Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргендік үшін қылмыстық жауаптылық



КІРІСПЕ

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯН КЕЛТІРУДІҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Денсаулыққа зиян келтірудің түсінігі
1.2 Денсаулыққа зиян келтіруді жіктеу
1.3 Шет мемлекеттердің қылмыстық заңнамасы бойынша денсаулыққа ауыр зиян келтіру үшін қылмыстық жауаптылық ерекшеліктері

2 ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАСАҚАНА АУЫР ЗИЯН КЕЛТІРУ ҚҰРАМЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру құрамының объектісі
2.2 Денсаулыққа ауыр зиян келтіру құрамының объективтік жағы
2.3 Денсаулыққа ауыр зиян келтіру құрамының субъективтік жағы
2.4 Денсаулыққа ауыр зиян келтіру құрамының субъектісі

3 АУЫРЛАТАТЫН ЖӘНЕ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН ЖАҒДАЙЛАРДА ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАСАҚАНА АУЫР ЗИЯН КЕЛТІРУ
3.1 Ауырлататын жағдайда денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру
3.2 Жеңілдететін жағдайларда денсаулыққа ауыр зиян келтіру

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Халықаралық нормативтік құқықтар мен Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке адамды ең жоғарғы әлеуметтік құндылық ретінде таниды. Оны қорғау мемлекеттің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. 30 тамыз 1995 ж. қабылданған Негізгі Заңы 1-бабында Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы болып «адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары табылады» деп белгілейді [1, 4 б.].
Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабына сәйкес «Әркімнің өз денсаулығын сақтауға құқығы бар». Бұдан басқа Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алуына және оның саяси курсының өзгеруіне байланысты қылмыстық құқықтық саясат та өзгерістерге ұшырады, басты міндет адамның өмірі мен денсаулығын қорғау болып қалды.
Бұл конституциялық ереже Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде де бекімін тапты, онда жеке адамды қорғау бірінші орынға қойылады. Осыған байланысты, 30 қаңтар 2010 жылғы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа он жылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Адам – елдің басты байлығы. Елдің жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл-күйлеріне байланысты. Халық денсаулығы – ол Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі» делінген [2, 2 б.]. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында да: «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі» - деп, ерекше көңіл аударады [3, 9 б.].
Қазіргі таңда Қазақстан өз алдына «жаңару» дағдарысын, яғни «өтпелі» кезең дағдарысын бастан кешірді. Бұл үрдіс заңнаманың дамуы мен қайта құрылуына, дәлірек айтқанда, адамның денсаулығын қорғау саласындағы нормативтік актілерге қатысты. 2006ж. 7 шілдесінде қабылданған «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Заңы құқықтық мемлекет құру және әлемнің елу бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын халықаралық стандарттарға сәйкес қамтамасыз ету қажеттігін тағы да растайды.
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: НОРМА-К. – 2007. – 40 б.
2 Жаңа он жылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы// Егемен Қазақстан – 2010. – 30 қаңтар. – №33-35 (25881) – Б.2.
3 «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы (Астана, 14 желтоқсан 2013 жыл) // Егемен Қазақстан. – 2012. – 15 желтоқсан. – № 12-13 (8783).
4 Комитет УИС МЮ РК: Отчет о количестве ИК, численности движении и составе осужденных за за 2010-2012 гг.
5 Дубовец П.А. Ответственность за телесные повреждения по советскому уголовному праву. – М., 1984. – 7-8 с.
6 Курс советского уголовного права. – М.: 1981, т.5. – 82-83 с.
7 Дурманов Н.С. Понятие телесных повреждений по советскому уголовному праву. // Советское государство и право. – 1976., №1., – 84с,
8 Уголовньтй кодекс Республики Казахстан. Комментарий. Особенная часть. – Алматы, Жеті жарғы, 2000. – 34-41 с.
9 Читлов Д.С. Охрана здоровья граждан от тяжких насильственных посягательств. – Саратов, 1984. – 10-12с.
10 "Денсаулыққа зиян келтіру ауырлығын сот-медициналық бағалауы жөнінде Ереже". //ҚР Денсаулық сақтау комитеті. – Алматы, 1998 – 57 б.
11 Райский М.И. Судебная медицина. – М.,1988. – 162 с.
12 Владимировский Н.В. Определение степени тяжести телесных повреждений. - //Социалистическая законность, 1973. – №10. – 23 с.
13 Федоров М.И. К вопросу об оценке тяжести телесных повреждений - //Ученые записки Пермского университета. 1987, т.2, вып.4. – 198 с.
14 Цой И.С. Критерий умышленного тяжкого телесного повреждения без отягчающих обстоятельств. Саратов, 1987. – вып.7. – 67 с.
15 Молоденков П., Скопин И. Определение тяжести телесных повреждений //Соц.законность. – 1982. – №9. – 49 б.
16 Читлов Д.С. Охрана здоровья граждан от тяжких насильственных посягательств. – Саратов, 1984.– 20-24 с.
17 Султанова Н.З. Уголовная ответственность за умышленное причинение средней тяжести вреда здоровью: Автореф. ... канд. юрид наук. – Алматы, 2001. – 21 с.
18 Якубов А.С., Рустамбаева М.Х., Каблукова Р., Пурмухамедова Х.И. Уголовный кодекс Республики Узбекистан: науч.-практ. коммент. – Ташкент, 1996. – 77 с.
19 Коржанский Н.Н. Объект и предмет уголовно-правовой охраны. – М., 1980. – 140 с.
20 Наумов А.В. Уголовное право. Общая часть. Курс лекций. – М., Бек, 1996. – 147-148 с.
21 Таганцев Н.С. Русское уголовное право. Лекции. Часть общая. – М., 1994. – т.1. – 40 с.
22 Кайыржанов Е.И. Интересы трудящихся и уголовный закон. –
Алма-Ата, 1973. – 27 с.
23 Никифоров А.С. Объект преступления по советскому
уголовному праву. – М., Госполиздат, 1960. – 114 с.
24 Загородников Н.И. Престуления против здоровья. – М., – 1979. – 16 с.
25 Пионтковский А.А., Меньшагин В.Д. Учение о преступлении по советскому уголовному праву. – М., – 1971. – 12 с.
26 Дурманов Н.Д. Понятие телесных повреждений по советскому уголовному праву. – // Советское государство и право. – 1976. – №1. – 84 с.
27 Шаргородский М.Д. Наказание, его цели и эффективность. – Л.: – 1993. – 305 с.
28 Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификаций преступлений. – М., 1982. – 161с.
29 Середа А.Д. К вопросу об определений тяжкого телесного
повреждения. – Харьков, 1988. – 196 с.
30 Козлов В.В. Основы экспертной оценки тяжести телесных повреждений. – Саратов, 1988. – 21 с.
31 Каракобенов К.Р. Сот медицинасы. – Алматы, 1999. – 102 б.
32 Цой И.С. Сущность и функции уголовного наказания – // Ученые записки Саратовского юридического института им.Д.И.Курского. Саратов, 1983. – 59-60 с.
33 Архив. Қызылорда облыстық соты. 1999.
34 Рашковская С.М. Курс советского утоловного права – М., 1985. – т.5. – 96 с.
35 Авдеев М.И. Курс судебной медицины. – М., 1989. – 452 с.
36 Цой И.С. Критерии умышленного тяжкого телесного
повреждения без отягчающих обстоятельств. УК РСФСР. –
Саратов, 1989. – вып.8. – 77 с.
37 Читлов Д.С. Охрана здоровья граждан от тяжких
насильственных посягательств. – Саратов, 1984. – 51-54с.
38 Шанидзе В.С. Некоторые вопросы судебно-медицинской
экспертизы. – Тбилиси, 1989. – 83 с.
39 Филиппов А.П. Борьба с умышленными телесными повреждениями по советскому уголовному праву. – Л., 1984. – 12 с.
40 Алматы қалалык соты. Архив. 1999ж.
41 ҚР Жоғаргы Сотының қаулылар жинағы. ҚР Жоғарғы Соты. – Алматы, 1997. – т.1. – 120-128 б.
42 Архив. Алматы қалалық соты. 1999.
43 Архив. Алматы облыстық соты. 2000.
44 Архив. Алматы қалалық соты. 1998.
45 Куринов Б.А. Научные основы квалификаций преступлений. – М., 1984. – 103 с.
46 Орынбаев Р. Специальный субъект преступления. – Алма-Ата, 1997. – 214 с.
47 Бердичевский Ф.Ю. Уголовная ответственность медицинского персонала за нарушение профессиональных обязанностей. – М., 1990. – 36-37 с.
48 Глушков В.А. Ответственность за преступления в области здравоохранения. – Киев, 1987. – 22 с.
49 Вермель И.Г. Судебно-медицинская экспретиза лечебной
деятельности. – Свердловск, из-во Уральского университета, 1988. –
40 с.
50 ҚР Жоғарғы Сотының қаулылар жинағы. ҚР Жоғарғы Соты. – Алматы, 1997. – т.1. – 92 б.
51 Архив. Алматы қаласы Турксиб аудандық соты. 2000ж.
52 Ағыбаев А.Н. "Бандитизм және басқа қылмыстар жасаған үшін жауапкершілік туралы" //Заң газеті, 2001ж. 18 шілде.
53 Архив. Алматы қалалық соты. 2000ж.
54 ҚР Жоғарғы Сотының қаулылар жинағы. ҚР Жоғарғы Соты. Алматы, 1999 ж.
55 Никифоров А.С. Ответственность за телесные повреждения по уголовному праву. – М., 1989. – 15-16 с.
56 Иванов П.И. Психология. – М., 1989. – 116 с.
57 Калашник Я.М. Судебная психология. – М., 1981. – 165 с.
58 Якубович М.Н. Учение о необходимой обороны в советском уголовном праве. – М., 1987. – 66 с.
59 Загородников Н.И. Преступления против жизни. – М., 1979. – 96 с.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қылмыстық құқық, іс жүргізу және криминология кафедрасы

Қорғауға жіберілді
Қылмыстық құқық, іс жүргізу және
криминология кафедрасының меңгерушісі
з.ғ.к., аға оқытушы__________ А.Е. Паридинова
15.05.2013ж. Хаттама № 9.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргендік үшін
қылмыстық жауаптылық

050301 мамандығы бойынша – Құқықтану

Орындаған: С. Таубаев

Ғылыми жетекшісі,
магистр- оқытушы Ж.К.Татибаева

Түркістан 2013

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯН
КЕЛТІРУДІҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
8
1.1 Денсаулыққа зиян келтірудің түсінігі 8
1.2 Денсаулыққа зиян келтіруді жіктеу 12
1.3 Шет мемлекеттердің қылмыстық заңнамасы бойынша денсаулыққа ауыр
зиян келтіру үшін қылмыстық жауаптылық ерекшеліктері
19

2  ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАСАҚАНА АУЫР ЗИЯН КЕЛТІРУ ҚҰРАМЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
25
2.1 Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру құрамының объектісі 25
2.2 Денсаулыққа ауыр зиян келтіру құрамының объективтік жағы 30
2.3 Денсаулыққа ауыр зиян келтіру құрамының субъективтік жағы 50
2.4 Денсаулыққа ауыр зиян келтіру құрамының субъектісі 56

3 АУЫРЛАТАТЫН ЖӘНЕ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН ЖАҒДАЙЛАРДА ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАСАҚАНА
АУЫР ЗИЯН КЕЛТІРУ
70
3.1 Ауырлататын жағдайда денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 70
3.2 Жеңілдететін жағдайларда денсаулыққа ауыр зиян келтіру 81

ҚОРЫТЫНДЫ 85

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 92

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Халықаралық нормативтік құқықтар мен Қазақстан
Республикасының Конституциясы жеке адамды ең жоғарғы әлеуметтік құндылық
ретінде таниды. Оны қорғау мемлекеттің негізгі бағыттарының бірі болып
табылады. 30 тамыз 1995 ж. қабылданған Негізгі Заңы 1-бабында Қазақстанды
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы болып адам және адамның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары табылады деп белгілейді [1, 4 б.].
Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабына сәйкес Әркімнің өз
денсаулығын сақтауға құқығы бар. Бұдан басқа Қазақстан Республикасы
тәуелсіздік алуына және оның саяси курсының өзгеруіне байланысты қылмыстық
құқықтық саясат та өзгерістерге ұшырады, басты міндет адамның өмірі мен
денсаулығын қорғау болып қалды.
Бұл конституциялық ереже Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде
де бекімін тапты, онда жеке адамды қорғау бірінші орынға қойылады. Осыған
байланысты, 30 қаңтар 2010 жылғы Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Жаңа он жылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның
жаңа мүмкіндіктері атты Қазақстан халқына Жолдауында Адам – елдің басты
байлығы. Елдің жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен
қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл-күйлеріне
байланысты. Халық денсаулығы – ол Қазақстанның өзінің стратегиялық
мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі делінген [2, 2
б.]. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2050 стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына
Жолдауында да: Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі -
деп, ерекше көңіл аударады [3, 9 б.].
Қазіргі таңда Қазақстан өз алдына жаңару дағдарысын, яғни өтпелі
кезең дағдарысын бастан кешірді. Бұл үрдіс заңнаманың дамуы мен қайта
құрылуына, дәлірек айтқанда, адамның денсаулығын қорғау саласындағы
нормативтік актілерге қатысты. 2006ж. 7 шілдесінде қабылданған
Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы Заңы құқықтық мемлекет құру және
әлемнің елу бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылу үшін азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын халықаралық стандарттарға сәйкес қамтамасыз
ету қажеттігін тағы да растайды.
Заң шығармашылық саласында жүзеге асырылып отырған жағымды өзгерістерге
қарамастан, жеке тұлғаны қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауды нақты
қамтамасыз ету саласындағы жағдай аса тұрақсыз қалпын ұстауда.
Адам мен азаматтың құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне зиян
келтіретін қоғамға қауіпті әрекеттер ішінде азаматтардың өмірі мен
денсаулығына зардап әкелетін, күш қолданып жасалатын қолсұғушылықтар ерекше
қауіптілікпен сипатталатындығы белгілі.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмыстылық құрылымында кең
таралған қылмыстар түрінің бірі болып табылады.
Бұл қылмыстардың кеңінен таралуы, олардың санының өсуі, саралаудағы
қиындықтар денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру үшін қылмыстық
жауаптылықтың кейбір мәселелерін теориялық тұрғыдан шешудің, алдын алу
шараларын тиімді арттыру мақсатында құқық қорғау органдарының қызметін
жетілдірудің іс-тәжірибелік қажеттілігін туындатады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 103-бабында көзделген
денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргендік үшін жауаптылық белгіленген.
Денсаулыққа қасақана зиян келтіру дегеніміз қоғамға қауіпті, қылмыстық
заңға қайшы түрде қасақана және кінәлі жағдайда басқа адамның денсаулығына
заңда белгіленген залалдар әкелу болып табылды. Мұндай кылмыстың қоғамға
қауіптілігі сол, ол адамның ең қымбат қазынасы оның денсаулығының
біртұтастығына кол сұғады. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру
жәбірленушінің моральдық құқығына, көп жағдайларда материалдық немесе
басқадай мүддесіне орасан нұқсан келтіреді. Денеге жарақат алған адам оны
бастапқы калпына келтіру үшін емделуге, колайсыз жағдайларға еріксіз
көндіруге мәжбүр болады. Сөйтіп, оны бірқалыпты еңбек етуден, отбасы,
қоғам, мемлекет мүдделері үшін белгілі бір қызмет істеуден мәжбүрлі түрде
окшаулатады. Денсаулыққа келтірілген осындай зиян жәбірленушіні де немесе
оның туыстарын да үлкен әбігерге, колайсыз жағдайларға әкеліп соқтырады.
Сөз болып отырған кылмыстың қоғамға қауіптілігінің ерекше болғанына
қарамастан осы тұрғыдағы кылмыспен қарсы күрес жүргізуге қылмыстық құқылық
және социологиялық мәнді мәселелер, заң әдебиеттерінде жеткілікті деңгейде
өз шешімін таппаған. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге байланысты
көптеген теориялық даулы пікірлер бір арнаға келтірілмеген, осыған орай осы
құрамды қылмыстық саралау, оны ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату көп
қиындықтар туғызуда. Қылмыстық-құқықтық теориядағы әлі күнге даулы
мәселелердің бірі келтірілген дене жарақатының дәрежесін анықтайтын
белгілердің бір жолға қойылмауы. Мұндай кемшіліктерге жол бермеу үшін сот,
тергеу материалдарына терең талдау жүргізіп, осы тұрғыдағы әртүрлі
теориялық пікірлерге толық, жан-жақты ғылыми талдау жасап, осы кылмыстан
сактандыруға негіз болатын ғылыми ұсыныстар жасау кажет. Біздің
мемлекетімізде адам өмірін, денсаулығын қорғауға барынша мән беріледі,
Еліміз бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысы саны жыл
сайын өсіп келеді, соңғы үш жылда ол мына көрсеткіштерді құрайды: 2010 жылы
4369 қылмыс денсаулыққа қасақана ауыр зиян жарақат салу ретінде тіркелсе,
2011 жылы ол көрсеткіш 4566 болса, ал 2012 жылы 4928-ге жеткен [4].
Жоғарыда айтылғандар денсаулыққа қасақана ауыр дене жарақатын келтіру
проблемасын қылмыстық-құқықтық тұрғыдан зерттеп, осы құрам үшін жауаптылық
көздейтін қылмыстық заңдардың мазмұнын, оларды қолдану тәжірибесін, ғылыми-
ой елегінен өткізу қажеттігін керек ететініне ешбір күмән туғызбайды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені
үшін қылмыстық жауаптылық мәселелері адамның өмірі мен денсаулығына қарсы
қылмыстарды зерттеген ғалымдардың туындыларында көрініс тапқан. Денеге
жарақат келтіру мәселелеріне өткен ғасырларда орыс заңгерлері Н.С.Таганцев,
С.В.Познышев, И.Л.Фойницкийлер ерекше мән берген. Денеге жарақат келтірудің
түсінігін, оларды жүйелеу, осы құрамды басқа құрамдардан ажырату
мәселелеріне осы ғалымдар тиісінше көңіл бөлген. 1922 жылғы РСФСР қылмыстық
кодексінде денеге жарақат келтіру үшін қылмыстық жауаптылық мәселелері
А.А.Жижиленконың, З.А.Вышинскийдің, М.Д. Шаргородскийдің,
Н.И.Загородниковтың, Д.С.Читловтың, А.С.Никифоровтың, П.А.Дубовецтің ғылыми
еңбектерінде зерттелді. Қазақстан Республикасында денеге жарақат келтіруге
байланысты аздаған зерттеулерді А.Н.Ағыбаев; Е.І.Қайыржанов;
Ғ.Ы.Баймурзин; Г.Р.Рустемова; Р.Т.Нұртаев; С.Р.Рахметов; С.Х.Жадбаев сынды
ғалымдардың еңбегінен көруге болады. Алайда осы проблеманың құқықтық,
әлеуметтік, криминологиялық қырлары әлі де кешенді түрде зерттеуді қажет
ететіндігі айдан анық.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыста денеге қасақана ауыр
зиян келтіру түсінігінің тарихына, Қазақстан мен шетелдерде оны құқықтық
реттелу деңгейіне шолу жасау арқылы, осы құрамның қылмыстық-құқықтық және
криминологиялық аспектілерін терең де жан-жақты зерттеу мақсаты көзделіп
отыр. Осы мақсатка төмендегі міндеттерді шешу жолымен жетуге болады:
– қоғамдағы саяси-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық ахуалдың
денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін жауаптылықты көздейтін
зандардың мазмұнын көрсету;
– осы құрам үшін жауаптылық көздейтін қылмыстық-құқықтық нормалардың
түрлі тарихи кезендердегі мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктерін
сипаттау;
– зерттеліп отырған қылмыс құрамының құқықтық және медициналық
түсініктерінің ара қатынасын ашу;
– шет мемлекеттерінің қылмыстық заңнамасында денсаулыққа қасақана зиян
келтірудің реттелуіне талдау жасау;
– қылмыстық құқық ғылымындағы теориялық кағидаларға сүйене отырып, осы
қылмыс құрамының элементтерін жан-жақты талдау;
– денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірумен байланысты қылмыстарға
жалпылама сипаттама беру;
– қылмыстық заңның денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін
жауаптылық көздейтін нормасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау.
Ұсынылып отырған жұмыста денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің
қылмыстық-құқықтық реттелуіне арналған ғылыми ізденіс жасалған. Денсаулыққа
қасақана ауыр зиян келтірудің құқықтық қырларын оның әлеуметтік-
экономикалық, медициналық, моральдық-этикалық тұстарымен қатар зерделеу
нәтижесінде мәселені кешенді тұрғыдан ғылыми сараптамаға салу мүмкіндігі
ашылды. Қазақстан мен шетелдердің жаңа қылмыстық зандарындағы денсаулыққа
қасақана ауыр дене жарақатын келтіргені үшін жауаптылық көздейтін
нормаларға салыстырмалы-құқықтық талдау жасалып, заңдарды жетілдірудің
сындарлы жолдары ұсынылды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.
1. Қылмыстық кодекстің 103-бабында аталған денсаулыққа қасақана ауыр
зиян келтірудің заңдылық анықтамасын беру, оның заңда көрсетілген
жекеленген түрлерінің адамның өміріне қауіпті, бет әлпетінің қалпына
келтіргісіз бұзылуына әкеп соққан, өмірге қауіпті, денсаулыққа өзге зиян
келтіруге бағытталған қасақана ауыр зиян келтіру белгілерін анықтау.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің заңдық және медициналық
белгілерінің ара жігін ажырату.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру құрамының объективтік және
субъективтік элементтерін нақтылау.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің ауырлататын түрі ретінде кінәліге
жүкті екендігі белгілі әйелге, топ болып, алдын-ала келісіп топ болып,
басқа қылмысты істеуді жеңілдету мақсатымен денсаулыққа қасақана ауыр зиян
келтіруді ҚК-тің 103 бабының 2-бөлімінде косымша көрсетіп, осы қылмыстың
ауырлататын түрі ретінде көрсетуді белгілеу.
Осы баптың бірінші және екінші бөлімінде көрсетілген іс-әрекеттер: 1) екі
немесе одан да көп адамға қатысты; 2) аса катыгездікпен; 3) ұйымдасқан
топпен немесе қылмыстық сыбайластықпен істелсе, онда мұндай іс-әрекеттерді
осы құрамның өте ауырлататын түріне жатқызуды.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргендік үшін косымша жаза ретінде
келтірілген зиянның орнын толтыру мақсатын жүктеуді тағайындау қажеттілігін
және жазаның осы жаңа түрін қылмыстық кодекстің жалпы бөлімінде заңдастыру
ұсынылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыстың құрылымы зерттеудің
негізгі мақсаты мен міндеттеріне сай келеді. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш
бөлімнен, тоғыз бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯН
КЕЛТІРУДІҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Денсаулыққа зиян келтірудің түсінігі
Әрбір жеке адамның денсаулығы - ол адам өміріндегі айтарлықтай орын
алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы - оның негізгі
байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын корғау мәселесі - жалпы
мемлекеттің, коғамнын, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам
мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар
аударып, халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бір
шаралар колданып, коғам үшін біршама септігін тигізуі керек. Қазіргі кезде
мемлекетімізде Қазакстан Республикасының Конституциясына сәйкес,
денсаулықты сақтау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленген,
осы бағдарлама бойынша Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі
жұмыс істеп отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының Адам және Азамат
бөлімінің 29-шы бабының тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы
азаматтарының денсаулық сақтауға құқығы бар. Осыған байланысты Қазақстан
Республикасының азаматтары заңмен белгіленген тегін әрі кепілді медициналық
көмектің барша түрін алуға құқылы. Мемлекеттік және жеке меншік емдеу
мекемелерінде, сондай-ақ жеке медициналық практикамен мен айналысушы
адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу заңмен белгіленген негіздер мен
тәртіп бойынша жүргізіледі" делінген. Осыған орай, азаматтардың денсаулығын
нығайту, айналадағы қоршаған ортаны сақтау шараларын жүзеге асыру
максатында, әсіресе өсіп келе жатқан жасөспірімдердің денсаулығын сақтау
үшін мемлекеттік және жеке емдеу мекемелері заңға сәйкес акылы түрде не
тегін медициналық жәрдем көрсетуді жүзеге асырып отыр.
Осы арада денсаулық деген ұғымға түсінік бере кетейік. Денсаулық
дегеніміз - адам организмінің дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі. Яғни, адам
организмінің әрбір органы, әрбір мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып,
оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды атқаруы. Денсаулыққа
қарсы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі - бұл қылмыстарды жасаған кезде, бір
адам екінші бір адамның денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян
келтіреді, яғни кінәлі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасай отырып, адам
өмірі үшін ең қымбатты болып табылатын адам денсаулығына заңсыз түрде қол
сұғады. Адам денсаулығына зиян келтіру көбінесе оның мемлекет пен коғам
алдындағы азаматтық міндеттерін аткару, яғни сол міндеттерін нақты орындау
мүмкіндіктерінен айырады. Мысалы: адам денсаулығына зиян келуі - оның
міндетті әскери қызметке шақырылуына кедергі келтіруі мүмкін, сондай-ақ
әскери немесе басқа да арнайы қызметтерді атқаруына зиянды әсерін тигізуі
мүмкін. Сондықтан да адам денсаулығына қарсы кылмыстарды жасау - тек
жәбірленушінің өзіне ғана емес, сондай-ақ оның жақын туысқандары үшін де
үлкен залал болып табылады. Яғни, жәбірленушінің денсаулығына зиян келу
салдарынан, оның жақын туысқандарына да белгілі бір көлемде материалдық
немесе моральдық залал келуі мүмкін. Адамды денсаулығынан айыру салдарынан
оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек және басқа да қоғам қызметтеріндегі
байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам қызметтеріне белсенді түрде
катысуына көбінесе мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан да адам денсаулығы -
адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі байлығы болып табылады.
Міне, осыған орай адам денсаулығына зиян келтірудің түсінігін анықтаудың
қаншалықты маңызды екені өзінен өзі түсінікті. Қылмыстық құқық ғылым
саласында осы уақытқа дейін денсаулыққа зиян келтірудің дәлме-дәл
анықтамасы орын алған жоқ. Бұл мәселеде көптеген пікірлер, ойлар, ұсыныстар
бар. Пікірлердің әртүрлілігі негізінен денсаулыққа зиян келтірудің
объектісі денсаулық немесе адам денесіне қол тигізбеу, сонымен қатар ұру,
соққылау және басқа да күштеу әрекеттері адамның денесін жарақаттау
объектісіне жата ма, жатпай ма деген мәселе төңірегінде болды. Денсаулыққа
зиян келтіру түсінігін кейбір ғалымдар кең мағынада түсінді.
Ғылыми еңбектерде бір автордың өзінің денсаулыққа зиян келтіру түсінігі
туралы қарама-қайшы пікірлер айтқан жағдайлары да кездеседі. Бұл жөнінде
Дубовец П.А. адам денсаулығына зиян келтіретін жәйттарға жәбірленушіні ұру,
соғу, басқадай күш қолдану жатады десе [5, Б.7-8], келесі бір пікірінде ол
мұндай іс-әрекеттердің барлығы дерлік адамның денсаулығының бірқалыпты
қызметіне тосқауыл қояды, сондықтан да бұл мәселе бойынша медициналық
қорытындыларды негізге алу керек дейді. Ұру, соғу, тағы да басқадай түрде
күш көрсету әрекеттерінің барлығына денсаулыққа зиян келтіруге әкеліп
соқтыратынын, көптеген авторларда ұсынған [6, 15-20 бб.]. Көптеген авторлар
денсаулыққа зиян келтіруге жәй ұруды, соққы беруді немесе басқадай
кішігірім зорлық әрекеттерін жатқызбайды [7, 6-14 бб.]. Бұл пікір
біржағынан алғанда дұрыс та сияқты, өйткені заңда белгіленген дәрежеге сай
келмейтін, қауіптілігі шамалы, жеңіл-желпі ұрып соғу, қол тигізудің
барлығы, онша елеусіз болғандықтан денсаулыққа зиян келтіруге жата
бермейді. Сондықтан да мұндайларды заң назарға алмайды.
Қазіргі қылмыстық-құқықтық әдебиеттерде, дене жарақатын салу деген
ұғымға, бір адамның құқыққа қарсы келіп, екінші адамның еркінен тыс, оның
денесінің анатомиялық тұтастығын бұзуын, тәні мен органдарының
физиологиялық функциясына сырттай әсер ету факторлары арқылы денсаулығына
зиян келтіру деп есептеліп жүр [8, 34-41 бб.]. Міне, осы айтылған
жағдайлардан келіп, мынандай қорытынды шығаруға болады. Ұру, сабау, тағы
басқа да күш көрсету әрекеттері, айналып келгенде адам денесіне ауыртпалық
әкелумен байланысып тұрса да, бірақ, денсаулықтың бұзылуына, ағзалардың
физиологиялық қызметінің шайқалуына әкеліп соктырмайтын болса, онда ол
денеге жарақат салуға жатқызылмайды [9, 10-12 бб.]. Мұндай іс-әрекеттерді
істеу жеке қылмыс құрамын түзуі мүмкін. Міне осы көзқарастардан келіп
денеге жарақат салудың ауырлығын анықтау жөніндегі Қазақстан Республикасы
денсаулық сақтау комитетінің 1998 жылғы 4 мамырдағы "Денсауылыққа зиян
келтірудің ауырлататын сот-медициналық бағалау жөніндегі" №240 бұйрықпен
бекітілген Ереже, ұрып-соғудың денені зақымдаудың ерекше түріне жатпайтынын
атап көрсетті [10].
Қазақстан Республикасындағы "Денсаулыққа зиян келтірудің ауырлығын, сот
медициналық бағалау жөніндегі" туралы "Ережеге" карап отырып мынаны да
байқауға болады. Адам денсаулығының бұзылуы, ол бойынша зәбір шеккен кісі
кем дегенде 7 күн ауру жағдайында болуға тиіс. Сонда ғана денсаулық бұзылды
деп есептелетін сыңайлы. Ал, зәбір шегуші 7 күннен кем уақыт ауырғанда
қалай болады? Бұл жағдайда денсаулыққа зиян келтірілмеді деп айтуға бола
ма? "Ережеге" сүйенсек, онда алты күннен астам уакытта денсаулықтың
бұзылуына әкеліп соқтырмаған, бірақ нақты болған жағдай, денсаулыққа зиян
кетірілмеген жағдай деп есептелінуге тиіс. Алайда, мұндай жағдайды дұрыс
есептеуге ауыз бармайтын секілді. Сол сияқты, осыған байланысты бірсыпыра
елдердің қылмыстық кодекстеріндегі бұл сөйлем тіркестерін сәтті шыққан деп
айта алмаймыз. Өйткені, оларда аурудың дәл мерзімі көрсетілмеген және
денсаулықтын қысқа мерзімді бұзылуы мен еңбек етуге қабілеттің тұрақты,
бірақ қысқа мерзімді бұзылуы деген ұғымдардың да аражіктері нақты ашылмай
қалып отыр. Сонымен қатар мынаны да айта кеткеніміз жөн. Бірсыпыра ТМД
елдердің қылмыс кодекстеріндегі баптарда бір күннен астам уақытта денеге
жарақат салудан денсаулықтың бұзылуы үшін оны жасаған адамның
жауапкершілігін белгілейтін заңдылық норма белгіленуге тиіс. Ал кейбір
баптарда денсаулықтың бұзылуы болмаса, онда дененің жарақаттануы да
болмаған деген ұғымды кодекстен алып тастаған жөн.
Жалпы, денсаулыққа зиян келтіру деген түсінікті пысықтау мәселесі едәуір
дәрежеде күрделі болып табылады. Сонымен қатар бұл мәселе тек қана заң
әдебиеттерінде ғана емес, сол сияқты сот-медициналық әдебиеттерде де
"денеге зиян келтіру" деген түсініктің әр түрлі түсіндірілетінімен де
қиындық туғызады. Күнделікті қызметте сот-медициналық сараптама, іс
жүргізу, әлгінде айтылған "Ережедегі" анықтамаларға сүйенумен келеді.
"Ереже" көптеген елдерде "денеге зиян келтіру" деген түсінікті өздерінше
әртүрлі мағынада колданып жүр. Бірсыпыра елдерде (негізінен ТМД) "Ережеде"
денсаулықка зиян келтірудің себебін "'дене" және химиялық" факторлардың
салдарына жатқызады. Ал, Литва, Эстония сияқты республикалар бұлармен қатар
денсаулыққа зиян келтіру себептеріне сыртқы әсер ретінде "механикалық",
"терминалдық" және "биологиялық" деген терминдерді де қосады.
Ал, Өзбекстан мен Литвада жоғарыда айтылғандардан басқа психологиялық"
факторлардьт да қосып көрсеткен.
Қылмыстық-құқықтық әдебиеттер адам денесінің анатомиялық тұтастығын
бұзатын жәйт, дене жарақатталуының салдарынан болатын құбылыс, - деп
көрсетеді. Бұл тұжырым бір жағынан жәй қарапайым түсінік болса, екінші
жағынан оның дәлдігіне күмән жоқ. Денсаулыққа зиян келтіру деген, ең
алдымен денеге қарсы қылмыс деп есептелінуі керек. Ал, практикада
анатомиялық тұтастықтың бұзылуынан денсаулықтың шайқалуына әкеліп
соқтырмайтын жағдайлар да болады. Немесе керісінше, денсаулықтың бұзылуы
барлық жағдайда бірдей, дененің анатомиялық тұтастығының бұзылуын көрсете
бермейді.
Сонымен, дененің зақымдалуын екінші бір адамның денсаулығына келтірілген
зиян деп анықтаған жөн. Бұл мәселе адам денесінің, немесе оның тканьдарының
бір қалыпты қызмет атқаруын бұзумен бағалануға тиіс. Денсаулықтың
ауытқушылыкқа ұшырауы, адамның психикасына теріс әсер ететіні белгілі. Адам
ағзасының жалпы жағдайына оның психикасының өзгеріске түсуі де ізсіз
калмайтынын ескерген жөн. Окыс оқиғалар, тікелей көзбен көрген немесе
естіген, басылым, кітаптардан оқыған жағдайлар, сол сияқты өмірге қауіп-
қатер төндіріп келе жатқан қорқыныштар, балағаттаулар, қаһар көрсетулер,
жақын адамдардың апат болуы жөніндегі күтпеген хабарлар, т.б. адамдарға
күшті психикалық әсер беруі мүмкін. Мұны жан күйзелісі-қорқыныш, қайғы, ашу-
ыза, өте ауыр жан қиналысы деп айтса да болады. Адам жан дүниесінің мұндай
төтенше тұтқиыл факторларға өзінше жауап беруі, орталық нерв жүйесіне,
жүрек-қан тамырлары, т.б. жүйелері қызметтеріне өте күшті қолайсыздықтар
әкеледі. Міне, осындай жағдайларда аурудың ушығуы, тіпті адамның бір сәтте
ғана дүниеден бас кешіп кетуі (өліп қалуы) де мүмкін [18, 20 б.].
Сот психиатрия оқулықтарында "Бір жағдайда психикалық аурулар алдымен
миға сырқат әкелетін, тікелей ауру қоздырғыш факторлардың әсерінен пайда
болады да содан соң барлық ағзаның ауруға ұшырау процестерін туындатады.
Ал, екінші бір жағдайда психикалық қызметтің бұзылуы салдарынан ағзаның
жалпы сырқатқа ұшырауына, немесе, оның белгілі бір органдарының сырқатка
шалдығуына әкеліп соқтырады. Сондықтан да психикалық сырқат бас миының
басым дәрежеде зақымдануынан туындайтын бүкіл ағзаның ауруы деп
есептелінеді. Бұл ойдың Қырғыз Республикасы Ережесінде көрініс тапқанын
да айта кетуіміз керек. Онда психикалық және инфекциялық факторлар
салдарынан организмнің аурулы жағдайда болуы да, денсауылыққа зиян
келтіруге теңестірілуі қажет деп атап көрсетілген [19, 27 б.].
Осы жоғарыда айтылғандардың бәрі, денсаулыққа зиян келтірудің
медициналық белгілеріне жатқызылады. Алайда, дене жарақатын салуды,
қылмыстық жазаға тартатын әрекет деп түсіну үшін, мұны қылмыстық-құқықтық
мағынада талдауды одан әрі жалғастыра беруіміз керек.
ТМД елдері қылмыс кодекстеріне сәйкес мұндай әрекет, егер ол қоғамдық
қауіпті сипатта болса және құқыққа қарсы болса, онда ол кылмыс деп
есептелінген. Сондықтан да, дене жарақаты түсінігін анықтағанда, оған
қоғамдық қауіпті және құқыққа қарсы келетін белгілерді де қосу керек.
Бірсыпыра авторлар, дене жарақаты деген түсінікке денсаулыққа кінәлі түрде
зиян келтіру (қасақана істеу, немесе абайсыздық) сияқты белгілерді де
қосады.
Біздің пікірімізше, денсаулыққа зиян келтіру деген түсінікке кінәлілік
сәтін кіргізудің кажеті жоқ. Өйткені, есі дұрыс емес адамның әрекетін
(кінәсіз адам ретінде) денсаулыққа зиян келтіру деп түсінуге болмайды.
Мұндай ретте есі дұрыс емес адамға істеген ісі үшін жаза қолданылмайтынын
ескерген жөн. Ал, оның есесіне заңдарда ''есі дұрыс емес жағдайда қоғамға
қауіпті әрекет жасаған адамдарға" медициналық сипаттағы еріксіз емдеу
шаралары қолданылады.
Қылмыстық-құқықтық әдебиеттерде бірсыпыра авторлар денсаулыққа зиян
келтіруді анықтағанда "өлтіру пиғылы болмаған" деген белгілерді де қосуды
ұсынады [11, 162 б.].
Бұл жерде мұндай белгіні қосудың еш кажеті жоқ. Өйткені, бұзақылықта,
тонауда, көлік қылмыстарында, еңбекті корғау ережелеріне байланысты
қылмыстар жүзеге асырылғанда да, денсаулыққа әртүрлі дәрежедегі зиян
келтіріледі. Осы құрамдар үшін де денсаулыққа зиян келтірудің түсінігін
анықтағанда, кінәлінің жәбірленушіні өлтіру пиғылы орын алмаған, деп
тізбектеп көрсетіп жату керек пе? Мұндай анықтама беру, қылмыстық құқық
ғылымына жат көрініс болып табылады. Сондықтанда, денсаулыққа зиян
келтіруді анықтағанда оның қоғамға қауіптілігін, қылмыстық заңға қайшылығын
көрсету жеткілікті болып табылады.
Сонымен, жоғарыда келтірілген әртүрлі ғылыми пікірлерді, көзқарастарды
есепке ала отырып, қылмыстық-құқықтық маңыздағы денсаулыққа зиян келтіруді
адам денесінің анатомиялық тұтастығын немесе оның органдары мен ағзаларының
бірқалыпты кызметін, қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға кайшы түрде бұзатын
іс-әрекет, деп түсінеміз.
Осындай анықтама, денсаулыққа зиян келтіруге қатысты заңдық немесе
медициналық сипаттағы белгілерді тұтастай көрсете алады.
Денсаулыққа зиян келтіру әртүрлі күш колданулардан немесе неше түрлі
сыртқа әсер етулер әсерінен (химиялық, биологиялық, психологиялық) жүзеге
асырылады.
Сонымен, денсаулыққа зиян келтіру туралы түсініктің белгілеріне мыналар
жатады:
Денсаулыққа зиян келтіру ұғымы, денеге жарақат келтіру ұғымынан кең ұғым.
Денсаулыққа зиян келтіруге кез келген адам денесіне жарақат келтіру арқылы
оның органдары мен тіндерінің анатомиялық және функционалдық қызметін бұзу.
Адам организмінің патологиялық күйін әртүрлі механикалық, химиялық,
биологиялық факторлар арқылы бұзу.
Көрсетілген денсаулыққа зиян келтірудің қоғамға қауіпті іс-әрекеттермен
және қылмыстық заңға қайшы, кінәлі түрде жүзеге асырылуы.

1.2 Денсаулыққа зиян келтіруді жіктеу
Қылмыстық кодекс баптарына талдау жасайтын болсақ онда
денсаулыққа келтірілген зиянның жіктеу негіздері болып оның
ауырлық дәрежесі екендігіне ешбір күмән келтірілмейді. Осыған
байланысты қазіргі Қазақстан Республикасының қылмыстық
кодексі денсауылыққа зиян келтіруді ауыр, ауырлығы орта, жеңіл деп
үш түрге бөледі.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ұғымына келетін болсақ, ол занда
былай делінген: "Адамның өміріне қауіпті немесе көруден, тілден, естуден,
қандай да болсын органнан айырылуға немесе органның қызметін жоғалтуға
немесе бет-әлпетінің қалпына келтіргісіз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа
қасақана ауыр зиян келтіру, сондай-ақ өмірге қауіпті немесе еңбек
қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе
кінәліге мәлім кәсіби еңбек қабілетін немесе түсік тастауға, психикасын
бұзуға, есірткімен немесе уытты үмен ауыруға душар еткен, денсаулықтың
бұзылуын тудырған, денсаулыққа өзге зиян келтірген қасақана ауыр зиян
келтіру".
Осы 103-ші баптың 1-ші тармағын талдап, тоқталып өтейік: "Денсаулыққа
келтірген зиянды сот-медициналық бағалау Ережесі" 1998 жылы 4 мамырда
Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау
Министрлігінің денсаулық сақтау комитетінің № 240 бұйрығымен бекітілген.
Осы Ережеге сәйкес:
а) адамның өміріне қауіпті зиянға - миға зақым келтірілместен
бас сүйегіне келтірілген жарақат; бас сүйегінің ашық немесе жабық
сынуы; ауыр дәрежедегі мидың зақымдануы; өмірге қауіпті түрде
миға қан құйылуы; бел омыртқаны ауыр зақымдау; адамның іш
құрылысын, ас қорыту; зәр шығару органдарын жарақаттау, ауыр
дәрежеде күйдіру т.б. жарақаттар келтірулер жатады. Өмірге қауіпті
жарақаттың тізбегі жоғарыда айтылған Ереженің 7-ші тармағында
тұтастай көрсетілген.
б) қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан көруден
айрылу - бұл адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру салдарынан
адам көре алмайтын жағдайта душар болады. Айтып кететін бір
жәйт, адамның көре алмауы емделусіз болуы керек, уақытша көруден айрылу
ауыр дене жарақатының элементі болмайды, яғни ол орташа ауырлықтағы дене
жарақаты болып табылады.
Бір көздің көруін жоғалту ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Бір
көздің көруінен айрылу салдарынан адам көзінің көруінің шеңбері 30 %
тарылады және бинокулярлық көрудің бұзылуына әкеп соғады, ал мұндай
жағдайлар кейбір кездері белгілі бір нәрселерді нақты қабылдау қабілеттігін
қиынға соқтырады немесе көрудің мүмкіншілігін түпкілікті жоғалтады. Себебі,
бір көзден айрылған адам тек мамандық түрін таңдағанда емес, сонымен қатар
дем алу кездерінде де қиыншылықты басынан өткереді, ол кейбір кездері
бақытсыздық жағдайлардың объектісі болуы да мүмкін. Сондықтан да көздің
көруі қабілетінің 35% мөлшерінде жоғалту немесе 2 метр қашықтықта бармақтың
саның көре алмауы денсаулыққа ауыр зиян келтіреді деп есептелінеді және
ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады.
в) қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан тілден айырылу -
сөйлеу қабілетін, ол ойын айналасындағыларға түсінікті түрде
біріккен дыбыстармен жеткізу қабілетін бір жола жоғалту. Дауысын
жоғалту салдарынан, яғни афония жағдайында адам өзінің ойларын
тек қана сыбырлап жеткізе алады. Мұндай жағдайлар адамның
еңбек ету қабілеттілігін 25% мөлшерінде жоғалтуына әкеп соғады.
Сөйлей алмау нәтижесінен адам қоғамдағы қатынастарға активті
түрде қатыса алмайды, барлық уақытта өзінің бір кемшілігінің бар
екенін сезінеді, адамдармен сөйлесуден аулақ жүреді, сондықтан да
тілден айырылу адам денсаулығы үшін орасан зиянды болып
табылғандықтан, ауыр дене жарақаты ретінде есептелінеді.
г) қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан естімей қалу
деп мүлде айықпайтын кереңдік және зардап шегуші қатты
айтылған сөзді өте жақын жерден құлағынан 3-5 см аралық
қашықтықта айтқанда ғана ести алатындай жағдайда қалуы. Жалпы есту - адам
организмінің сезім органдарының бірі. Күнделікті қарым-қатынас, жұмыс, дем
алу уақыттары, теледидардан, радиодан хабар алу, есту сезімімен тығыз
байланысты. Екі құлақтың есітпей қалуы - ауыр дене жарақаты ретінде
есептелінеді. Бір құлақтың есітпей қалуы - жалпы еңбек қабілетінің 15
процентін, яғни кемінде үштен бірін жоғалту емес, сондықтан ол денсаулықтың
бұзылуына әкеп соққан жеңіл жарақат деп бағаланады.
д) кандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметін
жоғалтуға - аяқтың, қолдың физикалық тұрғыда денеден айрылып қалуын немесе
паралич қалпында қалуы жатады және бұл жағдай ауыр дене жарақаты ретінде
бағаланады. Жыныс қатынастарының қабілетін жоғалту, екі ені де зақымданып,
оларды алып тастауға әкеп соғуы, сондай-ақ бала табу қабілетінен айырылу
тұқымдылық қабілетінен айырылу деп саналады да ауыр дене жарақаты қатарына
жатады.
е) сот-медицинасы тәжірибесінде беттің жаралануы тым жиі кездеседі. Бет
жарақатын бағалау кезінде бір қатар факторларды: жарақат салған кезде оның
адам өміріне қауіптілігін (ми шайқалуы т.б.) сезім мүшелерінің зақымдауын,
және бет пішінінің қалпына келмейтіндей болып бұзылуын ескеру керек. Бет
сиқының бұзылуы туралы мәселені сот шешеді. Бет жарақатының жазылуы
дегеніміз - тыртық көлемінің кішіреюі, табиғи жағдайлардың нәтижесінде
олардың өзінің өзгеруі, мысалы, тыртықтардың әжімдерге, мойын қыртыстарына
және т.б. ұқсап тұруы болып табылады, сондай-ақ консервативтік емдеу
әдістерінің нәтижелері де осыған жатады. Ал егер консервативтік емдеу жақсы
нәтижеге жеткізбей, зақымданушыға косметикалық операциялар жасалса, жарақат
операцияның нәтижесіне қарамастан қалпына келмейтін жарақат деп қаралады да
ауыр дене жарақатына жатады, өйткені мұндай жағдайда орын алатын іш құса
болып қатты қайғыруға бет пішінінің бұзылуы ғана емес, адамның қоғаммен
байланысының бұзылу қаупі де негіз болады.
и) еңбек қабілетін кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалту деп - жалпы
еңбек қабілеті, мамандықты талап етпейтін еңбекке қабілеттілік айтылады.
Еңбек қабілетін үштен бірін жоғалту зардап шеккен адамның жалпы еңбек
қабілеті мен оның жоғалтылу көлемін онша өзгертпейтін жарақат зардаптарының
біршама жақсаруы организмдегі өзгерістермен бірге байланысты. Еңбек
қабілетін жоғалту тек тұрақты болады. Жалпы еңбек қабілетінің 33% мөлшерін
жоғалту ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Кәсіптік еңбек қабілетін
жоғалтуды анықтау зардап шеккен адамның кәсіптік еңбек қабілетінен айыруға
ниеттенгендік анықталатын жағдайларда тергеушінің қаулысы немесе сот
қаулысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Еңбекке қабілетті адамның еңбек
қабілетін жоғалтуына апарып соғатын жарақаттар жас балаға, қарт адамға,
кәмілетке толмаған жасқа, бірінші топтағы мүгедекке, яғни еңбекке жарамсыз
адамдарға салынуы мүмкін. Мұндай жағдайларда дене жарақатының қаншалықты
ауыр екенін анықтағанда мыналар негізге алынады: 1) балалардың кейін ол 16
жасқа толғанда еңбек қабілетін қандай дәрежеде жоғалтқаны көрсетіледі; 2)
мүгедек адамның алынған жарақатқа байланысты еңбек қабілетін бір жола
жоғалтуы дені сау адамдардікі сияқты анықталады, яғни мүгедектігімен тобы
ескерілмейді.
к) егер келтірілген зақымдардың салдарынан түсік болса, екі қабат
екендігінің мерзіміне қарамастан, ол ауыр дене жарақатына жатқызылады. Бұл
орайда арнайы акушерлік-гинекологиялық зерттеулер арқылы түсіктің зардап
шегуші организмінің жеке ерекшеліктеріне, яғни аурулығына немесе ішкі жыныс
мүшелерінің жетілмегендігіне байланысты емес, қайта оған дене жарақатының
тікелей себеп болғаны анықталуға тиіс.
ж) жарақат алуға байланысты іш құса болу (психикасының бұзылуы)
ауыр дене жарақатының белгісі болып табылады. Мысалы: бас сүйек жарақатына
байланысты пайда болатын қояншық (эпилепсия) осындай ауру. Іш-құсаның
диагнозын қою жоне оның себебі жарақат алуға байланысты екенін анықтау сот-
психиатриялық сарапшының құзіретіне жатады.
з) есірткі мен немесе уытты умен ауруға душар еткен денсаулықтың
бұзылуын тудырып денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру. Бұл есірткі немесе
уытты у арқылы адамды соған душар етіп оған ауыр дене жарақатын келтіру
болып табылады.
Қылмыстық кодекстің 104-ші бабында көрсетілген қылмыстың денсаулыққа
қасақана ауыр зиян келтіруден өзгешелігі келтірілген зиянның дәрежесінде.
Ауыр зиянға қарағанда орташа ауырлықтағы зиян келтіру мынадай өзіндік
белгілерімен: 1) адамның өміріне қауіптіліктің болмауынан; 2) кодекстің 103-
ші бабында көрсетілген зардаптарға әкеп соқпауынан; 3) денсаулықтың ұзақ
уақытқа бұзылуынан; 4) жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін
айтарлықтай тұрақтай жоғалтуға әкеліп соғумен сипатталады. 3 аптадан (21
күннен өрі) артық уақытқа уақытша еңбек қабілетін жоғалту денсаулықтың ұзақ
уақытқа бұзылуы, ал жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін (10 нан 30
% ) жоғалту тұрақты жоғалту деп танылады.
Қылмыстық кодекс денсаулықтың қысқа уақыттық бұзылуына немесе жалпы
еңбек қабілетін айтарлықтай емес тұрақты жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа
қасақана жеңіл зиян келтіру - үшін жауаптылық белгіленген. Ұзақтығы 6
күннен 21 күнге дейінгі уақыт аралығындағы денсаулыққа келтірілген зиян
денсаулықтың қысқа уақытқа бұзылуы, ол жалпы еңбек қабілетінің 10%
дейінгісін жоғалту айтарлықтай емес тұрақты жоғалту деп танылады. Осы
көрсетілген белгілердің әрқайсысы аяқталған жеке қылмыс құрамдары болып
танылады.
Келтірілген зиянның дәрежесіне қарай денсаулыққа қарсы қылмыстарды
осындай үш топқа бөлу әділдікке қол жеткізе алады, іс-әрекеттің қоғамға
қауіптілік дәрежесіне қарай кінәліге жеке дара жауаптылық белгілеуге
мүмкіндік береді.
Денсаулыққа келтірілген зиян мөлшерін анықтауда қылмыстық-құқықтық
әдебиеттерде әртүрлі пікір, көзқарастардың орын алғанын атап өткен жөн.
Кейбір криминалистер дене жарақатын жіктегенде экономикалық белгілерге
басымдық бергенді дұрыс деп табады. Н.В.Владимировский, "денсаулықтың
бұзылуына әкеліп соқтырған" және "соқтырмаған" анықтамалар жайлы "бұл
түсініктер мүлдем негізсіз" дей келіп, объективті және бір ғана белгі
есебінде түрлі жарақаттану дәрежелеріне карай үш топтың біріне міндетті
жататын еңбек қабілеттілігін жоғалтулы ұсынады [12, 23-26 бб.].
Еңбекке қабілеттілікті жоғалтуды пайыздық өлшеммен анықтаудың
қиындығына, оның арифметикалық түсінігінің ғылымға сәйкес келмеуіне
байланысты кейбір авторлар дене жарақатын жіктейтін белгілердің бірі
ретінде ''еңбек қабілетін жоғалтуды" жалпы қолданудан алып тастауды да
ұсынады. М.И.Федоров дене жарақатының ауырлық дәрежесін анықтағанда
экономикалық белгі көптеген жағдайда анатомиялық-патологиялық белгіге
карама-қайшы, сондықтан ол қолдануға жарамсыз деді [13, 198 б.].
Сол сияқты И.С.Цой да еңбек қабілетін жоғалту белгілері біздің заңымызға
негізсіз енгізілген, ол зардап шеккен адамның қорғалуына тиісті дәрежеде
жауап бере алмайды. Себебі біріншіден денсаулыққа қарсы қасақана әрекет
салдарынан болған жарақаттың ауырлық дәрежесін анықтауды жіктеуде ғылыми
негізделген мәліметтері болмағандықтан, екіншіден дене жарақатын жіктеу
белгісінде еңбек қабілетін жоғалту сол дене жарақатын келтірген кінәлі
адамның кінәсін, жазасын дұрыс та әділ шешуге толық негіз бола алмайды.
Өйткені, зардап шеккен адам өзінің денсаулығына, еңбек қабілетіне
келтірілген зиянды сол сәтте жіктеп біле алмайды және онын зияндылық
дәрежесін алдын-ала болжау да қиын дейді [14, 77 б.].
Осы мәселелер бойынша медицина саласындағы ғалымдар әр түрлі көзқарастар
білдірген болатын. Мысалы, П.Молоденков, И.Скопиндер еңбек қабілетін
жоғалту белгісі ''жалпылама мойындалған бірақ, солай бола тұрса да ол
жалғыз дара емес. Өйткені, ол денсаулықтың бұзылу түсінігін толығынан
талдап бере алмайды" деп есептейді [15, 27 б.]. Осыдан келе олар
анатомиялық-патологиялық белгіге артықшылық берісті.
"Ережеде" денсаулықка зиян келтіру ауырлығы туралы қорытынды жасау үшін
мына төмендегі жіктеу белгілерін қолдану ұсынылды. Олар: жарақаттанудың
өмірге қауіптілігі, ауру процесінің ауырлығы мен ұзақтығы; нақты жарақаттың
ауыр із қалдыруы; еңбек қабілеттілігін жоғалту дәрежесі. ТМД елдерінде
қолданылып жүрген "Ережелерде" келтірілген жарақаттарды (денсаулықты бұзу
және өмірге қауіптілігінен басқа да) дене жарақатына жатқызу белгісі
ретінде дене жарақатының санатына - органды жоғалту немесе органдардың өз
қызметтерінен айырылуы, үзіліп қалған жүктілік, т.б. салдарды еске алуды
ұсынады.
Ежелден белгілі болғанындай, денсаулыққа зиян келтірудің объектісі-
екінші бір адамның денсаулығы болып табылады. Сондықтан да денсаулыққа ауыр
зиян келтірудің жіктелу негізіне денсаулыққа келтірілген зиян дәрежесін
жатқызу керек. Яғни айтқанда, зиян дәрежесін анықтау барысында ең алдымен
жарақаттың денсаулыққа зияндылық әкелетін негізгі мәнді белгілерін
басшылыққа алған жөн.
Кейбір ТМД елдерінің "Ережелері" осы пікірді қолдайтынын көріп жүрміз.
Осы ережелерде әртүрлі дәрежедегі еңбек етуге қабілеттілігін тұрақты түрде
жоғалту, денсаулықтың ұзақ мерзімге немесе қысқа уақытқа бұзылуы
денсаулыққа келтірілген залалдың салдары деп түсіндіріледі. Аталып отырған
көзқарас сот медицинасы оқулығында: жарақаттану ауырлығы дәрежесін
анықтаудың негізгі факторлары - өмірге қауіптілігі және денсаулыққа
келтірілген зияны болып табылады. Ол былай сипатталды: 1.Қандай бір
болмасын дәрежедегі еңбек ету қабілетін тұрақты жоғалту, 2. Денсаулықтың
ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді бұзылуы. Көрініп отырғандай барлық
"'Ережелер" денсаулық бұзушының ұзақтығын анатомиялық-патологиялық
белгілердің көрсеткіші деп табады. Солай бола тұрса да осы "Ережелердің"
өзі "денсаулық бұзушуының ұзақтығын әр түрлі түсінеді". Ол ТМД елдерінде әр
түрлі. Біреулерінде, егер, денсаулықтың бұзылуы үш аптадан асса, онда оны
орташа дәрежедегі жарақаттану деп түсіндіреді. Ал, енді біреулерінде екі
аптадан асса, соның өзі оншалықты ауыр емес деп көрсетіледі.
Медициналық мұндай түсініктегі әрқилы түсінікке жол беруге болмайды.
Денсаулыққа келтірілген зиянның көп нысанына байланысты сот-медицина
және сот, тергеу практикасында кейбір жағдайларда денсаулыққа келтірілген
залалдың мөлшерін тек қана анатомиялық-патологиялық белгіні пайдаланып
анықтау мүмкін болмай калады. Мұндай жағдайда қосымша экономикалық белгі
көмекке келеді, экономикалық белгі анатомиялық-патологиялық белгіге тек
қана кайшылык туғызып қоймайды, кайта ол оны толықтыра түседі. Дене
жарақатының нақты анатомиялық-патологиялық белгісі болмаған жерде, онда
еңбекке қабілеттілікті тұрақты жоғалтуға байланысы бар, денсаулықтың
бұзылуына әкеліп соктырған басқа түрлері қолданылады. Мысалы: анатомиялық-
паталогиялық белгілер бойынша қолдың немесе саусақтардың жоғалуы немесе
оның қызметінің тоқтатылуы [16, 20-24 бб.].
Денсауылыққа келтірілген зиянның ауырлығын анықтау барысында қылмыстық
заң екінші бір белгі - эстетикалық белгіні пайдаланады. Бұл аталған белгі
зардап шегушінің өзіне келтірілген зақымнан бет әлпетінің бұзылуын (егер ол
бұрынғы қалпына келтіруге келмейтін болса) анықтауға мүмкіндік береді.
Денсаулыққа зиян келтірудің дұрыс жіктелуі үшін жалпы белгі ретінде кінә
түрі де пайдаланылады. Қылмыс кодексінің субъективті жағында барлық дене
жарақаттанулары қасақана, абайсыздық деп бөлінеді. Бұл белгілер мына
мағынада маңызды: денеге қасақана жарақат салу, абайсыздықта қарағанда
қоғамға үлкен қауіп әкеледі. Бұл жерде олардың бірдей дәрежеде болғаны
есепке алынбайды.
Денсаулыққа ауыр зиян келтіру : ауыр, орта және жеңіл деп бөлінеді және
олар жай (карапайым), сараланған, жетілдірілген түрлері бойынша деп
тармақтанады. Мұның қарапайым түрі - денсаулыққа келтірілген зиянның
мөлшерімен ерекшеленеді. Ал, жетілдірілген түрі - денсаулыққа ауыр, орташа,
жеңіл зиян келтіру деп әртүрлі жеке белгілерге бөлінеді.
Алайда, ТМД елдерінің көпшілігіндегі қылмыстық кодексі ауыр дене
жарақатын келтірудің сараланған белгілерін карастырған. Олардың
кейбіреулері өз ерекшеліктерімен дараланады.
Денсаулыққа зиян келтіруді жіктеу зиян келтіру субъектілер бойынша да
өзара бөлінеді. Денсаулыққа зиян келтіру субъектілері жай немесе арнаулы
субъектілері болып екі түрге бөлінеді. Қылмыстық кодекстің 113-бабындағы
ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін
алуға мәжбүр ету, медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше
орындамауы (114 бап); медицина қызметкерлерінің сол сияқты тұрмыстық қызмет
көрсету ұйымы қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы
салдарынан басқа адамға ВИЧЖҚТБ-на жұқтыруы (116 бап 4 бөлігі); заңсыз
аборт жасау (117 бап); науқасқа көмек көрсетпеу (118 бап); психиатриялық
стационарға заңсыз орналастыру (127 бап); азаматқа ақпарат беруден бас
тарту (154 бап); бала асырап алу құпиясын жария ету (135 бап) құрамдарының
субъектісі арнаулы субъектілер болады. Осындай арнаулы субъектілердің
қоғамға қауіпті іс-әрекеттерінен әртүрлі дәрежедегі денсаулыққа зиян
келтірілуі мүмкін. Ол туралы кейінгі тарауларда айтылады.
Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінде қасақана ауыр және орта дене
жарақатын салуды екі түрге бөле келіп мынандай жеңілдік жағдайларды
карастырады: 1) кенеттен пайда болған жан күйзелісі жағдайында ауыр және
орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтіру, мұндайда жәбірленуші тарапынан
заңға қарсы келетіндей күш көрсету, қорлау немесе ауыр балағаттап, намысқа
тию немесе моральға жат әрекеттер болса, 2) кажетті қорғаныс шегінен асып
кеткен жағдайда ауыр дене жарақатын келтіру; 3) қылмыс жасаған адамды ұстау
кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру.
Тәуелсіз мемлекеттердің 1926-1935 жылдардағы қылмыстык кодекстерінің
казіргі колданыстағы қылмыстық зандылықтардан айырмашылығы бар. Мысалы,
1926жылғы РСФСР қылмыстық кодексінің 142-бабында қасақана ауыр дене
жарақаттарына: көзді, естуді немесе басқа бір органның жоғалуы; бет
әлпетінің бұзылуы; жан күйзелісі ауруы немесе еңбек қабілетінің едәуір
жоғалуына әкеліп соққан басқадай денсаулықтың бұзылуы жатқызылды. 1926
жылғы қылмыстық заң бойынша қауіпті емес түрдегі қасақана денеге жеңіл
жарақат салған әрекетіне жауаптылық жүктелінбейтіні. Абайсызда ауыр және
орташа дене жарақатын салғаны үшін кейбір мемлекеттерде жауаптылық талап
етіледі. Мұны өте дұрыс шешім деп тапқанымыз жөн. Өйткені, кінәнің
абайсыздық түрінде де тек қана жеке адамның мүддесіне елеулі түрде зиян
келтіріліп коймайды, сонымен катар қоғамға да түгел нұқсан келтіріледі.
Сонымен, қазіргі қолданылып жүрген қылмыстық заңға сәйкес денеге ауыр
жарақат салудың түсінігі мен оның түрлері төмендегідей.
Жалпы, денеге жарақат түсіру, деп басқа адамның денсаулығына қасақана
заңсыз түрде немесе абайсыз түрдегі ұлпалардың анатомиялық біртұтастығын
бүлдіру жолымен немесе басқа жолымен оның ағзаларының дұрыс жұмыс істеуін
бұзу арқылы зиян келтіруді айтамыз.
Ал, ауыр дене жарақаттарының өзі мынандай түрлерге бөлінеді: 1) денеге
қасақана ауыр зиян келтіру (113 бап); 2) денсаулыққа жан күйзеліс
жағдайында зиян келтіру (108 бап 2-ші тармағы); 3) кажетті қорғаныс шегінен
шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (113 бап); 4) денсаулықка
абайсызда ауыр зиян келтіру (111 баптың 1-ші және 2-ші тармағы). Сот
медициналық көзқарастары бойынша денсаулыққа зиян келтіруді анықтау үшін
оның бір белгісі болуы жеткілікті.
Денсаулыққа ауыр зиян келтірудің белгілері болып: 1) өмірге қауіптілігі;
2) өмірге қауіптілігі шамалы, бірақ әртүрлі әсер етудің салдарынан
денсаулыққа ауыр зиян келтірілгендігімен; 3) көру немесе есту органынан
айырылу немесе органның осы функцияларын жоғалтуы; 4) жан күйзелісі ауруы
(психиканың бұзылуы); 5) түсік тастау; 6) жалпы еңбек қабілеттіліктің ең
кем деген де үштен бірінен (33 және одан жоғары) тұрақты айырылуы; 7)
есірткі жөне уытқұмарлық дертімен ауыруы; 8) бет әлпетінің калпына
келтіргісіз бұзылуы.

1.3 Шет мемлекеттердің қылмыстық заңнамасы бойынша денсаулыққа қасақана
ауыр зиян келтіру үшін қылмыстық жауаптылық ерекшеліктері
Халықаралық нормативтік құқықтар мен Қазақстан Республикасының
Конституциясы жеке адамды ең жоғарғы әлеуметтік құндылық ретінде таниды.
Оны қорғау мемлекеттің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың өзіндік белгілерін ашып көрсету
Өмір мен денсаулыққа қарсы қылмыстар
Қылмыстық құқықтық пәні, түсінігі
Жеке адамның денсаулығына қарсы қылмыстардың түсінігі және жіктелуі
Жеке адамға қарсы қылмыс
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің криминологиялық сипаттамасы
Жеке адамға қарсы қылмыс ұғымы және олардың түрлері
Жеке адамға қарсы бағытталған қылмыстардың ұғымын ашып көрсет
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ АДАМ ӨМІРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ
Қылмыстық құқықтық пәні
Пәндер