Құрылғыларға техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ҚҰРЫЛҒЫЛАРҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Темір жолдардың құрылыстары мен құрылғылары. Габарит ... ... ... ... ... ...5
1.2 Құрылыстар мен құрылғыларды тексеру және оларды жөндеу ... ... ... ... ...9
1.3 Темір жолды электрмен жабдықтау құрылғылары жәнеқұрылыстары ... 13
2. СТАНСА ЖӘНЕ ТЕЛІМДЕР ЖҰМЫСТАРЫН БАСҚАРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.1 Темiржол стансаларының технологиялық және өндiрiстiк жұмысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.2 Темiржол және көлiк тораптарының жұмысын ұйымдастыру
2.3 Вагондарды поезд құрамына жинақтау үрдісі ... ... ... ...24
2.4 Пайдалану жұмысын басқару және станция жұмысын шұғыл жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Теміржол біздің елімізде көліктің басты түрі, мемлекетке деген маңызы зор. Халықаралық байланыстың дамуына және халықтық мәдениеттің жоғарылауына, халықтың өзара қатынасын кеңейтуге әсер етеді. Теміржол әртүрлі инженерлік құрылғылармен, техникалық құралдармен жабдықталған, ең негізгісі теміржол жылжымалы құрамды локомотивті вагондар шаруашылығымен құрылыс және құрылғы сигналдар электр жабдықтарына байланысты станция тораптары. Теміржол Қазақстандағы жүк тасымалының негізгі көлік түрі болып табылады.
Қазақстан Республикасы арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздері маршруттарының қамтамасыз етілуін, инфрақұрылымының жай-күйін, халықаралық тасымалдаулар дамуын талдау нәтижесінде, біріншіден, Қазақстандағы, сондай – ақ, шекаралас территориялардағы, тіпті магистралді бағыттағы инфрақұрылымының қазіргі талаптарға жауап бермейтінін аңғартты және транзиттік көлік дәліздері мен шекара маңындағы өткелдер көлемінде көліктік-логистикалық орталықтарды ұйымдастыру мен салу негізінде әрі қарай жетілдіруді қажет ететіндігін айқындады. Оны қажетті бәсекелік күйге келтіру үшін инвестициялардың үлкен көлемі қажет. Тек ұлттық мүдде көзделетін әлемдік көліктік жүйеге ену үшін транзиттік жүк тасымалдарын басқаратын, көліктік-логистикалық орталықтарды құруды қамтитын, инвестициялық жобаларды кезектеп жүзеге асыратын инвестициялардың ішкі көздеріне ғана негізделу қажет. 2009 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық компанияның табыс мөлшері 500 миллиард теңгені құрады. Бұл 2008 жылмен салыстырғанда 2 пайызға артық деген сөз. «Қазақ теміржолы» Ұлттық компаниясының бір жылдағы таза табысы 15 миллиард теңгені құрап отыр.
1. Бекжанов З.С., Техническое нормирование маневровой работы. Учебное пособие. ТОО «Полиграфсервис», Алматы, 2001.- 7-25-29 с.
2. Бекжанов З.С., Богданович С.В. Технология и организация перевозок на железнодорожном транспорте. Учебное пособие. ТОО «Полиграфсервис», Алматы. 2001.
3. Соловейчик М.З., Сотникова Т.А. Организация пассажирских перевозок М.: Транспорт, 1983. – 239 с.
4. Кудрявцев В.А. Организация железнодорожных пассажирских перевозок. М.: Академия, 2004. – 256 с.
5. Балғабеков Т.К. Пайдалану жұмыстарын басқару. 2009. – 89 б.
6. Балғабеков Т.К., Кенжекеева А.Р. Пайдалану жұмыстарын басқаруда есептеулер мен мысалдар.- Қарағанды, 2010. – 87б.
7. Кобдиков М.А. Оптимизация диспетчерского управления поездной и грузовой работой на основе автоматизации перевозочного процесса. – Алматы, Гылым, 1999. – 289с. 14
8. Контейнерно-транспортные системы для насыпных грузов: Учебное пособие для вузов ж.-д. транспорта / Под ред. Г.М. Третьякова. - М: Маршрут, 2003. – 26 с.
9. Темiржолдардың техникалық пайдаланудың ережесi. – Астана, 2012 ж.
10. Қазақстан Республикасы темi жолдарда пойыздардың қозғалысы және маневрлік жұмыс бойымен нұсқау. – Астана, 2012 ж.

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Құрылғыларға техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру

Орындаған:
Тексерген:

Ақтау 2017ж.
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ҚҰРЫЛҒЫЛАРҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Темір жолдардың құрылыстары мен құрылғылары. Габарит ... ... ... ... ... ...5
1.2 Құрылыстар мен құрылғыларды тексеру және оларды жөндеу ... ... ... ... ...9
1.3 Темір жолды электрмен жабдықтау құрылғылары және құрылыстары ... 13
2. СТАНСА ЖӘНЕ ТЕЛІМДЕР ЖҰМЫСТАРЫН БАСҚАРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.1 Темiржол стансаларының технологиялық және өндiрiстiк жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2 Темiржол және көлiк тораптарының жұмысын ұйымдастыру ... ... ... ... ...20
2.3 Вагондарды поезд құрамына жинақтау үрдісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...24
2.4 Пайдалану жұмысын басқару және станция жұмысын шұғыл жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

КІРІСПЕ

Теміржол біздің елімізде көліктің басты түрі, мемлекетке деген маңызы зор. Халықаралық байланыстың дамуына және халықтық мәдениеттің жоғарылауына, халықтың өзара қатынасын кеңейтуге әсер етеді. Теміржол әртүрлі инженерлік құрылғылармен, техникалық құралдармен жабдықталған, ең негізгісі теміржол жылжымалы құрамды локомотивті вагондар шаруашылығымен құрылыс және құрылғы сигналдар электр жабдықтарына байланысты станция тораптары. Теміржол Қазақстандағы жүк тасымалының негізгі көлік түрі болып табылады.
Қазақстан Республикасы арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздері маршруттарының қамтамасыз етілуін, инфрақұрылымының жай-күйін, халықаралық тасымалдаулар дамуын талдау нәтижесінде, біріншіден, Қазақстандағы, сондай - ақ, шекаралас территориялардағы, тіпті магистралді бағыттағы инфрақұрылымының қазіргі талаптарға жауап бермейтінін аңғартты және транзиттік көлік дәліздері мен шекара маңындағы өткелдер көлемінде көліктік-логистикалық орталықтарды ұйымдастыру мен салу негізінде әрі қарай жетілдіруді қажет ететіндігін айқындады. Оны қажетті бәсекелік күйге келтіру үшін инвестициялардың үлкен көлемі қажет. Тек ұлттық мүдде көзделетін әлемдік көліктік жүйеге ену үшін транзиттік жүк тасымалдарын басқаратын, көліктік-логистикалық орталықтарды құруды қамтитын, инвестициялық жобаларды кезектеп жүзеге асыратын инвестициялардың ішкі көздеріне ғана негізделу қажет. 2009 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық компанияның табыс мөлшері 500 миллиард теңгені құрады. Бұл 2008 жылмен салыстырғанда 2 пайызға артық деген сөз. Қазақ теміржолы Ұлттық компаниясының бір жылдағы таза табысы 15 миллиард теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, компания экономикалық дағдарысты ескере отырып, әкімшілік және өзге де шығындарды қысқартудың нәтижесінде 28 миллиард теңгені үнемдеуге қол жеткізген. Соңғы кезде компания жолаушылар тасымалы мен оның тиімділігіне айрықша мән беруде. Алдағы уақытта жүрдек поездардың санын арттырып, вагон тапшылығын жою қолға алынбақ. Қазақстан теміржолы 1,5 мың локомотив, 76 мың жүк және 1,7 мың жолаушылар вагонын алуды жоспарлап отыр. Ол үшін 4 триллион теңге жұмсау жоспарланған.
Қазіргі таңда сұрыптау станцияларының автоматтандырылған ақпараттық басқару жүйесін (АСУСС) барлық маңызды сұрыптау станция желілерінде қолданылады. Жүйе міндетті іске асатын тізімдерді қосады, оларға жатады:
- поездар мен вагондар туралы қолма-қол ақпаратты алу;
- станциялық технологиялық орталықтарда оталарды автоматтандыру;
- автоматтандырылған жүйенің соңғы жоспарлануын айналдыру (АСТП);
- есепке алу мен есептілікті автоматтандыру.
АСУСС станцияның жедел басшыларына ыңғайлы түрде жұмысты жоспарлаумен шешімдерді қабылдау үшін қажет мәліметтерді береді. Осы ақпаратқа сүйене отырып, техникалық құрылғылармен станция ресурстарының тәртіп бойынша пайдалануын анықтайды, станциялық оталардың кезегін дайындайды, айлалық жұмыстармен пойыздық локомотивтердің берілуін, бұның бәрі 6-7% вагондардын станцияда болуын азайтуға мүмкіндік береді. АСУССтан міндетті түрде пайдаланушыға немесе автоматтандырылған жүйесі жоғары дәрежедегі (АСОУПқа) түседі. Жүйе негізіне ақпараттық үлгі салынған ол қазіргідегі масштаб уақытында вагондардың сұрыптау станциясындағы орналасуымен оның жақын келуін көрсетеді. Үлгі әр вагонның керекті мәліметін, тасымалданатын жүгін және тасымалдау шартын көрсетеді. Кіру ақпараты АСУСС-а ИВЦ-н, сондай-ақ, терминал құрылғылары ақпаратымен келеді.

1. ҚҰРЫЛҒЫЛАРҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1 Темір жолдардың құрылыстары мен құрылғылары. Габарит

Темір жолдардың құрылыстары мен құрылғылары жарамды күйде күтіп ұсталынуы тиіс.
Құрылыстар мен құрылғылардың ақаулылықтарының пайда болуының алдын алу және қызмет ету мерзімдерін ұзарту оларды күтіп ұстау үшін жауапты тұлғалардың жұмысындағы басты міндет болуы тиіс.
Құрылыстар мен құрылғылардың күйі үшін оларға тікелей қызмет көрсететін қызметкерлер және осы құрылыстар мен құрылғылар өздерінің қарамағындағы кәсіпорындар басшылары жауапкершілікті болады.
Аталған қызметкерлер, әрқайсысы өзіне тапсырылған бөлігінде пайда-лану ережелерін білуі және құрылыстар мен құрылғылардың күйін жүйелі түрде тексеріп отыруы, күтіп ұстаудың, техникалық қызмет көрсетудің және жөндеудің жоғары сапасын метрологиялық ережелерді, темір жол көлігінің құрылыстары мен құрылғылары үшін белгіленген мемлекетаралық, мем-лекеттік стандарттардың нормалары мен талаптарын сақтай отырып қамтамасыз етуі тиіс.
Құрылыстар, құрылғылар, механизмдер мен құрал-жабдық бекітіліген жобалық құжаттамаға және техникалық шарттарға сәйкес болуы тиіс. Негізгі құрылыстардың, құрылғылардың, механизмдер мен құрал-жабдықтың олар үшін арналған ең маңызды техникалықжәне пайдаланулық сипаттамаларға ие техникалық паспорттары болуы тиіс.
Темір жолдардың құрылыстары мен құрылғылары поездарды ең жоғары етіп белгіленген: жолаушы поездары үшін - 140 кмсағ, рефрижераторлық поездар үшін - 120 кмсағ, жүк тасушы поездар үшін - 90 кмсағ жылдамдықтарды қамтамасыз ететін талаптарға сай болуы тиіс. "ҚТЖ" ҰК" АҚ бекітетін тізбеге сәйкес темір жолдың нақты телімдері бойынша сараланған жылдамдықтар белгіленеді.
Жолаушылар поездары 140 кмсағ асатын жылдамдықпен айналатын телімдердегі құрылыстар мен құрылғыларға қойылатын талаптарды ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі белгілейді.
Құрылыстар мен құрылғылардың құрылымына өзгерістерді енгізу тек қана осы құрылыстармен құрылғыларға арналған жобалық құжаттаманы бекітуге құқығы бар лауазымды тұлғалардың рұқсатымен жол беріледі.
Негізгі құрылыстар мен құрылғылардың жіктеуін, мерзімдік жөндеулерінің уақытын және күтіп ұстау нормаларын "ҚТЖ" ҰК" АҚ белгілейді.
Құрылыстар мен құрылғыларға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі техникалық нұсқаулар мен типтіктехнологиялық процестерді ҚТЖ ҰК" АҚ тиісті дирекциялары, департаменттері, акционерлік қоғамдары бекітеді.
Жаңадан салынған және қайтара жаңғыртылған желілерді,
құрылыстарды, құрылғыларды және ғимараттарды тұрақты пайдалануға
құрылысы аяқталған темір жол көлігінің объектілерін және метрополтендерді қабылдау Ережелеріне сәйкес қабылдау комиссиялары қабылдауы тиіс.
Жаңадан салынған және қайта жаңғыртылған құрылыстар мен құрылғылар еңбекті қорғауды және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, олардың жұмыс тәртібін белгілейтін техникалық құжаттаманың (техникалық-жарлық актілері, жұмыс жөніндегі нұсқаулықтар) бекітілуінен соң және көрсетілген құжаттаманы осы құрылыстар мен құрылғыларға қызмет көрсететін қызметкерлердің білетіндігін тексергеннен кейін ғана қолданысқа енгізеді.
Темір жолдардың және темір жол кірме жолдарының жанасу станциясынан бастап өнеркәсіптік және көліктік кәсіпорындардың аумақатарына дейінгі жалпы торабының құрылыстары мен құрылғылары Мемлекеттік стандартпен белгіленген С құрылыстарының жақындау габариттерінің талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
Зауыттардың, фабрикалардың, шеберханалардың, деполардың, өзендік , және теңіздік айлақтардың, шахталардың, жүктік аудандардың, базалардың, қоймалардың, карьерлердің, ормандық және торфтық өндірімдердің, электр станцияларының және басқа өнеркәсіптік және көліктік кәсіпорындардың (соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі жүйесінің) аумағында және аумақтарының арасында орналасқан құрылыстар мен құрылғылар Мемлекеттік стандартпен белгіленген Сп құрылыстарының жақындау габариттерінің талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
С және Сп габариттерінің талаптары темір жолдарды, темір жолдардың кіреберіс жолдарын, олардағы құрылыстар мен құрылғыларды жобалау, салу, қайтадан жаңғырту кезінде, екінші жолдарды электрлендіру және салу кезінде, сондай-ақ аталмыш габариттерге бұрынырақ келтірілген барлық пайдаланылатын құрылыстар мен құрылғыларда орындалуы тиіс.
С және Сп габариттерінің талаптарын қанағаттандырмайтын қолданыстағы құрылыстар мен құрылғыларды қайтадан құруды жобалаған кезде, ең алдымен Тпр және Тц габариттеріндегі перспективтік жылжымалы құрамының, сондай-ақ аймақтық габарит бойынша тиелген жүктердің өтуін қамтамасыз ете алмайтын объектілер есепке алынбауы тиіс.
Кез келген жөндеу, құрылыстық және басқа жұмыстарды жүргізген кез-де құрылыстардың және жеке құрылғылардың габаритін бұзуға тыйым салынады.
Қос жолды желілер аралықтарындағы түзу телімдерде жолдардың
осьтері арасындағы қашықтық 4100 мм-ден кем болмауы тиіс.
Үшжолды және төртжолды желілерде түзу телімдердегі екінші және үшінші жолдар осьтерінің арасындағы қашықтық 5000 мм-ден кем болмауы тиіс.
Темір жол станцияларындағы (бұдан әрі - станция) түзу телімдерде іргелес жолдардың осьтері арасындағы қашықтық4800 мм-ден кем болмауы, не-гізгі емес екінші дәрежелі жолдарда және жүктік аудандардың жолдарында - 4500 мм-ден кем болмауы тиіс. Станциялардағы жолдар шеткі болып орналастырылғанда ҚТЖ ҰК" АҚ басшылығының рұқсатымен олардың арасындағы қашықтық 4100 мм болуына жол беріледі. Жүктерді вагон-нан вагонға тікелей аударып тиеу үшін арналған жолдардың осьтерінің арасындағы қашықтық 3600 мм-ге дейін рұқсат етілуі мүмкін.
Қисық телімдердегі іргелес жолдардың осьтерінің арасындағы және аралықтар мен станциялардағы жол өсімен құрылыстардың жақындау габаритінің арасындағы горизонтальдік қашықтықтар Кұрылыстардың жақындау габаритін қолдану жөніндегі нұсқаулықпен белгіленеді.
Ашық жылжымалы құрамның үстіне тиелген жүк (қаптамасы
мен бекітпесін есепке ала отырып) "ҚТЖ" ҰК" АҚ белгілеген жүк тиеу
габариттерінің шегінде орналастырылуы тиіс.
Үсті ашық жылжымалы құрамға тиеу габаритінің шегінде орналастыры-луы мүмкін емес жүктер "ҚТЖ" ҰК" АҚ белгілеген тәртіпке сәйкес тасы-малданады.
Жүктің көтерілген габарит шегінде жаппай тиеу орындарында (темір жолдың кірме жолдарында, теңіз және өзен айлақтарында, аударып тиеу станцияларында) орналастырылуының дұрыстығын тексеру үшін габариттік қақпалар орнатылады.
Жолдың жанында түсірілген немесе тиеуге дайындалған жүктер құрылыстардың жақындау габариті бұзылмайтындай етіп жиылуы және бекітілуі тиіс.
Биіктігі 1200 мм-лік (жол жұмыстары үшін түсіріліген балластан басқа) жүктер шеткі рельстің қалпақшасының сыртқы қырынан 2,0 м-ден жақын болмауы, ал биіктігі одан жоғары болғанда - 2,5 м-ден жақын болмауы тиіс.

1.2 Құрылыстар мен құрылғыларды тексеру және оларды жөндеу

Құрылыстардың, құрылғылардың және қызметтік-техникалық ғимараттардың тексеруін оларға тікелей қызмет көрсететін қызметкерлер, сондай-ақ осы құрылыстар мен құрылғылар өздерінің қарамағында есептелетін станциялар, деполар, дистанциялар немесе телімдердің бастықтары тиісті ережелер мен нұсқаулықтарда белгіленген тәртіпке және мерзімдерге сәйкес жүргізеді.
Сонымен қатар, басты және қабылдау-жөнелту жолдарындагы бағыттамалық бұрмаларды кем дегенде айына бір рет станция бастығы жол шеберімен және СОБ электрмеханигімен бірлесе отырып қарап шығуы тиіс.
Тексеру қорытындылары және анықталған ақаулылықтарды жою үшін қажетті шаралар арнайы журналға енгізіледі, сондай-ақ онда ақаулылықтарды жоюдың және белгіленген шараларды орындаудың мерзімдері белгіленеді.
Құрылыстар мен құрылғыларды жөндеу жұмыстары әдетте, поездар қозғалысының кестесін бұзусыз қозғалыс қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ете отырып жүргізілуі тиіс.
Үлкен көлемді жөндеу және құрылыстық жұмыстарды жүргізу үшін поездар қозғалысының кестесінде "толаскездер" қарастырылуы және осы жұмыстар барысында туындайтын жылдамдық шектеулері ескерілуі тиіс.
Жолды, жасанды құрылыстарды, түйіспелік торапты және СОБ құрылғыларын ағымдағы күтіп ұстау бойынша жұмыстарды орындау үшін поездар қозғалысының кестесінде қарастырылатын ұзақтығы 1-2 сағаттық, ал осы жұмыстарды машиналар кешенімен, арнайыландырылған бригада-лармен және механикаландырылған колонналармен жүргізгенде - ҚТЖ" ҰК" АҚ басшылығы белгілеген тәртіпке сәйкес ұзақтығы 3-4 сағаттық технологиялық "толаскездер" берілуі тиіс.
Поездар қозғалысының кестесінде қарастырылмаған уақыт мерзімінің ішінде жолды, түйіспелік торапты, байланыс пен СОБ құрылғыларын және басқа да құрылыстар мен құрылғыларды жөндеу бойынша жұмыстар әдетте, аралықты жабусыз орындалуы тиіс.
Егер бұл жұмыстарды орындау үшін қозғалыста үзіліс жасау қажеттілігі туындаса, олардың басталуы мен аяқталуының дәлме-дәл мерзімін ҚТЖ" ҰК" АҚ Тасымалдар дирекциясы белгілейді.
Қозғалыста үзіліс жасауды тудыратын, сондай-ақ қозғалыс кестесінде оларды жүргізу үшін "толаскездер" қарастырылған жұмыстарды жүргізу мерзімінде жұмыстарды басқарушы поезд диспетчерімен тұрақты байланысты (телефон немесе радиобайланысы арқылы) орнатуға міндетті.
Поездар қозғалысының кестесіндегі "толаскездер" тәуліктің қараңгы мез-гілінде қарастырылатын телімдерде жұмыстардың басқарушысы жұмыстар жүргізілетін орынның жарықтандырылуын қамтамасыз етуге міндетті.
Сұрыптау дөңестерін, жолдарды және басқа құрылыстар мен құрылғыларды механикаландыру және автоматтандыру құрылғыларына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу үшін дөңестерде ҚТЖ" ҰК" АҚ басшылығы қарастырған тәртіпке сәйкес ұзақтығы 0,7-1,5 сағ. технологиялық "толаскездер" берілуі тиіс.
Арал ықтағы және станциядағы кез кел ген қозғалыс кедергісі (тоқтауды талап ететін жер), сондай-ақ тоқтауды немесе жылдамдықты азайтуды талап ететін, қозғалыс үшін қауіпті жер, поездың (маневрлік құрамның) келуі күтіле ме жоқ па, соған қатыссыз екі жағынан белгілермен қоршалуы тиіс.
Тыйым салынады:
- қозғалыс үшін қауіпті кедергі немесе жұмыстар жүргізілетін орын белгі-лермен қоршалғанға дейін жұмыстарды бастауға;
- кедергі жойылмай, жұмыстар толығымен аяқталмай, жолдың, түйіспелік тораптың күйі тексерілмей және габарит сақталмай тұрып кедергіні немесе жұмыстар жүргізілетін орынды қоршайтын белгілерді алып тастауға.
Кедергілерді және жұмыстар жүргізілетін орындарды қоршау тәртібі Темір жолдарда сигнал беру жөніндегі нұсқаулықпен белгіленеді.
Жол үстіндегі жұмыстар жүргізілетін орынды қоршайтын тасымалды белгілерді орнату және күзету үшін жұмыстардың басқарушысы тиісті сыннан өткен бригада қызметкерлерінің қатарынан сигналшыларды тағайындайды. Сигналшылардың темір жол көлігінің басқа қызметкерлері үшін жалпы қабылданғаннан өзгеше бас киімдері болуы және олар сигналдық кеудеше киюі тиіс.
Жол үстінде кең жайылған қатармен жұмыстарды жүргізгенде, сондай-ақ радиусы шағын қисық телімдерде, ойықтарда және белгілер нашар көрінетін басқа да жерлерде, сонымен қатар поездар қозғалысы қарқынды телімдерде жұмыстардың басшысы жұмыстар орнын қоршайтын белгілердің жанында тұрған қызметкерлермен (телефондық немесе радиолық) байланыс орнатуға міндетті. Сигналшылардың және жұмыстарды басқарушылардың тасымалды радиостанциялары болуы тиіс. Жұмыстар жүргізілетін орындарды байланыспен қамтамасыз ету тәртібін ҚТЖ" ҰК" АҚ басшылығы белгілейді.
Станциялық жолдарда станция бойынша кезекшінің келісімінсіз және Жолдарды, бағыттамалық бұрмаларды, СОБ, байланыс және түйіспелік торап құрылғыларын тексеру журналында жұмыстарды басқарушының алдын ала жазбасын енгізбейінше тоқтайтын немесе жылдамдықты азайтатын жердің белгілермен қоршалуын талап ететін жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады. Диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде мұндай жұмыстар аталған тәртіппен, бірақ та поезд диспетчерінің келісімі-мен ғана жүргізілуі тиіс. Мұндай жұмыстардың түйіспелік торапта кернеуді ажырата отырып, бірақ жолдың және жасанды құрылыстардың бүтіндігін бұзбай жүргізгенде, сондай-ақ кенеттен пайда болған ақаулылықтарды жою бойынша жұмыстарды орындағанда жұмыстарды бастау және аяқтау жөніндегі жазба, жұмыстарды басқарушының станция бойынша кезекшіге (диспетчерлік орталықтандыруы бар телімдерде - поезд диспетчерінге) жіберетін, және дәл осы журналда тіркелетін телефонограммасымен ауыстырыла алады.
Жұмыстар аяқталғаннан кейін станция бойынша кезекші Жолдарды, бағыттамалық бұрмаларды, СОБ, байланыс және түйіспелік торап құрылғыларын тексеру журналында жұмыстарды басқарушының жазбасының немесе станция кезекшісіне жіберіліп тура сол журналда тірке-летін телефонограмманың негізінде, соңынан жұмыстарды басқарушының қолын қойғыза отырып станция бойынша кезекші жүргізеді.
Біржолдықтелімде аралықтың, ал қосжолды және көпжолды телімде бір немесе бірнеше жолдардың күтілетін жабылуы жөнінде Тасымалдар дирекциясы кем дегенде бір тәулік бұрын тиісті жұмыстар басқарушыларына хабарлайды.
Аралықты немесе жолдарды жабу және ашу жұмыстардың басталуы алдында және аяқталуынан кейін поезд диспетчерінің бұйрығымен жүргізіледі.
Жұмыстардың басқарушысы аралықтың немесе жолдардың жабылғаны й туралы поезд диспетчерінің (жазбаша хабарландыру, телефонограмма немесе жеделхаттүріндегі) бұйрығын алғанға дейін және жұмыстар жүргізілетін жерді белгілермен қоршап болғанға дейін жұмыстарды бастауға тыйым салынады.
Аралықтың немесе жолдардың ашылуы тек жол дистанциясы директорының немесе оның уәкілетімен лауазымы жол шеберінен төмен емес қызметкердің осы жұмыстарды қай ұйым орындағанына қатыссыз жол жұмыстарының немесе жасанды құрылыстардағы жұмыстардың аяқталғаны және поездардың толассыз және қауіпсіз қозғалысы ушін кедергілердің жоқтығы жөніндегі жазбаша хабарландыруынан, телефонограммасынан немесе жеделхатынан кейін ғана жүргізіледі.
Қолданыстағы СОБ және байланыс немесе электрмен жабдықтау құралдарының әрекетін қалпына келтіру тиісінше СОБ және байланыс аға электрмеханигінен немесе энергодиспетчерден хабарландыру алынғаннан кейін жүргізіледі.

1.3 Темір жолды электрмен жабдықтау құрылғылары және құрылыстары

Электрмен жабдықтау құрылғылары төмендегі қызметтердің электрмен сенімді жабдықталуын қамтамасыз етуі тиіс:
- белгіленген салмақтық нормаларымен, жылдамдықтарымен және талап етілетін қозғалыс мөлшері кезіндегі олардың арасындағы аралықтармен поездардың қозғалысы үшін электрлі жылжымалы құрамның;
- 1-категориялы электр энергиясының тұтынушылары ретіндегі СОБ, байланыс және есептеу техникасының құрылғыларын.
Министрліктің рұқсатымен қайта құрылғылаудың аяқталғанына дейін бұл құрылғылардың ІІ-категория бойынша электрмен жабдықталуына жол беріледі.
Темір жол көлігінің қалған тұтынушыларының барлығын Министрлік белгілеген категорияға сәйкес.
Автоматтық және жартылай автоматтық блоктауды электрмен жабдықтау көзінің аккумуляторлық қоры бар кезінде ол үнемі дайын күйінде ұсталуы және қоректендірілуі алдыңғы 36 сағат ішінде ажыратылмаған жағдайда СОБ және өтпелік сигнал беру құрылғыларының толассыз жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.
Автоматтық және жартылай автоматтық блоктауды электрмен жабдықтаудың негізгі жүйесінен резервтік жүйесіне немесе кері қарай көшу уақыты 1,3 секундтан аспауы тиіс.
Электрмен сенімді жабдықтауды қамтамасыз ету үшін электрмен жабдықтау құрылыстары мен құрылғылары күйінің мерзімді бақылауын жүргізу, олардың параметрлерін вагон-зертханалармен, күйанықтау аспаптарымен өлшеу және жоспарлы жөндеу жұмыстары жүзеге асырылуы тиіс.
Электрлі жылжымалы құрамның токқабылдағышындағы кернеудің деңгейі кем дегенде айнымалы ток кезінде 21 кВ, тұрақты ток кезінде 2,7 кВ және ары кеткенде айнымалы ток кезінде 29 кВ және тұрақты ток кезінде 2,4 кВ мөлшерінен аспауы тиіс.
Жекелеген телімдерде Министрліктің рұқсатымен кернеу деңгейі кем дегенде айнымалы ток кезінде 19 кВ және тұрақты ток кезінде 2,4 кВ болуы тиіс.
СОБ құрылғыларындағы айнымалы токтың номиналдық кернеуі 115,230 немесе 380 В болуы тиіс.
Номиналдық кернеудің аталған мәндерден ауытқулары азаю жағына қарай 10%-дан, ал ұлғаю жағына қарай - 5 %-дан аспауы тиіс.
Электрмен жабдықтау құрылғыларының қысқа тұйықталу токтарынан және белгіленген нормалардан асатын асқын кернеулер мен асқын жүктемелерден қорғанысы болуы тиіс.
Тұрақты токпен электрлендірілген желілердің аумағында орналасқан металды жерасты құрылыстары (құбырлар, кабельдер және т.б.), сондай-ақ металды және темірбетонды көпірлер, жол өткелдері, түйіспелі тораптың тіректері, бағдаршамдар, гидробағаналар және т.б. электрлік тоттанудан қорғалуы тиіс.
Тұрақты токпен электрлендірілген желілердің тартымдық қосалқы станцияларының, сондай-ақ электрлі жылжымалы құрамның СОБ және байланыс құрылғыларының қалыпты жұмысын бұзатын токтардың түйіспелік торапқа енуінен қорғанысы болуы тиіс.
Түйіспелік сым аспасының рельс қалпақшасының үстіңгі бетінің деңгейінен биіктігі аралықтар мен станцияларда 5750 мм-ден төмен болмауы, ал өтпелерде 6000 мм-ден төмен болмауы тиіс.
Айрықша жағдайда, қолданыстағы желілерде жылжымалы құрамның тұрақтауы қарастырылмайтын станциялардың жолдарында орналасқан жасанды құрылыстардың шегінде, сондай-ақ аралықтарда бұл қашықтық Министрліктің рұқсатымен желінің айнымалы токпен электрлендірілуі кезінде 5675 мм-ге және тұрақты токпен электрлендірілгенде - 5550 мм-ге дейін азайтылуы мүмкін.
Түйіспелік сым аспасының биіктігі 6800 мм-ден аспауы тиіс.
Жасанды құрылыстардың шегінде кернеуде тұрған токқабылдағыштың токтасымалдауыш элементтерінен және түйіспелік торап бөліктерінен құрылыстар мен жылжымалы құрамның жерлендірілген бөліктеріне дейінгі қашықтық тұрақты токпен электрлендірілген желілерде 200 мм-ден кем болмауы, және тұрақты токтағы желілерде - 350 мм-ден кем болмауы тиіс.
Ерекше жағдайда, қолданыстағы жасанды құрылыстарда Министрліктің рұқсатымен аталған қашықтықтардың азайтылуына жол берілуі мүмкін.
Аралықтар мен станцияларда шекті жолдың өсінен түйіспелік торап тіректерінің ішкі шетіне дейінгі қашықтық кем дегенде 3100 мм болуы тиіс.
Ойықтардағы тіректер кюветтердің шегінен тыс орналастырылуы тиіс.
Қар әсіресе көп басатын ойықтарда (жартастық ойықтардан басқа) және олардан шығаберістерде (100м ұзындықта) шеткі жолдың өсінен түйіспелік торап тіректерінің ішкі шетіне дейінгі қашықтық кем дегенде 5700 мм болуы тиіс. Мұндай жерлердің тізімін ҚТЖ" ҰК" АҚ басшылығы белгілейді.
Қолданыстағы желілерде, олар қайта құрылғанға дейін, сондай-ақ жаңадан электрлендіріліп жатқан желілерде ерекше қиын жағдайларда шеткі жолдың өсінен түйіспелік торап тіректерінің ішкі шетіне дейінгі қашықтық кем дегенде:
- станцияларда - 2450 мм және
- аралықтарда - 2750 мм болуы тиіс.
Барлық аталған өлшемдер жолдың түзу телімдері үшін белгіленген. Қисық телімдерде бұл қашықтықтар түйіспелік торап тіректері үшін белгіленген габариттік кеңейтілуге сәйкес ұлғаюы тиіс.
Түйіспелік тораптың, әуе желілерінің және бағдаршамдардың, сондай-ақ сигналдық белгілердің өзара орналасуы сигналдар мен белгілердің жақсы көрінуін қамтамасыз етуі тиіс.
Кернеуде тұрған түйіспелік тораптың бөліктерінен 5 метрден кем қашықтықта орналасқан, үстіне түйіспелі тораптың элементтері бекітілетін барлық металды құрылыстар (көпірлер, жол өткелдері, тіректер), темірбетонды тіректердегі, темірбетонды және металды емес жасанды құрылыстардағы түйіспелік торап бекітпелерінің бөліктері, сондай-ақ жеке тұрған металды құрылымдар (гидробағаналар, бағдаршамдар, көпірлер мен жол өткелдерінің элементтері және т.б.) жерлендірілуі тиіс немесе құрылыстар мен құрылымдарға жоғары кернеу түскен кезде қорғаныстық ажырату құрылғыларымен жабдықталуы тиіс. Сондай-ақ, бойында қауіпті кернеулер туындауы мүмкін түйіспелік тораптың және айнымалы токтың әуе желілерінің әсер ету аймағында орналасқан барлық металды құрылыстар жерлендірілуі тиіс.
Электрлендірілген жолдардың үстінен өтетін жол өткелдері мен жаяу жүргіншілер көпірлерінде адамдар өтетін жерлерде кернеуде тұрған түйіспелік тораптың бөліктерін қоршау үшін сақтандырғыш қалқандар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Станцияларды электрлік орталықтандыру
Техникалық қызмет көрсету ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу
Операциялық жүйелер туралы
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚҰРАМЫ
Электр машиналарына техникалық қызмет көрсету
Автоматты өрт сөндіру жүйелері
LTE желісінде MIMO технологиясының жалпы принциптерін қарастыру
Сигнализация және байланыс дистанциясы қызметінің мақсаттары мен міндеттері
АРАЛЫҚ СТАНЦИЯНЫҢ ТИПІН АНЫҚТАУ
Желі топологиясының түрлері
Пәндер