Аквариумдық балықтардың биологиялық ерекшеліктері


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе5

1 Әдеби шолу7

2 Балықтарға жалпы сипаттама9

2. 1 Балықтардың систематикасы және шығу тегі9

2. 2 Балықтардың сыртқы құрылысы және қозғалысы10

2. 3 Балықтардың ішкі құрылысы13

2. 3. 1 Қаңқа13

2. 3. 2 Қанаттар мен олардың белдеулері. 17

2. 3. 3 Бұлшықеттері19

2. 3. 4 Асқорыту жолы. 20

2. 3. 5 Торсылдақ және гидростатикалық тепе-теңдік24

2. 3. 6 Тынысалу мүшелері26

2. 3. 7 Қанайналу жүйесі. 31

2. 3. 8 Балықтардын зәршығару жүйесі және су-тұз алмасу жүйесі34

2. 3. 9 Көбею жүйесі36

2. 3. 10 Жүйке жүйесі38

2. 4 Аквариумдық балықтар45

2. 4. 1 Аквариумдық балықтардың жалпы сипаттамасы. 45

2. 4. 2 Аквариумдық балықтарды өсіру ережелері, аквариум түрлері47

3 Гуппи (Poecilia reticulate) аквариумдық балығынын биологиясы51

3. 1. Гуппи аквариумдық балықтарың сұрыптары51

3. 2. Гуппи аквариумдық балықтарының тіршілік әрекеттері55

3. 2. 1 Гуппи шабақтарын өсіру әдісі57

3. 2. 2 Гуппи балықтарының ихтиофтириоз ауруы және оны емдеу әдісі59

3. 3 Аквариумдық балықтарды биология сабағында көрнекілік құрал ретінде қолдану62

ҚОРЫТЫНДЫ68

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ69

ҚОСЫМШАЛАР71

КІРІСПЕ

Балықтар омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең көп санды және әртүрлі пішінді топ. Бұл олардың өте әртүрлі жағдайларда тіршілік етуімен байланысты. Балықтар тропикалық, қоңыржай және полярлы зоналардың шағын қара суларында, ағысы қатты өзендері мен жылғаларында, теңіздері мен мұхиттарында тіршілік етеді. Балықтар 6000 м биіктегі тау суларында, мұхиттардың тұңғиықтарында, жер асты үңгірлердегі суларда да кездеседі. Балықтар температурасы 2ºС суық сулардан 40ºС асатын ыссы суларда да, сондай- ақ тұщы, кермек және тұздылығы 80% болатын суларда да тіршілік ете алады, тек тұзсыз (тазартылған) және тұздық суларда болмайды. Балықтардың әрбір түріне нақтылы тіршілік жағдайы тән, бұлардың құрылысы мен тіршілігі айтарлықтай солардың ерекшелігіне байланысты. Ұзақ тарихи даму барысында балықтар судың құрамының көптүрлілігіне бейімделген, сондықтан пішіні мен түсі де әртүрлі, көптеген айрықша органдары дамыған немесе жоғалған. Көлемі, құрылысы, түсі мен физиологиясы өте күрделі. Денесінің ұзындығы 1 см- ден 20 м - ге, ал салмағы бірнеше грамнан 14 тоннаға дейін жетеді.

Негізінен суда жүзетін балықтардың арасында ауада қалықтайтын, жерде жорғалайтын немесе секіретін түрлері де кездеседі. Балықтардың кейбіреуі микроскоптық балдырлармен- фитопланктон, екіншілері - жоғары сатыдағы су өсімдіктерімен, басқалары зоопланктонмен немесе зообентоспен қоректенеді, өте үлкен жануарларды жей алатын түрлері де кездеседі. Көптеген балық түрлері ұрпағын қорғайды, бұндайда өзі опат болатын жағдайлар жиі кездеседі. Балықтар жұмыртқа (уылдырық) салып көбейеді, дегенмен тірі жұмыртқа немесе тірі туатындары да бар. Кейбір балықтар өте жоғары кернеулі электр тогын бөле алады, ал антарктикалық ақ қанды - балықтың қанында эритроцитер болмайды, қаны түссіз.

Қазіргі уақытта аквариумдық балықтар адам өмірінде ерекше орын алуда, сол себепті ең алдымен олардың биологиялық ерекшеліктерін жетік білу керек.

Дипломдық жұмыстың мақсаты:

  1. Тірідей туатын аквариумдық балықтардың өсіру әдістерін зерттеу;
  2. Гуппи(Poecilia reticulata) балықтарын өсіру және көбейту мәселелерін қарастыру;
  3. Биология пәні сабағында аквариумды көрнекілік құрал ретінде қолдану.

Негізгі зерттеу міндеттері:

  • Аквариумдық балықтардың биологиялық ерекшеліктерін анықтау;
  • Аквариумдық балықтардың өсіру әдістерін зерттеу;
  • Аквариумды биология сабағында көрнекілік құрал ретінде қолдану;
  • Аквариумдық балықтардың ауру қоздырғыштарымен күресу жолдарын зерттеу және методикалық нұсқауларды ұсыну.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: соңғы уақытта аквариумдық балықтарды асырау әуесқой-аквариумшылармен қатар, сәндік мақсатта қолданылатын адамдар арасында да танымал болуда. Көбінесе, әуестенушілер аквариумдық балықтарды тек асырау және көбейтумен ғана айналысады, инбридинг нәтижесінде түр ерекшеліктерінің жойылуына әкеліп соқтырады.

Сонымен қатар, аквариум-экожүйенің жарқын үлгісі және де мектептерде, арнайы орта білім ордаларында биология пәні сабағында таптырмас көрнекілік құрал ретінде қолдануға болады.

Зерттеудің теориялық негізі: тақырып мәселесі бойынша дүние жүзінде, Қазақстанда гуппи аквариумдық балықтарды өсіру биологиялық ерекшеліктерін сондай-ақ, жергілікті авторлардың ғылыми-зерттеу еңбектеріндегі биологиялық ерекшеліктері қарастырыла отырып, әдеби материалдарға сүйеніп жазылған таным-білімдерінің нәтижесі болып табылады

Зерттеудің практикалық негізі: Мектептерде, арнайы орта білім ордаларында биология пәні сабағында таптырмас көрнекілік құрал ретінде қолдануға болады. Гуппи аквариумдық мысалында биология сабағында омыртқалылар тақырыбын жетік түсіндіруге болады және аквариумды күту, балықтарды өсіру жеткіншек ұрпақты қоршаған ортаны, табиғатты аялауға тәрбиелейді. Сонымен қатар, көпшілік адамдар үшін гуппи аквариум балықтары жайлы міндетті түрде ақпараттандырылып, өсіру жолдарын қолдану.

Зерттеу объектісі: Аквариумдық гуппи (Poecilia reticulata) балықтары.

Зерттеу жаңашылдығы: Әртүрлі қоршаған орта факторлары және түрлі қорек беру арқылы гуппи балықтарының шабақтарын өсірудегі айырмашылығын анықтау.

1 Әдеби шолу

Аквариумды табиғаттың аумаған кішкене бөлігі деп қарауға келмейді, дегенмен оның табиғат су қоймасындағы тіршілік заңдылықтарының бірсыпырасын зерттеуге көмекші болатыны даусыз. Аквариумда өзен, көл, теңіз, тіпті мұхит тұрғындарының да тіршілігін зерттеуге болады. Бұл тұрғыдан қарастырғанда аквариум ғалымдардың лабораториялық сенімді құралы [1, 8] .

Балықты аквариумда ұстау туралы алғашқы талпыныс ІІ ғасырда өмір сүрген Рим империясындағы ірі шенеуліктің баласы, жоғары білімді, философ Люциус Апулейден басталды. Ол күнделікті таңертеңгілікте- теңіз суынан әр түрлі балықтар мен теңіз жануарларын әкеліп, су құйылған арнаулы ыдыста оларды өсіре отырып, мінез- қылығын жазды. Дін үстемдік етіп тұрған заманда Апулейдің бұл ісі сиқыршылық деп есептеліп, оны «құдайсыздар» ретінде Собрат қаласынан Карфагенге жер аударды. Алайда басқыншылығымен бүкіл әлемге аты әйгілі болған ұлы патша Александр Макендонский бұған дейін су асты әлемін көзімен көріп, қызықтау үшін өзіне арнаулы шыны қалпақ жасатқаны, онымен теңіз суының түбіне түсіп, ұзақ уақыт су асты тұрғындарынан көз алмай бақылау жасағаны тарихтан белгілі. Ал Апулей болса, бар болғаны теңіз жануарларын теңізден құйып алынған шағын суда- аквариумда өсіргені үшін жазықсыз сот үкіміне душар болды. Сөйтіп, Апулейді тұңғыш аквариумист деуге әбден болады [1, 2, 9, 12-14] .

Әрине бұдан балықтар мен су жануарларын жасанды су қоймаларында өсірумен тек Апулей ғана шұғылданды деген ұғым тумаса керек. Тіпті біздің эрамызға дейінгі 1700- 1800 жылдардағы ежелгі Мысырдың Бен- Гассандағы мазарының тас қабырғаларында Ніл өзенінің балықтары өте білгірлікпен ойылып салынған. Мысырдағы ескі қалалар қазбасынан сарай алдында болған жайпақ табақша- бассейндердің табылуы. Ніл, Тигр, Евфрат өзендерінің балықтарын осы бассейнде өсірген болар деген болжам туғызады.

«Болат қанжар қап түбінде жатпайды» демекші ақиқат шындық та жеңіс таппай қоймады. Грек ғалымдары балықты зерттеу ісімен мықтап шұғылданды; Аристотель балықтардың 116 түрін сипаттап жазса, Теофраст Үндіде мекендейтін балықтардың кейбір түрлерін жұртшылыққа насихаттады. Ал римдіктер тағамға пайдаланылатын сұлтан балықтарды (барабулька) арнаулы су құйылған ыдыста сақтап, құрметті меймандардың алдында өлтіріп барып қуыратын болған.

Уақыт өткен сайын аквариумда балық ұстаушылардың саны біртіндеп арта түсті. Кейінірек, Х ғасырлар шамасында Қытай, Жапон, Корея елдері де аквариумда балық өсірумен шұғылданып, балық тұқымын қолдан шығаруға талпыныс жасады [2, 3, 7] .

Аквариумның алғашқы тұрғыны алтын балық екендігі жайлы барлығымыға белгілі. Алтын балықтар патша сарайының сәні болды. Ол туралы аңыздар да таралды. Ресейге де алтын балық шығыс елінен, патшалардың біріне тарту болып келді, бірақ қалай күтуді білмегендіктен, балық өліп қалды. Германия мен Ресейде аквариум ұстау ХІХ ғасырдың ортасында әдетке айналды. Осыдан кейін ғана Европада бұрын әдетке айналмаған шығыс елінің балықтарын бөлмеде өсіруге жол ашылды.

1876 жылдан бастап Мәскеуде шеттен келген балықтардың 30 шақты түрінің көрмесі ұйымдастырылды. Осыдан кейін аквариуммен шұғылданушылардың саны артты, тропиктік балықтарды өздері барып алып келу, көпшілік көретін аквариумдар ұйымдастыру ісімен шұғылдана бастады [1, 3] .

2 Балықтарға жалпы сипаттама 2. 1 Балықтардың систематикасы және шығу тегі

Балықтардың шығу тегінде көмескі нәрселер көп, дегенмен палеозоологтардың көпшілігі бұл класүстінің өкілдері силур дәуірінің ортасында тұщы суларда пайда болды деп есептейді. Бұған дәлел ең ертедегі қазбаларда теңіз балықтарының жоқ болуы, ал кейінгі қазбаларда теңіз балықтарының жоқ болуы, ал кейінгі қазбаларда олардың қалдықтары жеткілікті [2, 3, 6] .

Балықтардың шығу тегін әртүрлі қалқандылармен байланыстыруға болады, ал сауыттылар мен акантоди кластарының арғы ата- тектері әзірге табылмаған.

Балықтардың классификациясы

1 класс Placodermi - Сауыттылар

2 класс Acanthodi - Акантодии

3 класс Chondrichthyes - Шеміршекті балықтар

4 класс Osteichtyes - Сүйекті балықтар

Сауыттылар ( Placodermi ) силурде пайда болып карбонның басында түгел жойылып кеткен. Бұлардың арасында 6 метр алыптары да кездескен, олардың басы мен кеудесі сүйекті пластинкалардан тұратын сауытпен жабылған. Швед палеонтологтары бұл пластинкалардың кейбіреуі теріге батып, кейіннен сүйекті балықтардың екінші иық белдеуінен құраған деп есептейді. Кейбір сауыттылардың (Антиархии) кеудесінің ортасына дейін жететін, сүйекті пластинкалармен жабылған, кеуде қанаттары болған. Палеозоологтар, бұндай қанаттар құс қанаты сияқты, тежеуші және бағдарлауыш ретінде пайдаланған болуы мүмкін деп есептейді. Өкілдері Coccostus пен Dinichthys , Pterichthys пен Botriolepis [3, 7, 12, 21] .

Акантодии (Acanthodi) силурде пайда болып, пермде дәуірленген класс. Бұл топ балықтардың басқа кластарының арғы ата- тегі болуы мүмкін. Денесі ұршықтәрізді, құйрық қанаты гетероцеркальді болған. Бұларға алдыңғы ауыз бен үлкен көздер тән.

Денесін майда пластинкалар жапқан. Тақ қанаттары, тікенек пішінді, көп болған. Бірінші жұп желбезек тесіктері ашық, қалғандары шағын қақпақшалармен жабылған. Бас қаңқасы бірен-сараңдап сүйектенген, омыртқалары тек шеміршекті. Өкілдері деп Acanthodes пен Climatius -ты атауға болады [1, 3, 9, 18, 29] .

Шеміршекті балықтар (Chondrichthyes) қазіргі ихтиофаунада 600- дей түрі бар. Ішкі тірек (омыртқа жотасы) шеміршекті, кальциленгендері жиі кездеседі, бірақ ешуақытта сүйекке айналмайды. Нейрокраниум тұтас шеміршекті. Жақтарында жақсы жетілген тісі болады, олар плакоидты қабыршақтардан пайда болған. Құйрық қанаты әдетте гетероцеркальді. Денесін плакоидты қабыршақтар жапқан, олар бірігіп ірі тікенектер құрауы да мүмкін.

Тынысалу жүйесі әдетте, жұтқыншақтың екі жағынан жеке-жеке ашылатын, 5 жұп желбезектерден тұрады. Бүтінбастыларда желбезек саңылауларын жауып жатқан желбезек қақпақтары болады. Асқорыту жолында, V- тәрізді қарыннан басқа (химераларда болмайды), шеміршекті балықтарға ішегінде спиральді клапанның болуы тән. Зәр шығару жүйесі- мезонефрос бүйрек. Жүрегі 4 бөлімнен тұрады: негізгі екеу-жүректің құлақшасы мен қарыншасы және қосалқы артериялық конус пен веноздық қолтық (синус) . Миы салыстырмалы түрде қарапайым, бірақ барлық бөлімдері бар. Жыныс жүйесіне іштей ұрықтану тән [4, 5, 9] .

Сүйекті балықтар (Osteichtyes) бұл омыртқалы жануарлардың ішінде 20 мыңнан артық түрлері бар ең көп санды класс.

Жабындысында өте көп бірклеткалы бездер болады және көпшілік сүйекті балықтардың терісінің негізгі қабаты дермада әр түрлі қабыршақтар түзіледі- космоидты, қарапайым ганоидты, нағыз ганоидты немесе сүйекті. Ішкі тірегі кейде хорда, ал көбіне-сүйекті. Бас қаңқасының висцеральді бөлімі ми сауытында әртүрлі әдіспен жалғасады-гиостилия, амфистилия және кейде-аутостилия. Әдетте құйрық қанаты гомоцеркальді, бірақ гетероцеркальді, дифицеркальді және басқалай болуы да мүмкін. Желбезек саңылаулары ортақ желбезек қақпағымен жабылған. Сүйекті балықтардың көпшілігінің торсылдағы асқорыту жолының алдыңғы бөлімінің арқа қабырғасының жұқа өсіндісі, ол гидростатикалық аппарат қызметін атқарады. Ал қостынысты балықтардың торсылдағы өңештің вентральді қабырғасынан пайда болады және қарапайым өкпенің қызметін атқарады. Жүректің артериальді конусы редукцияланады, ал оның қызметін құрсақ қолқасының пиязшығы атқарады. Негізгі көпшілігі сырттай ұрықтанады, бұлардың уылдырығының (жұмыртқа) өте көп болатыны осыған байланысты. Тіршілік ортасының әртүрлі болуына сәйкес бұлардың пішіні, жүзу жылдамдығы, қоректену де әртүрлі. Сүйекті балықтардың ұзындығы бірнеше см- ден 5, 5 м- ге дейін жетеді [2, 4, 7, 29, 31-33] .

2. 2 Балықтардың сыртқы құрылысы және қозғалысы

Дене пішіні және пластикалық белгілері. Балықтардың әртүрлі жағдайда тіршілік етуі олардың пішінінің әртүрлі болуына себеп болды. Әсіресе көп кездесетін пішіндер төмендегідей.

Ұршық тектес (торпедотектес) . Денесі жақсы сүйірленген, тұмсығы үшкір. Бұл типке ұзақ уақыт жоғары жылдамдықпен жүзе алатындар жатады: тунецтер, скумбриялар, албырттар. Көпшілік балықтардың дене пішіні осы типке жақын (кефалдар (басқын), майшабақтар, трескалар және т. б. ) .

Жебе тектес. Денесі ұзын, арқа және аналь қанаттары құйрығына жақын орналасқан. Бұл пішінді балықтар ұзақ уақыт жақсы жүзе алмайды, жасырынып тұрып өзінің жеміне, не жауынан құтылу үшін жай оғындай тез қимылдайды (шортан, сарган, сайра) [4, 8, 13] .

Таспа тектес. Денесі ұзын, екі бүйірінен қысыңқы (сығылған) . Үлкен тереңдікте тіршілік ететіндер. Жәйімен денесін ию арқылы жүзеді. Өкілдері: қылыш- балық, майшабақ королі.

Жыланбалық тектес. Денесі ұзарған, көлденең кесіндісінде сопақ. Жәйімен денесін ию арқылы жүзеді. Бұндай пішінділер: миногалар, миксиналар, жыланбалықтар, шырма-балықтар.

Жалпақ . Кейбір балықтардың денесі биік, екі бүйірінен сызылған (камбалар, тырандар, ай- балықтар), екіншілерінің денесі дорсовентральді сығылған (скаттар, теңіз шайтаны) . Су түбіне жақын тіршілік ететін, аз қозғалатын балықтар [2, 3, 5, 11] .

Шар тектес. Бұндай пішін кірпі-балыққа, пинагорға тән. Судың таязында тіршілік ететін кірпі- балық қауіп туған кезде өзінің ерекше қабына су толтырып шарға айналады. Бұндай пішінді балықтар өте ақырын жүзеді.

Көптеген балықтарды аталған топтардың бірде-біреуіне жатқызуға болмайды- аралық пішінді болады, ал кейбіреулері тіпті таңқаларлық (атша- шүберекті, желкенділер, макрурустектестер немесе ұзынқұйрықтылар, тебентектестер, денесінің көп бөлігін сүйек қаптаған кузовиктер, т. б. ) [1, 2, 5, 8, 12] .

Тері және оның туындылары. Терінің қызметі әралуан. Организмді тіршілік ортасының зиянды әсерінен қорғаумен қатар ол зат алмасуға активті қатысады. Теріден тері арқылы тыныс алу және осмостық реттеуге өте қажетті су, аммиак, кейбір тұздар, көмір қышқылы, оттегі өтеді. Бұлардан басқа балық терісіне әртүрлі сипаттағы сезгіш клеткалар тән.

Балық терісі екі қабаттан тұрады: сыртқысы - эктодермадан пайда болған эпидермис және ішкі негізгі тері - мезодермадан пайда болган дерма (кутис, кориум) . Бүл қабаттардың шекарасы базальді мембрана. Негізгі тері (дерма) үш кабатты: 1) сыртқы қабаты шекаралық пластинка -дәнекертканьді клеткалар болмайды, 2) сыртқы борпылдақ немесе субэпидермальді қабат, 3) тығыз дәнекертканьді ішкі қабат. Терінің астында май клеткалары бар дәнекертканьді теріасты - субкутанеальді қабат болады [1, 2, 5, 8, 12] .

Эпидермисте қан тамырлары болмайды, бірак әртүрлі сезгіш клеткалар мен жүйкенің бос ұштары көп. Дермада жүйке де, қан тамырлары да болады.

Миногалардың терісі жалаңаш, жұқа кутикуламен жабылған, қабыршағы болмайды. Эпидермисте шырыш бөлетін көптеген клеткалар болады. Яғни, бір клетка бір бездің (балықтардағыдай) кызметін атқарады. Миксиналарда, миногаларға қарағанда, бүйір сызығының бойында орналасқан шырышты көп бөлетін көпклеткалы бездер болады.

Эпидермистің астында талшықтары ұзынынан және көлденең орналасқан дәнекертканьнан тұратын негізгі тері (дерма) орналасқан.

Дөңгелекауыздыларда, балықтардан айрықша, пигментті клеткалар дермада емес, онан ішкері субкутанеальді қабаттың үстінде болады [1, 2, 5, 8, 12] .

Балықтардың терісінің құрылысы оның тіршілігіне байланысты. Әдетте балықтардың терісі жүзу жылдамдығына қарай қалыңдайды және әрбір қабатының даму деңгейі мен құрылысы өзгереді.

Балықтардың () эпидермисінің ішкі өсетін қабаты бір қатар орналасқан цилиндрлі клеткалардан тұрады, ал сыртқы қабаты - бірнеше қатарлы жалпақ клеткалар. Эпидермистің ортаңғы қабаты цилиндрліден жалпаққа бірте-бірте ауысатын эпителиальдік клеткалар. Безді клеткалар осы қабатта орналасқан, олар: бокалтәрізділер - шырыш, май бөлетіндер, сезгіштер; дөңгелек - шырыш бөлетіндер; колбатәрізділер - терінің сыртқы қабатымен байланысы жоқ бұл бездер балық жарақаттанғанда теріден қорқыныш деп аталатын зат бөледі, ол үйірдегі барлық балықтарда қорқыныш сезімін туғызады. Колбатәрізді клеткалары жоқ балықтарда, «қорқыныш заты» терінің сыртқы қабатымен байланысы жоқ басқа клеткаларда болуы керек. Акулаларда тек дөңгелек безді клеткалар дамыған. Ақырын жүзетін нағыз сүйекті балықтарда шырышты клеткалардың 2-3 типі, орташа жылдамдықпен жүзетіндерде - 1-2 (әдетте бокалтәрізділер мен дөңгелек), ал тез жүзетіндерде (семсер-балық) - тек дөңгелек клеткалар болады. Ақырын жүзетін балықтардың шырышты клеткалары дене терісінде бірқалыпты бір қатар орналасқан. Жүзу жылдамдығы өскен сайын шырышты клеткалар дененің ортаңғы және артқы бөліміне қарай ығыса береді. Клеткалардың бұлай орналасуы бейімделушілік, әрі гидродинамикалық кедергінің азаюына себепші болады [1, 2, 5, 8, 12] .

Шырыш балықтың суға үйкелісін азайтады, бактериялар мен басқа микроорганизмдерді жояды (бактерицидтілігі), балық жарақаттанған уақытта оның канының ұюына қатысады, желбезекті ылайландырмас үшін қалқыған заттарды (ылай) тұндырады. Балықтың әрбір түрлеріндегі шырыштың биохимиялык кұрамы бірдей емес. Жүзу жылдамдығы мен шырыштағы белоктың көлемінің арасында корреляция бар. Тез жүзетін балықтардың шырышында, ақырын жүзетіндерге қарағанда, белок көп болады.

Эпидермистің ішкі жағына негізгі тері (дерма) жалғасқан, ол коллагенді талшықтары көп дәнекертканьнен тұрады және тіреу кызметін атқарады. Көптеген балықтардың негізгі терісі екі қабаттан тұрады: борпылдақ дәнекертканьнан тұратын сыртқы жұқа қабаты және тығыз дәнекертканьнан тұратын, қабыршакты қоршайтын, ішкі қабат. Бұл қабаттың қалақшалары, қабыршақтар арасына еніп, қабыршак қалтасын құрайды.

Ақырын жүзетін балықтардың дермасы нашар дамыған, талшықтар борпылдақ орналаскан. Жылдам жүзетін балықтардың дермасының, әсіресе құйрык бөлімінде, қалыңдығы артады. Кейбір акулалардың дермасы бір-біріне қиғаш орналасқан бірнеше қабатты коллагенді талшықтардан құралған. Коллагенді талшықтардың жеке қабаттары бір-бірімен көлденең талшықтар арқылы байланысқан. Теріасты (субкутанеальді) майлы қабат нағыз сүйекті балықтарда жаксы дамыған, ал акулаларда - нашар, соңғыларының денесінің көп жерінде бұл қабат болмайды, сондықтан бұлшық ет теріге тікелей жабысқан [1, 2, 5, 8, 12] .

2. 3 Балықтардың ішкі құрылысы 2. 3. 1 Қаңқа

Қаңқа сүйеніш, қорғаныш және қозғалыс қызметтерін атқарады, сонымен қатар дененің пішінін, кеңістіктегі қалпын анықтайды, ішкі органдарды қолдайды және қорғайды. Қаңқа еттердің жиырылуы нәтижесінде сүйектерді қозғалтуымен бұлшық еттермен бірге қозғалу жүйесін құрайды.

Балық қаңқасы сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы қаңқа (егер ол бар болса) барлық уақытта сүйектен тұрады. Қазіргі дөңгелекауыздылар мен шеміршекті балықтарда сыртқы қаңқа болмайды. Ең күрделі сыртқы қаңқа бекіре балықтарында болады.

Балықтардың ішкі қаңқасы тірек (желі), бас, жұп қанаттардың белдеуі мен тақ қанаттар бекитін сүйектер [1, 2, 4, 5, 8-12] .

Бас қаңқасы (cranium) . Екі бөлімге бөлінген: ми сауыты (біліктік, немесе нейральді бас қаңқасы - нейрокраниум) және висцеральді (спланхнокраниум) . Ми сауыты мидың және күрделі сезім мүшелерінің қорғанышы және жақтар мен желбезек аппаратының таянышы. Ми қорабы тірек қаңқасының жалғасы сияқты, хорданың алдындағы жұп трабекула және парахордалии шеміршектерінен қалыптасады, құрылысы бойынша оның екі типін ажыратады:

платибазальді - түбі жалпақ, көз шаралары бір-бірінен алшақ орналасқан, олардың ортасындағы кеңістікте ми болады (миногалар, акулалар, қостыныстылар, шеміршекті және сүйекті ганоидтылар, төменгі сатыдағы нағыз сүйекті балықтар) ;

тропибазальді - көз шаралары бір-біріне жақын орналасқан, сондықтан ми ми сауытының артқы бөлігі ми қорабында болады (бүтінбастылар және жоғары сатыдағы нағыз сүйекті балықтар) (1-сурет) .

Висцеральді қаңқа асқорыту жүйесінің алдыңғы бөлімінен пайда болады. Ол висцеральді доғалардан тұрады, оның алдыңғылары балықтарда жақ және тіласты аппаратын, ал кейінгілері желбезек доғаларын құрайды.

Ми сауыты мен висцеральді қаңқа бір-біріне тәуелсіз дамиды [1, 2, 4, 5, 8-12] .

Дөңгелекауыздылардың ми сауыты шағын, әрі қарапайым. Оның асты және бүйірлері шеміршек, үстін дәнекертканьді жарғақ жапкан. Ми қорабының алдына тақ, бірақ екі бөлімді, иіссезу капсуласы тақалған. Шүйдесі дамымаған, оның қызметін қаңқаның екі бүйіріндегі есту капсулалары атқарады. Висцеральді қаңқа тек висцеральді доғалардан тұрады, олардың алдыңғылары жақтары болмағандықтан сорғыш воронканы сүйейтін күрделі ерін шеміршектері жүйесіне айналған, қалған сегізі ұзынынан созылған төрт қосқыштың көмегімен желбезек торына айналған.

1-сурет. Бас каңқасының типтері: 1 - амфистилиялық; 2 - гиостилиялык; 3 - аутостилиялық; 4 - платибазальді; 5 -тропибазальді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аквариум балықтарының үйлесімділігі
Жапондық коя балықтарын өсіру ерекшеліктері
Псевдотрофеус зебраның систематикасы
Аквариум балықтары. Аквариум өсімдіктері
Бентосжегіш балықтардың қоректенуі
Тірі табиғат бұрышы
Балық түрлері
Балқаш көлінің физика-географиялық сипаттамасы жайлы
Балқаш көлінің физика-географиялық сипаттамасы туралы ақпарат
Дамудың қатерлі кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz