Оралхан Бөкей шығармаларындағы автор-кейіпкер мәселесі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

«Филология» факультеті

«Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасы

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Оралхан Бөкей шығармаларындағы автор-кейіпкер мәселесі

Жетекшісі: Жолдасова Ұ.

Орындаушы: Төртбаева М.

Тобы: ФҚӘ-811

Түркістан-2011ж

Кіріспе

Қазақстан Республикасының егемендігін алуы әлем шаруашылығындағы қатынастардың интеграциясына бастау салды, экономиканы тұрақтардыруда маңызды роль ойлайтын сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына әкелді. Үлкен табиғи және ресурстық материалдық өнеркәсіптік күштердің болуы алыс және жақын шетелдермен сауда, экономикалық және ғылыми-техникалық қатынастардың қарқынды дамуына алғышарттар жасайды.

Сыртқы сауданың либерализациясы, экспортқа шектеулерді алып тастау мен соңғы уақытта басқа дамыған елдердің нарығына бұрылу негізінен сыртқы нарықтар қазақстандық өнімнің өтуі, сауда дискриминациясын жою және шетелдегі қазақстандық экпортерлердің мүдделерін қорғау үшін жалпы қабылданған құқықтық базаны пайдалану мақсатындағы мемлекеттің сыртқы саула саясатына байланысты болып табылады. Осыған орай экспорттық басымдылықты өсіру экономиканың қайта құрылуына және өсуіне мүмкіндік береді.

Сонымен бірге ішкі нарықты шетел өнімінің экспансиясынан қорғау және қолдау мемлекеттің импорттық саясатын үнемі жетілдіруді алға қояды.

Қазіргі жағдайда тарифтік шаралардың қолдару сферасы мен мақсаттары импорт пен экспорт бойынша айрықшаланады. Кейінгіде тарифтік шаралардың ауыртпалық орталығы импортты реттеу мен экспортқа шектеулерді қысқарту немесе толығымен жою кезіндегі оның механизмдерін сатылап өңдеу жағына қарай, экспортты мемлекеттік қолдау жүйесін құру жағына қарай өзгеруде.

Нарықтық қатынастардың даму жағдайында сыртқы экономикалық қызметті реттеудің экономикалық әдістері үлкен маңыздылықты алуда. Солардың ішінде ұлттық нарықты дұрыс ұйымдастырылмаған имопорт немесе экспорттан қорғауда қолданылатын кедендік төлемдер болып табылады

КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ЫҚПАЛЫ.

2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Белоруссия, Қазақстан және Ресей арасында құрылған Кедендік одақ өзінің іс жүзінде жұмысын атқару кезеңіне қадам басты.

Жаңа Одақ Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1994 жылдың наурыз айында М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті қабырғасында айтқан тиісті институттық құрылымы бар Еуразиялық кеңістік құру туралы бастамасының жүзеге асуының нәтижесі деп айтуға толық негіз бар.

Бұл бастама Елбасының басқа да идеялары тәріздес, әлемдік тәжірибені зерттеу, тиісті жағдайды мұқият сараптау және экономикалық мақсаттар негізінде өмірге келді. Қазіргі таңда әлемнің Еуропа, Оңтүстік Америка, Оңтүстік және Орталық Африка аймақтарында бірнеше интеграциялық бірлестіктер бар екендігі баршаға мәлім.

Саяси жағдайларға байланысты олардың әрқайсысы алуан түрлі қағидалар негізінде қалыптасқан, алайда әрдайым тиімді де пайдалы болды. Көне ХІІІ ғасырдың өзінде Үлкен Ганзей сауда одағы құрылған болатын. Ал ХІХ ғасырда кедендік одақ арқылы канцлер Бисмарк Германия мемлекетін құрған. Еуропадағы кедендік одақтың қалыптасу үдерістері 1957 жылы Еуропалық Одақ туралы келісімге қол қою сәтінен, яғни кезеңдік тұрғыда бәріне бірдей тиімді болуы тиіс кедендік төлемдер мен алымдарды алып тастаудан басталғандығы бәрімізге мәлім. Ал 1968 жылдан бастап ЕО-ға мүше мемлекеттер арасындағы шекаралық аймақтарда кедендік бақылаулар біртіндеп алынып тасталды. Бұл үдеріс 1993 жылдары аяқталып, бірыңғай төлем бірлігі ретнде бірыңғай валюта өмірге келді. Жалпы алғанда, Еуропа аталмыш одақты құруға 40 жылға жуық уақытын жұмсады.

Ал, бізде кедендік одақты құру аса қысылтаяң мерзім аралығында өтті. Белоруссия, Қазақстан және Ресей кедендік одақ қалыптастырудағы жолы 15 жылдық мерзімді құрайды. Оның ішінде құқықтық базаны қалыптастыруға, көптеген скептиктердің еуропалық тәжірибеге сілтеме жасай отырып, еуразиялық үдерістер бірнеше онжылдықтарды алады деген ойларына қарамастан 2 жыл ғана уақыт жұмсалып отыр. Негізінен бұл жетістікке ел басшыларының саяси жігері мен ел үкіметтерінің іскерлік қызметтерінің арқасында қол жеткізіліп отыр.

Кедендік одаққа кірген мемлекеттер

Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы арасындағы Кедендік одақ 2010 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей басталғаны мәлім.

Кедендік одақ құру процесі күрделі қалыптасу кезеңдерін басынан өткерді деуге негіз бар. Оған, Кеңес Одағы ыдырап, тәуелсіздік алғаннан бергі жиырма жылға жуық уақыт ішінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) кеңістігіндегі экономикалық ынтымақтастықты қалыптастыруға ұмтылыстың қайшылықты болуы дәлел. Соған қарамастан 1995 жылы Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикалары арасында бірінші Кедендік одақ құрылды. Ал 1996 жылы бұл одаққа Қырғызстан, 1999 жылы Тәжікстан қосылды. Бірақ Кедендік одаққа қатысушы елдердің бірыңғай кедендік тарифтерді енгізу туралы бір мәмілеге келе алмауларына байланысты шын мәніндегі кедендік бірлестік болмады.

Дегенмен 2000 жылы Кедендік одақтың базасында, жоғарыдағы бес мемлекеттің құрамында ЕуроАзиялық экономикалық Қоғамдастық (ЕурАЗЭҚ) дүниеге келді. Онда Украина, Армения және Молдово бақылаушы статусына ие болды. Өкінішке қарай, оған қатысушы елдердің араларында туындаған экономикалық келіспеушіліктерге байланысты біртұтас қаржы, энергетика және көлік нарығын, тауарлардың, капиталдың және қызмет көрсетудің қозғалысын құрайтын интеграциялық мақсаттарды толыққанды жүзеге асыруға қол жеткізілмеді. Кейін, яғни 2005 жылы ЕурАзЭҚ-на кірген Өзбекстанның оның құрамынан 2008 жылдың аяғында қайтадан шығуы да зардабын тигізгені мәлім.

Кедендік одаққа кіретін және оған бақылаушы ел ретінде қатысатын мемлекеттердің 2009 жылдың 27 қарашадағы Минскідегі ЕуроАЗЭҚ Мемлекетаралық кеңесте Ресей Федерациясы Президенті Д. Медведев Кедендік одаққа кірем деушілерге есік ашық деп айтқан болатын. Оған қосылуға барынша нақты тілек білдіріп отырған Қырғыз Республикасы болып табылады. Қырғызстанның ДСҰ-ның мүшесі екенін ескеретін болсақ, Кедендік одаққа кіру үшін өздерінің кедендік саясатын оның принциптері және нормаларымен үйлестіруі қажет. Сонымен бірге самитте Тәжікстан да одаққа кіру ниетін білдірді. Дегенмен, Президент Эмомали Рахмоновтың пікірінше, Тәжікстан әзірше Кедендік одаққа бақылаушы ретінде қатысады. Минскідегі ЕуроАЗЭҚ Мемлекетаралық кеңесте Эмомали Рахмонов «ЕуроАЗЭҚ ауқымында біз Кедендік одақ және біртұтас экономикалық кеңістікті қолдаймыз» деді.

Жаңа Кедендік одақтағы маңызды мәселенің бірі - кедендік алымдарды бөлу. Одаққа қатысушылардың макроэкономикалық пропорцияларына орай Кедендік баж салығын бөлуде айырмашылықтардың орын алуы мүмкін. Сондықтан бұл мәселені Кедендік одақтың қатысушыларының бәріне де тиімді болатындай етіп шешу күн тәртібінде тұрған сұрақтардың бірі болып табылады. Жалпы Кедендік одақты құрудың экономикалық тиімділігі әртүрлі елдер үшін бірдей болмайтыны өзінен-өзі түсінікті. Айталық, өнеркәсіп өндірісінің дамуы жағынан жетекші ел Ресей Федерациясына сыйымдылығы жоғары жаңа өткізу нарығы ашылады. Бұл одақтың жұмыс жасауының алғашқы кезеңінде Ресей Федерациясы үшін тиімді болмақ.

Жаңа Кедендік одақты қалыптастыру

Жаңа Кедендік одақты қалыптастыру 2006 жылы басталды. Ал 2009 жылдың күзінде өзінің шешуші кезеңіне жетті. Бұған Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасының бірыңғай кедендік тарифті енгізу және кедендік кодекстің жобасын дайындау мақсатындағы өзара келісімі қолайлы әсер етті.

Мұндай Кедендік одақтың қалыптасуының өзіне тән алғышарттарының болғанын да айта кетуіміз керек. Біріншіден, Қазақстан, Беларусь және Ресей Федерациясының сыртқы экономикалық қатынастарды реттеудегі заң актілеріндегі үйлесімділіктің болуы. Екіншіден, Ресей Федерациясы Қазақстанның сыртқы саудадағы басты әріптестерінің бірі болып табылады, оның көлемі 2008 жылы 20 млрд. долларды, яғни еліміздің сыртқы саудадағы үлесінің 18 пайызын құрады. Үшіншіден, Қазақстан, Беларусь, Ресей Федерациясы және басқа да ТМД елдері арасында еркін сауда тәртібі әрекет етеді. Ал 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастаған жаңа Кедендік одақта жоғарыда келтірілген шараларға қосымша үшінші елдерге қатысты біртұтас сыртқы сауда саясатын жүргізу көзделген. Оған бірыңғай кедендік тариф, тарифтік емес реттеу шаралары (тауарлар мен қызметтердің импортына тыйым салу немесе квоталау, экспортқа немесе импортқа ерекше құқық беру, т. с. с. ), бірыңғайландырылған кедендік заңдылықтар кіреді.

Кедендік одақты құрудағы барынша өткір мәселе - бірыңғай кедендік тариф болып табылады.

2011-2015 жылдардағы Қазақстандағы кедендік одақтың статистикалық жоспары

Бүгін Астанада Кедендік одақ комиссиясының уақытша жұмыс тобының қорытынды отырысы өтті.

Отырыс нәтижесі бойынша Кедендік одақтың 2011-2015 жылдарға арналған Бірыңғай техникалық реттеу жүйесін дамыту стратегиясының жобасы әзірленді.

Кедендік одақ аясындағы санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық іс-шараларды қолдану стратегиясының жобасы Бірыңғай экономикалық кеңістік пен Кедендік одақ аумағында тауар мен өнімдердің емін-еркін қозғалуына жағдай жасауға, сондай-ақ одаққа мүше үш ел арасындағы өзара бәсекелестікті арттыру арқылы Дүниежүзі сауда ұйымына кіруге көмектеспек. Стратегияның негізгі тетіктері қолайлы макроэкономикалық жағдайды жасауды, бизнес ортаны жақсартуды, инвестицияларды тартуды, техникалық жаңартуды, ұлттық инновациялық жүйелерді дамытуды, сондай-ақ адам капиталының сапасын көтеруді көздейді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Садуақасов атап көрсеткендей, осы уақытқа дейін үш елдің өкілетті органдары Кедендік одақ аясында техникалық реттеудің бірыңғай тізімі бойынша ортақ шешімге келген болатын. «Ал бүгінгі жұмыс тобының негізгі мақсаты - санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық іс-шараларды бірізге түсіріп, Бірыңғай жүйені дамытудың стратегиясын белгілеу. Мәселен, біздің сала бойынша үш елдің техникалық көрсеткіштері бірдей болса да, ғылыми зерттеу әдістері әртүрлі болып келеді. Міне, осы сияқты мәселелерді шешу жұмыс тобының негізгі мақсаты», -деді Н. Садуақасов.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оралхан Бөкей повестеріндегі автор-кейіпкер мәселесі
Оралхан Бөкейдің монологтары
Оралхан Бөкей шығармаларындағы түс көру құбылысы
О.Бөкеев, Д.Исабеков повестеріндегі подтекст мәселесі
Психологиялық талдаудың көркемдік қызметі
Атау кере шығармасын талдау
Д. Исабеков прозасының көркемдік әлемі
Оралхан Бөкей өмірі мен шығармашылығы
Көркем әдебиеттегі аңыз және мифтің мәні
Оралхан Бөкейхан әңгімемелрі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz