Бала асырап алу заңдары



Ι. Бала асырап алу ережелері
а. Керекті құжаттар
ә. Қамқоршының құжаттары
б. Баланың құжаттары

ΙΙ. Шетел азаматтарының бала асырап алу заңдары
а. Қолдаухат

ΙΙΙ.Бала асырап алу шарттары
а. Бала асырап аламын деуші азаматтарға арналған құжаттар
б. Ата.аналардан талап етілетін құжаттар

ΙV. Ата . аналардың құқықтары
Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы бала асырап алу рәсіміне сәйкес, ҚР азаматы болып табылатын баланы асырап алуға үміткер шетел азаматтары, ҚР уәкілетті органдарына (қамқоршы және қорғаншылық) ҚР дипломатиялық және консулдық мекемелері арқылы өтініш білдіреді және келесі қажетті құжаттарды ұсынады:
• баланы асырап алу ниеті туралы жазбаша өтініш;
• қаржылық жағдайы туралы анықтама;
• отбасылық жағдайы туралы анықтама;
• денсаулық жағдайы туралы анықтама;
• қамқоршылық және қорғаншылық органдары немесе мемлекеттік лицензия негізінде осындай қызмет түрлерін жүзеге асыратын агенттіктер беретін, ықтимал асырап алушылардың жеке адамгершілік сапалары туралы есеп.
Бала асырап алу – заңды түрде баланы отбасына қабылдау. Бала туысқан ретінде ұлы (қызы) болып барлық құқықтар мен міндеттерге ие болады. Бала асырап алу баланы отбасына орналастырудың басты түрі болып келеді. Ал ата-аналар үшін бұл - бала тағдырына және оның толық дамуына ең жоғары дәрежедегі жауапкершілік.
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» Заңының 77- баптың 1) тармағына сәйкес баланы асырап алуды бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың (адамның) арызы бойынша сот жүргізеді. Бала асырап алу туралы істерді сот азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген ережелер бойынша ерекше іс жүргізу тәртібімен жүргізеді. Өтініш баланың тұрған жеріндегі аудандық сотқа беріледі.
1. Қазақ энциклопедиясы, 2 том
2. Орысша-қазакша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. - Алматы: Жеті
жарғы, 2008.
3. www.google.kz

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Ι. Бала асырап алу ережелері
а. Керекті құжаттар
ә. Қамқоршының құжаттары
б. Баланың құжаттары

ΙΙ. Шетел азаматтарының бала асырап алу заңдары
а. Қолдаухат

ΙΙΙ.Бала асырап алу шарттары
а. Бала асырап аламын деуші азаматтарға арналған құжаттар
б. Ата-аналардан талап етілетін құжаттар

ΙV. Ата – аналардың құқықтары

Ι. Бала асырап алу ережелері
Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы бала асырап алу рәсіміне
сәйкес, ҚР азаматы болып табылатын баланы асырап алуға үміткер шетел
азаматтары, ҚР уәкілетті органдарына (қамқоршы және қорғаншылық) ҚР
дипломатиялық және консулдық мекемелері арқылы өтініш білдіреді және келесі
қажетті құжаттарды ұсынады:
• баланы асырап алу ниеті туралы жазбаша өтініш;
• қаржылық жағдайы туралы анықтама;
• отбасылық жағдайы туралы анықтама;
• денсаулық жағдайы туралы анықтама;
• қамқоршылық және қорғаншылық органдары немесе мемлекеттік лицензия
негізінде осындай қызмет түрлерін жүзеге асыратын агенттіктер беретін,
ықтимал асырап алушылардың жеке адамгершілік сапалары туралы есеп.
Бала асырап алу – заңды түрде баланы отбасына қабылдау. Бала туысқан
ретінде ұлы (қызы) болып барлық құқықтар мен міндеттерге ие болады. Бала
асырап алу баланы отбасына орналастырудың басты түрі болып келеді. Ал ата-
аналар үшін бұл - бала тағдырына және оның толық дамуына ең жоғары
дәрежедегі жауапкершілік.
Қазақстан Республикасының Неке және отбасы Заңының 77- баптың 1)
тармағына сәйкес баланы асырап алуды бала асырап алуға тілек білдірген
адамдардың (адамның) арызы бойынша сот жүргізеді. Бала асырап алу туралы
істерді сот азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген ережелер бойынша
ерекше іс жүргізу тәртібімен жүргізеді. Өтініш баланың тұрған жеріндегі
аудандық сотқа беріледі.
Бала асырап алу туралы өтінішке келесі құжаттарды ұсыну керек:
• қорғаншылық және қамқоршылық органының асырап алу, баланың қызығушылығына
сай және негіз бар екендігі жөнінде қорытынды;
• асырап алушылардың тұрмыс жағдайын тексеру актісі;
• баланың туу туралы куәлігі және акті жазбасының көшірмелері;
• асырап алушының денсаулығы, дене және ақыл-есінің дамуы туралы
медициналық қорытынды;
• заң бойынша қажет жағдайларда баланы асырап алуға ата-аналарының
келісімі; • 10 жастан бастап баланың асырап алуға берген келісімі;
• өтініш берушінің көзделген баланың асырап алушысы бола алатындығын
дәлелдейтін айғақтар (ереже бойынша балалар мекемелерінің – балалар
үйлерінің, басшыларының асырап алушының баламен жасаған қарым-қатынасы
туралы қорытындысы).
Қамқорлық пен қорғаншылық- баланы тәрбиелеу және оқыту сонымен бірге
құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында тәрбиеленуші құқығында
отбасына қабылдау. Қамқорлық 14 жасқа дейінгі балаларға, ал қорғаншылық 14
жастан 18 жасқа дейін тағайындалады. Бала өз атын, әкесінің атын сақтайды,
ал туған ата-анасы өз баласын асырауға қатысу міндетінен босатылмайды.
Қамқоршы баланы тәрбиелеу, оқыту, асырау және балаға қатысты
жауапкершілік сұрақтары бойынша ата-ананың барлық құқықтарын иеленеді.
Қорғаншы және қамқоршы органы баланы асырау, тәрбиелеу және оқыту
жағдайларына үнемі бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
Кәмелеттік жасқа толған әрекетке қабілетті азаматтар қамқоршы мен
қорғаншы бола алады. Сонымен қатар жеке басының мінез-құлқы, жас
ерекшелігі, денсаулығы есепке алынады.
Олар қамқолық пен қорғаншылықты қажет ететін тұлғаның мекен-жайы
бойынша қорғаншылық пен қамқорлық органына берген өтінішінің негізінде
тағайындалады. Жекелеген жағдайларда өтініш қамқоршының (қорғаншының) мекен-
жайы бойынша беріледі. Өтінішке келесі құжаттарды қосымша міндетті түрде
ұсыну керек:
Қамқоршы үшін қажетті құжаттардың тізімі:
1. Қамқоршының төлқұжаты (көшірме).
2. Қамқоршының өтініші.
3. Егер қамқоршы некеде болса, жұбайының келісімі.
4. Қамқоршының денсаулығы туралы анықтама (белгілі үлгіде).
5. Қамқоршы болғысы келетін тұлға некеде болған жағдайда,
жұбайының денсаулығы туралы анықтама.
6. Қамқоршының тұрмыс жағдайын тексеру актісі (мекен-жайы
бойынша мектеп толтырады).
7. Жұмыс орнынан атқаратын қызметі және еңбек ақысы туралы
анықтама.
8. Жұмыс орнынан мінездеме (мөр, мінездеме берушінің қолы). Егер қамқоршы
жұмыс істемейтін болған жағдайда 2-3 көршісінен өзі туралы пікір.
9. Отбасының құрамы туралы мекен-жайынан анықтама (азаматтарды тіркеу
кітабының көшірмесі).
Бала үшін қажетті құжаттардың тізімі:
1.Туу туралы куәлік (көшірмесі).
2.Ата-анасының жоқ екендігін дәлелдейтін құжаттар (қайтыс болуы туралы
куәліктің көшірмесі, ата-аналық құқықтарынан айыру туралы, тәрбиесінен бас
тарту туралы, мекен-жай анықтамасы және т.б.)
3.10 жасқа толғаннан бастап баланың қамқорлыққа келісімі.
4.Баланың тұрмыс жағдайын тексеру актісі (мектеп толтырады).
5.Мүліктерінің тізімі (мектеп толтырады).
6.Пәтерді жекешелендіру туралы шарттың көшірмесі (егер бала
пәтерді мұрагерліке алған болса).
7.Жылжымайтын мүлік бойынша орталықтың № 1 ақпараттық
анықтамасы.
8.Баланың оқитындығы туралы мектептен анықтама қағаз.
9.Балаға мінездеме.
Барлық аталған құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аударылған және
ресмилендірілген немесе апостильденген болулары қажет.
ҚР азаматы болып табылатын балаларды (ұл немесе қыз баланы) асырап
алуға ниет білдіруші шетел азаматтарын есепке алу туралы ережеге сәйкес,
шет елдердегі ҚР консулдық мекемелерінде шетел азаматтарын арнайы есепке
тұрғызу жүргізіледі.
Мәселен, асырап алуға кандидаттардың азаматтығы әр түрлі болған
жағдайда, олар асырап алуға екі мемлекеттің құзырлы органдарынан қосымша
рұқсат, сондай-ақ, ерлі-зайыптылар азаматы болып табылатын елдерге асырап
алынған балаға келу және тұру рұқсатын алулары қажет. Сонымен қатар, егер,
ҚР азаматы болып табылатын баланы асырап алу және де балаға келу мен тұру
рұқсаты, бала асырап алу мәселесімен айналысатын мемлекеттік органның
кепілдік хаты ретінде орындалатын болса, жеткілікті.
Қолдаухат материалдары қамқоршылық және қорғаншылық органдарға
жіберіледі. Қамқоршылық және қорғаншылық органдарынан асырап алу мүмкіндігі
туралы жауап алынған кезде, мемлекеттер арасында визалық режим болса, ҚР
дипломатиялық немесе консулдық мекемесі шетелдікке елге келу үшін арнайы
виза береді. Бұл виза тек ҚР Білім және ғылым министрлігінің немесе оның
облыстық департаменттерінің шақыру хаттары негізінде берілуі мүмкін.
Визалардың басқа санаттары бойынша (мысалы: туристік, іскерлік) асырап алу
мақсатымен ҚР-ға келуге рұқсат етілмейді.
ҚР-ға келгеннен кейін екі аптадан кем емес мерзім ішінде шетелдіктер
баланы таңдап, онымен тікелей қатынас орнатуға міндетті (баламен және оның
қылықтарымен жеке танысу).
Баланы асырап алуға ниет білдірген тұлғалардың өтініштері бойынша, асырап
алу сот арқылы жүргізіледі. Бала асырап алу жөніндегі істердің қаралуын,
сот ерекше өндіріс тәртібінде, Қазақстан Республикасының азаматтық іс-
жүргізу заңнамасында көзделген ережелер бойынша жүргізеді.
Соттың түпкілікті шешімі шыққаннан кейін, Қазақстанның АХАЖ және көші-қон
органдарында асырап алынған балаға асырап алу және туу туралы куәліктер,
сонымен бірге, ҚР ұлттық паспорты ресімделеді.
Балаларды консулдық есепке алу олар Қазақстан Республикасынан тысқары
кеткенге дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінде жүзеге асырылады. Балаларды
консулдық есепке алған үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен
бекітілген мөлшерде консулдық алым алынады.
Балаларды есепке алу үшін асырап алушылар төмендегі құжаттарды ұсынады:
1. асырап алынған ұл (қыз) баланы консулдық есепке алу туралы өтініш (1
қосымша);
2. балаларды есепке алудың толтырылған жеке карточкасы (2 қосымша);
3. баланың 2 фотосуреті;
4. ішкі істер органдарының шетелде тұрақты тұру орнына жол жүруге арналған
рұқсат жазбасы бар ҚР ұлттық паспорты;
5. ұл (қыз) баланы асырап алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың
нотариалданған көшірмелері;
6. нотариалды түрде куәландырылған баланың туу туралы және ұл (қыз) баланы
асырап алу туралы куәліктердің көшірмелері.
Балаларды есепке алу процесіне, асырап алушылардың міндетті түрде жеке
қатысуы оларды азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамасында құқықтары
мен міндеттері белгіленген өкіл ұстау құқығынан айырмайды. Мұндай жағдайда
асырап алушылар өздерінің өкілдеріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Неке және отбасы құқығының түсінігі
Отбасы құқығы, ұғымы негіздері мен принциптері жайлы ақпарат
Қазақстан Республикасында сот және сот әділдігі
Хаммурапи заңдары туралы
Хаммурапи бірінші Вавилон әулетінің алтыншы патшасы
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТАҒЫ НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Қазақстан Республикасында Қазақстан азаматтарының шетел азаматтарымен некеге отыруы
Некеге отыру және некені тоқтату
ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ МЕН ОТБАСЫ ЗАҢДАРЫ
Бала құқықтары жайлы
Пәндер