Балдырлар түрлері


ЖОСПАР
- Балдырлар
- Диатомды балдырлар
- Пайдаланылған әдебиеттер
Балдырлар
Балдыр (Algae) - төменгі сатыдағы су өсімдіктері. Теңіз, көл, өзендерде, ағынсыз да өседі. Балдырдың клеткалық құрылымы болмайды, бір клеткалы, колониялы, көп клеткалы түрлері бар. Көп клеткалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды. Клеткақабығы гемицеллюлозадан және пектиндізаттардан тұрады. Клеткасы негізінен бір ядролы.
Цитоплазмасында митохондрия, диктиосома, рибосома, хромотофора сияқты органоидтары және вакуолясы (бос қуысы) болады. Балдыр биохимикалық қасиеттеріне және клеткалық құрылымына қарай 12 типке бөлінеді: көкжасыл Балдыр (Cyanophyta), прохлорофитті Балдыр (Prochlorophyta), қызыл Балдыр (Rhodophyta), жалтырауық Балдыр (Chrysophyta), диатомды Балдыр (Dіatomeae), криптофитті Балдыр (Cryptophyta), динофитті Балдыр (Dіnophyta), қоңыр Балдыр (Phaeophyta), сарыжасыл Балдыр (Xanthophyta), эвгленді Балдыр (Euglenophyta), жасыл Балдыр (Chlorophyta), хара Балдыры (Charophyta) . Бұлардың 30 мыңға жуық түрі белгілі, Қазақстанда 1 мыңнан астам түрі кездеседі. Клеткасында Балдырға түс беріп тұратын хромотофораларының саны әр түрлі (біреу, екеу, көп) болады. Олардың пішіндері тақта, астау, білезік, дән, лента, жұлдыз тәрізді болып келеді. Балдыр өсімді (вегетативті), жыныссыз және жынысты (гологамия, изогамия, анизогамия, оогамия) жолдармен көбейеді. Бұлардың көбею органдары бір клеткалы (бұған тек хара Балдыры жатпайды) . Балдырдың көпшілігінің хлорофилі болғандықтан көмірқышқыл газын сіңіріп, фотосинтез процесіне қатысады. Сондай-ақ, дайын органикалық заттарды пайдаланатын паразит түрлері де бар, бірақ бұлардың хлорофилі болмайды. Дарвин ілімі бойынша, тіршілік бір клеткалы организмдерден пайда болған, ал құрлықтағы барлық өсімдіктер Балдырдан шыққан деп есептеледі. Көптеген Балдырлар саңырауқұлақтармен симбиозды тіршілік етіп, қыналарды құрайды. Ал, Балдырдың табиғаттағы геохимикалық рөлікальций мен кремний айналымымен тығыз байланысты. Олардың көптеген түрі ақаба суларды биология жолмен тазартуда және бөгендердің ластануының биоиндикаторы ретінде қолданылады. Теңіз, мұхит жағалауындағы Балдыр - жан-жануарлардың мекені, тіршіліктерінің көзі. Бентосты Балдырға (теңіз, мұхит түбінде тіршілік етеді) қарағанда планктонды Балдырдың (суда қалқып жүретіндер) саны анағұрлым басым, сондықтан олар көптеген организмдердің қорегі болып табылады. Ағынсыз суларда өсетін Балдыр шіріп, сапропельге айналады. Сапропельден смола, бензин, керосин, техника майлар, лактар алынады. Балдырдың қалдығы балшыққа емдік қасиет береді. Қызыл Балдырдан өндірілетін агар тамақөнеркәсібінде пайдаланылады, оларды мата бұйымдарының және қағаздың құрамына беріктік беру үшін қосады. Қоңыр Балдырдан алынатын альгин мата тоқуда желім есебінде жасанды талшықтар, пластмасса өндіруде және табиғи тыңайтқыш, малға жем ретінде пайдаланылады, сондай-ақ, күлінен калий, натрий тұздары, иод өндіріледі. Шығыс Азияелдерінде ламинария қоңыр Балдыры “теңіз капустасы” деген атпен, ал жасыл Балдыр (ульва) “теңіз салаты” деген атпен тамаққа пайдаланылады. Балдырды зоб, атеросклероз ауруларын емдеу үшін медицинада қолданады.
Диатомды балдырлар
Диатомдер - мөлшері 4-2000 микрон аралығында болып келетін бір клеткалы өте ұсақбалдырлар; протопластантұратын көмкерілген; теңіз суларында да, тұщы суларда да әртүрлі температуралар жағдайында тіршілік ете алады.
Бұл балдырлар сауытшаларының жиынтықтары есебінен диатомиттер деп аталатын кремнийлі жыныстар қалыптасады; юра кезеңінен бері белгілі. Синонимі -диатомды балдырлар.
Диатомды балдырлар (Dіatomeae) - тобы. Олардың клеткалары кремнеземнен тұратын тас қабықпен (панцирь) қапталған, сондықтан оларды кремнийлібалдырлар(Вacіllarіophyta) деп те атайды. Диатомды балдырлар табиғатта өте кең таралған:ащы, тұщы суларда, суқоймаларында, ылғал топырақта, мүкте, су өсімдіктерінде көп кездеседі. 12 мыңдай түрі (ішінде қазбадан табылғандары да бар) белгілі. Олар 2 класқа (Рennatophyceae, Сentrophyceae), 9 қатарға, 300-ге тарта туысқа біріктіріледі. Қазақстанда700-ге жуық түрі бар. Диатомды балдырлар өте майда (4 - 2000 мкм) келеді, жеке немесе шоғыр (жұлдыз, тізбек, таспа, жіпше, бұтатәрізді) құрып тіршілік етеді. Диатомды балдырлардың хлоропластылары а және с хлорофиллдерінен және қоңыр түс беретін фукоксантин затынан тұрады. Клетканың тас қабығы қақпағы (эпитека) бар қорапқа (гипотека) ұқсайды, шамамен тең екі бөліктен құралады. Қабықтағы саңылаулар арқылы сыртқы ортамен зат алмасу жүреді. Диатомды балдырлар негізінен екіге бөліну арқылы көбейеді, яғни аналық клеткадан әр бөліктің біріне эпитека, екіншісіне гипотека өтеді де, қалған жетіспейтін бөліктер жаңадан пайда болады. Сондай-ақ жыныстық (изогамия, гетерогамия, оогамия) жолмен де көбейеді. Диатомды балдырлар су түбіндегі шөгінді сапропелийлердің негізін құрайды. Шөгіндітау жынысыдиатомит, негізінен, осы балдырлардың қабықшаларынан тұрады. Диатомды балдырлар юра кезеңінен белгілі. Бұлар сары жасыл балдырлардан шыққан деп есептеледі. балдырларды қарапайымдыларға да жатқызады. Диатомды балдырлар жеңіл, денесі кеуекті болғандықтан адсорбтану қасиеті өте жоғары, тамақ өнеркәсібінде, химия, медицина, құрылыста кеңінен қолданылады. Диатомды балдырлармен .
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақ энциклопедиясы
2. Қазақ энциклопедиясы, 2 том;
3. Т. Мұсақұлов, Т. Дарқанбаев орысша-қазақша түсіндірмелі биологиялық
сөздік, І-том.
4. Н. Сенатов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі. - Алматы: 1996
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz