Істі аралық соттың қарауына беру
Кіріспе.
Негізгі бөлім. Істі аралық соттың қарауына беру.
I. Аралық соттарға жалпы сипаттама.
II. Аралық сотта талаптық істердің қаралуы мен өзгешелігі, ондағы талап арыздың ерекшелігі мен құқықтық мәселелері
III. Аралық соттардың түрлерi мен даулардың соттың шешіміне берілу тәртібі
IV. Аралық сот шешiмiнiң мiндеттiлiгi
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.

Аралық сот институты өзінің тарихи түп тамырымен «жәй құқыққа» қатысты ежелгі сот әділдігінің нысаны болып табылады, себебі адам табиғатына жақын даулы істерді әділетті шешу үшін тәуелсіз үшінші тұлғаны тарту әлемнің барлық заңнамалық жүйелерінде жарияланған табиғи құқық болып табылады. Аралық сот өндірісінің белгілері әртүрлі халықтың көптеген ежелгі жазбаларында, Рим құқығының нормаларында, «Еркін халықтың Цех құқықтарында», Канондық құқықтарда және көптеген басқа да ежелгі және орта ғасырлық құқық дерек көздерінде сипатталады. Бұл аралық сот институтының өркениетті сот жүйесінің туындауына, дамуына және көтерілуіне орасан зор әсер еткендігін білдіреді. Тарих бүкіл халықтың және мемлекеттің тағдыры аралық соттың қолында болғандығын біледі, мысалы, Гуго Гроций (1583 – 1645жж. голландиялық заңгер және халықаралық құқық негізін салушы) Фукидидаға (афиналық тарихшы, б.д.д. 460 – 400 жж.) сілтеме жасап, лакедемонян және аргосшылар шартында: "Егер одақ мемлекеттердің бірі одақтас мемлекетпен дауласатын болса, онда даулар делдал болып саналатын мемлекеттің құзырында қаралсын» деп келісілгендігін жазды. Сонымен қатар Гуго Гроций «соғысты болдырмау мақсатында даулы мәселелерді шешу үшін аралық делдарды сайлау – бұл әділдік пен бейбітшілікті жақтаушылардың өтетін қасиетті жол. Осылайша, бұрынғы ұлы корольдер мен халықтар осы жолмен жүрген» деп жазды.
Аралық соттың шешімі негізделген тәуелсіздік пен әділдік қағидаттары дауларды шешу барысында жоғары объективтілікке қол жеткізуге мүмкіндік береді, сондықтан ғасырлар бойы аралық сот мемлекеттік әділетпен қатар дауларды шешудің заңды тәсілі болып саналған. Араб елдері сот жүйесін құра отырып, басында-ақ мемлекеттік емес аралық соттың негізіне бағынған. Қытайда және Жапонияда келісушілік процедуралары бұрыннан мінез-құлықтың конфицуанды моделінің табиғи құрам бөлігі болып табылады.

1. Аленов М. А. «Гражданское процессуальное право»: учебное пособие. – Астана, 2010. -395 б.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы1995 жылғы 30 тамыз (1998 ж. 7 қазанда енгізілген өзгерістерімен).
3. http://kaz.arbitration.kz/about_treteyskiy_sud/
4. ҚР-ның "Халықаралык коммерциялық төрелік туралы" 28.12.2004 жылғы Заңы.
5. 19.10.2001 жылы № 14 "Аралық соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындату
6. З. Х. Баймолдина «Гражданское процессуальное право РК» І том, общая часть, Алматы: КазГЮА, 2001. – 416 б.
7. Г. А. Ильясова. ҚР-ның азаматтық іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлім. Оқу құралы. Қарағанды, 2007-135 б.
8. .Аралық соттар туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 тамыздағы N 883 қаулысы
9. Аралық соттар туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22 Заңы

Мазмұны
Кіріспе.
Негізгі бөлім. Істі аралық соттың қарауына беру.
I. Аралық соттарға жалпы сипаттама.
II. Аралық сотта талаптық істердің қаралуы мен өзгешелігі, ондағы талап
арыздың ерекшелігі мен құқықтық мәселелері
III. Аралық соттардың түрлерi мен даулардың соттың шешіміне берілу тәртібі
IV. Аралық сот шешiмiнiң мiндеттiлiгi
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе
Аралық сот институты өзінің тарихи түп тамырымен жәй құқыққа қатысты
ежелгі сот әділдігінің нысаны болып табылады, себебі адам табиғатына жақын
даулы істерді әділетті шешу үшін тәуелсіз үшінші тұлғаны тарту әлемнің
барлық заңнамалық жүйелерінде жарияланған табиғи құқық болып табылады.
Аралық сот өндірісінің белгілері әртүрлі халықтың көптеген ежелгі
жазбаларында, Рим құқығының нормаларында, Еркін халықтың Цех
құқықтарында, Канондық құқықтарда және көптеген басқа да ежелгі және орта
ғасырлық құқық дерек көздерінде сипатталады. Бұл аралық сот институтының
өркениетті сот жүйесінің туындауына, дамуына және көтерілуіне орасан зор
әсер еткендігін білдіреді. Тарих бүкіл халықтың және мемлекеттің тағдыры
аралық соттың қолында болғандығын біледі, мысалы, Гуго Гроций (1583 –
1645жж. голландиялық заңгер және халықаралық құқық негізін салушы)
Фукидидаға (афиналық тарихшы, б.д.д. 460 – 400 жж.) сілтеме жасап,
лакедемонян және аргосшылар шартында: "Егер одақ мемлекеттердің бірі
одақтас мемлекетпен дауласатын болса, онда даулар делдал болып саналатын
мемлекеттің құзырында қаралсын деп келісілгендігін жазды. Сонымен қатар
Гуго Гроций соғысты болдырмау мақсатында даулы мәселелерді шешу үшін
аралық делдарды сайлау – бұл әділдік пен бейбітшілікті жақтаушылардың
өтетін қасиетті жол. Осылайша, бұрынғы ұлы корольдер мен халықтар осы
жолмен жүрген деп жазды.
Аралық соттың шешімі негізделген тәуелсіздік пен әділдік қағидаттары
дауларды шешу барысында жоғары объективтілікке қол жеткізуге мүмкіндік
береді, сондықтан ғасырлар бойы аралық сот мемлекеттік әділетпен қатар
дауларды шешудің заңды тәсілі болып саналған. Араб елдері сот жүйесін құра
отырып, басында-ақ мемлекеттік емес аралық соттың негізіне бағынған.
Қытайда және Жапонияда келісушілік процедуралары бұрыннан мінез-құлықтың
конфицуанды моделінің табиғи құрам бөлігі болып табылады. Аралық сот шешімі
аясында дауларды шешуде азаматтардың құқығын ресми бекіткен Франция, өзінің
Конституциясына 1791 жылы сауда, шаруашылық және өзге экономикалық дауларды
шешудің тиімді құралы ретінде аралық сотты дамытудың жаңа кезеңін енгізді.
Уақыттың желісімен аралық сот өндірісі әдет-ғұрыптардың және іскерлік
айналыс этикасының қалыптасуына белсенді ықпал ете отырып, дами түсті,
жетілдірілді.[1]
Бүгінгі күні, XXI ғасырдың дамыған елдерінде 70-тен 90 %-ға дейін
экономикалық және халықаралық құқықтық даулар аралық сот өндірісінің
режимінде қаралады. Қазіргі уақытта аралық сот еліндегі даму азаматтық
қоғамның даму көрсеткіші ретінде қаралады және аралық сот өндірісінің заңды
қол жетімділігін бекіткен елдің инвестициялық рейтингін анықтауда
ескеріледі.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан
елдердің бірі болып табылады, бұл экономиканың феноменальды дамуымен және
әлемдік экономикалық жүйеге қарай белсенді интеграциясымен негізделеді және
сөзсіз, біздің елдің гүлденуіне маңызды үлес қосқан аралық (төрелік) сот
институтының дамуы және бизнестегі өркениетті қарым-қатынастары болып
табылады.
I. Аралық сотқа жалпы сипаттама
Қазақстан Республикасындағы аралық сот қызметінің Конституциялық негізі ҚР
Конституциясының 13-бабының 1-тармағы болып табылады: Әркiмнiң құқық
субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен
бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн
барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.[2] Бұл қағидатты ҚР АК 9-бабы
нақтылайды, ол азаматтардың құқықтарын сотпен қорғау аспектісінде аралық
(төрелік) сотты жалпы құзырлы сотқа теңейді. Аралық және төрелік соттардың
қызметін ҚР Аралық соттар туралы және Халықаралық коммерциялық төрелілік
туралы заңдар реттейді. Қазақстан Республикасы аймақтықты қоса алғанда,
төрелік мәселелеріне қатысты негізгі халықаралық конвенцияларды және
келісімдерді біріктірді және бекітті. Бүгінгі күні олар Қазақстан
Республикасының қолданыстағы құқықтық элементтері болып табылады.
Аралық сот өндірісі айқын артықшылықтардың толық кешеніне ие, оларға
келесілер жатады:
• Тәуелсіздік және объективтілік. Тәуелсіздік аралық сот өндірісінің
ережелері сотқа сенімділікті арттыратын пікірлердегі моральдық қасиеттерді
және тәуелсіздікті назарға ала отырып, дауласқан тараптарға олардың
дауларын қарайтын тұлғаларды дербес таңдауға мүмкіндік береді.
• Істі қарау жеделдігі. Дәстүрлі мемлекеттік сот өндірісі шешімдер бойынша
инстанцияларға шағымдану мүмкіндігімен сот процестерінің ұзақтығымен
сипатталады, аралық соттың шешімі соңғы шешім болып табылады және егер
шешімде өзге мерзім және тәртіп көрсетілмесе, ол сол сәтте күшіне енеді.
• Кәсіптілік және құзыреттілік. Аралық соттардың ерекшелігі кәсіптілік
деңгейі жоғары, құзыреттілігі және бейтараптығы, себебі бұл қасиеттерге
лайықты болмау нақты аралық соттың дауларды шешу құралы ретінде талап
етілмеуіне алып келуі мүмкін. Әділдіктің аралық сотқа жүктелуіне қойылатын
қатаң талаптар аралық соттың мінсіз беделін қамтамасыз ету қажеттілігімен
және даулардың объективті және әділетті шешілуіне мүдделі тұлғалардың
аралық сотқа сенімімен негізделген.
• Процестің үнемділігі. Аралық сот алымының мемлекеттік бажға мөлшерлес
және барлық инстанциялармен бір деңгейде болған кезде аралық сотта дауларды
қарау жалпы құзырлы сотпен салыстырғанда арзан болады;
• Ыңғайлылық. Аралық сот орны сот отырысын жүргізу бойынша ыңғайлы
жағдайларды қамтамасыз етуге қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруы
тиіс, себебі қолайлы жағдай тараптарға және қатысушыларға өздерін сабырлы
сезінуіне және дауларды ынтасымен қарауға мүмкіндік беруі өте маңызды.
• Прогрессивті кадрлық бақылау – аралық соттардың ауыспайтын және заңды
иммунитет белгілері жойылған, аралық соттың мәртебесі артықшылықтарды,яғни
қызметінің айналасында айғай-шу тудырмайды;
• Аралық сот шешімінің орындалуына кепілдік. Аралық соттың шешімі
міндеттілікке ие, олар аралық процесс тараптары үшін ғана емес, сонымен
қатар мемлекеттік органдар үшін де міндетті болып табылады. Олай болса,
орындау кепілдігі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
аралық соттың шешімі іс жүзінде жалпы құзырлы соттың шешімінен
ерекшеленбейді.
• Дауларды мәмілелі шешу мүмкіндігі. Аралық сот өндірісі әлемдік келісімге
және сот шешімінің ерікті орындалуына қол жеткізудің жоғары деңгейін
болжайды;
• Аралық сот қарауының құпиялығы. Аралық соттар және аралық соттың
лауазымды тұлғалары Аралық сотпен істі немесе Аралық сотқа келіп түскен
материалдарды қарау барысында оларға белгілі болған тараптардың
коммерциялық, банктік, нотариалдық және өзге де құпиялы болып табылатын
мәліметтерін жария етуге құқықсыз. [3]

ҚР АІЖК-нің 25-бабына сәйкес заң актілерінде тыйым салынбаған кезде
азаматтар мен заңды тұлғалар мүліктік дауларын аралық соттардың қарауына
бере алады. Аралық сот өзара мүліктік дауларды шешу үшін тараптардың
өздерімен олардың келісімі бойынша құрылған сот болып табылады. Аралық сот
- үшінші тұлғаның соты, делдалдың немесе делдалдардың соты, дауласушы
тараптар өз ісі бойынша шешім шығаруды ерікті түрде үшінші тұлғаға сеніп
тапсырады және алдын-ала осы шешімге бағынуға міндеттенеді. Аралық соттың
билігі жалпы заңға емес, шарттық бастауға, жеке тұлғалардың еріктеріне
негізделеді және бұлар оның ерекшелігін көрсетеді.
