Ес туралы жалпы мәлімет


Жоспар
1. Ес туралы жалпы түсінік.
2. Ес түрлері.
3. Ес процестері.
4. Ес теориялары.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Ес дегеніміз - адам тәжірибесін есте тұту, сақтау және қайта жаңғырту жолымен бейнелендіру.
Ес қабылдау актісінің өзіне де қатысады, өйткені танусыз қабылдау мүмкін емес, зат қабылдаудың қатыссыз қайта жңғырып жатқанда ес қабылдаумен қатыссыз қайта жаңғырып жатқанда ес қабылдаумен байланысы жоқ, дара психикалық процесс ретінде көрініс береді.
Естің негізінде ассоцациялар немесе байланыстар жатады. Ақиқат дүниедегі бір - бірімен байланысты зат немесе құылыстар адамның есінде де байланысын сақталады. Бұл заттардың біреуімен кездесіп ассоцация бойынша онымен байланысты басқасын еске түіре аламыз.
Физиологиялық жағынан алғанда ассоцация уақытша нервтік байланыс болып саналады. Ассоцациялар қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайымына аралас, ұқсастық, қарама - қарсылық жөнінен үш түрлі ассоцацияға жатқызылады.
Ұқсастық жөніндегі ассоцация ұқсас сипатты екі құбылысты біріктіреді, оның біреуінің аталуы екіншісін еске түсіреді.
Қарама - қарсылық ассоцация қарама - қарсы екі құбылысты байланыстар.
Ес түрлері.
Есте қалдыру және қайта жаңғырту үшін жұмсалынатын әрекеттердің сипатына орай естің әр түрлі келесі негізгі үш өлшемге сәйкес олуы шарт: 1) Әрекеттегі басымдау болған психикалық белсенділіктің сипаты бойынша ес - қозғалысты, сезімдік, бейнелі сөз логикалы болып бөлінеді; 2) іс әрекет мақсатына орай ес ырықты және ырықсыз болуы мүмкін; 3) дүниелік іс - әрекеттегі рол мен орнына тәуелді жатталып, сақтау мерзімінің мөлшеріне байланысты - қысқа мерзімді және нақты қызметтік естер ажыратылады.
Қозғалысты ес - әрқилы қимыл - қозғалыстар мен олардың бірлікті жүйесін есте қалдырып, сақтап және қайта жаңғырту . кейбір адамдарда осы ес түрі басқаларынан гөрі басымдау келеді. ондайлар мысалы, музыкалық шығарманы дауыспен қайталай алмаса да, бимен көрсетуге шебер. Ал кей біреулердің қозғалысты ес тіпті шабан. Бұл ес түрінің әрқандай еңбектің дағдылары қалыптастыруда, балалардың жүру, жазу әрекеттерінің қалыпқа түсуінде және т. б. маңызы өте үлкен. Қозғалысты ес болмағында, біз қажетті әрекетпен қимылдарымызды әрдайым жаңадан үйреніп баруымызға тура келеді.
Сезімдік ес - әдетте қажеттеріміз бен қазаулардың, қоршаған ортамен қоршаған ортамен қатынасымыздың қаншалықты тиімді не зиянды, ұнамды не жағымсыз орындалып жатқанын көңіл күйімізбен танытамыз. Осыдан, көңіл - күй есі адам өмірі мен іс - әрекетінде өте үлкен маңызға ие. Басымыздан өтіп, есімізден сабақталған сезімдер әрқашан бізді әрекетке ынталандырады немесе өткендегі жағымсыз әсерлерге тап келтіретін оқиғалардан сақтандырады. Сізбен қатысқан адамның көңілін аулау, оқыған кітабыңыздың кейіпкерімен қоылып, толғанысқа түсіңіз, осы сезімдік осы сезімдік еске негізделген.
Бейнелі ес - елестерге, табиғат көріністеріне, сонымен бірге дыбыстар, дәмге негізделген жад іздері . Ол көру, есту, сипай сезу, иістік және дәмді болып бөлінеді.
Егер көру, естері естері әрбір жеке дамыған болса, онда сезімдік, иістік пен дәмді естер адамның кәсіптік қасиеттеріне жатады. Сәйкес түйесіктер сияқты мұндай ес түрлері іс - әрекет шарттарына орай қарқынды дамы, кейде кемшілігі болған ес түрлерінің орнын толықтыруда керемет деңгейлерге көтерілуі мүмкін. Мысалы соқырдың дүниемен сезіну, естігіштігі ал кереңнің көргіштігі, иіскей, жанаса сезгіштігі т. б.
Сөздік логикалы (мағыналы) ес мазмұнына біздің ай өрісіміз кіреді. Ой тілсіз өрнектелмейді, сондықтан ай тек мағыналық ғана болмай, сөзді логикалық болатын осыдан. Сөзді логикалы ес басқа ес түрлерінің дамуына арқа сүйей отырып, оларға, жетекшілік етеді және өз дамуымен олардың жоғары деңгейге көтерілуіне ықпалын тигізеді. Оқу процесіндегі шәкірттің білім игеруі мен топтауы, негізінен осы мағыналық еске байланысты.
Іс - әрекет мақсатына байланысты ес - ырықты, ырықсыз болып бөлінеді.
Ес- адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады. Ертедегі грек философы Аристотель әр түрлі нәрселер мен бейнелердің есте әсерлену (яғни сақталу) сипаттарын үш топқа бөледі:
а) әсерленген нысанның белгілі бір кеңістік пен уақытқа ұштаса қабылдануы;
ә) әсерленген нысанның басқа бір нысанға өзара ұқсастығы;
б) олардың бір-бірінен айырмашылығы мен қарама-қарсылығы.
Осыған орай ол нәрселер мен бейнелердің есте ассоциациялануы түрлерін алғаш зерттеп тұжырымдады:
1) аралас не іргелес ассоциациялар (мысалы, түс - сары) ;
2) ұқсас ассоциациялар (мысалы, қарындаш, дәптер) ;
3) қарама-қарсы ассоциациялар (мысалы, ақ - қара; ұзын - қысқа) .
Естің физиологиялық сипатын орыс физиологы И. П. Павлов зерттеді. Ол ассоциацияларды шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп атады. Қазақ ғұламасы Абай ес туралы “Отыз бірінші сөзінде”: “Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: бірінші - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші - сол нәрсені естігенде иә көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, ынтамен ұғу керек; үшінші - сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселді нәрселерден қашық болу керек”, - дейді. Ес адамның әр алуан іс-әрекеттерімен байланысты болып, тіршілікте аса маңызды қызмет атқаратын болғандықтан, оның түрлері мен көріністері де әр қилы. Психикалық белсенділік сипатына байланысты ол қимыл-қозғалыс есі, эмоциялық-сезімдік ес, бейнелі-көрнекілік ес және сөздік-мағыналық (логикалық) ес болып бөлінеді. Іс-әрекеттің мақсат сипатына қарай ерікті ес, еріксіз ес болып бөлінеді. Адамның ақпаратты қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай қысқа ес және ұзақ мерзімді (түпкілікті) ес, сондай-ақ, шұғыл ес болып бөлінеді. Естің кейбір түрлері арнайы аспап - мнемометр арқылы өлшенеді. Қимыл-қозғалыс есі дегеніміз - ойын, спорт, еңбек, оқу әрекеттеріне байланысты әр түрлі қимыл-қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыру. Эмоциялық ес бойынша адам басынан кешіргендерін еске түсіргенде бозарады не қызарады. ґйткені, оның басынан өткен әр алуан жағдайлар оған күшті әсер етіп, эмоциялық күйге ұшыратады. Бейнелі-көрнекілік ес заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, нақты бейнесін ойда қалдырып, қайта жаңғыртуда айқын көрініс береді. Естің бұл түрі арқылы табиғат көрінісі, бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм жаңғыртылады. Егер қалыпты дамыған адамдар үшін есту есі мен көру есінің маңызы зор болса, ал соқыр, саңырау адамдарда мұның есесіне сипау, иіс, дәм естері өте жақсы дамып, басқа естердің кемістіктерін толықтырады. Бейнелі ес, әсіресе, көркемөнер кәсібімен шұғылданатын адамдарда жоғары әрі өте нәзік түрде дамыған. Сөздік-мағыналық (логикалық) ес ұғым, пікір, ой қорытындылары сияқты түрлі пішімдер арқылы із қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса да тілмен, сөзбен байланысты. Естің бұл түрінің сөздік-мағыналық (логикалық) деп аталуы да сондықтан. Сөздік-мағыналық ес оқушылардың білім жүйесі мен оқу материалдарын есте сақтауында жетекші мәнге ие. Естерді ерікті ес және еріксіз ес деп бөлу орындалуға тиісті әрекеттердің маңыздылығы мен қажеттілігіне байланысты. Белгілі мақсат қоймай-ақ, арнайы есте қалдырмай-ақ есте сақтау мен жаңғырту, еске түсіру еріксіз ес деп аталады. Егер мақсат қоятын болсақ, онда бұл ерікті ес болады. Қажетті материалдар мен нәрселерді есте сақтау үшін адам тиісті әдіс-тәсілдер қолданып, оны қалай да жадында қалдыруды мақсат етеді. Бұл сол әсер еткен нәрселер ізінің есте берік қалуы деп аталады. Мұндай жағдайда осыдан біршама уақыт бұрын қабылдаған нәрселердің бейнесі адамның көз алдына елестеп, құлағына дауысы естіледі. Естің бұл түрі қысқа мерзімді ес деп аталады. Психология ғылымында қысқа мерзімді ес “шұғыл” ес (түрлі амал-тәсілдер есі) деп аталады. Ал түпкілікті ес қабылдаған нәрселерді, құбылыстарды олардың белгі-қасиеттерін ұзақ уақыт бойы есте қалдырады. Түпкілікті есте қалдырудың тағы бір ерекшелігі - әсер еткен нәрселердің ұзақ мерзімге созылуына және адамның арнайы мақсатына да қатысты болуы. Ес түрлері бір-бірімен өзара байланысты. Мысалы, сөздік-мағыналық ес мағыналы болумен бірге еріксіз не ерікті де болады. Сондай-ақ, ол қысқа мерзімді не түпкілікті болуы да мүмкін. Ес бірнеше дара процестерден тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту. Есте қалдыру дегеніміз жаңадан қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақталғандармен байланыстырып отыру. Есте қалдыру арнайы есте қалдыру, еріксіз есте қалдыру болып екіге бөлінеді. Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнайы мақсат қоймайды. Ал арнайы есте қалдыру үшін мынадай шарттар қажет:
1) арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу;
2) Есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәнінің адам қажетіне байланысты болуы;
3) Есте қалдыруды жоспарлап, оқыған материалдардың ішінен еске түсерлік түйінді мәселелердің мәнін білу;
4) сол мән-мағыналарды түсіну үшін оларды ойлау процесімен тығыз ұштастыру;
5) қабылдаған нәрселерді өз сөзімен құрастыру, сөйтіп, қажетті материалдарды есте қалдыруды жеңілдету.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz