Абайдың педагогикалық ой пікірлері



І. Кіріспе

Негізгі бөлім

ІІ 1. Абай. қазақ халқының ұлы ақыны.
2. Абай оқыту ісіндегі педагогикалық ой пікірлері

ІІІ Қорытынды.
Абай – қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы, сонымен бірге ұлы ойшыл.
Абай дүниетануда материалистік тұрғыда болды.Абай түсінігінде , табиғат біздің санамыздан тыс және бізге бағынышсыз өмір сүреді.Біздің сеніміміз қабылдауымыз және ойлауымыз айналадағы ақиқат , шындық өмірдің сәудесі ғана .Адам баласы « көзімен көріп, қолымен ұстап, құлақпен естіп,тілімен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады» - дейді Абай.
Абайдың дүниенің дамуына көзқарасы , әлі кешеніне келіп жетпеген болса да, диалектикалық еді: ол табиғат құбылыстарын бір-бірімен өзара байланыста , үнемі өзгерісте , дамуда алып қарастырады.
Абай қазақ халқы дамуындағы прогрестің халық ағарту ісін кеңінен өрістеуге байланысты екендігін өте дұрыс түсінді.
Ол қазақ халқының саяси-экономикалық және мәдени артта қалушылығы –оның феодалдық –патриархалдық қатынасынан , рулық талас-тартыстарны орын алған көшпелі тұрмысынан туып отырған бытыраңқылығының салдары екендігін жақсы білді.Алайда, Абайдың қоғамдық саяси көзқарасының белгілі дәрежеде сол өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық қатынастарымен көзқарастарының дәрежесінен шыға алмаған кездері де болды, яғни белгілі дәрежеде тарихи шектеуліктен де құр алақан болмады.Ол тарихты идеолистік тұрғыдан түсінушіліктен арыла алмады, сөйтіп, қоғамды өзгертуде халық ағарту ісінің рөлін асыра бағалады.Ол кездегі әлі шешу Россия шындығында , әсіресе әлдеқайда мешеу феодалдық-патриархалдың Қазақстан жағдайында , Абай елді ревалюциялық жолмен қайта құруға болатын қоғамдық күшті таныи алмады.Ол қазақ ауылындағы тап тартысын көрді, бірақ сол күрестің мәнін дұрыс түсінбеді және одан дұрыс ревалюциялық қорытындылар шығара алмады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Әбдиева И. Зфк-06-3к.

Абайдың педагогикалық ой пікірлері.

Жоспары

І. Кіріспе

Негізгі бөлім

ІІ 1. Абай- қазақ халқының ұлы ақыны.
2. Абай оқыту ісіндегі педагогикалық ой пікірлері

ІІІ Қорытынды.

Абай – қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы, сонымен
бірге ұлы ойшыл.
Абай дүниетануда материалистік тұрғыда болды.Абай түсінігінде ,
табиғат біздің санамыздан тыс және бізге бағынышсыз өмір сүреді.Біздің
сеніміміз қабылдауымыз және ойлауымыз айналадағы ақиқат , шындық өмірдің
сәудесі ғана .Адам баласы көзімен көріп, қолымен ұстап, құлақпен
естіп,тілімен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады - дейді
Абай.
Абайдың дүниенің дамуына көзқарасы , әлі кешеніне келіп жетпеген болса да,
диалектикалық еді: ол табиғат құбылыстарын бір-бірімен өзара байланыста ,
үнемі өзгерісте , дамуда алып қарастырады.
Абай қазақ халқы дамуындағы прогрестің халық ағарту ісін кеңінен
өрістеуге байланысты екендігін өте дұрыс түсінді.
Ол қазақ халқының саяси-экономикалық және мәдени артта қалушылығы
–оның феодалдық –патриархалдық қатынасынан , рулық талас-тартыстарны орын
алған көшпелі тұрмысынан туып отырған бытыраңқылығының салдары екендігін
жақсы білді.Алайда, Абайдың қоғамдық саяси көзқарасының белгілі дәрежеде
сол өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық қатынастарымен көзқарастарының
дәрежесінен шыға алмаған кездері де болды, яғни белгілі дәрежеде тарихи
шектеуліктен де құр алақан болмады.Ол тарихты идеолистік тұрғыдан
түсінушіліктен арыла алмады, сөйтіп, қоғамды өзгертуде халық ағарту ісінің
рөлін асыра бағалады.Ол кездегі әлі шешу Россия шындығында , әсіресе
әлдеқайда мешеу феодалдық-патриархалдың Қазақстан жағдайында , Абай елді
ревалюциялық жолмен қайта құруға болатын қоғамдық күшті таныи алмады.Ол
қазақ ауылындағы тап тартысын көрді, бірақ сол күрестің мәнін дұрыс
түсінбеді және одан дұрыс ревалюциялық қорытындылар шығара алмады.
Өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының көрнекті
ағартушысы Абай өз халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінепшелейді.
Тек өзінің қарын-қамын , яғни тән қажеттігін өтеуді ғана ойлап, рухани
қажеттілігін өтеуді ғана ойлап, рухани қажеттілігін ойламайтындарға ,
еңбексіз мал табудың жолына түсушілерге , біреуді алдап, біреуді арбап күн
көрушілерге , өзінің жағымпаздығы мен ұлының алдында көзге түсіп қалуға
тырысушыларға қарсы болды.
Ата-ананың надандығымен қараңғылығын айта келіп Абай солардың өз
баласына дұрыс тәрбие беруіне іші жанады.Ол осындай ата-аналарды : бір
бала туғызып, оны да ит қылуға , оған да қорлық көрсетуге мұнша неге құмар
бодың? -деп сөгеді.Жақсы баланы сендей әке, сенің еліңдей ел асырап
өсірген не екен? Жоқ , баланы өзің жақсы асырай білесің бе? Білмейсің.
өз еүнәңді өзің көтергеніңмен тұрмай баланың күнәсіне тағыда ортақ боласың
, осы ма берген тәлімің ? Осы баладан қайыр күтесің бе? –дейді ақын .
Қайыршылықпен , теңсіздіктен және надандықтан құтылу үшін АБай өз
халқын біліммен қарулануға, алдыңғы қатарлы халықтардың мәдениетін
кабылдап, балаларын сол мәдениетке үйретуге шақырды: Біз ғылымді сатып ,
май іздемек емеспіз, өнер де өзі де мал өнерді, үйренбей өзі де ихсан.Өз
шығармаларының басым көпшілігінді-плэзиясында да, ғаклия сөздерінде да Абай
қазақ халқын білімге , мәдениетке шақырды. Жан құмары дүниеде немене
екен?- дейді де, білмекке құмарлық , деп жауап береді.
Халық ағарту ісін оның материалдық тұрмыс жағдайын жақсартумен
байланыстыра отырып, Абай біздің көз алдымызға халықтың рухани
ұажеттіліктерін бөліп қарайтын қимыл утопист ретінде емес, материалист
ретінде көрініп отырды.
Абай өзінің 40 жасқа келгенде (1885) жазған Жасымда ғылым бар деп
ескермедімдейтін өлеңінде жас кезінде ғылымның пайдасын көре тұра
ескермей, ал ер жеткен соң ғылым қолына түспей, мезгілімнен кешігіп
қалғандықтан өкініш білдіреді.
Тек орыс тілін оқып үйренгеннен кейін ғана , орыстың жер аударылып
келген прогресшіл пікірдегі адамдармен танысып, солардыңі көшпеді арқасында
классикалық көркем әдебиетті , жаратылыстық-ғылыми , тарихи-
философиялық т.б. прогресшіл – демократиялық әдебиеттерді орыс тілінде
оқиды.Сөйтіп, қоғамдық өмірден алған жеткілікті тәжірибиесіның арқасында
Абай нағыз ғылым орыс халқына екенін, сондықтан да оның озат мәдениетіне
көшіп, балаларды орыс мектептерінде орысша оқыту керек деген қорытындыға
келеді.
Ол орысша тек өзі ғана оқып қойған жоқ, сонымен бірге өзінің балаларын
да орысша оқуға бергенді және оларда шен алсын , шекпен кисін деп берген
жоқ, ақиқат өмірді танысын, қараңғылықтан көздері ашылсын, ғылыми білім
алсын деп берді.Оның Мағауия дейтін ұлы мен Күлбаладан деген қызы
Семейдегі орыс мектебінде , ал үлкен ұлы Әбдірахман Петербургтегі
Михайловск артилериясы училищесінде оқыды.
Абай қазақ балаларының интернатты мектептерде оқып жүргеніне қатты
қуанды. Интернатта оқып жүр (1886)деген өлеңінде қазақ баласының
шариғатқа емес, ғылымға , орыс жазуына үйрететін мектептерде оқып
жүргендеріне қуана отырып , олардың ата-аналарының өз балаларын мәдениетке
үйренсін демей, шен алсын, шекпен кисін дейтін тілектерін де білдіретін.
Ата-аналарының тілегін орындау үшін балалар арыз жазуға тезірек үйренуге ,
тілмш , адвокат болуға асығатындығын , Салтыков-Щадрин мен Толстой олардың
ойына кіріп –шықпайтындығын Абай қатты қынжыланды.Ол балалардың ғылымға
деген талабын , құштарлықтарын туғызу керек екендігін, онсыз ешбір білім
алуға болмайтындығын атап көрсетеді.Жастардан пайда табу үшін емес , ар
үшін, терең білім алу үшін тырысуды талап етеді.
Шын білім кітапта, оны оқып үйрен, әскери шенге қызықпа, жаныңның
оты сөнбеген десең, уездік начальникке жағынуға тырыспа, ғылымның жолы
қиын, сонда да өзіңнің адал еңбектеріңмен оқып білім ал, адал бол, әділетті
жақта деп үйретеді Абай.
Мектептің жалпы біреудегі маңызын ескере отырып , Абай жас буынға
мектепте жүйелі білім беру қажеттігін мойындайды.Ол тәрбие мен білім
берудің жас буынды адам етіп қалыптастыруда шешуші роль атқаратындығын
жақсы түсінді.Ол туралы , Егер мен заң қуаты қолымда болса, адам мінезін
түзетуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім. , - деп жазды .
Абай оқыту ісіндегі саясластикалық әдісіне , құрған жаттауға қарсы
болды. Ол сапалы білім беруді қуаттады. Таяқ тәртібінің болуын жақтады.
Ғылымға шын құмартып, аңсау білім алуға ең қажетті шарттың бірі деп
санады. Білсемекен, көрсем екен , үйренсем екен деген – мұның бәрі жан
құмары.
Дүниенің көрінген әлі көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса,
адамдықтың орны болмайды.Оны білмеген соң,ол жан адамдықтың орны
болмайды.Оны білмеген соң , адал жаны болмайды хайуан жаны болады!-дейді
Абай.
Оқыту жұмысы нәтижелі әрі пайдалы болуы үшін Абай, орыстың ұлы
педагогы Е.Д.Ушинский айтқандай , балаларды әуелі ана тілінде оқытуды ,
оларға шын ғылыми білімдер беруді , содан кейін барып шетел тілдерінде
мәселен араб , парсы тілдерінде ,үйретуге көшуді ұсынды.
Әуелі білім –ғылым табылса, ондай – мұндай іске жарытар едім - деп
, дүниенің бір қызықты көрінісіне керек болар еді деп іздемеске керек.
Абай ғылымды үйренуісіне тек пайда көздеп қарауға қарсы болды.Ол
балаларға әуелі олардың ақыл-ойын , дүниетанымы мен мәдениетін дамытармын
жалпы білімдер беру қажет деп есептеді.
Абай оқыту процесінде ақыл-ойды дщамыту керек екендігін , онсыз білім
алуға болмайтындығын өте дұрыс көрсетеді.Ойлаумен қимылдауды дамыту
айналадағы дүниені, құбылыстарды терең танып білуге мүмкіндік
береді.Ақылды адам заттар мен құбылыстардың сырын ашып, одан дұрыс ой
қорытындыларын жасай алады.
Білім алуға ең зиянды нәрсенің бірі-салақтық, тойымсыздық , лнымен
аяусыз күрес жүргізу керек. Бұл салықтың адамды жалқауландыра береді,
көздеген мақсатына жету үшін барлық күш – жігерін топтастырмайды. Сондықтан
адам өзінің білім сақтайтын сауатты болып табылатынын өзі еркін мықты,
берік мінезді адам ғана білім алу жолында зор табысқа жете алады. Білім
оңайлықпен қолға түспейді, тек төзімді еңбек ету арқылы білім алуға
болады.
Ұлы ағартушы өз айналасын қоршаған әділетсіздік, өтірік, өсек пен арздық,
надандық пен мәдениетсіздік қазақ халқын аздырып бара жатқанын үміт, артып
отырған жас ұрпақты тәрбиелеуге теріс ыөпалын тигізетіндігін көре отырып ,
халықты , әсіресе жастарды дамгершілікке тәрбиелеуді ашық ұсынды.Бұл идея
оның тіпті кез келген шығармасында байқалып отыыр деуге болады.
Ол жастардың еңбексіз жүруін, жаманшылыққа бой ұратындығына қарсы
болды.1886 жылғы бір өлеңінде ол:
Қартайдың , қайғы ойладың , ұлғайды арман,
шынымен кейінгі жас балаларадан
терін сатпай , теміреп көзін сатып,
Теп-тегін жұрттың бәрі болды аларман

деп , өз кезіндегі жастардың осындай жағымсыз мінездерін қатаңсынуға алады
.
Абай уақытын еңбексіз бос өткізетіндерді, еріншектерді ,
өсекшілерді , адамгершілік қасиетке ұмтылмайтындарды мейлінше жек көрді:
Осындай сыйдың жігіт елде шол-ақ . Бәрі де шаруаға келері анық
Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп, Бар өнері-қу борбай, сымпыс шолақ-
дейді Абай.
Надан адамды Абай ақылсыз, біреудің ақылымен, айтқанымен жүретін
ойсыз , бейшара адам деп таниды.
Адам нағыз пайдалы еңбек деп әр түрлі қолөнерін, егеншілікті және
білім алуды , оқуды есептейді. Міне, жастар осындай істермен шұғылдансын
дейді.
Абай жастарды тәрбиелеудің әр түрлі жорлдарын, ең алдымен семьяда ,
мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді ұсынады.Балалардың дүниеге көз
қарасын және мінезін қадыптастыруды семьяның ролі аса зор екендігін ескере
отырып, Абай балаларды тәрбиелеу үшін ата-аналардың өздері тәрбиеленген
болуы керек екендігін ескертті.
Жастарды тәрбиелеуде Абай әдебиетінің әсіресе поэзияның ролі күшті деп
көрсетті.
Арманы- ұлы орыс халқы мен қазақ халқының арасындағы достық
қатынасты күшейту, қазақ жастарын орыс тіліне , орыс мәдениетін үйрету,
жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу болған ұлы ағартушы ақынның бұл
сөздеріннің маңызы бүгінгі біздің заманымызда да айрықша зор.

Битемирова Ш. Зфк-06-3к.

Я.А Коменскийдің өмірі және педагогикалық қызметі.

Жоспары

Кіріспе
Негізгі бөлім

1. Я.А . Каменскийдің өмірі туралы мәлімет
2.Педагогикалық қызметіндегі тәрбиелік мәні.
3. Коменскийдің педагогикалық теориясының маңызы
Қорытынды

16 ғасыр мен 17 ғасырдың аралығындағы жаңа педагогиканың негізін
қалаушы, ұлы Славян педагогы Ян Амос Каменский 1592 жылы 28 мартта туылды.
Бұл кезде 15 ғасырдың бас кезінде болған аса зор ұлт-азаттық қозғалысының
әсері әлі де бар еді.
Соның ықпалымен шаруалар мен қол өнершілердің қалың бұхарасы
демократияның көз қарастарындағы адамдардан гетық немесе багемалық
туыстар атты қауымдары құруы , Коменскийдің әкесі осы қауымның мүшесі еді,
ол өзі кейінірек сол қауысның уөсемі болды.Лауазымның көмегімен ол латын
мектебін кейіннен университетін, бітірді.
Мұнан соң священник болып сайланады, сонымен бірге қауымның
туыстық мектебін басқарады.1670 жылы Чех басқарушыларымен күресте
жеңіліске ұшырауына байланысты ұлы педагогтың отаны өзінің дкербестігін
жойды.Ең үлкен күйзеліске кезікті. Коменскийдің қымбат бағалы кітапханасы
мен қолжазбалары отқа жағылады және барлық семьясынан айырылады.
Отанынан айырылған қауым мүшелері Польшаға келіп паналады. Коменский
мұнда да өзінің педагогикалық қызметін тоқтатқан емес тұрмыстық мектепті
басқаруды, қаржылы түрде ғылыми –педагогикалық жұмыс жүргізді.Ол 1673 жылы
Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі деген оқулығын жазып
шығарады.Білім беру тарихындағы тұңғыш оқулық жедел 15 елдің тіліне
аударылып, мектептерге кеңінен тарады.Келесі жылы коменскийдің есімін дүние
жүзіне танытқан Ұлы дидиактика еңбегіжазылып бітті.
Ұлы дидактика еңбегі жазылып бітті.Бұл еңбек педагогикалық
жүйені толық және дәлелді түрде баяндаған шығарма болады.
Бұл еңбекте ақыл ой адамгершілік тәрбиесінің мәселелері сондай-ақ ұлы
педагог ұсынған жаңа мектепті ұйымдастыру мәселелері зерттелді.
Осы еңбектерімен атақты ғылым және педагог ретінде әійгілі болған
Каменский 1641жыл мен 1654 жылдың аралығында әдейі шақырумен Англияда ,
Шведцияда және Венгрияда болып, мектеп реформаларын әзірлеу ісіне оқулықтар
және оқыту методикасын жасаумен айналысты.1640 жылы ол шетелден келіп Чех
туыстық қауымның басшысы болып сайланды.
Осы жылдары оның әлемді суреттеп бейнелеу оқулығы жақсы
ұйымдастарған мектептің заңдары және жастар ережелері деге
педагогикалық шығармалары аяқталды.
Әлемді суреттеп бейнелеу оқулығы жақсы ұйысдастырған мектептің
заңдары және жастарға арналған мінез құлық шығармалар аяқталды.
1656 жылы швед-поляк соғасы кезінде Чех туыстығының ең ақырғы
панамасы Анико қаласы өртенді. Өсірінің соңғы жылдарын ұлы педагог
Амстордан да өткізді, оның Ұлы дидактикасы 1657 жылы осында
бастырылады.
Каменский 1670жылы Амстердамға таяу жердегі Нарденде қайтыс болады. Орта
ғасыр мен жаңа дәуірдің феодалдық және капиталистік формацияларының
аралығында өмір сүрген Коменскийдің көзқарасы сол дәуірдің ерекшеліктері
мен қайшылықтарына байланысты қалыптасты.
Коменский шығармалары әсіресе оның дидактикасына 16-17 ғасырдағы
жаңа философияның әсіресе ағылшын материализімнің бастаушы Бәнон (1561-
1670) фмлософиясының әсері болды.
Коменский өз заманындағы білім беру жүйесіне, мектеп құрылысына
мектептің жаңа түрі жөніндегі идеяны қарсы қойды. Ұлы дидактиканың
негізгі тарауларында Коменский реалистік позицияда екендігін, педагогикалық
маңызды мәселелерін өмір төсегіне өз қоғамының демографиялық топтарының
мұқтажына бағындыратынын көрсетті.Ол өмірге пайдалы, іске қажетті
білімдерді оқытуды талап етті.Сондықтан мектептің мақсаты ақылды
адамдарды тәрбиелеу.Бұл мақсатқа жетудің бірден бір жолы, деді. Каменский-
жас жеткіншектерге . тәрбие және білім беру.
Оның ойынша адам тек тәрбие арқылы ғана адам болады. Каменский
тәрбиенің ықпал ету күшін осылай көре білді.Осы талап оның бүкіл
педагогикалық іліміне енді және мұны ол тәрбие мен оқытудың принциптері
ретіндесанады. Кейіннен Коменский анықтаған бұл идея педагогикада
табиғатқа сәйкестік принципі деп аталды.
Каменский адам өзінің жетілуіне талапты табиғатқа қатысты заңдарға
тәуелді деп есептеді осыған сәйкес құрылған тәрбиенің білімінің және
оқытудың жалпы принциптерін іздестірді.
Табиғатқа смәйкестіу принципі оқудағы ахеластикалық мен
догматизмге қарсы күресте мәнді болды.Ол құрғақ таттау мен догмтизмге қарсы
күресте мәнді болды.
Оның ойынша адам ақылымен шыңдалатын шеберхана яиқты орны – мектеп.
Мектеп барлық адамды барлық нәрсеге үйрететін адамгершіліктің
шеберханасы.
Каменскийдің ойынша мектеп оқушылардың адамгершілігін , ақылын
тәрбиелеудегі білім мен оқытудыы ұйымдастыратын орталық.
1. Баланың туғанан 6 жасқа дейінгі кезеңдерде әр үйде Ана мектебі
2. 6-дан 12 жасқа дейінгі балалар үшін әрбір қауымда ана тілі мектебі
3. 12-ден 18 жасқа дейін әрбір қалада латын мектебі.
4. 18-ден 24 жастағы жастар үшін әрбір мектеп академия болу керек еді.
Көрсетілген әр сатыдығы оқу бір-бірімен байланысты болды.Сөйтіп, Каменский
17-ғасырдың өзінде бір текті мектеп жүйесі жөнінде демократиялық принцип
ұсынду.
Каменский сол кездегі мектептерде латын тіліндегі оқу ұстасам болып
тұрған кезде бастауыш мектептің ана тілінде болуын талап етті.Бұл
мәселеде өмірге қажетті бастапқы білім тек ана тілі арқылы ғана
беріледі.Тек осылай ғана балалардың ақыл ойын обаләзір дамыту міндетіне
әкелісті шешуге болады деген негізгі қорытындыға сүйенді.
Каменский мектеп білімінің мазмұны мен көлемін де жаңа бағытта
шекті.Мектеп оқуында тек ескі тілдерге үйрету, сыңар жақты форнеалистік
граматика мен риторикаға негізделген класицизм кең тараған дәуірде ол әр
сапалы жөн-жоқты білім беруге шақырады.
Ұлы педагог жалпы білім негіздерімен қадағалау керектігін ескертті.
Оның ойынша қай тіл, қай ғылым мен өнер болса да әуелі қарапайым
әлеуметтерден бастап оқытылуы керек делінді.
Каменский мектеп тәрбиесі жөнінен жаңа пікірлер айтты.Оның үлке еңбег
сонда, ол орта ғасырлық мектептің жазалау тәртібіне қарсы болды.
Мұғалімнің балаға әсер ету күшіне ешбірі тең келе алмайды деген
пікірдіайта келіп . Оларға тамаша қызмет тапсырылған күн астында одан
жоғары еш нәрсе болмақ емес- дейжі .
Каменский батыл түрде педагогикаға жаңа бағыт жаңа жол сала білді,
сондықтан да ол тәрбиенің Галилейі деген әділ атаққа ие болды.
Жаңа ғылым мен философияның ізімен жүре отырып ол алғашқы рет дидактиканың
жүйесін құрды.Оған зор мәні бар тың идеялар енгізді.
Каменскийдің еңбектерін орыстың алдыңғы қатарлы өкілдері педагогика
ғылымына қосылған асыл қазына ретінде қабылдады.
Қазақтың тұңғыш демограф педагогы Ы.Алтынсарин де және оның
замандастары болған басқа халықтардың прогресшіл педагогтары да өз
еңбектерінде Каменскийдің идеяларын насихаттаап отырды.
Бірақ орташа ғасырлық дәстүрлердің ұзақ уақыт тәрбие мектеп өміріне
кең түрдзе қатаң үстемдік құруына байланысты.
Каменскийдің жаңашыд педагогикалық идеялары мектеп тәжірибиесіне үлкен
үлес қосты.

Қанаева Р. Зфк-06-3к.

Тәрбие және мектептің пайда болуы, құлдық қоғамдағы педагогокалық ойлар

Жоспар:
І Кіріспе

а) Алғашқы қоғамдағы тәрбие

ІІ Негізгі бөлім.

1) Құлдық қоғамдағы тәрбие және алғашқы мектептер
2) 4-5 ғасырлардағы Афиныда ғылым мен мәдениеттің дамуы
3) Ертедегі грек ғылымдары мен философтары Платон мен Аристотельдің
еңбектері
4)Көрнекті ежелгі Рим педагогы Марк Фабий Квинтонның еңбегі.

ІІІ Қорытынды.

а) Тәрбие – адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс, адамдардың
саналы әрекеті.Ол алғашқы қоғамдағы еңбек пен материалдық өмір процесінде
пайда болды.Қлғам дамуының алғашқы басқашы – рулық қоғамға дейін адамдар
табиғаттың дайын заттарымен қанағаттандщы , аң аулаумен шұғылданды.Адам
қоғамының , адамның өзінің дамуында еңбектің әсері өте зор бооды.Ф.Энгельс
Мавймылдың адамға айналуына еңбекітің ролі атты еңбегінде адамның өзін
жасаған еңбек екенін дәлелдеді.Ол еңбек процесі еңбек құралын жасаудан
басталады деп түсіндірген. Қарапайым еңбек құралдарын жасау, оны
пайдалануды меңгеру ересек адамдар тарапынан жастарды үйретуді, яғни
тәрбиелеуді қажет етеді.
Еңбек проуесінде , ересектермен күнделікті қарым-қатынас жасауда
балалар өмірге қажетті дағдыларымен еңбек әрекеттерін меңгерді, халықтың
әдет-ғұрпымен танысты,алғашқы қлғамдағы адамдардың өміріндегі салт-сананы
сақтауға үйренді.
Алғашқы қауым тапсыз болды,соғңан сәйкес тәрбие де барлық
адамдарға ортақ, бірдей болды.Алғашқы қоғамның дамуының белгілі сатысында
тек ер бала мен қыз балаларға берілетін тәрбие ғана кейбір айырмашылықтар
кездесті.Ер балалар ер азаматтармен бірге қару-жарақ жасауға, аң , балық
аулауға қатысты, ал қыз балалар әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге, киім
тігуге араласты,
Алғашқы қоғам дамуның белгілі сатысында мал бағу, егін салу ,
қол өнере пайда болды.Өндіріс күштердің дамуымен және адамдардың еңбек ету
тәжірибиесінің кеңеюімен қатар, тәрбие де күрделене түсті,ол жан-жақты және
жоспарлыіске айналды.
Рулық қоғамда балалар мал бағуға, егін егуге, қол өнеріне
үйретілді. Осыған сәйкес тәрбиені ұйысдастыру қажет болды.Балаларды
тәрбиелеу ең тәжірибиелі адамдарға жүктелді.Ертегі, ойын және өлең ол
дәуірдегі мінез-құлық тәрбиесінің құралына айналды.Әскери тәрбиенің алғашқы
элементтері , садақ ату, найзаласу, салт атқа міну б.т шыға басталды.
Тәрбиенің ең тәжірибиелі адамдарға жүктеу, оның мазмұнының кеңеюі-
рулық қоғамда тәрбиенің қоғамдық еңбектің бір саласына айнала бастағандығын
көрсетеді.
1.Адам қоғамы дамуының белгілі сатысында алғашқы қоғам орнына
құлдық қоғам пайда болды.Солтүстік Африкада Египеттен бастап Оңтүстік
Азияда Қытайға дейінгі ертедегі Шығыс жерінде бірнеше құл иеленуші
мемлекеттер пайда болып, ертедегі мәдениет дамыды .Қытай, Индия , Египет
Кіші Азия жерінде алғашқы мектептер құрылып , онда үстем таптың балалар
тәрбиеленді.
Қолдан суарып егін егумен шұғылданған жергілікті халық өзендері суы
тасыитын мезгілдерін дұрыс пайдалануға тырысты.Жыл мезгілдерді санау
арқылы алдын-ала болжау, су бөгетерін салу , әр түрлі ғылымдардың
(астраномия. Геометрия, армфсетмка, медицина) дамуына себеп болды.Діни
мектептермен қатар кітап көшірушілер даярлайтын мектептерде пайда бола
бастады.Сол дәуірде сақталған кейбір қол жазбаларда тәрбиенің мақсаты ,
оған қойылатын талап туралы ғылым, балалардың мінез-құлқы жөнінде құнды
пікірлер айтылған.
Осы ежелгі шығыс мәдениеті ежелгі греция және рим мәдениетіне
тікелей әсерін тигізді. Ежелгі Греция бірнеше құл иеленуші мемлекеттен
құралды.
Спартада құлдарды қатал қанауға негізделген егін шаруашылығымен кәсіп
етті. Сондықтан бұл елге құлдардың көтерілісін қатау күшпен басатын әскери
шыңдалған құл иеленушілер даярлауға көп көңіл бөлінді.Спартада үстем тап
балаларына әскери тәрбие берілді. Құл иеленушілердің балалары 7-18 жасқа
дейін мемлекеттік тәрбие мекемелерінде тәрбиеленді.Бұл мекемелерде дене
тәрбиесіне ерекше мән берілді.Балалардың дене шынықтыру, аштыққа, суыққа ,
шөлге , қиындыққа шыдамды етіп жаттықтыру, әскери жаттығуларға
үйретілді.Әскери ойындар ұйымдастырылды, муызка, ән айту және діни билер
үйретілді. Мұнда оқуға және жазуға үйретуге өте аз көңіл бөлінді. Спартада
тәрбиесінің мақсаты қатаң тәртіпке және құлдарға деген қайырымсыздыққа
тәриелек болып табылады.
Моральдық және саяси тәрбие беру мақсатымен ерлік және қажырлылық
жөнінде арнаулы әңгімелер жүргізілді.Балалар анық және қысқа сөйлетуге
үйретілді. 18-20 жастағы жігіттер әскери қызметке алынды. Қыз балаларға да
әскери және дене тәрбиесін беруге көп көңіл бөлінді.
2. Афиныда б.з.д. жыл санауысызға дейінгі 4-5 ғасырларда ғылым
және мәдениет едәуәр дамыды. Әсіресе жаратылыс, математика, тарих
скульптура, құрылыс өнері өркендеді. Бұл Афиныдың ертедегі шығыс елдерімен
тығыз сауда жасауына байланысты болыды. Афиныда дене тәрбиесімен қатар
басқа тәрбие түрлеріне де көп көңіл бөлінді.Құл иеленушілердің балаларына
жан-жақты тәрбие берілу керек деп есептелінді.
Құл иеленушілердің жеті дасқа толған ер балалары мектепке оқуға
алынды.Қыз балалар семьяда ғана тәрбиеленіп, үй жұмыстарына үйретілді.Ер
балалар 7-13,14 жасқа дейін граматист және кифарист мектептерінде оқыды.Бұл
мектептерде ере балалар екеуін қатарынан немесе әуелі граматист, кейін
кефарист мектебінде оқыды.
Афиныда мектептерді жеке адамдар ашып балаларды оқытқаны үшін ақы
алдатын болды.Граматист мектебінде оқуға , жазуға және санауға үйретті.
Кефарист мектебінде музыкаға, ән тақпақ айтуға жаттықтырды. 13-14 жасында
ер балалар палестра (күрес)мектебіне көшіріліп онда 2-3 жыл дене шыныұтыру
жаттығуларының жүйесімен таныстырылды, жүзуге үйретілдін.Мектепте саяси
және моральдық тақырыптарға әңгімелер өткізілді.Ерекше бай семьяардың
балалары әрі қарай гимназияда философия , саясат жәәне әдебиетпен танысып,
мемлекеттік басқару ісіне араласу үшін белгілі дайындық алды.18-20жастағы
жастар әскери дайындық алумен қатар саяси білімдерін дамытты.Олар
бекіністер салу, қала горнизонында әскери қызмет атқару , теңізде жүзу
ісімен шұғылданды.Құл иеоенушілерден басқа жәй халықтың өз балаларын
мектепке оқытуға көбінесе мүмкіндігі болмады.Олар балаларын қол өнерге
үйретті , кейбіреулері сауатын ашумен ғана қанағаттанды.Ал құлдар
сөйлейтін құрал ретінде бағаланды.
3.Ертедегі Грек ғалымдарымен философтары Плотон және Аристотель
өздерінің еңбектерінде тәрбие мен оқыту туралы өте құнды пікірлер
қалдырды.Олардың бұл пікірлері педагогика ғылымының дамуына себеп болды.
Көрнекті грек философы Плотон (б.з.д. 427-347 жж өмір сүрген.)
Тәрбиені мемлекует тарапынан үйымдастыру керек деп есептеді. Өзінің
педагогикалық пікірінде ол Спарта және Афины тәрбиесін ұштастыруға
тырысты.Плотон мектепке дейінгі тәрбиенің қоғамдық болуын жақтады. 3-6
жасқа дейінгі балалар тәрбиешілердің басқаруымен уақытын ойын алаңдарында
өткізуі тиіс деп санады.Мектепкедейінгі тәрбиеде Платон ойының ролін өте
жоғары бағалады. Сонымен бірге балаларға айтылатын әңгімені мазмұн жағынан
іріктеп алуды талап етті.Платон қыз балалардың дене тәрбиесіне ерекше мән
берді, жақсы үлгі арулы тәрбиелеуді жақтады.Мемлекет тарапынан тәрбие
берудің белгілі жүйесін ұсынджы.
Афины аристокртиясының өкілі Плотон құлдардың балаларына білім
беруге қарсы болды, жалпы дене еңбегі құлдардың төо ісі, сондықтан болашақ
философтар мен ескерлер дене еңбегі туралы мүлде ойламауы керек деп
есептеді.
Атақты грек философы және ғылымы Аристотель мемлекеттің түпкі
мақсаты барлық адамдарға тәрбие беру деп білді және тәрбие беруді
мемлекеттік іс деп санады.Ол қоғамдық тәрбие мен семьядағы тәрбиенің өзара
байланысты болуын жақтады. Адамның туғаннан даму мүмкіндігі болады.Ал ол
даму тәрбиенің нәтижесінде жүзеге асырылады.Аристотель барлық адамдарға
тәрбие беру мемлекеттің мақсаты дегенде құлдарды ескермеді, оларды
сөйлейтін құрлдар деп санады.
Аристотель ең алғашқы рет баланың дамуын белгілі кезеңдерге
бөлді.7 жасқа дейінгі дәуірде бала үйде тәрбие алады.Мектепке дейінгі
тәрбиені ұйысдастыру жөнінде Аристотель ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтық эстетика Шоқан Ыбырай Абайдың эстетикалық көзқарастары
Абай мұрасындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында пайдалану
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
Абайдың шығармаларындағы педагогикалық психологиялық көзқарастар
Абайдың психологиялық және педагогикалық көзқарастары
Абай Құнанбаев қара сөз кітабының авторы
Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәні
А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Қазақтың ұлы ағартушы демократтарының сыншылық ой-пікірлері
Абай шығармаларының тәрбиелік мәні
Пәндер