Аралық соттар мемлекеттік сот жүйесіне кірмейді. Дау аралық сотта шешілген
жағдайда аралық соттың шешімі мемлекеттік соттың шешімімен бірдей заңды
күшке ие болады және мәжбүрлеп орындала алады. Мемлекеттік соттар аралық
соттардың кызметіне араласпайды және керісінше аралық соттар мемлекеттік
соттардың сот төрелігін жүзеге асыруына араласпайды. Мемлекеттік соттар
аралық соттарға заңда белгіленген реттерде және шектерде көмек көрсетеді.
Әдебиетте мемлекеттік соттарға балама болып табылатын аралық соттар арқылы
құқықтарды қорғаудың мемлекеттік және аралық соттардың жеке-құқықтық
сұрақтарды шешу аясындағы бәсекелестігіне, аталған соттардың құзыретіне,
сондай-ақ олардың өзара ықпалдасуына қатысты көптеген сұрақтардың пайда
болуына әкелетіні жөнінде дұрыс атап көрсетіледі. Аралық соттардың
азаматтық істерді қарауға байланысты құзыреті заңдық тұрғыдан реттелген.
Аралық сотқа жүгіну үшін тараптар істі аралық сотқа беру туралы келісім
жасауы керек. Бұл келісім жекелеген құжат түрінде жасалады (кейде ол аралық
жазба деп аталады) немесе негізгі шарттың ішінде (төрелік ескертпе түрінде)
көзделуі мүмкін. ҚР-ның аумағында аралық соттар мемлекеттік соттарға
айрықша ведомствалық бағынысты істерден басқа жеке және заңды тұлғалардың
арасында жасалған азаматтық-құқықтық шарттардан туындайтын кез-келген істі
қарай алады, оның ішінде шетелдік элементі бар дауларды қарай алады.
Қазақстан Республикасында "аралық сот" және "төрелік" немесе "төрелік сот"
деген терминдер синоним ретінде қолданылады және бұлар терминологиялық
әртүрлілікке қарамастан сол бір сот болып табылады. М. Сулейменовтың
айтуынша, бүл соттардың арасында құзырет даудың сипатына байланысты
ажыратылады, яғни кез-келген төрелік (аралық) сот мемлекеттің ішіндегі,
сондай-ақ халықаралық дауларды шеше алады, оларға кез-келген жеке және
заңды тұлға жүгіне алады (резидент те, резидент емес те). Бұл жағдайда
даулардың сипатына қарай аралық сот туралы заң немесе халықаралық
коммерциялық төрелік туралы заң қолданылады. Құзыреттің ажыратылуы "егер
тараптардың ең болмаса бірі Қазақстан Республикасының резиденті емес болса"
[4].
Елімізде аралық соттардың және халықаралық коммерциялық төреліктердің
қызметін келесі арнайы заңдар реттейді: 2004 жылғы 23 желтоқсанда
қабылданған "Аралық соттар туралы" және "Халықаралық коммерциялық төрелік
туралы" Заңдар. ҚР АІЖК-нің бірқатар нормалары да аралық сотқа қатысты
мәселерді реттейді, 2004 жылдың 28 желтоқсанында Бұл заңға да "Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аралық соттар және төрелік
қызметінің мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" Заңмен тиісті
толықтырулар енгізілді.
2004 жылдың аяғына дейін Қазақстан Республикасында аралық соттардың
қызметін және олардың шешімдерін мәжбүрлеп орындатуды белгілейтін арнайы
заң болмаған еді. Ал бұл іс жүзінде аралық соттардың өз қызметін жүзеге
асыруына және олардың шешімдерінің мәжбүрлеп орындалуына байланысты
қиындықтарға әкелді. Аралық соттардың өзекті проблемалары мен қиындықтары
туралы мақалалар жарияланып, арнайы ғылыми конференциялар өткізілді .
Сондай-ак, ҚР Әділет министрлігінің өкілдері. ҚР Бас Прокуратурасының
өкілдері, соттар заңнамада көзделген аралық соттарға қатысты кейбір
мәселелерді түсіндіруді сұрап, ҚР Конституциялык Кеңесіне бірнеше рет
жүгінді. Осыған байланысты ҚР Конституциялық Кеңесі бірнеше қаулы
қабылдады. Бұл қаулылардың мазмұны аралық соттар сот төрелігін жүзеге
асырмайды, тараптардың дауды аралық сотқа беру туралы шарт жасауы кейіннен
бұл даудың ҚР-ның сот жүйесіне кіретін соттарда қаралу мүмкіндігін жоққа
шығармайды, сондай-ақ сол кездері күшінде болған 04.05.1993 жылғы
"Экономикалық дауларды шешуге арналған аралық сот туралы" ереженің көптеген
тармақтары қолданыстағы заңдарға қайшы келеді дегенге саяды. ҚР Жоғарғы
соты тарапынан да аралық соттардың шешімдерінің орындалуын құқықтық
реттеуге байланысты туындаған проблеманы шешуге бағытталған шаралар
қабылданды [5]. Бас Прокурордың наразылық келтіруіне байланысты 28.06.2002
жылы ҚР Жоғарғы Соты "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының "Аралық соттардың шешімдерін мәжбүрлеп
орындату туралы арыздарды қараудың сот тәжірибесі туралы" 2001 жылғы 19
қазандағы № 14 каулысына қелтірген наразылығы туралы" №15 нормативтік қаулы
қабылдап, онда аталған қаулының күші сәйкес заң актісі қабылданғанға дейін
тоқтатыла тұратынын көрсетті. Сондай-ақ, бұл акт аралық соттар мен шетелдік
төрелік соттардын шешімдерін мәжбүрлеп орындауға қатысты екі түрлі тәртіпті
бекітті. Ішкі дауларды шешетін аралық соттардың шешімдері тек заңда
көзделген жағдайларда ғана мәжбүрлеп орындалатын болды. Шетелдік
төреліктердің шешімдері ҚР АІЖК-нің 425-бабына, Қазақстан Республикасы
04.10.1995 жылы қосылған "Шетелдік арбитраждық шешімдерді тану және орындау
туралы" 10.06.1958 жылғы Нью-Йорк Конвенциясына және ҚР бекіткен өзге де
халықаралық конвенцияларға сәйкес таныла және мәжбүрлеп орындала алды.
Шетелдік төреліктердің шешімдерін орындау тәртібі жөнінде ҚР Жоғарғы
Сотының 11.06.2003 жылғы № 5 "Сот шешімі туралы" нормативтік қаулысының 30-
тармағында да көзделген . Ендігі уакытта орын алған проблемалар жаңа
заңдардың қабылдануымен шешімін тапты. ҚР Жоғарғы сотының 23,12,2005 жылғы
№ 10 "Аралық соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындату жөнінде заңдардың
қейбір нормаларын соттардың колдануы туралы" нормативтік қаулысымен
19.10.2001 жылғы № 14 және 28.06.2002 жылғы №15 қаулылардың қүші жойылды.
Тараптардың өзара дауды аралық соттың немесе халықаралық коммерциялық
төреліктің шешуіне беруге келісуі мемлекеттік сотқа бұл дау бойынша талап
қою құкығына әсер етеді. Бұл мәселені түсіндіру үшін теориялық ойлар мен
заңнамалық материалдарға шолу-талдау жасау қажет.
Іс жүргізуші-ғалымдардың арасында аралық жазбаның немесе дауды аралық
соттың шешуіне беру туралы келісімнің болуы женінде әртүрлі пікірлер
орныққан. Ғалымдардың бір тобы өз еңбектерінде осы мән-жайды талап қою
құқығының алғы шарты ретінде қарастырады. Ғалымдардың екінші тобы мұндай
пікірмен келіспейтіндіктерін білдіреді. Біздіңше, бұл мәселеде екі ұғымды
ажырату керек: дауды аралық соттың шешуіне беру туралы келісімнің болуы
және аралық сот шешімінің болуы. Енді осы екі ұғымның айырмашылығын және
салдарын анықтау үшін заңдық тұрғыдан талқылайық.
Сот тәжірибесінде егер тараптардың арасында істі аралық сотқа беру туралы
келісім болса, соттар ҚР АІЖК-нің 153-бабының 1-бөлігінің 1-тармақшасын
басшылыққа алып, талап арызды қабылдаудан бас тартып, тұлғаларға бұл
талаппен аралық сотқа жүгіну қажеттігін түсіндіреді. Ал іс сотта қозғалып
кеткеннен кейін тараптардың арасында аралық келісімнің бар екені белгілі
болса және заңнамалық актілерде өзгеше көзделмеген жағдайда, егер
жауапкерден істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін дауды сотта шешуге
қарсылық білдірілсе, сот ҚР АІЖК-нің 249-бабының 5-тармақшасына сәйкес
талапты қараусыз қалдырады. Тараптар аралық келісімді іс апелляциялық
немесе қадағалау сатыларында қаралып, бірінші сатыдағы сотқа жаңадан
қарауға жіберген кезде де жасап, дауларын аралық сотқа бере алады, өйткені
іс бірінші сатыдағы сотта қайтадан мәні бойынша жалпы тәртіппен қаралады.
ҚР АІЖК-нің 153-бабының 1-бөлігінің 1-тармақшасында көрсетілген "арыздың
азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпауы" істің
өзге сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуы тиістігіне қоса ведомствалық
бағыныстылық ережесінің сақталмауын, яғни істің сот қарауына жатпауын
білдіреді. Істі аралық соттың қарауына беру туралы тараптардың өзара
келісуі істің сотқа ведомствалық бағыныстылығының өзгертілгенін білдіреді.
Даудың аралық сот қарауына жатуы шарттық ведомствалық бағыныстылық болып
табылады. Олай болса, сот тәжірибесінде аталған жағдайға ҚР АІЖК-нің 153-
бабының 1-бөлігінің 1-тармақшасының қолданылуы дұрыс сияқты болып көрінеді.
Бірақ бұнымен келесі дәлелдерге байланысты келісуге болмайды. Талап арызды
қабылдаудан бас тарту осы талаппен сол тұлғалардың сотқа қайтадан жүгіне
алмайтынын білдіреді. Бірақ мынадай жағдайлардың салдарынан мүдделі тұлға
мемлекеттік сотқа сол талаппен жүгінуі мүмкін: дауды аралық сотқа беруге
келіскен тараптар іс аралық сотта қаралмай жатып, араларындағы аралық
келісімді бұза алады немесе аралық келісім жарамсыз болуы не ҚР-ның "Аралық
соттар туралы" Заңының 19-бабының 5-тармағына сәйкес талап арыз берілген
аралық сот құзыретті болмауына байланысты бұл дауды қарай алмауы мүмкін.
Сондықтан тараптардың арасында дауды аралық сотқа беру туралы келісімнің
бар екендігі анықталса, судья талап арызды кайтарса дұрыс болар еді.
Өйткені талап арызды қайтару ұқсас талаппен мемлекеттік сотқа қайтадан
жүгінуге кедергі келтірмейді.
Аралық сот шешімінің болуына байланысты екі мәселені анықтап айту керек.
Бірінішісі - орындалған аралық сот шешімінің болуы, екіншісі -орындаудан
бас тартылған аралық сот шешімінің болуы. Сондай-ақ, ҚР-ның Аралық соттар
туралы" Заңының 44-бабына, "Халықаралық коммерциялық төрелік туралы"
Заңының 7-тарауына, ҚР АІЖК-нің 39-1. 45-1-тарауларына сәйкес аралық
соттардың және халықаралық коммерциялық төреліктердің шешімдеріне құзыретті
мемлекеттік сотқа шағымдануға болады. Құзыретті мемлекеттік соттар бұл
шешімдердің күшін заңда көзделген негіздер бойынша жоя алады (бұл жағдайда
аралық соттың шешімі жоқ деуге болады). Сонда аралық соттың (халықаралық
коммерциялық төреліктің) шешімін орындаудан бас тартылса немесе құзыретті
мемлекеттік сот оның күшін жойса, мүдделі тұлғада сол талабымен мемлекеттік
сотқа жүгінуге мүмкіндік болады. Ал аралық соттың (халықаралық коммерциялық
төреліктің) шешімі орындалса немесе құзыретті мемлекеттік сот онын күшін
жоймаса, мүдделі тұлғада сотқа талап қою құқығы болмайды, яғни мүдделі
тұлға бұл жағдайларда сол талаппен сотқа жүгінсе, оның талап арызы
қабылдаудан бас тартылуы немесе қозғалған іс жүргізу қысқартылуы керек. Сот
тәжірибесінде осы мән-жайлар анықталса, ҚР АІЖК-нің 153-бабының 1-
тармақшасы бойынша талап арыз қабылдаудан бас тартылады немесе 247-баптың 1-
тармақшасына сәйкес іс жүргізу қысқартылады. Демек аралық сот шешімінің
болуына қатысты ҚР АІЖК-нің 153 және 247-арының қолданылуы дұрыс. Бұл
мәселе РФ АІЖК-нде ҚР-ның азаматтық іс жүргізу заңнамасына қарағанда
келесідей реттелген, 134-бабының 1-бөлігінің 3-тармақшасында судьяның талап
арызды, егер тараптар үшін міндетті болып табылатын және сол тараптар
арасында, сол нысаны туралы және сол негіздемелер бойынша қабылданған
аралық соттың шешімі болса, аралық шешімін мәжбүрлеп орындау туралы атқару
парағын беруден бас тартатын жағдайларды қоспағанда , қабылдаудан бас
тартатыны көзделеді АІЖК-нің 220-бабына сәйкес осы мән-жай сотта қарау
барысында анықталған жағдайда іс бойынша іс жүргізу қысқартылады. РФ-ның
заңында аралық сот шешімі болуына қатысты жағдай талап арызды қабылдаудан
бас тарту мен іс жүргізуді қысқарту негіздерінің ішінде бөлек арнайы
көзделіп тұр. АІЖК 53-бабының 1-бөлігінің 1-тармақшасындағы ережені, яғни
істің азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпауы жөнінде норманы
аталған жағдайға арыздануға болмайды, ол мынамен байланысты: істің аралық
сотта шешіліп аралық сот шешімін орындалуы дегенді азаматтық сот ісін
жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды деп қарастыру дұрыс емес, өйткені
бұзылған құқық іс жүзінде қорғалып қойды, аталған ереже егер құқық туралы
дау әлі шешілмеген болса ғана қолданылуы керек. Ендеше талап арызды
кабылдау мен іс жүргізуді қысқарту негіздерін жаңа негізбен толықтыру
қажет. 2004 жылы 28 желтоқсанда ҚР-ның "Аралық соттар туралы",
"Халықаралық қоммерциялық төрелік туралы" Заңдары және "Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аралық соттар және
төреліктердің қызметінің мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы"
Заңы қабылданғанда осы мәселе, яғни талап арызды қабылдаудан бас тарту мен
іс жүргізуді қысқарту негіздерінің және аралық сот шешімінің болуына
қатысты негізді арнайы енгізу қажеттілігі ескерілмеген тәрізді. ҚР АІЖК-нде
аралық немесе төрелік соттың ұксас талап бойынша шешімінің болуы фактісінің
талап арызды қабылдаудан бас тартудың, іс бойынша іс жүргізуді қысқартудың
негіздері ретінде көрсетілмегенін А.Ш. Хамзин де атап көрсетеді. Жоғарыда
аралық соттың істің мәні бойынша шығаратын шешіміне қатысты мәселеге
тоқталдық. Сондай-ақ, аралық соттың істі мәні бойынша шешпеген кезде де
шешім шығара алатын жағдайын ескеру керек. Ол ҚР-ның "Аралық соттар туралы"
Заңының 34-бабының 3-тармағында көзделген. Егер аралық сотта іс қарау
барысында тараптар дауды Қазакстан Республикасының заңнамасына қайшы
келмейтін және баска тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтын
бітімгершілік келісім жасау жолымен реттесе, аралық іс қарауды тараптардың
өтініші бойынша тоқтатады және оның тарапынан қарсылықтар болмаған кезде
бұл реттеуді аралық соттың келісілген жағдайлардағы шешімі ретінде
тіркейді. Аралық соттың бұл шешімінің даудың мәні бойынша шығарылатын
аралық соттың кез-келген шешімі сияқты күші болады. Мемлекеттік сотта
тараптардың бітімгершілік келісім жасау арқылы істі аяқтауы өзгедей нысанда
рәсімделеді, яғни сот бітімгершілік келісімді бекітіп, іс жүргізуді
қысқарту туралы ұйғарым шығарады. Бұл ұйғарым шешім тәрізді мәжбүрлеп
орындала алады. Мұндағы айырмашылық мынаған байланысты: бітімгершілік
келісім ерікті түрде орындалмаса, мәжбүрлеп орындалуы тиіс, ал заңда аралық
соттардың шешімдерінің ғана мәжбүрлеп орындалатыны бекітілген, сондықтан
тараптардың аралық сотта бітімгершілік келісім жасауы шешіммен рәсімделеді.
Аралық соттың келісілген жағдайлардағы шешімінің болуы мемлекеттік сотқа
талап қоюға кедергі болады. Мемлекеттік сотқа талаппен жүгінуге талапкердің
талаптан бас тартуына байланысты аралық сотта іс қарауды тоқтату туралы
ұйғарымның да кедергі болады. Аралық соттың бұл ұйғарымы "Аралық соттар
туралы " Заңның 42-бабымен реттеледі. Осы ұйғарымға қатысты мәселенің
құқықтық реттелуін жетілдіру қажет. Заңда аталған ұйғарымның міндетке ие
болатыны көрсетілмеген, сондықтан талапкердің талаптан бас тартуына
байланысты аралық сотта іс қарауды тоқтату туралы ұйғарымның міндетті деп
танылатынын ҚР-ның "Аралық соттар туралы" Заңда нақты бекіту керек. Аралық
соттың ұқсас іс бойынша орындалған шешімінің болуына қатысты мәселе тәрізді
аралық соттың келісілген жағдайлардағы шешімінің және талапкердің талаптан
бас тартуына байланысты аралық сотта іс қарауды тоқтату туралы ұйғарымның
болуын ҚР АІЖК-нің 153 және 247-баптарында көзделген талап арызды
қабылдаудан бас тарту мен іс жүргізуді қысқарту негіздерінің ішінде арнайы
көздеу қажет.
З.Х. Баймолдина талап арызды қабылдаудан бас тартудың және іс бойынша
жүргізуді қысқартудың негіздерін егер аралық соттың сол тараптар арасында,
ол нысана туралы және сол негіз бойынша дау жөнінде шығарылған шешімі болса
деген негізбен толықтыру, сондай-ақ талап арызды қайтару негіздерінің
ішінде аралық жазбаның немесе дауды аралық соттың шешуіне беру туралы
шарттың болуын көрсету қажеттігін ұсынып, АІЖК-нің 249-бабының 5-
тармақшасындағы "жауапкер істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін дауды
сотта шешуге қарсылық білдірсе" дегенді алып тастау керектігі жөнінде пікір
білдіреді. Бүл пікір орынды, өйткені аралық (төрелік) келісімнің болуына
карамастан, істің сотта әрі карап жалғастырылу мүмкіндігін жауапкердің
еркіне байланысты ету аталған келісімнің ешқандай міндетті күшінің жоқтығын
білдіретін сиякты.
Сонымен жоғарыда айтылғандардың негізінде қарастырып өткен мән-
жайларға байланысты мынадай теориялық қорытынды жасалды: - мемлекеттік
сотқа талап қою құқығының алғы шарты ретінде болады:
1) аралық соттың сол тараптар арасында, сол нысана туралы және сол негіз
бойынша дау жөнінде заңды күшіне енген және орындалған шешімінің
болмауы;
2) аралық соттың тараптардың дауды бітімгершілік келісімін жасау жолымен
реттеуіне байланысты шығарған келісілген жағдайлардағы шешімінің болмауы;
3) аралық соттың талапкердің талаптан бас тартуына байланысты
іс жүргізуды тоқтату туралы ұйғарымының болмауы;
Мемлекеттік сотқа талап қою құқығын іске асырудың шартына
дауды аралық соттың шешуіне беру туралы келісімнің болмауы жатады. Осы
қарастырған мән-жайлар аралық (төрелік) сотқа талаппен жүгіну құқығына да
ықпал етеді. Бірақ аралық келісімнің болуына қатысты мән-жай аралық сотқа
талап қою құқығын іске асырудың шарты ретінде емес, аталған құқықтың алғы
шарты ретінде болады, өйткені аралық келісімнің болмауы аралық сотқа талап
қою құқығының жоқтығын қөрсетеді. Ал мына мән-жайлардың аралық (төрелік)
сотқа талап қою құқығының алғы шарттары ретінде болатыны күмән тудырмайды:
1)аралық соттың сол тараптар арасында, сол нысана туралы және сол негіз
бойынша дау жөнінде заңды күшіне енгенше орындалған шешімінің
болмауы;
2)аралық соттың тараптардың дауды бітімгершілік келісімін жасау жолымен
реттеуіне байланысты шығарған келісілген жағдайлардағы шешімінің
болмауы;
3) аралық соттың талапкердің талаптан бас тартуын байланысты іс қарауды
тоқтату туралы ұйғарымының болмауы.
Сот тәжірибесінде тараптардың істі аралық соттың қарауына беру туралы шарт
жасауының негізінде талапты қараусыз қалдыруды реттейтін нормалардың дұрыс
қолданылатыны кездеседі. 2002 жылғы 28 карашада ҚР-ның Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті 'АЭС Сантри Пауэр Лимитед"
компаниясына және "Тау Пауэр БВ" компаниясына 1997 жылғы 23 шілдедегі сатып
алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы талаппен сотқа жүгінген, бұл шарт
Қазақстан Республикасы мен "АЭС Сантри Пауэр Лимитед" компаниясының
арасында жасалған. 2002 жылғы 3 желтоқсандағы ұйғарыммен талап Шығыс
Қазақстан облыстық сотының іс жүргізуіне қабылданып, 2002 жылғы 19
желтоқсанға тыңдауға тағайындалған. Іс мәні бойынша қаралғанға дейін 2002
жылғы 18 желтоқсанда жауапкерден ҚР-ның соттарының қарауына жатпауына
байланысты талапты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz