасөздің шығу тарихы мен деректік маңызы туралы
теориялық танымымыз бен өз ұстанымдарымыздың қалыптасуына идеялық және
әдістемелік тұрғыда елеулі ықпал жасаған іргелі теориялық еңбектері
басшылыққа алынды.
Қорғауға ұсынылған тұжырымдар. ХХ ғ. 20-30 жж. қазақ тіліндегі
мерзімді баспасөздің шығу тарихы мен деректік маңызы жөнінде мынадай
тұжырымдар жасалды:
- ХХ ғ. 20-30 жж. қазақ тіліндегі мерзімді баспасөздің зерттелу барысы
тарихнамалық тұрғыда жан-жақты талданып, зерттеудің теориялық негіздемесі
мен әдістемелік негізі арнайы қарастырылды.
- Қазақстандағы қазақ баспасөзінің қалыптасуына қатысты партия мен
үкімет қаулылары мен шешімдерінің кеңестік идеологияны насихаттаудағы
мәнісі және ұлт баспасөзін дамытудағы іс-шаралар мен 20-30 жж. газет-
журналдардың басты ерекшеліктері, алғышарттар және мақсаты мен
міндеттері айқындалып, оларға өзіндік баға берілді;
- Қазақстан тарихы үшін қазақ тіліндегі (араб, латын графикасы)
мерзімді басылымдарға жарияланған, бірақ осы кезге дейін белгісіз
зерттеулерге қолданылмай келген материалдардың деректік маңыздылығы
анықталынды және мұрағат құжаттарымен салыстырыла ғылыми айналымға енгізу
арқылы, қарастырылып отырған мәселенің тарихи құндылығы нақтыланды;
- 20 ж. басындағы идеологиялық қысымға қарамастан қазақ мерзімді
баспасөзін көтерудегі ұлт зиялыларының көзқарастарына тарихнамалық талдау
жасалынып, олардың үкіметтің тарапынан баспасөз саласына қатысты
жүргізген идеологиясын сынға алған материалдарына тарихи баға берілді;
- мерзімді басылымдарда жарияланған тарихи мақалалардың Отан тарихы
үшін деректік, тарихи маңыздылығын айқындауда мұрағат және ғылыми
еңбектермен салыстырыла қолданылып, өзіндік баға берілді;
- 20-30 жж. саяси оқиғалар мен елдегі экономикалық реформалардың
жүргізілу барысы қазақ баспасөзі материалдары мен мұрағат және ғылыми
зерттеулер негізінде дәйектелінді;
- 20 ж. соңында жүргізілген индустрияландыру мен ұжымдастыру барысы
және осы науқандарға сәйкес өрбіген түрлі саяси айтыс-тартыстар мұрағат
құжаттары және ғылыми зерттеу еңбектеріне сүйене баспасөз материалдары
арқылы жаңа қырынан негізделді;
- Республикадағы мәдени құрылыс мәселелерін жүргізу бағыты мерзімді
басылым материалдары негізінде дәйектелді;
- қазақ әйелдерін қалыңмал шырмауынан құтқару және оларды қоғамдық
жұмыстарға тартылуы мен жастардың қоғамдағы рөлі қазақ баспасөзі
материалдары арқылы зерделенді;
- ұлт мәселесіне қатысты айтыс-тартыстар, сталиндік тоталитарлық жүйе
қысымшылығы, коммунистік партия қатарын жат элементтерден тазарту барысы,
алаш қайраткерлерінің қуғындалуы мерзімді басылым және мұрағат құжаттары
кейбір жаңа, тың деректермен толықтырыла айқындалып, сталиндік
идеологияның астарының негізгі мәні ашылды.
Зерттеудің сыннан өтуі. Диссертациялық жұмыс БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов
атындағы Тарих және этнология институтының Кеңес дәуіріндегі Қазақстан
тарихы бөлімінде орындалып, Қазақстан тарихнамасы және деректану, тарихи
зерттеу әдістері мен Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімдерінің
кеңейтілген мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды (хаттама № 12,
2009 жыл, 6 қазан).
Зерттеудің нәтижелері мен қорытындылары жалпы 45 ғылыми еңбектерде,
оның ішінде Ғылым және Білім саласындағы Бақылау комитеті бекіткен ғылыми
басылымдар тізіміне сәйкес - 17, өзге ғылыми басылымдарда – 7, шетелдік
басылымдарда – 4 (Ресей, Түркия, Қырғызстан) жарияланып, халықаралық және
республикалық конференцияларда 17 баяндама көпшілік назарына ұсынылып,
материалдар жинақтарында басылды.
Диссертацияның құрылымы: Алға қойған мақсаты мен міндеттерге
байланысты диссертациялық жұмыстың құрылымын кіріспе, 6 тарау және
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі құрайды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Кіріспеде диссертациялық жұмысқа жалпы сипаттама беріліп, тақырыптың
өзектілігі негізделіп, жұмыстың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері,
ғылыми жаңалығы, методологиялық негіздері, хронологиялық ауқымы,
практикалық маңызы және қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар
көрсетілген.
Қазақ тіліндегі мерзімді баспасөз тарихын зерттеу методологиясы,
деректік негіздері және тарихнамасы деп аталатын бірінші тарауда
тақырыптың теориялық-методологиялық негіздемесі мен тарихнамасы
қарастырылып, мәселенің дерек көздеріне талдау жасалды.
Қазақ тіліндегі мерзімді баспасөз тарихына теориялық және
методологиялық көзқарас атты бөлімінде зерттеу жұмысына қатысты
теориялық-методологиялық ұстанымдар мен тұжырымдар баяндалды.
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін қазақ тарихы ғылымының алдында
теориялық-методологиялық проблемаларын қайта қарау, бұрындары кеңестік
жүйе идеологиясымен бұрмаланып немесе тыйым салынған тарихи мәселелерді
жаңаша тұрғыдан қарастыру қажеттілігі туындады. Қазірде соңғы
технологиялық жетістіктерді пайдалана отырып зерттеу жүргізу, жаңаша
ойлауға бет бұру үрдісі қалыптасып, соның нәтижесінде маркстік-лениндік
идеологиядан ада тәуелсіз методология жанданып келеді. Тарих
проблемаларын теориялық, методологиялық талдаусыз, ой елегінен өткізусіз
шешу мүмкін емес. Сондықтан тарих методологиясына сүйене, басқа
ғылымдармен тығыз байланыса отырып, мәселелерді талдау аса орынды. Бұл
зерттелмек болған оқиғаларды барынша объективті түрде қарауға жол ашады.
Тарихтың методологиясы өткен және қазіргі әдіс-тәсілдерді негіздеумен де
тығыз байланысты.
Мерзімді басылымдардағы материалдар қоғамдағы өмірдің өткені жайында
құнды мағлұматтар беретін дерек көзі бола алады. Оның мәліметтері әр
алуандылығымен ерекшеленеді және бұл мәліметтерді әртүрлі салалардағы
мамандар пайдаланып, өзінің зерттеу объектісіне қолдана алады. Патшалық
Ресей тұсында баспасөз саласы ақпараттық құрал ретінде қолданылса, ал
кеңестік дәуір кезінде қарастырылып келді.
Қазақстан тарихының аса күрделі кезеңі кеңес дәуіріндегі мерзімді
басылымдар мемлекеттің идеологиясының мәнісін түсінуде, сол дәуірдегі
тарихи оқиғалар мен құбылыстарды зерделеуде аса маңызды тарихи дерек
болып табылады. Деректанулық талдау жасаудың және оның алынған
мәліметтерді ғылыми зерттеулерде пайдаланудың ең басты және міндетті
алғышарты мерзімді басылымның қоғамдық-саяси бағытын анықтау және есепке
алу. Тарих ғылымында зерттеу жұмысының методологиялық негізін айқындауда
зерттеуші қоғамдық құбылыстар мен үрдістерді зерттеудің көптеген
тәсілдерін кеңінен қолдануды, болған оқиғаны немесе мәселені зерттеуде
мұрағат және газет-журнал материалдарын, сондай-ақ бұрындары зерттелініп
кеткен еңбектерге сүйене салыстыра көрсету арқылы жұмыс істейді.
Кеңес дәуірі кезінде аталған мәселелер маркстік-лениндік методология
шеңберінде зерттелініп, маркстік-лениндік тарихилық, объективтілік,
партиялық принциптерді кеңінен қолдана талдау жүргізілді. Баспасөз
саласын мәселені зерттеген қазақстандық ғалымдар кеңес кезеңіндегі қазақ
баспасөзінің қалыптасу тарихын ашып көрсеткенмен, партия мен үкіметтің
баспасөз саласындағы идеологиясын насихаттаумен ғана шектеліп, кеңестік
жүйенің осы саладағы әкімшіл-әміршіл саясатын барынша айқындап көрсете
алмады.
Біз жұмысымызда қоғамдық-саяси өмірді барынша қысымында ұстауға
тырысқан маркстік методологиялық зерттеу бағытынан бас тартып, өркениетті
методологиялық бағытты таңдадық. Профессор С.Ф. Мажитов бұл бағыттың
Қазақстан халқының рухани, мәдени өмірі мен әлем елдерімен өзара байланыс
тарихын зерттеудегі маңыздылығын бес факторға бөле нақтылап берген
болатын [2, 17-б.]
Қазақ баспасөзі теориясы мен оның публицистикалық жанрларын зерттеу
барысы да коммунистік партия идеологиясы негізінде, кеңестік жүйе
ауқымында жүргізілді. Теория өзінің ішкі құрылымы жағынан бір-бірімен
логикалық байланыста болатын біртұтас білім жүйесін құрап, оның мазмұны
белгілі бір ұғымдар мен тұжырымдарға негізделіп, арнайы логикалық-
методологиялық принциптер мен ережелерге сүйеніп баяндалады. Ұлы ойшыл,
ғұлама ғалым Әбунәсір әл-Фараби қандай да бір ғылымның айтулы теоретигі
болу үшін қажетті үш шартты атаған болатын. Оның біріншісі, сол саланың
бұлағын (принципін) жақсы білу, екіншіден, сол ғылымға қатысты бастаулар
мен мәліметтерден лайықты қорытынды шығара білу, үшіншіден, сол ғылымдағы
қате пікірлерге ұтымды жауап бере білу керек, ақиқатты жалғаннан
ажыратып, басқа авторлардың мүлт кеткенін түзету үшін олар айтқан
пікірлерді саралай білу қажет [3, 289-б.].
Баспасөзде біріншіден, ғылыми, әдеби, публицистік әдістердің
айырмашылығын талдау, екіншіден, бұл әдістерді дүниетанымдық категория
ретінде қарастыру, үшіншіден, категорияның қызметіндегі субъективті әдіс
ретінде қарастыруды ұсынып, басылымдардағы материалдарды тәжірибе жүзінде
ғылыми зерттеулерге қолдана білу аса маңызды.
Зерттеу жұмысы барысында қолданылатын объективті шынайлық принципіне
жетуде зерттеу жұмысына қажетті құндылықтарды анықтау, сұрыптау, бағалау
сияқты жүйелерді қолдана отырып, қазақ баспасөзінің тарих ғылымы
саласындағы деректік маңыздылығын дәйектеу және ондағы материалдарды
қолдана сол кезеңдегі үкімет пен партияның ұстанған бағыты мен саяси
оқиғалардың өріс алуын айқындау болып табылады. Нысанға алынған оқиға
немесе тақырыпқа қатысты дерек ретінде қолданылатын газет немесе журнал
материалдарының дұрыстығына қол жеткізу үшін мұрағат құжаттарымен
салыстыру аса маңызды. Себебі, кей жағдайларда мерзімді басылымдарда
нақты айғақтарға сүйенбей, асыра жазу немесе кеміте көрсету сияқты
фактілерге орын берілген.
Қазақ тіліндегі мерзімді баспасөзге қатысты үкімет пен партияның
жүргізген саясатын айқындауда объективтілік, тарихилық принциптердің
маңызы зор. Тарихилық принцип арқылы қарастырып отырған зерттеу жұмысында
билік етіп отырған жүйенің астарына үңілуде түрлі деректер мен ғылыми
зерттеулерге сүйене, олардың саяси және әлеуметтік идеологиялық ахуалын
анықтауға болады. Сонымен қатар тарихи оқиғалар мен процестердің, олардың
пайда болуы және дамуының, нақты жағдайлармен байланысының зерттелу
деңгейі айқындалды.
Қазақстандағы ХХ ғ. 20-30 жж. тарихи оқиғаларды мерзімді басылым
материалдарымен байланыстыра зерттеу барысында қолданылатын әлеуметтік
принцип тарихнамалық фактілер мен құбылыстардың сипатын олардың шынайы
нәтижелері бойынша баға берудің қажеттілігін көрсетеді. Жұмыс барысында
барлық материалдарға ғылыми шолу, талдау жасау арқылы қорытындылау,
салыстырмалы, жүйелік, сипаттау, сандық талдау, жинақтау, сараптау сияқты
әдістер кеңінен қолданылды. Тақырыпты зерттеуде жоғарыдағы принциптерге
сүйену, диссертацияның алдына қойған міндеттерін толықтай ашуға мүмкіндік
береді. Қазіргі кезде баспасөз саласының жекеленген түрлеріне қатысты
методологиялық және теориялық тұжырымдар жасалу үстінде. Ғылыми таным
методологиясын зерттеуші ғалымдар деректік материалдарға негізделген
дәйектемені жасалған тұжырымдарға көз жеткізудің методологиясы ретінде
қарастыруды ұсынуда. Сондай-ақ олар дәйектеменің фактілік және логикалық
аспектілері белгілі бір тұжырымдама бойынша жасалған тұжырымның
сенімділік көрсеткіші деп санайды. Соған орай қазақ баспасөзі тарихына
қатысты жаңа деректік мәліметті жаңа тұжырымдар жасауға алып келеді деп
есептеуге негіз бар.
Мәселенің тарихнамасы және деректік негіздері атты бөлімінде қазақ
мерзімді баспасөзін зерттелу барысы мен деректік негізі талданып
көрсетіледі.
Жалпы қазақ баспасөзі ісіне байланысты деректерді Коммунистік
партияның съезд, пленум, конференциялары қаулы-қарарлары және баспасөз
мәселелеріне қатысты құжаттар мен материалдары, статистикалық жинақтар,
баспасөз материалдары, мұрағат құжаттары, ғылыми және саяси әдебиеттер
деп бөліп қарастыруға болады.
ХХ ғ. 20-ж. басында баспасөз саласын өркендету барысы қазақ зиялылары
М. Әуезов, Н. Құлжанова, М. Дулатов, М. Қазанғапов, А.
Асылбеков, Ш. Тоқжігітов, Т. Рысқұлов, Б. Майлин,
М. Дулатов, Ж. Аймауытовтар және т.б. Еңбекшіл қазақ, Қазақ тілі
газеттері мен Қызыл Қазақстан, Шолпан журналдарына және басқа
мерзімді басылымдарға жарияланған мақалаларында айқын көтерілді [4].
Мерзімді баспасөз тарихы ғалым С.М. Бабинцев пен А. Сексенбайұлының
еңбектерінде қарастырылып, 20-30-жж. қазақ және орыс тілдерінде шығып
тұрған кейбір газеттер мен журналдар туралы құнды мәліметтер келтірді
[5].
Қазақ баспасөз тарихын зерттеу журналистика саласында мықты дамыды.
Алайда бұл зерттеулердің бәрінде қазақ баспасөзінің қалыптасуы мен даму
барысы таптық тұрғыдан қарастырылып, коммунистік идеологияны дәріптеумен
шектелді. Қазақ баспасөзінің тарихын зерттеу 40 жж. соңында Х. Бекхожин
Дала уәлаяты газеті – бірінші қазақ газеті деген тақырыптағы
кандидаттық диссертациясынан бастау алады [6].
50-жылдың басында қазақ баспасөзінің тарихын зерттеуде жаңа серпіліс
пайда болды. 20 жж. жарық көрген кеңестік мерзімді басылымдар тарихын
қарастырған Б. Кенжебаев пен Х. Бекхожиннің ғылыми еңбектері кітап болып
басылып шықса, ғалым С.Н. Имашев Қазақстандағы жергілікті баспасөзді
қалыптастыру мен нығайтудағы коммунистік партияның рөліне қатысты
кандидаттық диссертация қорғап, жариялаған еңбектерінде 1917-1925 жж.
аралығында орыс, қазақ тілдерінде шыққан басылымдардың партияның ұсынған
міндеттерін орындау барысы мен журналист кадрларын даярлаудағы бағыттарын
ашып көрсетпекке талпыныс жасады. Алайда оның зерттеу еңбектерінде
коммунистік партия идеологиясын дәріптеу, кеңестік-партия баспасөз
тарихын марксизм-ленинизм еңбектері мен пленум шешімдеріне сүйене
негіздеу, таптық-партиялық методологиялық көзқарас тұрғысында бағалау
орын алды [7].
Баспасөз тарихын зерттеуші Т. Амандосов Верный қаласында 1918 жылдан
бастап қазақ және орыс тілдеріндегі газеттерді шығарудағы үкіметтің іс-
шараларын нақтылай отырып, онда көтерген мәселелерді талдаса, ал Т.
Қожекеев пен Б. Кенжебаев бірлесе шығарған кітабында 20-30 жж. шыққан
газет-журналдардың қалыптасу барысына тоқталып, әр газет пен журналдарға
қысқаша мазмұндама беріп, баспасөз ісінің теориясы мен тәжірибесінің
түйінді мәселелерін шешуге атсалысты [8].
60-70 жж. Н. Сыздықов, М. Бурабаев, Х. Бекхожин, Т. Амандосов және
т.б. авторлардың ұжымдық еңбектері мен С.Н. Имашев монографиялық
еңбегінде Қазақстанда қалыптасқан мерзімді баспасөз тарихының рөлі
нақтылана көрсетіліп, Кеңес халқын тәрбиелеудегі идеологиялық бағытына
баға берілді [9].
Қазақ баспасөзінің қалыптасу тарихын зерделеуде ғалым Х.Н. Бекхожиннің
монографиясы көп жағдайда жаңашылдығымен ерекшеленді. Автор 1860-1930 жж.
аралығындағы қазақ баспасөзінің пайда болу, қалыптасу, даму жолдарын, әр
кезеңдерде шыққан газет-журналдардың қазақ қоғамындағы алған рөлін
анықтап көрсете отырып, бұл басылымдардың үкіметтің баспа саласының
алдына қойған міндеттері мен нұсқауларын орындаудағы қызметін айқындаған
[10].
Кеңестік баспасөз саласының қалыптасу барысы А.И. Юрко, Е.П. Прохоров,
С.С. Матвиенко, Г.А. Кожевников, В.В. Ученова, Н. Исмаилов, Е.Т. Таиева
және т.б. авторлардың еңбектерінде жан-жақты сараланды [11].
Баспасөзде қазақ мерзімді басылымдарына арналған К. Ақтамбеков,
С. Нығметов, Б. Қорқытов, Т. Қожекеев, А. Сейітовтардың мақалалары
жарық көріп, 20-30 жж. кейбір газет-журналдардың шығуы мен олардың
редакторлары, тілшілері жайында мәліметтер бере отырып, бұл басылымдардың
еңбекші тапты коммунистік рухта тәрбиелеудегі маңыздылығы нақтыланды
[12].
Зерттеуші А. Ыдырысов Қазақстан компартиясының 1926-1932 жж. партия-
кеңес баспасөзін одан әрі дамыту қызмет барысына арналған кандидаттық
диссертация қорғап, Қазақстанда баспасөзді қалыптастырудағы партияның
басшылық рөлі мен үкіметтің қаулы-қарарларын орындаудағы үгіт-насихат
бөлімдерінің қызмет барысын ашып көрсетсе, ал Л.М. Ахметова кандидаттық
диссертациясында Қазақстан баспасөзіндегі әйелдердің рөлі мен оларды
социалистік құрылысқа жұмылдырудағы партияның рөлі айқындаған [13].
80 ж. Х. Бекхожиннің монографиялық еңбегі жарық көріп, автор бұл
еңбегінде 1964 ж. шыққан кітабына толықтырулар енгізіп, қазақ
баспасөзінің хронологиялық жылдарын 1958 жылға дейін созып, қазақ
баспасөзінің қалыптасу тарихына, 1860-1958 жж. аралығында шыққан әрбір
басылымдарға қысқаша тоқтала отырып, Қазақстанның экономикалық, саяси
және мәдени құрылысындағы өзгерістердің орыс және қазақ тілдеріндегі
баспасөзде бейнелену барысын айқындауға тырысты. Алайда бұл еңбектен де
таптық-партиялық идеология ықпалы сезіледі [14].
80-90-жылдары мерзімді басылым беттерінде 20 ж. басында жарық көрген
кейбір басылымдар мен олардың қызметкерлері жайында М. Арғынбаев, Б.
Мұстафин, Т. Смақов, Қ. Ажаров және т.б. мақалалары жарық көрді [15].
1985 жылы С.Н. Имашевтің Свет ленинских идей деп аталған таңдамалы
еңбектерінің жинағы басылып, автор Қазақстандағы коммунистік баспасөздің
қалыптасуы мен даму барысы, республикадағы ең алғашқы газеттер, азамат
және халық шаруашылық, социалистік құрылыс кезеңіндегі баспасөздің жайына
тоқталды. Жалпы, автор баспасөз саласында коммунистік партияның
идеологиясының салтанат құруына көп көңіл бөлген [16].
Ғалымдар Х.Н. Бекхожин, С.Қ. Қозыбаев, С.С. Матвиенколар қазақ
журналистикасының тарихы турасында жазған еңбектерінде 1917 жылдан бастап
Қазақ АКСР-де орыс және қазақ тілдерінде шыға бастаған газет-журналдарға
тоқталған. Бұл еңбекте авторлар мерзімді басылымдардың қандай жағдайда
шығарылғандығы мен оның айдарлар жөнінде мағлұматтар берді [17].
Қазақ баспасөзін зерттеу барысы 90-жылдары өз жалғасын тапты. Ғалымдар
С. Қозыбаев пен Ж. Бекболатов Өмір айнасы атты еңбектерінде
Социалистік Қазақстан газетінің 20-30 жж. қызметі мен онда көтерілген
мәселелер барысын ашып көрсетуге тырысты. Жалпы бұл жұмыс коммунистік
партия идеологиясы әлі үстем еткен кезеңде жазылғандықтан газеттің
ұстанып отырған бағытын партиялық пен идеялық, партияның революциялық
қайта құру саясатын одан әрі жүзеге асыру жолындағы күрес, жолымызға
бөгет болатын кемшіліктерді батыл сынау деп көрсеткен [18].
Еліміздің егемендік алуымен Отандық тарих ғылымының коммунистік
идеологияның ықпалынан арылуы және гуманитарлық, демократиялық қағидалар
мен жалпыазаматтық құндылықтар бағытында дамуы мәселені жаңа көзқараспен
бағалауда кең мүмкіндіктерге жол ашты. Тәуелсіздік жылдары
баспасөз мәселесіне арналған Т. Қожакеев, Қ. Аллаберген, Ж. Нұсқабайұлы,
Ф. Оразайдың еңбектері жарық көріп, ұлттық баспасөз тақырыбын
жаңа мазмұнда игеруге жол ашты [19].
Қазақ баспасөзі тақырыбында іргелі зерттеулер жасап, тың тұжырымдар
қалыптастырған Қ. Атабаев Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі
(1871-1918) атты монографиялық еңбегінде ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен
ХХ ғ. басында шыққан қазақ тіліндегі басылымдардың Қазақстан тарихының
ерекше құнды жазба дерек көзі екендігін дәлелдей отырып, мерзімді
басылымдарға деректанулық талдау жасаудың тәсілдері мен жолдарын ұсынады,
жаңа пайымдаулар жасайды. Ал Деректану деп аталған оқу құралында
мерзімді басылымдар жаңа дерек көздерінің маңызды түрі ретінде
қарастырылып, олардың ерекшеліктері мен маңызы және бүркеншік есімдер
туралы толымды тұжырымдар айтады [20].
Баспасөз тарихы жөнінде 90 жж. соңы мен ХХІ ғ. басында Отан тарихы,
тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістері және филология
ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін Л.Р. Нұрғалиева, З. Сағымбай,
М. Мұқашева, Д. Баялиева, Р. Молдашевалар кандидаттық диссертация
қорғап, зерттеулерінде Қазақстанда шыққан кейбір басылымдардың тіл
ерекшеліктері мен тарихи, әдеби жанрлығын айқындады [21].
Соңғы жылдары Қазақстан баспасөзі саласын (орыс, қазақ аралас)
зерттеп, баспасөз материалдарын ғылыми зерттеуіне арқау еткен ғалымдардың
қатарына тек Д.А. Махаттың докторлық диссертациясы мен осы жұмыстың
негізінде шыққан монографиялық еңбегін атауымызға болады. Ғалым бұл
жұмысын 1925 жылдан, яғни Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшылығына
Ф.И. Голощекиннің келуінен, жікшілдік пен
ұлтшылдыққа қарсы күрес барысы өрши түскен тұстағы баспасөзден бастап,
50-жылдардағы қазақ және орыс тілді баспасөздерде көтерілген тарихи
оқиғаларды қамтуға талпынған. Жұмыс барысында қазақстандық мерзімді
басылымдардың коммунистік партияның идеологиялық үгіт-насихат қаруына
айналдырылуы және қоғамдық-саяси өмірдің барлық салаларына коммунистік
партия мен Сталиннің шексіз билігін орнықтыру мәселесін мол құжаттар
негізіне сүйене отырып ашқан [22].
Қазақ мерзімді баспасөзі тарихын зерттеуде және оның деректік негізін
айқындауда мұрағаттық құжаттар, жарияланған құжаттар мен материалдар
жинағы, библиографиялық көрсеткіштермен ең бастысы қазақ тіліндегі
мерзімді баспасөз материалдары дерек ретінде айналымға тартылды.
Мұрағаттық құжаттарды жинастыру ісі Қазақстандағы, Ресейдегі
мұрағаттарда жүргізілді. Зерттеу жұмысына мынадай мұрағаттың: Қазақстан
Республикасының Президент мұрағаты, Қазақстан Республикасының Орталық
Мемлекеттік мұрағаты, Ресей Федерациясының Орынбор облыстық Жаңа Тарихи
Құжаттар Орталығы мұрағаты құжаттары дерек ретінде тартылды. Осы аталған
мұрағаттарда сақталған Қазақ автономиясы құрылған жылдардан кейінгі
қазақ ұлттық баспасөзнің қалыптасу тарихы мен дамуына қатысты, сондай-ақ,
20-30 жж. саяси-экономикалық жағдайына қатысты құжаттық деректер талдау
нысанына айналды.
ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстан баспасөзінің қалыптасуы мен даму тарихына
байланысты бар құжаттардың бірқатары осы күнге дейін Ресей мен
Қазақстанның баспаларынан шыққан құжаттар мен материалдар жинағында
жарияланды. Оларды баспасөз ісіне қатысты партия съездерінде,
конференциялары мен пленумдарда қабылданған қаулы-қарарлар мен нұсқаулар,
стенографиялық есептер, Алаш қозғалысын сипаттайтын құжаттар мен
материалдар жинағы құрайды.
Қазақстанда газет, журналдардың шыққан мерзімін нақтылауда 1941 ж.
шыққан Қазақ ССР баспасөздерінің библиографиялық көрсеткіштері (1917-
1939), 1963 жылы шыққан Қазақ ССР-нің мерзімді баспасөз шығармаларының
летописі (1917-1959) және Қазақ ССР газеттері (1917-1975) деп аталатын
жинақталған көрсеткішке сүйендік.
20-30 жж. саяси оқиғалар мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларды
айқындауда қазақ тіліндегі Ақ жол, Қосшы, Жаңа өріс, Еңбекшіл
қазақ, Қызыл Қазақстан, Лениншіл жас, Жас қайрат, Өртең,
Жарлық, Сәуле, Жетісу әйелі, Пионер, Таң, Теңдік, Халық
мұғалімі, Жаңа мектеп, Хабар, Әйел теңдігі, Ана мен бала, Ауыл
тілі, Жыл құсы, Жұмысшы, Әдебиет және искусство, Жаңа әдебиет,
Жаршы, Қызыл әскер, Денсаулық жолы, Октябрь балалары және т.б.
газет-журнал материалдары негізгі дерек көзі болып табылады.
Зерттеу жұмысының дерек көздерін қарастырып, талдау жасау қазақ
тіліндегі баспасөздің тарихын тереңдете әрі жан-жақты зерттеп, зерделеуге
және жаңа деректер мен құжаттарды іздестіру жұмыстарын үздіксіз
жүргізілгендігін, белгілі болған деректердің өзін сын көзбен, өзара
салыстырып қолданудың маңыздылығын көрсетеді.
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы ұлттық баспасөздің шығу тарихы
деп аталатын екінші тарауда қазақ баспасөзі шығуының алғышарттар мен
ресми билік арасындағы қарым-қатынас барысы, ұлттық басылымдардың
дамуындағы ерекшеліктері жан-жақты қарастырылады.
XX ғ. 20 жж. бұқаралық ақпарат құралдары болған қазақ тілінде газет-
журналдар шығару ісі қолға алыну барысы мен баспасөз саласын нығайтудағы
үкімет пен партияның қаулылары мен шешімдері, нұсқаулары, қазақ тіліндегі
басылымдардың мазмұны, алғашқы редакторлары мен олардың мерзімді
басылымдарды дамытудағы әрекеттері, үкімет пен партияның баспасөз
ісіндегі идеологиясы айқындалады.
1917 ж. Ақпан төңкерісіне дейін және кейін Қазақстанда шығып тұрған
газеттерді кеңес өкіметі тұсында большевиктік баспасөз басты. Бұған 1917
ж. 28 желтоқсанында В.И. Лениннің қол қоюымен қабылданған баспасөз
бостандығы турасындағы декреті себеп болды. 1919 ж. 21 мамырда БОАК-нің
бекітуімен Мемлекеттік Баспа құрылып, оның қарамағына кеңестік, партиялық
және кооперативтік баспалар біріктірілді. Республикада алғашқы газет
шығару ісі 1919 ж. 2 тамызында Бөкей ордасында болған коммунист қазақтар
мен татарлардың мәжілісінен кейін қадам жасалып, Қырғыз облыстық Орталық
комитеті өзінің органы ретінде қазақ тілінде Қызыл дала газетін
шығаруды ұсынды. Алайда бұл ұсыныс бекітілмегендіктен жүзеге аспай қалды
(23, 57-б.(.
1919 ж. 17 желтоқсанда Орынборда революциялық комитеттің органы
ретінде Ұшқын газеті шығарылып, 1920 ж. 1 қарашадағы БОАК Президиумының
мәжілісінің шешіміне орай РК(б)П облыстық бюросының және Қазақ ОАК-нің
органы ретінде 13 қарашадан бастап қайтадан Еңбек туы деген атпен жарық
көрді. 1919 ж. соңы – 1920 ж. басында қазақ баспасөзінің қатары бірнеше
газеттермен толықты. Семейде Қазақ тілі, Оралда Қызыл ту, Верныйда
Көмек және Ұшқын сияқты газеттер басылып шықты.
Қазақстандағы баспасөз ісі В.И. Лениннің 1920 ж. 4 маусымында
В.В. Воровскийге жолдаған хатынан кейін қолға алынды. Осы
жылдың 3 қарашасында Қазревкомның Баспа ісі
редакциялық алқасының ҚАКСР-ның Мемлекеттік Баспасөз жағдайы атты
бұйрығы қабылданып, республиканың ОАК-нің жанынан Қырғыз (Қазақ)
Мемлекеттік Баспасы (Қазмембаспа) құрылып, республика көлемінде шығатын
барлық газеттерді қадағалауды басты міндетіне алды.
Қазақ ұлттық баспасөзін жандандыру ісі 1921 ж. 4 сәуірдегі РК(б)П ОК-
нің Жергілікті газет бағдарламасы атты қарарынан және 11-18 маусымда
болған РК(б)П Қазақстан облыстық бірінші конференциясынан кейін күшейді.
1920 ж. 7 желтоқсанынан Ташкентте бұрыңғы Жаңа өріс газетінің орнына
Түркістан Республикасының АК-ті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz