Абай мен Әлиханның таныстығы..


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Абай мен Әлиханның таныстығы . . .

Абайға қатысты қазіргі таңда сөз айтқанда ең алдымен ойымызға М. Дулатовтың «Қазақ» газетінің бас мақаласы ретінде басылған «Абай» деген мақаласындағы «Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ рухына сонша жақындармыз», - деген аталы сөзі оралады. Шындығында да уақыт көші қанша алыстағанымен де, Ұлы ақын мұрасына, рухына соншалықты жақындай береріміз анық. Уақыт кеңістігіндегі ғасырлар деңгейі мөлшерімен қарасақ Абай жинағының жарық көргеніне бір ғасыр болды. Ендеше тұңғыш жинақ оқырман қауым назарына ұсынылғаннан бері ұлы ақын мұрасын, оның дара болмысын, азаматтық келбетін, мол әдеби мұрасын тану, таныту дәрежеміз қандайлық деңгейде, не істелінді, алдағы уақыттардағы міндетіміз қандай деген сұрақтарға жауап іздеуіміз бүгінгі күн талабы деп есептейміз.

«Қазақтың бас ақыны - Абай. Онан асқан бұрын-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ. Ақмола, Семей облысында Абайды білмейтін адам жоқ, - дей келе Ахмет Байтұрсынов, - Абайдың сөздері кітап болып басылып шыққанша Абайдың аты да, сөзі де Торғай облысына естілмеуші еді» , - дейді. Ал, Міржақып Дулатов болса: «Не шара! Қазақ әдебиетінің атасы хакімінде алтын әріппен жазыларлық Абай Шыңғыс тауында туып, Шыңғыс тауында 60 жылдық өмірін өткізіп, сол Шыңғыс тауында өлді. Туғанын, жасағанын, өлгенін өз елі Тобықтыдан басқа қазақтың көп жері білмей де қалды. Осы заманда үш ауыз сөздің басын құрай білетіндердің жазулары тасқа басылып, халыққа тарап, сынға түсіп тұрғанда, Абай сөзі өзі өлгеннен бес жыл өткенде басылды», - деген еді. .

Зер сала қарасақ Алаш арыстарының айтқан сөздерінде үлкен мән жатыр. Абай есімінің кең қазақ сахарасына таралуына, ұлы ақын сөздерінің «көкірегі сезімді, тілі орамды» «үлгілі жас» пен сөз танырлық адамына жетуіне басты себеп болған - тұңғыш жинақ екендігі тағы да айқын. Әйтпесе: «Мақтап отырған Абайы біздің Әбубәкір, Сейдахмет, Ақмолдаларынмыз сықылды біреу ғой деп жүрдім», - деп басындағы Ахмет Байтұрсынұлы айтқанындай көзі ашық Алаш азаматтары толық тани алмас қалар ма еді, дәл заманында Абай жинағы жарық көрмесе, ақын өлеңдері қолдарына тимесе.

«1903 жылы қолыма Абай сөздері жазылған дәптер түсті. Оқып қарасам, басқа ақындардың сөзіндей емес. Олар сөзінен басқалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін тосаңсып отырасың. Сөзі аз, мағынасы көп, терең», - дейді Абай өлеңдерімен алғаш танысқан кездері туралы тағы да А. Байтұрсынұлы.

«1905 жылы «Семипалатинский листок» газетасында һәм онан кейін Семейдегі географический обществоның шығарған бір кітабында Ғалихан Бөкейханов Абайдың тәржіма халін жазды, һәм кешікпей кітабы басылатынын білдіріп еді. Бірақ тез шықпады. 1909 жылы Абайдың балалары, һәм інілерінің ризалығы, һәм Ғалиханның ыждаһатымен Абай кітабы Петербургта Бураганский баспасында басылып шықты. Бұл біздің қолымыздағы кітап сол бірінші басылым», - деген еді Міржақып Дулатов.

Міне ұлылар мен алыптар үндестігі! Бас баяндамада ұстазым Арап Сләмұлы айтып өткендей Әлихан Бөкейхановтың зор ықпал әсерімен, Мүрсейіт Бікеұлының маржандай әдемі жазуымен көшіріліп, Турағұл мен Кәкітайдың құрастыруымен жарық көрген тұңғыш жинақ туралы пікір айтқан Ахмет, Міржақыптардың Абаймен тағы да бір рухани үндестігі, ортақ сабақтастық - олардың шығармаларының қалың көпшілікке бір жылда таралуы еді. 1909 жылы, яғни бұдан жүз жыл бұрын Абай жинағы жарық көрген кезде Ахмет Байтұрсыновтың «Қырық мысалы» Санкт-Петербургте, М. Дулатовтың «Оян қазағы» Уфа қаласында баспадан жеке-жеке басылып шыққан еді.

Бұл халқымыздың рухани өміріндегі, мәдени тарихындағы, әдебиет айдынындағы ерекше бір бағалы оқиға екендігін ешкім де жоққа шығара алмас. Қазіргі заманда Абай ұлылығын, хакімдігі мен кемеңгерлігін барша адамзат танып білген шақта, оның 1909 жылы шыққан тұңғыш жинағының қазақ халқы мәдениетінің тарихындағы сарқылмас ғажайып бастау бұлағы болғандығын терең де айқын сезінеміз.

Абай жинағының жарық көруіне қалтқысыз қамқорлық жасаған үлкен экономист - ғалым, әдебиетші-тарихшы, жалынды публицист, шебер аудармашы, алаш арысы Әлихан Бөкейханов басты назарын қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне арнаған. 1903 жылы Петербургта белгілі ғалым Семенов-Тянь-Шанский мен академик В. И. Ламанскийдің редакциясымен жарық көріп келе жатқан «Россия. Полное географическое описание нашего Отечества» атты көп томды еңбектің 18 томы «Киргизский край» деген атаумен қазақ тарихына арналып шығады. Міне осы кітаптың «Население» деп аталған екінші бөлімін Әлихан Бөкейханов жазуға қатысқан. Онда қазақ халқының өзіндік ерекшелігі, өткен тарихы мен танымы, мәдениеті туралы, мол ауыз әдебиеті жауһарларын, жекелеген ақындарды айта келе Абайға айрықша тоқталады. Абайды жаңа әдебиеттің көшбасшысы ретінде бағалайды. Белгілі абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедхановтың сөзімен айтсақ: «Абайдың көзі тірісінде оны орыстың оқырман қауымына тұңғыш рет таныстырған адам - Әлихан Бөкейханов»

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ә. Бөкейханның ғылым мен ұлттық дамуға қосқан үлесі
Абайтанудың негізін қалаушы
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ ӘДЕБИ-СЫН ЗЕРТТЕУЛЕРІ
«Қанды ғасырдың» қыран ұлы Ә.бөкейханов
Алихан Бөкейхан
Әлихан Бөкейханның биографиясы
Әлихан тұңғышы
Ұлы Абай шығармашылығын танытудағы Алаш қайраткерлерінің еңбегі
Әлихан Бөкейхановтың биографиясы
Қазақтың тәрбие ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz