Жалпы білім беретін мектептерде географияны оқыту процесінде оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру формаларының ғылыми – педагогикалық негіздері


Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Ел Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдауында «ХХI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» дей отырып, білім беруді әлемдік стандарт деңгейіне жеткізу үшін жаңа сипаттағы педагогикалық мамандар қорын жасау қажеттігін баса айтқаны баршаға мәлім.
Мектепте білім мен тәрбие берудің сапасын қамтамасыз етіп, оны іске асыратын басты тұлға мұғалім болса, бүгінгі таңда мұғалімдерге қойылып отырған талаптар өте жоғары. Елімізде инновациялық экономика құру үшін мектепте кәсіби міндеттерін дербес, әрі шығармашылық тұрғыдан шеше алатын, кәсіби қызметінің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсіне білетін, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын меңгерген, кәсіби құзіретті және бәсекеге қабілетті мұғалімдер жұмыс істеуі тиіс.
География ғылымы қазіргі кезде - энциклопедиялық ілімнен конструктивті ғылымға айналғаны бәрімізге белгілі. Географияның заманға сай міндеті «адам, табиғат, шаруашылық, қоршаған орта» жүйесінде пайда болған қарама-қайшылықтарды шешу. Демек, географиялық білім әр түрлі әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерді түсіну үшін үлкен әсерін тигізеді.
Сондықтан, мектептегі географиялық білімнің құрылымы мен мазмұны адамзат өркениеті мен мәдениетінің деңгейіне сай болуы тиісті. Сонымен бірге географиялық білім халықаралық деңгейге, география ғылымының мектеп дидактикасына және географияны оқыту әдістемесіне негізделуі керек. География - ел мен жер танудың негізгі көзі.
Бүгінгі XXI - ғасырда егеменді Қазақстанда өмір сүріп жатқан жас ұрпаққа білім беріп, тәрбиеге баулуда жаратылыстану ғылымдарының орны ерекше. Оқыту мен тәрбиелеудің күрделі де, көпқырлы үрдісінде оқу мен сыныптан тыс жұмыстардың тығыз байланысы маңызды роль атқарады. Өйткені, ол теориялық білімнің өмірмен байланысуына себеп болып, оқушылардың кәсіби қызығушылықтарын қалыптастырып, олардың пәнге тұрақты қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерінің дамуын қамтамасыз етеді. Мектеп географиясында, пәннің өзіндік ерекшеліктерімен анықталатын, өзіне тән білімдік - тәрбиелік мүмкіндіктері бар.
Жалпы білім беретін және кәсіби мектептердің реформалары олардың оқу - тәрбиелеу жұмыстарының сапасын көтеруге арналған. Осыған байланысты географияны оқыту процесінде жүргізілетін жұмыстардың да сапасын үнемі арттырып отыру, оқытуды ұйымастыру формаларының түрлерін жаңа әдістермен толықтыру тақырыптың өзектілігі болып отыр.
Зерттеу жұмысының мақсаты : Жалпы білім беретін мектептерде географияны оқыту процесінде оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру формаларының ғылыми - педагогикалық негіздерін айқындап, іс - тәжірибеде тиімді пайдаланып, іске асыру, сабақ сапасын көтеру түрлерін жетілдіру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, іздену, таным деңгейін көтеруде негізгі формаларды кеңінен қолдана отырып білім беру.
Зерттеу жұмысының міндеттері: Ғылыми жұмысты зерттеу барысында алға қойылған мақсатты негізге ала отырып, тақырып мазмұнын нәтижелі ашу үшін бірнеше міндеттер қойылды:
- Географияны оқыту әдістері, оқытуды ұйымдастыру формалары түсінігіне сипаттама бере отырып, оның мақсаты мен міндеттерін айқындау;
- География сабағын оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде қарастыру, қазіргі география сабағының негізгі көрсеткіштеріне сипаттама беру;
- География сабағының типологиясы, оның құрылымының ерекшеліктерін саралау;
- География сабағын сарамандық жүйеде оқыту және география сабағында ойын элементтерін қолданудың маңыздылығына тоқталу;
- Географияны оқыту процесінде оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыруда сыныптан тыс жұмыстардың алатын орнын анықтау, оларға қойылатын талаптар мен әдістерін қарастырып, түрлеріне талдау жасау;
Зерттеу жұмысының объектісі: Оқытуды ұйымдастыру формалары
Зерттеу жұмысының теориялық негізі: Тақырыптың мазмұнын ашу үшін бірнеше авторлық ғылыми жұмыстар, баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми мақалалар, сонымен қатар интернет желілеріндегі берілген мәліметтер қолданылды.
Атап айтқанда, И. В. Душина, В. Б. Пятунин, Е. А. Таможняя «Методика и технология обучения географии», Душина И. В., Понурова Г. А. «Методика преподавания географии», Кушимова Г. А. «Методика преподавания географии в средней школе», Матрусова И. С. «Методика обучения географии в средней школе» сияқты ресейлік және отандық ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс үш тараудан, тарау өз ішінде бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің негізгі міндеттері жоспарланған мәселелер бойынша қарастырылады. Жұмыстың алғашқы тарауында географияны оқыту әдістері, оқытуды ұйымдастыру формалары және оның маңызы қарастырылады. Сонымен қатар, оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы - сабақ талданады.
Жұмыстың келесі тарауында географияны оқыту процесінде оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру формалары айқындалады. Осы тарауда география сабағы, қазіргі география сабағының белгілері, география сабағының типологиясы, оның құрылымының ерекшеліктері кеңінен қарастырылады. Сондай-ақ, география сабағын сарамандық жүйеде оқыту және география сабағында ойын элементтерін қолданудың маңызы, географияны оқыту процесінде жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны, түрлері анықталады.
Жұмыстың соңғы тарауында оқытуды ұйымдастыру формаларын сабақта, сыныптан тыс жұмыстарда қолдану үлгілері ұсынылады.
Зерттеу жұмысының әдісі: топтау, жүйелеу, талдау және салыстырмалы-аналитикалық әдіс.
І Географияны оқыту әдістері, оқытуды ұйымдастыру формалары
және оның маңызы
1. 1 Оқу процесінде қолданылатын географияны оқытудың әдістері
Қоғамның қазіргі әлеуметтік тапсырыстарын орындауда мектеп географиясының қосатын үлесі қоршаған ортаға деген біртұтас көзқарастар жүйесін қалыптастыру және оны бағалай білетін тұлғалық сапаларды тәрбиелеу арқылы көрінеді. Жалпы білім беруді қайта қалыптастыру кезеңінде оқу пәнінің құрастыруда, оқу үрдісін ұйымдастыру, оқушыны тәрбиелеу мен дамытумен сипатталады.
Географияны оқытуда, оқу жұмысының өзгерісі, уақыттың азаюы оқу үрдісін ұйымдастыруда жаңа зерттеулер жүргізуді талап етеді. Сондықтан мектептің оқу процесінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың маңызы зор.
Қазір «оқыту методикасы» терминінің орнына «оқыту технологиясы» термині жиі қолданылады. Бұл дидактикадағы жаңа бағыт болып есептеледі. Технология оқыту әдісінің орнына емес, онымен қатарлас қолданылады, яғни ол пән методикасының бір бөлігі болып табылады.
Дидактика мен методиканың жалпы категориялары - мақсаты, мазмұны және оқыту әдісі. Олар бір-бірімен тығыз байланысты және тарихи өзгеріп отырады. Жалпы білім беретін мектептің мақсаты- жаңа белсенді оқыту әдісін іздестіру болып табылады. Қазіргі мектептерде оқыту әдістері оқушының өзіндік оқу-танымдық қызметін ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі.
Дидактикада оқыту әдістеріне толық анықтама берілген. Оқыту әдістері - бұл, оқушы мен мұғалімнің қызметінің бір-бірімен байланысы, білімнің мақсатына жету бағыты болып табылады. Бұл жағдайда оқыту әдісін анықтауда оқушыларда оқу қызметінде жалпы біліктілік пен дағдыларды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Оқыту әдісін анықтағанда оның екі түрлі аспектісі - объективті және субъективті немесе ішкі және сыртқы жақтары қарастырылады.
Сыртқы - бұл мұғалімнің білімкөздерін таңдау бойынша сипаттауы, яғни оқушының жұмысын ұйымдастыру, бұнда оқытудың түрлі әдістері қолданылады.
Ішкі жағы- бұл, оқушының оқу еңбегінің нәтижесін бақылағанда, мұғалім ақпарат алады. Бұл оқыту әдісінің ең дидактикалық жағы болып есептеледі.
Оқыту әдісі - мектеп географиясында оқушылардың танымдық қызметінің ерекшеліктерін, жекелеген курстық, бөлімдік, тақырыптық, тәрбиелік және білімдік міндеттерін өзінің мазмұнының ерекшеліктерін көрсетеді.
Дидактикада оқытудың әдістерін үлкен үш топқа бөледі:
- оқушының оқу қызметін ынталандыру әдісі;
- оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру әдісі;
- осы қызметтің тиімділігі үшін бақылау әдісі.
Пәнді оқыту әдісіне оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру әдісін қолдануға негізгі көңіл бөлінеді. Оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру әдісі әр түрлі негіздерге жіктеледі: оқушылардың танымдық қызметінің сипаты бойынша, білім көздері бойынша, оқу материалдарын логикалық ашу бойынша, оқушының өзіндік деңгейі бойынша. [1]
Академик Ю. Н. Бабанский өзінің «Оқу - тәрбие процесінін оптималдандыру» деген еңбегінде танымдық әдістерді мынадай 2 топқа жинақтайды.
І. Оқушылардың оқу-таным қызметін ұйымдастыру әдістері.
ІІ. Оқу-таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері.
Әр топ бірнеше әдіс-тәсілдерден тұрады.
- сөздік (ауызша сөйлеу) әдісі;
- көрнекілік әдісі;
- сарамандық жұмыстар әдісі.
Мектептегі география пәні - география ғылымының құрылымымен, мазмұнымен және әдістерімен тығыз байланысты. Оқытудың ауызша әдісі- мұнда, сөз адамның бір-бірімен араласуындағы ең маңызды құралы болып табылады. Бұл әдіс ерте кезден бері қолданылып келеді, сондықтан қазіргі күнде де ол өзінің рөлін жоғалтқан жоқ. Сабақты түсіндіргенде Шаталов әдісімен тірек-сызбаларды сызу, Венн диаграммасы арқылы салыстырмалы сипаттама жазу әдістері, тақырыптағы негізгі ойды білдіретін сөздерді тауып, сараптама жасауға дағдыланады.
Ауызша сөйлеу әдісі баяндау мазмұны формасы бойынша ажыратылады. Ол мұғалімнің монологтық баяндауы (әңгімелесу, түсіндіру, мектеп дәрісі, т. б. ) түрінде болуы мүмкін. Көбінесе оқытудың диалогтық формасы қолданыоады: сыныппен пікірталас, оқулық тапсырмалары, сұрақтармен оқушының жұмыс істеуі.
Бұл әдістің негізгі міндеті - оқу материалдарындағы жүйелеу мен жалпылауды, тірек білімдерінің өзектілігін, жаңа білімдерді кірістіре отырып, оқу ақпараттарын беру болып табылады.
Көрнекілік әдісі (табиғат құбылыстарын тікелей бақылау, көрнекі құралдар және иллюстрациялармен, картамен жұмыс) . Көрнекілік сабақтың танымдық құндылығын арттырады. Көзбен көріп, қолмен ұста дегендей, әр сабақта картамен жұмыс оқушының карта бетіндегі географиялық нысандардың есте сақталуына ықпал етеді.
Географияны оқытудың көрнекілік әдістеріне - мазмұны мен мағынасына қарай құралдарды ажыратамыз. Көрнекілік әдістерінде әр түрлі оқу-көрнекілік құралдар түрлері қолданылады. Кей кезде көрнекілік құралдар түрлері қолданылады. Кей кезде көрнекілік құралдар қызметін өлкетанулық материалдар мен модельдер орындайды.
Көрнекілік әдістерінің арасында оқу карталарын пайдалану, суретті кестелер, электрондық құралдар, педагогикалық суреттер, карталар және басқа модельдер қолданылады.
Көрнекілік әдістің негізгі қызметі - оқылатын объектілер мен құбылыстрды нақты оқып, теориялық білімді қалыптастыру. Көрнекілік әдістерді қолдану оқушыларды көрнекілік бейнелік ойлауда, бақылауда, көру қабілетін дамытуда шешуші рөл атқарады. Оқу әдістерін сипатына қарай бірнеше топқа бөледі:
Сарамандық жұмыстар әдісі (тақырыптық карталарды салыстыру, статистикалық мәліметтерді өңдеу, географиялық әдебиеттермен, хретоматиямен жұмыс, географиялық дәптермен жұмыс) .
Оқытудың сарамандық әдісі - мұндағы білімнің негізгі басты көзі - географиялық карталар, профильдер, графиктер, т. б. болып табылады. Оқу үрдісінде географиялық ғылымда арнаулы оқу құралдары пайдаланылады. География сабақтарында модельдерді оқушылар өздері құрастырады, олар жергілікті жердің планын салады, ауа райын бақылау нәтижесін графикжәне диаграммалар түрінде орналасады, статистикалық деректер, кескін карталармен жұмыс істейді.
Сарамандық әдіс - бұл мұғалім мен оқушының өзара байланыс қызметі. Сарамандық әдіс құрамына табиғаттағы құбылыстар мен объектілерді бақылау, өндірістік және өндірістік емес салаларды, карта-схема, профиль, статистикалық көрсеткіштермен жұмыс істеу кіреді. Сарамандық әдіс арқылы оқушылар қоршаған ортаны танып біледі.
Түсіндірме-суретті әдіс - оқу ақпаратын әңгімелеу, түсіндіру арқылы беру әдісі. Осы әдіс арқылы мұғалімнің берген білімін, жаңа ақпараттарды оқушылар тыңдайды, оқиды, бақылайды, есте сақтайды.
Бұл әдіс - жалпы ұғымдарды («климаттық белдеу», «күн радиациясы», «мамандану», т. б. ) теориялық білімдерді ашуға қолданылады. Оқу ақпараттарын қазіргі заманғы техникалық құралдармен - компьютердің, магнитофонның, видеофильмдер көмегімен көрсетуге болады.
Репродуктивті әдіс - бұл білімді қайталау, бекіту және бағалау, қорытындылау. Бұл әдіс - географиялық біліктіліктің өзгешелігін қалыптастыру мен қамтамасыз етуді көздейді.
Зерттеу әдісі - бұл әдісті пайдалануда оқушылар материалды өз бетінше оқып үйренеді. Бұл әдістің басты міндеті - оқушылардың творчестволық қызметін дамытуға жетелейді.
Зерттеу әдісі көбінесе географияны оқытуда өлкетану принциптерін оқуда көптеп пайдаланылады. Бұл әдіс арқылы табиғатта және өндірісте алынып, жинақталған материалдарды қңдеп, сабаққа сараптама жасайды. Мұғалім оқушыға алдын ала зерттеу тапсырмаларын беріп, кеңес беріп, жұмысты жоспарлайды. Зерттеу тапсырмаларын орындау қорытындысында оқушылар хабарлама жасайды, мұғалім оған талдау жасайды, жалпы қорытынды береді. [2]
Оқушылардың өзіндік жұмысы - оқытуды ұйымдастырудың формаларын түсіндіреді. Географияны оқыту методикасында танымдық қызметтің сипатына қарай екі негізгі топқа біріктіреді: түсіндірме - суретті және шығармашылық. Түсіндірме суретті әдіс тобына оқушылар дайын ақпаратты түрлі әдістер мен білім көздерінен ажыратуға бағытталады.
Проблемалық оқыту жаңа педагогикалық технологияда ерекше жаңалық емес. Оны 20 ғ-дан бері қолданып келеді. Проблемалық оқытуды әр түрлі ұстанымдар бойынша қарастыруға болады, яғни оқытудың жаңа түрі ретінде, оқыту принципі ретінде, жаңа дидактикалық технология ретінде. Проблемалық оқыту технологиясы төмендегі сызбада көрсетілген:
Оқу материалын оқып үйрену кезінде оқушылардың таным белсенділігі жоғары болатын сабақ қана білімнің сапалы көрсеткішін береді. Ол үшін осы аталған әдіс-тәсілдердің ішінен таным қабілетін күшейтетін түрі таңдалып алынады.
Негізгі көңіл бөлетін жағдайлар: материалдардың мазмұны; қолдағы құрал жабдықтар; географиялық білімнің жүйелілігі.
Сонымен қатар, географияны оқытуда жаңа технологиялық әдістер қолданылады. Қазіргі уақытта модульдік технология, логикалық тірек - конспектілері және т. б. қолданылады. [3. 4]
1. 2 Оқу процесінде жүргізілетін оқытуды ұйымдастыру формалары
түсінігі, мақсаты мен міндеттері
Оқушылардың білім мазмұнын игеру іс-əрекеттері əрқилы формада жүзеге асырылады.
Латын сөзі «форма» тысқы бейне, сырттай көрініс, қандай да нəрсенің құрылымы дегенді білдіреді. Оқуға байланысты форма екі мағынада қолданылады: 1) оқу формасы; 2) оқу-ұйымдастыру формасы.
Дидактикалық категория ретінде оқу формасы оқу процесі ұйымдастырылуының сырттай көрінісін білдіреді. Ол оқу процесінің мақсаттары, мазмұны, əдістері мен құрал-жабдықтарына, материалдық жағдайларына, қатысушылар құрамы жəне т. б. элементтеріне тəуелді.
Оқушылар санына, оқу уақыты мен орынына, іске асыру тəртібіне орай оқу формасы əрқилы болып келеді. Қазіргі мектеп тəжірибесінде келесідей оқу формалары қалыптасқан: жеке-дара, топтық, толық сыныптық, ұжымдық, жұптастық, дəрісханалық жəне дəрісханадан тыс сыныптық жəне сыныптан тыс, мектептік жəне мектептен тыс, əлбетте, мұндай топтастырудың (классификация) жетілген ғылыми негіздемесі əзірге болмай тұр. Дегенмен, осы тұрғыдан оқу формаларының көптүрлілігін біршама ретке келтіру мүмкін.
Жеке-дара оқу формасы мұғалімнің бір оқушымен педагогикалық қатынасқа келуінен құралады.
Оқудың топтық формасында оқушылар əрқилы мүдде-мақсатқа орайласқан топтарда оқиды, тəрбиеленеді.
Толық сыныппен жұмыс (фронталь) формасы оқуда мұғалім бір мезетте барша оқушылармен, біркелкі тапсырма, міндет белгілеп, сынып қатысушыларының бəріне ортақ іс-əрекеттер төңірегінде бірқалыпты оқу жұмыстарын алып барады.
Оқудың ұжымдық формасы. Бұл оқу түрінің фронталь оқу формасынан өзгешелігі: сынып оқушылары өздеріне тəн ара қатынас, өзара ықпал жасау ерекшеліктерін сақтаумен біртұтас, мақсат-мүддесі ортақ, біртекті жұмыс бағытында бірігіп, бекіген ұжым ретінде қарастырылады.
Жұптасып оқуда негізгі өзара байланысты оқу əрекеттері екі оқушының қатысуымен орындалады.
Дəрісханалық жəне дəрісханадан тыс, сыныптық жəне сыныптан тыс, мектеп ішілік жəне мектептен тыс оқу жұмыстары өздерінің өткізілетін орындарымен белгіленеді.
Оқытуды ұйымдастыру формасы - бұл оқу процесінің жекеленген бөлігінің құрылымы, дəрістің белгілі бір түрі (сабақ, дəрісбаян, семинар, саяхат, факультатив дəріс, емтихан, сынақ жəне т. б. )
Оқудың ұйымдастырылу формалары əрқилы негіздемелерге байланысты қарастырылуы мүмкін.
Оқу процесінде басым болған мақсатқа орай - кіріспе сабақ; білімді тереңдете оқыту дəрісі; практикалық сабақ; білімді жүйелестіру жəне қорытындылау сабағы; білім, ептілік жəне дағдыларды бақылау, тексеру сабағы; аралас сабақ формалары.
Дидактикалық мақсаттарға орай - теориялық, практикалық, еңбектік, аралас сабақтар формалары;
Жеке-дара өтілетін дəріс түрлері: репетиторлық, тьюторлық, менторлық, гувернерлық, отбасылық оқу, өзіндік оқу.
Ұжымды-топтық сабақ түрлері өз ішіне дəрісбаян, семинар, конференция, олимпиада, оқу саяхаттары жəне іскерлік ойындарды қамтиды.
Даралықты-ұжымды дəрістер-пəн, тақырып жұмыстарына толық шомдыру (погружение), шығармашылдық апталары, ғылыми апталар, жоба (курстық, диплом) жұмыстары. [5]
Оқу формалары қозғалысты, қоғам, өндіріс, ғылымның даму деңгейіне тəуелді пайда болады, өрістейді, бірі бірімен ауысып отырады. Əлемдік білім тəжірибесі тарихында əрқилы оқу жүйелері қалыптасып, олардың əрқайсысы өзіне ыңғайлы оқу формаларына сəйкес, қолданылған.
Алғашқы адамзаттық қауымның өзінде-ақ тəжірибені бір адамнан екіншіге, ересектен жас əулет өкіліне өткізу мақсатында жеке-дара оқыту жүйесі іске асырылды. Бірақ мұндай жолмен көп санды оқушы қамту мүмкін болмады. Қоғамның бұдан былайғы дамуы сауатты адамдардың көп болғанын қажет етті. Осыдан жеке-дара оқыту басқаша ұйымдастыру формаларымен ауыса бастады. Дегенмен, жеке-дара оқыту өз маңызын осы күнге дейін жоғалтпастан, репетиторлық, тьютарлық, менторлық, гувернерлық оқу формаларында қолданым табуда.
Репетиторлық, əдетте, оқушыны емтихан жəне сынақ тапсыруға дайындаумен байланысты.
Тьюторлық пен менторлық шет елдерде кең тараған жеке-дара оқыту формасы. Оқушының білім жолындағы іс-əрекетінің өнімділігін арттыруда өте пайдалы. Ментор немесе ұстаз -оқушы кеңесшісі, оқылып жатқан пəн мазмұнына даралық сипат береді, тапсырмалар орындауға жəрдемдеседі, тұрмысқа бейімделуге көмек көрсетеді. Тьютор-оқушыға ғылыми жетекшілік жасап, оны конференцияларға, ғылыми іс-шараларға дайындайды.
Соңғы кездерде отбасылық оқу-тəрбие формасы - гувернерлық қайта жаңғыруда.
Ғылыми білімдердің дамуы мен білім аймағына көпшілік қауымның тартылуымен жеке-дара оқыту жүйесі даралықты-топтық оқыту формасымен ауысуда. Мұндай оқытуда мұғалім балалардың бүтін бір тобымен оқу жұмысын алып барады, бірақ дəріс жеке оқушымен жұмыс сипатын жоймайды. Мұғалім дайындығы əр деңгейлі, əр жастағы 10-15 баламен шұғылданады. Ол кезегімен əр оқушыдан өтілген материалды сұрастырып, əрқайсысына жаңа оқу материалын жеке түсіндіріп, дара тапсырмалар беріп отырады. Балалардың бəрі бірдей, мұғалім пайымдауынша, дəріске байланысты ғылым негізін, кəсіп не өнерге тиесілі материалды меңгергенше аталған оқу жұмыстары қайталанады. Дəрістің басталуы мен аяқталуы, оқу мерзімі əр оқушы үшін даралықты сипатымен ерекшеленеді. Осыдан оқушы мектепке оқу жылының өзі қалаған мерзімінде, күннің өзі таңдаған мезетінде келуге құқылы болды.
Даралықты-топтық оқу əрқандай өзгерістерге ұшырап, біздің заманымызға дейін сақталып келді. Ауылдық жердегі оқушы саны өте аз бастауыш мектептер мұның айғағы. Бір оқу бөлмесінде бірінші сынып бағдарламасымен оқитын 2-3 бала, бірнешесі-екінші сынып материалын игеріп жатқан оқушылар отыруы мүмкін.
Орта ғасырларда қоғамның əлеуметтік-экономикалық ілгерілі дамуына байланысты білімді тұлғалардың көптеп қажет болуынан білімдену аймағы өрістей кеңіді. Бір қатар жастағы балаларды бір топқа біріктіре оқыту мүмкіндігі туындады. Осыдан оқудың сынып-сабақтық жүйесі пайда болды. Бұл жүйе XVI ғ. Белорусия мен Украина мектептерінде қалыптасып, өзінің теориялық негіздемесін XVIІ ғ. Ян Амос Коменскийдің “Ұлы дидактика” кітабында тапты. [6]
Бұл жұйенің сыныптық белгісі-белгілі бекіген құрамды, теңдей жастағы балалар тобының (сыныбының) болуы. Сабақтық аталуы-оқу процесі қатаң белгіленген уақыт аралығында - дəрісте өткізілуінен.
Сабақ теориясына Я. А. Коменский дəуірінен кейінгі кезеңде елеулі үлес қосқан белгілі орыс педагогі К. Д. Ушинский болды.
Сынып-сабақтық жүйе барша елдерде кеңінен тарап, уақыт озуына қарамастан өзінің негізгі белгілерімен əлі күнге дейін сақталуда.
Алайда, XVIІІ ғ. соңына қарай сынып - сабақтық жүйе орнына қолданылғандай оқуды ұйымдастырудың жаңа формаларын іздестіру көбіне оқушылар санын ұлғайту жəне оқу процесін басқару проблемаларымен байланысты болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz