4-5 жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалану


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Темирханова Ләззат
4-5 жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалану
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
Түркістан 2015
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Қорғауға жіберілді»
«Білім технологиялары» кафедрасының
меңгерушісі, п. ғ. д., доцент
Б. Ортаев
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: 4-5 жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалану
5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы
Орындаған Темирханова Ләззат
Ғылыми жетекшісі,
аға оқытушы Исахова Шахизада
Түркістан 2015
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
2007 жылдың 27 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы. - Астана, 2004.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. - Астана, 2004.
ҚР МЖМБС 5. 01. 021 - 2008. Негізгі ережелер. 2008. - 8 б.
Жоғары мектеп студенттеріне этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдары білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
АНЫҚТАМАЛАР
Мемлекеттік жоғары кәсіби білім беру стандарты - жоғары білім беру құрылымын, мазмұнын және жоғары білімнің негізгі бағдарламаларының көлемін анықтайтын құжат.
Білім беру бағдарламасы - білім беру мазмұны мен оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерін сипаттайтын білім беру мекемелерінің нормативтік - басқару құжаттары.
Мектепке дейінгі педагогика - мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту, тәрбиелеу, оқыту және оның негізгі заңдылықтары туралы ғылым.
Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз - оқушылардың бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын және олардың өздерінің де бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі тәрбиешілердің арнаулы мақсат көздеген қызметі.
Адамгершілік - қоғамдық өмірдің обьективті заңдылықтарына сәйкес, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негіз болып табылатын талапқа сай белгілі бір гуманистік принциптерді білдіретін моральдық ұғым.
Халық ауыз әдебиеті - халқымыздың ауызекі шығарып, ауызекі тарап отыратын асыл мұрасы. Онда халқымыздың ғасырлар бойғы басынан кешірген тарихи белестері, елінің тәуелсіздігі жолындағы ерлік, батырлық қимылдары, халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, арман-мүддесі, қиялы, жастардың кіршіксіз пәк махаббаты сөз өнерімен кестеленген.
Әдет-ғұрып - белгілі ситуациялардағы адам мінез-құлқының қайталанатын әдетті дағдылары.
Дәстүр - (лат. traditio-жапсыру, жалғастыру) - тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар, салт-сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез-құлық қалыптары және т. б., қоғамда, ұлтта немесе жекелеген әлеуметтік топтарда ұзақ уақыт бойы сақталатын әлеуметтік-мәдени мұра элементтері.
Этнопедагогика - х алықтың (этностың) тарихи өмір тәжірибелерін жүйелеп тұжырымдаған ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылым (Ә. Табылдиев) .
Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіруді, балалардың айналамен қарым-қатынасын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыруды көздейді.
Мораль - дегеніміз адамдардың мінез-құлқының тарихи қалыптасқан принциптері мен ережелерінің жиынтығы.
Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіруді, балалардың айналамен қарым-қатынасын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыруды көздейді.
Ертегі - фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры - халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР МЖМБС - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
ЖОО - жоғары оқу орны
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қоғамның қалың талқылауына ұласқан Елбасы Н. Назарбаевтың ағымдағы жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолауының негізгі бағыты алдағы дағдарысқа қарсы ұлттың экономикалық қуатын еселеп, соған жан-жақты әзірлікті қамту болып отырғаны айқын [1] .
Қазақстан Республикасы Конституциясында [2] . «Тіл туралы» [3] . «Білім туралы» Заңдарында [4] . «Үздіксіз тәрбие тұжырымдамасы» [5] . «Мәдени мұра» бағдарламасы [6] . «Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдары білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» [7] . «Жоғары мектеп студенттеріне этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы» [8] жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру жүйесін түбегейлі өзгертуге, олардың бойындағы адами, рухани байлықтарын жетілдіруге және еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке ата-бабаның тарихи мұралары негізінде тәрбиелеуге баса назар аударылған.
«Қазақстан Республикасы әлеуметтік-мәдени дамуының тұжырымдамасында»: «Енді Қазақстан халықтарына өз мәдениетінің келбетіне қайтадан толық көлемінде ие болуға тура келеді, ал бұл арада қазақ мәдениетіне, яғни мемлекетке тарихи атауын берген халықтың мәдениетіне даусыз басымдық берілуге тиіс, өйткені ол Қазақстаннан басқа еш жерде шын мәнінде түлеп, қажетінше дами алмайды», - деп атап көрсетілген. Еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев «Сындарлы он жыл» [9] атты еңбегінде: « . . . қазақ тарихы адамзат шежіресінің құрамдас бөлігі екені ғылыми тұрғыда дәлелденуі керек», - деп ерекше тоқталды, тәрбиенің тарихпен сабақтастығының ашылуы, қажеттігі болашақ ұрпақ дамуының қалыптасу, бала дамуының зандылықтарын, қазіргі қоғам талаптарымен салыстыра зерттеудің, ғылыми негізде зерделеудің көкейкестілігін көрсетеді.
Орыс халқының белгілі ғалымы А. Ә. Измайлов: «Халық педагогикасы ұрпақтан-ұрпаққа көбінесе ауызша түрде жалғасып келе жатқан, халықтың тарихы және әлеуметтік тәжірибесінің жемісі, оның іс-жүзінде тексерілген білімнің, дағдыларының жиынтығы. Халық педагогикасының ескерткіштері халық ертегілерінде, аңыздарында, мақал-мәтелдерінде сақталып, ұлттық салт- дәстүрлері арқылы өзінің көрінісін беріп отырады» - деп атап көрсетті [10] .
Орыс халқының ұлы педагогы К. Д. Ушинский халықтық тәрбиенің мақсаты мен мазмұнына және тәрбие мен оқыту әдісіне тоқтала келе, бала тәрбиелеудегі халық ауыз әдебиетіне ерекше тоқталды. Ол «ертегілер халықтық педагогиканың алғашқы және тамаша үлгілері. Ертегілердегідей халықтың асқан даналық тәрбиесімен тепе-тең келетін бірде-бір тәрбие құралы жоқ» - деген еді [11] .
Қазақ халқының педагогы М. Жұмабаев «Ұлттық тәрбиенің негізі - адамгершілік тәрбиесі» - деген [12] .
Халық ауыз әдебиетінің нәрімен сусындаған әрбір баланың адамгершілігі мол, ақылы толыққанды азамат боларына шүбә жоқ. Бала бойында асыл, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда халықтық өнегенің маңызы ерекше. Асылы, тәрбиенің негізгі іргетасы адамгершілік тәрбиесіне байланысты. Адамгершілік - адамның рухани арқауы. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекеттер, әңгімелер, соның ішінде халық ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы беріледі.
Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің барлығы дерлік балаға өмір танытарлықтай қызмет атқаруға арналған. Баланы тәрбиелеу ісіне қажетті барлық мүмкіндіктер ауыз әдебиеті үлгілерінен табылып, халықтың шығармаларын оқып-танысу барысында адамгершілік асыл қасиеттердің адамды арман-мұратына жеткізетінін, ал жаман қылық, жат әрекеттердің зияны тиіп, жаманшылыққа ұшырататынына көз жеткізеді.
Ерте заманнан бері ауыз әдебиетіндегі ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келген халықтық тәрбиенің өнеге-үлгілері осы уақытқа дейін өзінің педагогикалық мүмкіндіктерінің мәні зор екенін дәлелдеп келеді.
Қазақ халқының көрнекті азаматтары М. Дулатов [13] . Ж. Аймауытов [14] . және т. б өздерінің педагогтік-ағартушылық еңбектерінде халықтың рухани мұрасының өміршеңдігін көрегендікпен түйсіне отырып ұсынуда, оны тәрбие құралы деп санап, оған дидактика тұрғысынан мән бергендігін атап айтқан.
Ертегілер - ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа айтылып, әбден екшеліп халықтық даналық, тапқыр ой-пікірлері жинақталып, әрі көркем, әрі жеңіл тілмен бүгінгі ұрпаққа жеткен. Оларды зерттеп, жинаған орыс ғалымдары Андросова В. И. [15] . Керимов Л., Пралиев С. . [16] . Сәтімбеков Р. С. [17] . ВыготскийЛ. С. [18], т. б болса, сол кездегі қазақ ойшылдары Табылдиев Ә. [19] . Баймұратова Б. [20] . Меңжанова А. К. [21] . Әмірова Ә. [22] . Әбілдина С. Қ. [23] . т. б. Сонымен қоса М. Әуезов [24] . С. Сейфуллин. [25], М. Ғабдуллиндердің. [26] . қазақ ертегілерінің жанрлық ерекшеліктері мен мазмұнын зерттеуге көп мән берген. Еңбектерде ертегілер арқылы балалардың адамгершілік тәлім-тәрбиесінің дамуына ықпал жасалатыны айтылған. Баланы мұратқа, жеңіске, жетістікке жету жолында белсенділікке, әділеттілікке үйрететіні көрсетілген.
Адам өмірінде кездесетін жайттардың, яғни жақсылық пен жамандықтың, мейірімділік пен қатыгездіктің, шындық пен өтіріктің, әділеттілік пен әділетсіздіктің, ерлік пен ездіктің, еңбекқорлық пен жалқаулықтың және т. б ара жігін ажыратып, түйсіне білуге, бағалай алуға жол ашатыны түсіндірілген.
Мектепке дейінгі тәрбиені дамыту, балабақшаларды көптеп ашу мәселесі қашанда үкіметтің қаулы-қарарларында, мемлекеттік құжаттарда басты назарда болды. Сонымен бірге бұл мәселеге Н. К. Крупская [27], Л. А. Давиденко [28], Табылдиев Ә. [29], Қалиұлы С. [30] еңбектерін арнаған.
Қазақ халқында мектепке дейінгі тәрбие, баланы балабақшада тәрбиелеу жөніндегі ең алғаш еңбекті Нәзипа Құлжанова (1887-1939) жазған «Мектептен бұрынғы тәрбие» (алғы сөзін жазған А. Байтұрсынов), Кошкимбаев Р. Х. Мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі ойнның маңызын қарастырған [31], Қоқымбаев Т. И. халық педагогикасының бала тәрбиесіндегі ролін дәлелдеген [32] .
Қазіргі кезеңде Жұмабекова Ф. Н. Мектепке дейінгі педагогика оқулығында А. В. Андросова, Б. Арзанбаева, Б. Б. Баймұратова, С. Г. Бәтібаева, Н. Баримбеков, Ә. С. Әмірова, Г. Х. Дүкенбаева, З. Д. Еденбаева, А. К. Меңжанова, Г. Ж. Меңлібекова, Т. А. Макеева, Қ. М. Меңдаяқова, Г. Метербаева, Т. А. Левченко, А. Е. Манкеш, М. Т. Тұрыскелдина, Ж. А. Исмайлова, Т. Иманбеков, Ф. Н. Жұмабекова, С. Н. Жиенбаева, О. Жұмадиллаева, М. С. Сәтімбекова, А. Ж. Салиева, Ш. Сапарбаева, Н. Сайлауова, Ғ. З. Таубаева, Х. Т. Шерьязданова, А. А. Нурахунова, т. б. мектепке дейінгі тәрбиенің әр түрлі салалары бойынша зерттеу жүргізіп, тәлім-тәрбиенің мазмұнын, әдістерін талдаған дығын зерттеген. Аталған ғалымдар еңбектерін оқып зерделеу арқылы мектепке дейінгі тәрбиенің даму, қалыптасу бағыт-бағдарын айқындауға болады [33] .
Бүгінгі таңда ол толық мәнді ғылыми теория дәрежесіне көтеріліп, мектепке дейінгі тәрбие тәжірибесінде қолданылып келеді.
Бұл міндеттерді ойдағыдай орындап шыға алатын азаматтарды тәрбиелеуші келешек ұстаздар қауымы - педколледждер мен университеттерде оқып, білім алып жатқан студент-жастар.
Сонымен қарастырған мәселелерде халық ауыз әдебиетін пайдалану арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу туралы еңбектер бола тұра, мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуде халық ауыз әдебиетін балаларды тәрбиелеуде пайдаланудың ғылыми негізде жүйелеген зерттеулер жеткілікті емес. Осының нәтижесінде 4-5 жасар балаларды тәрбиелеуде халық ауыз әдебиетін пайдаланудың қажеттілігі мен оны ғылыми тұрғыда негіздеудің арасындағы қарама-қайшылық туып отыр.
Осы қайшылықтардың шешімі ғылыми-зерттеу жұмысының көкейтестілігін көрсетеді. Сондықтан да халық ауыз әдебиетін мектепке дейінгі мекемеде адамгершілік тәрбиесінің құралы ретінде пайдалана отырып, оның мазмұнын, мүмкіндіктерін қарастыру, тәрбие үрдісіндегі тиімді әдістері мен жолдарын іздестіру мақсатында біз диплом жұмысымыздың тақырыбын «4-5 жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалану» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: 4-5 жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалануды теориялық тұрғыдан талдау және оның тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау.
Зерттеу нысаны. Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеудің пәні: 4-5 жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде халық ауыз әдебиетін пайдалану.
Зерттеудің міндеттері:
- Ересек топ балаларын адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық негіздерін анықтау;
- Қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы 4-5 жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мүмкіндіктерін қарастыру;
- 4-5 жастағы балаларды қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалану арқылы адамгершілікке тәрбиелеу жолдары.
- Мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған іс-әрекет барысында балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерінің тиімділігін тексеру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер мектепке дейінгі ұйымдарда халық ауыз әдебиеті арқылы балаларды тәрбиелеудің ерекшеліктері айқындалып, сол арқылы оның үлгісі жасалып, сонымен қатар педагогикалық бағыттарын жетілдіріп, іс жүзінде тәжірибеге енсе, онда мектепке дейінгі ұйымдарда халық ауыз әдебиеті арқылы балаларды тәрбиелеудің тиімділігі артады, өйткені мұндай жағдайда қарастырылып отырған үдерістің жүйелілігі мен тұтастығы қамтамасыз етіледі.
Зерттеудің әдістері. Зерттеу жұмысында халық ауыз әдебиетін балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде қолдануды қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының ресми материалдарына, тұжырымдамалары мен бағдарламаларына, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық тұрғыда талдау жасау, оқулықтар мен әдістемелік құралдарды зерделей отырып, озық тәжірибелерді меңгеру, тәрбие берудің мазмұнын анықтап, сандық және сапалық талдау жасау, жинақтау, қорытындылау.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаулары және басқа да құжаттар мен ресми материалдар, педагогтар мен психологтар еңбектері, зерттеу тақырыбына сәйкес оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми-педагогикалық басылымдар, журналдар материалдары, озат педагог-тәрбиешілердің озық тәжірибелері, интернет материалдары басшылыққа алынды.
Зерттеу базасы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласындағы «№31 бастауыш мектеп - балабақша кешені».
Жұмыстың құрылымы : Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 4-5 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ ҮЛГІЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Ересек топ балаларын адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық негіздері
Қазақстан Республикасы - бай тарихи дәстүрлері бар тәуелсіз мемлекет. Қазіргі кезеңде Қазақстан үшін азаматтар бойындағы өзіндік қасиеттерге нұқсан келтірмей жаңа қасиеттерді, дербестікті және таңдау мен шешім қабылдау жағдайындағы жауапкершілікке баулу, қоғамдағы тиімділікті арттыруға әсер ететін білім, білік, дағдыларды ұлттық мәдениет аясында қалыптастыру мәселесі тұр. Білім беру жүйесі арқылы ғана оқыту мен тәрбиелеудегі жеке тұлғаға бағытталған жұмыс нәтижесінде оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға, олардың әлеуметтік міндеттерінің және өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын көтеруге болады.
Қоғамның тарихи даму тәжірибесі адамгершілік тәрбиесінің проблемалары үнемі жаңа адам тәрбиелеу міндеттерімен байланысты болып келгенін дәлелдейді.
Соның ішінде философия ғылымы адамгершілік тәрбиесін ең негізгі проблема деп қарастырды. Ал, жалпы педагогика мен психология адамгершілік тәрбиесі теориясын жеке адам және қоғам туралы ғылымдардан бөліп қарамайды, оның ажырамас бөлігі деп ссептейді. Ол әруақытта да философия, социология, психология мен физиологияның табыстарына сүйенеді.
Ғылыми диалектикалық дүниетанымы ілімі - адамгершілік тәрбиесі теориясы мен практикасының методологиялық негізі болып есептеледі.
Дүниені ғылыми танып-білу табиғаттың біртұтастығы, табиғат пен қоғам құбылыстарының өзара байланысы және олардың даму заңдарының бір-бірімен сабақтастығын ғылым аралық байланыс білдіреді.
Адамгершіліктің пайда болуы және оның ұғымы жөніндегі мәселелер адамзат тарихымен бірге айтылып келе жатыр.
Адамгершілік тәрбиесі туралы ұғым қоғамның, рухани мәдениеттің бір көрінісі ретінде өмірдің тарихи-әлеуметтік мәнін, міндетін айқындайды.
Біздің еліміз әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа құрылысын жүргізіп отырған шақта адамдардың адамгершілік саналылығын тәрбиелеу қоғам дамуының ең бір басты айқындаушы міндеті болып табылады. Осы міндетті жүзеге асыру жолдарын жаңаша қарастыру үшін ең алдымен адамгершілік, оның негізі немен анықталатынын зерттеу қажет.
Адамгершілік тәрбие теориясы үшін аса маңызды ұғымдар «этика» (әдеп), «мораль» және «адамгершілік» болып табылады. «Этика» ұғымы ежелгі гректің «этос» деген сөзінен шыққан.
«Адамгершілік» термині «мораль» сөзінің баламасы болып табылады және сөздіктерде алғаш рет XVIII ғасыр аяғында пайда болды деп қарастырады.
Біздің зерттеуіміз үшін «адамгершілік тәрбие» санаты (категориясы) тірек ұғым болғандықтан, оған кеңірек тоқталғанды жөн көрдік.
Ғылыми философиялық, психологиялық әдебиеттерде адамгершілік тәрбиесі жалпы тәрбиенің аса маңызды құрамды бөлігі екендігі айқындалған.
Адамгершілік деген ұғым педагогика, психология, философия ғылымындағы арнайы категория. Сондықтан мұның анықтамасына талдау жасауда оның қандай факторлармен байланысты екенін анықтап алу керек. Ең алдымен, адамгершілік әлеуметтік, экономикалық бағытпен байланысты. Бұл адамгершіліктің әлеуметтік негізін көрсетеді. Тарихқа көз жіберсек адамгершілік ұғымы көп ғасырлар бойына діни көзқарас негізінде түсіндірілді, одан біртіндеп таптық негізде түсіндірілді, ал қазіргі ғылым адамгершілік ұғымын рухани, мәдени негізде түсіндіреді.
Адамгершілік тәрбие мәселелері көптеген педагог ғалымдардың (Я. А. Коменский, И. Г. Гербарт, А. Н. Кочетов, А. С. Макаренко т. б. ) еңбектерінде кеңінен қарастырылған.
Өз зерттеулерінде ғалым-зерттеушілер адамгершілік тәрбие берудің мақсаттарын, қағидаларын жүзеге асырудың жолдарын жан-жақты анықтап негіздеуге талпынған А. Я. Коменский балалар мен жастар мінезінде өзін-өзі билеу, кішіпейілділік, сыпайлық, ізгілік, жауапкершілік сапаларды тәрбиелеуді талап етті. Ол мектеп тәртібі жөнінде терең мәнді пікірлер айтқан. Оның еңбегінің маңыздылығы сонда, ол - орта ғасырлық мектептің жазалау тәртібіне қарсы болды, сонымен бірге, мұғалім оқушыларының тиісті мектеп тәртібін талап ете білуі керек деген тұжырым айтты. [34]
Ал, И. Г. Гербардтың дәлелдеуінше адамгершілік тәрбиесінің басты мақсаты-мінез-құлықты, ізгілікті, жауапкершілікті қалыптастыру. Бұл тәрбие Гербардтың пікірінше негізінен оқу арқылы жүргізіледі. И. Г. Гербарттың дәлелдеуінше адамгершілік тәрбиесінің мақсаты - мінез-құлықты қалыптастыру. Бұл тәрбие, баланың әр саналы қызығушылақтар мен адамгершілік елестетулеріне негізделіп оқу арқылы жүргізіледі.
И. Г. Пестолоции еңбек адамгершілікке үйретеді, балалардың бірімен-бірін өзара және олардың ересектермен дұрыс қарым-қатынаста болуын қалыптастырады деп санады.
Кеңес педагогы А. С. Макаренко болса, адамгершілік тәрбиесін ұжым арқылы қалыптастыруға аса көңіл бөлген ғалым, педагог.
Абай, Шәкәрім өз еңбектерінде тұлға бойында, рақымшылық, қанағат, төзімділік, жауапкершілік секілді қасиеттердің қалыптасуына көп көңіл бөлген. Бұл тұлғаның адамгершілігінің белгісі ретінде қарастырған. Сол секілді қазақ ағартушылары Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов балаға адамгершілік тәрбие беруді оқу-тәрбие ісінде пайдалануға айрықша көңіл бөлу қажеттілігін барынша дәлелдеуге талпынды.
Осы кезекте Ыбырай Алтынсарин үлгісіндегі педагог-жазушы Спандияр Көбеевтің де пікірлерін қарастырып өткен жөн. Спандияр Көбеев өз шығармаларында балалар үшін тәрбиелік мәні бар мәселелерді көтерді. Біреулерінде С. Көбеев қиын жағдайда адамдардың бір-біріне көмек беруі қажет екенін айта отырып, адамды адамға жақсылық жасауға үндесе, келесілерінде зорлықты, қатыгездікті әшкерелейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz