Азаматтардың жерді пайдалану құқығын жүзеге асырудың құқықтық маңызы


Ф-ОБ-001/033

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Ягмыров М.

Азаматтардың жерді пайдалану құқығын жүзеге асырудың құқықтық маңызы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В030100 - мамандығы - «Құқықтану»

Түркістан 2015

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

«Қорғауға жіберілді»

З. ғ. к (PhD) қауымдастырылған

профессор

Қ. Т. Битемиров

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Азаматтардың жерді пайдалану құқығын жүзеге асырудың құқықтық маңызы

5В030100 - мамандығы бойынша- «Құқықтану»

Орындаған Ягмыров М.

Ғылыми жетекшісі,

З. ғ. к., менеджмент

қауымдастырылған

профессор Ерали А.

Түркістан 2015 ж

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 4

1. Жерді пайдалану құқығының мәні мен қоғамдағы маңыздылығы 7

  1. Жерді пайдалану құқығының жалпы сипаттамасы 7
  2. Жерді пайдалану құқығының режимі 22

1. 3 Жерді пайдалану құқығының түрлері 32

2. Жерді пайдалану құқығын жүзеге асырудың құқықтық негіздері 35

2. 1 Қазақстан Республикасында жерді пайдалану мен қорғау саласындағы

мемлекеттік басқару органдары және олардың қызметі 35

2. 2 Жерді пайдалану құқығының субъектілері және олардың құқықтары мен

міндеттері 58

2. 3 Жерді пайдалану құқығын жетілдірудің өзекті мәселелері 76

Қорытынды 83

Пайдаланылған әдебиеттер 92

Кіріспе

Тақырыптың өзектілгі. Халқымыз Елбасымыздың жолдауларын жыл сайын асыға күтеді. Себебі, Елбасы жолдаулары ел дамуының бағыт-бағдарларын, басымдылықпен мән берілетін мәселелерін айқындап, алға жаңа міндеттер қояды және болашаққа үлкен жол сілтейді. Елбасымыз өзінің 2006 жылғы халыққа жолдаған жолдауында, жер реформасын жүзеге асыру барысында оның қоғам дамуына қатысты ролін бағалай келе «Жер табиғи байлықтармен және жылжымайтын мүлікпен қатар экономиканы көтеріп тұрған жағдайлардың бірі болып табылады» деп атап кеткен болатын. Тәуелсіздік алған жылдардан бері Мемлекет басшысының елімізді гүлдендірудегі мақсатына, осыған сәйкес Үкіметтің алдына қойған стратегиялық жоспарларына сай жүргізіліп келе жатқан жер реформасы қазіргі таңда өзінің шешуші сәтіне аяқ басты деуге болады. Елімізде жер қатынастарын жаңа заман талаптары негізінде айқындап, тұрақтандыруға бағытталған, жер байлығымызды ел байлығымызға айналдырудың маңызды мәселелерін шешуге бағытталған жер заңнамасы қалыптасты. Міне, осы тұста біз жердің өзіне тән ерекшелігін, маңызы мен мәртебесін қатаң есте ұстауымыз қажет. Жер - өндіріс құралы. Адамдар жерді пайдаланып жұмыс істейді. Оның үстіне ол - өндіргіш күш. Себебі, жерге бидай тұқымын ексең, ол күзде бірнеше есе көбейіп шығады. Осындай үлкен ерекшеліктеріне байланысты адамдардың жермен қарым-қатынасы бірнеше заңдылықтар бойынша реттеледі. Жерді сақтау, қорғау және ұтымды пайдалану мәселесін көбінесе Жер кодексі қозғайды. Бұл жұмыс Жер ресурстарын басқару агенттігі құзырына, мемлекеттік стратегияға сай оның міндеттерін анықтап, оның орындалуын қамтамасыз етеді. Ал, бұл міндеттер мен іс шаралардың орындалуын жер заңдарының шеңберінде және белгіленген құзіреті жер ресурстарын басқаратын орталық қамтамасыз етеді. Өмірдің серпінді дамуына ауылшаруашылығының үлесі мол, еншісі қомақты. Ал, жер ресурстары осы саланың өндіріс құралы болып табылады. Статистика бойынша халқымыздың 45 пайыздан астамы ауылдық жерлерде тұрады екен. Олар жер байлығын пайдаланып, ауылшаруашылық өндірісінің дамуына, халқымыздың ұлттық қадір-қасиетінің сақталуына үлес қосып отыр. Елбасымыз ұстанған сара саясаттың арқасында ауылдық жердің ажары кіріп,, шаруа адамның тұрмысы түзеле бастағаны да шындық. Елбасы айтқандай, қай салада да әркім елдікті түсініп өмір сүрсе, ертеңіміз бұданда жарқын болатынына сенімім мол. Жолдаудағы жоба-жоспарлар, ой-түйіндер түсінген адамға осыны аңғартады.

Болашаққа серпін беретін Жолдауда көтерілген аса маңазды мәселелердің бірі, ол жер ресурстарын, оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді ұтымды, әрі нысанды пайдалану, оны бақылау және қорғау болып табылады. Осы мәселерлер бойынша Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Жер ресурстарын басқару агенттігіне бірқатар міндеттер жүктеген болатын. Мұндағы негізгі проблема - ол жер ресурстарының әлеуетін тиімді, ұтымды пайдалану және қорғау.

Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Бүгінгі таңда нарықтық қатынастардың дамуы, жер пайдалану құқығының артуы, экологиялық жағдайдың шиеленісуі, жерді пайдалануда және жерді қорғау саласындағы заңдарды және басқару органдарының қызметтерін реформалауды талап етуде, осыған байланысты жер реформасына заңгер ретінде үлес қосу.

Жұмыстың объектісі. Қазіргі таңдағы нарықтық қатынастардың дамуындағы жерлерді ұтымды түрде пайдалану құқығы болып табылады.

2002 жылы ќабылданған Ќазаќстан Республикасының Ќұќыќтыќ саясат тұжырымдамасы елдің 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған ќұќыќтыќ жүйесі дамуының негізгі бағыттарын айќындады.

Өткен жылдары мемлекеттік және ќоғамдыќ институттардың ќарыштап дамуына ыќпал ететін, Ќазаќстанның орныќты әлеуметтік-экономикалыќ дамуын ќамтамасыз ететін бір ќатар аса маңызды заңнамалыќ актілер ќабылданды.
Тұжырымдаманы іске асырудың басты ќорытындылары ұлттыќ заңнаманың негізгі салаларының (конституциялыќ, әкімшілік, азаматтыќ, банктік, салыќ, ќаржы, кеден, экологиялыќ, ќылмыстыќ заѕнама) айтарлыќтай жаңаруы болды.
Жаңа кодификациялыќ актілер: 2003 жылы - Орман, Жер, Кеден, Су кодекстері; 2007 жылы - Еңбек, Экологиялыќ кодекстер; 2008 жылы - Бюджет, Салыќ кодекстері әзірленіп, ќабылданды. Бірќатар өңірлерде экологиялыќ ќиын жағдай орын алған біздің ел ішін ең өзекті мәселе табиғат ќорғау заңнамасын, оның ішінде халыќаралыќ міндеттемелер мен стандарттарға оны үйлестіру тұрғысында одан әрі жетілдіру мен дамыту болып табылады.
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану (жерді ұтымды пайдалану) ќызметінің тиімділігін арттыру маќсатында табиғи ресурстарды пайдалану және оларды ќорғауды ќұќыќтыќ реттеу тетіктерінің наќты аражігін ажырату керек.
Күннен-күнге жер дауларының көптеп кездесуіне байланысты жерді пайдалану мен қорғау саласындағы заңдарды реформалау барысы әліде жалғасын табуда.

Қазақстан республикасында жер пайдалану құқығын зерттеуге арналған еңбектер аз десек қателеспейміз, және олар негізінен жерді ұтымды пайдалануды құқықтық түрде реттеудің жалпы мәселелерін қарастырады.

Дегенменде Қазақстандық ғалымдардың құнды ғылыми еңбектері бар. Олардың ішінен Ә. Е. Еренов, Ә. С. Стамқұлов, С. Б. Байсалов, К. А. Шайбеков, Н. Б. Мухитдинов, Ә. Е. Бектұрғанов, Д. Л. Байдельдинов, Л. К. Еркінбаева, Ж. Х. Қосанов, А. Х. Хаджиев, С. Т. Культелеев, Б. Ж. Абдіраимов, Е. Ш. Дүсіпов, Ә. Ерәли, Н. Батырбаев, Б. Бегалиев, С. Мұстафаев және т. б. бөліп айтуға болады.

Жерді пайдалану құқығын төмендегідей ресейлік ғалымдар зерттеген, Иконицкая И. А., Краснов Н. И., Ерофеев Б. В., Фомина Л. П., Карамышева О. В., Топорнин Б. Н., Сыроедов Н. А., Быстров К. Е., Боголюбов С. А., Волков Г. А., Крассов О. И., В. П . Камышанскийлер және т, б, айтуға болады.

Диплом жұмысының объектісі болып, - республикамыздағы нарықтық қатынастар мен құқық реформаның жүргізілуіне байланысты, жерді ұтымды түрде пайдаланудың құқықтық реттелуі, жер пайдалану құқығы және онымен тығыз байланыстағы жер және азаматтық құқықтық қатынастар танылады. Ал, зерттеу пәні - жер пайдалану құқығы туралы ұғым, жер пайдалану құқығының объектілері, осы құқық институтының субъектілері және олардың құзіреттері, құзіреттерінің құқықтық жағдайы, олардың қызметтерін жүзеге асырудың құқықтық нысандары болып табылады.

Қазіргі кезеңдегі нарықтық қатынастардың даму жағдайындағы жер ұтымды түрде пайдалану құқығының құқықтық реттелу тәжірибесін талдап, қорыту, заңдарымыздағы кемшіліктерді, жетіспеушіліктерді көрсете отырып, теориялық қорытындыларды негіздеу және жер пайдалану құқықтарын реттеуді қамтитын жер заңдарын жетілдіруге бағытталған тәжірибелік ұсыныстар жасау, мен үшін болашақ заңгер ретінде алға қойған мақсат болып отыр.

Мен, зерттеудің әдістемелік және теориялық негізін жалпы диалектикалық танымдық әдістермен қатар, арнайы логикалық, жүйелік, нақты-тарихи, салыстырмалы, әлеуметтік ғылыми әдістермен қарастырғанды жөн санадым. Зерттеудің теориялық негізін заңгер-ғалымдардың жерді ұтымды түрде пайдаланудың құқық қатынастары және жерге меншік құқығы туралы ғылыми тұжырымдамалары мен ұсыныстары, сонымен қатар нормативті-құқықтық деректермен, жалпы құқық теориясы бойынша бұрынғы Кеңестер Одағы және басқа шетелдік ғалымдардың теориялық және тәжірибелік мәні бар ғылыми еңбектерін зерттеп қарастырдым.

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Жер туралы қабылданған еліміздің заңдары, Президент Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Азаматтық заң актілері, сонымен бірге бұрынғы Кеңестер Одағы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің нормативті-құқықтық актілері зерттеудің нормативтік базасын құрайды.

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшу жағдайындағы жерді ұтымды түрде пайдалануды құқықтық реттеудің теориялық және тәжірибелік мәселелері - зерттеудің негізгі нәтижелерінің бірі. Жұмыста жаңа немесе жаңашылдық сипаттағы өзіндік қорытындылар мен ұсыныстар назарға ұсынылады.

Жұмыс құрылымы мен көлемі мыналардан тұрады: Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. Жерді пайдалану құқығының мәні мен қоғамдағы маңыздылығы

1. 1 Жерді пайдалану құқығының жалпы сипаттамасы

Жерді пайдалану құқығы дегеніміз - бұл жер учаскесіне неліктен шығару құқығынсыз (сату, сыйлау және с. с) түрлі нысандарда пайда алу үшін жалдау шарты негізінде билік ету (иелену және пайдалану) мүмкіндігі болып табылады.

Жер пайдалану құқығы мынандай жағдайларда жүзеге асырылады:

• мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін мемлекеттік органдардың актілері негізінде тікелей мемлекеттен жалға алу;

• жер учаскелерінің жекеше (мемлекеттік емес) иелерімен жалдау шартын жасасу нәтижесінде жер пайдалану құқығын алу;

• жер пайдалану құқығын әмбебаптың мирасқорлық немесе заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы тәртібімен алу нәтижесінде туындайды.

Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін мемлекеттік органдардың актілері негізінде тікелей мемлекеттен жалға уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы жеке және заңды тұлғаларға, сондай -ақ халықаралық ұйымдарға беріледі.

Жер пайдаланудың мынадай түрлері бар:

• уақытша өтеулі жер пайдалану:

- қысқа мерзімді (5 жылға дейін) ;

- ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болуы мүмкін;

• өтеусіз негізіндегі уақытша жер пайдалану (ақысыз беріледі) түрі, бұл ретте уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беру мерзімі 5 жылдан аспауға тиіс (жер учаскелерін қызметтік жер телімі түрінде және тозған әрі бүлінген жерді қалпына келтіру үшін берілетін жағдайларды қоспағанда) ;

Жер кодексінде немесе заттық құқықтың мәнiне қайшы келмейтiндiктен, жер пайдалану құқығына меншiк құқығы туралы нормалар қолданылады.

Жердің тұлғаның меншігінде болуы оның экономикалық және әлеуметтік жағдайына ықпал етіп, аса маңызды рөл атқарғанын қоғамдық даму үрдісінің тарихы дәлелдеп отыр. Сондықтан да болар, барлық кезеңде және барлық халықтар арасында жерге иелік ету құқығы үшін күрес бір сәт те толастаған емес. Бұл күрес әлемдегі көптеген төңкерістің қозғаушы күшінің негізі болды.

Ендеше осы тұста тарихқа көз жүгіртіп көрсек. Қоғамдық қатынастар жүйесінде жерге деген құқықтық қатынас адамзат қоғамының даму сатыларының ерте бастауының өзінде аса маңызды орын алған. Ақиқатына келер болсақ, құл иеленуші қоғамда да, сондай-ақ, феодалдық қоғамда да жерге деген құқықтық қатынас аталған құқықтық жүйенің негізгі мәселесі болып табылады [1] .

Сондықтан да жер құрылымы мәселесі, жерге меншік формасының мәселелері, жерге қауымдық иелік формасы, ең аяғы жеке меншіктік жер иелігінің маңызы мен ерекшелігі - көне дәуір мен феодализмді зерттеуде аса маңызды орын алды. Ең алдымен құлиеленуші қоғамдағы жер қатынастарының екі типін - көне Шығыстағы жер қатынастары мен антикалық дәуірдегі жер қатынастарын ажырата білу қажет. Құл иеленуші қоғамындағы жер қатынастарының мысалы ретінде көне Вавилондағы жер қатынастары мен антикалық Римдегі жер қатынастарын келтіруге болады.

Көне Вавилондағы мемлекет пен құқық жер қатынастарын зерттеуде өте қажетті мәлімет беретін ерекшелігімен өзіне назар аудартады, атап айтсақ, көне Вавилон көнешығыс құл иеленуші қоғамының типтік мысалы бола алады. Бұл құл иеленушілік қоғам, сол қоғамға сай, антикалық құл иеленуші қоғамнан оның өзгешілігін көрсететін бірқатар өзіне тән ерекшелігі бар (Грекия, Рим) .

Көне Қосөзендегі мемлекеттің қалыптасу процесі, бұл процестің сыртқы формасы тұлғасынан алып қарағанда, жеке қоғамдардың бірлесуінен қалыптасты. Яғни, олардың үстінен қараған патша, жердің ең жоғарғы иесі ретінде танылды. Шындығына, кейбір жеке қауымда мұра етіп қалдырғанға иелік еткенде ол жалғыз өзі жеке дара барлық меншікке иелік етті. Қауымдық меншік мемлекеттік меншікке айналып, нақтылап айтқанда, соған бірігіп, сіңіп, тұтасып кетеді. Осының негізінде біртіндеп, Сарай (Орда патшалық) шаруашылығы үшін арнайы жер - патеси және патша үшін - патшалық жер бөлінеді, және, әдетте оған, храмдық жер де қосылады. Патша мен храмдарға қарасты жерлер мемлекет қарамағындағы құлдардың күшімен өңделетін, соның нәтижесінде ұжымдық құл иеленудің өзі жоғарғыдағы азғана топтың пайдасына қызмет етті. Сол ортадан, яғни пайдаланып отырған азғана топтың арасынан құл иеленуші кластың өкілдері шықты, солар алғашқы жекеменшік жер иелері болды [2]

Көне вавилондық патшалықта жердің төмендегідей бөлініс категориялары болды:

- сарай иелігіндегі жерлер;

- храм иелігіндегі жерлер;

- қауымдық иеліктегі жерлер;

- жекеменшік иелігіндегі жерлер.

Соңғысы өз кезегінде іштей бірнеше түрге бөлінді. Жоғарыда көрсетілген түрлі категориялық жерлер өзіндік құқықтық режимге бағынды. Барлық бұл категориялар Хаммураби Кодексіне белгілі, дегенмен Кодекс дамыған құл иеленуші шаруашылық негізінде ақша-тауар қатынасы мен тауар айналымының дамуына байланысты өрістеген жерге жекеменшіктің болуына байланысты мәселелерді тереңдетіп қарастырған.

Хаммураби дәуіріндегі түрлі категориядағы жерлерге құқықтық режим мынадай ережелерде көрініс тапқан.

Сарай иелігіндегі жерлер сол сарай шаруашылығын қамтамасыз етуге қызмет етті. Бұл жерлер тікелей патша иелігіндегі жерлер болды, оны қалай пайдалану керек екенін патша өзі шешетін, бірақ тікелей мемлекет те пайдаланды және бұл жерлер тікелей мемлекет шенеуніктері бақылауы арқылы, құлдар күшімен өңделді. Хаммурапи дәуірінде сарай иелігіндегі жерлер аса мол кеңістікті алып жатты, әсіресе оңтүстік аймақта. Храм иелігіндегі жерлер де құқықтық талабы жағынан да және ұжымдық құл иелену көмегі арқылы жерді пайдалану жүйесі жағынан да сарай иелігіндегі жерлерді пайдалану үрдісіне ұқсас келеді. Храм иелігіндегі жерлер сол храм шаруашылығын ұйымдастыруға қызмет етті. Осы бағдарда, атап айтатын мәселе, көптеген храмдар патша иелігінде болды және патша храмдары деп есептелетін. Храм иелігіндегі жерлер жалпымемлекеттік иелікке жатпайтын [3] .

Қоғамдық иеліктегі жерлер ерекше категориядағы жерлер болып табылатын. Яғни, бұрынғы рулық-тайпалық қауымдар территориялық қауымға айналып, жерді бірігіп пайдаланудан жеке пайдалануға көшкенінен көрініс тапты. Қауым ішіндегі жерлерде жекелеген үлкен отбастарының бөліктері болды. Бұл қауымда жерді пайдаланудың жекешеленуі мен таптық бөліністің нәтижесінде жерге иелік етуде теңсіздік пайда болды.

Соған қарамастан қауымдық байланыс сақталды. Қауымдық байланысты сақтауда аса маңызды рөл атқарған мәселе, ортақ суды пайдалану жүйесі болды. Суармалы жүйені шаруашылықта бірігіп пайдалану, бірігіп су бөлісін жүргізу де қауымдық байланысты сақтаудың негізі тіректері ретінде көрініс тапты.

Хаммураби дәуіріндегі жекеменшік жер иеліктері жердің ерекше категориясы ретінде аса маңызға ие болды. Қалай болғанда да Хаммураби Кодексі жердің бұл категориясына ерекше көңіл бөледі, атап айтар болсақ, одан ертеректе болған суммерлік Кодекске қарағанда жеке жер иеліктерінің құқықтық нормаларын кеңітіп және дамытуға барынша күшін салды. Сонымен қатар, жекеменшік жер иелігі құрамына түрлі құқықтық режімдегі жер иеліктері де кіреді.

Жекеменшік жер иелігі құрамында ең үлкен категорияны сыйға берген жер құрайды. Бұл жерлер, патшаның шенеуніктер мен әскери қызметкерлерге “өзін асырауға” деп бөлген жерлері. Олардың иелік жүргізу құқығы Хаммураби Кодексінде кеңінен таратылып айтылған. Бұл жекеменшік иелігі шартты болып есептеледі. Өйткені, бұл жеке меншік иелігі оның әскери қызметімен тікелей байланысты. Әскери қызметкердің ұлы патшалық әскери қызметте әкесінің қызметін жалғастырған жағдайда ғана аталған құқық сақталады. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген жағдайға қатысты иелікке берілген жерлер толығымен азаматтық айналымнан шығарылып тасталған. Әскери қызметінің өтеуіне қатысты алған жері мен бау-бақшасы, сондай-ақ, мүлік “илка” деп аталатын, оларды сатуға, немесе басқа да мәміле жасауға әскери қызметкер құқылы емес еді. “Илка” деп аталатын жер иелігін шеттететін кез-келген мәміле заңсыз және жарамсыз деп танылды [4] .

Жекеменшік жер иелігінің екінші түрі - бұл салық алуға арналған жерлер, яғни мемлекеттік салық алу үшін жерге иелік етіп, оны пайдалануы. Бұл жерлерді де иеліктен шығару жоғарыдағы әскери қызметкер мен шенеуніктердің “илка” жеріне қатысты қолданылатын құқықтық ережелерге бағындырылған. Олар да әскери қызметкерлер мен шенеуніктер жерлеріне қатысты Кодекстегі баптармен реттеледі. Екеуінің айырмашылығы сол қалыпта көрсетілген мақсатта ғана көрініс тапқан. Біріншісінде, патшалық қызметке адал болып, соны дұрыс атқару жатса, екіншісі бағдарда салықтық жердің мақсаты басқа, яғни патша қазынасына салықтың дұрыс, уақытында түсіп тұруын қамтамасыз етеді. Салықтық жерлер - бұл шаруа-қауымдастың жеке иелігіндегі жерлер және салық алу үшін анықталған жерлер. Ең соңында, жекеменшік иелігіндегі жердің түрін еркін сатуға болатын жер категориялары құрайды. Бұл жерлер салықтық жерлерге қарама-қарсы қойылады. Міндетті етіп берілген жерге жеке меншіктік иелік ету, міндетті етіп берілмеген еркін жерге иелік етуден көп айырмашылығымен ерекшеленеді. Біріншісі иеліктен тіптен шығарылмайды, ал екіншісі азаматтық айналымда еркін жүреді. Бұның барлығы әскери қызметкердің әскери қызметі үшін алған жерлерін және басқа да мүліктерін сатуға тыйым салатын Кодекс баптарында көрініс тапқан. Алайда, аталған субъектілер сатып алу және сату шарты арқылы алған жерлерін еркін пайдалануға құқылы, оған Кодекстің өзінде де рұқсат берілген.

Жерге байланысты құқықтық қатынастар көне Вавилонда жерге мемлекеттік меншіктің экономикалық мазмұнына байланысты айқындалатын. Жерге мемлекеттік меншікті пайдаланудың экономикалық нысаны анықталып, оның басында Вавилон патшасының өзі тұрды. Бұның өзі ұжымдық құл иеленуге тікелей байланысты болды және жеке меншік құл иелену мен ұжымдық құл иеленудің жанды байланысын көрсетеді. Сонымен қатар, көрсетілген экономикалық мазмұнға байланысты жер қатынастарының құқықтық мазмұны да айқындалды. Жоғарғы меншік иесі, шындығына келгенде жалғыз жеке меншік иесі вавилон патшасы еді, ал жекелеген қауымдастықтың және басқа да жер иелерінің жерге меншіктік құқығы болмады, олар тек сол жерді пайдалануға құқылы болды [5] .

Лев Исаакович Дембоның пікірі бойынша, дәл осы жағдайда мәселе жерге иелік ету жайында болып отыр, ал біздің пікірімізше жерді пайдалану құқығы ғана көрініс тапқан. Олай дейтініміз жерге билік, иелік жүргізу мәселесі көрініс таппаған, тек қана жердің пайдалы қасиетін пайдалану және одан кіріс кіргізу мәселесі ғана көрініс тапқан. Жерге меншік құқығының субъектісі вавилон патшасы, өйткені жерге қатысты барлық реттеу жүйесі, иелік ету құқығы соның қолында болды. Жер рентасы, соған сәйкес үстеме еңбектің пайдасына иелік етіп, оны жұмсау мүмкіншілігін де вавилон патшасы шешетін.

Жекелеген жер иелерінің құқықтық мүмкіндігі, сонымен қатар қауымдастықтың, храмдардың, жеке жер иелерінің де жерге құқықтық мүмкіндігі жерді пайдаланудан ары аспайтын. Олар жерге жеке меншік құқығына ие болмайтын. Соның нәтижесінде жерге иелік етушілердің жерді қалай пайдаланамын, өзім білемін (сатамын т. б. ) дейтіндей құқығы болмайтын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы заңнамасына негізделіп жер дауларын шешу
Жер учаскелерінің меншік иелерінің құқықтары
Жерді пайдалану құқығын жүзеге асырудың құқықтық негіздері
Азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскелеріне меншік құқығы
Жерді мемлекеттік құқықтық қорғау
Жер құқық қатынастары. ҚР-ның жер нарығы туралы түсінік
Жерге меншiк қатынастарын құқықтық реттеу
Жерге меншік құқығының обьектілері
Сервитут заттық құқық ретінде
Мемлекеттік меншіктің үлесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz