Торғай үстіртінің физикалық –географиялық жағдайына толық сипаттама беріп, ондағы ұйымдастырлатын шаруашылық әрекеттерге талдау жасау



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Торғай үстіртінің қалыптасуы және оның бедерінің ерекшеліктері ... ... ... 5
1.1 Торғай үстіртінің географиялық орны және пайдалы қазбалары ... ... ... ... 5
1.2 Торғай үстіртінің бедерінің қалыптасу процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Торғай үстіртінің бедер пішіндері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2. Торғай үстіртінің табиғи ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.1 Торғай үстіртінің климаттық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2 Торғай үстіртінің су ресурстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.3 Торғай үстіртінің табиғат зонасының таралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
3. Торғай үстіртінің қорғалатын аймақтары және шаруашылықтағы рөлі ... .29
3.1 Торғай үстіртінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтары ... ... ... ... ... ... ...29
3.2 Торғай үстіртінің ауыл шаруашылығындағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
4. Торғай үстіртінің физикалық .географиясының ерекшеліктерін оқыту ... 47
4.1 Торғай үстіртінің физикалық географиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47
4.2 Қазақстанның табиғат кешендері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..52
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60
Дипломдық жұмыстың өзекітілігі: Торғай үстірті Қостанай облысының территориясының оңтүстік бөлігін алып жатыр. Үстірт шекарасы солтүстікте Батыс-Сібір жазығына жалғасады, солтүстік-батысында – Орал алды үстіртімен, ал шығысы – Қазақ ұсақ шоқысымен шектеседі. Торғай үстіртінің негізгі бөлігін сатылы беткейі көп және жанасқан қолат пен төмен жерлерге түсетін ірі ылдиларға ие төрткүл таулар құрайды.
Торғай үстіртін жан -жақты оқып үйрену табиғат байлықтарын шаруашылық мақсатта игеру барысын қоршаған ортаның тепе -теңдігін сақтау мәселесін шешу мен қатар, табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерінің терең меңгеруге мүмкіндік береді. Қостанай обылысының территориясын алып жатқандықтан өңір табиғатын зерттеуде Торғай үстіртінің физикалық –географиялық жағдайы тақырыбы өзекті болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Торғай үстіртінің физикалық –географиялық жағдайына толық сипаттама беріп, ондағы ұйымдастырлатын шаруашылық әрекеттерге талдау жасау.
Дипломдық жұмыстың негізгі зерттеу міндеттері: Ғылыми жұмысты зерттеу барысында алға қойылған мақсатты негізге ала отырып, тақырып мазмұнын нәтижелі ашу үшін бірнеше міндеттер қарастырылады:
- Торғай үстіртінің қалыптасуы және оның бедерінің ерекшеліктерін;
- Торғай үстіртінің табиғи ерекшеліктерін;
- Торғай үстіртінің климатының ерекшеліктерін;
- Торғай үстіртінің гидрологиясын;
- Үстіртте табиғат зонасының тарадуын;
-Торғай үстіртінің қорғалатын аймақтарын;
- Шаруашылықтағы рөлін анықтау.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, төрт тараудан және он бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда, Торғай үстіртінің қалыптасуы және оның бедерінің ерекшеліктер қарастарылды. Бұл тарауда Торғай үстіртінің географиялық орны, геологиялық құрылысы және бедер пішіндері сипатталды.
Екінші тарауда, Торғай үстірітінің табиғи жағдайлары, климаты, гидрологияясы табиғаи зоналарының таралуы қарастырылды.
Ал үшінші тарауда Торғай үстіртінің ерекше қорғалатын аймақтары мен шараушылықтағы ролі анықталы.
Ал соңғы төртінші тарауда, дипломдық жұмыс материалдарының нәтижесіне сүйеніп, бірнеше сабақ үлгілері ұсынылды.
Дипломдық жұмыстың практикалық манызы: нәтижесінде жинақталған дәлекті материалдар География мамандығының студенттері, Торғай үстіртінің табиғатын жан-жақты оқып үйрену үшін мектеп мұғалімі мен оқушылар үшін білім көзі ретінде пайдалана алады.
Зерттеудің теориялық негізі: Негізгі зерттеу міндеттерінің теориялық негізін тақырып мәселесі бойынша жазылған Қазақстандық және шет елдік авторлардың ғылыми еңбектері құрайды. Жұмыстың негізі ретінде Искакова К.А. География Костанайской области, Баубекова Г.К. Географическое краеведение Костанайской области еңбегін және баспасөз беттерінде жарияланған бірнеше мақалаларды қолдандық. Сонымен қатар, Қазақстан ұлттық энциклопедиясы мен Қостанай облысының энциклопедиясынан да мәліметтер алынды.
Зерттеу әдісі: Салыстырмалы – аналитикалық, жүйелі талдау, топтау.
1. Искакова К.А. География Костанайской области. Алматы, 2003
2. Баубекова Г.К. Географическое краеведение Костанайской области, Костанай, 2003
3. Базарбаев К. Кустанайская область. – Алма –Ата, 1959
4. Өтемагамбетов М. Қазақстанның физикалық географиясы. «Мектеп» баспасы, Алматы, 1967
5. Бейсенова Ә., Карпеков Қ. Қазақстанның физикалық географиясы. Аламты «Атамұра», 2004
6. Физическая география Республики Казахстан /под. ред. К.М.Джаналиевой – Алматы: Қазақ университеті, 1998
7. Бейсенова А.С. Қазақстанның физикалық географиялық тұрғыдан зерттелуі. 2002
8. Брагин Е.А. Брагина Т.Н. Фауна Наурызымского запаведника.- Костанай, 2002
9. Николов Н.И., Гвоздецкий Н.А. Казахстан. Алма – Ата: Наука, 1969
10. . Бейсенова А.С. Исторической основы географического иследование Казахстана. Алматы; Казтос ИНТИ, 2001
11. Бейсенова Ә.С. Қазақстан аумағының физикалық-географиялық тұрғыдан зерттелуі. –Алматы: Мектеп, 1990
12. Бірмағамбетов А.А. Қазақстанның физикалық географиясы.-Алматы: Рауан, 2004
13. Абдуллин А.А. Геология Казахстана.-Алма-Ата: Наука, 1981
14. Беспалов В.Ф. Геологическое строение Казахской ССР.-Алма-Ата: Наука, 1971
15. Абдуллин А.А. Геология и минералогические ресурсы Казахстана. – Алма – Ата: Ғылым, 1994
16. Физическая география Республики Казахстана /под ред. Жаналивой. –Алматы: Қазақ Университеті.1998
17. В.М.Чупхин. От пустынь до степных вершин. Алма- Ата: Казахстан, 1966
18. Ә.Бірмағамбетов. Қазақстанның физикалық географиясы.Алматы: Рауан, 2004
19. Савричевская З.А. Геоморфология Казахстана и Средней Азий – Л: 1965
20. . Альпатев А.М., Архангельский А.М., Позонлелов Н.Я., Степанов А.Я. Физическая география СССР. – М: Высшая школа, 1976
21. Савричевская З.А. Геоморфология Казахстана и Средней Азий – Л: 1965
22. Чупахин В.М. Физическая география Казахстана. Алматы: Мектеп, 1968
23. Физическая география Республики Казахстан /под. ред. К.М.Джаналиевой – Алматы: Қазақ университеті, 1998
24. Николов Н.И., Гвоздецкий Н.А. Казахстан. Алма – Ата: Наука, 1969
25. Гвоздецкий Н.А., Михайлов Н.И. Физическая география СССР. –М: Высшая школа, 1986
26. Климат Казакстана / под. ред. Утешева А.С. – М: Наука, 1975
27. Альпатев А.М., Архангельский А.М., Позоплелов Н.Я. , Степанов А.Я. Физическая география СССР. М.: Высшая школа 1976
28. Н.А.Гвоздецкий, Н.И.Михайлов Физическая география СССР. М.: Высшая школа 1986
29. Николов Н.И., Н.А.Гвоздецкий Казахстан. Алма-Ата: Наука, 1969
30. Климат Казахстана (под. ред. Утешева А.С. М., Наука, 1975
31. Флиьнец П.П. Очерки по географии внутренных вод Центрального, Южного, Восточного Казахстана. Алма-Ата, Наука, 1981
32. Казахстан природные условия и естественные ресурсы СССР. – М.: Наука, 1969
33. Давыдова М.И., Раковская Э.М. Физическая география СССР. – М.: Просвещение, 1990
34. Равнины и горы Средней Азии и Казахстана. – М.: Наука, 1975
35. Соколов А.А. Основные почвообразования и почвы Восточного Казахстана. Повышение плородия почь Казахстана. – Алма-Ата, Наука. 1984
36. Усманов У.У. География генетическая исследования и качественный учет земель Казахстана // Успехи почвоведения в Казахстане. Алма-Ата, Наука, 1975
37. Формозов А.Н. Животный мир Казахстана Алма-Ата: Наука, 1987
38. Молдағұлов Н.М. Ландшафттану негіздері және Қазақстанның ландшафтысы. Алматы: - Мектеп, 1990
39. М.И. Давыдова, Э.М. Раковская физическая география СССР –М: Просвещение, 1990
40. Казахстан природные условие и естественные ресурсы СССР. М; Наука, 1969г.
41. Казахстан. Природные условие и природные ресурсы СССР. М; Наука, 1969
42. Климат Казахстана, // под ред. Утешова А.С. Гидрометеойздат 1959
43. Львович М.И. Реки СССР М; Мысль, 1971
44. Альпатив А. М., Архангельский А.М., Подоплелов Н.Я., Степанов А.Я. Физическая география СССР, М; Высшая школа, 1976
42.Құсайынов, С. А. Жалпы геоморфология / С. А. Құсайынов. - 2-ші бас., өнделіп, толықт. - Алматы : Қазақ университетi, 2006

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Торғай үстіртінің қалыптасуы және оның бедерінің ерекшеліктері ... ... ... 5
1.1 Торғай үстіртінің географиялық орны және пайдалы қазбалары ... ... ... ... 5
1.2 Торғай үстіртінің бедерінің қалыптасу процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3 Торғай үстіртінің бедер пішіндері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2. Торғай үстіртінің табиғи ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1 Торғай үстіртінің климаттық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Торғай үстіртінің су ресурстары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.3 Торғай үстіртінің табиғат зонасының таралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
3. Торғай үстіртінің қорғалатын аймақтары және шаруашылықтағы рөлі ... .29
3.1 Торғай үстіртінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтары ... ... ... ... ... ... .. .29
3.2 Торғай үстіртінің ауыл шаруашылығындағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
4. Торғай үстіртінің физикалық - географиясының ерекшеліктерін оқыту ... 47
4.1 Торғай үстіртінің физикалық географиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47
4.2 Қазақстанның табиғат кешендері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .52
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзекітілігі: Торғай үстірті Қостанай облысының территориясының оңтүстік бөлігін алып жатыр. Үстірт шекарасы солтүстікте Батыс-Сібір жазығына жалғасады, солтүстік-батысында - Орал алды үстіртімен, ал шығысы - Қазақ ұсақ шоқысымен шектеседі. Торғай үстіртінің негізгі бөлігін сатылы беткейі көп және жанасқан қолат пен төмен жерлерге түсетін ірі ылдиларға ие төрткүл таулар құрайды.
Торғай үстіртін жан -жақты оқып үйрену табиғат байлықтарын шаруашылық мақсатта игеру барысын қоршаған ортаның тепе -теңдігін сақтау мәселесін шешу мен қатар, табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерінің терең меңгеруге мүмкіндік береді. Қостанай обылысының территориясын алып жатқандықтан өңір табиғатын зерттеуде Торғай үстіртінің физикалық - географиялық жағдайы тақырыбы өзекті болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Торғай үстіртінің физикалық - географиялық жағдайына толық сипаттама беріп, ондағы ұйымдастырлатын шаруашылық әрекеттерге талдау жасау.
Дипломдық жұмыстың негізгі зерттеу міндеттері: Ғылыми жұмысты зерттеу барысында алға қойылған мақсатты негізге ала отырып, тақырып мазмұнын нәтижелі ашу үшін бірнеше міндеттер қарастырылады:
- Торғай үстіртінің қалыптасуы және оның бедерінің ерекшеліктерін;
- Торғай үстіртінің табиғи ерекшеліктерін;
- Торғай үстіртінің климатының ерекшеліктерін;
- Торғай үстіртінің гидрологиясын;
- Үстіртте табиғат зонасының тарадуын;
-Торғай үстіртінің қорғалатын аймақтарын;
- Шаруашылықтағы рөлін анықтау.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, төрт тараудан және он бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда, Торғай үстіртінің қалыптасуы және оның бедерінің ерекшеліктер қарастарылды. Бұл тарауда Торғай үстіртінің географиялық орны, геологиялық құрылысы және бедер пішіндері сипатталды.
Екінші тарауда, Торғай үстірітінің табиғи жағдайлары, климаты, гидрологияясы табиғаи зоналарының таралуы қарастырылды.
Ал үшінші тарауда Торғай үстіртінің ерекше қорғалатын аймақтары мен шараушылықтағы ролі анықталы.
Ал соңғы төртінші тарауда, дипломдық жұмыс материалдарының нәтижесіне сүйеніп, бірнеше сабақ үлгілері ұсынылды.
Дипломдық жұмыстың практикалық манызы: нәтижесінде жинақталған дәлекті материалдар География мамандығының студенттері, Торғай үстіртінің табиғатын жан-жақты оқып үйрену үшін мектеп мұғалімі мен оқушылар үшін білім көзі ретінде пайдалана алады.
Зерттеудің теориялық негізі: Негізгі зерттеу міндеттерінің теориялық негізін тақырып мәселесі бойынша жазылған Қазақстандық және шет елдік авторлардың ғылыми еңбектері құрайды. Жұмыстың негізі ретінде Искакова К.А. География Костанайской области, Баубекова Г.К. Географическое краеведение Костанайской области еңбегін және баспасөз беттерінде жарияланған бірнеше мақалаларды қолдандық. Сонымен қатар, Қазақстан ұлттық энциклопедиясы мен Қостанай облысының энциклопедиясынан да мәліметтер алынды.
Зерттеу әдісі: Салыстырмалы - аналитикалық, жүйелі талдау, топтау.

1. Торғай үстіртінің қалыптасуы және оның бедерінің ерекшеліктері

1.1 Торғай үстіртінің географиялық орны

Торғай Үстірті, Торғай төрткүл өлкесі - батысында Оңтүстік Орал мен Мұғалжар тауымен, шығысында Сарыарқамен шектесетін жазық аймақ. Солтүстігінде Тобыл маңы аккумуляттік жазығынан оңтүстігінде Шалқартеңіз каласы ағысына дейін 600 км-ге созылады. Ені батыстан шығысқа қарай 300 км. Үстірт негізінен Қостанай облысының аумағында, аздаған бөлігі Ақмола және Қарағанды облыстары жеріне кіреді. Геологиялық құрылымы жөнінен эпигерциндік Тұран тақтасына жатады. Қатпарлы іргетастың бетін жапқан мезо-кайнозой шөгінді жыныстары қабатының қалыңдағы ондаған м-ден оңтүстік-шығыста 200 м-ге дейін барады. Абсолюттік биіктігі батыс және шығыс бөліктерінде 200 - 300 м, оңтүстігінде Шалқартеңіз ойысына қарай 150 - 170 м. Солтүстік бөлігі аз тілімделген, көбінесе жазыққа ұласып кетеді. Оңтүстік бөлігінде үстірт беті біртұтас тегіс, беткейі тік. Үстірттің дәл ортасын жарып меридиан бағытында Торғай қолаты өтеді. Оның орталық бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай мередиан бағытында жатқан кең ойыс бар. Ол Торғай ойсы немесе Торғай аңғары деп аталады. Биіктігі 100 м-ден аспайды. Бұл ойыс төменгі кайнозойда Батыс Сібір бассейнін Торғай бассейнімен жалғастырып тұрған бұғаз болған. Бұл ойыстан батысқа және шығысқа қарай едәуір тілімденген биік жазықтар жатыр. Торғай үстірті мен орталық ойыстың көпшілігі горизонтальды жатқан олигоцен - теңіздік және миоцен - континенттік шөгінділерінен тұрады. Торғай үстіртінің қазіргі рельефі жыныстардың литологендік құрамымен геологиялық құрылысының жымдасуынан, сондай - ақ ағын сулардың ерте замандардағы және қазіргі заманғы эрозиялық әрекетінен пайда болған. Жыныстары горизонтальды жатқандықтан үстірттің беті тегіс төрткүл болып келеді. Мұнда төрткүлдердің арасын ені кейде бірнеше ондаған километрге жететін кең аңғарлар бөліп жатады. Төрткүлдердің беткейлері тік келеді де едәуір терең жыра - сайлармен тілімдеоген болады. Торғайдың төрткүл өлкесі Үстірт пен Бетпақдалаларға қарағанда өзен торларына бай. Олар Есіл мен Тобыл өзендерінің бассейніне жататын кішкене жылғалар мен өзендер. Оның оң жағасы бойында құрғақ арналар, тұзды көлдер көп.
Ірілері: Құсмұрын, Ақсуат, Сарықопа, т.б. Гидролық торы сирек, көбінесе жазда үзіліп қалатын өзендер басым. Бастылары: Торғай, Ырғыз, Өлкейек, Ұлы Жыланшық. [1]
Торғай үстірті Қостанай облысының территориясының оңтүстік бөлігін алып жатыр. Үстірт шекарасы солтүстікте Батыс-Сібір жазығына жалғасады, солтүстік-батысында - Орал алды үстіртімен, ал шығысы - Қазақ ұсақшоқысымен шектеседі. Торғай үстіртінің негізгі бөлігін сатылы беткейі көп және жанасқан қолат пен төмен жерлерге түсетін ірі ылдиларға ие төрткүл таулар құрайды. Төрткүл таулардың ірілері - Қызбелтау, Қарт, Жыланды, Қарғалы, Теке, Жыланшық-Түрме, Қояндытау, Қырғыштау, т.б. Үстірт беті оңтүстік-шығыс бөлігінде уақытша ағын сулардың көп тармақты құрғақ арналармен, шағын өзендермен, Торғай өзені жүйесінің жыраларымен, сайлармен тілімделген. Үстірттің солтүстік бөлігі көлдік ойпаңдармен ала-құла болып шұбарланған.

Сурет 1. Торғай үстіртінің физикалық картасы

Торғай үстірті - бұл толқынды жазықтар. Торғай ойысы үстіртті екіге бөледі: Шығыс үстірті және Батыс үстірті.
Торғай ойысы палеогендік теңіздің және оның мұхитының ағын суларының шегіну кезеңінде қалыптасты. Сондықтан негізгі құрайтын жыныстар болып шығу тегі теңіздік және өзендік жыныстар табылады. Сонымен бірге Торғай үстіртінде шығу тегі шөгінді пайдалы қазбалары тараған: боксит, көмір, түрлі балшықтар, құмдар және т.б. солтүстіктен оңтүстікке қарай жазықтың төмендеу сипаты тән.
Торғай үстіртінде бокситтің негізгі кен орындары орналасқан. Бор кезеңінде Торғай үстіртінің барлық территориясында шөгінді жыныстардың қалыптасуыы белсенді қалыптасуы жүрді, сонымен бірге боксит балшықтары да құрылды. Осы кезеңнің шөгінділерімен тұрмыстың сипаты бар боксит кендері байланысты. Боксит- Қазақстандағы алюминийдің ең негізгі шикізаты. Қостанай облысында бокситтің бірнеше кен орындары бар, ол негізінен Торғай қолатына ұштастырады, сонымен бірге Қостанай көтерілімінің ауданына ұштасады, ал ол Амангелді, Карснооктябрь, Құшмұрын, Тауынсор және т.б. кен орындарының тобына жатады.
Бокситтің қорының ең көп бөлігі Амангелді тобының кен орындарында шоғырланған, олар карьерлік қазу үшін қолайлы және аса оңай өңделеді. Соңғы жылдары Арқалық және Краснооктябрь кенорындарында бокситтерді өндіру белсенді түрде жүргізіліп жатыр.
Кесте №1
Шығыс - Торғай бокситті ауданының кен орындары бойынша бокситтің литологиялық әртүрлігінің үлесі
Кен орны
Бокситтердің орташа литологиялық құрамы %-да

Тасты
Борпылдақ
Кепкен
Саз балшықты
Арқалық
49,7
25,8
9,7
13,4
Солтүстік
31,0
23,6
16,8
27,0
Төменгі - Ашутас
34,4
28,4
17,4
17,5
Жоғарғы - Ашутас
11,0
22,2
26,2
32,6
Үштөбе
26,3
21,7
23,7
23,6
[2]
Кестеде Амангелді кен орынның тобының боксит қоры темірдің құрамының аздығымен сипатталады және көміртегі тотығы сияқты зинды заттар мен оргагикалық заттар аз екені көрсетілген
Кесте №2
Кен орны
Орташа химиялық құрамы
Кремнилі модкль
ГОСТ бойынша марка-сорты

SiO2
Al2O3
Fe2O3
CO2

Арқалық
11,5
47,7
12,6
0,2
4,1
Б-4-1
Солтүстік
9,5
46,5
14,6
0,19
4,9
Б-4-1
Төменгі - Ашутас
11,2
46,3
14,3
0,24
4,1
Б-4-1
Жоғарғы - Ашутас
13,6
47,2
11,8
0,27
3,4
Б-4-ІІ
Үштөбе
12,4
47,1
11,2
0,56
3,8
Б-4-ІІ
Амангелді кен орының тобындағы негізгі компоненттерінің құрамындағы боксит

[2]
Торғай үстіртінде титан - мырышты рудалар таралған, ол ильменит, рутил (титан алатын шикізат), циркон сияқты рудалардан тұрады. Құмкөл тобының кенорындарының титан-мырыштық рудасының болашағы зор.
Республиканың көмір бассейндерінің қоры бойынша ең молы, бірақ нашар дамыған - Торғай (Обаған) Обаған өзенінің бойында орналасқан. Ол солтүстіктен оңтүстікке жүздеген километрге бөлек кен орындарының тізбегі болып созылған, пласттардың орташа күштілігі 65 м-ді жетеді, қоры 40 млн тоннаға бағаланады. Бұл бассейннің ең ірі кен орындары Құшмқрын, Приозерное, Егінсай, мұнда кенді өндіру ашық әдіспен жүргізіледі. Қоңыр көмір, аз күлді, аса жоғары калорийлы, бәрақ оларды алысқа тасымалдау қолайсыз. Олар энергетикалық отын ретінде қолданыла алады.
Құшмұрын өзенінің маңында жанғыш тақта тас кендері табылған, бірақ оларды өндіру мүмкіндігі жоқ, себебі оның маңында Торғай бассейннің қоңыр көмір кендері қалыптасқан.
Облыс территориясында металлургия үшін өте бағалы пайдалы қазба - отқатөзімді және баяу балқитын балшықтар таралған. Мысалы, Берлин ірі кен орындарын өрбітетін болшықтың қоры 460 млн тоннаны құрайды, оны ашық әдіспен өндіреді. Отқа төзімді балшықтар торғай кен орындарының бокситімен бірге орналасады.

1.2 Торғай үстіртінің бедерінің қалыптасу процесі

Тұран плитасы, Тұран тақтасы - Қазақстанның батыс өңірінен орталық бөлігіне дейін және Орталық Азияны қамтып жатқан ірі тектоникалық құрылым. Тұран плитасына Қазақстан жерінде Тұран ойпаты, Үстірт, Маңғыстау және Бозащы түбектері, Арал маңы, Оңтүстік Торғай өңірі және Орталық Азияның (Өзбекстан мен Түрікменстанның кей аймақтары және Ауғанстанның солтүстік) біраз құрылымдары кіреді. Батысы Каспий тенізімен, шығысы Сарыарқа және Тянь-Шань қатпарлы өлкелерімен, оңтүстік Торғай ойысы арқылы Батыс Сібір плитасымен шектесетін 2 млн. км2 аймақты алып жатыр.
Қостанай облысы территориясының геологиялық құрылысында әр түрлі жастағы тектоникалық құрылымдар және әр түрлі типтегі - шөгінді, жанартаулық және метаморфтық тау жыныстары қатысады. Олардың территорияда таралуы тектоникалық және физикалық-географиялық режимдердің көптеген жағдайлара өзгеруінде өткен геологиялық құбылыстардың әсерінен болады. Территорияның негізін жас платформалар (плиталар) - Батыс Сібір және Тұран құрайды. Батыс Сібір плитасы палеозой қатпарлығының нәтижесінде қалыптасты. Жүздеген миллион жылдар бұрын бұл плитада таулар болған, олар біртіндеп бұзылған, ал шайылған борпылдақ тау жыныстары тауаралық аңғарлар мен ойпаттарды толтырды. Сондықтан Батыс Сібір плитасы екі ярустан тұрады. Төменгі ярус қатпарлы іргетас болып келеді. Ол басым түрде метоморфтанған полеозойға дейінгі және полеозойлық жыныстардан құрылған. Плитаның іргетасы мезокайнозойдың мықты шөгінді қалдықтарының қалыңдықтарың астына терең енген. Осылайша, жас платформаның іргетасы ерте геологиялық кезеңдердің шөгінділерімен қапталған. Солтүстіктен оңтүстікке облыс территориясының орталығында Торғай ойысының іргетасының қатпарылығының герциндік жасының сениклизы кең формада шөгеді.
Бедер түзуші қозғалыстар жер қабығы массасының немесе беткі борпылдақ тау жыныстарының жер бедері пішіндерінің түзілуіне және қайта құрылуына апарып соғатын қозғалыстары. Бедер түзуші қозғалыстарды тектоникалық (эндогендік), экзогендік және антропогендік деп бөледі.
Бедердің денудациялық пішіні
Бедердің денудациялық пішіні -- денудация процестерінің нәтижесінде түзілген бедер пішіндерінің жиынтығы. Қарапайым және еңселі денудациялық пішіңдер деп ажыратады. Бедердің қарапайым денудациялық пішіндері үгілу өнімдерінің гравитациялық араласы және жазықтық шайылу арқылы жойылуының нәтижесінде пайда болады. Бедердің еңселі денудациялық пішіндері экзогендік процестердің жиынтық әрекетінің нәтижесінде түзіледі, мысалы, қыратты тау террасалары, денудациялық жазықтар, пенеплендер және тағы да басқалары Бедердің жер беті денудациялық пішіндерінен басқа су асты пішіндері де болады, мысалы, су асты сырғымалар, аңғарлар және тағы да басқалары.
Экзогендік процестер, сыртқы процестер - Күн энергиясы мен Жердің өзіне тарту (гравитация) күшіне негізделген геологиялық процестер жиынтығы. Экзогендік процестерге атмосфера газдарының, жел, жауын-шашынның, организмдерінің әрекеттерінен туатын, бір-бірімен тығыз байланысты физика-химиялық, геохимиялық, физика-механикалық, гидродинамикалық, гидрохимиялық, биохимиялық, биогеохимиялық, т.б. процестер жатады. Жер бетінің әр бөлігінде Экзогендік процестердің белгілі тобы (құрлықта физика және химия үгілу, гипергенез, су айдындарындағы литогенез процестері) басым келеді. Экзогендік процестерәсерінен барлық түпкі тау жыныстарының минералдары мүжіліп үгіледі, әр түрлі жылдамдықпен ыдырайды, үгілген материал бастапқы орнынан жылжып көшеді, жаңа орынға келіп жиналады. Сөйтіп, жаңа физика-географиялық, геохимиялық жағдайларда жаңа гиперген минералдар мен тау жыныстары түзіледі. Экзогендік процестерден үгілу қыртысы, тотығу белдемі, жер бетінің борпылдақ (континенттік) тау жыныстары, су айдындарында түрлі құрамды тұнбалар және бұлармен байланысты пайдалы қазбалар қалыптасады.
Жер бедерінің типі мен пішіні реликті болады- қазіргі кезеңнен қалған жасы да бар, ол өзінің қалыптасу және даму процесінде .
Эпигерциндік платформа. Кристалдык іргетасты құрайтын жаралымдар палеозой эрасының аяқ шенінде қатпарлануын аяқтаған (әдетте карбон және пермь кезеңдерінде), мезозойлық және кайнозойлық түзілімдер платформалық тыс рөлін атқаратын жас платформа
Жас платформа - қатпарлы, палеозойлық немесе мезозойлық платформа. Екінші сөзбен айтқанда, жас платформа дегеніміз каледондық, герциндік және мезозойлық қатпарлы алқаптар орнында қалыптасқан платформа. Ақырғы қатпарлық көнелігі тұрғысынан эпипалеозойлық (эпикаледондық, эпигерциндік) және эпимезозойлық, платформалар дараланады. Мысалы, Батыс Сібірдің, Солтүстік Қазақстанның, Кавказдың жазық аумақтары жатады.
Торғай үстіртін құрайтын барлық қалыңдық жынысы үш геологиялық- құрылымдық қабатқа бөлінеді.
Бірінші қабат құрамына белсенді майысқан кембрийге дейінгі қабаттар және төменгі палеозойлық жыныстар кіреді, іргетастың негізін - базальт, гранитоидтар және пермь мен триасстың қызылтүсті жыныстары құрайды. Вольфрам, молтбден, қалайы, марганец және т.б. сияқты пайдалы қазбалардың болуы кембрийге дейінгі және төменгі палеозойлық шөгінділерімен байланысты. Төменгі қабаттың қалыптасуына темір рудаларының кен орындарының қалыптасуын жатқызуға болады.
Екінші қабаттың құрылуында ортаңғы және жоғарғы палеозой жыныстары қатысады.
Торғайдың құрылымдық үшінші қабаты құмды - балшықты мезозой және кайнозой және кайнозойдың құрлықтық шөгінділерінен теңіздік шөгінділері кіреді. Триас соңында және юра кезеңінің басында боксит, темір рудаларының, отқа төзімді балшықтар және т.б. көптеген шөгінділері қалыптасты.
Бор кезеңінде Торғай үстіртінің барлық территориясында белсенді түрде бөлек массивті ала - құла түсті каолинтті және бакситті балшықтар болды.
Л.С.Бергтің пікірінше Торғай үстірті Батыс-Сібір және Түркестан жазықтарының арасындағы өтпелі буын және горизонталь жатқан неоген түзілімдерінен (құмтас, саз, т.б.) құрылған. Торғай үстіртінің абсолюттік биіктігі шамамен теңіз деңгейінен 250-300 м. құрайды. Торғай үстіртінің басты геоморфологиялық элементі Торғай аңғары болып табылады. Ежелгі ағыстан пайда болған жыра - облыс орталығымен мередиан бойынша созылған. Оңтүстікке қарай аңғар біртіндеп кеңейеді, Торғай селосының ендігінде 35-40 км. жетеді. Депрессияның орташа тереңдігі 50-100 м. Аңғар беткейі жыралармен және сайлармен тілімделген. Оның табаны көл қазаншұңқырларымен және қазіргі ағын су (Торғай өзені, Сарыторғай өзені, т.б.) арналарымен тілімделген тегіс толқынды жазық болып келеді. Табан беті тұзды палеоген түзілімдерінде жатқан аллювийдің төрттік өзен және көл түзілімдерінен құрылған. Депрессияның оңтүстік бөлігінде Тобыл және Жыланшық өзендерінің арналары кездеседі, сондай-ақ төмпешікті (әсіресе, шағыл) құмды массивтері - Тосын, Аққұм, Көшлақ, т.б. дамыған.
Үстіртің жер бедері жазық, кейбір бөлігі көтеріңкі, Тобыл өзені аңғарында төмендеп, еңкіштеулі белдеуге ұласады. Тектоникалық жер бедерінің төмен түсіп, иілу нәтижесінде үстірттің шығыс бөлігі көтеріліп, Торғай ойысына қарай төмендейді. Үстірттің абсолюттік биіктігі 300-400 метрге дейін көтеріледі.
Облыстың орталық және оңтүстік бөлігін Торғай үстірті алып жатыр. Бұл көтеріңкі жазықтың биіктігі 200-300 метр шамасында қалыптасқан. Торғай үстіртінің үстіңгі бөлігі көп жылдық сыртқы күштердің әсерінен өзгеріске ұшыраған. Сыртқы күштер әсерінен кейбір жер бедерінің бөліктері сусымалы төбелі жазықтарға айналған. Торғай үстіртінің жер бедері аласа жазық, баспалдақ тәрізді, көп жылдық ағын су әсерінен берік төбелерден қалыптасқан жер бедерінен түзілген.
Үстірттің жер бедері ертедегі және қазіргі кезеңдегі аңғарлы ойыстардан тұрады. Оның ішіндегі ең үлкені эрозиялық-тектоникалық өзгеріске түскен Торғай ойысы (жазығы). Торғай ойысының тереңдігі шамамен 120-150 метрдей, ұзындығы 600 км, ені 15-30 км созылады.
Кайнозой эрасының төрттік дәуірінде, солтүстіктен Батыс сібірдің ағынды суы: Арал маңы (Тұран ойпатына) дейін шалқып жатқан теңіз суы алып жатқан. Бұл алқаптан теңіз суы бірте-бірте солтүстік бағытқа қарай тартылып (шегініп) Торғай ойысы толық құрлыққа айналған.
Торғай үстірті оңтүстік Орал мен Мұғалжардың шығысында Сарыарқаның батыс бөлігімен шектеседі. Ол палезой іргетасы жер бетіне жақын жатқан эпигерциндік платформаның шеткі бөлігі болып табылады. Тектоникалық тұрғыдан Батыс Сібір мен Тұран плиталарын бір - бірімен жалғастыратын Торғай синиклизасы күрделендіреді. Оның ені 40-50 шақырымнан аспайды. Солтүстіктен оңтүстікке меридианальды бағытта созылып жатыр. Оңтүстігінде кеңейіп біртіндеп Торғай ойысына ұласады. Торғай қолатының абсалюттік биіктігі 100-125 метр аралығында ауытқиды. Қолаттағы обаған, Торғай өзендерінің алабында құсмұрын шошқалы сияқты көптеген көлдер жүйесі бар. Қолаттың табаны ежелгі алювиальды және көлдік алювиальды шөгінділерден тұрады. Торғай қолатының батысы мен шығысында абсалют биіктік біртіндеп 200 кейде 300 метрге дейін көтеріледі. Торғай үстіртінің іргетасының бетін көлденең түзу қабаттасып жатқан палеогеннің теңіздік тұзды - сазды және неогеннің көлдік - албвиальды құмды шөгінділері жауып жатыр.
Торғай үстіртінің солтүстік бөлігі нашар тілімделгендіктен аласа төбелі жонды, саяз көлді ойыстар мен төбесі текшелі дөңдер тән. Үстірттің дөңесті қалдық төбелерінің араларын бөліп жатқан ежелгі ескі өзен арналары болып табылатын сайлар мен жыралар тобымен тілімделген. Тегістелген ойыстарында тұзды көлдер мен сорлар пайда болған.
Ежелгі тарихқа үңілсек, қазіргі Батыс-Сібір ойпатында ертеде толқыған теңіз болған сыпатты. Торғай қолаты деп аталатын, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла жатқан кең ойыс кайназой дәуірінде Батыс Сібір теңізін Торғай теңізімен жалғастырып тұрған бұғаз болған.
Үстірт негізінен, теңіз шөгінділері мен континенттік жыныстардан тұрады. Олардың қалындығы 5000 м-ге жетеді.
Қазақстан жерінде мезозой жыныстары біршама сирек кездеседі. Торғай ойыстарында көп тараған.
Кайнозой шөгінділері Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Олар палеогендік, неогендік және антропогендік болып белінеді. Палеогендік шөгінділер Шу, Іле, Жайсан жәнө т.б. қазаншұңқырлар мен ойыстардың жиектерінде, Үстіртте, Арал маңында, Торғай жазығында таралған.
Неогендік шөгінділер қызыл түсті, тығыз кұмды саздардан, малтатасты, құмды қабатты сары саздауыттан тұрады. Неогендік Шөгінділер барлық биік тау аймақтарында кездеседі.
Антропогендік (төрттік) шөгінділер Қазақстанның барлық аймақтарында ұшырасады. Жердің геологиялық тарихында антропоген дөуірі ең соңғы және уақыты жағынан ең қысқа кезең. Бірақ антропоген шөгінділері қазіргі кезеңде де ірі жазықтармен тау аралық ойыстарда көптеп кездеседі. Олар әр түрлі жолмен пайда болған. Каспий маңы ойпатында, Қаракұм жәнө Торғай үстіртінде теңіздік шөгінділер тараған. Жердің геологиялық тарихында антропоген дәуірі ең соңғы және уақыты жағынан ең қысқа кезең. Бірақ антропоген шөгінділері қазіргі кезеңде де ірі жазықтарымен тау аралық ойыстарда көптеп кездеседі. Олардан көлдік және өзендік террасалар мен жағалау бойындағы жазықтар түзілген. Мұздық шөгінділер қазіргі мұз басқан Алтай, Жетісу Алатауы және Тянь-Шань тау жүйелерінің аңғарларында кездеседі. [7]

1.3 Торғай үстіртінің бедер пішіндері

Бедер- көрінісі, мөлшері, пайда болуы, жасы және даму тарихы жағынан әр түрлі жер беті пішіндерінің жиынтығы. Қыраттарды түзетін оң пішіндерді және ойпандардан тұратын теріс пішіндерді құрайды. Масштабына карай мынадай топтарға бөледі: планеталық (материктер мен мұхит шарасы), мегапішіндер (таулы жүйелер, жазық өңірлер), макропішіндер (тау жоталары, тауаралық ойпаңдар), мезопішіндер (төбелер, өзен аңғарлары, сайлар), микропішіндер (эрозиялық жырмалар, карст шұңқырлары), нанопішіндер (шалғындық томарлар, кеміргіштердің індері, жел иірімдері). Жер бетінде эндогендік және экзогендік процестер бірге әсер етуі нәтижесінде қалыптасады. Эндогендік процестердің (тектоникалық, жанартаулық және тағы да басқалары) жетекші рөлінің басым болуына сәйкес көбінесе ірі бедер пішіндері -- заңғар тау жоталары, тауаралық жазықтар, мұхит қазаншұңқырлары (морфоқұрылымдар) қалыптасады. Олардың қалыптасуы сыртқы ғарыштық күштермен, яғни Жердің айналуымен, Күннің және Айдың тарту күштерімен және тағы да басқалары байланысты болады. Күн сәулесінің энергиясына байланысты экзогендік процестер (ағын сулар, теңіздік соқпа толқындар, жел және мұздықтар әрекеті) жер бетінде кішірек пішіндерді (морфомүсіндерді) құрады. Қандай да бір экзогендік факторлардың басым болуына байланысты флювийлік, мұздықтық, тоңдық, эолдык, карстык және тағы да басқалары түрлерін ажыратады. Бедердің мынадай түрлері бар: альпілік, жанартаулық, биіктаулы, қазынды, денудациялық, карстық, мореналық, аласа таулы, көмілген, су асты, мүсіндік, төрткіл, құрылымдық, сатылы, контрастық
Бедер пішіндері жер бетінің ойлы-қырлы, яғни оң және теріс бедер кескіндері. Өлшемі (мегабедер, макробедер, мезобедер, микробедер, нанобедер); пайда болуы (тектоникалық, жанартаулық, сулық-эрозиялық, мұздықтық, карстық, эолдық және тағы да басқалары, сонымен катар әр түрлі процестермен түзілген полигенетикалық бедер пішіндері) және басқа белгілері бойынша ажыратылады. Бедер пішіндері, әдетте, өзара үйлесіп, Жердің бедер жиынтығын құрайтын бедердің типтеріне жіктеледі.
Торғай үстірті көлденең жатқан шөгінділерден (балшық, құм, мергели) қалыптасқан. Тобыл мен Торғай өзендерінің бассейндерінің көптеген өзендері Торғай үстіртін суландырады. Ағынды сулар біртіндеп үстіртті шайып тұрды, нәтижесінде тегіс шыңдарды және құламалы бөетері бар төбелерді құрайды. Осындай төбелерге:
* Жыландытау
* Шалқарнұра кемері
* Қызбелтау
* Торғай қақпасы және т.б. жатады. [1]
Жыландытау - Торғай үстіртінің орта тұсында орналасқан үстіртті тау жұрнағы. Қостанай облысы Наурызым ауданы жерінде орналасқан. Таудың батысында Қарғалытау, шығысында Қызбелтау төрткілді қыраты қоршап жатыр. Солтүстігінде 30 км жерде Сарықопа көлі орналасқан. Абсалют биікігі 262 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км-ге созылған. Жер бедері Торғай қолатына қарай тік беткейі көлбеуленіп жазыққа ұласады. Жыландытаудың етегінде бұлақтар жиі кездеседі. Бұл жерден Теке өзенібастау алады. Жер қыртысы миоцен дәуірінің саздарынан түзілген. Сортаңды қоңыр және шалғынды қоңыр топырағында көкпек, қара жусан, бұйырғын тәрізді өсімдіктер өскен. Жыландытау - жазғы және күзгі жайылым
Шалқарнұра кемері -- Торғай үстірті мен Ұлытау таулары аралығында, Торғай қолатының шығысын ала орналасқан аласа таулы кемерлер тізбегі. Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы жерінде орналасқан. Шалқарнұра кемері солтүстіктен оңтүстіккке қарай, одан әрі батыстан шығысқа қарай доғаша иіліп 70 км-ге созылып жатыр. Енді жері 25 км. Ең биік жері орта тұсында (239 м). Сай-жыралармен, шағын шатқалдармен тілімденген бірнеше аласа шоқылар (Жаманай, 209 м, Жанайшоқы, 190 м) кездеседі. Кемердің жер қыртысы архей және протереойдың тақтатас, кварцит және олардың туфтарынан түзілген. Кейбір жерлерде эффузивті тау жыныстары кездеседі. Торғай даласына қарайтын кемерленген батыс, оңтүстік-батысы құмды саздақтардан түзілген. Климаты тым континенттікөлі Қаңтар айының жылдық орташа темп-расы - 16 -- 18° С, шілденікі 20 -- 22° С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 300 мм-ге жуық. Солтүстігінің орта тұсында жазда кеуіп қалатын шағын келген Баймұрат өзені бастау алады. Құрғақ шөлейтті далаға ұласатын солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігінде бірнеше тұзды көлдер (Үлкенкөл, Кішікөл) орналасқан. Бетеге, боз, селеу, жусан өскен. Шалқарнұра көлі мал жайылымына пайдаланылады. Тау етектері мен кемерлер табанында тұщы бұлақтар (Аққұдық, Балта, тағы басқа) мен қыстаулар (Қызтау, Айырбидайық, Берістен, тағы басқа) жайласқан. Оңтүстікнде Шалқартеңіз соры жатыр. Батыс бөлігінен Торғай өзені ағып өтеді
Қызбелтау- Торғай қолаты мен Торғай үстірті аралығындағы дөңес тау. Қостанай облысында, Наурызым қорығының оңтүстігі жағында, бойлық бағытта 60 км-ге созылып жатыр. Ені 5 -- 15 км, абсолют биіктігі 232 м. Қызбелтау жоғары олигоцен мен миоцен дәуірлерінің сазды, қарбонатты жыныстарынан түзілген; дөң бетін палеогеннің теңіздік шөгінділері жапқан. Беткейлері жыра-сайлармен қатты тілімделген. Шығыс және оңтүстігі етектері құлама жарқабақтанып, Торғай қақпасына тіреледі. Бетеге, жусан, селеу өседі. Мал жайылымына қолайлы.
Қарғалытау - Торғай үстіртінің орталық бөлігінде орналасқан жазық бетті тау. Қостанай обл. Жангелдин ауд-ның солт. бөлігін және Наурызым ауд-ның оңт.-батыс бөлігін алып жатыр. Жалпы ұз. 140 км шамасында. Теңіз бетінен ең биік жері (308 м) орт. бөлігінде орналасқан.
Торғай қақпасы - Торғай үстірті мен Сарыарқа, Торғай қолаты және Обаған - Құсмұрын, Торғай - Сарықопа аралығындағы табиғи өткел. Қостанай облһысы, Сарыкөл ауданы аумағында орналасқан. Ені 15 - 20 км. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша Торғай қақпасы Торғай, Обаған өзендері бастауларының бір-бірімен Сарыөзен арқылы жалғасуына байланысты қалыптасқан.
Адай-Өлкейек үстірті - Торғай төрткілді өлкесінің батыс бөлігін алып жатыр. Қостанай облысының ортаңғы бөлігіндегі бірнеше аудандарды қамтиды. Солтүстігінде Қостанай жазығымен (Қамыс-Диевка желісі бойынша), оңтүстігінде Ақтөбе, Қарағанды облыстары аумағымен шектеседі.
Жер бедері негізінен жазық келген. Тек кейбір жері Обаған аңғары және Сыпсыңағаш қолатымен (Обағанның ежелгі сол салаларымен) тілімденген.
Абсолюттік биіктігі 300 м. Үстірттің кейбір жерлерінде төрткілді оқшау таулар (Қоңыртау тауы, т.б.) кездеседі.
Жыланшық - Түрме - Торғай төрткілді үстіртінің шығысын алып жатқан таулы қырат. Қостанай облысының Амангелді және Қарағанды облысының Ұлытау аудандары жерінде орналасқан. Шығыс етегі Ұлытауға ұласады. Қараторғай және Ұлы Жыланшық өзендері аралығында жатқан Жыланшықтүрме солтүстіктен оңтүстікке қарай 150 км-ге созылған, енді жері 40 км, абсолюттік биіктігі 340 м (оңтүстік бөлігінде бөлігінде). Қараторғай және Ұлы Жыланшық өзендерінің жоғарғы суайрығы саналатын қыраттың беткі бедері эрозиялық қолаттармен тілімденіп, өзенаралық еңкішті-жонды жазық болып келген. Жер қыртысы неоген кезеңінің саз, алеврит және құмдақтарынан түзілген. Жыланшықтүрменің климаты шөлдік континенттік, қысы суық, жазы ыстық. Қаңтар айының орташа температурасы - 16°С, шілдеде 22°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 мм. Жер бедеріне бозғылт қоңыр және сортаңдау топырақты қуаң дала тән. Онда астық тұқымдас және жусан, қылқан боз өсімдіктер қауымдастығы қалыптасқан. Суайрықтар және жондардың беткейлері мен етегінде Лерх жусаны, сарепта бозы, қылқан боз, бетеге, ойпаң жерлерінде қара жусан, бұйырғын, көкпек, ши, айрауық өскен. Жыланшықтүрме көктемгі және күзгі жайылым ретінде пайдаланылады.

2. Торғай үстіртінің табиғи ерекшеліктері

2.1 Торғай үстіртінің климаттық ерекшеліктері

Торғай үстіртінің Атлант мұхитынан алыс жатуына байланысты климат шұғыл континентті. Қысы суық әрі қатал, жазы ыстық, көктем мен күзі қысқа температураның тәуліктік және жылдық ауытқу амплетудасы жоғары. Жауын - шашынның орташа мөлшері солтүстігінде 300-350мм, оңтүстігінде 200-250мм аралығында ауытқиды. Температураның солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп артуына орай жауын - шашынның жылдық орташа мөлшері кеміп булану артады. 50° с.е. аралығында қыста Азия антициклонының батыс тармағы өтетіндіктен қыста температура күрт төмендеп ашық аязды күндер қалыптасады. Осыған орай қаңтардың орташа температурасы - 17 - 18° С кей күндері температура - 30 - 40° С төмендейді. Жазда температура + 20...+24° С дейін +35° С дейін көтеріледі. Жазда Торғай үстіртіне Орта Азиялық тропиктік ауа массалары енгенде ыстық құрғақ ашық ауа райы қалыптасады. Жазда жауын - шашын қоңыржай және тропиктік ауа массаларының аралығында қалыптасатын полярлық фронтық әсерінен түзіледі. Сәуір мен қазан аралығындағы жылы кезеңде 200-2500мм дейін жауын - шашын түседі. [2;3]
Жаздың екінші жартысында ашық ыстық антиарттикалық ауа массалары енгенде үсік жүреді. 10° С жоғары жылы кезең 110-120 күнге дейін созылады. 10° С жоғары температураның жиынтығы 2200-3000. Торғай үстіртіндегі температура жағдайы жаздық бидайдың қатты сортын, тарыны, арпаны, зығыр мен күнбағысты өсіруге қолайлы. Торғай үстіртінің тобыл ырғыз өзендерінің алабына жатады. Еріген қар жаңбыр суымен қоректенеді. Ылғалдық жетіспеуіне байланысты өзендер аз сулы болып келеді. Ағынының 80-90% көктемде ағып өтетіндіктен жазда көпшілігі кеуіп қалады. Тасыған кезде өзен сулары минералдық құрамы жағынан гидро корбанатты - кальцитінде жатса, ағыны азайған сайын құрамындағы минералдары артып хлоридті - натрилі ащы - тұздыға айналады. Өзендері кеме қатынасына қолайсыз болғанымен ауыз суымен қамтамасыз етуде маңызы зор. Қостанай облысының климаты барлық Солтүстік Қазақстанның климатына сәйкес ашық теңіздер мен мұхиттардан алшақ орналасуына байланысты континентті және құрғақ болып келеді. Облыс климатының ерекшеліктері - қатал және жұқа қарлы қыс, ыстық жаз аздаған жауын-шашын мөлшері, көктемгі кеш түсетін және күзгі ерте түсетін үсік пен жыл бойы үстем болатын, көктемгі - жазғы кезеңде шаңды дауыл, ал қыста - қар ұшқыны болады.
Облыстың климаты ауа массаларының әр түрлі типтерінің қатысуынан қалыптасады. Қысқы кезеңде облыс территориясы арктикалық ауа массасы мен сібір антициклонының ықпалында болады. Әсіресе, желтоқсаннан ақпанға дейінгі кезеңде әсері айқын байқалады. Сібір антициклоны жоғары қысыммен облыс территориясының оңтүстігіндегі Сарықопа көліне қарай (шамамен 50[0] с.е) алап өтеді, жел бағыттарына байланысты таралады. Солтүстікке қарай - оңтүстік және оңтүстік-батыс бағытындағы желдер үстемдік етеді.
Көктемде күн жылуының көбеюіне және оңтүстіктен келетін ауа температурасының көтерілуіне байланысты иран полярлы ауасының таралуы, құрғақ және ыстық желдердің болуы жиіленеді. Осының нәтижесінде арктикалық ауа солтүстікке - Мұзды мұхит жағалауына қарай өтеді, ал сібір антициклоны біртіндеп сирей түседі. Жазғы уақытта облыс территориясы арктикалық ауа массаларының циклондарынан, сондай-ақ Атлант мұхиты жағынан келетін циклондардан туатын жылы континентті ауа ықпалында болады. Олар жауын-шашынның түсуіне үлкен әсерін тигізеді.
Облыстың орташа жылдық температурасы 1-4[0]С құрайды. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері облыстың солтүстігінде және солтүстік-шығыс дала және орманды дала бөліктерінде 350-390 мм құрайды, алайда оңтүстікке қарай жауын-шашын мөлшері ерекше азаяды және шөлейт жерлерде 180-200 мм дейін төмендейді. Жауын-шашынның таралуы жыл маусымына байланысты әркелкі.
Қостанай облысындағы қыс қатал, бұлыңғыр және қар жамылғысы аз. Қыс шамамен бес айға - қарашадан сәуірге дейін созылады. Ең суық ай қаңтар айының орташа температурасы - 17,2[0]С, -18,2[0]Сқұрайды, алайда суық қыста орташа температура - 25[0]С дейін төмендейтін кездер болады, қыстың кейбір күндері солтүстікте - 49[0]Сжәне облыстың оңтүстігінде - 40[0]С дейін жетеді.
Қыста облыста оңтүстік-батыс желдері үстем болады. Олардың орташа айлық жылдамдығы 4,5-5 мсек. Айдың 2-4 күніне дейін жылдамдығы 15 мсек жететін күшті желдер соғады Олар топырақтың терең тоңазуына мүмкіндік береді. Облыста боран жиірек болып тұрады. Олар автомобиль жолдарын, темір жолдарды қарға толтырып, жол қатынасын қиындатады. Боран айына 4-10 күн үзбей болады.
Алғашқы қар қазан айының соңында - қарашаның басында түседі, ал 2-3 аптадан кейін тұрақты қар жамылғысы қалыптасады. Қар жамылғысының биіктігі ашық далаларда шамамен 18-36 см дейін жетеді, ал қорғалатын жерлерде (мысалы, орман тоғайлары тараған Ұзынкөл және Меңдіқара аудандарының солтүстігінде) 50-60 см дейін, кейбір жерлері 100 см дейін жетеді.
Қостанай облысында қар жамылғысы сәуір айының бірінші онкүндігінде кетеді, алайда кейбір жылдары көктемнің ерте түсу кезінде қар жамылғысы наурыз айының екінші жартысында (оңтүстікте наурыз айының ортасында, солтүстікте айдың соңында) кетеді. Ал, кейде көктем кеш келгенде қар жамылғысы сәуір айының соңғы онкүндігінде кетеді. Кейбір жылдары сәуір айының соңғы онкүндігінде немесе мамыр айының басында 1-2 күнге созылатын қар жамылғысының қайталанып қалыптасуы байқалады.
Қостанай облысының көктемі қысқа және құрғақ, 20 күннен бастап бір айға дейін созалады. Әдетте, көктем сәуір айының бірінші онкүндігінің соңынан немесе екінші жартысынан басталады. Қыс маусымына қарағанда бұлыңғырлығы аз, ауа температурасының интенсивті көтерілуімен ерекшеленеді. Температураның орташа айлық көтерілуі наурыз айынан сәуірге дейін 12,5-13,5[0]С құрайды, ал сәуір айынан мамырға дейін температура біршама төмендейді және 10-11[0]С теңеседі. 6-13 сәуірде орташа бір күндік температура 0[0]С, 14-16 сәуірде 5[0]С, 24 сәуірде (оңтүстікте) және 9 мамырда (облыстың солтүстігінде) 10[0]С шамалайды. Алайда, көктемде ауа райының салқындауы жиі болып тұрады. Жыл сайын көктемгі үсіктер сәуір бойы байқалады, ал облыстың солтүстігінде 24 мамырға дейін созылады. Кейде көктемгі үсіктер маусым айының алғашқы онкүндігінде де кездесіп, тары, жүгері, картоптың көктеуіне зиянын тигізеді. Көктем маусымына жылдамдығы 5-6 мсек құрайтын күшті және құрғақ желдер тән. Көктемде орташа жауын-шашынның мөлшері 35-60 мм. аспайды, ал кейбір жылдарда тіпті болмайды.
Облыс территориясындағы жаз қоңыржайлы орташа ыстық және құрғақ. Жаз уақытындағы ең ыстық ай - шілде айы. Шілде айында ауаның орташа температурасы солтүстікте 19,3[0]С, оңтүстікте 24[0]С дейін өзгереді. Кейбір жылдары, әсіресе, жаздың аптап күндерінде ауа температурасы 40-42[0]С жетеді. Алайда, ауаның құрғақтығына байланысты ондай аптап ыстық күндер жеңіл ауысады. Жылдың басқа маусымдарымен салыстырғанда жазда ауа температурасы тұрақты болып келеді, жазғы ауа температурасының ай сайынғы өзгеруі тек +(-)3-4[0]С ғана құрайды. Бұл жағдай ауыл шаруашылық дақылдары мен жемдік шөптің өсуіне мүмкіндік туғызады.
Жазғы кезеңде жауын-шашын мөлшері біршама түседі. Жазғы үш айда басты жер шаруашылығымен айналысатын аудандарда жауын-шашын 110 мм-ден 177 мм-ге дейін түседі, немесе жылдық мөлшердің 40-45% құрайды. Алайда, жаңбырлы жылдары жауын-шашын мөлшері әрбір жазғы айда 100-200 мм. құрап, біршама көбейеді, ал құрғақ жылдары тіпті солтүстікте, облыстың ылғалды аудандарында жауын-шашын мөлшері 6 есеге төмендеп, не бары шамамен 30 мм. құрайды.
Жазғы жауын-шашын, әсіресе, өтпелі нөсер түрінде түседі. Жазда көктем сияқты ұзақ уақыт жауын-шашынсыз құрғақ кезеңдер де болады. Аймақта құрғақшылық 10 жылда 3-4 рет байқалады. Құрғақ атмосферада топырақ пен өсімдіктерді құрғататын ыстық желдер жиі болады. Кейбір құрғақ күндері ауа ылғалдылығы6-10%дейін төмендейді, яғни жазғы күндер үшін орташа ылғалдылықтан 4-5 есе төмен көрсеткіш. Ауаның жоғарғы температурасы және үлкен құрғақшылық жазғы уақыттағы үлкен ылғалдылықты баяулатады. Орташа бір күндік температура 10[0]С жоғарыны құрайтын кезеңдер облыстың солтүстігінде шамамен 130 күнге созылады, су бетінен булануы 600-1000 мм. дейін жетеді. Осындай булану жауын-шашын мөлшерін облыстың солтүстігінде үш есеге, ал оңтүстігінде 10 есеге көбейеді. Жазғы кезеңде негізінен солтүстік, солтүстік-шығыс және солтүстік-батыс бағытындағы желдер үстем етеді. Қысқы-көктемгі кезеңмен салыстырғанда жел жылдамдығы айтарлықтай аз және 3,5-4,5 мсек құрайды, бірақ кей кездері жел жылдамдығы 1,5 және 2 есеге көбейеді. [1]
Қостанай облысында күз әрдайым тез түседі, ауа температурасы өтпелі кезеңде шұғыл төмен түседі. Қыркүйек айының ортасында үсіктер байқалады, ал орташа температурасы 11-15[0]С құрайды. Кейде үсіктер тамыз айының соңғы онкүндігінде түседі. Күзде жаңбырлы бұлыңғыр ауа райы басым болады. Ауаның орташа айлық температурасының тұрақты өтуі 17 қыркүйек пен қазанның басында 10[0]С, 6-7 қазанда 5[0]С, 23-31 қазанда 0[0]С құрайды.
Кейін қазан айының аяғы мен қараша айының басында алғашқы қар түседі. Кейде ауа-райының суық болуына қарамастан қардың түсуі желтоқсан айына дейін кешігеді де, содан соң қатқан топыраққа түседі. Осының нәтижесінде қысқы егіс толығымен жойылуы мүмкін.
Күзгі (қыркүйек-қазан) жауын-шашынның орташа мөлшері шамамен 30-60 мм. құрайды, кейбір жылдары жауын-шашын мүлде болмауы да мүмкін, жауын-шашын мөлшері облыстың солтүстігінде 170 мм. дейін, ал оңтүстігінде 80 мм., кейде одан да көп түседі. Қостанай облысында аязсыз күндердің орташа ұзақтығы солтүстікте 110 күн, ал оңтүстікте 160 күнді құрайды. Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы (орташа бір күндік температурасы 5[0]С жоғары) облыстың солтүстік жартысында 165-174 күн, ал оңтүстік жартысында 182-185 күнге теңеседі. Осы кезеңдерде температура мөлшері облыс бойынша 2300-2500[0]С.

2.2 Торғай үстіртінің су ресурстары

Торғай үстіртінің су көздері үш топқа бөлінеді: өзендер, көлдер және жер асты сулары. Жалпы су ресурстарының қоры бойынша Торғай үстіртінің ішкі сулары нашар дамыған.
Өзендері мен көлдері негізінен көктемгі еріген қар жаңбыр суларының есебінен қоректенеді. Жазда олардың деңгейлері күрт төмен түседі. Көлдердің деңгейлерінің ауытқуы жауын - шашынның мөлшерінің ауытқуларымен тығыз байланысты.
Торғай үстіртінде жарық шақты және қабат аралық жерасты сулары кең тараған. Жарық шақты сулар палеозой эрасының тау жыныстарындағы тектоникалық жарық шақтарда шоғырланған. Судың мол қоры гранитцидтар мен әктастардағы дарықтарда кездеседі. Әсіресе жоғарғы девонның кремниленген әктасты жыныстарында жарық шақты - карстлы жерасты суы кең тараған. Олардың қоректенуі көктемгі еріген қар суының тау жыныстарына сіңуінің есебінен жүреді. Негізінен пайдалануға жарайтын тұщы сулар басым. Қиыршық тасты жыныстардан өткенде олар тұздануы да мүмкін.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қостанай облысына жалпы сипаттама
Қостанай облысы Восточный ауылының ірі масштабты топырақ картасын құрастыру қағидалары
Қостанай облысы аумағының топонимдеріндегі табиғат жағдайларының бейнелеу заңдылықтары
Халық демографиясы жағдайы мен миграциясының басты заңдылықтарын, тенденцияларын зерттеу
Наурызым қорығының экологиялық жағдайына баға беру
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
Тұран жазығының географиялық орынының ерекшелігін, климаты мен органикалық дүниесінің таралуын, аумақтың табиғатының қалыптасу мен жер бедерінің геоморфологиялық типтерінің арасындағы өзара байланыстарды ашып көрсету
Географиядан проблемалық оқытудың белгілері
Ландшафтарды биоалуандылығына әсер етуші экологиялық факторларды зерттеу
Қостанай облысындағы рекреациялық ресурстардың қалыптасуына әсер етуші табиғи факторлар
Пәндер