Тұран жазығының географиялық орынының ерекшелігін, климаты мен органикалық дүниесінің таралуын, аумақтың табиғатының қалыптасу мен жер бедерінің геоморфологиялық типтерінің арасындағы өзара байланыстарды ашып көрсету



КІРІСПЕ
1 Тұран жазығының физикалық географиялық орыны. Табиғатының қалыптасу тарихы
1.1 Тұран жазығының физикалық географиялық орыны
1.2 Тұран жазығының физикалық.географиялық тұрғыдан зерттеу тарихы
1.3. Тұран жазығының геологиялық құрылысы
1.4 Жер бедерінің жалпы ерекшеліктері мен геоморфологиялық типтері
2 Тұран ойпатының климаты, ішкі сулары, органикалық дүниесі
2.1 Тұран жазығының климатының жалпы ерекшеліктері
2.2 Тұран жазығының атмосфера циркульятциясының үрдістері
2.3 Тұран жазығының табиғат зоналары мен провинциялары
2.4 Тұран жазығының өзендері мен көлдері
3 Тұран жазыңының табиғи ресурстары мен олардың шаруашылықта пайдаланудағы рөлі
3.1 Тұран жазығының табиғи ресурстары
3.2 Табиғат ресурстарының шаруашылықтағы маңызы
3.3 Табиғат ресурстарын игеруге байланысты туындаған экологиялық мәселелер
4 География сабақтарында дипломдық жұмыс материалдарын пайдалану
4.1 Тұран жазығының физикалық.географиясы
4.2 Таулар және жазықтар.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
А ҚОСЫМША
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Тұран жазығы 35-53°с.е аралығында дүние жүзілік мұхиттан шалғай құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орынының ерекшелігіне сай каледон, герцин, альпі қатпарлықтарында түзілген биік және аласа тау жүйелерімен шектескен.
Тұран ойпатының құрылықтың ішкі аймағында орналасуы Шығыс Еуропаның өзі орналасқан ендіктеріне қарағанда қысы суық, жазы ыстық болуымен, климатының шұғыл континентілігімен ерекшеленеді. Шөлді шөлейтті Тұран жазығының жан-жақты оқып үйрену табиғат байлықтарын шаруашылық мақсатта игеру барысын қоршаған ортаның тепетеңдігін сақтау мәселесін шешу мен қатар, табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерінің терен меңгеруге мүмкіндік береді.
Жұмыстың өзектілігі Тұран жазығының табиғатының алуан түрлілігінің негізгі себебін ашып көрсету, еліміздің аумағының батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінің жер бедерінің, климатының, топырағы мен өсімдіктер жамылғысының қалыптасу заңдылықтарына әсер ететін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Тұран жазығының географиялық орынының ерекшелігін, климаты мен органикалық дүниесінің таралуын, аумақтың табиғатының қалыптасу мен жер бедерінің геоморфологиялық типтерінің арасындағы өзара байланыстарды ашып көрсету.
Дипломдық жұмыстың негізгі зерттеу міндеттері: Ғылыми жұмысты зерттеу барысында алға қойылған мақсатты негізге ала отырып, тақырып мазмұнын нәтижелі ашу үшін бірнеше міндеттер қарастырылады:
• Физикалық, географиялық орынының негізгі ерекшеліктерін;
• Аймақтың зерттеу тарихын;
• Геологиялық даму тарихымен геотектоникалық құрылысының негізгі ерекшеліктерін;
• Жер бедерінің түзілу жолдары мен аумақта таралуын;
• Климаттың түзілу зандылықтарынымен ішкі суларын;
• Топырағымен өсімдіктер жамылғысының негізгі ерекшеліктерін;
• Табиғат қорғау мәселелерін жанжақты талдап,ой қорытындыларын шығару;
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, төрт тараудан және 13 бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Дипломдық жұмыстың практикалық манызы: нәтижесінде жинақталған дәлекті матерялдар География мамандығының студенттері, орта мектептің мұғалімі мен оқушылар Тұран ойпатының табиғатын жан-жақты оқып үйрену үшін, туристік фирмалармен өңдірістің жеке салаларының мамандары білім көзі ретінде пайдалана алады. Тұран ойпатының географиялық орыны, Геотектоникалық құрылысы, жер бедері мен климатының негізгі ерекшеліктері жан-жақты ашып көрсетілген.
1. Бейсенова Ә., Карпеков Қ. Қазақстанның физикалық географиясы, Алматы: Атамұра 2004 ж
2. Өтемағамбетов М.Қазақстанның физикалық географиясы Алматы 1967 ж
3. Есназарова Ұ "Қазақстанның физикалық географиясы"Алматы 1997 ж
4. Чупахин В.М. Физическая география Казахстана. Алматы: Мектеп, 1968. 83-90 бет.
5. Физическая география Республики Казахстана /под ред. Жаналивой. –Алматы: Қазақ Университеті.1998.33-36 стр.
6. Физическая география Республики Казахстана /под ред. Жаналивой. –Алматы: Қазақ Университеті.1998.33-36 стр.
7. Карпеков Қ "Қазақстанның физикалық географиясы" Алматы 1998 ж
8. Бірмағамбетов А.А. Қазақстанның физикалық географиясы.-Алматы: Рауан, 2004. 16-25 б.
9. Физическая география Республики Казахстана /под ред. Жаналивой. –Алматы: Қазақ Университеті.1998.33-36 стр.
10. Ә.Бірмағамбетов. Қазақстанның физикалық географиясы.Алматы: Рауан, 2004. 75-83 б.
11. Физическая география Республики Казахстан /под. ред. К.М.Джаналиевой – Алматы: Қазақ университеті, 1998. – С.135-140
12. Байбатша Ә. «Қазақ даласының ежелгі тарихы»- Алматы 1998 ж
13. Бейсенова А.С. Қазақстанның физикалық географиялық тұрғыдан зерттелуі. 2002 ж. 25 б.
14. Бейсенова Ә.С. Қазақстан аумағының физикалық-географиялық тұрғыдан зерттелуі. –Алматы: Мектеп, 1990.79-100 б
15. Бейсенова Ә. Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы Алматы: Рауан 1990 ж
16. Беспалов В.Ф. Геологическое строение Казахской ССР.-Алма-Ата: Наука, 1971. - С. 100-115.
17. Абдуллин А.А. Геология Казахстана.-Алма-Ата: Наука, 1981. -С.34-45.
18. Абдуллин А.А. Геология и минералогические ресурсы Казахстана. – Алма – Ата: Ғылым, 1994. - С.115-130.
19. Равнины и горы Средней Азии и Казахстана. –М.: Наука, 1975, 139-158 с.
20. Жаңбырбаев Е.Е.«Қазақстанның көрікті жерлері»
Алматы -1979 ж
21. Ердаулетов С.Р. Рутковский О.О "Занимательная география Казахстана"Алматы 1989 ж
22. Молдағұлов Н.М. Ландшафттану негіздері және Қазақстанның ландшафтысы. Алматы: - Мектеп, 1990, 115-122 б
23. Соколов А.А. Основные почвообразования и почвы Восточного Казахстана. Повышение плородия почь Казахстана. – Алма-Ата, Наука. 1984, 39-60 с.
24. Климат Казахстана (под. ред. Утешева А.С. М., Наука, 1975. 110-115 с.
25. Формозов А.Н. Животный мир Казахстана Алма-Ата: Наука, 1987, 110-125 с.
26. Усманов У.У. География генетическая исследования и качественный учет земель Казахстана // Успехи почвоведения в Казахстане. Алма-Ата, Наука, 1975, 55-64 с.
27. Қазақстанның ұлттық энциклопедиясы 8-том Алматы 1998 ж
28. Қазақстан. Советский союз в 22 том.- Москва 1972 ж
29. Казахстан природные условия и естественные ресурсы СССР. – М.: Наука, 1969, 128-139 с.
30. Табиғат және география 2008 ж №6

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Тұран жазығы 35-53°с.е аралығында дүние жүзілік мұхиттан шалғай құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орынының ерекшелігіне сай каледон, герцин, альпі қатпарлықтарында түзілген биік және аласа тау жүйелерімен шектескен.
Тұран ойпатының құрылықтың ішкі аймағында орналасуы Шығыс Еуропаның өзі орналасқан ендіктеріне қарағанда қысы суық, жазы ыстық болуымен, климатының шұғыл континентілігімен ерекшеленеді. Шөлді шөлейтті Тұран жазығының жан-жақты оқып үйрену табиғат байлықтарын шаруашылық мақсатта игеру барысын қоршаған ортаның тепетеңдігін сақтау мәселесін шешу мен қатар, табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерінің терен меңгеруге мүмкіндік береді.
Жұмыстың өзектілігі Тұран жазығының табиғатының алуан түрлілігінің негізгі себебін ашып көрсету, еліміздің аумағының батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінің жер бедерінің, климатының, топырағы мен өсімдіктер жамылғысының қалыптасу заңдылықтарына әсер ететін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Тұран жазығының географиялық орынының ерекшелігін, климаты мен органикалық дүниесінің таралуын, аумақтың табиғатының қалыптасу мен жер бедерінің геоморфологиялық типтерінің арасындағы өзара байланыстарды ашып көрсету.
Дипломдық жұмыстың негізгі зерттеу міндеттері: Ғылыми жұмысты зерттеу барысында алға қойылған мақсатты негізге ала отырып, тақырып мазмұнын нәтижелі ашу үшін бірнеше міндеттер қарастырылады:
* Физикалық, географиялық орынының негізгі ерекшеліктерін;
* Аймақтың зерттеу тарихын;
* Геологиялық даму тарихымен геотектоникалық құрылысының негізгі ерекшеліктерін;
* Жер бедерінің түзілу жолдары мен аумақта таралуын;
* Климаттың түзілу зандылықтарынымен ішкі суларын;
* Топырағымен өсімдіктер жамылғысының негізгі ерекшеліктерін;
* Табиғат қорғау мәселелерін жанжақты талдап,ой қорытындыларын шығару;
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, төрт тараудан және 13 бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Дипломдық жұмыстың практикалық манызы: нәтижесінде жинақталған дәлекті матерялдар География мамандығының студенттері, орта мектептің мұғалімі мен оқушылар Тұран ойпатының табиғатын жан-жақты оқып үйрену үшін, туристік фирмалармен өңдірістің жеке салаларының мамандары білім көзі ретінде пайдалана алады. Тұран ойпатының географиялық орыны, Геотектоникалық құрылысы, жер бедері мен климатының негізгі ерекшеліктері жан-жақты ашып көрсетілген.
Зерттеудің теориялық негізі: Негізгі зерттеу міндеттерінің теориялық негізін тақырып мәселесі бойынша жазылған Қазақстандық және шет елдік авторлардың ғылыми еңбектері құрайды. Олар: Ерсұлтанов Е.Е., Астапков А.Ф., Зубарева С.М., Смазнова В.М., Өтемағамбетов М., Неклюкова Н.П. т.б. Жұмыстың негізі ретінде Ерсұлтанов Е.Е. Өтемағамбетов М. Қазақстанның физикалық географиясы, Есназарова Ұ "Қазақстанның физикалық географиясы" еңбегін және баспасөз беттерінде жарияланған бірнеше мақалаларды қолдандық. Сонымен қатар, Қазақстан ұлттық энциклопедиясынан да мәліметтер алынды.
Зерттеу әдісі: Салыстырмалы - аналитикалық, жүйелі талдау, топтау,статистикалық.

1 Тұран жазығының физикалық географиялық орыны. Табиғатының қалыптасу тарихы

1.1 Тұран жазығының физикалық географиялық орыны

Тұран - Қазақстанның оңтүстігін батысынан шығысына дейін созылып жатқан кең жазық. Оған Маңғыстау, Үстірт, Торғай үстірті, Арал маңы, Сырдария бойы, Қызылқұм, Бетпақдала, Мойынқұм, Балқаш-Алакөл аймағы түгел кіреді.
Жазық 53°-35° солтүстік ендіктермен 51°-70° шығыс бойлықтың аралықтарында орналасқан. Аймақтын басым бөлігі 48°-35° солтүстік ендіктердің аралығында орналасқан Қазақстанның аумағында 41°-53°. Ендіктің аралығындағы Солтүстік, орталық және оңтүстік шығыс бөлігі кіреді. Ауданы екі милион шаршы шақырымға жуық. Арал теңізіне қарай еңіс, шеткі бөліктері көтеріңкі үстірті болып келуімен ерекшеленеді. Арал теңізінің жағалауында теңіз денгейінен 51 метрден шеткі аймақтарында 200-300 метрге дейін біртіндеп көтеріледі.[1]
Географиялық орынының ерекшеліктеріне сай Тұран ойпатының өзіне ғана тән ерекшеліктері бар. Олар:
* Материктің ішкі бөлігіндегі 35-53 ° арасы с.е аралығындағы орынының;
* дүние жүзілік мұхиттан бірнеше мың шақырым қашықта орналасуы;
* оңтүстігінде биік таулы белдеулердің қоршап жатуы;
* мұхиттан қашықта орналасуына орай ауа массаларының трансфориациялануына байланысты климатының аридтілігі мен жауын-шашынның аздығы;
* Тропиктік жоғарғы қысымды белдудің солтүстік шетімен Воекоов білігінің оңтүстік бөлігі арқылы өтуінің климатының шұғыл континентігін арттыруы;
* Транзитті Сырдария мен Әмудариядан басқа өзен торларының болмауы;
* Құрғақ дала және шөл зоналарына тән өсімдіктермен жануарлар дүниесінің таралуы.
Тұран жазығының шекарасы айқын ажыратылған табиғи шептер мен өтуі мен ерекшеленеді. Солтүстік-батысында Үстірттің кемерлері мен Оңтүстік Ембі үстіртері арқылы Шығыс Европа платформасының бөлігі болып табылатын Каспий маңы ойпатымен, Мұғалжар тауының оңтүстік шығыс шетімен, Солтүстігінде Торғай үстіртінің оңтүстік шетіндегі кемерлері мен шектеседі.

Тұран жазығының жер бедері мен оның пайда болу тарихы жағынан біркелкі емес. Аймақтың негізгі тұғырын палеозойда қалыптаскан эпигерциндік платформалық құрылым - Тұран тақтасы құрайды.
Тұран жақығының жер бедері мен топырақ жамылғысы палеогендік карбонатты терриген жыныстары мен неоген-антропоген дәуірлерінің құмды, малта тасты моласса үгінділерінен түзілген.
Маңғыстаудың аласа таулы өлкесі мезозой дәуірінде пермь-триас құмтастары мен әктастарынан, тағы басқа жыныстардың қосындыларынан түзілген. Ең биік тауы - биіктігі 350-450 м, ұзындығы 130 км болатын Қаратау. Оның ең биік нүктесі - Бесшоқы (556 м). [2] Қаратау беткейлері шатқалдармен, жыралармен тілімделген толқынды қырат түрінде көрінеді.
Тау жотасы ғана тік, жалаңаш, жартасты. Қаратаумен қатарласа оның солтүстігі мен оңтүстігінде солтүстік және оңтүстік Ақтау созылып жатады. Олар жоғарғы бор дәуірінің әктасынан тұрады. Ақтау деп аталуы да осыдан. Биіктігі 300 м шамасында. Ақтаудан оңтүстікке қарай қыратты жартылай шөлді Дала басталады. Ол түгелдей ұлу тасты-оолитті әктастардан, Каспий жағасына таяу беті саз балшықтарынан түзілген. Олардың астында пермь-триас және одан да ежелгі дәуірлердің қатпарлығы жатыр (тереңдігі 2 - 3 км). Олардан төмен теңіз деңгейінен аласа бірнеше тұйық қазаншұңқырлар ұшырасады. Олардың ең үлкені - Қарақия ойысы теңіз деңгейінен 132 м төмен орналасқан. Маңғыстау түбегіндегі суларының көбі өте ащы, тіпті тұзды болып келеді.
Маңғыстаудан Арал теңізіне дейін Үстірт қыратты жазығы жатыр. Оның биіктігі 200-300 м. Ауданы 170 мың км². Ұзындығы 600 км, ені 300-400 км. Үстірттің Қазақстанға солтүстік-батыс бөлігі ғана кіреді. [3] Үстірттің жер бедері тегіс, ұлу тасты-оолиттік әктасы мең тұзды мергель және саз араласқан ашық түсті әктастан түзілген. Әр жерінде көлді ойысты қазаншұңқырлар кездеседі. Олар құрғап, айналасын құм (Сам, Асмантай - Матай құмдары) басқан. Мұнда өзендер жоқ.
Тұран ойпатын Батыс Сібір жазығынан Қостанай қазаншұнқыры бөліп жатыр оларды бір-бірімен ежелгі теңіздердін аралығындағы бұғаз болған Торғай қолаты жалғайды.
Физикалық-географиялық аймақты шығысымен солтүстік-шығысында, каледон қатпарлы белдеуіне жататын қазақтың ұсақ шоқылы ауданы Сарыарқа орналасқан оңтүстік-шығысындағы Шу-Іле таулары Тұран ойпатын Балқаш-Алакөл крпитодепресияларынан бөліп тұр.
Тұран жазығының Оңтүстік шекарасы каледон, герцин қатпарлығында түзілген Тянь-Шань тауларының солтүстік және оңтүстік тізбектері, Альпі қатпарлығына жататын Памир, Капетдаг тауларының етегі батыс шекарасы шартты түрде Каспий теңізі арқылы өтеді. Аймақтын енді бөлігі батыстан-шығысқа 2500 км, солтүстіктен-оңтүстікке 2000 км созылып жатыр. [4]
Ірі тектоникалық құрылымдарымен шектесетін шекарадағы тектоникалық жарықтарды бойында орналасқан Торғай үстірті, Үстірт сияқты жер бедерінің көтеріңкі пішіндері басқа аймақтан бөлініп жатыр.
Тұран ойпатының жоғарыда аталған ерекшеліктері климаты мен табиғатының барлық компоненттерінің қалыптасуына тікелей әсеретеді.
Тұран ойпаты бұл ортасында Арал теңізі орналасқан біртұтас ірі ағынсыз тұйық аймақ болып табылады.
Жер бедерінің ерекшеліктеріне сай жан жағын қоршап жатқан таулардан орасан зор мөлшерде бос жыныстары шөгеді. Ағынсыз тұйық алқапқа жатуымен теріс радиациялық баланс жағдайында көп мөлшердегі тұздың жинақталуы үрдісінің жүруі байқалады.
Географиялық орынымен климатының ерекшеліктеріне сай Еуразияның қоңыржай белдеудегі ең аз мөшердегі жауын-шашын жауады. (100-150 мм. шамасында) тұтастай алғанда Тұран жазығының табиғатына аридтілік тән осыған орай шөлдерде жыл бойы ашық күнді құрғақ ауа-райы басым болып, жер бедерін түзуде желмен температураның әсерінен жүретін физикалық үгілулер жетекші орын алады.

1.2 Тұран жазығының физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу тарихы

Тұран ойпаты туралы алғашқы тарихи жазба деректер ежелгі грек ғалымдары Герадоттың, орта ғасырдағы араб саяхатшылары Әль-Идриси мен Әль-Истрахидің, Абдулафтың, Қазақ жерінен шыққан ғұлама ғалым Әль-Фараби мен Бабырдың еңбектерінде кездеседі. Тұран ойпатымен Орта Азияның физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу XVІІІ ғасырдың бірінші ширегінде І Петрдің Ресей мен оған шектесетін аймақтардың табиғатын жан жақты зерттеу мақсатыда ұйымдастырған ғылыми экспедициясынан басталды.
1714 жылы Астраханьнан шыққан А.Черкасскидің экспедициясы Каспий теңізінің Шығыс бөлігі мен Әмудария өзеніне сипаттамаларын орыс саяхатшыларының ішінде алғашқылардың бірі болып, құрғап қалған ескі арнасы узбойларды тауып бұрын Каспийге құйғанын анықтады.
1731 жылы Сырдария, Әмудария, Жем, Орал өзендері және тоқсан елді мекен кескіндеген картасын жасады.
1762 жылы П.И.Рычков Орынбор өлкесінің топографиясы атты еңбегінде Арал теңізіне құя тын өзендермен Орал маңының жер бедері жөнінен сол кездегі жазба дерек көздерін жинақтап бір жүйеге келтіріп, алғаш рет Тұран ойпатына ғылыми тұрғыдан сипаттады.[12]
XVІІІ ғасырдың соңы мен XІX ғасырдың басында сол кездегі белгілі болған керуен жолдары арқылы Орта Азиядағы тау кеңесінің мамандары, геодезистермен әскери топографтар, елшілер келе бастады. Олардың Орта Азия табиғатына жасаған сипаттамалары XVІІІ ғасырдағы саяхатшыларына қарағанда біршама толық болды.
Арнайы білікті мамандар қатысқан саяхаттар нәтижесінде Тұран ойпатының жер бедері, өзен, таулары, климаты жөнінде ғылыми деректердің ауқымы біршама кеңейді. Сол кезеңнің өзінде Әмудария, Сырдария өзендері аңғарының Бетпақдала мен Мойынқұмның өсімдіктер, жануарлар дүниесі жөнінде маңызды ақпараттар жиналды.
XІX ғасырдың 40-50 жылдары Тұран ойпатының табиғатын кешенді оқып үйрену мәселелеріне баса назар аударылып арнайы ғылыми экпедиция ұйымдастырыла бастады.
Әмудария мен Сырдарияның Арал теңізінің, Қызылқұмның табиғатын жан жақты оқып үйренуде 1840-1850 жылдар аралығында А.И.Бутаковтың экспедициясы ерекше орын алды. [13] Ол өзі болған аймақтың органикалық дүниесін оқып үйренуге баса назар аударды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Тұран ойпатының табиғатын оқып үйрену ісінде Ресей ғылым академиясымен орыс география қоғамы жетекші рөл атқарып ғылыми экспедицияны ұйымдастыруды қолға алды.
1870 жылдары Хиуа хандығымен Түрікмендердің жеке тайпалары Ресей патшалығының бодандығын қабылдамаған соң аймақты ғылыми тұрғыдан жаңжакты зерттеу ісі одан әрі жанданды.
1873, 1874, 1875 жылдары Орыс география қоғамы ұйымдастырған Әмудария экспедициясы ауқымымен ғылыми зерттеулерінің нәтежиесі жөнінен Ресейдің жазық аймақтарында жүргізілген саяхаттардың ең маныздылары болып табылады. Бұл экпедиция Қарақұм шөлінің ірі бөлігін Әмударя өзенінің аңғарынын табиғатының ерекшеліктерін, Батыс Узбой мен Каспий теңізіне апаратын керуен жолдарын зерттеді. [14] Нәтежиесінде Әмудария мен Сырдарияның аралығындағы Қызылқұм шөлі арқылы Самарқант мен Ташкентті жалғайтын жол бағытының негізі қаланды. Экспедицияның құрамына арнайы мамандырылған бес топ кіріп онда жиырмадан астам Ресейге белгілі ғалым жұмыс істеді. Каспий теңізі мен оның шығыс жағалауын, Үстірт пен Маңғыстау түбегін оқып үйрену мақсатында Петербургтың жаратылыстану қоғамы 1874 жылы Арал - Каспий экспедициясын ұйымдастырды.
Жоғарыда аталған екі экспедицияда алдарына Арал-Каспий ойыстарының табиғат жағдайларымен байлықтарын оқып үйреніп, геологиялық құрылысының жер бедерінің, климатымен органикалық дүниесінің ерекшеліктерін аңықтау мақсатын қойды. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері ғылымға орасан зор үлес қосты.
ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде орыс ғалымдары Узбойлар арқылы Әмударияның суын Каспийге құйып Орта Азияға баратын су жолын ашу, теміржол салу, пайдалы қазбаларды барлау мәселелерімен айналысты.
1886-1888 жылдар аралығында В.А.Обручевтің экспедициясы Узбойлар мен Қарақұмды зерттеу мен айналысып, Қарақұмның теңіз табанында шөгуден емес аккумулятивтік жолмен түзілгенің аңықтады. [15] Лестті шөгінділерді оқып үйрене отырып оның пайда болуының желдін ғылыми болжамын қолдады.
1900-1906 жылдар аралығында белгілі географ Л.С.Берег Арал теңізінің алқабын кешенді зерттеулер жүргізді. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері 1908 жылы жарық көрген, Арал теңізі атты монографиясында жинақталып сол кездерде Северцев болжаған Аралдың құрғап қалуы жөніндегі ғылыми болжамның негізсіз екеніне және алғы шарттарының жөнінде өзінің ой қорытындысын шығарды.
1895 жылы Орта Азияға Каспий сырты темір жолының салыну жұмысын бастақаруға Ресейдің орман департаменті Қарақұммен Қызылқұмды бекіту жұмыстарын жүргізу мақсатында орманшы В.А.Пасецкийді жіберді. Ол жергілікті өсімдіктерді отырғызу арқылы құмды тоқтатуға болатының іс жүзінде дәлелдеді.
1912 жылы география қоғамы құмды шөлдерді тұрақты зерттеу мақсатында Қарақұмда тұрақты жұмыс істейтін Репетке бекетін ұйымдастырды ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдын басында Сырдария аңғары мен Жетісуда көші-қон басқармасының Түркістан бөлімшесі экспедициялық зерттеулер жүргізу жұмыстарын қолға алынды.
Кеңестік дәуірде Тұран ойпатын жан-жақты оқып үйреніп кешенді зерттеу жұмыстары қолға алынып, арнайы мамандандырылған экпедициялар ұйымдастырыла бастады.
1912 жылы Н.Л.Карженевскийдің экспедициясы Мойынқұмды жаң-жақты оқып үйренудін негізін қалады. 1925 жылы Қарақұмдағы күкіртті төбелерді зерттеу жұмыстарын белгілі геолог А.Е.Ферсман мен Д.И.Щербаковтың экспедициясы жүргізді.
1912 жылдан бастап В.А.Дубенский мен Н.А.Димнің экспедициясы Қарақұм каналын салуға қолайлы дерлерді таңдау мақсатында кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізуді бастады. Олар көпжылдық Қарақұм және Түрікмен экспедицияларын бөлінді. Тұран ойпатының табиғатымен табиғат байлықтарын Ұлы Отан соғысына дейін белгілі ғалымдар Б.А.Федорович, И.П.Герашмов, А.Г.Доскач, С.Ю.Гемер, А.Е.Ферсман, Д.И.Щ.рбаков, А.С.Кель, В.Н.Кунин, Е.В.Лобова, Э.М.Мурзаев, М.К.Граве зерттеді.[13]
Тұран ойпатының табиғатының ерекшелігін Орта Азия мемлекеттік Университетінің экспедициясы айналысты. Экспедиция құрамында жұмыс істеген белгілі ғалымдар Д.И.Кашкаров пен Е.П.Коровин Орта Азия шөлдерінің типтері жөніндегі Л.С.Берег пен А.И.Красновтың зерттеулерін одан әрі жалғастырып, сазды, тасты, құмды, сорлы шөлдерді экологиялық топтарға бөлді. Ұлы Отан соғысы жылдары оның өзінде Тұран ойпатында зерттеулер жүргізу одан әрі жалғастырылып ғылыммен іс-тәжірбиенің бір-бірімен одан әрі жақындай түсті.
Шөлді игеруге байланысты Тұран ойпатының суармалы жерлері мен мал азықтың тән минералды байлықтарын зерттеу ісіне 1960-1980 жылдар аралығында КСРО ғылыми академиясының, Қазақстан, Өзбекстан ғылым академиялары мен Түрікмен КСР-нің шөл институты зор үлес қосты.
Қазіргі кезенде Тұран жазығының табиғат жағдайлары мен байлықтары біршама жақсы зерттелген. Жинақталған материалдар ғылымдағы бірқатар даулы мәселелерді шешуге мүмкіндік бере отырып жаңа түйінді мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Олардың қатарына Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын шаруашылықтың мақсатта шектен тыс пайдалану нәтежиесінде туындаған Арал мен Қарабұғаз-Голдың тартысуына байланысты Арал маңының шөлденуі мен топырақтын сортаңдану, судың ластану, өзен суларын тиімді пайдалану сияқты түйінді мәселелер жатады.

1.3. Тұран жазығының геологиялық құрылысы

Тұран жазығы тектоникалық тұрғыдан таскөмір, пермь, дәуіріндегі герцин қатпарлығында түзілген эпипалеозойлық жас платформа болып табылады. Оның ірге тасыда герцин құрылымы басым. Олардың арасында кембрийге дейінгі Байкалдың массивтер Қазақтың ұсақ шоқылы ауданының батыс бөлігімен (Сарыарқаның) Солтүстік Тянь-Шань мен шектесетін аумақтарында көмілген коледондық құрылымдарда кездеседі.
Тұран плитасының іргетасы бірқатар тектоникалық жарықтарға бөлшектенген солардың ішінде жер бедерін қалыптастыруда субмеридианальды бағытта созылып жатқан Орал-Оман, Гиссар-Маңғыстау тектоникалық жарықтары жетекші орын алады.
Тектоникалық жарықтар арқылы Тұран плитасының іргетасы төрт ірі блокқа бөлінеді. Сарыарқа мен шектесетін солтүстік шығыс блок мезозой мен кайназой кезендерінде көтерінкі күйінде қалғандықтан кристалды іргетасы 1000 метр терендікте жатыр. Тек біршама терең кристалды ойыстарда ғана 2000 метрден астам тереңдікте жатыр. Солтүстік Тянь-Шань мен шектесетін оңтүстік шығыс блок мезозойда көтерілгенімен кайназойда мантияға терең батқандықтан іргетасы 8-10 шақырым тереңдікте жатыр. Оңтүстік батыс блокта жер бедерінің үш оң пішінді формалары кездесетіндіктен іргетасы 1-3 шақырым тереңдікте орналасқан.[16]
Кристаллды іргетасын түзетін тау жыныстары Сұлтан-Уаис, Орталық Қызылқұм мен Маңғыстау көтерілулерін қамтыған шектеулі аумақтағана жербетіне шығып жатыр. Олардын негізгі бөлігін орта және төменгі палеозойдың метаморфтанған тақта тастары, әктастары юра мен кремнийленген диабаздар құрайды.
Тұран плитасының кристалды ірге тасының бетін шөгінді жыныстардың жабуы тас көмір дәуірінің басы мен соңындағы теңіз трансгрессисының нәтежиесінде басталды.
Палеозой эрасының девон дәуіріндегі каледон қатпарлығының жүруіне байланысты Тұран ойпатына көршілес жатқан таулы аймақтарда тау түзілу үрдісі жүріп, құрлықтын ұлғаюына байланысты континентті климат басым болды. Тас көмір дәуіріндегі тектоникалық қозғалыстардың әсерінен қозғалмалы тұрақсыз аймақтар қалыптасты қазіргі Тұран ойпатының орынында геосиклинальды жағдай сақталып теңіздің орыны болды. Тас көмір дәуірінң климаты біршама жұмсақ ылғалдылығы мен ерекшеленеді. Тас көмір дәуірінң екінші жартысынан бастап құрылықтын көлемі ұлғайып теңіз біртіндеп тартылып құрғай бастады. Тұран ойпатынындағы теңіз табанына әктастар мен қабаттасқан ашық сұртүсті құмтастар, сазды жыныстардың қалын қабаты шөкті.
Пермнің климаты ылғалдылығымен ерекшеленді Маңғыстау мен Үстіртте континентік жағдай сақталып қызыл түсті саздар түзілді. Мезозой эрасының триас дәуірінде Тұран ойпатының аумағының іргетасының біртіндеп баяу мантияға батуына байланысты оңтүстігіндегі Жерорта теңізі геосинклиналынан теңіз суы еніп ол Торғай бұғазы арқалы Батыс Сібір плитасымен жалғасып жатты. Триастың теңіздік шөгінділерінің қалындығы бірнеше мың метрге дейін жетті. Олар қазіргі кезде Маңғыстаудағы Қаратауда жер бетіне шығып жатыр. Олардың негізін әктастарымен қабаттасқан құм тастар конгомераттармен саздар құрайды. Триас дәуірінің соңында Тұранның Сарыарқа, Мұғалжар, Тянь-Шаньмен шектесетін бөліктерінде тектоникалық жарықтар пайда болып жер қыртысының баяу шөгуі одан әрі жалғасты.
Триастын климаты құрғақ және ылғалды кезендер мен алмасып отыруымен ерекшеленеді. Юра дәуірінің Тұран ойпатының басым бөлігін теңіз алып жатты климаттағы өзгерістерді саяз теңіздердін табанында қазіргі кездегі Торғай, Жыланшық қоныр көмір алабының Торғай, Шу - Сарысу, Маңғыстау, Үстірт, Қызылқұм мұнайлы газды алыптарының пайда болуына қолайлы әсер етті. Ылғалды және құрғақ климаттық жағдайының алмасуы өсімдіктердің кеңінен тарауына қолайлы әсер етті. Бор дәуірінің басында жер қыртысының біртіндеп көтерілуінің әсерінен Тұран ойпатының аумағындағы теңіздер біртіндеп тартыла бастады. Бордың соңы мен палеогеннің басында жер қыртысының матияға батуының нәтежиесінде теңіз трансгрессиясы жүріп көлемі ұлғайды. Сол кезенде теңіз суы Тұран ойпатымен Батыс Сібірді басып олардын аралығын Торғай бұғазы жалғап жатты. Бор дәуірінің сонында казір жазуға қолданылатын бор теңіз табанына шөгіп қалың қабат тұзеді.
Бор дәуірінің климаты аридті және ылғалды климаттарының бірін - бірі ауыстырып отыруымен ерекшеленеді. Палеоген дәуірінде теңіз трангессиясы Арал маңынан жан жағына таралды ежелгі теңіз табанына батысында нуконитті саздар мен құмдар солтүстік бөлігіне кремнилі құмдар, оңтүстігінде және сазды жыныстары шөкті, ерте палеогеннің өзінде ланшафтардың зоналық айырмашылықтары байқала бастады. Тұран ойпаның оңтүстігінде құрғақ тропиктік климат жағдайында мәнгі жасыл ұсақ жапырақты ормандар өсті. Орталық бөлігінде су баспаған жерлерде ылғалды климат жағдайында мезофитті ормандар басым болды. Сол кезенде Тұран мен Батыс Қазақстанда секвойя, эфкалипт, емен, лаврлармен пальмадан тұратын ерекше полеобатаникалық полтава провинциясы басым болса, солтүстік бөлігінде шамшаттан тұратын жапырағын түсіретін ормандар басым болған. Торғай полеобатаникалық провинциясы тарады.
Неогенде қазіргі Қара және Каспий теңіздерінің орындағы Сармат теңізінің трасгрессиясы жүріп ол қазіргі Тұран Каспий маңы ойпатарын басты. Палеоген дәуірінң тартылған теңіздерінің орындарында кең көлемді аумақты алып жатқан құрлыққа айналды оңын бетіне біртіндеп тұран ойпатымен шектесетін Сарыарқа, Мұғалжар, Тянь-Шань тауларынан ысырылған көлдік, батпақтық және өзіндік аккумулиативттік жыныстар, біршама көтерінкі бөліктеріне магний, калций, гипс карбанатты тұздарға қаныққан қоныр, қызыл қоныр түсті саздар шөге бастады. Қызыл қоңыр топырақ пен сол кезеңге тән флорамен фауна миоценде Тұран ойпатында аязсыз жылы құрғақ су тропиктік климаттын басым болғаның айғақтайды. Палеонтологиялық қазба деректері қазіргі Тұран ойпатының солтүстігіндегі саванна, орталығымен оңтүстігінде субтропикттік шөл болғанын көрсетеді. Оны терең бұрғылау кезінде табылған гипсті шөгінді қабаттар айғақтады. Сол кезенде Каспий теңізі екі алапқа бөлініп оңтүстік Каспий ойысы Палео-Әмудария, Орта - Каспий ойысы Палео-Еділ өзенінің суымен коректенеді. [17]
Палеоценде аталған аумақты құрғақ субтропикттік шөлді климат сақталды. Қазіргі Балқаш пен Каспийдің солтүстік жағалауында, Торғай өзенінің атырауында субтропиктік дала мен саванна плоценнің соңында Тянь-Шань Памир тауларының көтерілуіне байланысты табиғат жағдайы күрт өзгеріп субтропиктік саванна Тұран ойпатының оңтүстігіне қара ығыстыырылып біртіндеп субтропиктік жағдай мүлдем жойылып қоңыржай белдеудің шөлдерімен шөлейттері қалыптаса бастады. 1,65 милион жылға созылған сонғы төрттік дәуірінде климаттағы бірнеше өзгерістер болып Тұран ойпатының табиғатының қазіргі жағдайы мен пішіні қалыптасты. [18]
Оңтүстік - шығыс блокта терең сулы теңіздік шөгінділердің үлес салмағы кеміп оның есесіне құрылықтық шөгінділермен кезектесіп келетін саяз сулы лагуналық әктасты, гипсті сұр түсті саздар басым болады. Кристаллды ірге тасы биік Сарыарқамен шектесетін солтүстік - шығыс блоктағы шөгінді қабаттар біршама жұқа әрі қызыл түсті құрлықтын сазды, құмды, шөгінділер мен конгомераттар гипсті құм тастармен гипстер басым болады. Шөгінді жыныстардың қабаттардың литологиялық құрамы тек күшті трансгрессия кезінде ғана бұл аумақты теңіз суы аз уақыт басқанын көрсетеді.
Плиоценде теңіздік жағдай тек қиыр батыс бөліктегі шеткі иіндерде сақталып саяз сулы шөгінділер жинақтала бастады. Неоген мен төртік дәуірдегі неотектоникалық қозғалыстардын нәтежиесінде Альпі қатпарлығына жататын Кавказ, Копетдаг, Памир тауларының түзілуіне байланысты кайназой эрасының екінші жартысында Тұран ойпатының аумағында ежелгі саяз теңіздер тартылып толығымен құрлыққа айналды.
Төртік дәуірінде жүрген мұз басулар кезеніңдегі Флювиальды климатпен мұз басу аралық кезендегі құрғақ ксеротермальды (ыстық әрі құрғақ) климатпен алмасып отыруымен ерекшеленеді. Мұз басулар кезеніңде жабын және жартылай жабын мұздықтардың типі тау етектеріне дейін түсіп орасан зор су тасқыны жазықтарға ұсақ түйршікті тау жыныстарын шөктіріп қазіргі кездегі орасан зор алқапты алып жатқан қара құм қызыл құм Арал маңы қарақұмы, Үлкен және Кіші Борсыққұм, Мойынқұм сияқты қазіргі құмды шөлдердін қалын қабаттары түзілді.
Жоғары қысымды төменгі температуралы таулар мен жазықтардағы төменгі қысымды, жоғары температуралы аймақтық арасында қысым мен температура айырмасының әсерінен жел эрозиясы күшейіп тұран жазығының көршілес жатқан таулы аймақтан өте ұсақ тау жыныстарының түйіршіктері шөгін-лесті сазды жыныстардың қалын қабаты түзілді.
Қорыта айтқанда неоген - төртік дәуірлердегі Тұран ойпатының казіргі жер бедерінің қалыптасуы тау түзілу үрдісімен теңіз регрессиясы, аридті климат жағдайында жүрді. Тұран ойпатының батыс блогында неоген - төрттік дуірлеріне дейін ұзақ уақыт бойы теңіздік режим сақталғандықтан терең теңіз түбінде түзілген әктасты- мергельді борлы карбонаты шөгінділер саяз сулы жағдайда тұзілген құмды - сазды шөгінді жыныстарымен кезектесіп отырады.

1.4 Жер бедерінің жалпы ерекшеліктері мен геоморфологиялық типтері
Тұран жазығының жер бедері мен топырақ жамылғысы палеогендік карбонатты жыныстары мен неоген-антропоген дәуірлерінің құмды, малта тасты моласса үгінділерінен түзілген.
Оңтүстік Ембі үстірті арқылы Шығыс Европа платформасының Каспий маңы синиклизасының, солтүстігінде Арал алды шеткі иіні арқылы герциндік қатпарлығында түзілген Мұғалжар (Орал) тау жүйесімен шектеседі. Тұран ойпатының солтүстігіндегі Батыс Сібір плитасынан Торғай үстірті бөліп оларды бір-бірімен Торғай Қолаты жалғап тұр.
Шығысында Тұран плитасын колендон қатпарлығына жататын Сарыарқа аласа таулы алқабы қоршап жатыр. Оңтүстік - Шығысы мен оңтістік шекарасы және оңтістік Тянь-Шань, Памир, Копедаг тауларының етегіндегі шеткі тектоникалық иіндер арқылы өтеді. Батыс шекарасы шартты түрде Каспий теңізінің шығыс жағалауы арқылы өтеді.
Геотектоникалық құрылысының ерекшеліктеріне сай кристаллды ірге тасы әртүрлі терендікте орналасуына байланысы кең көлемді үстіртермен терең құрғақ ойыстар кезектесіп келуімен ерекшеленеді. Орталық бөлігін Арал теңізіне қарай еңіс болып келетін Тұран ойпаты алып жатыр. Каспий теңізіне ұласатын батыс бөлігінде теңіз деңгейінен төмен орналасқан Қарақия (-132м) Қарныжарық (-70м) Қауынды (-57м) ойыстары бар. Тұран ойпанының оңтүстігімен оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Тянь-шань, Памир, Копетдаг тауларына қарай біртіндеп көтерілетін үстірттерге ұласады. Солардың ішіндегі ең биігі аймақтың оңтүстік бөлігіндегі Бадхызбен Қарабел үстірттері (400-800м) Торғай Үстірті (150-400м), Үстірт (100-350м). Әмудариямен Сырдария өзендерінін аралығында Қызылқұм таулары, "Бұқантау" "Тамдытау" "Құлжықтау" сияқты қалдық атулы алқаптармен үстіртер бар "Қызылқұм тауларының абсалют биіктігі (922м) Шу - Іле тау сілемдерінікі (972м) Қарабел үстіртінікі (984м) жетеді. [19]
Теңіз денгейінен ең биік және ең төмен орналасқан нүктелерінін биіктік айырмасы 1000 метрден асады. Биіктік айырмасының ауытқуы әсіресе жазықтың солтүстік- батыс бөлігінде жоғары.
Тұран плитасының ірі орографиялық элеметтерінің таралуына кристалды іргетасының әркелкілігі әсер етеді ірге тасының көтеріңкі бөлігіне көбінесе зангуз (орталық қарақұм көтерілулері) Торғай үстірті, Маңғыстау үстірттері жатады ойыстары іргетасы теренде жатқан тектоникалық құрылымдарға сай келеді. Олардын қатарына солтүстік Арал маңы немесе оңтүстік Торғай ойысы, оңтүстік-шығыс Қарақұм (мургаб иіні), Шу ойысы жатады кейде ірге тасы тереңде жатқанымен үстірт сияқты қабатты тұғырлы үстіртті жазықтарда кездеседі. Оларда пайда болу жолдарына қарай төменде көрсетілген топқа бөледі.
№ 1 сызба [20]
Тұран жазығының жер бедерінің геоморфологиялық типтері

Кристалды іргетасы көтерінкі бөлігінің жер бедерінің гоеморфологиялық типтері
Кристалды іргетасының теренде жатқан бөлігінің жер бедерінің геоморфологиялық типтері

Акумулятивті жазықтар
Денудациялық жазықтар

Көлдік
Құрылымды көлбеу қабатты жазықтар

Теңіздік
Құрылымда тегісті қабатты жазықтар

Амовиальді - пролювиальді
Эрозиялық денудациялық жазықтар

Эрозиялық тектоникалық жазықтар
Эолдық аккумулятивті жазықтар

Тұран ойпатының жер бедерінің пайда болу жолдарына қарай топтастыру:
Торғай үстірті. Торғай үстірті Оңтүстік Орал мен Мұғалжардың шығысында Сарыарқаның батыс бөлігімен шектеседі. Ол палезой іргетасы жер бетіне жақын жатқан эпигерциндік платформаның шеткі бөлігі болып табылады. Тектоникалық тұрғыдан Батыс Сібір мен Тұран плиталарын бір - бірімен жалғастыратын Торғай синиклизасы күрделендіреді. Оның ені 40-50 шақырымнан аспайды. Солтүстіктен оңтүстікке меридианальды бағытта созылып жатыр. Оңтүстігінде кеңейіп біртіндеп Торғай ойысына ұласады. Торғай қолатының абсалюттік биіктігі 100-125 метр аралығында ауытқиды. Қолаттағы обаған, Торғай өзендерінің алабында Құсмұрын, Шошқалы сияқты көптеген көлдер жүйесі бар. Қолаттың табаны ежелгі алювиальды және көлдік алювиальды шөгінділерден тұрады. Торғай қолатының батысы мен шығысында абсалют биіктік біртіндеп 200 кейде 300 метрге дейін көтеріледі. [22]Торғай үстіртінің іргетасының бетін көлденең түзу қабаттасып жатқан палеогеннің теңіздік тұзды - сазды және неогеннің көлдік - албвиальды құмды шөгінділері жауып жатыр.
Торғай үстіртінің солтүстік бөлігі нашар тілімделгендіктен аласа төбелі жонды, саяз көлді ойыстар мен төбесі текшелі дөңдер тән. Үстірттің дөңесті қалдық төбелерінің араларын бөліп жатқан ежелгі ескі өзен арналары болып табылатын сайлар мен жыралар тобымен тілімделген. Тегістелген ойыстарында тұзды көлдер мен сорлар пайда болған.
Торғай үстіртінің Атлант мұхитынан алыс жатуына байланысты климат шұғыл континентті. Қысы суық әрі қатал, жазы ыстық, көктем мен күзі қысқа температураның тәуліктік және жылдық ауытқу амплетудасы жоғары. Жауын - шашынның орташа мөлшері солтүстігінде 300-350мм, оңтүстігінде 200-250мм аралығында ауытқиды. Температураның солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп артуына орай жауын - шашынның жылдық орташа мөлшері кеміп булану артады. 50 с.е. аралығында қыста Азия антициклонының батыс тармағы өтетіндіктен қыста температура күрт төмендеп ашық аязды күндер қалыптасады. Осыған орай қаңтардың орташа температурасы - 17 - 18С кей күндері температура - 30 - 40С төмендейді. Жазда температура + 20...+24С дейін +35С дейін көтеріледі. Жазда Торғай үстіртіне Орта Азиялық тропиктік ауа массалары енгенде ыстық құрғақ ашық ауа райы қалыптасады. Жазда жауын - шашын қоңыржай және тропиктік ауа массаларының аралығында қалыптасатын полярлық фронтық әсерінен түзіледі. Сәуір мен қазан аралығындағы жылы кезеңде 200-2500 мм дейін жауын - шашын түседі. [24]
Жаздың екінші жартысында ашық ыстық антиарттикалық ауа массалары енгенде үсік жүреді. 10С жоғары жылы кезең 110-120 күнге дейін созылады. 10С жоғары температураның жиынтығы 2200-3000. Торғай үстіртіндегі температура жағдайы жаздық бидайдың қатты сортын, тарыны, арпаны, зығыр мен күнбағысты өсіруге қолайлы. Торғай үстіртінің Тобыл, Ырғыз өзендерінің алабына жатады. Еріген қар жаңбыр суымен қоректенеді. Ылғалдық жетіспеуіне байланысты өзендер аз сулы болып келеді. Ағынының 80-90% көктемде ағып өтетіндіктен жазда көпшілігі кеуіп қалады. Тасыған кезде өзен сулары минералдық құрамы жағынан гидро корбанатты - кальцитінде жатса, ағыны азайған сайын құрамындағы минералдары артып хлоридті - натрийлі ащы - тұздыға айналады. Өзендері кеме қатынасына қолайсыз болғанымен ауыз суымен қамтамасыз етуде маңызы зор.
Өзендері мен көлдері негізінен көктемгі еріген қар жаңбыр суларының есебінен қоректенеді. Жазда олардың деңгейлері күрт төмен түседі. Көлдердің деңгейлерінің ауытқуы жауын - шашынның мөлшерінің ауытқуларымен тығыз байланысты.
Торғай үстіртінде жарық шақты және қабат аралық жерасты сулары кең тараған. Жарық шақты сулар палеозой эрасының тау жыныстарындағы тектоникалық жарық шақтарда шоғырланған. Судың мол қоры гранитцидтар мен әктастардағы дарықтарда кездеседі. Әсіресе жоғарғы девонның кремниленген әктасты жыныстарында жарық шақты - карстлы жерасты суы кең тараған. Олардың қоректенуі көктемгі еріген қар суының тау жыныстарына сіңуінің есебінен жүреді. Негізінен пайдалануға жарайтын тұщы сулар басым. Қиыршық тасты жыныстардан өткенде олар тұздануы да мүмкін.
Қабат аралық сулар палеоген, неоген және төрттік дәуірлерінің ысырынды шөгінділері басып жатқан ежелгі аңғарларда тараған. Олардың қоректенуі мен шығыны жарық шақты сулардыкімен бердей.
Торғайдың далалы және шөлейтті жазығы. Торғай жазығы батыста - Мұғалжар мен Оңтүстік Орал және шығыста Қазақтың ұсақ шоқысы арасында орналасқан. Солтүстікте жазық Батыс Сібір жазығымен, ал оңтүстікте Тұран ойпатымен ұласып жатыр.
Торғай жазығы - аса көлемді Тұран және Батыс Сібір ойпаттарына қарағанда көтеріңкі жазық. Жалпы алғанда тегіс алқаптың аясында беткейлері тік, қысқа, жайпақ төбелі қалдық таулар - сандық таулар айрықша көзге түседі, сол қалдық таулардың арасында түбі кең, жайпақ құрғақ аңғарлар созылып жатыр, үлкен тегіс учаскелерге барып тірелетін текшелер де жиі кездеседі. Жаз кезінде өсімдік қурап кетеді, жазық ашық, құқыл сарғыш, қоңырқай реңге енеді. Рельефінің текшелілігі жақсы байқалады.
Торғай жазығының бүгінгі бейнесі, оның көптеген құрғақ аңғарлар мен қолаттары, толып жатқан үзік - үзік сандық таулары бар шайынды жер беті қазіргі климаттың жағдайларына сәйкес келмейді, қайта қалдық түзілім түрінде көрінеді. Торғай жазығы бетінің шайылуы төрттік дәуірде, артық ылғалдылық пен Батыс Сібір жазығы жағынан, солтүстіктен келетін еріген мұздық суларының мүмкін болған ағысы кезеңінде болған. Міне, сол кезде Торғай жазығының бетін тілімдеген аңғарлар жүйесінің тарамдалуы болды. Алайда үзік - үзік сандық таулар ландшафтысының қалыптасуы жызықтықтың эрозиялық тілімделуінің үштік жыныстардың горизонталь жатқан қабаттарының шайылуымен бірге жүргендігімен түсіндіріледі. Торғай жазығы аумағындағы қатпарлы палеозой фундаменті төмен түскен алқапты Арал - Торғай ойысы алып жатыр. Торғай жазығының оңтүстік бөлігінде бетегелі - жусанды шөлейт, ал солтүстігінде бозды - бетегелі алқап басым. Жазық, әрі тұзды болып келуінің салдарынан бүкіл территорияда галофиттер кең тараған. Оңтүстік бөлігінде жусан - ақ, қара және боз жусан өте көп. Бұл бөліктегі сортаңдар территорияның жартысына жуығын алып жатыр. Бұларда сораң шөптер - көкпек, бұйырғын және басқалар басым. Солтүстігінде Лессингтің бетегесі, сарептский, көптеп ақ жусан, бидайық кездеседі.
Арал маңы құмды денудациялық жазықтары. Тұран ойпатының Арал маңы бөлігінің жер бедері геоморфологиялық - геологиялық тұрғыдан алғанда әркелкі. Мұнда денудациялық құрылымды қабатты жазықтар мен теңіздік, көлдік алювиальді - пролювиальді құрылымды қабатты жазықтармен көлдік, теңіздік көлдік алювиальді - пролювиальді және эолдық жазықтар төртік дәуірге дейінгі аласа қалдық таулармен үстірттер мен терең ағынсыз ойыстармен күрделенген. Морфогенетикалық тұрғыдан алғанда Қызылқұм, Қарақұм, солтүстік-шығыс және Арал маңынын жер бедері ерекшеленеді. Арал маңынын солтүстік және шығыс бөлігіне бірнеше оңдаған метрден жүз метрге дейін тілімденген төбесі текшелі дөнесті көтеріңкі жер бедері тән.
Геоморфологиялық тұғыдан Арал маңының солтүстігінде Шағырай көлбеу жазығы, Ырғыз - Шалқар жазығы, Үлкен және Кіші Борсық құм, Арал маңы Қарақұмы орналасқан. Арал теңізі маңында ірі құмды аймақтар бар. Арал теңізі мен Шалқар көлі аралығында жатқан Арал маңы Қарақұмы биіктігі 100 м, Бұйраты төбелі жазық болып табылады. Бұл құм жасы жағынан басқа құмдарға қарағанда салыстырмалы түрде ежелгі ішін жел әрекетінен өзгерген. Арал теңізінің солтүстігінде орналасқан Үлкен және Кіші Борсық құмдары жер бедері жағынан Арал маңы Қарақұмына ұқсайды. Олар неогеннің құм шөгінділерінен құралған. Сырдария аңғары мен Арал теңізіне қарай көлбеу жатқан жазықты Сырдария аллювилі жазығы деп атайды. Ол құмтасты және сазды, кей жерлерінде құмды шөгінділерден тұрады. [21]
Шағырай көлбеу үстірті қиыр солтүстігінде орналасқан Үстіртің тікілей жалғасы болып табылады. Оңын абсолют биіктігі 150-200 метрден аспайды. Негізінен палеогеннің әктасты жыныстарынан тұрады. Оның бетіндегі жоғарғы және төменгі олигоценнің құмтастары әктастарды шайылудан қорғап тұрады. Жер бедері сыртқы күштердің бұзушы әрекетінен қатты тілімденген. Батысында Шағырай үстірті биіктігі 100-150 метрге жететін тік беткейлі кемерлермен шектеледі. Етегінде шағын өзеннің құрғақ арнасы бар. Солтүстігімен шығысында Торғай Үістіртімен шектеседі оның оңтүстігінде қатты тілімденген Ырғыз-Шалқар тұғырлы қабатты жағы орналасқан. Ол бор, палеоген, неоген дәуірінің шөгінділерінен тұрады. Бойлық бағытта созылған жылдармен қалдық үстірттердін аралықтарын тередігі бірнеше оңдаған метрден екіжүз метрге дейін жететін жыралар, терең сайлармен құрғап қалған ескі өзен арналарымен тілімденген Мұндай жазықтардың солтүстік беткейі жатық оңтүстік беткейі терең тілімденген жыралы әрі тік беткейлі болып келуімен ерекшеленеді. Қалдық үстірттердің ішіндегі ең биігі Жақсы Бұташ (343 м.) ол абсолют биіктігі 37 метрден аспайтын депрессиялық Арал, Сарықамыс (45м) ойыстарымен көршілес орналасқан. Қабатты қалдық жазықтардың жолдарының аралықтарын бөліп тұрған ойыстарды борпылдақ жыныстардың жоқ болуын белгілі ғалым И.П. Геросимов плиоцен-төрттік кезенде аритті климат жағдайында жел үрлеп әкетуінен қазіргі Үлкен және Кіші Борсыққұм алқаптары түзілген. Көне Шағрай үстірттерінің аралығырдағы ежелден анғарда орналасқан Үлкен Борсық құм алқаптын ұзындығы 200 метр, ені 10-30 шақырымға дейін жетеді.
Арал Каспий теңізіне қарай беткейрлері көлбеу болып келеді. Абсолюттік биіктігі солтүстігінде 160 метрден оңтүстігінде 80 метрге дейін ауытқиды. Жазықтын бетін жоғарғы плиоцен мен төменгі және орта төрттік жасындағы жыныстарды жел үрлеуінің әсерінен түзілген құмдар жауып жатыр. Жел әрекетінен тілімденген құм жолдарының аралығындағы ойыстардың терендігі орталық бөлігінде 20, шетінде 5-10 метрге дейін жетеді. Үлкен және Кіші Борсыққұм өсімдіктерімен бекіген. Белесті, белді, төбелі құмдардың қатарына жатады. Кейбір құмды төбелердің шыңының биіктігі 150-170 метрге дейін жетеді. [20]
Адамның шаруашылық әрекетінен жалаңаштанған құм төбелердің сусып жылысу үрдісі артып келеді. Арал маңы құрылымды - денудациялық жазығының шығыс бөлігін Арал маңы Қарақұмы алып жатыр. Өзінің құрлысы жағынан ол өзінің құрылымы жағынан неоген - төрттік дәуірдін шөгінділерін желдің үрлеуінен түзілген белесті - жалды, төбелі - жалды құмдардын қатарына жатады. Соңғы жылдары аралдын тартылуына байланысты теңіз табанындағы құмнын үрлеуінің есебінен аумағы артуда. Жел ұшырған жалаңаштанған сусымалы құм жолдарының аудаңы қазіргі кезде 2000 шаршы шақырымға жетті. Арал теңізімен солтүстік Арал маңы құрылымды денудациялық жазығының оңтүстік шығысы мен шығысын Арал-Сырдария аккумулятивті жазығы орналасқан - оңтүстік батысымен батысында Қызылқұммен шектеседі.
Оңтүстік - шығысында Қазақстаннан тысқары аймақта Тянь-Шань мен шектеседі. Оңтүстік шығысында биіктік айырмасы 332 метрден Арал теңізі жағалауында 39 метрге дейін төмендейді. Сыртқы пішіні тегіс биіктік айырмасы, жасы, шығу тегі жағынан әркелкі болып келеді. Осыған орай көтеріңікі төбелі құмды Қызылқұм шөлін, аккумулятивті Сырдария өзені аңғарын Қаратаудын оңтүстік-батыс бөлігінің тау алды көтеріңкі төбелі жазықтарын бөліп көрсетуге болады.
Қызылқұм құмды шөлі. Сырдария мен Әмудария өзендерінің аралығын алып жатқан Орта Азияның ірі құмды шөл. Қазақстан аумағына солтүстік бөлігі кіреді. Қазақстанның шығысы облыстың Отырар, Шардара аудандары және Арыс қалалық әкімшілігі аумағын алып жатыр. Жер бедерінің басым бөлігі жалды, төбелі, құрғақ арналармен тілімделген. Ауданы 3000000 км². Биіктігі 50-300 метр төбе, жал аралары тақырлы сортанды болып келген. Элолды полилгеннің алювиальды құмдарынан тұрады. Климаты тым континеттік болып келеді. Жазы ыстық, шілденің орташа температурасы 26-29°С. Қысы қоңыржай жылы, қаңтардың орташа температурасы 0-9°С. Жауын-шашын қыста, көктемде түседі (100-200 мм). [25]
Бұнде тұрақты өзен торы жоқ, құрғақ арналар көп. Көктемде шағын өзекшелер пайда болады. Жер асты су қоры жеткілікті түрде дамыған. Өсімдік жамылғысыныан жусан, сексеуіл, жүзгін, бұйырғын т.б. өседі. Жануарлар түрінен қасқыр, түлкі, қарақұйрық, қоян т.б. бауырымен жорғалаушылар көптеп кездеседі.
Жер қойнауында мәрмәр, тас көмірден басқа тау-кен орындары бар. Қызылқұм өңірі, қаракөл қойын, етті-сүтті мал өсіруге қолайлы.
Грунт сулары тау етегіндегі ысырынды конустарды, ойпаттағы өзен аңғарларында, Қызылқұм өңіріндегі еспе құмдарда таралған. Бор кезеңінің сенон, Тұран, сеномен альб қабаттарымен тығыз байланысты. Бұлардың әрқайсысының құрамында бірнеше сулы құм, құмтас қабаттары кездеседі. Қалыңдығы тау етегінен ойыс орталығына қарай 30м-ден 300мм-ге қалыптасқан тереңдігі 20-30 м-ден 1770 м-ге өзгереді. Ол біршама биік гипсометриялық жағдайға ие болуымен ерекшеленеді.
Қызылқұм жоғарғы плейстоценде көлдік алювиальді шөгінділермен оңтүстік шығысында Бор палеоген жасындағы жыныстарды желдін үрлеу есебінен түзілген. Эолдық құмдардың биіктігі 10-20 метрге ең биік жері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны, қалыптасу тарихы
«Шу-Сарысу ойысының табиғатының жалпы ерекшеліктері»
Тұран жазығы
Тұран жазығының геогфиялық орынының ерекшелігінің климаты мен арганикалық дүниесінің таралуы
Арал өңірінің ландшафттарының жүйесі және қалыптасу тарихы
Іле ойысы
Тұран ойпатының климаты, ішкі сулары, органикалық дүниесі
Алакөл ойысының геотектоникалық құрылысы
Қазақстанның табиғат зонасы
Қазақстанның табиғи зона ерекшеліктері
Пәндер