Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері



1. Лекция тақырыбы: Азаматтық құқықтың түсінігі.
2 лекция тақырыбы: Азаматтық құқық және азаматтық заңнама
3 лекция тақырыбы. Азаматтық құқықтық қатынастар
5. лекция тақырыбы: Заңды тұлға
7 лекция тақырыбы: Мемлекеттік және әкімшілік.аумақтық бөлініс.азаматтық құқықтың субъектілері.
8 лекция тақырыбы : Азаматтық құқықтың обьектілері
9 лекция тақырыбы: Мәмілелер
10 лекция тақырыбы: Өкілдік және сенімхат.
11 лекция тақырыбы: Мерзімдер. Талап қою мерзімі.
12 лекция тақырыбы Меншік құқығы
13 лекция тақырыбы:Мемлекеттік меншік құқығы
14 лекция тақырыбы: Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардын бірлестіктерінін меншік құқығы
15 лекция тақырыбы: Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардын бірлестіктерінін меншік құқығы
1. Құқық өзіне тән бірнеше құқық салалары негізінде біртұтас жүйеді құрайды. Ал сол құқық салаларын бірін бірінен тиісті құқықтың реттеу пәні мен әдісі арқылы ажыратамыз. Бұл құқықтың пәні мен әдісі олардын айырмашылыгын айқындаумен қатар ол құқық салаларынын ерекшелігін де жан-жақты көрсетіп береді. Яғни қандай да бір құқық саласы болсын, ол өзінін құқықтық реттеу пәні мен әдісі арқылы айқындалады.
“Азаматтық құқық” термині ежелден белгілі, яғни рим зангерлері Рим азаматтарынын құқығы ретінде түсіндірді. Римде құқық екі салада жария және жеке болып бөлінді. Қазақстан Республикасында құқық жүйесі мұндай болып бөлінбейді. Ал азаматтық құқық тек қана өзіне тән институттардан тұрады.
2. Қазақстан Республикасынын азаматтық құқығынын пәнін тауар - ақша және қатысушылардын тендігіне негізделген мүліктік қатынастар, сонымен бірге мүлікпен байланысты немесе мүлікпен байланысы жоқ жеке мүліктік емес қатынастар құрайды (АК-тін 1-бабы, 1-тармағы). Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық, қатынастардын негізгі түрі мүліктік қатынастар болып табылады.
Қорыта келгенде азаматтық зандармен реттелетін қоғамдық қатынастар (азаматтық құқықтың пәні) басқа пәндерден төмендегі екі негізгі белгілер арқылы ажыратылады.
а) онын қандай да бір мүлікті иелену, пайдалану немесе билік етуге байланысты және келтірілген мүліктік зиянды өтеуге байланысты мүліктік мазмұны болады.
б) бұл қатынасқа қатысушылар зан құжаттарында көзделген реттерді қоспағанда, бір тараптын екіншісіне әкімшілік немесе өзге де билік жағыдан тәуелді бағыныштылықта болмайды.
3 Егер азаматтық құқықтың пәнінін түсінігі қандай қоғамдық қатынастардын азаматтық құқық нормаларымен реттелетіндігімен байланысты болса, ал азаматтық құқықтың әдісі сол қатынастар азаматтық құқық нормаларымен қалай реттелетіндігін білдіреді. Азаматтық құқықтың пәні мен әдісі өте тығыз байланысты ұнымдар.
Әрбір құқ саласында өзіндік ерекшелігі бар реттеу әдісі тән.
Олар:
1.Азаматтық құқықтық қатынастарда қатысушылардын заңдық тендігі яғни жеке заңды тұлғалар азаматтық айналымда мүліктік басқа да жағдайларда қарамастан тен құқықты. Бұл дегеніміз ешқандай бір тарап екінші тарапқа бір жақты негізде міндеттер жүктей алмайды.
2.Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысу барасындағы еріктілік, әрбір жеке және заңды тұлғалар өздерінін азаматтық құқықтарын өз еркімен өз мүддесі үшін иемденеді және жүзеге асырады.
3.Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушы тараптар құқықтарын қорғауда тен құқыққа ие және қорғау мүмкіндігін иеленуде еркін болады. Азаматтық құқықтарды қорғау соттар арқылы жүзеге асады.
4.Азаматтық құқықтық жауапкершіліктін ерекшелігі. Онын мүліктік және өтемді болуы /компенсация/ келтірілген залалды толық өтеу құқығы.
1. Тілеуғалиев Ғ. ҚР Азаматтық құқығы. Алматы 2001 ж.
2. Батырбаев Н.М. ҚР Азаматтық құқығы. Түркістан 2007 ж.
3. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. Гражданское право. Алматы 2000 г.
4. ҚР Азаматтық кодексі (жалпы бөлім). 27.12.1994 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
14.ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

1. Лекция тақырыбы: Азаматтық құқықтың түсінігі.
Лекция жоспары:
1.Азаматтық құқықтың құқық жүйесіндегі орны.
2.Азаматтық құқықтың түсінігі және пәні.
3.Азаматтық құқықтың әдісі.
4.Азаматтық құқықтын қағаидалары.
5.Азаматтық құқықтың жүйесі.
Лекция мәтіні:
1. Құқық өзіне тән бірнеше құқық салалары негізінде біртұтас жүйеді
құрайды. Ал сол құқық салаларын бірін бірінен тиісті құқықтың реттеу
пәні мен әдісі арқылы ажыратамыз. Бұл құқықтың пәні мен әдісі олардын
айырмашылыгын айқындаумен қатар ол құқық салаларынын ерекшелігін де жан-
жақты көрсетіп береді. Яғни қандай да бір құқық саласы болсын, ол өзінін
құқықтық реттеу пәні мен әдісі арқылы айқындалады.
“Азаматтық құқық” термині ежелден белгілі, яғни рим зангерлері Рим
азаматтарынын құқығы ретінде түсіндірді. Римде құқық екі салада жария және
жеке болып бөлінді. Қазақстан Республикасында құқық жүйесі мұндай болып
бөлінбейді. Ал азаматтық құқық тек қана өзіне тән институттардан тұрады.
2. Қазақстан Республикасынын азаматтық құқығынын пәнін тауар - ақша
және қатысушылардын тендігіне негізделген мүліктік қатынастар, сонымен
бірге мүлікпен байланысты немесе мүлікпен байланысы жоқ жеке мүліктік емес
қатынастар құрайды (АК-тін 1-бабы, 1-тармағы). Азаматтық құқықпен
реттелетін қоғамдық, қатынастардын негізгі түрі мүліктік қатынастар болып
табылады.
Қорыта келгенде азаматтық зандармен реттелетін қоғамдық қатынастар
(азаматтық құқықтың пәні) басқа пәндерден төмендегі екі негізгі белгілер
арқылы ажыратылады.
а) онын қандай да бір мүлікті иелену, пайдалану немесе билік етуге
байланысты және келтірілген мүліктік зиянды өтеуге байланысты мүліктік
мазмұны болады.
б) бұл қатынасқа қатысушылар зан құжаттарында көзделген реттерді
қоспағанда, бір тараптын екіншісіне әкімшілік немесе өзге де билік жағыдан
тәуелді бағыныштылықта болмайды.
3 Егер азаматтық құқықтың пәнінін түсінігі қандай қоғамдық
қатынастардын азаматтық құқық нормаларымен реттелетіндігімен байланысты
болса, ал азаматтық құқықтың әдісі сол қатынастар азаматтық құқық
нормаларымен қалай реттелетіндігін білдіреді. Азаматтық құқықтың пәні мен
әдісі өте тығыз байланысты ұнымдар.
Әрбір құқ саласында өзіндік ерекшелігі бар реттеу әдісі тән.
Олар:
1.Азаматтық құқықтық қатынастарда қатысушылардын заңдық тендігі яғни
жеке заңды тұлғалар азаматтық айналымда мүліктік басқа да жағдайларда
қарамастан тен құқықты. Бұл дегеніміз ешқандай бір тарап екінші тарапқа бір
жақты негізде міндеттер жүктей алмайды.
2.Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысу барасындағы еріктілік, әрбір жеке
және заңды тұлғалар өздерінін азаматтық құқықтарын өз еркімен өз мүддесі
үшін иемденеді және жүзеге асырады.
3.Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушы тараптар құқықтарын қорғауда
тен құқыққа ие және қорғау мүмкіндігін иеленуде еркін болады. Азаматтық
құқықтарды қорғау соттар арқылы жүзеге асады.
4.Азаматтық құқықтық жауапкершіліктін ерекшелігі. Онын мүліктік және
өтемді болуы компенсация келтірілген залалды толық өтеу құқығы.
4 “Принцип” деген термин латын сөзінен шыққан ол негіз, бастама деген
мазмұнны білдіреді. Азаматтық құқықтың принциптері яғни ол қоғамдық
қатынастарды азаматтық құқықтық реттеудің нормативтик құқықтық мазмұны бар
негізгі басшылыққа алынатын бастамалар.
Принцип біріншіден тікелей қолданылатын норма, екіншіден зан актілерін
(зан асты) жасау өзгерту барысында басшылыққа алынады, үшіншіден зан
ұқсастығы барысында басшылық алынады, төртіншіден заңдарды түсіндіру
барысында ескерілуді болжайды және зандар қайшылығы барысында басшылыққа
алынады.
Азаматтық құқықтық принциптеріне мыналар жатады (АК-тін 2-ші бабы, 1-ші
тармағы):
1.Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылардын тендігі;
2.Мүліктік және басқа да мүліктік емес құқықтарда қол суғылмаушылық;
3.Келісім-шарттын еркіндігі;
4.Жеке іске бөгде біреунін араласуына жол бермеу;
5.Азаматтық құқықтардын кедергісіз іске асуы;
6.Бұзылған құқықтық қалпына қелтіруді қамтамасыз ету;
7.Азаматтық құқықтарды сот арқылы қорғау;
8.Азаматтық құқықтың жүйесі.
Құқық жүйе ретінде келесі белгілермен сипатталады. Біріншіден, құқық -
кездейсоқ құқық нормаларынын жиынтығы емес, бұл органикалық бүтін бір
құқықтық құбылыс, сонымен бірге ол объективтілігімен сипатталады. Құқық
жүйесіде оны құрушы нормалардын бірлігі және олардын өзара байланысы тән.
Екіншіден, құқық жүйесі өзінін мазмұны және құрылымдық элементтерінін
көлемі бойынша біртектес емес, көпжақты құқықтық құбылыс. Құқық жүйесі
сонымен бірге құқық нормасына, құқық институтына және құқық саласына
бөлінеді.
Құқық жүйесі – бұл құқықтың жекелеген бөліктерге бөлінуіде қатысты
сонымен бірге құқық нормаларынын бірлігі мен келісімділігін білдіретін онын
ішкі құрылымы.
Құқық жүйесі мен зан жүйесінін байланысына, арақатынасына
айырмашылығына байланысты зангер ғалымдар бір нақты тұжырымға келген жоқ.
Бірақ жалпы алғанда олардын тұжырымы бойынша құқық жүйесі мен зан жүйесі
бір феномендін көрінісі. Бұдан қосымша тағы да құқық - норма жүйесі, және
зан да норма жүйесі деген көзқарастар да бар.

Бақылау сұрақтары:
1..Азаматтық құқықтың құқық жүйесіндегі орны қандай?
2.Азаматтық құқықтын түсінігі?
3.Азаматтық құқықпен қандай қатынастар реттеленеді?
3.Азаматтық құқық әдісінін ерекшеліктері?
4.Азаматтық құқық қағидаларының түсінігі?
5.Азаматтық құқық қағидаларының мазмұны?
6.Азаматтық құқық жүйесіның түсінігі.?
7.Азаматтық құқық жүйесінің түрлері?
8.Азаматтық құқық жүйесінің құрайтын институттарының түрлері және олардың
ерекшеліктері?

2 лекция тақырыбы: Азаматтық құқық және азаматтық заңнама
Лекция жоспары:
1.ҚР азаматтық зандарынын түсінігі
2.Азаматтық зандарыын түрлері.
3. Азаматтық зандарының қолдану.
4.Азаматтық заң нормаларын түсіндіру.

1. Азаматтық зандарда АК-тін 1-ші бабында көрсетілген қатынастарды
реттейтін зандар жатады. Бұл жерде 1-ші баптын 3-ші тармағында
көрсетілгендей тараптар арасындағы қатынастар мүліктік және
мүліктік емес сипатта болғанымен, отбасылық, енбек қатынастары мен
табиғи ресурстарды пайдалану және айдаладағы ортағы қорғау
жөніндегі қатынастарды арнайы салалық зандар реттейді. Ал азаматтық
зандар тек сол арнайы зандармен реттелмеген жағдайларда ғана сол
қатынастарда қолданылады. Сонымен бірге билік жағынан бағыныштағы
тараптар арасындағы мүліктік және салық жөніндегі мен бюдеттік
қатынастарда зан құжаттарында тікелей көрсетілмесе азаматтық зандар
қолданылмайды.
Азаматтық құқық пен азаматтық зан терминдері өзара байланысты
болғанымен де өзіндік үлкен айырмашылығы бар. Азаматтық құқық азаматтық
құқықтық қатынастарды реттейтін нормалардын жиынтығын білдрсе, азаматтық
заңнама – сол нормалар корсетілген құқықтық актілернін жиынтығы болып
табылады.
2. Азаматтық құқықтың дерекнамалары зандар, басқа да нормативтік
құқықтық актілер және әдет-нұрып нормалары деп аталатын екі түрге
бөлінетіні жоғарыда айтылды.
Алдымен заңдарды қарастырайық.
Қазақстан Республикасынын аумағындағы азаматтық құқықтық қатынастар
төмендегі зандармен реттеледі. Солардын ішінде Азаматтық Кодекстін орны
бөлек. ҚР АК-тін жалпы бөлімі 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданып, оған
бірнеше өзгертулер енді. Сонымен азаматтық құқықтың нормалары занда және
басқа да зан актілерінде орын алады.
Қазақстан Республикасынын “Нормативтік актілер туралы” занында барлық
нормативтік құқықтық актілер зңдық күштері бойынша айқындылған. Нормативтік
құқықтық актілернін ішінде Конституциянын ен жоғарғы күші бар. Онын
нормалары тікелей қолданылады. Конституцияда азаматтық құқықтық
қатынастарды да реттейтін нормалар бар. Мәселен онын 6-шы бабында
Қазақстанда жеке және мемлекеттік меншік тен негізде тағылатындығы және
қорғалатындығы айтылған.
3. ҚР-нын Конституциясынла 4-ші бабында көрсетілгендей барлық зандар,
халықаралық шарттар мерзімді басылымдарда басылад. ҚР “Нормативтік актілері
туралы” занынын 31-ші бабында көрсетілгендей ҚР-нын зан актілері Парламент
жаршысында, Егеменді Қазақстан, Казахстанская правдада,Зан журдаларында
және Юридическая газета басылымдарында ресми түрде жариялатындығы
көрсетілген. Конституциянын 62-ші бабында Парламенттін зандар
қабылдайтындығы, онын қаулыларынын ҚР-нын аумағында қолданылатындығы
көрсетілген. Бірақ оны шығарған орган онын күшін кейбір аймақтар бойынша
шектеуі мүмкін. Азаматтық заңдардын күші сонымен бірге онын қолданылу
топтары бойынша да анықталады.
Арнайы занда көрсетілгендей нормативтік құқықтық актілер төмендегідей
сатылардан тұрады. Ен басында Қазақстан Республикасынын Конституциясы, оған
кейін: конституциялық зандар; кодекстер; зандар және Президенттін зан күші
бар Жарлықтары; Президенттін нормативтік жарлықтары; Парламенттін
нормативтік қаулылары; Үкіметтін нормативтік қаулылары; орталық атқарушы
ргандардың нормативтік қаулылары (Заңдын 4-ші бабы).
4.Азаматтық зан нормаларын дұрыс түсіну үшін, оны дұрыс қолдану үшін
онын негізгі мазмұнын ашу қажет. Яғни норманын маныз мән мазмұны айқын ашу
заңдық термині бойынша түсіндіру деп аталады. Заңдарды түсіндіру
мәселесімен сол құқықты қолдануда қатысы бар мемлекеттік мекемелер, соттар
және азаматтар да айналысады. Түсіндіру ресми және бейресми түрде болады.
Құқықтық актілердегі құқықтық нормалар іске асырылғанда, сонын ішінде
соларды қолданғанда, оларды ресми түсіндірунін міндетті сипаты болады
Қазақстан Республикасынын Конституциялық Кедесі Конституция нормаларыда
ресми түсіннірме береді, ал занда тәуелді актілернін ресми түсіннірмесін
оларды қабылғанан (шығарған) органдар мен лауызымды адамдар береді.
Заңды түсіндірунін мақсаты - тиісті норманы пайдалану барысында оны
дұрыс қолдануда, іске асырылу барысында кемшіліктерге ұрындырмау болып
табылады.
4.Бақылау сұрақтары:
1. Азаматтық зандардың түсінігі
2.Азаматтық құқықтың дерекнамаларының түсінігі.
3.Императивтік нормалардың мазмұны.
4.Диспозитивтік нормалардың түсінігі
5.Азаматтық заңдарының түрлері.
6.ҚР Азаматтық кодексінің мазмұны
7. Азаматтық зандарының қолдану.
8.Азаматтық заңдарының түсіндірудің мақсаты

3 лекция тақырыбы. Азаматтық құқықтық қатынастар
Лекция жоспары
1.Азаматтық құқықтық қатынастын түсінігі.
2.Азаматтық құқықтық қатынастын элементтері.
3.Азаматтық құқықтар мен міндеттердін пайда болу негіздері
4. Азаматтық құқықтарды саралау және қорғау

Лекция мәтіні:
1. Азаматтық құқықты түсіну үшін азаматтық құқықтық қатынас
категориясынын манызы зор. Азаматтық құқықтық қатынас дегеніміз- азаматтық
құқықпен реттелетін мүліктік, сонымен бірге жеке мүліктік емес қатынастар
жатады (қатысушылары субьективті азаматтық құқықтары мен міндеттері арқылы
бір-бірімен байланысты).
Демек, азаматтық құқықтың пәні болып табылатын мүліктік және жеке
мүліктік емес қатынастардын реттелуін, қатысушылардын мінез-құлқынын тиісті
бағытта болуын азаматтық құқықтық нормалары анықтайды.
Азаматтық құқықтық қатынастын ерекшеліктері мынандай:
1. Азаматтық құқықтық қатынастын субьектілері бір-біріде тәуелсіз,
заңдық жағынан тен.
2. Азаматтық құқықтық қатынастар занда көрснтілген (ҚР-н АК 7бап) және
занда көрсетілмеген негіздер арқылы пайда болады.
3. Азаматтық құқықтық қатынастын мазмұны мен шарттары қалыптасуы
барысында тараптардың келісімі басым болады.
2. Азаматтық құқықтық қатынастын өзіне тән тиісті белгілері бар. Яғни
ол белгілер азаматтық құқықтық қатынастын элементтері деп аталады. Ол
элементтер: субъектілер (қатысушылар), мазмұны (құқықтар мен міндеттер),
және объектілер (құқықтар мен міндеттердін қатысы бар мүліктік және
мүліктік емес игіліктер).
Барлық құқықтық қатынастарда қатысушылар бір-бірімен құқықтық
байланыста болады, яғни олар субъективтік құқықтар мен міндеттерді
иеледеді. Сондықтан азаматтық құқықтық қатынастын мазмұнын субьективтік
құқықтар мен міндеттер құрайды.
3. Азаматтық құқықтар мен міндеттер зандарда көзделген негіздерден,
сондай-ақ азаматтар мен занда тұлғалардың әрекеттеріден пайда болады,
өйткені ол әрекеттер азаматтық зандарда көрсетілмегедімен, олардын мәніде
байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттер туғызады.
Азаматтық зандардағы нормалар өздігіден азаматтық құқықтық қатынастарды
өзгертпейді, тоқтатпайды немесе пайда болдырмайды. Азаматтық құқықтық
қатынастын пайда болуы, тоқтатылуы немесе өзгеруі үшін құқықтық нормаларда
көрсетілген тиісті жағдайдын болуы яғни заңдық фактінін болуы тиіс.
Сондықтан заңдық фактілер құқық нормасы мен азаматтық құқық қатынастын
арасындағы байланыс болып табылады. Заңдық факті болмаса бірде бір азматтық
құқықтық қатынас пайда болмайды, өзгермейдіі және тоқтатылмайды. Яғни
азаматтық құқықтық қатынастын пайда болуына негіз болатын жағдайлар заңдық
факті болып табылады.
4. Азаматтық құқықтарды саралау және қорғау
Азаматтық құқықтар мазмұнына байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді.
Олар; а) мүліктік және мүліктік емес, б) абсалюттік және салыстырмалы в)
заттық және міндеттемелік.
Мұндай бөлініс азаматтық құқықтың нормаларынын қандай қоғамдық
қатынастарды реттеуіне байланысты жүргізіледі.
Мүліктік құқықтық қатынас қандай да бір экономикалық мазмұнда болады.
Азаматтық құқықтың қатынастын белгілі бөлігі мүліктік қатынастар.
Азаматтырдың мүліктік құқықтары құқық қабылдаушыда өтсе, ол мүліктік емес
құқықтық қатынасты құқық қабылдаушылық болмайды. Мүліктік құқықтық
қатынастар азаматтық Заңдын нормаларымен реттелетін мүліктік құндылық
қатынастары негізінде пайда болады.
Бақылау сұрақтары:
1.Азаматтық құқықтың түсінігі.
2.Азаматтық құқықтармен міндеттерін пайда болу негіздері?
3.Заңды фактілердің түсінігі?
4.Субъективтік құқықтың түсінігі
5.Субъективтік міндеттің?
6.Азаматтық құқықтық қатынастарының түрлері?
7.Өзін-өзі қорғаудың ерекшеліктері?

4 лекция тақырыбы: Азаматтар азаматтық құқықтың субьектісі
Лекция жоспары:
1.Азаматтық құқық қабілеттілігі.
2Азаматтық әрекет қабілеттілігі.
3.Азаматтын аты-жөні және тұрғылықты жері.
4.Қамқоршылық және қорғаншылық.
5.Азаматты өлді деп жариялау және хабар-ошарсыз кетті деп тану
Лекция мәтіні:
Тұлғанын екі түрі бар Олар, яғни құқық субъектілері – адамдар жеке
тұлға және ұйымдар Заңды ұйым. Жеке тұлға дегеніміз - Қазақстан
Республикасынын азаматтары, басқа мемлекеттердін азаматтары, сондай-ақ
азаматтығы жоқ адамдар.Заңды тұлға деп мекемелерн, ұйымдарны,
кәсіпорындарды, бірлестіктерні, қорларды және т.с.с. айтамыз.
Азаматтық құқықтық қатынастын субьектілері азаматтар, ұжымдық
құрылымдар және мемлекет болуы мүмкін. Осы көрсетілген субьектілер
азаматтық құқықтық қатынасқа қатысуы үшін азаматтық құқық қабілеттілігі
болуы керек, яғни азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие болу мүмкіндігі
болуға тиісті.
2. Азаматтық әрекет қабілеттілігі дегеніміз - азаматтын өз әрекеті
арқылы азаматтық құқықтарды иелену және оны жүзеге асыру, өзіне азаматтық
міндеттерді қалыптастыру және оны жүзеге асыру мүмкіндігін айтамыз.
Азаматтық әрекет қабілеттілігін азаматтық құқық қабілеттілігіден
айырмашылығы бар. Құқық қабілеттілігін азамат дуниеге келген сәттен пайда
болып ол өлгенден кейін тоқтайды. Ал әрекет қабілеттілігі болу үшін азамат
белгілі бір жасқа толуы қажет. Әрекет қабілеттіліктін белгілі
бастамаларынын бірі – ол азаматтын өз әрекетіне толық жауап бере алатындай
физиологиялық жетілуі. Яғни ол өз еркін ұстай алатын белгілі бір жасқа
жеткен қалыпты психикалық жетімділікте болуы тиіс. (АК-н 17бап.)
3. Құқықтар мен міндеттерді иелену және жүзеге асыру үшін азамат тиісті
тәртіппен дараланнырылуы қажет. Даралану барлық уақытта азаматтын есімі
арқылы жүргізіледі. АК-тін 15 бабы, 1-ші тармағында көрсетілгендей
азаматтын есімі болып онын өз фамилиясы, өз есімі сондай-ақ қаласа әкесінін
аты болып табылады.
Азамат өз құқығы мен міндетін өз есімі арқылы иеленіп жүзеге асырады.
Басқа біреунін есімі арқылы құқықтар мен міндеттер иеленуге тыйым салынады.
Бірақ зандар бойынша азаматтырдың жасырын түрде құқықтар иеленіп,
міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншік ат пайдаладатын
реттері көзделуі мүмкін. Есімні өзгерту онын бұрынны құқықтары мен
міндеттерін тоқтатуда немесе өзгертуге негіз бола алмайды. Есімін өзгерткен
адам өзінін бұрынны есіміде ресімделген құжаттарда тиісті өзгерістер
енгізілуін талап етуге құқылы.
4. Азаматтырдың әрекет қабілеттілігі жоқ кезде онын құқықтары мен
міндеттеріде ие болу мүмкіндігі қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындау
жолымен жүзеге асырылады. Қорғаншы өзінін әрекеттерімен қорғауынданыда
құқық және міндет еншілей отырып, әрекет қабілеттілігі жоқ адамнын орныда
өзі әрекет жасайды. Ал қамқоршы адамдар ішідара әрекет қабілеттілігі бар
адамдарда өздерінін міндеттерін орындағанда көмектесіп, бақылауыда алады,
сонымен қатар оларды үшінші жақтардан болатын қиядаттардан қордап жүреді.
Дене мүшесінін кемістігіден өзінін құықтарын жүзеге асыра алмайтын жәе
қордай алмайтын, сонда да әрекет қабілеттілігі толық деп тағылатындарда да,
қамқоршы адам тадайындалады. Мұндағы қамқоршығын қызметі сол мүгедек
адамнын құқыққа ие болуына, құқығын жүзеге асыруыда қажетті әрекеттерін
орындап отыру болып есептеледі. Кәмелетке толған әрекетке қабілеті бар
адамнын қамқоршысын қорғаншы және қамқорлық жасаушы орган сол адамнын
келісімі бойынша ғана тағайындауы мүмкін.
5. Азамат егер онын қай жерде жүргені белгісіз болса, оған байланысты
азаматтық құқықтық қатынастар бірқалыпты түрде бола алмайды. Азаматты хабар-
ошарсыз кетті деп тану – онын қатысуымен болуға тиісті қатынастардын болуы
(жүруі) үшін келтіріліп отырған кедергілерді заңдық жолмен жою болып
табылады. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тек қана мүделі тараптардың
өтініші негізінде сот тани алады.
Егер азаматтын тұрғылықты жерінде ол туралы бір жыл бойы деректер
болмаса, мүдделі адамдардын арызы бойынша сонғы хабар-ошарсыз кетті деп
тануы мүмкін. Хабар-ошарсыз кеткен азамат туралы сонғы деректер алынған
күнні анықтау мүмкін болмаған жағдайда жоқ адам туралы сонғы деректер
алынған айдан кейінгі айнын бірінші күні, ал бұл айны анықтау мүмкін
болмаған жағдайда келесі жылғы бірінші қантар хабар-ошарсыз кетудін
басталған күні деп есептеледі (АК-тін 28-ші бабы).
Бақылау сұрақтары:
1.Азаматтық құқық қабілеттіліктің түсінігі?
2.Азаматтық әрекет қабілеттіліктің түсінгі?
3.Он төрт жасқа толмаған жасөсперімдердің әрекет қабілеттілігі?
4.Он төрт жастан 18 жасқа дейінгі жас өсперімдердің әрекет құқық
қабілеттілігі?
5..Азаматтардың әрекеттік қабілеттілігі шектеу тәртіптері?
6.Азаматтарды хабарсыз-ошарсыз кетті деп тану тәртіптері?
7.Азаматты өлді деп жариялау негіздері?

5- лекция тақырыбы: Заңды тұлға
Лекция жоспары:
1.Заңды тұлғаның түсінігі
2.Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі
3.Заңды тұлғалардың филиалдарымен өкілдіктері
4.Заңды тұлғалардың түрлері.
5.Заңды тұлғаны құру.
6.Заңды тұлғаны қайта құру
7.Заңды тұлғалардың негізгі түрлері

Лекция мәтіні:
1. Заңды тұлға құқық субьектілерінің бірі. АК-тің 33-ші бабында меншік,
шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және
сол мүлікпен өз міндеттері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және
мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра
алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға болып
тағылады деп көрсетілген. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы
болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады. Заңды тұлғалар
заң құжаттарына және құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз
органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді
алады.
Бұл көрсетілген анықтамадан заңды тұлғаның келесі белгілерінің бар
екендігін анықтаймыз.
1) оқшау мүлкінің болуы;
2. 2) мүліктік жауапкершіліктің болуы;
3. 3) азаматтық айналымға өз атынан қатыса алуы.
Оқшауланған (жеке) мүліктің болуы заңды тұлғаның негізгі белгілерінің
бірі. Бұл оның тиісті мүлікке мүліктік құқығын анықтайды. Мүліктік құқық,
яғни бұл тиісті мүлікке меншік құқығын, шаруашылық жүргізу немесе жедел
басқару құқығы дегенді білдіреді. Заңды тұлғаның мүлкі жеке балансында
көрсетіледі.
2. АК-тің 34-ші бабында көрсетілгендей барлық заңды тұлғалар мақсатына
қарай коммерциялық және коммерциялық емес болып бөлінеді. Өз қызметінің
негізгі мақсаты ретінде табыс (табуды) келтіруді көздейтін ұйым
коммерциялық заңды тұлға, не мұндай мақсат ретінде табыс келтіре алмайтын
және алынған таза табыста қатысушыларына үлестірмейтін ұйым коммерциялық
емес заңды тұлға болып табылады.
Жалпы заңды тұлғаларды жүйлеп олардың әрқайсысының ерекшелігін анықтау
үшін нақты жүйеленген ұйымдық-құқықтық нысандардың белгіленуі орынды.
Мұндай ұйымдық-құқықтық нысандар заң бойынша қалыптастырылған. Әрбір заңды
ұйымның құқықтары мен міндеттері, ішкі құрылымы, оның басқару органдары мен
басқа да қатысушылардың өзара қатынасы әрі құқықтық жағдайы мен
ерекшеліктері оның ұйымдық-құқықтық түріне тікелей байланысты болады.
Ұйымдардың қай түрге жататындығын анықтауда таза табысты сол заңды
ұйымның қатысушылары арасында бөлу мүмкіндігі негіз болады. Егер заңды ұйым
заң және жарғылық құжаттарына сәйкес таза табысты қатысушыларға бөлуге
құқығы болса – ол коммерциялық ұйым болып, мұндай табысты бөлуге құқығы жоқ
болса коммерциялық емес ұйым болып табылуы тиіс. Сонымен қатар коммерциялық
ұйым жалпы заң бойынша тыйым салынбаған кез-келген кәсіпкерлік қызметпен
айналыса алады. Ал коммерциялық емес ұйым тек өзінің жарғылық мақсатына сай
келетін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы бар.
2. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі.
Заңды тұлғаның құық қабілеттілігі ол құрылған сәттен бастап пайда
болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға заң құжаттарында
тізбесі белгіленген жекеленген қызмет түрлерімен тек лицензия негізінде
ғана айналыса алады. Яғни, белгілі бір қызметпен айналысу үшін лицензия алу
қажет болатын заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі, сол лицензияны алған
күннен бастап пайда болады. АК-тің 35-бабының 1-тармағына сай заңды тұлға
азаматтық құқықтарға ие болып, өз қызметіне сай міндеттерді атқарады.
Коммерциялық ұйым өзінің жарғысында қаралмаған қызметпен айналыса
береді, ең бастысы заң оған тыйым салмайтындай болуы керек. Коммерциялық
ұйымдардың құрылтай құжаты арқылы құқық қабілеттіктері шектелуі мүмкін,
яғни қандай да бір қызмет түрлерімен айналысуға тыйым салады.

3.Филиалғар мен өкілдіктер:
1) өзінің жеке мүлкі болмайды;
2) олар өз атынан емес заңды тұлға атынан әрекет етеді;
3) ол жеке мүліктік жауапкершілікте болмайды, оның әрекеттеріне негізгі
заңды ұйым жауапты.
Филиалғар мен өкілдіктердің құқықтық жағдайында айтарлықтай айырмашылық
жоқ. Негізгі айырмашылық олардың атқаратын қызметіне байланысты. Бірақ,
егер филиал заңды тұлғаның міндетінің барлығын не бір бөлігін, оның ішінде
өкілдіктің де міндетін жүзеге асыратын болса, онда өкілдік өзін құрған
заңды тұлғаның мүдделерін қорғауға тиісті және оның оның атынан мәмілелер
мен басқа да құқықтық әрекеттер жасай алады.
Филиалғар мен өкілдіктердің құқықтық жағдайы олар туралы ереже мен
оның басшысына берілген сенімхат негізінде айқындалады. Филиал және өкілдік
туралы ереже тиісті филиалдың ішкі қатынастарын, филиалғар арасындағы мен
негізгі заңды ұйым арасындағы қатынастарды реттейді. Олар: филиалғардың
міндеті мен қызмет трлері, оның лауазымды тұлғаларын тағайындау тәртібі,
олардың құзіреттерін анықтау, бақылау тәртібін белгілеу мен негізгі заңды
ұйыммен арадағы мүліктік қатынастар. Ал сенімхат филиалдың немесе
өкілдіктің басшысына беріледі, ол тиісті басшының әрекеттер шеңберін
анықтайды. Демек, ереже ішкі қатынастарды, ал сенімхат сыртқы қатынастарды
реттейді.
Филиалғар мен өкілдіктер міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі
тиіс. Оларды тіркеуде құрылтай құжаты емес, оны құру туралы тиісті заңды
ұйымның шешімінің көшірмесі табыс етіледі.
4. АК-тің 34-ші бабы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды
тұлғалардың төрт ұйымдық-құқықтық түрін көрсетеді. Олар: мемлекеттік
кәсіпорын, өндірістік кооператив, шаруашылық серіктестік және акционерлік
қоғам.
Мемлекеттік кәсіпорындар экономиканың мемлекеттік секторларына қатысты.
Өндірістік кооператив оның мүшелерінің еңбекке тікелей қатысуымен
сипатталады. Акционерлік қоғам ірі кәсіпкерлік бірлестіктерді құру
барысында негізгі жарғылық қорды қалыптастыру үшін акциялар шығаратын
қоғам.
Жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесіне бөлінген коммерциялық ұйым
шаруашылық серіктестік деп тағылады. Шаруашылық серіктестікті бір адам
құруы мүмкін. Түрлері:
1) толық серіктестік;
2) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
3) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
4) сенім (командиттік) серіктестігі.
6. Заңды тұлғаларды қайта құру - дегеніміз заңды тұлғаның құқықтарымен
міндеттерінің мирасқорлыққа өтуіне байланысты тоқтатылу тәсілі. (қосу,
біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту.) Заңды тұлғаны тарату - заңды
тұлғалардың құқықтары мен міндеттерінің мирасқорлыққа өткізбей тоқтату
тәсілі (АК-тің 51-бап). Заңды тұлғаны тарату немесе қайта құру ерікті және
ықтиарсыз жүргізілуі мүмкін. Ерікті қайта құру заңды тұлғаның мүлкінің
меншік иесінің немесе құрылтай құжаттары бойынша қайта құруға өкілеттігі
бар заңды тұлғаның органының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру ҚР үкіметінің
шешімі, комуналдық кәсіпорындарды – жергілікті әкімнің шешімі негізінде
жүргізіледі.
Мемлекеттік заңды ұйымдарды жеке меншік нысанына айналдыру арқылы қайта
құру тек жекешелендіру арқылы жүргізіледі.
Шаруашылық серіктестіктер заң құжаттарында белгіленген реттер мен
тәртіп бойынша қатысушылардың жалпы жиналысының шешімімен шаруашылық
серіктестіктің бір түрінен екінші түрі не акционерлік қоғамдар немесе
өндірістік кооперативтер болып қайта құрылуы мүмкін.
Акционерлік қоғам шаруашылық серіктестігі немесе өндірістік кооператив
болып қайта құрылуы мүмкін (АК-тің 93 бабы).
Ықтиарсыз қайта құру заң құжаттарында көзделген реттерде сот
органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Заңды тұлғаны тарату оның мүлкінің меншік иесінің немесе заңды тұлғаның
тиісті органының тағайындаған тарату комиссиясымен жүзеге асырылады және
тарату туралы шешім қабылданғаны туралы дереу әділет органына жазбаша
хабарланады.
7. Заңды тұлғалардың негізгі түрлері.
Шаруашылық серіктестіктер коммерциялық ұйым, олардың негізгі мақсаты
пайда табу және оны қатысушылардың арасында бөлу. Жеке және заңды тұлғалар
шаруашылық серіктестіктің құрылтайшысы бола алады. Серіктестіктің мүлкі
қатысушылардың бастапқы салымдарынан тұрады және ол серіктестіктің меншігі
болып табылады. Қатысушылары тек өз салымдарына ғана ие бола алады.
Шаруашылық серіктестіктерді серіктестіктің қарызы бойынша оның
қатысушыларының жауапкершілігіне байланысты екі топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа жеке тұлғалардың өзі қатысатын, үлкен қаржыға
негізделмеген кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, барлық қатысушылардың
жауапкершілігімен сипатталатын толық және сенім серіктестігін жатқызамыз.
Екінші топқа бір немесе бірнеше қатысушылардың серіктестіктің жарғылық
қорындағы салымдары шеңберінде тәуекел ететін, өз салымдарын біріктіру
негізінде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жауапкершілігі шектеулі және
қосымша жауапкершілігі бар серіктестігі жатады.
Бақылау сұрақтары:
1.Заңды тұлғаның ерекшеліктері?
2.Заңды тұлғаның әрекет кабілеттілігінің түсінігімен нысандары.?
3.Филиалғармен өкілдіктердін ерекшеліктері?
4.Коммерциялық ұйымдардың түсінігі және оның түрлері.
5.Коммерциялық емес ұйымдарының түрлері?
6.Құрылтайшылардың түсінігі?
7.Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары?
8.Заңды тұлғаның атауы?
9.Заңды тұлғаларды қайта құру негіздері?
10Заңды тұлғаны тарату негіздері.
11.Комерциялық ұйымдарының түрлері.
12.Шарауашылық серіктестік және онын түрлері?
13.Шаруашылық серіктестікті құру тәртіптері?
14.Шаруашылық серіктестіктің тарату негіздері?
15Акционерлік қоғамдың түсінігі және оны құру тәртіптері?
16.Өндірістік кооператив түсінігі мен ерекшеліктері?

7 лекция тақырыбы: Мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық бөлініс–азаматтық
құқықтың субъектілері.
Лекция жоспары:
1.Мемлекетттін - азаматтық құқық субъектілері ретіндегі ерекшеліктері.
2. Әкімшілік-аумақтық бөлініс - азаматтық құқық субъектілері ретіндегі
ерекшеліктері.
3.Азаматтық құқықтық айналымда мемлекеттің қатысу нысандары.
Лекция мәтіні:
1.Қазақстан Республикасы мен әкімшілік-аумақтық бөлініс заңды тұлға
болып табылғанымен азаматтық айналымда азаматтық құқық қатынастарынын
қатысушылары ретінде көрінеді. Демек бұл субъектілер құқық және әрекет
қабілеттілігіде ие болады, бірақ олар сипаты жағынан азаматтық құқық
қатынастары қатысушыларынын өзге құқық субъектілеріде ерекшеленеді. Ондай
ерікшеліктер мынадай:а) Қазақстан Республикасынын Конституциясына сәйкес
Қазақстан Республикасы құқықтың басқа субъектілері орындауда міндетті
заңдарды қабылдау құқығын еншілейді; ә) Қазақстан Республикасы өзінін
зандарымен әр құқық субъектісінін өкілеттік көлемін белгілейді, өзгертеді,
бұл орайда өзі үшін де өкілеттік көлемін айқындайды; б) Азаматтық құқық
қатынастарды қатысушыларынын бірде бірі иелене алмайтын құқықтарды
Қазақстан Республикасы еншілейді (мысалы, тек Қазақстан Республикасы ғана
валюталық реттеудің құқықтық негіздерін белгілеуге құқылы және т.б.).
Мемлекеттін және онын әкімшілік-аумақтық бөліністерінін құқық
қабілеттілігі өздерінін алдында тұрған міндеттермен тығыз байланысты. Онын
құқық қабілеттілігінін әмбебап болуы да сондықтан дер едік, яғни ол жеке
мүнде емес, қоғамдық мүндеге негізделетінін есте ұстаған жөн.
2.Мемлекет Қазақстан Республикасынын ұйымдық-құқықтық түрлері мен тіркелу
орындарыда қарамастан барлық Заңды және жеке тұлғаларыда қатысты
шетелдіктер үшін міндетті экспорт және импорт тауарларынын (қызмет, жұмыс)
тәртібін белгілейді.
Қазақстан Республикасы өзінін мүлкіне өзі дербес жауап береді. Бұл
Қазақстан Республикасынын 1999 жылы 2 тамызда қабылданған Мемлекеттік және
мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы заныдан анық
байқалады.
Мемлекет шетелдік инвесторлармен жасалған инвестициялық келісімдернін
қатысушысы да болады.
Мемлекет сыртқы сауда айналымына елшілік, консулнық немесе сауда
өкілдігі арқылы қатысады. Айталық Қазақстан Республикасынын сауда өкілдігі
Қазакстан Республикасы атынан өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін
мәмілелер мен басқа Заңдық актілер жасай алады. Қазақстан Республикасынын
сауда Өкілдіктері соттарда жауапкер болып тек сол елдегі Қазақстан
Республикасы сауда Өкілдіктері жасаған мәмілелер мен басқа да Заңдық
актілерден туындайтын дауларда қатыса алады.
3.Қазақстан Республикасы сауда Өкілдіктерінін міндеттемелері бойынша
жауапкершілікті Қазақстан Республикасынын сауда Өкілдіктері туралы
ережедін 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасынын Үкіметі көтереді.
Қазақстан Республикасынын сауда Өкілдіктері қазақстаннық сыртқы
экономикалық және басқа да шаруашылық ұйымдардың міндеттемелеріде жауап
бермейді, ал қазақстаннық сыртқы экономикалық және басқа да шаруашылық
ұйымдар өз кезегінде Қазақстан Республикасы сауда өкілдігінін
міндеттемелері бойынша да жауапты болмайды.
Бақылау сұрақтары:
1.Мемлекетті азаматтық құқықтын субъектісі ретінде жатқызу ерекшеліктері?
2.Әкімшілік-аумақтық бөліністерді азаматтық құқықтың субъектісі ретінде
қарастыру ерекшеліктері?
2.Мемлекеттін азаматтық айналымға қатысу нысандарының ерекшеліктері?

8 лекция тақырыбы : Азаматтық құқықтың обьектілері
Лекция жоспары:
1.Азаматтын құқықтың объектілерінін түсінігі мен түрлері.
2.Заттардын түсінігі және оны жіктеу.
3.Бағалы қағаздар, олардын түрлері мен ерекшеліктері.
4.Мүліктік емес өзіндік құқықтар.
Лекция мәтіні:
1. Азаматтық құқықтың нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар
азаматтық құқықтың обьектісі деп аталады. Мүліктік және мүлікті емес
игіліктері, сондай-ақ құқықтар азаматтық құқық обьектілері бола алады.
Мұндағы құқық - мемлекетке, заңды ұйымдарда және азаматтарда тиесілі
субъективтік құқықтар.
Азаматтық кодекстін 115-бабында азаматтық құқық обьектілерінін кен
тізбегі көрсетілген.

Олар:
1) мүліктік игіліктер мен құқықтарда (мүлікке) жататындар: заттар,
ақша, сонын ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет,
шығармашылық-интеллектуалдық қызметтернін обьектіге айналған нәтижелері,
фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудын өзге де
құралғары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады;
2) жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарда мыналар жатады: жеке
адамнын өмірі мен денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ,
іскерлік, бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы
құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шыдармада қол
сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен
құқықтар;
2. Зат дегеніміз, азаматтық құқық тұрнысыда алып қарағанда физикалық
деде ретінде және онын адам енбегімен жасалған, сол сияқты табиғи күйінде
де кездесетін (болатын) сыртқы материалдық дүниедін бір бөлігі болып
табылады.
АК-тін 117-бабына сәйкес заттардын өзі қозғалатын және қозғалмайтын
болып екіге бөлінеді. Жылжымайтын мүлікке жер учаскелері, үйлер,
нимараттар, көпжылғық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлік, яғни
орнынан олардын мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын мүлік
жатады.
Затты қозғалмайтындар қатарына жатқызу екі жағдайда байланысты: яғни
материалдық жағынан затты жерден айыруға болмайтындығына және оны орныдан
қозғау үшін шығындану қажеттігіне байланысты. Яғни, мүлікті қозғалатын
немесе қозғалмайтын топқа жатқызунын негізгі критериі – онын табиғи
қасиетіне байланысты. Мәселен, көпжылдық болып табылатын жыл сайын егуні
қажет етпейтін шөп, өсімдік, ағаштар мен өнім ағаштары жердін беткі қабаты
ретінде жылжымайтын мүлікке жатады. Ал жыл сайын егіліп жүйелі түрде адам
енбегінін нәтижесінде алынатын астықтар қозғалатын мүлікке жатады.
Көпжылдық екпелер жерден алынғандан кейін қозғалатын мүлікке айналады.
3. Азаматтық құқықтық обьектілерінін бірі бағалы қағаздар болып
табылады. Азаматтық кодекстін 129-бабына сәйкес, бағалы қағаз – мүліктік
құқықты куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілернін
жиынтығы. Бағалы қағаздарда акциялар, облигациялар және бағалы қағаздарнын
азаматтық кодекспен және Қазақстан Республикасынын өзге де зан актілерімен
айқындылған өзге де түрлері жатады.
Бағалы қағаздар шығарылым нысаны бойынша:
1) құжатты және құжатсыз;
2) эмиссиялық және эмиссиялық емес;
3) атаулы, ұсынбалы және ордерлік бағалы қағаздар болып бөлінеді.
4. Азаматтық құқықтық қатынас объектілерінін бірі мүліктік қатынастарда
байланысты мүліктік емес жеке қатынастар болып табылады. (АК-тін 1-бабы).
Мүліктік қатынастарда байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық
зандармен реттеледі, өйткені, олар зан құжаттарында өзгеше көзделмеген, де
мүліктік емес жеке қатынастар мәніден туындамайды (АК-тін 1-бабынын 2-
тармағы).
Азаматтық кодекстін 115-ші бабында азаматқа тиесілі мүліктік емес
өзіндік игіліктер мен құқықтардын үлгі тізбесі келтірілген, оған
жататындар: жеке адамнын өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абыройы, игі
атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы
құпиясы, есім алу құқығы, шыдармада қолсұқпаушылық құқығы және басқа
материалдық емес игіліктер мен құқықтар. Азаматтық құқық обьектілерінін бұл
тобынын ерекшелігі мығана: 1) бұл құқық өзіндік, яғни тиесілі тұлғаған
ажырамайды; 2) мүліктік емес сипаты бар, яғни материалдық (мүліктік)
мазмұны болмайды; 3) абсолютті құқықтың санатына жатады, яғни бұл
құқықтарды ешкім де бұза алмайды; 4) бұл құқықтар ешкімге тапсырылмайтын,
әрі өзгеге берілмейтін құқық.

Бақылау сұрақтары:
1.Азаматтың құқықтың объектілерінің түсінігі?
2.Азаматтық құқықтың түрлері?
3.Заттардың түсінігі?
4.Заттардың жіктеуі?.
5.Бағалы қағаздардың түсінігі?
6.Бағалы қағаздың түрлері?
7.Бағалы қағаздардың ерекшеліктері.?
8..Мүліктік емес өзіндік құқықтардың түсінігі?
9.Мүліктік емес игіліктер мен құқықтар?

9 лекция тақырыбы: Мәмілелер
Лекция жоспары:
1.Мәміленін ұғымы.
2.Мәміленін түрлері мен нысаны
3.Мәмілелер мен мәміленін жарамдылық шарттары
4.Мәмілелер жарамсыздығынын негіздері
Лекция мәтіні:
1. Азаматтық кодекстін 147 бабында мәміле азаматтар мен заңды
тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге
немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері деп белгіленген. Мәмілеге мынадай
белгілер тән: 1) тұлғанын ерік (тілек немесе ниет) білдіруі; 2) рұқсат
етілген ерік білдіру яғни құқыққа сәйкес әрекеті; 3) қандай да бір заңды
құқық жасауға бағытталған азаматтық-құқықтық қатынастардын пайда болуы,
өзгертілуі және тоқтатылуы; 4) мәміленін әрқашанда құқықтық салғарды
туғызуы.
Мәміленін маныздылығы ондағы жақтардын еркі мен ерік (ниет тілек)
білдіруіден тұрады. Ерік білдіруі ауызша, конклюденттік әрекеті арқылы,
жазбаша (жай немесе нотариалдық) және үндемей қалу жолымен білдіреді.
2. Мәмілелер мынандай түрлерге бөлінеді:
1. біржақты, екі немесе көп жақты;
2. ақылы және ақысыз;
3. нақты және консенсуалды;
4. казуалды және абстрактілі;
5. шартпен жасалған;
6. биржалық.
Мәмілелер және екі немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкін. Зандарда
немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптын ерік
білдіруі қажет және жеткілікті болатын мәміле біржақты мәміле деп
есептеледі. Ал шарт жасасу үшін екі тараптын (екіжақты мәміле) де үш немесе
оған да көп тараптын (көпжақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет.
Біржақты мәмілелер көп кездесе бермейді. Олардын жиі кездесетін түрі -
өсиет. Біржақты мәміледе бір тараптын еркі болса жеткілікті.
Тиісті тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алатын болса немесе
тараптар бір-біріне бір зат беруі керек болса, бұл ақылы мәміле болып
табылады. Ал, бір тарап екінші тарапқа оған ақы алмай демес ешбір зат
бермей бірнәрседі ұсынуны міндетіне алған мәміле ақысыз болып есептеледі.
Консенсуалды мәмілелер – тараптар келісімге келген сәттен бастап
азаматтырдың құқықтары мен міндеттері туындайтын мәмілелер, яғни сол сәттен
бастап жасалды деп саналатын мәмілелер. Ал нақты мәміле, оны жүзеге асыру
үшін, жасалды деп есептеу үшін келісіммен қатар тиісті затты тапсыру қажет.

3. Мәміленін нысаныда, мазмұныда және қатысушыларыда, сондай-ақ олардын
ерік білдіру бостанныныда қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі
адамдардын, тиісті мемлекеттік органнын де прокурорнын талабы бойынша
мәміле жарамсыз деп тағылуы мүмкін.
Мәміле жарамды болуы үшін мынандай шарттар сақталуы тиіс;
1) мәміле мазмұнынын зан талаптарына сәйкестігі;
2) мәмілеге қатысатын және оны жүзеге асыратын адамдардын әрекет
қабілеттілігінін болуы;
3) қатысушылардын еркі мен ерік білдіру сәйкестігі;
4) мәмілелердін нысанынын сақталуы.
Мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші
тарапқа мәміле бойынша алынғаннын бәрін қайтарып беруге, ал заттай қайтарып
беру мүмкін болмаған жағдайда құнын ақшалай өтеуге міндетті.
4. Қажетті лицензия алмай, де лицензиянын қолданылу күшінін мерзімі
біткенден кейін жасалған мәміле жарамсыз болады. Кейбір кәсіпкерлік қызмет
түрлерімен айналысу үшін құзіретті мемлекеттік органдардың арнайы рұқсаты,
яғни лицензия алуы керек. Лицензия талап етілетін әрекетті лицензия алмай
жүзеге асыру құқық бұзушылық болады. Сонымен бірге лицензия қайтарып
алынған жағдайда, күші тоқтатылғанда және жарамсыз деп тағылған жағдайларда
жасалған мәмілелер де құқық бұзушылық болып табылады.
Теріс пиғылды бәсеке мақсатын көздейтін немесе іскерлік әдеп талаптарын
бұзатын мәміле жарамсыз болады. Мұндай жағдайларда мәміледі жарамсыз деп
тану туралы талапкер ретінде тиісті тұлғалармен қатар мемлекеттік органдар
да қатыса алады.
Он төрт жасқа толған кәмелетке толмаған баланын ата-анасынын (асырап
алушыларынын) немесе қамқоршыларынын келісімінсіз жасаған мәмілесін, зан
бойынша онын өзі дербес жасауға құқығы бар мәмілелерді қоспағанда, сот ата-
анасынын (асырап алушыларынын) немесе қамқоршысынын талабы бойынша жарамсыз
деп тануы мүмкін. Мәміледі жарамсыз деп тануны тек ата-анасы немесе
қамқоршысы талап ете алады. Мұндай талап болмаса мәміле өзінін заңдық
күшін сақтап қалады. Ата-анасынын немесе қамқоршысынын келісімі мәміле
жасауға мәміле жасалғанда дейін де, кейін де берілуі мүмкін.
Бақылау сұрақтары:
1.Мәміленің түсінігі?
2 .Мәміленің түрлері ?
3.Мәміленің нысаны?
4.. Жарамсыз мәмілелердің түрлері?
6. Мәміленің жарамдылық шарттары?
7 Мәмілелер жарамсыздығының негіздері?
10 лекция тақырыбы: Өкілдік және сенімхат.
Лекция жоспары:
7.1. Өкілдіктін ұғымы
7.2.Өкілдіктін түрлері
7.3. Сенімхат түсінігі,түрлері.
7.5.Сенімхатты тоқтату.
Лекция мәтіні:
Өкілдік деп басқа адамнын (өкілдік берушінін) атынан бір адамнын
(өкілдін) сенімхатқа, зандарда, сот шешіміне, әкімшілік құжатқа негізделген
өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесін айтамыз. Бұл мәміле, яғни өкілдік
берушінін азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді
және тоқтатағы.
Өкіл жасаған мәміле бойынша тікелей өберушіде құқықтар мен міндеттер
пайда болады.
Сипаты жөніден тек жеке өзі ғана жасауға болатын мәміледі, сондай-ақ
зан құжаттарында көзделген реттердегі басқа да мәмілелерді өкіл арқылы
жасауға жол берілмейді.
Іс-әрекеттердін бәрін өкіл арқылы істеуге бола бермейді. Зан бойынша
олардын кейбіреулері үшін онын өзі қатысуы керек болады. Заңдылық
әрекеттерді өзі ғана жасауы керектігі занда айтылмаған немесе сол
әрекеттердін сипатынан тумаған жағдайларын бәрінде де өкілдікке рұқсат
беріледі. Мәселен, өсиет қалдыру мәселесінде өкілдік болмайды, өйткені
қағазда өсиет қалдырушы қол қоюы керек, некеді тіркеуде, лекция оқу,
сахғада ойнау сияқты жеке өзіндік міндеттерді орындауда арада өкілдік
жүрмейді.
Өкілдік институтынын мазмұны субьектілер құрамы туралы ережемен
айқындалады, ал ол өз кезегінде құқықтар мен міндеттердін пайда болуына,
олардын мазмұндарына, қолдану түрлеріде негізделеді. Аталған негізгі
элементтернін сипаты өкілдік ұғымы арқылы көрінеді. Өкілдіктін
субьектілерінін құрамы үш адамған - өкілдік беруші, өкіл және үшінші жақтан
тұрады. Өкілдік беруші өкілге іс-әрекеттерді жасауды тапсырып, тиісті
сенімхат берген болса ғана немесе өкіл өзінін қызметтерін зан нұсқауы
немесе заңды тұлғанын құжаттары бойынша істейтін болса ғана өкілдін іс-
әрекеттері өкілдік беруші үшін құқықтар мен міндеттер тудыра алады.
2. Бір адамнын (сенім білдірушінін) өз атынан өкілдік ету үшін екінші
адамға (сенім білнірген) берген жазбаша уәкілдігі сенімхат деп тағылады.
Сенімхатты пайдалану кезінде уәкілдік дегеніміз өкілдін өкілдік беруші
атынан іс-әрекетке қатынасуы, ал өкілеттік - өкілдік беруші үшін өкілдін
жасауға құқылы әрекеттерінін шенбері болып табылады.
Зан жағынан қарағанда сенімхат беру - бір жақты мәміле, яғни бұл
өкілеттікті беру үшін бір тараптын өкілдік берушінін ерік білдіруі қажет
және жеткілікті, сондықтан да өкілдін келісімі талап етілмейді.
Мүлікке билік жасауға және нотариаттын куәландыруын талап ететін
мәмілелер жасауға берілетін сенімхатты, егер зан құжаттарында өзгеше
белгіленбесе, нотариат куәландыруға тиіс.
АК-тін 167-ші бабына сәйкес нотариат куәландырған сенімхаттарда:
1) госпитальдарда, сағаторийлер мен басқа әскери емдеу мекемелерінде
емделіп жатқан әскери мен басқа әскери-емдеу мекемелерінін
бастықтары, меницида бөлімі жөніндегі орынбасарлары, ада және
кезекші дәрігерлері куәландырған сенімхаттар;
2) мемлекеттік нотариальнық кенселер мен басқа да нотариалдық әрекет
жасайтын органдары жоқ әскери бөілімдер, құрамалар, мекемелер және
әскери-оқу орындары ордаласқан мекендердегі осы бөілімдернін,
құрамаларнын, мекемелернін, оқу орындарынын командирлері
(бастықтары) куәландырған әскери қызметшілернін сенімхаттары,
сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілернін, олардын отбасы мүшелері
мен әскери қызметшілер отбасы мүшелерінін сенімхаттары;
3) бас бостандығынан айыру орындарынданы адамдардын бас бостандығынан
айыру бастықтары куәландырған сенімхаттары;
4) халықты әлеуметтік қорғау мекемелеріндегі кәмелетке толған әрекет
қабілеттігі бар азаматтырдың осы мекемедін немесе тиісті халықты
әлеуметтік қорғау орындарынын басшысы куәландырған сенімхаттары
тенестіріледі.
Хат-хабар, сонын ішінде ақша және сәлемдеме алуға, жалақы және
азаматтар мен заңды тұлғалардан өзге де төлемдер алуға сенімхатты сенім
білдіруші тұратын аумақтын жергілікті басқару органдары, ол жұмыс істейтін
немесе оқитын ұйым, тұрғылықты жері бойынша тұрғын үй пайдалану ұйымы, ол
емделіп жатқан тұрақты емдеу мекемесінін әкімшілігі, сондай-ақ әскери
қызхметшілерге сенімхат берілгенде тиісті әскери бөілімдернін
команнованиесі куәланныруы мүмкін. Құжат жіберуді байланыс қызметкері
жүзеге асырған кезде телеграф арқылы, сондай-ақ байланыстын басқа да
түрлері арқылы жіберілетін сенімхатты байланыс органдары куәландырады.
3.Үшінші жақтар сенім білдірілген адамға сенім білдіруші факсимилелік
және өзге де байланыстар бойынша, ресми байланыс органдарынын қатысуынсыз
жолдаған өздеріне қатысты әрекеттер жасау үшін берілген сенімхатты түпнұсқа
деп санауға құқылы.
Заңды тұлға атынан сенімхат онын басшысы немесе бұдан онын құрылтай
құжаттарымен уәкілдік берілген өзге де адамнын қолы қойылып беріледі және
сол ұйымнын мөрімен бекітіледі.
Ақша және басқа бағалы мүлікті алуға немесе беруге мемлекеттік
органнын, коммерциялық ұйым мен коммерциялық емес ұйымнын атынан берілетін
сенімхатқа сол ұйымнын бас (ада) бухгалтері де қол қоюға тиіс.
Өкілдін алған өкілеттігінін көлемі мен мазмұнына орай сенімхаттын үш
түрі болады:
1) бас сенімхат – ол белгілі бір кезенге арналып, әртүрлі мәмілелер
жасайтын өкілге беріледі.
2) арнайы сенімхат - ол біртекті мәмілелер жасайтын өкілге беріледі;
3) бір мәрте берілетін сенімхат – ол тек бір әрекет жасау үшін
беріледі.
Сенім білдірілген адам өзіне уәкілдік берілген әрекетті өзі жасауға
тиіс. Алған сенімхат бойынша сенім ауыстыруға уәкілдік берілген де сенім
білдірушінін мүдделерін қорғауда мәжбүр болған ретте ғана ол осы
әрекеттерді жасау сенімін басқа адамға аудара алады.
Сенім білдірілген адамнын өз өкілеттігін басқа адамға беруі жөніндегі
сенімхатты, АК-тін 167-бабынын 4-тармағында көзделгенден басқа реттерде,
нотариат куәландыруға тиіс.
Сенім ауыстыру жөнінде берілген сенімхаттын қолданылу мерзімі ол
негізге алынып берілген алғашқы сенімхаттын қолданылу мерзіміден аспауы
керек.
Өз өкілеттігін басқа біреуге берген сенім білдірілген адам бұл жөнінде
сенім білдірушіні дереу хабардар етуге және оған әлгі адам туралы, онын
тұрғылықты жері туралы қажетті мәліметтерді хабарлауда тиіс. Бұл міндеттін
орындалмауыдан, сенім білдірілген адамға дақ өз әрекеттері үшін
жауапкершілік жүктелетіні сияқты, өз өкілеттігін берген адамнын әрекеттері
үшін де жауапкершілік жүктеледі.
4.Сенімхаттын күші мвнадай жағдайларда жойылады:
1) сенімхат мерзімінін өтуі;
2) сенімхатта көзделген әрекеттердін жүзеге асуы;
3) сенімхатты беруші адамнын онын күшін жоюы;
4) сенімхат берілген адамнын оған бас тартуы;
5) өз атынан сенімхат берген заңды тұлғанын тоқтатылуы;
6) атыда сенімхат берілген заңды тұлғанын таратылуы;
7) сенімхат берген адамнын қайтыс болуы, онын әрекет қабілеттігі жоқ,
әрекет қабілеттігі шектеулі немесе хабар-ошарсыз кетті деп тағылуы;
8) сенімхат берілген азаматтын қайтыс болуы, онын әрекет қабілеттігі
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР азаматтық және отбасы құқығының негіздері. Медициналық қызметтің түрлері. Адамның ұрпақты болу құқықтарын қорғау
Информатиканы оқыту әдістемесі пәнінен дәрістер тезистері
“Тафсир” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Көпжақты дипломатия пәнінен дәрістер
«Педагогикалық процесс мұғалім қызметінің объектісі ретінде» пәнінен лекция тезистері
Ұлттық педагогика негіздері пәнінен ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
Ислам құқығы пәнінен лекция тезистері (1 лекция)
Халықаралық жеке құқық. Лекция тезистері
Оқу дағдылары және оқу жұмысы тәсілдері
Әкімшілік құқықтың пәнінен дәрістер
Пәндер