Еркінділік


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Ерік туралы ұғым.
  2. Ақылды адам - еркін.
  3. Еркінділік.
  4. Тұлғалық бағыттағы тәрбие өзегі - еркіндік.

5. Пайдаланған әдебиеттер.

Ерік туралы ұғым.

Ақыл-ойдан туатын және мақсатты орындалатын әрекеттер ерік әрекеттері деп аталады. Адамның су ішкісі келді делік, ол қолын созып стаканды алды, су құйып, ішіп жіберді. Бұл - әдейі істелген әрекет, ал осыны орындау қиынға туспегенімен, ерік әрекеті болады. Әрбір адамға көздеген мақсатқа жету жолында түрлі қиындықтарды жеңіп, кедергілерден өту үшін, жігерлі іс-әрекет жасау керек. Мұндай әрекеттер нағыз ерік әрекеті деп аталады. Бұл әрекетте жеке адамның ақыл-ойымен байланысты оның белсенділігі де көрінеді.

Адамның алдына қойған мақсатына жетуі үшін ішкі немесе сыртқы кедергілерді өзінде туатын күштің арқасында жеңіп өтуіне көмекші психикалық процесс ерік деп аталады.

Адамның жеңіп өтетін сыртқы кедергілеріне сол істің өзінің объектив қиындықтары, оның күрделілігі, баска адамдардың қарсылықтары, жұмыс жағдайындағы тоскауылдар т. б. кіреді.

Ішкі кедергілер - бұлар адамның өзіне тән жалқаулық, шаршап-шалдыққандық, алдына қойған міндетке қатысы жоқ құштарлық, белгіленген мәселелерді орындауға кедергі жасайтын субъективтік, жеке ниеттен туатын кедергілер. Адамдар олардан ерік күшінің арқасында құтылады.

Ерік жеке адамның касиетін де, сонымен бірге қиындықтарды жеңе отырып табандылықпен мақсатқа жету үшін әрекет жасау қабілетін де белгілейді.

Адам өмірінде еріктің маңызы орасан зор. Ерік кәдімгі күңделікті өмірде, әсіресе үлкен кедергілерге толы ауыр кезеңдерде керек. Соғыстағы немесе еңбектегі кандай да болсын жасаған ерлік адамның ерік күшіне тікелей байланысты. Керісінше, әлсіз адамдар үлкен іс бітіру түгіл, күнделікті өмір қойған міндеттерді де атқар алмай, жұмысқа кабілеті нашар болып, басқалардың қамқорлығын аңсайды. Ерік күшінің болмауынан кейбіреулер келеңсіз іске құмартын, жағымсыз әдеттердің құрбаны болады (маскүнемдер, наркомандар) . Ерік қуаты барлық психикалық процестердің әрекеттерін жинақтап және жандандырып қана қоймай, сондай-ақ ішкі дене мүшелерінің жұмысын жақсартып, естің аууын, тіпті өлімнің келуін де тоқтатуы мүкін.

Ақылды адам - еркін.

Өзі қалай өмір сүргісі келсе, солай өмір сүретін адамды ғана еркін адам деуге болады. Ақылды адам ылғи да өз қалауы бойынша өмір сүреді, оған ешкім кедергі жасай алмайды, сондықтан да ол алуға болатын нәрсені ғана қалайды. Осы себепті, ақылды адам - еркін.

. . . Өз еркімен емес, мәжбүр болғандықтан әрекет жасайтын адам құл емес пе?

. . . Мен өзінің ар-ұлтына жүгініп әрекет жасайтын, ешқандай да қырсықтар мен азаптардан, тіпті өлімнің өзінен де қорықпайтын адамды ғана еркін адам деп атаймын. Диоген: "Өлуге әрқашан да дайын адам ғана акикат еркін адам".

. . . Адамдар шындық пен ізгілік заңдарымен үйлесімсіз өмір сүргендіктен ғана бақытсыз. Олар ақыл-ойдың әміріне кұлақ аспай өмір сүргендіктен ғана бақытсыз.

. . . Сенің еркің ғана еркін . . . Ал сенің денең - шаң мен тозаң ол кез келген өзінен күштінің билігіне бағынады.

. . . Ақылды адам үшін дене бос нәрсе ғана. Ал дене үшін жасалатын нәрсенің бәрі түкке тұрмайтын нәрселер. Осы түкке тұрмайтын нәрселердің билігінен тезірек және жеңіл құтыл.

. . . Саған тиісті нәрсені ешкім сенен тартып ала алмайды және ешқандай істе де кедергі жасамайды. Құдай ісіне кедергі болу мүмкін еместігі секілді, сенің ізгі ниетінді тоқтату мүмкін болмайды. Яғни, еш ренішсіз және мазасыз өмір сүру мүмкіндігі бар. Адамдар өздері қорыққан нәрсе жүзеге асқанда ғана қамығып, ренжиді. Сен болсаң ештеңеден қорықпа, ешкімге күндестік көрсетпе, тыныш өмір сүр, өз еркіңдегі, адал және өзіңнің қол астындағы нәрсені ғана тіле.

. . . біздікі емес нәрсенің бәрінен бас тарту қажет, ол біздің қожайынымыз бола алмайтындай етіп бас тарту керек, денемізге және ол үшін жасалатын заттарға үйірсектіктен бас тарту керек; байлыққа, даңққа, қызметке, мәртебеге деген махаббаттан бас тарту қажет. Өзімізге бұл нәрселердің бәрі біздің меншігіміз емес екендігін айтуымыз керек. Сонда бізге адам зорлығын зорлықпен жою қажет болмай қалады.

Менің денемді алуы мүмкін; бірақ менің рухым еркін, сондықтан да мен өзім қалай қаласам, солай өмір сүре аламын.

Мен бұған қалай жеттім? Мен өз еркімді Құдайдың еркіне бағындырдым. Және мен осыны қалаймын. Ол қаламаса, мен де қаламаймын.

. . . өтірік және зұлымдық жасаушы адам оған берілгенді сезінбейді, сондықтан да оның өзіне жаман. Сократты өлім жазасына кескенде, зұлымдық оған емес, оны соттаушылар мен өлтірушілерге болды.

. . . Мен еркін болғым келеді және еркін болуға бар күшіммен тырысамын. Бірақ, әрине, толық еркіндікке мен әлі жеткен жоқпын. Мен үшін әлі де болса тән қымбат. Денемнің баяғыда-ақ бұзылғанына қарамастан, мен денім аман болса екен деп әлі де көбірек тілеймін. Бірақ сендерге нағыз еркін адамның мысалдары керек болса, ондай адамдар болатынын біліндер, яғни адам үшін еркіндік мүмкін нәрсе. Мысалы, Диоген. Ол бостан ата-анадан туғаннан "олар бостан емес еді", өзін құлдыққа апаратын нәрседен азат еткендіктен еркін болды: "Мен үшін Құдай заңы - ең басты; ал қалған нәрсенің мен үшін еш маңызы жоқ".

Сократ та еркін, бостан адам болды. Ол өлімнен қорыққан жоқ және өзінің ішкі үніне, ар-ұятына құлақ түрді, тіпті оны осы үшін құдалағанда да, өлімге кесу қаупін тудырғанда да бас тартқан жоқ. Достары оған түрмеден қашып кетуді ұсынғанда ол өз өмірін алдаудың көмегімен сақтап қалуды қаламады және қажет болған жағдайда өзінің өлімі арқылы адамдарға өзі өмір бойы үйреткен жақсы нәрсенің бәрін дәлелдеді.

Адамдар соншама шаттанатын, соған қол жеткізу үшін толғанатын және мазаланатын нәрсенің бәрі оларға кішкене болса да бақыт әкелмейді. Адамдар мазаланып, жетсем деп жүгіріп жүргенде осы қол жеткізбек болған нәрсені игі нәрсе деп ойлайды. Бірақ оған қол жеткізген бойда олар тағы да мазалана бастайды, күйінеді және оларда әзірге жоқ нәрсеге қызығады. Бұл түсінікті де, себебі адам еркіндікке күйбең тірліктерін қанағаттандыру арқылы жетпейді; керісінше, осындай тілектерден құтылу арқылы жетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмін зерттеу
Экономикалық әлеуметтану негізгі категориялары
Химиядан сыныптан тыс жұмыстар
Киімнің сыртқы пішіні мен конструкциясының сипаттамасы
Стиль ұғымы. Функционалды стильдердің жіктелуі
Көпұлтты мектептегі патриоттық тәрбие
Туризм саласындағы маркетингтің ерекшелігі
Антикалық дүниетанымдық ой
Теориялық білім мен практиканың байланысын жүзеге асыру
Антик философия. Софистер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz