К.Д.Ушинскийдің педагогикалық қызметі



1. К.Д.Ушинскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі.
2. К.Д.Ушинский тәрбиенің халықтық идеясы туралы.
3. Адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары мен тәсілдері.
4. Оқытудың дидактикалық негіздері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Константин Дмитриевич Ушинский 1824 жылы Тула қаласында чиновниктің отбасында дүниеге келді. Өзінің балалық және жастық шағын Чернигов губерниясының Новгород — Северск қаласына жақын жерде орналасқан әкесінің шағын жекеменшігінде өткізді. Орта білімді Новгород — Северск гимназиясында алады.
1840 жылы К.Д.Ушинский Москва университетінің заң факультетіне оқуға түседі, онда белгілі профессорлар (Грановскийдің және басқалардың) лекциясын тындады. Студенттік жылдарда Ушинский әдебиетпен, театрмен қызыға айналысты, халықтың арасына сауаттылықты тарату туралы армандады. Алдынғы қатарлы орыс зиялыларының арасында Ресейдің тарихи даму жолдары, отандық мәдениеттің халықтығы туралы талас пікірлерді ол өз бетінше шешуге ұмтылды.
Университетті бітіргеннен кейін 22 жастағы К.Д.Ушинский Ярославль заң лицейі профессорының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Студенттерге ерекше әсер еткен өзінің лекцияларында Ушинский ғалымдардың халық өмірінен қол үзгендігін сынай отырып, оны жақсартуға ғылымның кемектесуінің қажеттігі туралы айтты. Ол студентгерді өмірді, халықтың қажеттігін зерттеу, оған көмектесуге шақырды. Бірақ жас ғалымның профессорлық қызметі көп ұзаққа созылмады.
Лицей басшылығы оның қызметінің осындай бағыты жастарға зиянды әсер ететіндігін, сол кездегі тәртіпке оларды қарсы қояды деп есептеп, көп кешікпей ол жұмыстан шығарыдды. Ушинскийге өмір сүру үшін күрестің ауыр жылдары басталады. Ол бірнеше жыл чиновниктік қызмет атқарды, журналдарда кездейсоқ, ұсақ әдеби жүмыстармен айналысты. Өз отанының игілігі үшін жан-жақты қоғамдық қызмет туралы армандаған оны осының барлығы қанағаттандырмады.
"Өз Отаныма мүмкін болса, көп пайда келтіру — бұл менің өмірімнің бірден-бір мақсаты; мен соған барлық өзімнің қабілетімді бағыттауым қажет", - деп жазды жас Ушинский.
60-жылдардағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыс К.Д.Ушинскийдің педагогикалық көзқарасының қалыптасуына көмектесті. Осы қоғамдық — педагогикалық қозғалыстың әсерімен 1857 — 1958 ж. "Тәрбие үшін журналда" өзінің "Педагогикалық әдебиеттің пайдасы туралы", "Қоғамдық тәрбиенің халықтығы туралы", "Мектептің үш элементі" және басқа да орыс педагогикасына құнды үлес қосқан мазмұнды мақалаларын жариялады. Бұл мақалалар Ушинскийдің есімін бүкіл педагогика саласыңдағыларға кең жұртшьшыққа таныта бастады.
1. Сейталиев «Педагогика тарихы»
2. Қоянбаев «Педагогика тарихы»
3. Интернет сайттары

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р Ы

1. К.Д.Ушинскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі.
2. К.Д.Ушинский тәрбиенің халықтық идеясы туралы.
3. Адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары мен тәсілдері.
4. Оқытудың дидактикалық негіздері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

К.Д.Ушинскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі

Константин Дмитриевич Ушинский 1824 жылы Тула қаласында чиновниктің
отбасында дүниеге келді. Өзінің балалық және жастық шағын Чернигов
губерниясының Новгород — Северск қаласына жақын жерде орналасқан әкесінің
шағын жекеменшігінде өткізді. Орта білімді Новгород — Северск гимназиясында
алады.
1840 жылы К.Д.Ушинский Москва университетінің заң факультетіне оқуға
түседі, онда белгілі профессорлар (Грановскийдің және басқалардың)
лекциясын тындады. Студенттік жылдарда Ушинский әдебиетпен, театрмен қызыға
айналысты, халықтың арасына сауаттылықты тарату туралы армандады. Алдынғы
қатарлы орыс зиялыларының арасында Ресейдің тарихи даму жолдары, отандық
мәдениеттің халықтығы туралы талас пікірлерді ол өз бетінше шешуге ұмтылды.
Университетті бітіргеннен кейін 22 жастағы К.Д.Ушинский Ярославль заң
лицейі профессорының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Студенттерге
ерекше әсер еткен өзінің лекцияларында Ушинский ғалымдардың халық өмірінен
қол үзгендігін сынай отырып, оны жақсартуға ғылымның кемектесуінің
қажеттігі туралы айтты. Ол студентгерді өмірді, халықтың қажеттігін
зерттеу, оған көмектесуге шақырды. Бірақ жас ғалымның профессорлық қызметі
көп ұзаққа созылмады.
Лицей басшылығы оның қызметінің осындай бағыты жастарға зиянды әсер
ететіндігін, сол кездегі тәртіпке оларды қарсы қояды деп есептеп, көп
кешікпей ол жұмыстан шығарыдды. Ушинскийге өмір сүру үшін күрестің ауыр
жылдары басталады. Ол бірнеше жыл чиновниктік қызмет атқарды, журналдарда
кездейсоқ, ұсақ әдеби жүмыстармен айналысты. Өз отанының игілігі үшін жан-
жақты қоғамдық қызмет туралы армандаған оны осының барлығы
қанағаттандырмады.
"Өз Отаныма мүмкін болса, көп пайда келтіру — бұл менің өмірімнің
бірден-бір мақсаты; мен соған барлық өзімнің қабілетімді бағыттауым қажет",
- деп жазды жас Ушинский.
60-жылдардағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыс К.Д.Ушинскийдің
педагогикалық көзқарасының қалыптасуына көмектесті. Осы қоғамдық —
педагогикалық қозғалыстың әсерімен 1857 — 1958 ж. "Тәрбие үшін журналда"
өзінің "Педагогикалық әдебиеттің пайдасы туралы", "Қоғамдық тәрбиенің
халықтығы туралы", "Мектептің үш элементі" және басқа да орыс
педагогикасына құнды үлес қосқан мазмұнды мақалаларын жариялады. Бұл
мақалалар Ушинскийдің есімін бүкіл педагогика саласыңдағыларға кең
жұртшьшыққа таныта бастады.
1854 жылы Ушинский алғашыңда Гатчинадағы жетімдер институтында орыс
тілінің мұғалімі, кейіннен сол институттың инспекторы қызметін атқарады.
Бұл жерде Ушинский педагог, ұйымдастырушы және зерттеуші ретінде өзінің
күші мен қабілетін жан-жақты көрсетті. Ол оқу орнының жоспары мен
бағдарламаларына өзгерістер енгізді, оқыту үрдісін ұйымдастыру мен
әдістемесіне көптеген жаңалық енгізді. Бұл кезеңде жоғарыдағы аталған
бірнеше мақалалары жазылған болатын.
1859 жылы Ушинский Смольныйдағы инабатты қыздар институтының инспекторы
болып тағайындалады. Онда ол түбірлі өзгерістер жүргізді: дербес жұмыс
істеген дворян және мещан қыздар бөлімдерін біріктірді, оқу пәндерін орыс
тілінде оқыту енгізілді, педагогикалық сынып ашты, мұнда тәрбиешілер
даярланды, институтқа талантты оқытушьшар шакыртълды, тәрбиеленушілер
каникулдар мен мейрамдарды ата-аналарында өткізуге қүқығы болды. Ушинский
институтқа көрнекті педагогтар-әдіскерлерді шақырды: әдебиеттен —
В.И.Водовозов, жағрапиядан — Д.Д.Семенов, тарихтан — М.И.Семевский және
басқалар. Смольныйдағы кезеңде ол бастауыш сыныптарды оқыту үшін — "Балалар
әлемі" оқулығын шығарды.
Смольный институтындағы Ушинскийдің прогрессивтік қызметі
институттың тәрбиеленушілері және алдыңғы қатарлы орыс зиялыларының
тарапынан ерекше қолдау тапты, институт әкімшілігі және Ушинскийдің
тарапынан институттан қуылған мүғалімдер оны құдайсыздығы, еркін ойы, саяси
сенімсіздігі үшін айыптап, құғындады. 1862 жылы ол институттан шығарылды.
Осы кезде оған бастауыш және әйелдер сыныбына білім берудің жағдайын
зерттеу, педагогика оқулығын жасау сылтауымен шетелге баруды ұсынған
болатын. Бұл сапары шын мәнінде бүркемеленген жер аудару еді.
Ресейде басынан кешіргеннің бәрі Ушинскийдің денсаулығьна өте ауыр әсер
етті, ертеде байқалған өкпе ауруы асқына түсті. Бірақ асқынған сырқатына
қарамастан, шетелде ерекше жемісті жұмыс істеді: Германия мен Швейцариядағы
әйелдер оқу орындарын, мектепке дейінгі мекемелерді, мектептерді сын көзбен
қарай отырып, зерттеді.
Шетелде 1864 жылы "Ана тілі" атты тамаша оқу кітабын жазды және "Ана
тілін оқытуға басшылық" деген мүғалімдер мен ата-аналарға арналған оқу
құралы жарық көрді. 1867 жылы Ушинский өзінің ең басты шығармасы "Адам-
тәрбиенің пәні" атты еңбегін жазды. Бұл еңбек педагогика ғылымының құңды
да, сүбелі туындысы болып табылады.
1870 жылы 22 желтоқсанда 46 жасында орыс халқының ұлы перзенті К.Д.Ушинский
қайтыс болды.
Өзінің қоғамдық-саяси көзқарасы жағынан Ушинский буржуазиялық
демократ - ағартушы болды. Ол крепостнойлық правоның құлауын қызу қолдады,
Ресейдің еркін дамуы, халықтың әл-ауқатын материалдық және мәдени жақсарту
туралы қиялдады. Бірақ ол қоғамдық қүрылысты революциясыз, бейбіт жолмен
өзгертуге болады деп есептеді. Өзінің философиялық дамуында Ушинский
идеализмнен материализмге бет бұрды, бірақ бұл жол аяқсыз қалды.
Ушинский табиғатқа көзқарасында Дарвиннің эволюциялық ілімін
жақтады. Таным теориясы мен психологиясында оның материалистік элементтері
басым. Ол психологияны физиологияға негіздеп құруға талпынды. Бірақ
социологиялық мәселелерді түсіндіруде көптеген ағартушылар сияқты
идеалистік бағытта болды. Ушинскийдің қызметінің бас кезінде соңғы жылдарға
қарағанда оның козқарасында дін ерекше орын адды. Ушинский өмірінің соңғы
кезінде, бұрынғыша дінді мойындай отырып, ғылым мен дінді анық ажырата
білді.

К.Д. Ушинский тәрбиенің халықтық идеясы туралы
Ушинскийдің педагогикалық жүйесінің негізіне халықтық идея
жатады. Халықтық," -дегенді оның тарихи дамуымен, жағрапиялық, табиғи
жағдайларымен қалыптасқан әрбір халықтың өзіндік ерекшелігі деп түсінді".
Ушинский халықтықтан әруақытта тиімді ұйымдасқан тәрбиеге арқа сүйеуге
қажетті бастаманы көре білді. Осыған байланысты барлық елдер мен халықтар
үшін тәрбие жүйесін бірдей етіп көрсетудің кез-келген әрекетіне ол негізсіз
және зиянды деп қарсы болды. Халықтық бастамаға негізделген тәрбие ғана,
Ушинскийдің айтуынша, "халықтық дамудың тарихи үрдісінде тірі орган болып
табылады".
Орыс халқына тән өзіндік ерекшеліктері болады. Ең негізгілеріне ол
мыналарды жатқызды: 1) ғасырлар бойы сыннан өткен оз отанына деген терең
сүйіспеншілік сезімі, озінің күшін аямастан оның тұтастығы мен
тәуелсіздігін басқа мемлекеттерден қорғауға әруақытта даярлығы; 2) жоғары
азаматтық сезім, гуманизм; 3) шығармашылық қуаттың байлығы. Ушинскийдің
пікірі орыс халқының рухы және Ресейдегі оқытумен тәрбие осындай негізде
құрылуы қажет екендігін білдіреді.
Қандай да болсын басқа мемлекеттің төрбие жүйесін орыс топырағына
көшіру оның қажетті тәрбие күшінен айырған болар еді. Халықтық идея
Ушинскийдің түсінігінде терең демократизммен ерекшеленеді. Ушинский
қоғамның жоғарғы бөлігіне тән халыққа аристократиялық - өктемдікпен қарауға
қарсы болды. Өте дөрекі, сүреңсіз бұқара халықты "ерекше шығармашылық
күштің, тамаша өлмейтін құндылықтардың қайнар көзі" дей келіп, ол
"қарапайым" халықты жоғары қояды және терең бағалайды. Ушинскийдің
түсінігінде, халықтыққа тән келесі белгісі — бұл жұртшылық.
Тәрбиенің халықтық идеясы өз айналасына ауқымды атмосфераны
талап ететіндігі және өзіндік кең қоғамдық элементтерді қатыстырусыз іске
асуы мүмкін еместігіне Ушинский сенімді болды. Ушинский былай деп жазды:
"Халықтың өзі және оның ұлы адамдары болашаққа жол қалауда: тәрбие тек қана
осы жолмен жүреді..." Ушинский халықтық идеяны басшылыққа ала отырьш, халық
ағарту ісі халықтың қолында болуы керек, ал балаларды оқыту ісі олардың ана
тілінде іске асуы қажет, ол халықтықтың ең айқын көрінісі болып табылады
деген қорытындыға келді.
Балаларды өз ана тілінде оқыту мүмкіншілігінен айыру қолайсыз
жағдайға қалдырып, олардың рухани күштері мен қажеттіктерінің жемісті
дамуын қамтамасыз ететін ең негізгі қүралынан айырған болар еді.
К.Д.Ушинский отбасында, балалар бақшасында және мектепте оқыту
және тәрбиелеуді ана тілінде іске асыруға аянбай табандылықпен күресті. Бұл
алдыңғы қатарлы демократиялық талаптар болатын. Ол басқа тілде оқытатын
мектеп балалардың күштері мен қабілеттіктерінің табиғи дамуын
тежейтіндігін, ондай мектеп балалардың және халықтың дамуы үшін өлсіз және
қажетсіз екендігін дәлелдеді. Ушинскийдің пікірінше, ана тілі "халықты әлі
кітаптар, мектептер болмаған кезде де, оқытқан және өркениет пайда
болғаннан кейін де оны оқытуды жалғастырған ұлы халықтық төлімгер болып
табылады". Ол Ана тілі "негізгі қүрал болып табылады, оның көмегімен біз
идеяларды, білімдерді меңгереміз, одан кейін шәкірттерге береміз".
КД.Ушинский элементарлық білім берудің басты міндеті ана тілін меңгеру деп
есептеді. Ол ерте кезден бастап, балалардың тілі мен ойын дамыту туралы
құнды кеңестер берді, бұл кеңестер күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ.
Тіл дамыту ойлауды дамытумен байланысты екендігін дәлелдеді, ой мен тіл
бірлікте болатындығын көрсетті: тіл — ойды сөз арқылы беру екендігін атап
көрсетті.
Ұлы классик - педагогтің халықтық идея, ана тілінің болашағы
туралы айтқан қағидалары бүгінде маңызды, күн тәртібінен түспей отырған
мәселе екендігін атап өткен жөн. Ұлттық идея, ана тілі мәселесі қай кезде
де өміршең, өзекті мәселе болып келгендігін аңғару қиын емес.
КД.Ушинский "Ана тілі" атты белгілі мақаласында былай деп жазды:
"Тіл — бұл өмірі өткен, бүгінгі өмір сүріп отырған болашақтағы халықтың
ұрпағын бір ұлы тарихи тұтастыққа біріктіретін ең өміршең, дәмді және берік
байланыс. Ол тек қана халықтың өміршеңдігін білдіріп қоймайды, ол өмірдің
өзі. Егер халықтың тілі жойылса, халық та болмайды."

Адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары мен тәсілдері
Ушинский "Тәрбиенің мақсаты — қоғамның пайдалы мүшесі жеке түлғаны
адамгершілікке тәрбиелеу,- деп түсінді. Адамгершілік тәрбиесіне оның
педагогикасында негізгі орын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
К.Д.Ушинскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі
К. Д. Ушинский – орыстың ұлы классик-педагогы
К.Д.Ушинский – орыстың ұлы классик-педагогы (1824-1870)
Ыбырай алтынсариннің педагогикалық көзқарасының қалыптасуы
Константин Дмитриевич Ушинский педагогика теориясы және оның маңыздылығы
К.Д Ушинскийдің халықтық ойын туралы пікірі
Ресейде тәрбие, мектеп және педагогикалық ой-пікірдің даму тарихы
XIX ғасырдың 60-жылдарындағы қоғамдық педагогикалық қозғалыс
Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинскийдің педагогикалық көзқарасы
Оқудың дидактикалық негіздері
Пәндер