Жолайырық
1 Өткен ғасырдың басындағы алаштың жетекшілері
2 Қазақ тарихы мен әдебиетінің және мәдениетінің дамуында өшпес із қалдырған зиялылар

Қазақтың соңғы екі ғасырдан астам уақыты Асанқайғының сөзімен айтқанда “Қарағай басын шортан шалған” заман болды. Тәуелсіздік алғанымызбен, біз сол заманның суық зардабынан түгел құтыла алмай келеміз. Тарихқа мемлекет қайраткері, ойшыл, би және ақын болып енген Асан қайғы Сәбитұлы қазақтың басына осындай заман үйірілетінін XIV - XV ғасырларда болжап кеткен екен. Асан бабамыздан бірнеше ғасыр бұрын осындай жағдай болатынын даланың бас биі - Майқы да жорыған. Халқының болашақ бақыты үшін шұрайлы қоныс, елін жаудан қорғайтын жол іздеген Асан қайғы бабамыз ондай “Жерұйықты” таба алмайды. Қазақ даласына сондай зар заманның келу себебі осы уақытқа дейін зерттеліп, ғылымда толық анықталмаған мәселе. Қазіргі уақытта белгілісі - ол кезде қазақ даласында отарлау саясатының болмағаны. Яғни, мәселе сыртта емес осы қоғамның ішінде. Оның негізгі себебі, әртүрлі көшпенді тайпалар одағынан құрылған елдегі тұрақты бірліктің болмауы. Малшаруашылығына негізделген елде барымта ешқашан тоқтаған емес. Барымта бар жерде руаралық араздық пен сенімсіздік қалмайды. Сенімсіздік бар жерде бірлік болмайды. Бірлік болмаған мемлекеттің іргесі берік, қорғаныс қабілеті мықты бола алмайды. Басында бірлігі жоқ елге кім көрінген қожа болатынын ғұндар мен Түркі қағанатының және Дешті Қыпшақтың тарихынан жақсы білеміз. Сонымен қатар, көшкен ел мешіт салып дінге тұрақты сенбеген және мектеп салып бала оқытуға әрқашан мүмкіндік бола бермегені белгілі. Адамзатты дін тәрбиелейді, оның ішінде дүниежүзілік діндер. Осы уақытқа дейін одан асқан тәрбие құралы ойлап табылған жоқ. Дін мен білімді бойына сіңіріп тәрбие алмаған қоғамдағы кемшіліктер ұлы бабаларымызға маза бермесе керек. Қай уақытта да ұлы ойшылдарды ұлтының жағдайы ойландырған. Мысалы, И.В.Гетенің неміс халқының, П.Я.Чаадаевтың орыстың тағдыры туралы жазғандары сияқты, біздің ұлы бабаларымыз да халқының кемшілігін аяусыз сынаған.
Жолайырық
Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,
Еменге иір бұтақ бітсейші
Махамбет
Қазақтың соңғы екі ғасырдан астам уақыты Асанқайғының сөзімен айтқанда
“Қарағай басын шортан шалған” заман болды. Тәуелсіздік алғанымызбен, біз
сол заманның суық зардабынан түгел құтыла алмай келеміз. Тарихқа мемлекет
қайраткері, ойшыл, би және ақын болып енген Асан қайғы Сәбитұлы қазақтың
басына осындай заман үйірілетінін XIV - XV ғасырларда болжап кеткен екен.
Асан бабамыздан бірнеше ғасыр бұрын осындай жағдай болатынын даланың бас
биі - Майқы да жорыған. Халқының болашақ бақыты үшін шұрайлы қоныс, елін
жаудан қорғайтын жол іздеген Асан қайғы бабамыз ондай “Жерұйықты” таба
алмайды. Қазақ даласына сондай зар заманның келу себебі осы уақытқа дейін
зерттеліп, ғылымда толық анықталмаған мәселе. Қазіргі уақытта белгілісі -
ол кезде қазақ даласында отарлау саясатының болмағаны. Яғни, мәселе сыртта
емес осы қоғамның ішінде. Оның негізгі себебі, әртүрлі көшпенді тайпалар
одағынан құрылған елдегі тұрақты бірліктің болмауы. Малшаруашылығына
негізделген елде барымта ешқашан тоқтаған емес. Барымта бар жерде руаралық
араздық пен сенімсіздік қалмайды. Сенімсіздік бар жерде бірлік болмайды.
Бірлік болмаған мемлекеттің іргесі берік, қорғаныс қабілеті мықты бола
алмайды. Басында бірлігі жоқ елге кім көрінген қожа болатынын ғұндар мен
Түркі қағанатының және Дешті Қыпшақтың тарихынан жақсы білеміз. Сонымен
қатар, көшкен ел мешіт салып дінге тұрақты сенбеген және мектеп салып бала
оқытуға әрқашан мүмкіндік бола бермегені белгілі. Адамзатты дін
тәрбиелейді, оның ішінде дүниежүзілік діндер. Осы уақытқа дейін одан асқан
тәрбие құралы ойлап табылған жоқ. Дін мен білімді бойына сіңіріп тәрбие
алмаған қоғамдағы кемшіліктер ұлы бабаларымызға маза бермесе керек. Қай
уақытта да ұлы ойшылдарды ұлтының жағдайы ойландырған. Мысалы, И.В.Гетенің
неміс халқының, П.Я.Чаадаевтың орыстың тағдыры туралы жазғандары сияқты,
біздің ұлы бабаларымыз да халқының кемшілігін аяусыз сынаған.
Ш.Уәлиханов, “...біз әлі халық болып қалыптасып үлгермедік” десе, Абай
“... ұстарасыз аузыңа түсті мұртың” деп өкінішпен жырлады. Абайдың “Қара
сөздері” мен өлеңдерін XIX ғасырдағы қазақ идеясы деп қарауымыз керек. Оның
дала дәстүрінде жазылған, “нүктеге дейін” қысқартылған астарлы ойларында
қазақ халқының моральдық келбетіне, өнегелілік, адамгершілік қасиеттеріне
жан-жақты талдау жасайды. Абай шығармаларының тағы бір мақсаты – халықты
оқу-білімге үйрету, оның ішінде еуропа мен орыстың мәдениетінен үйренуге
үгіттеп, өзі Байрон, Гете, Пушкин, Лермонтовтарды, сонымен қатар, шығыстың
ұлы ақындары - Физули, Саади, Науаи, Низами және т.б. шығармаларын
қазақшаға аударды. Ол да Гете сияқты шығыс пен батыстың поэзиясы мен
философиясын меңгеріп, ана тіліне аударған бірегей ойшыл - ақын. Данышпан
ақынның, Адам баласына адам баласының бәрі - дос. Не үшін десең, дүниеде
жүргенде туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан
жерің, бармақ жерің- бәрі бірдей, ахиретке қарай өлуің, көрге кіруің,
шіруің, көрден махшарға сұралуың – бәрі бірдей, екі дүниенің қайғысына,
пәлесіне хаупің, екі дүниенің жақсылығына рахатың – бәрі бірдей екен. Бес
күндік өмірің бар ма, жоқ па?.. Біріңе бірің қонақ екенсің, біреудің
білгендігіне білместігін таластырып, біреуің бағына, малына күндестік
қылып, не көрсеқызарлық қылып, көз алартыспақ лайық па? деген ой-
тұжырымдары адамзат үшін қай кезде де құнын жоймайды.
Абайдың сол кездегі ой-толғаулары осы уақытқа дейін маңызын жоймай,
қазіргі ұрпақ санасына сіңіп хрестоматияға айналды. Қазақтың классикалық
әдебиеті бастауын Абайдан алады.
Өткен ғасырдың басындағы алаштың жетекшілері - М.Дулатов,
А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай т.б. зиялылар “...біз мұндай жағдайға
бүгін келген жоқпыз” деп, сол кездегі халқымыздың жай-күйін тарихи дәрежеге
көтеріп, оқу-ағарту саласын уағыздап, ұлттық сана-сезімді оятуда және саяси
мәселелерді оң шешуде білек сыбана атсалысты. “Алаш” қозғалысының арман-
ойлары белгілі себептермен іске аспай қалғанымен, ол ұлттық сананы оятуда
қазақ тарихындағы рухани ренессанстық құбылыс болды. Олар Қазақ елінің
азаттығы мен өркениетті ел қатарына қосылуы үшін күресті. “Алаш”
зиялыларының қазақ және жалпы түркі халықтарының болашағы туралы, оның
ішінде ұлттық сананың қалыптасуы, ұлттық өнеркәсіпті ұйымдастыру мен
басқару, жер мәселесі сияқты ұлтымыздың көкейкесті мәселелерін қозғады.
Сондай–ақ, олар түркі халықтарының болашағы бірлікте екенін дәлелдеді.
“Алашордалықтармен“ бірге осы мәселені татар, башқұрт және т.б. ұлттардың
зиялылары және Кемал Ататүрік те көтерген болатын. Түркі халықтарының содан
бергі тағдыры мен Еуразиядағы қалыптасқан геосаяси жағдайлар, оның ішінде
Ресей мен Қытай мемлекеттерінің түркі халықтарының тілі мен мәдениетінің
дамуына тиісті жағдай жасамай отырғаны, осы екі елдің түркілерді ұлттық
болмысынан айыруға бағытталған саясаттары біз үшін де алдағы ғасырда
өмірлік маңызды проблемаға айналатынының айғағы. Себебі, ресейдегі сахалар,
чуваштар, хакастар ана тілдерін ұмытып жатса, гагауз, топалар сияқты аз
халықтар, сонымен қатар осы елдің солтүстігіндегі угро-фин тілді аз
халықтар мен қиыр шығыстағы орал-алтай тілді халықтардың көпшілігі
жойылудың аз ақ алдында тұр. Қытайдағы манчжурлар мен ұйғырлардың және
қазақ, қырғыз диаспораларының да жағдайлары осындай. Осы екі елдің ішіндегі
аз халықтарға жүргізіп отырған саясаттары өркениеттен гөрі, орта ғасырдағы
жабайылардың тірлігіне жақын. Еуразия саясатында әжептәуір салмағы бар осы
елдер халықаралық саясаттарын өркениет жолымен жүргізіп, дамыған елдердің
қатарына қосылғылары келсе, алдымен іштеріндегі аз халықтарға жүргізіп
отырған саясаттарын түзеуі керек. БҰҰ-на мүше болып отырған түркінің жеті
мемлекеті халықаралық қауымдастықтағы барлық мүмкіндіктер мен өздерінің
көмектері арқылы тілдері мен дәстүрлерінен айырылып бара жатқан бауырлас
халықтарға қолұшын беруге міндетті және ол осы елдердің сыртқы
саясаттарының маңызды саласы болуы керек. Осылай біріккенде ғана Ұлы дала
Еуразия құрлығындағы Тәңір жіберген тарихи миссиясын орындайды.
ХХ ғасыр жалғыз қазақ ұлты үшін ғана емес, көрші елдер үшін де жалпы
адамзат ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz