Наполеон бонапарт өмірі


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Ж О С П А Р

І КІРІСПЕ

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Наполеон Бонапарт
  2. Хронология
  3. Сыртқы саясаты
  4. І Империя тұсындағы Франция. Наполеон соғыстары

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Наполеон император ғана емес, академик те болған. Ол математикадағы ізденістері үшін Францияның ғылыми академиясының құрамына енген, өзінің теоремасын ойлап тапқан.

Жүрек жұтқан батыр өмірінде бір ғана нәрседен қорықты. Ол - мысық. Бұл ауру ғылымда айлурофобия деп аталады.

Наполеонды ешкім уландырмаған, бірнеше жылдар бойы оның ағзасы күшәладан зардап шекті.

Император тәулігіне 2-3 сағат ұйқыны қанағат ететін. Ол ұйқыны ең жаман әдеттердің қатарына қосты.

Наполеон жақсы операның, әсіресе, италияндық операның жанкүйері болды. Бірақ қойылымға дейін де, қойылымнан кейін де эмоциясын мүлде білдірмейтін. Сахна өнерпаздарына бірде-бір рет шапалақ ұрмаған. Басқалар да императордан шапалақ көрмеген соң, өздері де қошемет көрсетуден бас тартатын. Қойылымнан кейінгі шыбын дызыңы естілетін тыныштықтың актерлерге қалай әсер ететіндігін өзіңіз де ойлай беріңіз, қошемет олар үшін арман болатын. Наполеон өзінің жүрек жұтқандығымен ғана емес, қаталдығымен де танымал еді. Күндердің күнінде оның әскеріне өте жақын жерге снаряд түседі. Жарылуға шақ тұрған снарядтан барлық сарбаздар қаша жөнеледі. Мұны көрген император сабақ болсын деп атына мінеді де, снарядтың жанына барып тұрады. Қатты дауыс шықты да, жарылыс басталды. Бәрі аяқталғанда Наполеон ештеңе болмағандай жаңа ат әкелулерін сұрайды. Оның ең сүйікті серігі - Маренго атты сұр араб жылқысы болды. Наполеон өзінің шымыр денсаулығымен мақтана алады. Ол ешқашан қатты науқастанып, ем қабылдамаған. Тек өмірінің соңғы жылдаыр, Әулие Еленаға қуылғанда адам түсінбейтін сырқатқа тап болады. Кейде мұны ауру емес, жауларының ұзақ жылдар бойы тамағына қосып берген күшәласының әсерінен болған қастандық деп айтып жатады. Наполенонның әйелі Жозефина ажырасу туралы ұсынысты өзі білдірген. Осы жағдайдан кейін император ажырасу туралы жаңа заң қабылдайды.

Наполеон Бонапарт

Наполеон Бонапарт (итал. Napoleone Buonaparte, фр. Napoléon Bonaparte, 15 тамыз 1769, Аяччо, Корсика - 5 мамыр 1821, Лонгвуд, Әулие Елена аралы) - Францияның мемлекет қайраткері, қолбасшы, император (1804-1815) .

1769 жылы 15 тамызда Корсика аралында ақүйектер отбасысында дүниеге келген. 1785 жылға дейін Бриен және Париж әскери мектептерінде оқыған. Франциядағы 1789 - 94 ж. революция кезінде Тулон қаласын азат еткені үшін 24 жасар Наполеон I капитандықтан бригадалық генерал дәрежесіне дейін көтерілді. 1796 ж. Италияға жорық жасаған армияның бас қолбасшылығына тағайындалды. Осы және кейінгі Египетке жасаған жорықтары кезінде өзін аса көрнекті қолбасшы ретінде көрсетті. 1799 ж. 9 қарашада (18 брюмерде) биліктегі дағдарысты пайдаланып, мемл. төңкеріс жасады. Ол елде алғашында консулдық, одан кейін империя (1804 ж. 18 мамыр) түріндегі әскери диктатура орнатты. Якобишілдер мен роялшылдарға соққы берді. Өнеркәсіп пен сауданы дамытты. 1800 ж. француз банкін құрды. Мемлкеттің қуатты арттырудың басты тірегі өнеркәсіпті дамыту деп білді. Әскери өнер саласында рев. Франция армиясында қалыптасқан жаңалықтарды одан әрі жетілдірді. Тарихи жағдайға байланысты орасан зор әскери күшті тактикалық және стратегиялық жағынан тиімді пайдалана білді. Оның әскери қағидасы: “сан жағынан әлсіздікті қимылдың жылдамдығымен толтыру” болды. 1804 жылға дейін республика атын жамылып келген диктаторлық өкіметті буржуазиялық мемлекетті нығайтуға пайдаланды. Директория кезінде сақталған ұлттық уәкілдікті сайланып қойылатын басқару жүйесін жойды.

Хронология

- 15 тамыз 1769 жыл-бұл күні Наполеон Бонапарт - Францияның болашақ императоры, ұлы қолбасшы және саяси қайраткері дүниеге келді.

- 1779 - Отенс колледжіне оқуға түсті.

- 1780 - 1784 - Бриенн әскери академиясында мемлекет қаржысына оқыды.

- 1784 - 1785 қазан айы - Наполеон Париждегі элиталық әскери мектепке түсті, осы кезде ол өзінің бірінші -- артиллерия кіші лейтенанты-- атағын алады.

- 1792 - Наполеон Якобин клубының мүшесі болады. Саясатпен айналысу талпынысы оған ештеме бермеді.

- 1793 - Наполеонның отбасысы сол уақытта Францияға қарсы көтеріліс болып жатқан Корсикаға кетеді. Сол жылы Наполеон қызметінде ктеріліп, бригада генералы атағын алады.

- 1795 - Робеспьер ойын қолдаушы деген айыптаумен тұтқындалып, бірақ тез босатылады.

- 5 қазан 1795 жыл - Барасс Наполеонның көмегімен роялистердің көтерілісін басып тастайды.

- 9 наурыз 1796 жыл - Наполеон мен Жозефина заңды түрде некелерін қияды. Бұл неке куәлігінде Бонапарт өзіне жарты жыл жас қосса, Жозефина өз жасын 4 жылға азайтып жазған.

- 1796 - Наполеон италиялық кампанияны басқаруға талпынып, оның жасалуы мен дайындығына белсене қатысады.

- 1796 - 1797 - Бонапарт италиян әскерінің қолбасшысы болады.

- Ақпан 1797 жыл - Наполеона рим папасымен келісімге келіп, шіркеу Наполеонды Франция императоры ретінде мойындайды.

- Қазан 1797 жыл - Наполеонның Австрамен атақты Кампоформ бейбітшілік келісіміне қол қоюы.

- 1798 - 1799 жылдар - Наполеонның пайдасыз және болашағы жоқ мысырға жорығы. Толықтай жеңіліспен аяқталды.

- 9 - 10 қараша 1799 жыл - Наполеон Директорияны құлатып, Францияның билігін толықтай иемденеді. Кейін 1802 жылы Франция республикасының мәңгілік консулы атағын алады.

- 1800 - тағы бір италиян жорығы. Бұл да ол үшін пайдалы болды. Бонапарта қоластына бүкіл Солтүстік Италия кірді.

- 1800-1801 - Ресеймен жақындасуға талпыныстар. Бірақ бұған Павл I өлімі кедергі келтірді.

- 1801 - Директорияны құлатқан соң Наполеон папаның көмегіне жүгінеді.

- 1801 - 1802 жыл- Ресей, Австрия, Пруссия және Англиямен бітім келісімі.

- 1803 жыл- Англиямен кезекті соғыс.

- 1804 жыл- Наполеонның француз императоры болып жариялануы.

- 1805 жыл- Парижде болған Наполеон I-нің тәж кию рәсімі.

- 2 желтоқсан 1805 жыл- Аустерлице шайқасы өткен күн. Наполеон бірінші антифранцуздық коалицияны талқандады.

- 1806 жыл-«Рейн одағының» құралуы.

- 1806 - 1807 жылдар- жаңа екінші антифранцуздық коалицияның әскері талқандалды. Соңында Ресей үшін масқаралы Тильзит келісімі күшіне еніп, Ресей соғыстан шығады.

- 1809 - Австрия империясымен арадағы соғыс. Шенбрунн келісімімен аяқталды.

- 4 мамыр 1810 жыл - Наполеонның Мария Валевскаядан Александр атты баласы туылады.

- 1810 -Наполеон мен Жозефинаның ажырасуы. Австриялық принцесса Мария Луизамен некесі.

- 1811 - заңды мұрагер Франсуа Шарль Жозеф Бонапарттың (Наполеон II) туылуы.

- маусым 1812 жыл- Ресеідегі Отан соғысы. Наполеон әскерінің «өлімі».

- Қазан 1813 жыл- Лейпциг шайқасы, көбінесе «халықтар шайқасы» деп аталады. Наполеон жеңіліс табады.

- 1813 - 1814 жылдар- Наполеону предлагают ряд мирных соглашений, однако он их одно за другим отвергает, и продолжает отчаянные попытки сопротивления.

- Наурыз 1814 жыл- властвование Наполеона официально прервано решением Сената. Новый король Франции - представитель династии Бурбонов Людовик XVIII

- 6 сәуір 1814 жыл- Наполеон тақтан түсіп, Эльба аралына жер аударылады. Бұл жерде ол өз сәтін күтеді.

- 1 наурыз 1815 жыл - Буонапартенің Франция жағалауына түсуі.

- 20 наурыз- 22 маусым 1815 жыл- Наполеонның «жүз күндік» билігі. Бұл кезеңде Бонапарт Францияға оралып, өзінің негізгі қарсыластарын талқандау үшін әскер жинай бастады, алайда қарсыластары ерте мобилденіп үлгерді. Одақтастардың үлкен әскері мен оларға қарағанда саны аз француздар Ватерлоода кездесті. Ақыырнда Наполеон жеңіліп, тұтқындалып, Әулие Елена аралына жер аударылады.

- 1815 - 1821- бұл жылдары Бонапарт Қасиетті Елена аралында өмір сүріп, өзінің бһатақты мемуарларын дүниеге әкеледі.

- 5 мамыр1821 жыл- Наполеон Бонапарт жалғыздықта қайтыс болды. Оның өлімінің себебі әлі күнге дейін белгісіз. Наполеон қатерлі ісіктен немесе уланудан өлуі мүмкін.

- 1830 жыл- Наполеонның тоғыз томдық меуары жарық көреді.

- 1840 жыл- Наполеонның сүйегі Париждегі Мүгедектер үйіне көшіріледі.

Сыртқы саясаты

Сыртқы саясатта Англия басшылық еткен коалициямен экон. және саяси үстемдікке таласты. Наполеон I-нің жүргізген соғыстары басқыншылық, тонаушылық сипатта болғанымен, Еуропадағы феодалдық-абсолюттік құрылымдарға соққы берді. Үздіксіз соғыстар Францияның жағдайын нашарлатты. 1812 ж. маусымда Ресейге қарсы соғыс ашты. Бұл соғыста Наполеон I әскерінің жеңіліске ұшырауы империяның құлауының басы болды. 1814 ж. наурызда Францияға қарсы коалиция әскерлерінің Парижге кіруі Наполеон I-ні тақтан бас тартуға мәжбүр етті. Наполеон I Эльба аралына айдалды. Дегенмен ол 1815 ж. наурызда француз тағын қайтадан басып алды (“Жүз күн”) . Ватерлоо түбінде одақтастар әскерінен жеңіліске ұшыраған соң тақтан екінші рет бас тартты (1815 ж. 22 маусым) . Өмірінің соңғы жылдарын Әулие Елена аралында ағылшындардың тұтқыны ретінде өткізді. Сонда асқазан жарасынан қайтыс болды. Сүйегі 1840 ж. Парижге әкелініп, Мүгедектер үйіне қойылды.

І Империя тұсындағы Франция. Наполеон соғыстары

Директория үкіметінің ірі буржуазиялық басқару түрі мен кәсіпкерлікке жағдай жасай алмайтындығы айқындала түсті. 1797 жылдың 17 қазаныныда Австриямен бейбіт келісім бойынша Италия мен Швецарияда француздық басқару орнап, Австрияның соғыстан шығуы бірінші коалицияның жеңілгендігін көрсетті. Алайда, Англия, Россия, Австрия және Туркия Францияға қарсы екінші коалиция құрып бірқатар жеңістерге жетеді. Француздардан азат етілген итальян мемлекеттерінде бұрынғы феодалдық-абсолюттік режимдер қайта орнады.

Коалицияның жеңісі роялистердің жаңа баскөтерулер мен қастандықтар ұйымдастырумен жалғасты. Республикандықтардың Якобиндықтар клубын жаңғырту шаралары жүрді. Осындай жағдайда ірі буржуазия үшін халық толқуы мен монархияның қайта орнауын сақтайтын және жаулап алу саясатын жүргізу үшін күшті өкімет құру идеясын, қатаң тәртіп орнатуды айта бастады. Буржуазия үшін Директорияның пайдасы болмады, тіпті зияны тиді. Бұхара халық Директорияны алыпсатарлар мен қазына тонаушылар режимі атады.

Буржуазияның ықпалды тобының арасында мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыру және әскери диктатура орнату жоспары құрылды. Бүл орынға бірден-бір кандидат Наполеон Бонапарт болды.

Наполеон 1799ж. 9 қазанында Египеттен Францияға оралды. Салтанатты қарсы алулар ұйымдастырылды. Парижге келісімен Наполеон бір айға жетпес уақытта мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалды. Оған көрнекті финансистер, банкирлер, Директория мүшелері Сийес пен Роже Дюко, сыртқы істер министрі Талейран мен полиция министрі Фоше көмектесті. Сондай-ақ басталар істің сәтті аяқталу үшін кейбір банкирлер маңызды адамдарды өз жағына шығару үшін, сатып алу мақсатында қаржылай көмек жасады. Төңкеріс жоспарына сай Бонапарт Париж гарнизонының басқолбасшысы тағайындалды. Якобиндықтар қастандық ұйымдастырып жатыр-мыс, деген іс қозғалып, бұл қастандықты басу генерал Бонапартқа жүктелген декрет дайындалды. Қауіп төнді деген сылтаумен Заңшығарушы корпусты корпусты қаладан тысқары Сен-Клу сарайына көшірді. Жолда Директория мүшелерімен келісім болып, олар өкіметті Наполеонға беріп, отставкаға кетеді. 9 қарашада Наполеон Сен-Клуды әскермен қоршап, өкіметті өзіне береді деген сеніммен келді. Наполеонның конституцияға өзгеріс енгізу ұсынысы Тиран жойылсын деген айқаймен қарсы алынды. Бес жүз Кеңесінің председателі болып отырған Льюсен Бонапарт /алдын ала дайындалғандай/ сыртқа шығып әскерге командирді өлтіріп жатыр, деп айқай салды. Мюрат /Наполеонның күйеу баласы/ басқарған әскер залға кіріп келгенде, депутаттар қаша жөнеледі. Терезелерден лақтырылып қуылды. Заңдылық көрінісін сақтау мақсатында кешкісін депутаттарды күшпен жинайды. Олар директорияны тарату және өкіметті үш консулға - Бонапарт, Роже Дюко және Сийеске беру ұсынысы мен шешімін қабылдауға мәжбүр болды. Осылайша тарихта бір оқ атылмаған, бір адам қаза болмаған мемлекеттік төңкеріс жүзеге асты.

Францияда ірі буржуазия мен жаңа әскери буржуазия мүддесіне қызмет еткен әскери диктатура орнады. Наполеон революцияның демократиялық жеңістерін жойды, тек ірі буржуазия үшін тиімділері сақталды. Заң шығарушы өкімет үш органға Мемлекеттік Кеңес /заң нұсқасын дайындау/, Трибунат /заң нұсқасын талқылау/, Заңшығарушы корпус /заңды қабылдау, қабылдамау/ бөлінді. Заңшығарушы корпустың кез-келген шешімін үкімет тағайындаған Сенат мүшелері жоя алды. Атқарушы өкімет бірінші консулға - Бонапартқа өтті. Ал екі консулдың тек кеңестік дауысы болды. І консул - бас қолбасшы, жоғарғы әскери және азаматтық қызметтерге тағайындады, ішкі және сыртқы саясатты басқарды. І Консул 21 жастан асқан француздар сайлаған депутаттыққа кандидаттардың ішінен өз қалауынша Заңшығарушы өкіметтің органдары мүшелерін тағайындады. Жергілікті өзін өзі басқару жойылды. Департамент басшылығына бірінші консул қойған адамдар отырды.

1801 жылы папа Пий ҮІІ мен конкордатқа отырып, ол бойынша Католиктік дін француздардың көпшілігінің діні жарияланды. Папа шіркеудің сатылып кеткен жерлерін, жаңа иелерінің толық меншігі деп таныды. Ариепископтарды француз үкіметі тағайындап, содан соң папа бекітті. Католиктік шіркеулерде консулдар үшін дұғалар оқылуы тиіс болды. Бұхара халыққа билік жүргізу үшін ірі буржуазияға шіркеудің қолдауы қажет болды. Шіркеу үкіметтің тірегіне айналды.

1802 жылдың тамызында жалпы халықтық саулау - плебицит өткізіліп, Н. Бонапарттың І консулдығы өмірлік деп белгіленді. Соңынан жаңа республиканың Х жыл конституциясы қабылданды. Ол бойынша Наполеонның өз мұрагерлерін тағайындау, Заңшығарушы корпус, Трибунатты тарату, бейбіт келісімдер жасау т. б. құқығы кеңейтілді. Н. Бонапарт өз ықпалын ірі буржуазия арасында бекіту үшін эмигранттарға рақымшылдық жариялады. Оларға Францияға тез оралып үкіметке ант беру шарты қойылды. Отар жерлерде құлдықты қайта орнату туралы декрет қабылданды. Өз өкіметін қорғау мақсатында консулдық гвардия құрылды. Құрметті легион ордені бекітілді. Француз ірі буржуазиясының мүддесін көздеген Наполеон Францияның шексіз билеушісіне айналды. Оның билігі бүкіл Италияға, көптеген герман мемлекеттеріне, Бельгияға, Голландияға жүрді. Австрия қайта соғысуға шешілмеді, Пруссия асықпады, Россия соғысқа дайын емес еді. Сондықтан француз буржуазиясының барлық күштері негізгі бәсекелесі болған Англияға қарсы жұмылдырылды.

Осындай жағдайда Бонапарт өкіметін күшейтіп, 1804 жылдың 18 мамырында Наполеон І деген атпен император жарияланды. Оның билігі мұрагерлік деп танылды. 2 желтоқсанда салтанатты түрде тәж кию салтанаты өтті. Осы салтанат кезінде Наполеон бұрынға республикандықтардың бірінен, тәж кию рәсімі өтілуінің ұнайтындығын сұрағанда, ол: Өте ұнайды Жоғарғы мәртебелім. Бүгінгі бұндай салтанатқа осы күнді болдырмау үшін құрбан болған 300 мың адамның жетіспеуі өкінішті-ақ, деп жауап береді. Франция француз революциясы бағытталған монархиялы басқару түріне қайта оралды. Наполеонның буржуазиялық - монархиясы орнады.

Жойылған дворяндық титулдар қайта қалыптасып, толықтырылды. Титулдар, жерлер сыйға берілді. Якобиндықтардың революциялық календары 1806 жылдың 1 қаңтарында григорияндық календарьмен ауыстырылды. Монеталарда «Француз империясың деп жазылып, республика сөзі бірте-бірте ұмыт бола бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Наполеон Бонапарт және ХІХ ғ. І жартысындағы Европа елдері
Бонапарттың Италияға жорығы
Мемлекеттік төңкеріс және Наполеон Бонапарттың консулдық кезеңі
Наполеон Бонапарт және XIX ғ. I жартысындағы Европа елдері
Наполоенның билікке ұмтылуы
Наполеон соғыстарының халықаралық қатынасқа әсерін зерттеу
Наполеон кеңес тарихшыларының көзқарастарымен
Термидорлық Конвенттің соғыстары
Наполеон саяси билікке жету жолында
Наполеон Бонапарт
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz