Философияның дүниетаным ретіндегі ерекшеліктері


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

8. Конфуцзы мен Абайдың моральдық ізденістерін салыстырыңыз

11. Аристотель Дүниенің төрт себебін мойындады. Олардың сипаттамасына тоқталыңыз

41. Кеңістік пен уақыт жөніндегі субстанциялық және релятивистік түсініктер туралы айтыңыз

  1. Философияның дүниетаным ретіндегі ерекшеліктерін сипаттаңыз

Өндіргіш күштердің өркендеп, алғашқы қауым өндірістік қатынастардың шеңберінен шығып кетуіне байланысты құлдық қоғам бел алып, адамзаттың өркениетті дамуында ілгері басқан бір қадам жасалынды. Алайда, құлдық қоғам өркениеттің дамуы барысында жері басушылық болса да, адамгершілік тұрғысынан алғанда кері кетушілік болды. Өйткені, адамды адам қанауының жексұрын түрі пайда болды. Ағайынгершіліктің орнын құл иеленушілік басты. Сонысына қарамай, ғылыми даму, философиялық дүниетанымның пайда болып қалыптасуы үшін құлдық қоғам ғана игі әсерін тигізді, себебі тек осы кезеңде ғана ой еңбегі дене еңбегінен ажырап, адамдардың озық ойлы бөлігі дене еңбегінен босатылып, бірыңғай ғылыммен, философиямен айналысуға мүмкіндік алды. Әрине, ол адамдар негізінен үстем тап өкілдері болатын. Осы кезеңде философиялық дүниетаным мифология мен дінге қарсы күресте қалыптаса бастады. Адамзат тарихында алғаш рет дүниені оның оз ішкі. заңдылықтарын ашу арқылы танып-білуге талпыну, танымның дәлелдеуге құрылған ғылыми тәсілдерін пайдалану жағы көзделді. Адамдар өздерінің ақыл-ойларының өсу дәрежесіне сәйкес өздерін табиғаттан, қоғамнан ажырата алатын, өздерінің дербес тіршілік иесі екендігін пайымдай алатын, мақсат-мүдделерінің табысқа жету - жетпеуі табиғат күштерін өз қалпында танып-біліп іс жүзінде игеру дәрежесіне тікелей тәуелді екендігін түсіне бастады. Олардың бұндай жағдайға жетуіне философиялық дүниетанымның ықпалы аз болған жоқ. "Философия" гректің " филео " және "софия" деген сөздерінен құралған. Қазақша мағынасы - "даналыққа құштарлық". Бұл сөздің шығу тегі жөнінде мынадай аңыз сақталған. Көне Грецияда бір ғұлама әзін "данышпан" деп атай берген адамдардан ыңғайсызданып, "мен тек даналыққа құштар ғанамын" - десе керек. Алайда, философияның "даналыққа құштарлық" деген мағына беретіндігі де тегін емес. Себебі, философия сөзтізбегі арқылы көне Грецияда дүние, жаратылыс, адамдар мен қоғам туралы барлық ілімдер мен білімдер жиынтығын атайтын болған. Философия - мазмұны жағынан да, танымдық тәсілі жағынан да өзінің тұжырымдарын, қағидаларын ғылыми логикалық дәлелдеулерге негіздейтін ерекше дүниетаным. Ол онысының өзімен-ақ жаратылыстан тыс "күш иелеріне" деген соқыр сенімге жетелейтін мифология мен діни дүниетанымнан айрықша ерекшеленеді. Сайып келгенде, философиялық дүниетаным деп әлемге, табиғатқа, қоғамға және олардың арақатынастары туралы қалыптасқан ең жалпы көзқарастар жиынтығын айтамыз. Философиялық дүниетаным жеке адамдар, топтар мен партиялар үшін, әлеуметтік т. б. өмір салаларында жолбасшылық, бағдарламалық міндет атқарады, қоғамның ілгері даму жолдарын негіздеудің теориялық астары да бола алады.

  1. Философиялық дүниетанымның миф пен діннен айырмашылығын көрсетіңіз

Философия дүниеге көзқарастың бір түрі. Дүниеге көзқарас - дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниеге көзқарас үш негізгі типтен тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық.

  • Мифология(гр. Myfos - аңыз, logos - ілім) - әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуы т. б.
  • Дін- бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі істерге шақыруда: мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар адам баласын сыйласымдылыққа, әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде діннің атқарар маңызы ерекше.
  • Философия(қазақшапәлсапа) - дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы - нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.
  1. Космоцентризм- әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) .
  2. Теоцентризм- барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш - Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық Еуропа философиясына тән ерекшелік) .
  3. Антропоцентризм- негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады) .
  1. Философия мен ғылымның ара-қатынасын талдаңыз

Ғылым философиясы- ғылымды адам іс-іәрекетінің ерекше аясы және ұдайы дамудағы білімнің жүйесі деп қарайтын философияның тарауы. Ғылымда білімді философияның гносеологиялық және методологиялық тұрғыдан зертеудің аздаған тарихы болғанымен, Ғылым философиясы -соңғы кезде 20 ғасыр кеңінен тарй бастады. Ең алғашқы бұл термин логикалық позитивтер деп аталатын философтардың еңбектерінде қолданылып, ғылым тілін философиялық тұрғыдан зерттеулер тек ғана формальдық (математикалық) логика шеңберінде болуы керек. Ал ғылыми ғымдарды эмпирикалық, тәжірибе, байқау арқылы түсіндіруге болады деп түсіндірілді. Ғылым, бұл концепция бойынша- адамның ең жоғарғы ісі, ал ғылым философияның бір ғана функциясы осы жеке ғылымдарда, логикалық, методологиялық тұрғыдан қамтамассыз етілуі. Бері келе ғылым философиясы біржақты екендігі байқалғаннан кейін оның проблематикасына өзгерістер енгізілді. Қазіргі кезде ғылым философиясы ғылымның құрылымы мен қатар, оның тарихын зерттеуге бет бұрып отыр

Философия- ғылым әлде өнер ме?Жоғарыда атап өткеніміздей, Дүниеге деген діни көзқарасқа қанағаттанбаушылық сонау көне заманның өзінде ақ пайда болып, аса ұлы тұлғалардың дүние мен адам қарым -қатынасы жөніндегі ақыл-ойға негізделген сұрақтар мен жауаптарының дүниеге келуіне себеп болды. Осы тұрғыдан алғанда, « Философия-ақыл -оймен қаланған тарихи дәуір» деген Гегельдің берген анықтамасында терең сыр жатса керек. Философия пәні, оның мақсаты- қазіргі логиканың идеяларын, әдістері мен апаратарын ғылыми тануға қолдану . Ғылыми таным логикасы - ғылыми теориалардың олардың компонентерін: анықтамалардың, топтастырулардың, ұғымдардың, заңдардың логикалық құрлымын зерттейді, осы компоненттер арасындағы логикалық байланытарды анықтайды, теориалардың қайшылықсыздығы мен толықтығы туралы ғылыми болжамдардың қалыптасуы, оларды тексерудің әдістері туралы мәселені қарастырады. Ғылым танымның қорыту, түсіндіру, абстракция, идеалдандыру сияқты әдістерінің логикалық аспектілеріне талдау жасайды.

  1. Философия мен өнердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын салыстырыңыз

философия статусы жеке ғылымдарға қарағанда кеңірек, яғни ауқымды, сондықтан Батыс елдерінде философияны тіпті өнер саласына, жатқызатыны мәлім. А. Шопенгауер: «Философия ғылымының кемшіліктері - оның ғылым жолымен дамуында, ал шынында философия көркемөнердің бір түрі ғана», деген пікір айтқан болатын.

Егер біз философияны көркемөнер саласымен салыстыратын болсақ, онда біз олардың бір-бірімен біршама көп ұұсас жақтарын ашуымызға болады. Менің ойымша философияға қанша тұлға атсалысса, соншалықты философияның түрлері бар. Өнер саласындағы туындылар да бір-бірін қайталамайды, ол жерде өнерпаздың дүниеге деген тұлғалық, сезімдік қарым-қатынасы өзгеше болып көрәнәп тұрады. Шынайы философиялық шығармалар көркемөнердегі ұлы туындылар сияқты, адамның жүрегінде, ой өрісінде өшпес із қалдырады, оның жан дүниесін ұлылық, құлаштап жетпес биіктік, әсемдік, гармониялық сезім билейді.

Филослфияны өнерге жақындататын келесі мәселе - Дүниенің біртұтастығын көрсету, ішке және сыртқа қарай шексіз Дүниенің суретін жасау - философия саласындағы ең қиын істің бірі. Өйткені Дүние жөніндегі ғылыми деректер әр уақытта өзінше шектелген. Олай болса, тек қана ғылыми жолмен шексіз Дүниені шектелген білім арқылы біртұтас ретінде суреттеу мүмкін емес. Ал, бірақ адамның жүрегінде Дүниені толығынан түсіну ұмтылысы ешұашанда бітпес іңкәр болып қала береді де, әртүрлі Дүние суретін тудырады. Ол үшін философ өзінің Дүниесуретін ғылыми деректер деректер жетіспеген жағдайда қиял арұылы толыұтырады, сезім толқындарымен бояйды. Олай болса, философия өзін тудырған мифологиядан толығынан бөліне алмайды. Философия мен көркемөнердің бір-біріне жақындығын, бір-біріне өтіп жатқанын айқын көрсететін нәрсе - тарихтағы ұлы тұлғалардың шығармалары. Оған Платонның «Диалогтарын», нақыл сөздерін, Ницшенің афоризмдерін, Камюдің эсселерін жатқызуға болады, өйткені олардың философиялық мазмұны көркем сөзбен берілген. Ал Абайдың өлеңдері мен Әуезовтың романдарында Достаевский, Толстой сияқты орыстың ғұлама жазушыларының шығармаларында терең философиялық сыр жатыр.

Сонымен, философияда өнер көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Бірақ, қалай дегенде де, философияның әртүрлі жақтарын бір-бірінен ажыратып бөлек алуға болмайды. Философия - біртұтас ерекше Дүниеге деген көзқарастық білім. Философия - адамзат мәдениетінің өзе

  1. Философияның гносеологиялық (танымдық) қызметін сипаттаңыз

Таным теориясы немесе гносеология философияның алғашқы даму кезендерiнен келе жатыр

Гносеология- адамның танымдық iзденiстерiнiн табиғатың, бiлiмнiң шындыққа қатынасың, оның мәдениет және қатынастар-байланыстар жүйесiнде алатың орының, даму шарттарың, ақиқат өлшемiн және сонымен қатар, шынайы бiлiмдерге жету заңдылықтарың мен әдiс-тәсiлдерiн қарастырады.

Одан кейiн, кең тараған эпистемология термины пайда болады (гр. episteme-бiлiм, logos-iлiм) . Бұл терминмен әдеттей ғылыми таным теориясың белгiлейдi.

Декарт заманының батысеуропаның философиясында танымды “субъект-объект” арақатынасы негiзiнде қарастырып келе жатыр. Танымсубъектiсi деп арнайы мақсатқа негiзделген, белсендi пәндiк-практикалық таным әрекетiн жасаушы және оны бағалаушыны айтады, мұда жеке индивид, ұжым, әлеуметтiк топ, жалпы қоғам жатады.

Таным объектiсi деп бiз субъектiнiң танымдық әрекетi неге бағытталынады соны айтамыз. Танымның объектiсiне материалдық және рухани құбылыстар, сондай-ақ субъектiнiң өзi де кiредi.

Танымның субъектiсi мен объектiсi бiр-бiрiнiң себебi болып табылады, өйткенi субъектiсiз объект жоқ, объектiсiз субъектiнiң де болуы мүмкiн емес.

Таным процесiнде субъект және объект бiр-бiрiне едәуiр әсерiн тигiзедi. Таным объектiсiн тандауының өзi субъектiнiң болуын қажет етедi. Ал бұл тандау адамның iс-әрекеттер мiнезiмен және оның рухани қажеттiлiктерiмен айқындалады: бiреуге өнер туындысы эстетiкалық сезiмдер объектiсi болса, екiншiсiне ол өнертанымдық анализ жасау объектiсi.

Танымның философиялық тұғырнамаларда дәстүрлi екi түрiн белгiлейдi: сезiмдiк және рационалды танымдарды. Олар бiр-бiрiмен тығыз қатынаста болады және әр қайсысы өзiнiң формаларына ие. Таным процесiнде абсолюттi және салыстырмалы ақиқат тығыз байланыста: абсолюттi ақиқат салыстырмалыдан құрылады, сондай-ақ салыстырмалы бiлiмдерде абсолюттi дшынайы бiлiмдердiн бөлшектерi бар. Сонда абсолюттi және салыстырмалы ақиқаттар бiр бiлiмнiң әр түрлi қырлары болып табылады. Салыстырмалы бiлiмдерi абсолюттендiру релятивизмге әкеледi, ол танымның нәтижелерiне күмән келтiредiскептизм, немесе объективтi бiлiмдi алу мүмкiндiгiн терiстейдi- агностицизм (Юм-бiлiм сезiмдiк таныммең, тәжiрибемен, ойдың мүмкiндiктерiмен шектеулi, сондықтан бiлiм сыртқы, мәндi емес, терен емес; Кант-“өзiндiк затты”танп бiлу мүмкiн емес, танылатың құбылыс қана-феномен, ал танылмайтын “өзiндi зат”-ноумен) . Абсолюттi бiлiмдi маңызын асыра дәрiптеу догматизм.

  1. Қытай дүниетанымындағы Даосизмнің орнын көрсетіңіз

Даосизм дүниетанымдық мәселеде басты көңілді - дүниенің объективті бейнесіне, оның абстрактылы, философиялық-категориалды аспектісіндегі болмысқа, бейболмысқа, қалыптасуға, тұтастыққа, көпшілікке және т. б. бөліп, бұдан адамзат қоғамына және оның жүйесіндегі адамға қатысты қорытындылар шығарады.

Даосизмнің негізін қалаушы Лао-Цзы болып есептеледі. Алайда, даосизмнің басты еңбегі “Дао дэ цзин” трактатын (Дао және дэ жайындағы кітап) бірқатар ғалымдар Лао Цзыға емес өзге даос Чжуан Цзыға тиесілі деп есептесе, қытай философиясының тарихын зерттеуші Ян Юн-го “ Бұл трактат барлық даостардың әртүрлі топтарының көзқарастарының жиынтығы. Себебі, бұл трактаттарда Конфуцийшілдік пен Легизмді сынға алу кездеседі. Ал, Даосизм бұлардан бұрын пайда болған болса мұндай сын бұл трктаттарда кездеспес те еді” деп есептейді. Біздің пікірімізше жоғарыда келтірілген сындар даосизм мектебінің соңғы өкілдерінің бұрынғы трактатқа өзгеріс енгізуінің нәтижесі болуы мүмкін. Қайткенмен де Көне Қытайдың философиялық мектептерінің ішіндегі ерекшесі әрі көнесі осы даосизм болуы мүмкін. Оны мынадан көруге болады: конфуцийшілдер де, легистер де, моизм өкілдері де “дао” жайында көп айтты. Бірақ “дао” олар үшін Қытайдың даму жолы болған болса, Даостар үшін “дао” - бәріне бірдей ортақ дүниетаным ұғымы. Бұл тек қана аспан астындағы Қытайда ғана емес, бүкіл әлемде болып жатқан құбылыстардың, барша жаратылыс пен заттардың бастамасы, алғашқы негізі және соңы болып табылады.

Даосизм ілімінде екі дао жайлы ілім бар. Оның бірі көрінбейтін, естілмейтін формасы жоқ шексіздік. Сондықтан ол мәңгі болғандықтан ешбір атауды қажет етпейді. Ол шексіз қозғалыста болады. Даосизмде қарама-қарсылықтар толып жатқандықтан мұнда диалектикалық әдіс те жоқ емес. Екінші дао - ол атауға ие дао, ол барлық заттардың түп негізі. Ол шексіз, таусылмайтын, жеңілмейтін, құдіретті. Ол денесіз, тұманды, бос, белгісіз, кішкентай, жасырын, қозғалмайтын, жалғыз болып келетін бірінші даодан осылайша ерекшеленеді.

Екі даоның болуы даосизмде болмыс пен бейболмыс мәселесін туындатады. Бейболмысқа аты жоқ атаусыз дао жатса, ал болмысқа барлық заттардың түп негізі болатын екінші дао жатады.

Даосизмде диалектика бар деп жоғарыда айттық. Алайда, дао “қозғалыстың ең бастысы ол тыныштық” деуіне қарағанда ондағы метафизикалық әдістің басымдау екенін байқатады.

Үйлесімділік, ізгілік (дэ) мәселесінде даосизм қозғалмай-ақ, күреспей-ақ жеңуді насихаттайды. Оның мәні жоғары ізгілікке, үйлесімділікке қолы жеткен адам мейірімділік істеуге тырыспайды. Себебі, оның өзі, табиғатында мейірімді. Дао күреспейді, бірақ жеңіске жете алады.

Даосизмнің әлеуметтік-саяси идеалында да данышпан билеуші білімсіз, өз жолымен тіршілік ететін халық туралы айтылады. Ең жақсы билеуші - бәріне өз табиғи жолымен жүруге мүмкіндік береді. Нағыз билеуші бәрінің алдында жүреді. Себебі даоға еліктеу арқылы ол өзін бәрінен төмен ұстайды.

Білім мен еңбек құралдарының дамуына даосизм қарсы болады. Білім теңсіздікке ал ол өз кезегінде халықты теңсіздікке алып келеді дейді. Бақытты өмір сүрудің кепілі - ол табиғат аясында өмір сүру.

Дегенмен бұл ілімде қарама-қайшылықтар өте көп кездеседі. Бірақ оның негізгі ойы мәлім. Ол даоның алғашқы екендігі ол аспаннан да алғашқы болып табылады.

  1. Болмысты танудағы Лаоцзы мен Парменидтің ойларын салыстырып көріңіз

Болмыс философиядағы ең көне, дәстүрі мол, тарихы бай ұғымдардық бірі болып саналады. Ол “бол”, “болу” сияқты түсініктердің баламасы. Бұл ұғым адамды қоршаған ортаны біртұтас бүтіндік деп тану қажеттігінен туындаған. Оның көмегімен өте мақызды дүниетанымдық “әлем деген не” сұрағына жауап беріледі. Болмыс туралы түсініктер көне философияда қалыптасты. Мысалы, Парменид болмыс дегеніміз - бұл тірлік, одан басқа еш нәрсе емес деп үйретті. Болмыс жақсы, жаман жақтары бар толтырылған, қозғалмайтын шар іспеттес. Діни дүниетаным үстемдік еткен орта ғасырлар дәуірінде болмыс құдай жаратқан әлем деп қарастырылған. Құдай барлық тіршіліктің шыңы, мәні, жетілдірілген реалдылық деп көрсетілген (Әулие Августин, Фома Аквинский) . Қайта Өркендеу, әсіресе Жаңа Дәуірден бастап жаратылыстану - механика, математика, физика үлкен қарқынмен дами бастайды. Болмыс-жаратылыстану мен адамның практикалық іс-әрекетінің негізгі объектісі болып табылатын табиғат. Ол белгілі заңдылықтарға сүйеніп жұмыс істейтін механизм тәрізді. Адам бұл уақытта табиғаттың жоғарғы жеңісі, күрделі механизм деп түсіндірілді.

Парменидтің пікірінше, болмыс пен бей-болмыс тең емес, басқаша айтқанда, болмыс - нақты өмір сүреді де, бейболмыс деген жоқ нәрсе. Осы пікірін Парменид дәлелдеуге тыры-сады. Айта кететін бір жайт - ол, Парменидке дейін философтар өз тезистерін дәлелдеуден гері, метафорамеи немесе ұқсастық тәсілін қол-дану арқылы (салыстыру арқылы) негіздеуге тырысатын, ал Парменид бірінші бодып өз те-зисінің дұрыстығын дәлелдеуге көбірек көңіл бөлді.

8. Конфуцзы мен Абайдың моральдық ізденістерін салыстырыңыз

9. Платонның Дүниені «Идеялар әлемі» мен «Заттар әлеміне» бөлуінің себептерін талдаңыз

Платон Идеялар Әлемінің теориясын жасап, Аристотель Дүниедегі материя мен форманың ажырамас бірлігін паш етеді.

Көне замандағы ғылымдарды жіктеу мәселесі - ғылым тарихының өзекті мәселелерінің бірі. Әрине, мұндай іспен әдейі айналысқан сол кезде ғалымдар болды десек, артық болар еді. Дегенмен де, көне грек философиясының ұлы жүйелер жасаушылары Платон мен Аристотельдің еңбектерінде бұл мәселе олардың назарынан тыс қалған жоқ. В. Вундтың айтуына қарағанда, көне заманда ғылымды жіктеу философияның өзін жіктеумен тең болды, өйткені, жеке ғылымдар әлі оның шеңберінен шығып дербес дәрежеге ие болған жоқ еді (қара: В. Вундт. Введение в философию. М. Добросвет, 1998, с. 44-46) . Мұндай пікірмен толығынан келісуге болады.

Қайсыбір саланы жіктеу үшін оған негіздемелер, критерийлер (анықтаушылар) керек. Ұлы Платонның еңбектерінде ондай анықтаушы ретінде дүниетанымдағы адамның рухани қабілеттерінің айырмашылықтары қойылған. Мұндай адамның рухани қабілеттері - үш. Біріншіден, Дүниені үғымдармен тану. Платонның барлық еңбектерінде ол диалог (сұхбат), я болмаса, сұрақ пен оған жауап беру арқылы жүреді. Екіншіден, сезімдік қабылдау арқылы біз Дүниедегі заттарды көреміз, олардан шығатын дыбыс пен иісті аңғарамыз т. с. с. Үшінші - ырық пен тілеу, қажет ету. Олар адамның өмірдегі іс-әрекетін тудырады. Осыған сәйкес Платон үш жеке ғылымдарды мойындайды. Олар: диалектика, физика және этика. Платонның диалогтарына көз жіберсек, «Теэтет», «Парменид», «Софист» - диалектика мәселелеріне арналған, «Тимей», «Федон» - физикаға, «Мемлекет», «Саясаткер» - этикаға. Платон диалектиканы ең жоғары ғылым деп санайды, өйткені, ол рухтың ең биік қабілеті - ойлайтын парасат. Олсыз физика мен этика - толық емес, жетілген білім өз салаларында жасай алмайды. Сондықтан, диалектика оларды да самғап өтеді. Бұл қарым қатынасты былайша көрсетуге болады

10. Аристотельдің материяға қатысты ойларын еске түсіріңіз

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философиялық дүниетаным және дүниетанымның тарихи түрлері
Философия дүниетаным ретінде
Философия және дүниетаным
Философия ғылымдары кіші функцияны зерттеу пәні философияның негізгі мәселесінің аспектісі
Философияға кіріспе. философияның дамутарихы. философия пәні мен функциясы
Философия пәні
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
РЕСЕЙДІҢ 18-19 ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ЖҮРГІЗГЕН ДІНИ-ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Антик философиясы туралы ақпарат
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz