Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау саласындағы жұмысшылар құқығының кепілдері


Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау саласындағы жұмысшылар құқының кепілдері.
Еңбек қауіпсіздігі дегеніміз - бұл еңбек қызметі үдерісінде жұмысшының қауіпсті және (немесе) зиянды өндірістік факторларды шектейтін кешенді шаралармен қамтамасыз ететін, жұмысшылардың қорғалған жағдайы.
Еңбек келісім-шартын жасаудағы еңбек қауіпсіздігі мен қорғау құқына кепілдеме:
- Еңбек келісім-шартында қауіпті және (немесе) зиянды өндіріс факторларымен бірге, еңбек жағдайларының жалпы сипаты, кепілдіктері, жеңілдіктер мен өтемақылық төлемдер көрсетілуі тиіс.
- Ауыр, қауіпті (аса қауіпті) және зиянды жұмыс, сонымен бірге жерасты жұмыстарына жұмылдырылатын жұмысшылармен еңбек келісім-шартын жасау кезінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік өкілетті органның нормативтік құқықтық актілері талаптарына сәйкес, азаматтың алдын ала медициналық тексеруден өтіп, денсаулығының қарсы жақтары жоқтығы анықталуы талап етілуі тиіс.
Еңбек қызметі үдерісіндегі еңбек қауіпсіздігі мен қорғауда жұмысшы құқының кепілдемесі:
- Жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі еңбек қауіпсіздігі мен қорғау бойынша мемлекеттік стандарт талаптары, ережесіне сәйкес болуы тиіс.
- Жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі мен қорғау талаптарын бұзуы салдарынан жұмыс уақытша тоқтайтын болса, жұмысшының қызмет орны мен орташа айлық жалақысы сақталады.
- Жұмысшының өз өміріне қауіп және (немесе) зиян келу жағдайына қарай жұмыстан бас тартуы оның тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тартылмайды.
- Жұмысшылар жеке және (немесе) ұжымдық қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілмесе, жұмысшы қызметін тоқтатуға құқылы, ал жұмыс беруші сол себепке жұмысшының орташа жалақысын төлеуі тиіс.
- Қызметтік міндеттерін атқаруда жұмысшының өмірі мен денсаулығына зиян келсе, оған келген зиян Қазақстан РеспубликасыныңЕңбек кодексі мен азаматтық заңнамасында қарастылырған шарттар мен тәртіппен өндіріледі.
Жұмысшыларды міндетті медициналық тексеру:
- Жұмыс беруші өзінің қаражаты есебінен ауыр, қауіпті (аса қауіпті) және (немесе) зиянды жұмыстарға жұмылдырылған жұмысшыларды Қазақстан Республикасының бекітілген заңнамалық тәртібі бойынша мерзімді медициналық тексеруден өткізуді ұйымдастыруға міндетті.
- Қауіптілігі жоғары машина және механизмге байланысты жұмыстағы жұмысшылар ауысымалды медициналдық тексеруден өтуі тиіс. Ауысымалды медициналық тексеруді талап ететін мамандық тізімі денсаулықсақтау саласындағы мемлекеттік өкілетті органмен анықталады.
Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау мәселесі бойынша жұмысшыларды оқыту, нұсқау және білімін тексеру:
- Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау мәселесі бойынша жұмысшыларды оқыту, нұсқау және білімін тексеру жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен өткізіледі.
- Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау мәселесі бойынша жұмысшыларды оқыту, нұсқау және білімін тексеру өткізу мерзімі мен тәртібі қызмет аясына сәйкес мемлекеттік өкілетті органмен келістіре отырып, еңбек жөніндегі мемлекеттік өкілетті органмен анықталады.
- Жұмысқа қабылданған тұлғалар жұмыс берушінің ұйымдастыруымен еңбек қауіпсіздігі мен қорғау мәселесі бойынша алдын ала білімін тексеруден өткізеді. Алдын ала тексеруден, нұқсаудан және білімі тексеруден өтпеген жұмысшылар жұмысқа қабылданбайды.
Өндірістік ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен қорғауды қамтамасыз ететін басқарушы жұмысшылар мен тұлғалар, мерзімді түрде, үш жылда бір рет сәйкес білім ұйымында біліктілігін арттыу курстарында еңбек қауіпсіздігі мен қорғау мәселесі бойынша оқып, білімін тексеруі тиіс.
Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау саласындағы жұмысшы мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері
Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қауіпсіздігінің жағдайы дегеніміз - бұл жұмысшының еңбектегі міндеттерін атқарудағы еңбек қауіпсіздігі мен қорғау талаптарына еңбек үдерісі мен өндірістік ортаның сәйкестігі.
Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау саласында жұмысшының құқықтары мынадай:
- еңбек қауіпсіздігі мен қорғау талаптарымен жұмыс орнының, жабдықтың сәйкестігі;
- санитарлық-тұрмыстық кеңістікпен, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен, еңбек қауіпсіздігі мен қорғау, сонымен қатар еңбек, ұжымдық келісім-шарт талаптарына сәйкес арнайы киіммен қамтамасыз ету;
- жұмыс орнына еңбекті қорғау мен жағдайларына тексеру жүргізу туралы еңбек жөніндегі мемлекеттік өкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелеріне хабарласу;
- еңбек жағдайын, қауіпсіздігі мен қорғауға байланысты мәселелерді тексеру мен қарауда өз өкілдері арқылы немесе жеке қатысу;
- басшы немесе жұмыс берушіге тікелей жазбаша өтініш жазу арқылы денсаулығына немесе өміріне қауіп төнген жағдайда жұмыс істеуден бас тарту;
- Қазақстан Республикасының бекітілген заңнамасындағы тәртіппен еңбек тегі міндеттерін қауіпсіз атқару үшін қажетті оқыту және кәсіби дайындау;
- жұмыс берушіден жұмыс орнының сипаты мен ұйым территориясы, еңбек жағдайы, қауіпсіздігі мен қорғалу жағдайы туралы, өмір мен денсаулыққа келетін қауіп туралы, сонымен қатар қауіпті (аса қауіпті) де зиянды өндірістік факторлардан қорғалуы бойынша қолданылатын шаралар туралы нақты ақпарат алу;
- еңбек қауіпсіздігі мен қорғау талаптарына сәйкессіздігіне байланысты жұмыстың уақытша тоқтауы кезінде орташа айлық жалақысының сақталуы;
- еңбек қауіпсіздігі мен қорғау саласындағы жұмыс берушінің заңға қайшы әрекеттеріне шағымдану.
Жұмысшының міндеті:
- өндірісте болған әрбір қайғылы оқиға туралы, кәсіби ауру (улану) белгілері, сонымен қатар адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туралы тікелей басшыға хабарлауы тиіс;
- мерзімді медициналық тексерулер мен ауысымды медициналық куәландырудан, сонымен қатар өндірістік қажеттілік аясында немесе кәсіби ауруға шалдыққан сәтте басқа жұмысқа ауысу үшін медициналық куәландірудан өту;
- жұмыс берушімен ұсынылатын жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын тағайындауды қабылдау және пайдалану;
- жұмыс беруші қаржыландыратын жағдайда медициналық мекемемен берілген емдік және сауықтыру шараларын орындау;
- еңбек қауіпсіздігі мен қорғау ережелері мен нұсқамасы, норма талаптарын, сонымен қатар өндіріс орнында қауіпсіз жұмыс жүргізу талаптарын сақтау.
Жұмыс берушінің құқы:
- жұмыс орнында жағымды еңбек жағдайын қалыптастырғаны, қауіпсіз еңбек жағдайын жасау жөнінде рационализаторлық ұсыныстар үшін жұмысшыны ынталандыру;
- Бекітілген Еңбек кодексі тәртібімен еңбек қауіпсіздігі мен қорғау талаптарын бұзған жұмысшыларды жұмыстан шеттетіп, жауапқа тарту.
Жұмыс берушінің міндеттері:
- жұмыс орындардағы кез келген қауіптің алдын алу мен профилактика өткізу, өндіріс жабдықтарын ауыстыру және техонологиялық үдерістерді қауіпсіз жағдайға өзгерту шараларын қабылдау;
- еңбек қауіпсіздігі мен қорғау бойынша жұмысшыларды оқыту және дайындау;
- еңбек қауіпсіздігі мен қорғау бойынша ұйымдастырушылық-техникалық шаралар өткізу;
- өндірістік үдеріс пен жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі құжаттармен қамтамасыз ету, инструктаж өткізу;
- еңбек қауіпсіздігі мен қорғау мәселесі бойынша білімін тексеру өткізу және еңбек жөніндегі мемлекеттік өкілетті органдармен бекітілген ережелерге сәйкес басшылар мен мамандардың біліміне тексеру ұйымдастыру;
- жұмысшыларға қажетті санитарлық-гигиеналық жағдай жасау, арнайы киім мен аяқ киімдерді жөндеумен қамту, оларды еңбек жөніндегі мемлекеттік өкілетті органның бекітілген нормаларына сәйкес профилактикалық өңдеу құралдарымен, жуатын және залалсыздандыратын құралдармен, медициналық аптекамен, сүтпен, емдік-профилактикалық тағаммен жабдықтау;
- еңбек жөніндегі өкілетті мемлекеттік органға, және оның аумақтық бөлімшелеріне, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органының қызметтік тұлғаларына, жұымсшы өкілдеріне, олардың жазбаша сұраныстарына байланысты ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен қорғау, жағдай туралы қажетті ақпаратты ұсыну;
- мемлекетті еңбек инспекторларының бұйрығын орындау;
- қайғылы оқиға мен өндірістегі кәсіби ауруларды есепке алу, сараптау, тіркеуді жүзеге асыру;
- жұмысшы өкілдерінің қатысуымен бес жылда бір рет мерзімді түрде еңбек жағдайына байланысты өндіріс нысандарын аттестациялау, сонымен қатар еңбек жөніндегі мемлекеттік өкілетті органның бекіткен ережесіне сәйкес қайта құрудан кейін, жаңалау, жаңа техника немесе технология орнатқан соң аттестациядан өткізу;
- Қазақстан Республикасының бекітілген заңнамалық тәртібімен қайғылы жағдайларды тексеруді қамтамасыз ету;
- еңбек міндеттерін орындауда жұмысшының денсаулығы мен өміріне келетін қауіпке деген жауапкершілікті сақтандыру;
- халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы саласында мемлекеттік өкілетті органның сәйкес территориалдық бөлімшесіне қатты улану туралы жағдайды хабарлау;
- қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету;
- өзінің қаржы есебіне, Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылғандай, сонымен қатар еңбек жағдайы қанағаттандырмаса, немесе өндірісте кәсіби ауру белгілері білінсе басқа жұмысқа ауысу кезінде міндетті, мерзімді (еңбек қызметі кезеңінде) медициналық куәландыру және ауысымдық медициналық куәландырудан өткізу;
- апатты жағдайлардың алдын алу мен өзге тұлғаларды жарақаттайтын әсерлерді жою бойынша атқарылатын міндетті шараларды қабылдау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz