Жалақы - еңбек бағасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... 3
І.Жалақының мәні, түрлері мен жүйесі ... ... ...4
ІІ.Жалақы . еңбек бағасы ... ... ... ... ..10
2.1.Еңбек — жалақы тудырушы өндіріс факторы ретінде ... ... ..13
2.2.Еңбек нарығын реттеудің жалақыға әсері ... ... ...15
2.3.Процент . капиталдың меншік иесінің табысы ... 21
2.4.Жалақы және кәсіподақ ... ... ... ... 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... .26
Адамның тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек. Адамды адам еткен еңбек деп айтудың өзі де жайдан-жай емес. Адам енбек арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп шықты, табиғат күштерін игере отырып, оны өз мүддесіне пайдаланды, еңбек құралдарын жасауды игерді, қабілетін дамытты, білім алып, оқу-өнер, ғылымды игерді.
Жалақы - бұл еңбектің бағасы, оның шамасы мен динамикасы
сұраныс және ұсыныспен анықталады.
Жалақы - еңбек емес, жұмыс күші деп аталатын тауар құнының
ақшалай көрінісі. Өйткені еңбек тауар бола алмайды, ол өндіріс шарттары
сияқты нарықтық факторлармен де анықталады.
Еңбек басқа өндіріс факторлары сияқты жалақы деп аталатын табыс
әкеледі. Еңбек нарығында жұмысшы мен жұмыс беруші келісімге отырып,
осы келісім бойынша жұмысшы белгіленген уақыт аралығында кәсіпорында
еңбек етуге, ал кәсіпорын иесі бұл үшін оған жалақы төлеуді міндетіне
алады.
Маркстік түжырымдамаға сәйкес жалақы еңбек бағасы емес, өйткені енбек тауар емес, олай болса оиың құны да жоқ. Жұмыс күші тауар бола алады, ал жалақы осы тауардың бағасы, яғни оның құнының ақшалай көрінісі. Жұмысшы жалақы түріңде бүкіл еңбегі үшін емес, тек қажетті еңбек мөлшерінің құнын алады. Жалақының экономикалық маз мұны мынада, осы табыс арқылы өндірістің жеке факторының орны толтырылады, адамның материалдық және рухани қажеттіліктері қанағаттандырылады,білім алуы, еңбекке дайындығы жүзеге асырылады.
1. Мамыров Н.Қ, Есенғалиева Қ.С, Тілеужанова М.Ә.
«Микроэкономика» . «Экономика». Алматы. 2004.
2. Елемесов Р, Жатқанбаев Е. « Мемлекет және нарық» .
«Қаржы-қаражат» .Алматы. 1997.
3. Р Г Кауз. «Фирма табиғаты» .
«Қаржы-қаражат». Алматы. 1998.
4. Аубакиров Я. «Экономикалық теория негіздері».
Алматы. «Санат» ,1998.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І.Жалақының мәні, түрлері мен
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .4
ІІ.Жалақы - еңбек
бағасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..10
2.1.Еңбек — жалақы тудырушы өндіріс факторы ретінде ... ... ..13
2.2.Еңбек нарығын реттеудің жалақыға
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ...15
2.3.Процент - капиталдың меншік иесінің
табысы ... ... ... ... ... ... 21
2.4.Жалақы және
кәсіподақ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 5
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...26

Кіріспе
Адамның тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек. Адамды
адам еткен еңбек деп айтудың өзі де жайдан-жай емес. Адам енбек арқылы
хайуанаттар дүниесінен бөлініп шықты, табиғат күштерін игере отырып, оны өз
мүддесіне пайдаланды, еңбек құралдарын жасауды игерді, қабілетін дамытты,
білім алып, оқу-өнер, ғылымды игерді.
Жалақы - бұл еңбектің бағасы, оның шамасы мен динамикасы
сұраныс және ұсыныспен анықталады.
Жалақы - еңбек емес, жұмыс күші деп аталатын тауар құнының
ақшалай көрінісі. Өйткені еңбек тауар бола алмайды, ол өндіріс шарттары
сияқты нарықтық факторлармен де анықталады.
Еңбек басқа өндіріс факторлары сияқты жалақы деп аталатын табыс
әкеледі. Еңбек нарығында жұмысшы мен жұмыс беруші келісімге отырып,
осы келісім бойынша жұмысшы белгіленген уақыт аралығында кәсіпорында
еңбек етуге, ал кәсіпорын иесі бұл үшін оған жалақы төлеуді міндетіне
алады.
Маркстік түжырымдамаға сәйкес жалақы еңбек бағасы емес, өйткені енбек
тауар емес, олай болса оиың құны да жоқ. Жұмыс күші тауар бола алады, ал
жалақы осы тауардың бағасы, яғни оның құнының ақшалай көрінісі. Жұмысшы
жалақы түріңде бүкіл еңбегі үшін емес, тек қажетті еңбек мөлшерінің құнын
алады. Жалақының экономикалық маз мұны мынада, осы табыс арқылы өндірістің
жеке факторының орны толтырылады, адамның материалдық және рухани
қажеттіліктері қанағаттандырылады,білім алуы, еңбекке дайындығы жүзеге
асырылады.

І.Жалақының мәні, түрлері мен жүйесі

Жалақы-еңбек құнының (бағасынын) ақшалай өлшемі. Қазақстан
Республикасының аралас әлеуметтік бағытталған рыноктык экономикаға көшу
кезінде минимальды деңгейдегі еңбек ақыны мемлекет көңілдендіре; және
жоғарғы деңгейдегі еңбек ақыға шек койылмайды. Бұл еңбек материалды
ынталандырудың және еңбек өнімділігін арттырудың басты кұралы болып,
коғамдық өндірісті тиімді дамытуға ықпал етеді.
Жалақыны дифференциялау және оның принциптері. Еңбеқ ақы
деңгейі халык шаруашылығы саласы және аясына карай езінді
ерекшілігімен айкындалып, ал бес принципке негізделген.Бірінші принцпі
— еңбектің күрделігі. Күрделі, біліктілікті (квалификацияланған)
жай еңбекке қарағанда молдау кұнды құрайды және оған еңбек ақы жоғары
болуы тиіс.
Екінші принцип, еңбек жағдайына карай жіктеу. Еңбек жағдайы жен
және ауыр; қалыпты және зиянды болуы мүмкін. Сондықтан қалыпты _
жағдайда еңбек еткендерге қарағанда, ауыр әрі зиянды жұмыс істейтінд!
жалақыны көп алуы қажет.
Үшінші принцип, еліміздің дамуын байқататын экономиканың қажетті
салаларында басқаларына қарағанда өсім мен ақы төлеу жоғар болады.

Минималды Разрядтар
жалақы
дейгейі
1

11

2,05 2,20 2,37 2,35 2,74 2,95 3,17 3,41 3,67 3,94 4,24
Төртінші принцип, экономикалық аудан мен аймактың табиғи климаттык
жағдайының өзгешелігімен байланысты. Еңбек ақыға әртүр экономикалық
аймақтарда аудандык коэффициент белгіленіп, жалакы косымша тұрінде
косылады. Қазақстан Республикасында бұл коэффиции 1,15-ті кұрайды. Демек,
елімізде барлык салаларда жұмыс істейтіні жалақысына 15% қосымша қосып
алады.
Казакстан Республикасы 1996 жылғы 9-шы каңтардағы "Казакс1
Республикасы экономика саласындағы жұмысшыларға еңбек ақыта туралы"
каулысына сай, жалақыны есептегенде қолданып жүрген сала аудандық
коэффициенттер размері сакталады. Таулы, кұмды және су жерлердегі жұмыс
үщін, экономикалық келеңсіз аймақта тұратын коэффициенттер сакталады.
Жалақыны ұйымдастырудың негізгі прмнциптері тарифтік бейнеленгегі.
Енбек сыйпатының сандык және сапалығын есептей отырып, тарифтік жүйе
жалақыны ұйымдастырады және реттейді.
Қаулыда еңбек ақының минималды мөлшері көрсетілген беруші
жұмыскерге одан төмен төлемеуі керек. Біркелкі тарифтың Жұмыс(БТЖ) бірінші
разрядының станкасы осы минимумды көрсетеді .
Жалақының 1997-ші жылғы минималды мөлшері
1-ші қаңтардан - 2030 теңге
1-ші сәуірден - 2060 теңге
1-ші шілдеден - 2085 теңге
1-ші қазаннан - 2340 теңге
Мысалы, 18-ші разрядтағы жұмыскерге жалақы төленуін
көрейік. Айталық, 1997 жылдың қаңтарынан 18-ші разрядты
республикадағы жалақы мынаған тең: 2030 х 3.41=6922 теңге 30
оған 15% аудандык (Казақстандық) қосымшаны косыңыз 6922
7960 теңге 64 тиын.
Осыпайша еңбек ақы бюджеттік ұйымдағы жұмыскерлерге
оку орны, мектеп, аурухана) төленеді. Кәсіпорындағы жұмысщың
ші мен 8нші разряд аралығы қолданылады.
Мемлекеттік емес кәсіпорында тарифтік станканы, тапигһт
коэффициентті және лауазыма қызметкердің айлығын кәсіподақ
шешімімен белгілейді. Мемлекеттік тарифтік жүйе түрғындардың ақшалай
табысын индексациялау негізінде оларды меттік қорғау қажеттілігі туады.
"Тұрғындардың ақшалай табысын иу тауарына және кызмет көрсетуге бағаның
есуіне байланысты сксациялау" Қазакстан Республикасының Заңына сәйкес, 1991
м 1-ші шілдеден бастап, Қазакстан территориясында әрбір кварталын олардын
акшалай табысы индексациялануы қажет.
Оның мәнісі мынада: жұмысты орындаушы канагаттану үшін, әртүрлі жұмыс
пен талаптардың күрделілігін сипаттайтын, жасалған көрсей шкаласының
негізінде сандық, балл бойынша бағаланып "Аналитикалык, бағалау" негізінде
жалақының көптеген жеке станка белгіленеді. Германиядагы "Хукингем"
металлургиялык кәсіпорын концернде 5 мың жұмысшы бар, онда жалақының 1000-
нан астамзм станкасы ендірілген.
Жапонияда ірі кәсіпорындар жалақының жасқа әрі стам байланысты
калыптасқан түрін колданса, 70-ші жылдардың аягыа жұмыс стажына қосымша
мөлшерді жыл сайын азайта бастады. Тірі жұмыскер 35 жасқа жеткенде, ол
қосымша мөлшерді тоқтатып таста Жоғарыдағы аталған түрлердің орынына еңбек
ақы төлеуі комбинацияланған түрі келді. Өзінін, қаржы мүмкіндігіне
еңбектің нәтижесі үшін, жұмыс стажы мен жасы үшін еңбек ақы көптеген
өндірісі дамыған елдерде әртүрлі "пайдаға қатық "кәсіпорын жетістігі"
жүйелері колданылады. Бірінші ұжымдық келісіммен белгіленеді, екіншісі -
косымша бөлім, кәсіпорын жұмыскерлері мен өкімшілік арасында арнайы келісім
аныкталып жылдың аяғында кәсіпорынның "пайда үлесі" деп төленеді. Толық
жұмыстылық ұғымы болмайды. Толық жұмыстылық - бұл кезеңдік жұмыссыздықтың
болмауы. Нарықтық экономикада міндетті түрде жұмысшылардың тиімді резерві
болады жөне жұмыссыздықтың табиғи нормасы немесе табиғи деңгейі сақталады.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі - толық жұмыстылық жағдайындағы
жұмыссыздық деңгейі (яғни кезеңдік жұмыссыздықтың болмауы).
Оукен заңы.
Бұл - жалпы ұлттық өнім мен жұмыссыздық деңгейі арасындағы
айырмашылық. Жұмыссыздық деңгейінің табиғи деңгеймен бағалағанда 1 %-ға
көтерілеуі нақты жалпы ұлттық өнімнің өсу жылдамдығып 2,5 %-ға төмендетеді
олардың бір де біреуі осы ресурстарды пайдалану құқығын басқа адам
қайтарусыз бере алмайды.

Сондықтан да өндірістің негізгі элементті қозғалысы, оларды иемдену,
басқару және пайдалану терең қоғам экономикалық қатынастарды қозғайды.
Тауарларды тұтынуға деген сұраныс оларға белгілі бір құнды береді.
Соңғысы тұтыну тауарларының өндірісі үшін қолданатын ресурстардың
құндылығын тудырады. Еңбек факторы үшін құндылық төлем ақысында, жер
факторы үшін - жер рентасында, ал капитал факторы үшін - пайдадан
көрінеді. Бұл аталған факторлар тұрғындардың әр тобы үшін табыс көздері
болып табылады. Табыстардың бөлінуінен т тауарларына деген сұраныс тәуелді
болады.
Өндіріс - бұл материалдық немесе рухани игіліктерді пайдалану процесі.
Өндірісті бастау үшін не өндіру керек және қалай өндіру : мәселесі туады.
Маркстік теория өндіріс факторлары ретінде адамның күшін, еңбек заты мен
еңбек құралдарын қарастырып, оларды екі үлкен бөлікке бөледі: өндірістің
жеке факторы және заттық фактор. Жеке фактор адам еңбекке деген физикалық
және ақыл-ой қабілеттіліктерінің жиын ретінде жұмыс күшін сипаттайды.
Заттық фактор өндіріс құралдары болып табылады. Өндірісті ұйымдастыру осы
факторлардың үйлесімді қызметтй көздейді. Маркстік теория өндіріс
факторларының өзара байланысы, оларға бірігу сипаты өндірістің әлеуметтік
бағыттылығын, қоғамдағы топта құрамыы мен олар арасындағы қатынастарды
анықтайтындығынан шығады.
Маржиналистік (неоклассикалық, батыс) теория өндіріс факторларының 4
тобын бөліп көрсетеді: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қызмет.
Жер - шаруашылық іс-әрекеттің негізі және табиғи байлық ресурс табиғи
фактор. Ол кең мағынада қолданылады, өйткені ол белгілі бір көлемде
табиғатпен берілетін барлық қазба байлықтарды қамтиды. Өндірістің
факторларынан айырмашылығы жердің маңызды қасиеттерінің бірі
шектеулілігінде. Адам өз қалауы бойынша оның мөлшерін өзгерте алмайды. Бұл
факторға қатысты кемімелі қайтарым заңы жөнінде айтуға болады.Бұл жерде сөз
сандық дәрежедегі қайтарым немесе кемімелі табыстылық жөнінде болып отыр.
Адам жердің құнарлылығына ықпал ете алады, бірақ бұл шексіз емес. Басқа
тең жағдайлар тұсында жерге, пайдалы қазбаларды игеруге еңбек пен
капиталдың үздіксіз салынуы сәйкес қайтарым өсуін қамтамасыз етпейді.
Еңбек — адамның ақыл-ой және физикалық кызметі, жинақталған тәжірибе,
жалпы және кәсіптік біліміне негізделген өзі қабілеттіліктерінің жиынтығы.
Экономикалық теорияда өндіріс факі ретінде еңбек адамдардың пайдалы
нәтижеге қол жеткізу мақсаты шаруашылық іс-әрекет процесіне жұмсайтын кез
келген ақыл-ой физикалық күш-жігері. А.Маршалл: "кез келген еңбектің
мақсаты белгіл нәтижеге қол жеткізу", - деп көрсеткен. Адамның еңбек ететін
уақыты жұмыс уақыты деп аталады. Оның ұзақтығы - өзгермелі шама және де бір
шегі бар. Адам тәулігіне 24 сағат еңбек ете алмайды. Оған еңбекке деген
қабілеттілігін қалпына келтіруге және рухани қажеттілігін қанағаттандыруға
уақыт қажет. Ғылыми-техникалық прогресс еңбектің мазмұны мен сипатына,
жұмыс уақытының ұзақтығына өзгерістер алып келеді.
Капитал - тауарлар мен қызметтер өндірісінде қолданылатын еңбек
құралдарының жиынтығы ретінде карастырылады. Капитал терминінің
көптеген мағынасы бар. Бір жағдайда капитал өндіріс құралдарымен
байланыстырылса (Д.Рикардо), басқа жағдайда жинақталған материалдық
игіліктермен, қоғамдық интеллектпен байланыстырады. А.Смит капиталды
жинақталған еңбек ретінде, К.Маркс өздігінен өсетін құн, қоғамдық қатынас
ретінде қарастырған. Капиталды тауарлар мен қызметтер өндірісінде және
оларды тұтынушыларға жеткізуде пайдаланылатын инвестициялық ресурстар
ретінде анықтауға да болады. Капиталға деген көзқарас әр түрлі, бірақ
олардың барлығына ортақ нәрсе оның табыс әкелу қабілеттілігі болып
табылады.
Нақты өмірде кәсіпкер аз шығын жұмсай отырып жоғарғы өнім шығымын
қамтамасыз ететін өндіріс компоненттерінің үйлесімін табуға тырысады. Осы
мақсатпен әрқашан үтымды шешімдер іздестіру жағдайында болады. Олардың
алдында ең жоғарғы табыс әкелетін өндіріс факторларын таңдау мәселесі
туындайды және бұл кезде өндірістік редурстарға деген бағаның тұрақты
өзгерістерін ескеру керек. Адам өндірістің басты факторы болған және
әрқашан да болып қала бермек. Адамзат қоғамын зерттеуде экономикалық теория
оны бір мезгілде өндіруші және экономикалық игіліктердің тұтынушысы ретінде
қарастырады. Ол техника мен технологияны қозғалысқа келтіріп, оларды
пайдалану тәсілдерін анықтаса, соңғысы өз кезегінде адамның физикалық және
интеллектуалдық мүмкіндіктеріне жаңа талаптар қояды.
Өндірістің жеке факторының сипатты ерекшелігі адамның тек қана
өндірістің элементі емес, қоғамның басты өндіргіш күші екендігінде.
Жұмысшы бір мезгілде жұмыс күші, яғни өндіріс факторы және өндірістік
қатынастардың субъектісі болып табылады. Өндіріске әсер ете және оны
өзгерте отырып, ол экономикалық қатынастардың бүкіл жүйесін, өзінің
экономикалық тәртібін өзгертеді. Оның өндірістегі ролін қоғамдық қатынастар
жүйесінен тыс түсінуге болмайды. Өндіріс түрғысынан адам тек қана оның
субъектісі емес, сондай-ақ соңғы мақсаты. Қоғамдық өнім бөлу өнім бірлігін
сатудан түсетін түсімнің азаюына алып келеді. Бұл кәсіпорын үшін өндіріс
ауқымының өсуін қысқарту сигналы болды.

ІІ.Жалақы - еңбек бағасы
Еңбек басқа өндіріс факторлары сияқты жалақы деп аталатын табыс
әкеледі. Еңбек нарығында жұмысшы мен жұмыс беруші келісімге отырып,
осы келісім бойынша жұмысшы белгіленген уақыт аралығында кәсіпорында
еңбек етуге, ал кәсіпорын иесі бұл үшін оған жалақы төлеуді міндетіне
алады.
Жалақының мәні жөнінде экономикалық теорияда 2 концепция бар:
Жалақы - бұл еңбектің бағасы, оның шамасы мен динамикасы
сұраныс және ұсыныспен анықталады.
Жалақы - еңбек емес, жұмыс күші деп аталатын тауар құнының
ақшалай көрінісі. Өйткені еңбек тауар бола алмайды, ол өндіріс шарттары
сияқты нарықтық факторлармен де анықталады.
Жалақының 2 концепциясы ағылшын саяси экономиясының классиктері А.Смит
пен Д.Рикардо салған теориялық негіздерінен көрінеді. А.Смит еңбек пен
жұмыс күші арасындағы айырмашылықты қарастырмайды. Ол табиғи бағаға ие
еңбек тауар болып табылады деп санайды. Ол өндіріс шығындарымен, яғни
жұмысшы мен оның жанұясының өмір сүруі үшін қажетті құралдар құнымен
анықталады. Демек, Смит табиғи жалақы дегенде жұмыс күшінің құнын түсінген.
Жалақының шамасы жұмысшының өмір сүруінің физикалық минимумымен анықталады.
Бүдан басқа жалақы өзіне тарихи және мәдени элементтерді қосады. Осы
жағдаймен Смит жалақының шамасында ұлттық ерекшеліктердің болатындығын
түсіндіреді. Жалақының динамикасын ол экономикалық жағдаймен (экономикалық
прогресс, экономикалық регресс және экономиканың өзгеріссіз жағдайы)
байланыстырды. Осыған тәуелді еңбекке сұраныс және оның бағасы өзгереді.
Экономикалық өсу жағдайында еңбекке сұраныс өседі, сондықтан нарықтық
жалақы табиғи жалақыдан жоғары болады.
Д.Рикардо да А.Смит сияқты жалақы еңбектің бағасы деп есептейді. Ол
жалақы теориясын Мальтустың халық тұрғындары теориясымен байланыстырады.
Рикардоның ойынша жалақы өмір сүру құралдарының физикалық минимумына
талпынады. Оның мәні мынада: жалақының өсуі туылу дәрежесін ынталандырып,
бұл еңбек ұсынысының өсуіне алып келеді. Нәтижесінде жалақы төмендейді және
керісінше, жалақының төмендеуі жұмысшылар саны мен еңбек ұсынысын
қысқартады. Демек, жалақының өсуіне алып келеді. Сондықтан еңбек ұсынысының
ауытқуынан жалақы біршама тұрақты шама - өмір сүрудің физикалық минимумына
жақындайды.
Жалақының жұмысшы мен оның жанүясының өмір сүру құралдарының физикалық
минимумымен анықталынатындығы жалақы теориясының негізіне алынған.
К.Маркстің жалақыға қатысты концепциясының негізінде еңбек пен жұмыс
күші терминдері ажыратылады. Бұл концепцияға сәйкес жалақы еңбек бағасы
болып табылмайды, өйткені еңбек тауар емес және оның құны жоқ. Жұмыс күші
тауар болып табылады, ал жалақы осы тауардың бағасы, яғни оның құнының
ақшалай көрінісі. Жалақы формасында жұмысшы барлық еңбек үшін емес, тек
қана қажетті еңбек үшін ақы алады. Жалақының экономикалық маз мұны: табыс
есебінен өндірістің жеке факторы өтөледі, материалдық және моральдық
қажеттіліктердің қанағаттандырылуы қамтамасыз етіледі. Маркс жұмыс күшінің
құны мен жалақыны өмір сүру құралдарының физикалық минимумымен теңестірді.
Оның ойынша, жұмыс күшінің құны алғашқы қажетті тұтыну затгарының құнымен
анықталады.
Жалақының шамасы өндіріс шарттарына, жұмыс күшінің үдайы өндірісі-
жұмыс күші құнына ықпал ететін еңбектің ауырлығы, өнімділігі,
интенсивтілігі деңгейіне тәуелді болады. Жалақы нарықтық коньюктура
-еңбекке сұраныспен ұсыныс арақатынасына тәуелді. Қазіргі экономикалық
теорияда жалақы еңбекті пайдаланғаны үшін төленетін баға ретінде
анықталынады. Бұл жерде еңбек термині кең мәнге ие. Ол өзіне әр түрлі
кәсіптегі жұмысшылар мен мамандардың еңбек ақысын қосады.
Жұмыс күшін сатып алу-сатуда номиналды жалақы анықталынады. Номиналды
жалақы бұл бір сағат, күн немесе аптада алынатын ақша сомасы. Осы ақша
сомасына өмір сүруге қажетті тауарлар мен қызметтер сатылып алынады. Бұл
алынған ақша сомасының сатып алу кабілеттілігі нақты жалақы деп аталады.
Демек, нақты жалақы номиналды жалақы мен сатып алынатын тауарлар мен
қызметтердің бағасына тәуелді болады. Тұтыну бағаларының өзгеріссіздігі
жағдайында номиналды және нақты жалақының өсу қарқыны сәйкес келеді.
Инфляция жағдайында олардың шамасы едәуір ерекшеленеді. Нақты жалақының
динамикасы номиналды еңбек ақы индексін тауарлар мен қызметгер бағаларының
индексіне бөлгенге тең. Нақты жалақы индексінен және жалақы мен бағаның әр
түрлі сандық мәндегі индекстерін ескере отырып нақты жалақы динамикасының
негізгі төрт вариантын алуға болады:
Номиналды жалақы тұтыну бағалары өсетін қаркынмен жоғарлайды.
мұндай жағдайда нақты жалақы деңгейі тұрақты. Бұл вариант номиналды
жалақы автоматты түрде иидексацияланған жағдайда болуы мүмкін. Бұл
сирек болатын құбылыс. Экономикалық түрде инфляциядан сақтағанымен
номиналды жалақының өсімі нақты жалақының өсуімен қатар жүрмейді.
Номиналды жалақы ифляцияға қарағанда тез өседі. Нақты жалақы
абсолютті мөлшерде өседі. Бұл жағдай бірінші кезекте жұмысшылардың
артықшылықты топтарын қозғайды. Бұл динамика экономикалық
ынтымақтастық пен даму ұйымына кіретін 28 жоғарғы дамыған елдер үшін
тән. 30 жылда (1965-1994) мұнда тұтыну бағалары 4' есе өскен, бірақ
номиналды еңбекақы осы уақытта 8,2 есе өскен. Бұл тұтыну бағаларының
номиналды жалақы деңгейімен салыстырғанда төмендегенін білдіреді.
Инфляцияның төменгі қарқыны жағдайында номиналды жалақыны
индексациялау жүргізілмейді. Бұл жағдайда нақты еңбекақының шамасы аз
ғана мөлшерде қысқарады. Тұрмыс деңгейінің төмендеуінің алдын алу үшін
жұмысшылар еңбек уақытының ұзақтығын өсіруге немесе басқа жерлерде
қосымша жұмысқа орналасуға тырысады.
4. Инфляциялық спираль. Егер инфляцияның жоғарғы қарқыны
жағдайында еңбекақыны индексациялау жүргізілмейтін болса, онда
жұмысшылар сонда да сәйкесінше номиналды табыстың өсуіне қол
жеткізеді. Үкімет пен кәсіпкерлер ақшалай еңбекақының жоғарғы деңгейін
бекітетін болса, онда қорытындысында өнім қымбаттайды. Ал бұл тұтыну
бағаларының өсуіне алып келеді.

2.1.Еңбек — жалақы тудырушы өндіріс факторы ретінде
Еңбек адамнын максатқа сай қызметі, еңбектін кемегімен адам өз қажетін
өтеу үшін табигатты өзгертеді, өзіне лайықтап икемдейді. Адамның тіршілік
етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек. Адамды адам еткен еңбек деп
айтудың өзі де жайдан-жай емес. Адам енбек арқылы хайуанаттар дүниесінен
белініп шықты, табиғат күштерін игере отырып, оны өз мүддесіне пайдаланды,
еңбек құралдарын жасауды игерді, қабілетін дамытты, білім алып, оқу-өнер,
ғылымды игерді.
Еңбек туралы айта отырып, еңбек өнімділігі мен енбек қаркындылығы
деген үғымдарга да тоқталған дүрыс болар, Еңбек қарқыңдылығы-белгілі бір
уақыт ішінде жұмсал-ған еңбектің мөлшері мен еңбек пәрменділігі. Конвейерлі
(тізбекті) жұмыс әдісін шапшаңдатқанда, бір мезгілде жұмыс істейтін
жабдықтарды көбейткенде, уақыт ұтып еңбек карқындылығын арттыруға болады.
Ғылыми-техни-калық революция жағдайыңда, ендірісті кешенді механи-зациялау
және автоматтандырумен байланусты жұмысшы-ның дене күшін жұмсауы азаяды,
есесіне ой-ми энергиясын жұмсауы ұлғаяды. Жұмыс күнінің ұзақтығы
қысқартылса, еңбек қарқындылығы артады, керісінше, жұмыс күнінің ұзақтығы
артатын болса, еңбек қарқынды-лығы төмендеуі мүмкін. Ғылыми-техникалық
революция еңбек сипатын өзгертті. Еңбектік мамандық дәрежесі өсті,
кадрларды кәсіптік жағынан даярлауға кететін уақыт көбейді, өңдірісте
күрделі машиналар мен механизмдерді пайдаланумен байланысты адамдардың дене
еңбегінін үлесі барған сайын азаюда, жұмысшы технологиялық процестін; мәнін
үғынып, қымбат та күрделі жабдықтармен жұмыс: істей алатын, өздігінен
бастама керсететін дәрежеге көтерілді. Жұмыс күні бойьгаша еңбек қажетті
және косымша болып бөлінеді.
жұмыссыздықтың өте жоғары деңгейі жалақының әсерінен туындап отыр
S
W2
A L –
еңбектің
W1
W – нақты жалақы көлемі
D А –
еңбекке деген сұраныс пен
2 1 3 L ұсыныстың
теңесу нүктесі

Жұмысшы жұмыс уақытының бір бөлігін езін қажетті өнімдерді өндіруге
жұмсайды. Бұл уақыт ішінде жұмсалған еңбек қажетті еибек болып табылады.
Алайда жұмысшы тек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалақы
НОМИНАЛДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ ЖАЛАҚЫ
Нарықтық экономика жағдайындағы жалақыны реттеу ерекшеліктері
Енбекти жане жалакыны жоспарлау
Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстың қалыптасуы жайлы
Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
Жалақы теориясы:мәні, түрлері, жіктелу ерекшеліктері
Құн теориясы, маңызы мен мәні
Жалақы және кәсіподақ
Еңбек жалақысы
Пәндер