Кеңес беру психологиясы



1 Кеңес беру психологиясы
2 Психолог.консультантқа және оның жұмысына қойылатын талаптар.
3 Психологиялық кеңес берудің негізгі бағыттары.
4. Психоаналитикалық дәстүр.
5. Адлердің жеке психологиясы
6. Психологиялық кеңес берудің техникасы.
Кеңес беру, жетекшілік ету, симпатия және қолдау арқылы көмектесудің практикасы ерте замандардан мәлім. Қазіргі кездегі кеңес беру практикасының мәні- адам баласының мінезі, оның қалыптасуы мен түзетілуі жайлы білімге негізделген көмекті біршама тиімді ету болып табылады. Егер адам денелік тұрғыдан науқастанса оған дәрігер қажет, себептердің нәтижесінде көрінетін органикалық және де психологиялық адамның жан дүниесінің қиыншылығы болса немесе өзінің әрекеттерін бақылай алмаса мұндай адамға психиатриялық көмек қажет. Егер физикалық себебі жоқ, психологиялық деп есептеуге болатын тұлғалық мәселе болса, ол психологқа не психотерапевт көмегіне жүгінуі қажет.
Психологиялық кеңес беру-дұрысы мамандық емес техника немесе өнер болып табылады.
XVІΙ ғасырдың соңынан бастап емдеудің психикалық әдістерін ғылыми тұрғыдан түсіндіруге әрекеттер жасалынып, олардың жаңа нұсқалары ұсынылуда. Веналық дәрігер А. Месмердің «магнетикалық флюидінен» бастап:
- XΙX ғасырда - Джеймс Бред (гипноз);
- XX ғасырда – Зигмунд Фрейд (психоанализ);
- Карл Роджерс (клиент шоғырланған бағыт);
- Фредерик Перлз (гештальттерапия);
- Милтон Эриксон (дәстүрден тыс гипноз және терапия);
- Вирджиния Сатир (отбасылық терапия) және тағы басқалар пайда болды.
1950 жылдан АҚШ-та нақтылы және ұйымдасқан психологиялық кеңес беру бөлініп шықты. Сөйтіп психотерапия, психологиялық кеңес беру, дәрігерлік емес психотерапия, психокоррекция секілді ұғымдар кіріске енді.
Тәжірибе жинақталуымен әр психолог клиенттермен өзара әрекеттесудің жекелік тәжірибесін бейнелейтін өзінің жеке дара меншіктік теориясын құрайды
Кеңес беру психологиясы келесі мақсаттарды көздейді
- Клиентте пайда болған мәселені шешуге жедел көмек көрсету;
- Мәселені шешу барысында біреудің қатысынсыз өздігінен шешуге көмек көрсету;
- Клиентке уақытша көмек көрсете білу ( клиент депрессияға ұшыраған кезде көрсетіледі);
- Клиент өз мәселесін түсіну барысында оны шешуге дайын, бірақ сәл өз-өзіне сенімсіздік танытқан кезде кәсіби және моральдық қол ұшын беру;
- Нағыз психологиялық кеңесті қажет ету кезінде клиентке маңызды және ұзақ психокоррекциялық не психотерапевтік көмекке мұқтаж екенін айта отырып көмектесу;
Кеңес беру психологиясы келесі мінедеттерді атқаруы тиіс
- Клиентте пайда болған мәселені анықтау;
- Онда пайда болған мәселенің маңыздылығы жайлы ақпарат беру;
- Мәселені клиенттің өзі шешуге қабілетті ма соны зерттеуғ
- Мәселені жақсы жағынан шешу үшін нақты кеңестер мен ұсыныстар беру;
- Болашақта болатын мәселені қалай ескерту керек екендігіне үйрету, оқыту;
- Өмірге қажетті психологиялық білім мен дағдыға және арнайы психологиялық дайындықсыз дұрыс шешімдер қабылдауға икемдеу.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Кеңес беру психологиясы
Кеңес беру, жетекшілік ету, симпатия және қолдау арқылы көмектесудің
практикасы ерте замандардан мәлім. Қазіргі кездегі кеңес беру практикасының
мәні- адам баласының мінезі, оның қалыптасуы мен түзетілуі жайлы білімге
негізделген көмекті біршама тиімді ету болып табылады. Егер адам денелік
тұрғыдан науқастанса оған дәрігер қажет, себептердің нәтижесінде көрінетін
органикалық және де психологиялық адамның жан дүниесінің қиыншылығы болса
немесе өзінің әрекеттерін бақылай алмаса мұндай адамға психиатриялық көмек
қажет. Егер физикалық себебі жоқ, психологиялық деп есептеуге болатын
тұлғалық мәселе болса, ол психологқа не психотерапевт көмегіне жүгінуі
қажет.
Психологиялық кеңес беру-дұрысы мамандық емес техника немесе өнер болып
табылады.
XVІΙ ғасырдың соңынан бастап емдеудің психикалық әдістерін ғылыми
тұрғыдан түсіндіруге әрекеттер жасалынып, олардың жаңа нұсқалары ұсынылуда.
Веналық дәрігер А. Месмердің магнетикалық флюидінен бастап:
- XΙX ғасырда - Джеймс Бред (гипноз);
- XX ғасырда – Зигмунд Фрейд (психоанализ);
- Карл Роджерс (клиент шоғырланған бағыт);
- Фредерик Перлз (гештальттерапия);
- Милтон Эриксон (дәстүрден тыс гипноз және терапия);
- Вирджиния Сатир (отбасылық терапия) және тағы басқалар пайда болды.
1950 жылдан АҚШ-та нақтылы және ұйымдасқан психологиялық кеңес беру
бөлініп шықты. Сөйтіп психотерапия, психологиялық кеңес беру, дәрігерлік
емес психотерапия, психокоррекция секілді ұғымдар кіріске енді.
Тәжірибе жинақталуымен әр психолог клиенттермен өзара әрекеттесудің
жекелік тәжірибесін бейнелейтін өзінің жеке дара меншіктік теориясын
құрайды
Кеңес беру психологиясы келесі мақсаттарды көздейді
- Клиентте пайда болған мәселені шешуге жедел көмек көрсету;
- Мәселені шешу барысында біреудің қатысынсыз өздігінен шешуге көмек
көрсету;
- Клиентке уақытша көмек көрсете білу ( клиент депрессияға ұшыраған кезде
көрсетіледі);
- Клиент өз мәселесін түсіну барысында оны шешуге дайын, бірақ сәл өз-өзіне
сенімсіздік танытқан кезде кәсіби және моральдық қол ұшын беру;
- Нағыз психологиялық кеңесті қажет ету кезінде клиентке маңызды және ұзақ
психокоррекциялық не психотерапевтік көмекке мұқтаж екенін айта отырып
көмектесу;
Кеңес беру психологиясы келесі мінедеттерді атқаруы тиіс
- Клиентте пайда болған мәселені анықтау;
- Онда пайда болған мәселенің маңыздылығы жайлы ақпарат беру;
- Мәселені клиенттің өзі шешуге қабілетті ма соны зерттеуғ
- Мәселені жақсы жағынан шешу үшін нақты кеңестер мен ұсыныстар беру;
- Болашақта болатын мәселені қалай ескерту керек екендігіне үйрету, оқыту;
- Өмірге қажетті психологиялық білім мен дағдыға және арнайы психологиялық
дайындықсыз дұрыс шешімдер қабылдауға икемдеу.
Психологиялық кеңес нәтижелі болу үшін келесі шарттар сақталуы тиіс.
- Психологиялық кеңесті қажет еткен адамда шыныменде нақты сол мәселе болу
керек және ол мәселені шешуге деген ұмтылысы да болуы керек;
- Кеңес беруші психолог өзінің кәсібіне сай тәжірибесі болу керек;
- Психологиялық кеңес беру мәселесінің түбіне жететіндей ұзақ болуы керек;
- Клиент кеңес беруші психологтың барлық ұсыныстарын орындауы керек;
- Психологиялық кеңеc ыңғайлы жерде жүргізілуі керек. Қарым-қатынас кезінде
ашық сөйлесіп дағдарыстан шығару керек.
Психолог-консультантқа және оның жұмысына қойылатын талаптар.
Кеңес беруші психолог келесі ережелерді сақтауы тиіс.
- Кеңес беруші психолог кәсіби іс-әрекетінде клиент алдында өзінің берген
ұсыныстарымен ерекше жауапкершілікте болу керек;
- Кеңес беруші психологтың тәжірибелік іс-әрекеті моральдық-этикалық және
заңдық негізге сай болу керек;
- Кеңес беруші психологтың іс-әрекеті гумандық мақсатта бағыт алу керек;
- Өзінің жұмысын клиенттің жеке өмірі мен. Тұлғалығын сыйлай отырып жүргізу
керек;
- Кеңес беруші психолог клиентпен жұмыс барысында шынайылықты ұстану керек;
- Кеңес беруші психолог қажетті білімі, біліктілігі бар жағдайда ғана
клиентке көмек көрсетуге құқылы;
- Кеңес беруші психолог өз жұмысында жалпы ғылыми стандартқа сай әдістерді
қолдануы керек.
- Кеңес беруші психологтың ең басты міндетті жұмысының бірі ол өзінің
кәсіби білімі мен дағдысымен жоғары деңгейде үнемі қол ұшын беруі керек;
- Кеңес беруші психолог өз клиенті туралы мән-жайды үшінші тұлғаға жария
етпеуі керек;
- Клиентіне бос сөз беріп, үміттендірмеу керек;
- Клиенттің құпиялық ақпаратын сақтауға жауапты.
Кеңес беруші психологта келесі қасиеттер болуы керек.
- Эмпатияға қабілеттілігі;
- Ашықтылығы клиентті түсіну мақсатында оның ішкі жан дүниесіне кіріп,
оның эмпатиялық сезімін оята отырып, өзінің жеке сезімін айтып, оны өзі
үшін ашық ету;
- Өзінің жеке қамқорлығын көрсетіп, жест мимика әдістерін пайдалану;
- Мейірімділігі. Мейірімді эмоциялық қатынас көрсете алуы;
- Клиентке сене білу;
- Оптималды психологиялық арақашықтықты ұстану
- Көңілдендіре алуы, оның бойына өз-өзін өзгертуге сенімділік ұялату.
Психологиялық кеңес берудің негізгі бағыттары.
1. Психологиялық кеңес беруде гештальт-терапия.
2. Психоаналитикалық дәстүр.
3. Адлердің индивидуалды психологиясы.
4. Нейролингвистикалық бағдарламалау
1. Психологиялық кеңес беруде гештальт-терапия
Гештальт-терапия (немісше Gestalt – бейне, форма, құрылым + грекше
therapeia-емдеу) – әдісін американ психотерапевті және психологы Фредрик
Перлз ұсынған болатын. Гештальт-терапия – бұл адамның ұғымын кеңейту
мақсатында адам өзін жақсы түсініп, қабылдауға, және сыртқы өмірмен жақсы
қарым-қатынас орнатуға, өмірдің мәнін түсінуге көмектесетін ХХғ. басында
пайда болған психотерапия бағыты.
Гештальт-терапияның негізгі ұғымдарына: фигура және фон, осы шақты ұғыну
және шоғырлану, қарама-қарсылық, қорғаушы функциялар және ержету.
Фигура және фон. Фигура (гештальт) ретінде тап осы кезеңде барлық
тілектермен, сезім-ойлармен басым болатын тілек, сезім немесе ой болуы
мүмкін. Қалай қажеттілік қанағаттанады, солай гештальт аяқталып, өз
маңыздылығын жоғалтады және жаңа гештальтқа орын бере соңғы жоспарға
жылжытылады.
Кейбір кезде гештальтті қанағаттандыруға болмайды. Бұл жағдайда гештальт
аяқталмаған болып қалады. Мысалға, егер адам баласы өзінің ашу- ызасын дер
кезінде сыртқа шығармаса, бұл сезімдер мүлдем жоғалып кетпейді, қайта
күшейе түсіп, бұл аяқталмаған гештальт болып табылып, невроз ауруына
айналады.
Гештальттерапевт міндеті – клиентке өз қажеттіліктерін ұғынуға, аяқтауға
көмектесу б. т.
Осы шақты ұғыну және шоғырлану. Гештальтті аяқтау үшін ең басты шарт:
адам өзін және тап осы кездегі басым қажеттіліктерін ұғынуға қабілеттілік.
Ұғыну және шоғырлану, осында және енді атына ие болған гештальт-
терапияның маңызды принципі б. т.
Перлз былай деп оқытты: осында және ендіден басқа ештеңе жоқ. Енді дәл
осы шақ бар... Өткен шақ енді жоқ. Болашақ әлі келіп түскен жоқ
Қорғаныс функциялары. Гештальт-терапия өзін-өзі басқару процесінің
бұзылысының 5 механизмін көрсетеді: интроекция, проекция, ретрофлексия,
дефлексия және бірігу.
1.Интроекция – адам қоршаған ортаның ұсынған заттарының бәрін пассивті
түрде қабылдайды. Ол өзінің қажеттіліктері мен тілекткрін анықтау үшін аз
күш жұмсайды.
2. Проекция – адаб проекцияға өз сезімдерін және қылықтарын қабылдай
алмаған кезде түседі, өйткені ол олай сезініп, ондай қылық жасамау керек.
3. Рефлексия – басқа адамға жасағысы келген немесе жасауға тырысқаннын
өзіне жасау.
4. Дефлексия – қатынастың (контактың) күштенуін алу әдісі. Мұндағы адамдар
басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуден қашады.
5. Бірігу – мұндай адамдар өз ойларын, тілектерін және сезімдерін әрең
ажыратады.
Перлздің айтуы бойынша терапия процесті анықтау жолында невроз 5
сатыдан тұрады.
Бірінші сатысы – жалған қарым-қатынас, рольдік және ойнау.
Екінші деңгей – жалғандық, яғни адам өзі кім сол болудан қорқады.
Үшінші деңгей – тығырыққа тірелу, жол таба алмау.
Төртінші деңгей – іштей жарылу.
Бесінші деңгей – сырттай жарылу, эксплозия.
Перлз эксплозияның 4 түрін көрсетті: қайғы, ашу-ыза, қуану, оргазм.
Гештальт-терапияның негізгі процедуралары:
- сананы (ұғымды) кеңейту
- қарама-қайшылық интеграциясы
- сезімді күшейту
- арманымызбен жұмыс (фантазия және түс көру)
- өзіне жауапкершілі алу
- кедергіні жеңу
2. Психоаналитикалық дәстүр.
Психоанализдің бастамасы ретінде Фрейдтің Есірткі туралы деген еңбегін
атауға болады, одан есірткі емдеу жолдарын көрсеткен. Фрейд әрбір
емделушіде тұңғиықта ойды сақтап қалатын, емделуге кедергі болатын бір күш
бар дейді. Мұндағы мақсат біреу- қорғану. Психотерапевтің міндеті – осы
қарсылықты жою. Уақыт өткен сайын қарсы тұру – дағдарысты туғызады және бұл
дағдарыс психоаналитикалық теориядағы шешімі табылмаған міндеттердің бірі.
Психоанализдің ұғымынша, невроздың себебі Ид пен Эго арасындағы кикілжің
б.т. Аналитикалық психотерапияның негізгі мақсаты кикілжіңге әкелген
жағдайдың шешімін табу, яғни санасыздықты Эго-ның саналы бөлігімен
біріктіру.
Емделушіге ештеңе жасырмай, ұят болады деген ойды аулақ тастап барлығын
бүкпей айту қажет екенін түсіндіреді. Мұндай еркіндік беру санасыздықтың
қалдықтарын анықтауды жеңілдетеді. Неврозбен ауырушы адам емделуді саналы
түрде бастағанмен, емделуге деген құлшынысына, талпынысына қарсылық күштер
кедергі жасайды.. Қарсылық Эго-ның қорғану және
бұрылмаған функцияларының көрініс беруі болып табылады., сондықтан бірінші
кезекте соларға талдау жасалады. Психоанализдің екінші маңызды көздерінің
бірі болып орын ауыстыру танылады. Психоаналиктер невроз бен ауырған адам
өзінің жай күйін басқа бір нәрсеге ауыстыруға тырысады деп түсіндіреді.
Психоаналиктердің ойынша ауыстыру өткеннен арылу, яғни қазіргі жағдайды
өткенімен салыстырып, қате қабылдау.
Шетелдік психологтар Фрейдтің көзқарасын орынсыз деп санағанымен,
кемшілігін ашып көрсете алмады. Фрейдтің ғылыми ағымына оның жақын
ізбасарлары А. Адлер мен К.Г: Юнг қарсы шығып, өзіндік психотерапия
мектептерін ашты.
Қазіргі уақытта психоаналитикалық теория шеңбері айтарлықтай кеңейді,
психодинамикалық терапия өзге бағыттарға жақындады. Мысалы, Х.Кохут
психоанализ бен гуманитарлық психологияны біріктіретін тұжырымдаманы
жасады.
Клиент мәселені қалай суреттейтіндігінен аналитик балалық шақтан адамның
негізгі талдауы мен өмірлік қиындықтарын анықтаған бейсаналы шиеленістер
жайында алғашқы мәлеміттерді алады.
Аналитикалық жұмыс басталысымен клиент қауіпсіздік ахуалын сезінуі өте
маңызды.
Талдауға алғашқы мәлімет қайталанатын түс көрулер, ерте есте қалулар болуы
мүмкін. Әдетте ерте есте қалулар, негізгі шиеленісті тенденциялар жайында
түсінік береді, адам өмірінің әуенін анықтап, басты тақырыпты
көрсетеді. Жұмыс барысында клиент терапия процедурасы, оның формалары мен
әдістері жайында түсінік алады, кейбір қорқыныштар мен қауіптерді жояды.
Кейбір талдаудың бастапқы кезеңдеріндегі алға жылжу талдаудың сәттілігіне
сенімін береді, терапевтік альянсты нығайтады.
3. Адлердің жеке психологиясы
Адлер психологиясы иемдену психологиясы емес, қолдану психологиясы.
Сондықтан олар тұқым қуалаушылық пен қоршаған орта тұлғаны қалай
қалыптастырады? деген сұрақтың орнына тұқым қуалаушылық пен қоршаған
ортаны адам қалай қолданады? деген сұрақты қояды.
Психотерапия жайлы Адлер теориясы: өзара бір-бірімен байланысты бір
немесе бірнеше терапевті және бір немесе бірнеше пациентті қамтитын білім
беру мекемесі. Терапияның мақсаты: пациенттің әлеуметтік қызығушылығын
ояту. Мұндай мақсатқа жету үшін терапия жалған әлеуметтік құндылықтардан
құтылуы керек. Пациент қайта білім алады- өзінің өмір стилін және өмірлік
мақсаттарға қарым-қатынасын өзгерту. Өзінің когнитивті картасында клиент
бұрынғы жолымен жүргісі келе ме әлде өзге жолды таңдайды ма – оның өз еркі.
Ол өзіндік не әлеуметтік қызығушылықты таңдай алады.
Адлер бойынша, психотерапия үрдісінің төрт мақсаты бар:
1. Қарым-қатынас – жақсы қарым-қатынасты құру және оны сақтап
қалу.
2. Анализ- клиенттің динамикасын, өмір сүру стилін, мақсаттарын
ашу.
3. Интерпретация – алынған мәліметтерді талқылау, мысалы түсті.
4. Қайта бағытталу – (переориентация)
Психотерапевтік процессте жеке психология саласында үш негізгі жолды
қарауға болады:
- невроздың дамуына әкеліп соғатын жарақат жасайтын нүктені анықтау;
- жасанды мақсатты зерттеу, қате апперцептивті схеманы табу, соңғы
мақсатты көркейту анализі;
- әлеуметтік қызығушылықты дамыту.
4. Нейролингвистикалық бағдарламалау
Нейролингвистикалық бағдарламалау 1970 жылдың басында Санта-Круз
қаласы, Калифорния штатында пайда болған. Жас ғалым математик Ричард
Бэндлер өзінің ғылыми қызығушылығын өзгертіп, белсенді түрде бихевиоризм,
яғни адам мен жануарлардың мінез-құлқын зерттеумен айналыса бастады.
Сонымен қатар ол гештальт- терапия бойынша семинарлар мен оқу топтарына
қатысады. Төрт жылдың ішінде Джон Гриндердің басқаруымен оқу бағдарламасы
бойынша өзінің семинарларын өткізеді. Лингвистикамен айналыса жүріп,
лингвистиканың теоретигі Гриндер Наум Хомскидің еңбегін зерттеді. Біріккен
жұмыс және гештальт терапияға деген қызығушылық НЛБ-ның пайда болуына негіз
болды.
Өздерінің алғашқы Сиқырдың құрылымы атты еңбегінде гештальт-терапияны
құрушы, психотерапевт Фриц Перлздің бен отбасы терапиясы бойынша әлемге
әйгілі маман В Сатирдің вербальды және мінез-құлық моделін суреттеген.
Олардың келесі еңбегі Милтон Эриксонның гипноз техникасының модельдері
біздің уақытта тәжірибеден сәтті өтуші психиатрлардың бірі Американ
клиникалық гипноз қоғамының негізін қалаушысы Милтон Эриксонның вербальды
және мінез-құлықтық моделін зертеуге арналған.
Сиқыр құрылымы атты еңбегінің негізінде Гриндер және Бэндлер ми, тіл
және дене арасындағы қарым-қатынасты бейнелейтін Нейролингвистикалық
бағдарламағалаудың өзіндік моделінің анықтамасын берді.
НЛБ-ға сәйкес өзгерістің негізгі процесі өзіне мыналарды қосады:
1) адамның қазіргі күйін анықтау;
1) қажетті қорларды қосу.
2) бұл адамның қалауындағы күйге мақсатты түрде ауысу
Қазіргі күй + қажетті қорлар және қалаулы күй
Зәкір тастау- ол арқылы кез-келген ішкі немесе сыртқы оқиға (дыбыс, сөз,
қолды көтеру, дауыс ырғағы, жанасу) қандай да бір реакциямен немесе
жағдаймен байланысты болатын және оның көрінуін білдіретін процесс.
Якорьлер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай психологиясы тарихының архитектурасы
Қазіргі нарықтық экономиканың өзгеру үдерісінде ел ішінде психологиялық күйзеліске түсу
Қазіргі кездегі кеңес беруді ұйымдастыру жолдары
Психологияның салалары фундаменталды және қолданбалы. Психологиялық кеңес беру, психотерапия, психокоррекция 1
Әлеуметтік психологияның мақсаты мен міндеттері жайлы
Ұлттық мінез болмай ұлт қалыптаспайды
Балалар психологиясының даму тарихы, теориялар туралы негізгі түсініктер
Жалпы ғылым туралы сипаттама. Психология ғылымының пәні мен объектісі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Психология және дін психологиясы
Пәндер