Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (шамамен 1017/1021-1075)


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (шамамен 1017/1021-1075) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Замандастары мен өзінен кейінгі ұрпақтарға дарынды ақын ғана емес, ғалым ретінде де танымал болған. Философия, математика, медицина, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, т. б. ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидың есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құдадғу біліг» («Құтты білік») дастаны арқылы қалды. Ол бұл дастанды хижра есебімен 462 жылы, қазіргі жыл санау бойынша 1070 жылы жазып бітірген. Дастанды «хандардың ханы» - Қарахандар әулеті мемлекетінің негізін салушы Сатұқ Қара Бұғра ханға тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұнға «хас хажиб» - «бас уәзір» немесе «ұлы кеңесші» деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш көшірме нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласында 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14-ғасырдың бірінші жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманган қаласынан табылған үшінші нұсқасы 12-ғасырларда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсқаның әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, «Құтты білік» дастанының ғылыми негізделген толық мәтінін жасап шықты. Дастанның көне қолжазбасы табылғанын әлемге тұңғыш рет хабарлап, 1823 жылы «Азия» журналында (Париж) Вена нұсқасынан үзінді жариялаған француз ғалымы Жауберт Амадес еді. Венгер ғалымы Германи Вамбери «Құтты біліктің» бірнеше тарауын неміс тіліне тәржіма жасап, 1870 жылы Инсбрук қаласында жеке кітап етіп бастырып шығарды. Бұл шығарманы зерттеу, ғылыми мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен орыс ғалымы В. Радлов жиырма жыл бойы үзбей айналысты. «Құтты білік» дастанын К. Каримов өзбек тіліне, Н. Гребнев пен С. Иванов орыс тіліне, А. Егеубаев қазақ тіліне, бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (Пекин, 1984) тәржіма жасады. Дастанның әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан ғылыми мәні ерекше. Бұл шығарма бертін келе қазақ халқының этникалық құрамын қалыптастырған ру-тайпалардың орта ғасырлардағы тұрмыс-тіршілігін, наным-сенімін, әдет-ғұрпын, сөз өнерін, тілін зерттеп білу үшін аса қажетті, құнды мұра. «Құтты білік» поэмасы түркі тіліндегі энциклопедиялық шығарма. Оны жазуда автор саяси сарынды басшылыққа алғандығын аңғару қиын емес. Ол Қарахандар жоғары дамыған Мәуреннахр, Шығыс Түркістан тәрізді аудандарды басқарудың жолдарын үйретуге тырысты. Шығарма тек саяси трактат көлемінде қалып қоймай, орта ғасыр дәуірінің ғылым, мәдениет салаларын да қамтиды. Адам тағдыры, өмірінің мәні, орны мен әлемдегі рөлі жайындағы мәселелер де қаралады. Сонымен бірге Баласағұни философиялық, шамандық, исламдық дүниетанымда да болды. Философияны поэзия арқылы жеткізу орта ғасырлық шығыстық үрдіс еді. Шығармада шамандық түсініктер көрініс тауып, исламдық идеология да елеулі орын алады. Бұл жайында А. Романов пен С. Иванов: «Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» поэмасы ? ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз, мұсылман идеологиясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде түркі тілінде жазылған шығарма», - деп баға береді. Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері де енген. Қазақ ғалымдары Б. Кенжебаев, Ә. Дербісәлиев, Ғ. Айдаров, Ә. Қоңыратбаев, М. Мырзахметов еңбектерінде бұл көне жәдігер әдеби, тілдік, стильдік, философиялық, педагогикалық, текстологиялық, әлеуметтік, тарихи, саяси, мәдени тұрғыдан зерттелді. Соның ішінде Жүсіп Баласағұнидың қазақ халқы мәдениетінің қалыптасуына, қазақ жерінде ақыл-ойдың, даналықтың дамуына тигізген ықпалы мен тәлім-тәрбие мәселелерін көтерудегі рөлі, көптеген халық даналықтарының ұқсастықтары мен сабақтастықтары да ғалымдар назарынан тыс қалмады. Дереккөзі: Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 4 том «Тарихи тұлғалар» кітабы

Түркі әлеміне есімі мәшһүр болып, қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті ақыны, данышпан-ойшылы Жүсіп Баласағұн өнегелі ой-толғамдарын өзінің «Құтадғу білік» атты дастанында өрнектеп кеткен. «Құтты білік» дастанының төрт принципке негізделіп жазылғаны белгілі. Біріншісі - мемлекетті әділ басқару; екіншісі - бақ-дәулеттің елге құт болып даруын Айтолды бейнесі арқылы суреттеуі, үшіншісі - Өгдүлміш бейнесі арқылы берілетін ақыл-парасат, төртіншісі - қанағат-ынсап жайында. Бүгінгі біздің сөз еткелі отырған мәселеміз - ақынның замана құбылыстары, оның кейпі турасында айтқан ой-толғамдарының кейінгі ақындармен, яғни ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы қазақ ақындарының поэзиясының негізгі идеяларымен ұштасатынын ашып көрсету. «Ақын өзінің «Құтты білік» дастанын сөз түсінбес парықсыздарға емес, сөз қадірін білетін ақылды жандарға арнап жазғанын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады» /1. 209/. Ақын шығармасында замана бейнесі «Заманның озғаны, достардың жапасы туралы» деген тарауда анық та ашық түрде беріледі:

Бәрін таптым, тек кісілік таппадым,

Кездессе егер, жүзін көру, баққаным.

Опа құрып, жапа толды ғаламға,

Аз-маз опа қалды қандай адамда? /2. 584/ - деп, өмірден түңіліп, адамдар ортасынан безініп, «киік тобымен лағайын» дейді. Шыдамының шегіне жеткені сонша, мұндай қорлықты көргенше, тағылықпен өмір сүріп, «елден жырақ өмір сүрейін», жаһан кезіп кетейін немесе «иірім кешіп, өзен болып ағайын» және сол үшін де:

Жапа шектім, ием, мұңлы сияғым,

Опалы кім, шыбын жанды қиямын /2. 585/, - деп, оны түсінер ешкім қалмағандықтан, жалғыздықтан жапа шегіп, торығады. Оның түңілетіні - жан-жағындағы бауыр-туыс, ағайын, дос-жаранның қатігездігі. Адамның жанын ұқтыратын көңіл айнасы - жан мен тіл, ал:

Тіл, жан ала болды, сенсін қайтіп діл! /2. 585/ - деп, тілдің де алдамшы екендігін, жүректің де таза емес, яғни адам пейілінің де тарылғанын сөз етеді. Дүниеде жалғыз қалып, өзін түсінер ешкім таппай, содан жапа шегіп:

Кімді сүйеу, кімді жақын санайын,

Кімге сеніп, кімді досқа балайын?! /2. 585/ - деген жолдарда Жүсіп не үшін, неліктен жабырқауының себебін дәл, нақты көрсетпегенімен, Абайдың «көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» дегені сияқты күңіреніс байқатады :

Көңіл қалды туыстан да, жаттан да,

Бауырың - жат, құлқы жаман қастан да! /2. 585/

Ақын түңілетін орта - Абай айтатын «заманға күйлеген» адам мінезі, олардың тар дүниетанымы, тоғышарлығы.

Сауда қуып, бұзылды ма маңайым,

Елес пе әлде, көзімді кең ашайын.

Заң, ізгілік кетті - ниет қарайып,

Сұмдар қалды, қайдан шындық табайын /2. 586/, - деген ақын мұңы қай ғасырда да халық мұңы болып қала берді. Өйткені өмір бар жерде әлеуметтік қайшылықтар бар, әлеумет бойындағы міндер бар. Бұндай келеңсіздіктен халық үлкен өркениетке жеткенде ғана құтыла алады, оған дейін әр заман ойшылы, әр кезең ақыны сол кемшіліктерді айтуы, кесапатты қылықтардың қандай екендігіне халықтың көзін жеткізуді заңды құбылыс, сондықтан да бұл тақырып кейінгі қазақ поэзиясында өз дәстүрлі жалғасын тапқан тақырып. Мұндай замана келеңсіздіктері Ж. Баласағұн мен ХІХ-ХХ ғасыр ақындары шығармашылығында бірдей көрініс беріп отыратындығынан да себебі осыдан.

Қазақ әдебиетінің тарихында ХІХ және ХХ ғасыр - халық басынан өткен қайғылы оқиғалардың өрбіп, олардың бет-бейнесі әдебиетте көрініс тауып, тарихи кезеңнің шындықпен бейнеленуі. Х. Сүйіншәлиев ХІХ ғасыр әдебиеті өкілдері турасында: «Ақын атаулы халық қайғысына үн қосып, әлеуметтік шындықты тайға таңба басқандай бейнелеп, ерлік күрес шежірелерін жазды» /3. 3/, - деп көрсетеді. Сондықтан осы дәуірде азаттық рухты аңсап, ерлікке үндеген күресшіл поэзия өмірге келді. ХІХ ғасырдың І жартысында өмір сүрген «зар заман ақындары» елде отаршылдық саясат орнап, әлеуметтік-қоғамдық қатынастардың, моральдық-этикалық нормалардың бұзылып, елдің күйзеліске ұшырағанына көкірегі қарс айырылып, сол заманға көңілі толмады. М. Әуезовше айтсақ: « . . . Қалың елге жаңа өріс, жаңа жайылыс табамыз деген ниеттер туған соң, бұл елдің әдебиетінде ең алғашқы бағыт, мақсат деген нәрселер туды. Жақсылыққа бастасын, қайда тартса да, әйтеуір өз халқының халіне қанағаттанбай, жаңалықты іздеп, «бастаймын», «түзеймін», «қазіргі күйге қанағаттанбаймын» деген күй беріліп, алғашқы рет тұтасқан ой құралып, әдебиет жүзінде елдің әлеуметтік тіршілігі сөз бола бастаған соң, жазба әдебиет дәуірі туа бастады деп есептеу керек» /6. 192/. Ғасыр басындағы ақындардың бірі - Жанақ Сағындықұлы Рүстем төреге өзінің ащы да улы жырларымен шындықты жасырмай, төренің отаршыл патшаның әбден басынып, орданы өртеп, орнына дуан салып жатқанын бетіне шоқтай басып, «мықты болсаң қанекей бермеші ырық» /3. 11/ деп тіке айтады:

Ұрлап, тартып қазақтың алдың малын,

Хан емессің әкімді жерге көмген /3. 10/.

. . . Аш қасқырдай нашарды жейсің жығып,

Сырт жау келсе, кіресің шиге бұғып.

Өз еліңнің үрейін өзің алып /3. 11/, - деген өлең жолдарында ел басшылығына ыза кернеген ашумен жайып салады. Ал Дулат Бабатайұлы шығармашылығында заманға сын айта отырып, әлеуметтің, халықтың мінез-құлқының, дүниетанымының тарылып, адам шошырлықтай кейпін бейнелейді. «Өсиетнама» атты жинағында қоғам тудырған мінез-бітістер, келеңсіз құбылыстарды санамалап тұрып, олардан арылудың жолын, ақылын айтады.

Бұл заманғы адамды,

Жалғаншы демей не дейміз.

Аузынан шыққан сөзінің,

Баяны жоқ болған соң /3. 22/, - деген жолдарда, адам бейнесін суреттей келе:

. . . Мал бермеймін дегеннің,

Жалғыз тайын бөрі алды.

Үстіне шекпен кигізіп,

Ақ таяғын таянды /3. 27/.

. . . Ардан кешкен ұятсыз,

Ойламайды ұятты,

Зар заманның ақыры,

Зарлап өтіп барады /3. 27/, - деп, заманның өзгеруімен қоғамдық тіршіліктің қиындап, адам мінез-құлқының да күрт құбылғанын байланыстыра келе, сол кездегі ұл-қыздың тәрбиесі, ел басшыларының пиғылы, туған-туыстың қадір-қасиеті сияқты көптеген мәселелер турасында ой-толғамдарын жеткізеді. Ал орақ тілді ақын, жалынды жырдың жампозы Махамбет өлеңдерінде:

Исатайды өлтіріп,

Қырсық та шалғын біздің ел /3. 37/.

Бір озғанмын жұртымнан.

Ер дұшпаны көп болар,

Қатын дұшпан, жігіттер,

Не демей дейсің сыртымнан /3. 39/, - деген жолдарында, сонымен қатар тайсалмай Баймағамбет сұлтанға айтқан ащы өлеңдерінде заманның кейпін анық ашып көрсетеді. Жоғарыдағы өлең жолдарында Исатайды өлтірген қоғам, өз жұрты, елі дей келіп, сол заман жігіттерінің мінезінің бір қырын аңғартады. Немесе Алмажан Азаматқызы «Жетім қыз» атты дастанында билердің жауыздығын, қатыгездігін, әділдіктен безінгендігін анық та ашық суреттейді. ХІХ ғасыр ақыны Мәделі Жүсіпқожаұлы:

Бір жан жоқ болыстыққа талас емес.

Бір-бірінен көңілі аласа емес /3. 73/.

Бәз болыстар қарызға батып жүрсің,

Бал деп ұрттап заһарды татып жүрсің.

Ақша шашқан адамдар болыс болып,

Бәрі де жайына жүр ақылдының /3. 76/, - деп, замана түсін, оның негізгі қисапсыз әрекетін бейнелеп берді.

Шортанбай Қанайұлы - заман зарына иленіп, күңіреніп, күрсініп, налып, зарланған ақын. М. Әуезов: « . . . Әдебиеттегі көшпелі дәуір де осындай мұңды күйден құралған. Осы ретпен қарағанда Шортанбай жазған «Зар заман» - әдебиеттегі, тарихтағы көшпелі дәуірдің зор айнасы. Бұл өлеңнің ішінде қазақ тұрмысына жанасқан кемшіліктің айтылмағаны жоқ деуге болады» /6. 291/. М. Әуезовтің «зар заман» деген терминді тудыра отырып, соның басты өкілдері ретінде Дулат, Шортанбай, Мұратты атап кеткен. Өйткені олардың шығармашылығында ашықтан ашық замана бейнесі көмкеріледі. Мәселен, Шортанбайдың «Зар заман» атты өлеңінде бір алладан басқадан қорқамын дей келіп заманның азып-тозғанын, тоқырауға ұшырап, ел іші бұзылғанын ашына суреттейді.

Ағайыны көре алмай,

Ата мен бала араз боп

Кетер енді дініміз /7. 301/.

Ата менен шешенің

Айтқан сөзін ұнатпас,

Адам азар болар деп,

Сол себептен қорқамын /7. 302/.

Заман кетті баяғы,

Жаның жалғыз сүйінші

Мал болыпты тамағы,

Ықылас ниет қалмады /7. 306/, - деген жолдардағыдай, ұлттық қасиеттерден арылып, моральдық-этикалық нормалар бұзылып, әлеуметтік-қоғамдық, мәдени құбылыстардың өршуі халықтық күйзеліске алып келді. ХІХ ғасыр әдебиетінің тағы бір өкілі - Сүйінбай Аронұлы. Төрелерге бетің бар, жүзің бар демей:

Дәулетбақтан - Ноғайбай сен бір арсыз,

Байсүгір - Қараталдан тұтқиянсыз.

Ыстанбек төремін деп мақтанбағын,

Бұл арсыздың ішінде сіз де барсыз /3. 93/, - деп, тағы сол сияқты Қаратал, Сарыбай, Нарбота, Атамқұл бай, Дәуітәлі билеушілерге сын айтады. Сонымен қатар, «Болыстарға баға» өлеңінде:

Бұл заманның болысы күй таңдаған.

Жек көргенін халық та сыйламайды,

Пәлеқор, ұры-қары келдің қайдан? /7. 95/ - деп, болыстыққа түсушілердің өзіндік бейнесін жасайды. Ал Балқы Базар жырау (Өтемісов) Оңдасұлы:

Шалқыған айдын шалқардай

Көл тартылды көзінен.

Сандуғаштай сайраған

Тіл тартылды сөзінен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүсіп Баласағұн-көрнекті түркі ақыны және ойшылы
Жүсіптің Құтты білігі жайында бірер сөз
Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Қ. А. Яссауи еңбектерінің қазақ тіліне аударылып, қайта басылуы
Түркі тілдес халықтардың ғұламалары
Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті
Көшпенділер рухани мәдениетінің ерекшелігі
Жүсіп Баласағұнның Құтты білік дастаны
Ортағасырда өмір сүрген түркі-мұсылман ғұламалары
Жүсіп Баласағұн және «Құтты білік»
Әл-Фараби, Жүсіп Хас Хаджиб Баласағұни
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz