Қазақстанда XX ғасырдың ең ірі демографилық апатының сипаты



Жоспар:

КІРІСПЕ

I ТАРАУ. 1930 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДА КҮШТЕП ҰЖЫМДАСТЫРУДЫҢ ЗАРДАПТАРЫ
1.1. РЕСЕЙ ЖӘНЕ ОРТА АЗИЯ ЖЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ БОСҚЫНДАРЫНЫҢ ҚАЙҒЫЛЫ ТАҒДЫРЫ
1.2. ҚАЗАҚТАРДЫҢ ШЕТ ЕЛГЕ АУА КӨШУЛЕРІ

II ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДА XX ҒАСЫРДЫҢ ЕҢ ІРІ ДЕМОГРАФИЛЫҚ АПАТЫНЫҢ СИПАТЫ
2.1. АШТЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАППАЙ БОСҚЫНШЫЛЫҚТЫ ТОҚТАТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР
2.2. КҮШТЕП ҰЖЫМДАСТЫРУ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АПАТТЫҢ ЗАРДАПТАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Кейінгі кезде ізденімпаз зерттеушілеріміздің (Ә. Ғалиев, Т. Омарбеков, М. Қойгелдиев, Қ. Атабаев) арқасында көптеген архив деректері табылды. Сөйтіп, біздің бұрынғы таза ғылыми демографиялық талдауларымыз расқа шықты. Мысалы, 1927-ші жылғы республикалық ЦУНХУ-дің болжамы бойынша, 1932-ші жылы Қазақстандағы ауыл халқының саны 4,2 миллион ғана адам болуға тиісті еді.
Ал 1933-ші жылдың ортасында жүргізген ресми санаққа қанша қосып жазуға тырысып бақса да, өлген адамдардың санын көзбояушы шенеуніктер қанша азайтқысы келмегенмен, ауылдық жерде тірі қалған адамдардың санын 1,5 миллионнан асыра алмады.
Жоғарыда жасалған қылмыстың кесірінен есептеуші-зерттеуші сымақтарымыз құрбан болғандардың саны 1,1-1,2 миллион адам деп анықтаманы төмендетіп берді. Өкінішке орай, олар осы деректердің өзін бастапқыда жасырып келді де, кейіннен «темір сандыққа» салып тастады. Қазақстанда ашаршылықтан 2,5 миллион адам өлді деген дерек шындыққа жақындайды. Өйткені, бұл деректер зұлматтың беті ашылып, қателік зардаптарын тез арада түзету керек деген ақ ниет жеңген кезде жиналды.
1926-шы жылғы халық санағынан кейін құрбан болған адамдарының санын 1937-ші жылға дейін қалпына келтіре алмаған қазақстандық төрт ұлт туралы мынандай ресми деректер келтіруге болады. Мысалы, 1926-1937-ші жылдар аралығында қазақтар – 3,627,6 мыңнан 2,181,5 мыңға дейін: украиндер – 860,2 мыңнан 549,6 мыңға дейін, ұйғырлар – 63,4 мыңнан 33,4 мыңға дейін, өзбектер – 129,4 мыңнан 110,0 мыңға дейін кеміп кетті. Олар осы он жыл аралығында барлығы 1,816,2 мың адамын жоғалтқан екен. Бұл санақтардың он жылдық кезеңінде олар 15-17 процент өсудің орнына 40 процентке көшіп отырған. Сонда барлық жиыны демографиялық есеп бойынша 55-57 процент азайған /3/. Тіпті, осынау апатты жылдардағы халықтың өсімін қоса есептегеннің өзінде бұл төрт ұлттың кем дегенде тең жартысы келмеске кетіпті. Рас, украиндар мен өзбектердің және ұйғырлардың көпшілігі Қазақстанмен жапсарлас жатқан, не Сібірге, не Орта Азияға, не Қытайға тиісінше көшіп кетіп, аман қалып үлгерді.
Ал басқа ұлттарға келетін болсақ (орыс, неміс, татар, беларус), олар ашаршылықтан кейін қаңырап бос қалған Қазақстан жеріне күштеп қоныстандырылды. Сөйтіп, олар бұрынғы олқылықтарының орнын толтырып қана қоймай, онан сайын қаулап өсе түсіпті. Алайда, біздің қоғамтанушыларымыздың күні бүгінге дейін білмей жүрген бір нәрсесі – ол орталықтың жасанды жолмен бір мезгілде «ерікті ұжымдандыру» арқылы және екінші жағынан «жедел индустрияландыру» саясатының кесірінен Қазақстандағы байырғы халықтың мүлдем азшылыққа айналғандығы, яғни бұл бірінші бесжылдықта (1929-34) қазақты өз жерінде құрбандыққа шалу есебінен келімсектерге «социалистік бақыт» орнату әрекеті болды.
Сталин мен Голощекин бір халықтың мәдениеті мен ұлттық шаруашылығын құрту арқылы екінші халықтың өркендеуіне ашықтан ашық жол салды. Мысалы, қазақтың малын тартып алып, ауқаттыларын тәркілеп жіберді де, бүкіл Орта Азияны отырықшыландырып, тұрақты егіс алқабына айналдырды. Немесе үшінші біреулерін қалалы жерлерге шоғырландырды. Сөйтіп, жоғары индустрияны жеделдете дамытудың салдарынан ұлттардың бір-бірімен «жақындасқаны» сондай, жойылып кетуге шақ қалды. Қазақтың тәркілеумен тартып алынған малы ірі өндіріс орындарында, «аға халықтың» қолында «бесжылдықтың» балғасы солқылдата соғылуы үшін құрбандыққа шалынған болса, ал қазақтардың өзі малдан айырылған соң аштықтан қырылып қалған.
1926-1959 жылдардың арасында жүргізілген санаққа зер салсақ, ұжымдандыру, индустрияландыру науқандарын айтпағанның өзінде, кейін күшпен жер аударылғандар (депортация) мен соғыс кезінде көшіп келгендердің (эвакуация), тың игерушілердің Қазақстан жеріне жаппай ағылуы ұлт саясатын өрескел бұрмалауға әкеп соқтырды. Егер республикамыздағы ең көп екі ұлт – орыс пен қазақтың арасалмағын, салыстырар болсақ, Орталық ретінде билеп-төстеуші Мәскеудің күштеу саясатының бет-бейнесі айқындала түседі. Тек 1926-1959 жылдары ғана қазақтардың саны 58,7 проценттен 29,8 процентке қатты құлдыраса, ал орыстардың, саны 20,5 проценттен 42,7 процентке бірақ көтерілген./3/ Осы көрсеткіштің өзінен-ақ біраз шындықты айқын байқауға болады емес пе?
Сөйтіп, қазақтар жеке халық болып ұлттық белгісі жағынан, ал Қазақстан Республикасы болып құрамы жағынан бұрынғы КСРО-ның Орта Азиядағы одақтас республикаларының бірі емес, Ресейдің Федеративтік құрамындағы автономиялық республикалармен бірдей болып қалды.
Сондықтан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясы Қазақстандағы ұлттық қасіреттің себеп-салдарын түбегейлі зерттеп, оған кінәлілерді анықтау мақсатында арнайы комиссия құрды. Республикамыздағы 1931-33-ші жылдардағы зұламатқа нақты саяси баға беру үшін бұл комиссияның құрамына білікті тарихшылар мен демографтар, заңгерлер мен саясатшылар де енді. Сөйтіп, Голощекиннің құрығынан құрбан болған жазықсыз жандардың бейнесін мәңгілікке есте тұту мүкіндігі енді ғана туды.
Қорыта айтар болсақ, біздің қоғамтанушылар тікелей голощекиндік геноцид салдарынан, тағы басқа әміршіл зұламаттың зардабынан күні бүгінге дейін қазақ халқының ұлттық дамуы демографиялық детерминизм, яғни амалсыз санға тәуелділік жағдайында қалып қойғанын әлі біле алмай келе жатқан сияқты. Сол демографиялық кәріптікті жеңіп, сол ауыр дертті бір жола жазбайынша қазақты ұлт ретінде ұшпаққа шығара алмаймыз.
Диплом жұмысының мақсаты. Қазақстанда XX ғасырдың 30-шы жылдардағы күштеп ұжымдастырудың зардаптарына орны мен маңызына сипаттама беру.
Зерттеу міндеттері. Қазақстан тарихындағы ұлттық мемлекетті қалыптасуы үшін күрестің маңыздылығын ашып көрсету.
Зерттеу әдістері. Зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес салыстырмалы, талдау, ғылыми-танымдылық әдістер қолданылды. Отандық және жақын шет елдерде жарияларғар деректерден тақырып бойынша
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Омарбеков Т. 20-30-шы жылдардағы Қазақстан қасіреті: Көмекші оқу құралы. Алматы, 1997.
2. Егеменді Қазақстан, 1992 22 желтоқсан.
3. Тәтімов М. Ауылдағы демографиялық ахуал. Алматы, 1990.
4. Қозыбаев М., Абылхожин Ж., Алдажуманов К. Коллективизация в Казахстане трагедия крестьянства. Алматы, 1992.
5. Халықнама. Сан мен сана. Алматы, 1992.
6. Ақтаңдақтар ақиқаты. Алматы, 1992.
7. Назарбаев Н. Әділеттің ақ жолы. Алматы, 1991.
8. Абылхожин Ж. Традиционная структура Казахстана: социально-экономические аспекты функционирования и трансформации (1920-1930 гг). Алма-Ата, 1991.
9. Турсунбаев А. Победа колхозного строя. Алма-Ата, 1957.
10. Тулепбаев Б. Торжество ленинских идей социалистического преобразования сельского хозяйства в Средней Азии и Казахстане. М., 1971.
11. Тулепбаев Б. Социалистические аграрные преобразования в в Средней Азии и Казахстане. М., 1984.
12. Материалы по истории КазССР. Т.ІІ. 1.2. 1741-1751 гг. Алматы, 1948. С.21.
13. Қараңыз: Алаш-Орда. Сб. документов. Сост. Н.Мартыненко. Кзыл-Орда, 1929. С. 73-76.
14. Отчет Краевого Комитета VI Всеказахской партконференции. Кзыл-Орда, 1928. С. 34.
15. Социалистік Қазақстан. 1989. 7-маусым.
16. Проблемы мира и социализма. 1989. № 4. С. 75.
17. Неру Дж. Открытие Индии. Книга вторая. М., 1989. С 393.
18. Ленин В.И. Шығ. толық жинағы. 38-т., 173-176-66.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

КІРІСПЕ

I ТАРАУ. 1930 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДА КҮШТЕП ҰЖЫМДАСТЫРУДЫҢ ЗАРДАПТАРЫ
1.1. РЕСЕЙ ЖӘНЕ ОРТА АЗИЯ ЖЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ БОСҚЫНДАРЫНЫҢ ҚАЙҒЫЛЫ ТАҒДЫРЫ
1.2. ҚАЗАҚТАРДЫҢ ШЕТ ЕЛГЕ АУА КӨШУЛЕРІ

II ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДА XX ҒАСЫРДЫҢ ЕҢ ІРІ ДЕМОГРАФИЛЫҚ АПАТЫНЫҢ СИПАТЫ
2.1. АШТЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАППАЙ БОСҚЫНШЫЛЫҚТЫ ТОҚТАТУҒА
БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР
2.2. КҮШТЕП ҰЖЫМДАСТЫРУ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АПАТТЫҢ
ЗАРДАПТАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Кейінгі кезде ізденімпаз зерттеушілеріміздің (Ә.
Ғалиев, Т. Омарбеков, М. Қойгелдиев, Қ. Атабаев) арқасында көптеген архив
деректері табылды. Сөйтіп, біздің бұрынғы таза ғылыми демографиялық
талдауларымыз расқа шықты. Мысалы, 1927-ші жылғы республикалық ЦУНХУ-дің
болжамы бойынша, 1932-ші жылы Қазақстандағы ауыл халқының саны 4,2 миллион
ғана адам болуға тиісті еді.
Ал 1933-ші жылдың ортасында жүргізген ресми санаққа қанша қосып жазуға
тырысып бақса да, өлген адамдардың санын көзбояушы шенеуніктер қанша
азайтқысы келмегенмен, ауылдық жерде тірі қалған адамдардың санын 1,5
миллионнан асыра алмады.
Жоғарыда жасалған қылмыстың кесірінен есептеуші-зерттеуші сымақтарымыз
құрбан болғандардың саны 1,1-1,2 миллион адам деп анықтаманы төмендетіп
берді. Өкінішке орай, олар осы деректердің өзін бастапқыда жасырып келді
де, кейіннен темір сандыққа салып тастады. Қазақстанда ашаршылықтан 2,5
миллион адам өлді деген дерек шындыққа жақындайды. Өйткені, бұл деректер
зұлматтың беті ашылып, қателік зардаптарын тез арада түзету керек деген ақ
ниет жеңген кезде жиналды.
1926-шы жылғы халық санағынан кейін құрбан болған адамдарының санын
1937-ші жылға дейін қалпына келтіре алмаған қазақстандық төрт ұлт туралы
мынандай ресми деректер келтіруге болады. Мысалы, 1926-1937-ші жылдар
аралығында қазақтар – 3,627,6 мыңнан 2,181,5 мыңға дейін: украиндер – 860,2
мыңнан 549,6 мыңға дейін, ұйғырлар – 63,4 мыңнан 33,4 мыңға дейін, өзбектер
– 129,4 мыңнан 110,0 мыңға дейін кеміп кетті. Олар осы он жыл аралығында
барлығы 1,816,2 мың адамын жоғалтқан екен. Бұл санақтардың он жылдық
кезеңінде олар 15-17 процент өсудің орнына 40 процентке көшіп отырған.
Сонда барлық жиыны демографиялық есеп бойынша 55-57 процент азайған 3.
Тіпті, осынау апатты жылдардағы халықтың өсімін қоса есептегеннің өзінде
бұл төрт ұлттың кем дегенде тең жартысы келмеске кетіпті. Рас, украиндар
мен өзбектердің және ұйғырлардың көпшілігі Қазақстанмен жапсарлас жатқан,
не Сібірге, не Орта Азияға, не Қытайға тиісінше көшіп кетіп, аман қалып
үлгерді.
Ал басқа ұлттарға келетін болсақ (орыс, неміс, татар, беларус), олар
ашаршылықтан кейін қаңырап бос қалған Қазақстан жеріне күштеп
қоныстандырылды. Сөйтіп, олар бұрынғы олқылықтарының орнын толтырып қана
қоймай, онан сайын қаулап өсе түсіпті. Алайда, біздің қоғамтанушыларымыздың
күні бүгінге дейін білмей жүрген бір нәрсесі – ол орталықтың жасанды жолмен
бір мезгілде ерікті ұжымдандыру арқылы және екінші жағынан жедел
индустрияландыру саясатының кесірінен Қазақстандағы байырғы халықтың
мүлдем азшылыққа айналғандығы, яғни бұл бірінші бесжылдықта (1929-34)
қазақты өз жерінде құрбандыққа шалу есебінен келімсектерге социалистік
бақыт орнату әрекеті болды.
Сталин мен Голощекин бір халықтың мәдениеті мен ұлттық шаруашылығын
құрту арқылы екінші халықтың өркендеуіне ашықтан ашық жол салды. Мысалы,
қазақтың малын тартып алып, ауқаттыларын тәркілеп жіберді де, бүкіл Орта
Азияны отырықшыландырып, тұрақты егіс алқабына айналдырды. Немесе үшінші
біреулерін қалалы жерлерге шоғырландырды. Сөйтіп, жоғары индустрияны
жеделдете дамытудың салдарынан ұлттардың бір-бірімен жақындасқаны сондай,
жойылып кетуге шақ қалды. Қазақтың тәркілеумен тартып алынған малы ірі
өндіріс орындарында, аға халықтың қолында бесжылдықтың балғасы
солқылдата соғылуы үшін құрбандыққа шалынған болса, ал қазақтардың өзі
малдан айырылған соң аштықтан қырылып қалған.
1926-1959 жылдардың арасында жүргізілген санаққа зер салсақ,
ұжымдандыру, индустрияландыру науқандарын айтпағанның өзінде, кейін күшпен
жер аударылғандар (депортация) мен соғыс кезінде көшіп келгендердің
(эвакуация), тың игерушілердің Қазақстан жеріне жаппай ағылуы ұлт саясатын
өрескел бұрмалауға әкеп соқтырды. Егер республикамыздағы ең көп екі ұлт –
орыс пен қазақтың арасалмағын, салыстырар болсақ, Орталық ретінде билеп-
төстеуші Мәскеудің күштеу саясатының бет-бейнесі айқындала түседі. Тек 1926-
1959 жылдары ғана қазақтардың саны 58,7 проценттен 29,8 процентке қатты
құлдыраса, ал орыстардың, саны 20,5 проценттен 42,7 процентке бірақ
көтерілген.3 Осы көрсеткіштің өзінен-ақ біраз шындықты айқын байқауға
болады емес пе?
Сөйтіп, қазақтар жеке халық болып ұлттық белгісі жағынан, ал Қазақстан
Республикасы болып құрамы жағынан бұрынғы КСРО-ның Орта Азиядағы одақтас
республикаларының бірі емес, Ресейдің Федеративтік құрамындағы автономиялық
республикалармен бірдей болып қалды.
Сондықтан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясы
Қазақстандағы ұлттық қасіреттің себеп-салдарын түбегейлі зерттеп, оған
кінәлілерді анықтау мақсатында арнайы комиссия құрды. Республикамыздағы
1931-33-ші жылдардағы зұламатқа нақты саяси баға беру үшін бұл комиссияның
құрамына білікті тарихшылар мен демографтар, заңгерлер мен саясатшылар де
енді. Сөйтіп, Голощекиннің құрығынан құрбан болған жазықсыз жандардың
бейнесін мәңгілікке есте тұту мүкіндігі енді ғана туды.
Қорыта айтар болсақ, біздің қоғамтанушылар тікелей голощекиндік геноцид
салдарынан, тағы басқа әміршіл зұламаттың зардабынан күні бүгінге дейін
қазақ халқының ұлттық дамуы демографиялық детерминизм, яғни амалсыз санға
тәуелділік жағдайында қалып қойғанын әлі біле алмай келе жатқан сияқты. Сол
демографиялық кәріптікті жеңіп, сол ауыр дертті бір жола жазбайынша қазақты
ұлт ретінде ұшпаққа шығара алмаймыз.
Диплом жұмысының мақсаты. Қазақстанда XX ғасырдың 30-шы жылдардағы
күштеп ұжымдастырудың зардаптарына орны мен маңызына сипаттама беру.
Зерттеу міндеттері. Қазақстан тарихындағы ұлттық мемлекетті қалыптасуы
үшін күрестің маңыздылығын ашып көрсету.
Зерттеу әдістері. Зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес
салыстырмалы, талдау, ғылыми-танымдылық әдістер қолданылды. Отандық және
жақын шет елдерде жарияларғар деректерден тақырып бойынша мәліметтерді
талдау және көрсету.
Зерттеу деректері. Тарихшы мамандардың осы тақырып бойынша еңбектері,
мақалалар, арнайы басылымдар, оқу-әдістемелік және құжаттар болып табылады.
Тәжірибелік құндылығы. Диплом жұмысының нәтижелері мен ұсыныстары тарих
ғылымының дамуына, болашақтағы тарихи-саяси қызметтерді ұйымдастыруды
жетілдіруге көмектеседі.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, 2-тараудан, қорытынды,
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырып көкейкестілігі негізделіп зерттеудің мақсаты мен
міндеттері анықталып, оның теориялық және тәжірибелік маңызы көрсетілген.
1 тарауда 1930 жылдардағы Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың
зардаптары қазақ халқы үшін қиын жылдарда ашаршылықтың болуы, соның
салдарынан басқа мемлекеттерге көшуі туралы айтылған.
2 тарауда XX ғасырда Қазақстанда ең ірі демографиялық апаттың сипаты
қазақ халқы үшін ең ауыр жылдарындағы тағдыры жөнінде айтылған.
Қорытындыда зерттеу нәтижесінің негізгі тұжырымдамалары шығарылған
тиісті ұсыныстар берілген.
Пайдаланған әдебиеттер тізімінде диплом жұмысында қолданылған
әдебиеттер мен басылымдар жүйелі түрде көрсетілген.
I ТАРАУ. 1930 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДА КҮШТЕП ҰЖЫМДАСТЫРУДЫҢ ЗАРДАПТАРЫ
1.1. РЕСЕЙ ЖӘНЕ ОРТА АЗИЯ ЖЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ БОСҚЫНДАРЫНЫҢ ҚАЙҒЫЛЫ ТАҒДЫРЫ

Қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығын күйрету, ет және астық дайындау
науқандарындағы зобалаңдар, байлар қожалықтарын тәркілеу және жойып жіберу
саясаты, күштеп ұжымдастыру және зорлап отырықшыландыру, кінәсіз шаруаларды
кеңес органдарының ұлтшыл, бандит, контрреволюционер деген жалған
жалалармен жаппай қуғын-сүргінге ұшыратуы қазақ шаруаларын босқыншылыққа
ұрындырды. Тоталитарлық жүйе ұзақ жылдар бойы тарихымызда ашық айтуға тыйьм
салып келген осы жалпыхалықтық қасірет қазіргі күні арнайы зерттеулерді
күтіп жатыр. Босқыншылықтың немесе туған жерден көшіп кетушіліктің 1930-
1933 жылдар арасында аса көлемді көрініс бергені және әсіресе көшпелі,
жартылай көшпелі қазақ шаруалары өмірінде терең, қасіретті із қалдырғаны
белгілі.
Қазақстанның басшы мемлекеттік органдары, Қазақ өлкелік партия комитеті
қазақ ауылында болып жатқан осынау ауыр өзгерістерден әрқашан хабардар
болды.
1931 жылдың 1 желтоқсанында Қазақ өлкелік партия комитетіне ПП ОГПУ
мынандай мәліметтер түсірді:
1929 жылдың ішінде көшіп кетулер туралы мәлімет (шекаралық аудандарды
айтпағанда) жоқ, өйткені көшіп кету қозғалысы тек 1930 жылдың көктемінен
басталып, ауыл шаруашылығындағы капиталистік элементтерге кеңінен шабуыл
кезеңіңде бұқаралық сипат алды.
1930 жылы көшіп кету қозғалысымен 34 977 қожалық қамтылды. 1931 жылы
толық емес мәліметтер бойынша 45 000 шаруашылық көше бастады 1. Айта
кететін бір мәселе – бұл мәліметтер республикадан тыс көшіп кеткендерді
ғана емес, сондай-ақ өлкенің өз ішінде туған жерден қозғалып, босқындар
қатарына қосылғандарды жалпы түрде көрсете алады. Яғни орта есеппен алсақ,
жоғарыдағы 1931 жылғы босқындар жолына түскен қазақ шаруаларының жалпы саны
225 000 адамдай болып шығады.
Ал енді осыншама босқындардың қайда және қаншасы көшіп кеткенін дәлме-
дәл анықтау тіптен мүмкін емес. Өйткені қоныстарынан ауа көшушілердің
едәуір бөлігі белгілі бір аймақта тұрақтап қалмай, үздіксіз босып,
сенделумен болған. Дегенмен бұл мәселенің көлемін және негізгі бағыттарын
шамамен болса да айқындап беретін тарихи деректер баршылық. Қаражат халық
комиссариатының Өлкелік партия комитетіне берген 1931 жылғы 5 тамызға
дейінгі мәліметінде босқындардың қайда көшіп жатқаны нақты көрсетілген.
Мұнда 27 ауданның ғана мәліметі есептеліп, ал қалған 47 ауданнан әлі мұндай
деректер түсе қоймаған кезең бейнеленген. Бұл дерек босқыншылыққа ұшыраған
қожалықтардың сандарын ғана емес, тіптен олар айдап әкеткен мал басы
сандарын да шамамен есепке алғандықтан да тарих үшін құнды.
Сонымен қазақстандық босқындар төмендегідей жат өлкелерге және
аймақтарға босып кеткен: 1
№ Босқындар барған жерлер Босқын Олардағы мал
қожалықтары басы
1. Өзбекстанға 3436 187909
2. Түрікменстанға 7371 319725
3. Тәжікстанға 1767 88350
4. Қырғыз республ. 1031 33595
5. Қ. А. 0. 2355 112621
6. Т-Волга өлкесіне 2562 13797
7. Сібір өлкесіне 2100 27348
8. Украинаға 901 6652
9. РСФСР-дің қалған бөліктеріне 13511 100801
10. Қытайға 563 2276
35597 893074

Кестеден аңғарылатын нәрсе, қазақ босқындары негізінен Ресей және Орта
Азия республикаларына қоныс аудара бастаған.
1932 жылы алапат ашаршылық Қазақстанда кеңінен таралғанда жағдай тіптен
ауырлап, жоғарыда кестеде көрсетілген өлкелерге қазақтардың жаппай босулары
орын алды. Исаев пен Орымбаевтың 1932 жылғы 11 мамырда Мәскеудегі Халық
Комиссарлары Кеңесіне жолдаған мазмұндама хаты беретін аталған жылдың 1
ақпанына дейінгі мәлімет бойынша, қоныстан ауу мен қоныс аудару есебінен
кеміген қожалықтардың саны 300 мыңнан асып кеткен. Бұл орта есеппен
алғанда 1 млн. 500 мың адам.
Босқыншылық 1933 жылдың шілдесіне дейін толастамай қойды. Осы жылдың
мәліметтеріне назар аударсақ, бұған көзіміз айқын жетеді. Қазақстан
үкіметінің 1933 жылы Мәскеуге берген осы мәселеге байланысты ресми есебінде
мынадай жолдар бар: 1931-1933 жылдарғы салық, есептері мәліметіне
қарағанда, Қазақстан бойынша қожалықтардың жалпы саны 490 мыңға, ал село
халқының саны 2,6 млн адамға кеміді. Оның үстіне Қазақстанда қалған
қазақтар қожалықтарының аса үлкен бөлігі өздерінің бұрынғы мекендерінен ауа
көшті... .
Қазақстан Халық шаруашылығы есебі мекемесінің өзінің Мәскеудегі
басшылығына және Қазақстанның басшысы Л. И. Мирзоянға берген ресми
мәліметтеріне сүйеніп Қазақстаңдағы ауыл халқының жылдан жылға қанша адамға
азайғанын анықтасақ, ол төмендегідей болып шығады (мәлімет әр жылғы 1
маусымда алынған): 1
Жылдар аралығы Кеміген аламдар саны (мың
адам)
1930-1931 759,0
1931-1932 1887,0
1932-1933 733,5
1930-1933 3 379,5

Кестеден көріп отырмыз, үш жылдың ішіндегі адамдар санының жалпы кемуі
Қазақстанның ауылдық жерінде 3 млн 379,5 адам.
Т. Рысқұловтың И. Сталинге 1933 жылы 9 наурызда жазған хатында босқын
қазақтар көшіп барған аудандардан алынған мәліметтер бар. Бұдан
аңғаратынымыз, көрсетілген уақытта Орта Еділде босқын қазақтар – 40 мың,
Қырғызстанда – 100 мың, Батыс Сібірде – 50 мың, Қарақалпақстанда – 20 мың,
Орта Азияда – 30 мың адамға жеткен.2 Сондай-ақ Т. Рысқұлов босқындардың
Қалмақ, Тәжікстан, Солтүстік өлке өңірінен де кездесетінін, Батыс Қытайға
ауа көшкендерін атап көрсетеді.
Көріп отырмыз, республикадан тыс жерлерге босып кетушілер аз емес. 1931
жылдың күзінен бастап Қазақстандағы Голощекин тәртібінен Батыс Сібір
өлкесіне қашып кетушілер байқалған болса, ал 1932 жылдың алғашқы айларында
аш-жалаңаш босқын қазақтардан Батыс Сібір Өлкелік партия комитетінің
хатшысы М. Зайцевтің айтуына қарағанда, босқындар негізінен колхозшылар
болды да, тек олардың шамалы ғана бөлігі бай-кулактар элементіне жатты.
Қазақ даласынан келген босқындардың қаншалықты көлем алғанын Батыс Сібірдің
Қазақстанмен шектесетін көрші Славгород ауданындағы қазақтардың 10000
адамға көбейгеніне, ал олардың 6000-ы Славгород қаласының өзінде ғана
орналасқанынан да байқауға болатын еді. Батыс Сібірдің басқа аудандарындағы
қазақтар да босқындар есебінен шұғыл өсті. Мысалы., Баевск ауданыңда 1300
босқын қазақ есепке алынды.
Алқымнан алған аштық Сібірдегі босқын қазақтарды қылмысқа итермеледі.
1932 жылдың тек 15-20 қаңтарында ғана осында 9 рет жылқы ұрлау фактілері,
сондай-ақ ұрлық пен тонаудың кеңінен таралуы орын алды. Аштық адам кейпінен
айыра бастаған, есі ауып, ісініп кеткен қазақтар көшелердегілерден де,
пәтер тұрғындарынан да нанды ашықтан-ашық тартып алып, аштық аранына араша
іздеді. Жоғарыда аталған Батыс Сібір хатшысы М. Зайцевтің Қазақ өлкелік
партия комитетіне жолдаған хатында жазғанындай, 5-8 адамнан тұратын топқа
біріккен қазақтар пәтерлерге кіріп, олардан нан беруді талап етті.
Славгород қаласының асханалары жүдеп-ашыққан қазақтарға аузы-мұрнынан шыға
толып кеткен. Олар столдардан шашылып түскен нанның қоқымдарын теріп жеп,
тамақтанғандардан қалған тәрелкелерді жалап-жұқтап, кейде тіптен олардың
стол үстіндегі тамақтарын да тартып алып, қолдарына түскен тамақ
қалдықтарын дым қалдырмай қылғытумен болды.
Қаладағы аудандық мекемелердің алдына күн сайын дерлік топтасып келетін
босқындар осында балаларын қалдырып, өздері тайып тұратын еді. Күңде осылай
ата-анадан айрылып көшеде қамқорсыз қалған 4-5 баланы кездестіретін
жергілікті өкімет орындарының органдары оларды орналастыратын жер таппай,
әбігер болды. Жағдайды қиындата түскен балалар үйлері мен ауруханалардың
осындайларға толып кетуі де еді.
Батыс Сібір өлкесінің кейбір аудандарының өздері де азық-түлік
қиыншылықтарына кездескендіктен аштық қуалап босып келген қазақтарға
қажетті көмек көрсетуге жергілікті жерлердегі мүмкіндіктер де шамалы еді.
Сондықтан Батыс Сібір өлкелік партия комитеті Қазақ өлкелік партия
комитетінен қазақтардың қашып келуін тоқтатуды, оған қажетті шараларды
жедел қолдануды, босқындарға қажетті көмек көрсетуді қайта-қайта өтініп
сұрады.
Архив мәліметтерінен көрінетініндей, егер 1932 жылға дейін қазақ
босқындары Сібірдің Қазақстанмен шектескен аудандарына ғана орналасқан
болса, ал 1932 жылдың алғашқы айларында олардың Сібір жеріне тереңдеп
кеткенін, шалғай жатқан Новосибирск жері тәрізді аудандарда да қоныстана
бастағанын аңғарамыз. Осыған қатты алаңдаған Батыс Сібір өлкелік партия
комитетінің хатшысы Эйхе Қазақ Өлкелік партия комитетінің босқындарды
Қазақстанға қайтарып алуға неге асықпайтынын түсіне алмай Голощекинге хат
жазды.
Ал Голощекин болса Сібір басшыларынан бай-кулактарды ұстап беруді талап
етумен болды. Батыс Сібір басшылары бай-кулактарды босқындар араларынан
іріктеп алуды тек Қазақстанның өзінде ғана жүзеге асырған жөн деп санады.
Біз қайтатындарды қабылдау пункттеріне жібереміз, сол жерлерде, яғни
Қазақстанның өзінің аумағында босқындар арасынан байларыңды, кулактарыңды
іріктеп алындар да, өздеріңнің спецпоселоктарыңа (арнайы қоныстар)
жөнелтіңдер және оларды орталық ұйымдардың арнайы нұсқауларына сәйкес
қалауларыңша әр түрлі жұмыстарға пайдаланыңдар, - десті сібірліктер.4
Республика аумағындағы және Солтүстіктегі көршілеріне ауа көшкен босқын
қазақтардың аянышты халін Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданының
Луганский поселкасынан Сталиннің секретариатына 1932 жылы 27 шілдеде
жолданған домалақ хат шынайы да әділ суреттеп берді. Осы ауданда
ұжымдастыруды жүзеге асыру барысында жол берілген әр түрлі асыра
сілтеулерді тәптіштеп суреттеген хат иесі Орталық Комитетке Қазақстанның
жергілікті халқы қазақтарға істеліп жатқан зорлық-зомбылықтар туралы арнайы
әңгімеледі.
Сталиннің секретариатына жолданған бұл хатты едәуір сауаты бар
қарапайым еңбек адамы жазған деп жорамал жасауға болады. Өйткені мәселе
қарапайым шаруа тілімен баяңдалған. Онда мынадай мәселелер айтылады:
Сібірге қашқан қазақтарды Голощекин жіберген уәкілдер жергілікті ОГПУ
органдарының көмегімен іздеп тауып, қорқыту, күштеу және зорлық-зомбылық
көрсету жолымен Қазақстанға алып қайтқан. Сауын сиыр береміз, нанға
тойғызамыз, - дегенге сеніп келген халық туған өлкеде тағы да аштыққа
ұрынды. Кеудесінде шыбын жаны барлар Солтүстікке қайта қашты. Осылайша
біресе Қазақстанға, біресе солтүстіктегі көршілерге қайта оралып, ерсілі-
қарсылы жосылып, екі ортаны жол қылып, аштықтан әбден қалжыраған, екі ел
арасына жұқпалы ауруларды да таратқан, сөйтіп өздері орта жолда көмусіз
қалған, іздер-сұрары жоқ өлекселер қатарын толықтырып, голощекиншілдіктің
құрбандығына айналған, соры қайнаған қазақтар туралы жоғарыдағы хат арқылы
Сталиннің секретариаты тағы да хабардар болды.
Қазақтардың осы бір аянышты да мүсәпір кейпін әңгімелеген хаттың
белгісіз иесі Шыңғырлау ауданындағы осы бір аштық зобалаңын Азамат соғысы
жылдарымен салыстыра келіп, тіптен аудан аумағына ақтардың әскерлері келген
кезде де мұндай сұмдықтар болған жоқ еді, халық қайта солармен жақсы тұрған
еді, ал енді ғой ерікті Советтер Одағындағы халіміз адам айтқысыз ауыр
болды деп күйзелді.
Хатты алған соң Кремльдегілер Қазақстаннан жедел жауап сұрады. БК (б)П
Орталық Комитеті алғаш 30 қарашаға дейін хатта көрсетілген фактілерді
анықтап беруді сұраса, келесі жолы (11.XII. 1932 ж.), 27 желтоқсанға дейін
Қазақ өлкелік партия комитетінің шұғыл жауап қайтаруын талап етті.
Өз кезегінде Қазақ өлкелік партия комитеті де Батыс Қазақстан облыстық
партия комитетінен хатта жазылғандарды тексеруді талап етіп қайта-қайта хат
жолдады. Бірақ обком қызметкерлері арызды тексеруге немқұрайлы қарады. Осы
салақтықтың басында отырған осы обкомның бұқаралық үгіт секторы меңгерушісі
Александров Таран 1933 жылы 6 қаңтарда ақыры сөгіс алды. Дегенмен бәрібір
бұдан жағдай өзгере қойған жоқ.6 Тек бір айдай уақыттан кейін ғана,
дәлірек айтқанда, 5 ақпанда Шыңғырлау аудандық партия комитетінің бюро
мәжілісі М. Коломийцев тексерген осы арыздың қорытындысын шығарып, онда
көрсетілген өрескелдіктердің шындығында да орын алғанын мойындады. Бірақ
архивте сақталған осы мәселеге байланысты жоғары орынға - Кремльге
жіберілген тексеру қорытындысында босқын қазақтардың қасіретті ауыр жағдайы
туралы мәселе назардан тыс қалды. Арызды тексеруші М. Коломийцев өзінің
қорытындысында тіптен қазақ деген сөзді аузына да алмаған.
Босқын қазақтардың аса қайғылы жағдайы Қазақстанда туып-өскен кез
келген қазақстандықты толғандырарлықтай, оған ауыр ой саларлықтай еді.
Осының нақты мысалы, өзі қарағандылық, ал ашаршылық жылдарында Иркутскідегі
Главзолотоның тау-кен институтында студент болған Н.А.Кузиннің Қазақ
өлкелік партия комитетіне 1933 жылы 27 қазанда ашына хат жазуы дер едік. Ол
өзінің 1931 жылы Сібірге оқуға кеткенін, оған дейін Қазақстанда қайғылы
өзгерістер бола қоймағанын айта келіп, Л.И. Мирзоянға былай деп жазды:
1932 ж. орыс тілін мүлде білмегендеріне қарамастан тәуекелге бел буған
және үздіксіз лектермен Шығыс Сібір арқылы, сондай-ақ, онан ары Қиыр
Шығысқа шұбырған қазақтардың көптігі мені таңдандырды. Ал Сіз көшпелі қазақ
үшін ауылдан белгісіз қиырға аттану дегеннің не екенін менен кем
білмейсіз.
Қазақстандық Кузиннің хатындағы ащы шындықты аңғартатын бұл жолдардың
Голощекиннің: Ешқашан ауылынан шықпаған, өзінің көшу жолынан басқа
жолдарды білмейтін қазақ, енді Қазақстанның ішіндегі ауданнан ауданға жеңіл
жылжуда, орыс, украин колхоздарына кіруде, Еділ бойындағы және Сібірдегі
жұмыстарға, шаруашылықтық құрылыстарға баруда, - деген тұтас бір халықтың
туған жерден безе көшкен мүшкіл халіне жан ашырлық білдірудің орнына, оны
қорлайтын, қайғылы халдегі қазақты мазақ ететін үстірт сипаттамасымен
үндесе қоймайтыны бірден назар аудартады.
Архив қорында сақталған ресми құжаттардың бірінде Батыс Сібірдің 33
ауданында 1932 жылдың 5 мамырында 46 632 қазақ босқындары есепке алынған.
Олардың осы уақытқа дейін 29166-сы Шығыс Қазақстан облысына көшіріліп
әкелінсе, ал 14500-дейі сонда қалып қойған. 1
Батыс Сібір жерінде аш қазақтардың көрінген бұтаның түбінде өліп
жатқанын Хабаровск ауданынан 1932 жылдың 18 наурызында жазылған мәлімдеме
хаттан да байқауға болады. Оңда соңғы кездері аудан территориясынан өліп
қалған қырғыздардың өлімтіктері кездесе бастағаны айтылады. Қаңтарда 4
қазақтың өлігі табылса, ақпанда 6, ал наурызда - 33 қазақтың өлігі
кездескен. Соңғыларының 30-ы бір жерден, аудандағы ет совхозынан 3
километрдей қашықтықтан табылған. Аш қазақтар ет совхозы бар дегенге осылай
қарай бет алса керек. Аш қазақтардың үй жағалап нан сұрағанды былай
қойғанда, көрінген жылқыны бас салып, рұқсатсыз табан астыңда сойып
алатыны, етті пышақ үстінде үлестіретіндіктен қылмыскерлерді табу өте қиын
екені, тапқанның өзінде де түгі жоқ аш-жалаңаштарға не айып салуға, не
оларды қамауға (беретін тамақ жоқ болғандықтан) мүмкіндіктер жоқтығы осы
құжатта атап көрсетілген.
Ақтөбе облысының аумағынан бастап, Батыс Қазақстан шекарасына дейінгі
аймақты мекендейтін қазақтар 1929 жылдан бастап Орта Волга өлкесіне көшіп
баруды жиілете түсті. Тек үш жылдың ішіңде ғана мұнда келген босқын
қазақтар саны 50 мың адамнан асып түсті. Мұнда да қазақтардың қайыршылануы
өте аянышты күйге жетіп, көпшілік орындары олардан аяқ алып жүргісіз болған
соң, Орта Волга өлкелік партия комитеті бұл жағдайды бірнеше рет талқылап,
әр түрлі шешімдер қабылдады. Қазақтар мұнда негізінен Самара төңірегіне
шоғырланды. Оның ішінде Большеглущинский ауданыңца қазақтардың 2000 отбасы,
Соль-Илецкіде – 1000, Буртинскийде – 2000, Илекскийде – 800, Оренбургскийде
– 600, Орынбор қаласына – 1000, Каширинскийде – 400, Петровскийде – 300
отбасылары Батыс Қазақстан жерлерінен босып келді. Аштық жайлаған туған
жерге қайта оралғылары келмеген босқын қазақтар өздерінің қайдан көшіп
келгендерін жасыруға тырысып бақты. 1 Мысалы, жоғарыда аталған
Большеглущинский ауданының құжаттарының біріңде осы ауданның Фрунзе
атындағы және Имилеевский совхоздарыңда Бұқар өлкесінен қоныстанған 2 мың
қазақ отбасы жұмыс істейтіні айтылған. Шыңдығында бұлар бұрынғы Орал
ауданынан келген қазақтарға ұқсайтын.
1932 жылдың 8 наурызында Орта Волга өлкелік партия комитеті көшіп келіп
жатқан қазақтар проблемасын шешуді өтініп Мәскеудегі партияның Орталық
Комитеті мен Голощекин басқарған Қазақ өлкелік партия комитеті алдына
мәселе қойды. Қазақ өлкелік партия комитеті Ақтөбе жері арқылы өзінің
уәкілі Сейтқали Меңдешевті Орта Волга өлкесіне аттандырды. Ол өзінің көзі
көрген жайларды нақты түрде баяндап, Голощекиннің өзіне және Исаевқа жабық
мәлімдеме жіберді.4
С. Меңдешев Самарада қазақтарды елге қайтару мәселесін талдап,
ойластырып жатқанда онда Қазақстаннан Ақбұлақ, Адамовск, Жетіқара
аудандарының өкілдері де келді. Оларды ертіп алған ол, Орынборға барды.
Өйткені босқын қазақтардың негізгі бұқарасы бұрынғы Орынбор округін
паналаған еді. Уәкілдер келе сала қазақтардың жағдайымен жіті танысты.
Осында Орынбордың өзінде және оның төңірегіндегі біраз елді мекендерде
қазақ босқындарының 1000-ға тарта отбасы шоғырланып қалғаны анықталды.
Олардың біразы осында кірпіш зауытында, ағаш өңдеу кәсіпорнында, құрылыс
кеңсесінде жұмыс істесе, едәуір бөлігі ешқандай жұмыс таппай, аштыққа бой
алдырып, денелері ісініп көшеде, кез келген жерде жан тапсырып жатты.
Қазақстандық уәкілдер тек осыңда ғана не бары екі айда – ақпан, наурыз
айларында шамамен 100 адамдай қазақ босқындары өлгенін анықтады. Ауру
қазақтарды орналастыратын жер – аурухана табылмағандықтан бұрынғы
Покровский шіркеуі ауруханаға айналдырылып, онда қазақтарды жатқызды.
Әсіресе туыстарынан айрылып көшеде қаңғырып қалған қазақ балаларының
күнкөрісі өте қиын болды. Орынбордың өзінде ғана балалар үйінде осындай 100
баланы орналастыруға тура келді.
Қазақстандық жас сәбилерге арнап 25 адамаық балалар бақшасы да ашылды.
Аштан өліп бара жатқандарды өлім аузынан алып қалу үшін 400 адамды қамтитын
жеңіл де, арзан тамақпен қамтамасыз ету орны ұйымдастырылды. Бірақ бұл
көмектердің бәрі уақытша ұйымдастырылған, яғни қол қусырып қарап отырып,
халықты қырып алмайық деген оймен жасалған жоқтан бар шаралар болатын.
Өйткені босқын қазақтарды Орынбор және Орта Волга аймағында тұрақты
тұрғынға айналдырып, қоныстандыруға қажетті мүмкіншіліктер жоқтың қасы
еді.6 Баспана проблемасын былай қойғанда, мұнда қазақтарды жұмысқа
орналастыру мүмкін болмады. Сондықтан Қазақстаннан барған уәкілдер сол
жағдайда бірден-бір дұрыс та, ақылға сыйымды шешімге келді: қазақтарды
шілде түспей тұрғанда туған жерлеріне қайтару керек, өйтпеген күңде олар
қырылып қалады, ал аман қалғандарының өздері де материалдық және рухани
жағынан әбден жүнжіп, көше қаңғыбастары мен қайыршылары қатарын көптеп
толықтырады.
Орта Волгаға босып келген қазақтардың ауыр халін Орта Волга өлкелік
партия комитеті де Мәскеудегі әр түрлі шаруашылық ұйымдары алдына әлденеше
рет мәселе етіп қойды. Бірақ Сталиннің әкімшілік аппаратының ғана айдауымен
жүріп үйренген олар безбүйректене міз бақпады. Аш қазақтардың аянышты
жағдайлары туралы төтенше хабарлар оларды селт еткізе қойған жоқ. Сондықтан
Орта Волга өлкелік партия комитеті 1932 жылы 8 наурызда өзінің бюро
мәжілісіңде олардың үстінен шағым айтып, Кремльге, Орталық Комитетке хабар
түсіру турайы шешімге келді. Мұнда сонымен қатар көшіп келген қазақтарға
көмекке 1,5 мың тонна шай және қант босатуды міндеттеп, Жабдықтау халық
комиссариатына нұсқау беру туралы Орталық Комитетке өтініш жасалды.
Волга бойындағы босқын қазақтардың ауыр халін Қазақстан өкіметінің
басшысы Ораз Исаевтың өз көзімен көргенін дәлелдейтін жеделхат та архив
қорында сақталған.
Тегінде, ол бұл жеделхатты Мәскеуге бара жатқан сапарыңда салған
тәрізді. Өйткені жеделхат Самарадан Голощекинге 1932 жылдың 27 маусымында
жолданған. Сонда стансаларда нан сұраушы қазақтардың өте үлкен тобын
кездестіргенін айта келіп ол, көмекке босатылған орасан көп азық-түліктің
қайда кеткенін түсіне алмай дал болады. Сондай-ақ нан және азық-түлік
көмегі туралы мәселені хатшылар қатысатын бюро мәжілісінде талқылауды
ұсынады.7
1933 жылы Волга бойынан Қазақстанға қайтарылған босқындардың жағдайы да
бірден жақсарып кете қоймады. Батыс Қазақстан облысына қайтып келгендердің
Талов ауданынан 651, Лбещин ауданынан – 932, Тепловскіден – 215, Оралдан –
104, Шыңғырлаудан – 191, Тайпақтан – 151, Гурьев округінен – 200 отбасы
аштыққа шыдай алмай қайта көшіп кетті.1
1930 жылдың көктемінен бастап Қазақстанның батыс және оңтүстік
аудаңдарынан қазақтардың көршілес Орта Азия республикаларына ауа көшулері
үдей түсті. Қарақалпақ автономиялы республикасы Халық Комиссарлары
Кеңесінің РКФСР үкіметіне 1931 жылы берген мәлімдемесінде Қарақалпақ
жеріндегі қазақ босқындары 12830 адамнан тұратын 3060 қожалық деп
көрсетілген. Бұл көрсеткіштер 1931 жылдың мәліметінен едәуір көп бола тұрса
да босқын қазақтардың санының азайтылып отырғанын Сейтқали Меңдешевтің
оларды Қазақстанға қайтару үшін Қарақалпақ жеріне барғанда берген
мәліметтерінен де айқын байқауға болады. Меңдешев бастаған уәкілдер Қоңырат
ауданынан Қазақстанға 2644 адамы бар 772 қазақ шаруалары қожалығын
қайтарды. Ал Қарақалпақ үкіметінің мәліметі бойынша, мұңда бұл сандардан
әлдеқайда аз – 1129 адамы бар 327 қожалық ғана болуы тиіс еді. Егер
Қарақалпақ үкіметі Шымбай ауданында ешқандай да қазақ босқындары жоқ деп
ақпарат берген болса, ал қазақстандық уәкілдер мұнан да 1044 адамы бар 324
қожалықты іздеп тауып, оларды елге қайтуға үгіттеп көндірді. Қарақалпақ
жеріндегі қазақ босқындарының санын дәл анықтап алуға Қарақалпақстанның
табиғи орналасу жағдайы да едәуір қиыншылық туғызды. Өйткені бұл өлкенің
өзі көрші орналасқан екі бірдей одақтас республика жеріне алып баратын
арнайы көпір іспетті де еді. Қазақтардың кейбір тобы Қарақалпақстанда
тұрақтамай соларға өтіп кетіп те жатты. 1929-1930 жылдардан бастап
Қарақалпақ жеріне көрші орналасқан Қазақстанның Қазалы, Арал, Шалқар,
Темір, Табын, Ақтөбе және т. б. аудаңдарынан қалың жұрт осынау көрші өлкеге
ойыса ауды.7
Алғаш ет дайында деп әкіреңдеген шолақ белсендінің қайырымсыз талабы
жекелеген рулас ауқатты аталарды топ-тобымен едәуір көп малды айдап ала
кетуге еріксіз итермелесе, кейіннен мал-жанды күштеп қауымдастыру
әрекетіндегі шектен шыққан оспадар қылықтар халықтың ашық қарсылығын
туғызып, ал бұл көтерілістерге қарсы Кеңес өкіметі арнайы әскер бөлімдерін
алдырғанда онсыз да наразы халықтың жаппай Қарақалпақ және Түрікмен жеріне
ауа көшуі күшейе түсті.
1933 жылдың басына қарай базарларда өнімдердің және тауарлардың
үздіксіз қымбаттауы жағдайында Қазақстандағы босқын қазақтардың тұрмысы
біртіндеп ауырлай түсті. Олардың көпшілігі малдан мүлде айрылды, ашыға
бастады.
1933 жылдың көктеміне дейін жоғары органдарға бас шұлғып уәде берген
қарақалпақ жерінің жергілікті өкімет мекемелері шын мәнінде босқын
қазақтарға ешқандай елеулі көмек көрсете қоймады. Қарақалпақ облыстық
партия комитетінің нұсқауында және Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулысында
босқын қазақтарды жергілікті жерлерде есепке алу және оларды орналастыру
туралы арнайы айтылғанына қарамастан, жергілікті жердегілер мұны орындауға
немкетті қарап мән бермеді.
Қазақстаннан барған уәкілдер отандарына қайтуға жарамайтын тым әлсіз
босқындарды Өлкелік партия комитеті нұсқауына сәйкес, Қарақалпақ обкомымен
ақылдаса келе Қарақалпақстанда орналастыру жағын ойластыра бастады. Бірақ
жергілікті ұйымдар Қазақстандық уәкілдерден босқындарды түгелдей алып
кетуді талап етті. Босқындарды Қазақстанға қайтару жұмысының жандануына
босқындардың өздерінің де туған жерге қайтуды аңсай түсуі ғана емес,
сонымен бірге Голощекиннің орнына Мирзоянның хатшы болуы туралы хабар да
әсерін тигізді.12
Қазақ босқындары елге екі түрлі жолмен – құрылық арқылы Қоңырат және
Тақтакөпір жерімен және су жолымен – Арал теңізімен қайтты.
Алғашқы жолмен 1933 жылдың желтоқсанына дейін 257 шаруа қожалығы 258
жылқы мен түйені, 320 қой мен ешкіні, 422 есекті айдай жүрді. Ал Арал
теңізімен 8000 адамнан тұратын 2500 қожалық қайтып оралды.
Сейтқали Меңдешев бастаған қазақстандық уәкілдер қарақалпақ жерінде
қанша қазақтардың қалып бара жатқанын, оңда арнайы есеп жүргізілмегендіктен
дәлме-дәл айтып бере алмады. Бірақ олардың шамалауынша онда қалғандардың
саны Қазақстанға қайтып оралғандардың санындай болып табылады. Бұл дегенің
– 10000 адамнан тұратын 2500-дей отбасы, оның ішінде Шымбай, Қоңырат және
Ходжелі балалар үйіңдегі 600-ге тарта жетім бала да бар еді.
1932 жылдың 19 ақпаныңда Өлкелік партия комитетінің бюро мәжілісі
Голощекиннің төрағалық етуімен босқыңдар туралы мәселені арнайы қарады.
Онда Қазақстанның аудандарындағы партия ұйымдарының және кеңес аппаратының
кейбір ұлтшыл элементтері тарапынан көшіп кету ынталандырылып отыр, – деп
атап көрсетілді. Әсіресе Ташкенттегі топтасқан ұлтшылдар мен жікшілдердің
ұйымдастырушылық рөліне баса назар аударылды. Бюро мәжілісі босқындар
арасынан байларды және ауа көшуді бастаушыларды ұстап алуға көмектесуді БК
(б) П Орталық Комитетінің Орта Азия бюросынан және Қырғыз облыстық партия
комитетінен өтініп сұрады. Сонымен бірге осы қаулыда: Қазақстанның кеңес
мекемелерін және оқу орындарын қазақтардың ұлтшыл және топшыл
элементтерінен тазарту қажеттігі, – атап көрсетілді.1
БК (б) П Орталық Комитетінің Орта Азия бюросымен келісім жүргізу және
көзделген шараларды жүзеге асыру үшін Өлкелік партия комитетінің хатшысы
Кахиани Орта Азияға жүріп кетті.
Кахиани Орта Азиядағы қазақ босқыңдарының ауыр жағдайымен жан-жақты
танысқан соң, бұл туралы БК (б) П Орталық Комитетінің Орта Азия бюросында
арнайы мәлімдеді. 1932 жылдың 7 наурызында болып өткен бұл мәжіліс
орташалар мен кедейлерді ерікті түрде қайтаруға көмектесуді ұсына келіп, 15-
20 коммунист-қазақтарды босқындар араларында жұмыс жүргізуге бөлуді қажет
деп тапты. Сонымен бірге босқындар арасынан ұйымдастырушы-байларды ұстап
алу мәселесі де назардан тыс қала қоймады. Бірақ бір қызығы бұл қаулыда
Голощекин аузынан бір тастамайтын ұлтшылдар туралы бір ауыз да сөз
айтылмаған. Яғни Голощекиннің Орта Азия мен Ташкентте қазақ ұлтшылдарын
көптеп ұстап аламын деген дәмесі ескерусіз қалды. Сондай-ақ осы мәжіліс
босқындарды Қазақстанға қайтару жұмыстарына арнап 10000 пұт астық босату
қажет деген бірден-бір дұрыс шешімге келді. Қазақ Өлкелік партия
комитетінің алапат аштық жайлаған 1932 жылдың 9 сәуірінде шақырылған
секретариат мәжілісіңде Қырғызстанға босқындардың аууы мемлекеттік
тапсырманы орындаудан жасырынып қалу нысаны, кулактар мен байлардың
үгітінің және Қазақстанның ішіндегі және одан тыс ұлтшылдардың қызметінің
салдары деп бағаланып, ал әкімшілік, зорлық-зомбылық пен асыра сілтеулер
екінші қатардағы себептерге жатқызылып, Қырғыз облыстық партия комитетіне
ОГПУ органдары арқылы босқындар арасындағы байларды дүние-мүліктерімен
ұстап беру туралы өтініш жасалды. Сондай-ақ Голощекиннің өзі қол қойған бұл
қаулы Қырғызстан партия ұйымын Қазақстанмен шекаралас аудандарда алда
байлар мен ұлтшылдарға қарсы батыл күрес жүргізуге шақырды.4
Көрші Қырғызстан жеріне қазақ босқындарының тоқтаусыз ағылуы Қырғыз
облыстық партия комитеті бюросын осы мәселені 1932 жылы 31 желтоқсанда
арнайы қарауға мәжбүр етті. Мұнда қабылданған Қазақ азаматтарының Киргизия
жеріне жаппай ағылуы туралы қаулыда Жолдас Садаевқа оның Мәскеуге барған
сапарында БК (б) П-ның ОБК-ын қазақ халқының Қыр. АКСР-ы жеріне қаптап
кетуі туралы және осы қазақ азаматтарының шектен шыққан қайыршы жағдайы
және олардың арасында жұқпалы аурулардың, сондай-ақ өлімнің кең таралуы
туралы хабардар ету тапсырылған.
Осы қаулы сонымен қатар, БК (б) П Орталық Комитетінің Орта Азия
Бюросынан осы Қазақстанға және қазақтардың панасыз балаларына көмек
көрсету үшін нанның қажетті ең аз мөлшерін бөлуді өтінген.
Қырғызстан үкіметінің осы жағдай туралы мәлімдемелері БК (б) П ОБК-на
және КСРО Жұмысшы-шаруа инспекциясына 1933 жылы қаңтарда келіп түскен, бұл
органдар КСРО Халкомынан және РКФСР Халкомынан қазақтарға көмек көрсетуді
өтінген.
Дегенмен бұл өтініштерді орындауға одақтық және ресейлік мекемелер
асықпады. Шұғыл көмек көрсетіле қоймады.
Көрші қырғыз жеріне жөңкілген қазақтардың ауыр да, тауқыметті халі
Қазақстанның Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы Ораз Исаевтың
Қырғызстанның Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы Ю.Абдрахмановтың атына
жолдаған хатынан да айқын байқалады. Онда республика көлік прокурорының
Қазақ өлкелік партия комитетінің көлік жөніндегі хатшысына жазған хатынан
нақты мысалдар келтірілген. О.Исаевтың бұл хаты 1933 жылдың 19 мамырыңда
Қырғызстанға жіберілген. Мұнда 19 және 23 сәуірдің аралығыңда ғана Пішкек
темір жол стансасында Қазақстанның әр түрлі аудандарынан 860 аш адам шоғыры
пайда болғаны, олардың ішіңде балалар да әйелдер де аз еместігі айтылған.
Қазақтардың жағдайларының өте ауыр болғанын мынадан да байқауға болады:
күн сайын стансада 6-7 өлген адам табылып отырды. Мұндай жантүршігерлік
көрініс жол көлігі ОГПУ-дің жедел араласуын туғызды және ол Қырғызстанның
кеңес органдарына босқындарға қажетті көмек көрсетуді өтініп хабар түсірді.
Бірақ Қырғыз үкіметі бұған байланысты дер кезінде шара қолдана қоймады және
босқындарды кері Қазақстанға қайтаруды барынша талап етті.
Бірақ Қырғыз облыстық партия комитетінің бұл мәселеге араласуы жағдайды
өзгертті: қырғыз жеріндегі жергілікті әкімшілік органдары босқындарды
тамақтандыруға және орналастыруға біртіндеп көңіл бөле бастады. Дегенмен
бұл көмек шындығында тек аштарға нан бөлуден арыға бармады.
Сондықтан өзінің хатында Ораз Исаев заңсыздықты тоқтатуды және Пішкек
стансасындағы босқындардың қайда және қалай орналастырылғанын біліп беруді
өтінді.
1933 жылғы көктемгі егіске қауырт дайындықтың басталуы босқындарды
орналастыру мәселесін екінші қатарға ысырды және қырғыз жеріндегі көп қазақ
бытыраңқы түрде елге оралса да олардың едәуір бөлігі қырғыз жерін мекен
етіп қалды.
Босқын қазақтардың көршілес Өзбекстан жеріне қоныс аударуы да 1932 жылы
күшейе түсті. Сондықтан Өзбекстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің
Секретариаты бұл мәселені 1932 жылдың 27 желтоқсанында арнайы қарап, Қазақ
халқының Өзбек КСР-ы аудандарына ағылып келуінің күшейе түсуі туралы қаулы
қабылдады.12
Онда БК (б) П Қазақ өлкелік комитетінен қазақ халқының Өзбек КСР-ы
жеріне ағылып келуін тоқтату үшін Өзбек КСР-мен шекаралық аудандарда ерекше
шаралар қолдану сұралды.
Қазақ босқындарының Өзбекстан жеріне аууындағы бір ерекшелік – олардың
негізінен қалаларға көптеп шоғырланып, баспанасыз, көшеде өмір сүруі еді.
Бұлар негізінен мал-жанынан жұрдай болған, аштық апатының нақ аузында
тұрған бейшара жандар болатын. Жағдай адам төзгісіз ауырлап кеткендіктен
Өзбекстан үкіметі 1933 жылы қаңтарда шұғыл шаралар қолдануға мәжбүр болып,
Өзбек Қызыл жарты айы қоғамына 515 мың сом ақша бөліп, баспанасыз қазақ
босқындарын тамақтандыру орындарын көптеп ашуды тапсырды.
Қысқа мерзімде Өзбекстанның қазақтар босып жүрген Әндіжан, Каргелан,
Хаваст, Самарқанд, Икрамов, Каттақорған, Ново-Бухарский, Янчи-Юль
аудандарында және Ташкент қаласында 22 тамақтандыру орны ашылды. Олар
нанмен және басқа да азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз етілді. Бұл орындар
талай адамдарды өлім аузынан алып қалды. 1933 жылдың ақпан және тамыз
айларының аралығында ғана осы тамақтану орындарынан күнде берілетін астың
саны 298-ден 929-ға (бұл адамдар саны емес, берілген тамақтың саны), жетсе,
оның ішінде қазақтар 107135 рет тамақтанды да, ал өзбектердің өздері 20909
рет осында дәм татты.
Өзбек үкіметі аштарды тамақтандырумен шектеліп қана қойған жоқ.
Босқындар ішінен еңбекке жарамды 6050 адам совхоздар мен колхоздарға,
қоғамдық жұмыстарға жөнелтілді. Ал Қазақстанға 2683 адам біртіндеп
қайтарылды, сондай-ақ ауруханаларға 547 адам, балалар үйіне 8975 бала
(олардың ішінде қазақтар 3095) орналастырылды. Оқшаулайтын үйде аштықтан
және аурудан әбден әлсіреген, күш-қуаттары таусылған 346 адам жан тапсырды.
Жалпы, босқындарды аман алып қалуға 340 мың сом қаражат жұмсалды.1
1933 жылдың тамызына қарай, босқындар санының біртіндеп азая түсуіне
байланысты жоғарыдағы 22 тамақтаңдыру орнының қажеттілігі шамалы бола
бастады да, олардың саны 12-ге дейін азайды. Олардың ішінен 6-ы Қазақстанға
орапатын жолаушыларға арналса, ал 3-і жан-жақтан жиналғандарға, ап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Босқындар барған жерлер
1930 жылдардағы Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың зардаптары
Қазіргі заманда қалыптасқан экологиялық жағдайлар
Демография және әлеуметтану
Қазақстан Республикасындағы саяси процестер және ұлттық-демографиялық процестер
Демография пәніне кіріспе
Қазақстан халқының КСРО уақытында ашашрылқта болған жағдайы
Қазақстанның флорасы мен фаунасының әр түрлілігі. Биоресурстардың экологиялық проблемалары. Қала урбанизациялық жүйе ретінде
Мемлекетті басқарудың мақсаттарын іске асырудағы әлеуметтік механизм
20-30-ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
Пәндер