Имам Матуриди және Имам Ашари көзқарасындағы негізгі айырмашылықтарға талдау жүргізу


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе . . . 2-3

І тарау. Калам ғылымы және ахли Суннаттағы сенімдік мазхабтар . . . 3-19

1. 1. Калам ғылымының пайда болуы және қалыптасуы . . . 3-7

1. 2. Ахли Суннаттағы сенім туралы түсінік . . . 8-9

1. 3. Ахли Суннаттағы сенімдік мазхабтар: Салафия, Ашария және Матуридия . . . 10-19

ІІ тарау. Имам Матуриди және оның калам ғылымындағы орны . . . 20-44

2. 1. Имам Матуриди шығармалары: «Китаб-ут-тәухид», «Китаб-ут-тәуилат» . . . 20-23

2. 2. Имам Матуриди әдісі мен көзқарасы . . . 24-29

2. 3. Имам Матуридидің ұстаздары мен шәкірттері30-32

2. 4. Имам Матуриди мен Имам Ашари көзқарасының арасындағы негізгі айырмашылықтар . . . 33-43

2. 5. Имам Матуриди және Мәуереннаһрдағы суннилік сенім . . . 43-44

ІІІ тарау. Матуридиліктің қазақ қоғамына әсері . . . 45-49

3. 1. Түркілердің ислам дінін қабылдауы . . . 45-46

3. 2. Түркі халықтары үшін Матуридиліктің маңызы . . . 46-47

3. 3. Матуриди тағылымының қазақ қоғамына әсері . . . 47-48

Қорытынды . . . … . . . 49-50

Сілтемелер . . . 51-54

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . … . . . 55

Кіріспе

Тақырыпты зерттеудің объектісі. Ислам тарихында хижраның І-ғасыры түрлі ғылымдардың дамуымен және гүлденуімен ерекшеленді. Хижраның ІІ-ғасырынан бастап араб тіліне әр түрлі еңбектер, соның ішінде алуан түрлі көзқарастарды қамтыған философиялық еңбектер аударыла бастады. Халифат құрамында исламды сырттай қабылдап, іштей өздерінің исламға дейінгі ескі діни көзқарастарын сақтап қалған халықтар болды.

Бұндай жағдайлар ашық пікірталас пен даудамайдың тууына алып келді. Соның салдарынан түрлі сипаттағы ағымдар қалыптасты: Мутазалие, Қадарие, Жабарие, Жахмие, Каррамие, карматие, Батиние және т. б. Мәмун, Муттасым, Әлвасик секілді Аббасид халифалары мұсалмандық ортодоксалды сенімнен ауытқып Құранның жаратылуы жайлы Мутазалие өкілдерінің теріс көзқарасын қолдады.

Осындай мұсылмандық сенімнің қараңғылық дәуірінде ахли суннат сенімін бұрыс көзқарастардан қорғаған, ханафиттік мазхабын нығайтқан, сенімдік мектептің негізін қалаушы, ұлы ойшыл, өз замандастары тарапынан «Алям әл-худа» (тура жолдың туы), «Имам әл-худа» (тура жолдың Имамы) деген атаққа ие болған Әбу Мансұр әл-Матуриди дүниеге келді. Имам Матуриди мутазалиеттер, исмаилиттер, карматтар мен батиниттер ұстанған сенім негіздерінің бұріс екенін дәлелдеді. Имам Матуридидің ғылыми мұрасы біздің уақытымызда да аса құнды. Себебі оның ақидасы - ахли суннаттың негізгі сенімі.

Зерттеудің мақсаты. Мен бұл жұмысымда мақсатым:

  • Ахли Сунна уа-л жама-а мазхабындағы сенім мәселесін ашықтау;
  • Имам Матурудидің калам ғылымындағы орнын анықтау;
  • Имам Матуриди және Имам Ашари көзқарасындағы негізгі айырмашылықтарға талдау жүргізу;
  • Матуридия мазхабының түркі халықтарының сенімдік тарихындағы алатын орнын анықтау;
  • Матуридия мазхабының қазіргі қазақ қоғамындағы маңызын көрсету.

Зерттеудің міндеті. Мен осы ізденістің арқасында ұлы сенімдік мазхабы имамдарының сүйенген дәлелдерінің араларында айтарлықтай айырмашылық жоқ екендігіне көз жеткіздім. Бұл жұмыстың міндеті қазіргі таңда мемлекетімізде Матуридия мазхабын адасқан немесе қате мазхаб деп түсініп жүргендердің жаңылыс пікірде екендіктерін көрсету. Сондай-ақ бұл мазхабтың қазіргі қазақ қоғамындағы маңызын көрсету.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Әхли сунна уәл жамағатқа кіретін басты екі сенім мәзһабтарының бір бастаудан нәр алатындығы, олардың арасында сенім тұрғысынан ешқандай қайшы сенімдер жоқ екендігі және олардың барлығы Ислам үмбетінің басын біріктіретін мазхабтар екендігі және де ата-бабамыз бұрыннан ұстанып келе жатқан Имам Матуриди мазхабының түркі халықтарының сенімдік тарихындағы алатын орны мен қазақ қоғамына берер әсері көрсетілді.

Ғылыми зерттеу жұмысының құрылымы. Бұл дипломдық жұмысым: кіріспе бөлімінен, кейін басты үш тараудан, бірінші және үшінші тарауы үш бөлімнен, екінші тарауы төрт бөлімнен тұрады, соңында қорытынды, сілтеме және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Ғылыми жұмыстың маңыздылығы. Бұл ғылыми зерттеу жұмысы негізінен қазақ, орыс және түрік тілдеріндегі әдебиеттерден пайдаланылып жазылды.

Сонымен қатар, бұл дипломдық жұмыс - жалпы дінтанушылар үшін, сонымен қатар, кез-келген дінін сүйетін отандастарымыз үшін айтарлықтай пайдалы әрі құнды еңбек болады деген үміттемін. Сондай-ақ бұл еңбек Қазақстанда Ислам дінінің рөлі мен келешегі үшін пайдалы болады деген сенімдемін.

І-ТАРАУ. КАЛАМ ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ АХЛИ СУННАТТАҒЫ СЕНІМДІК МАЗХАБТАР

І. І. Калам ғылымының пайда болуы және қалыптасуы

Ислам дінінің таралуының негізінде оның қайнар көзі болып діни ілімдер де қалыптаса бастады. Бұнда ең алдымен Құранның кітап хәліне келтірілуі және хадистердің жинақталуын айтуға болады. Құран ислам таралған алғашқы он жылдықта қоғамның барлық салаларын басқаруда негіз болды. Бірақ ислам дінінің араб жерлерінен басқа құрлықтарға таралуы және ол жердегі адамдардың өмір сүруінің шариғатқа сай болуына қосымша дәлелдер қажет еді. Соның нәтижесінде Құран және Суннатке рухани жағынан лайық діни ілімдер пайда болды. Олардың бірі калам ілімі-орта ғасырларда діни-философиялық пікірлерді, діни көзқарас негіздерін үйрену, ислами сенімге байланысты ой қорыту негізіндегі арнайы білімдер тізімі пайда болды.

Калам сөзінің тiлдiк мағынасы “сөз” деген дегенді білдіреді. Яғни, калам-Алланың сөзі. Терминологиялық мағынасын ашу үшін әуелi төмендегi тақырыпшаларға тоқталуымыз қажет.

Тақырыбына қарай мағынасы. Калам ғылымы Алланың бар және жалғыз екендiгiнің сипаттарын сөз еткен ғылым. Анықтап айтатын болсақ, калам ғылымы Алланың сипаттары, пайғамбарлық, ақырет немесе әлемнiң бар болуы және жоқ болуы туралы Ислам діні сенiм негiздерiне сүйенiп түсіндiретiн ғылым болып табылады.

Мақсатына қарай мағынасы. Калам Құранда айтылған немесе айтылмаған ақылдық дәлелдерге сүйенiп Ислам сенiмiнде пайда болған күмәндарды жою үшін және дiни сенiмдi қорғау мақсатымен пайда болған ғылым.

Калам алғаш исламда пайда болған түрлі: мутазилие, харижие, қадарие, жабарие, мүржие сияқты діни топтардың өзара талқылау және басқа дін (мысалы, маздақийлік, христиандық) өкілдермен пікірталас нәтижесінде қалыптасты.

Дәл осы арада калам ғылымының алғаш үлгісі пайда болды. Алланың болмысы және оның сипаттары; қаза мен қадар (адам тағдыры), өткен пайғамбарлар, солардан, Мұхаммед пайғамбарды Алланың шын елшісі екендігінің дәлелі; қиямет күні және қайта тірілуге сену, мұсылмандардың діни және дүниелік жолбасшыларының (халифа, Имамның) белгілі сипаттарға ие болуы сияқты мәселелер оның мәніне айналды.

Калам ілімінің пайда болуы Аббаси әулеті басшылық еткен дәуірге сай келеді. Бұл дәуірде сенім мәселесінде талас-тартыстар күшейді. Пайғамбар, алғашқы сахабалар кезінде кездеспеген жағдайлар көрініс берді. Талас-тартыстар дәл сол кезде күшейіп, нәтижеде, жаңа бір ілім-калам ілімі пайда болды. Бұл ғылымның Хасан Басримен Уасыл б. Ата арасындағы оқиғадан кейiн пайда болғандығына көптеген тарихшы ғалымдар келiсуде.

Х-ғасыр ортасында пайда болған ислам ағымдарының қатарында суннилер, мутазилилер, муржилер, шиалар және харижи ағымдары бой көтерді. Исламда алғаш теология ағымдарынан мутазилие, алғашқы калам ағымының өкілдері VІІ-ІХ ғасырда Бағдат және Дамшық халифалығының діни саяси көзқарастарына едеуір әсер етті.

Көп жағдайда мутазилие ағымының қалаптасуына Хасан әл-Басри (642-728) ағымынан бөлініп шыққан серіктері Васил ибн Ата (748 жылы өлген) және Амр ибн Убайд (761 жылы өлген) негіз болды. Олар исламға ежелгі философия және мантықтың әдіс тәсілдерін қолданып, мистиканы жоққа шығаруға әрекет еткен. Мутазилие Аббаси халифалары әл-Мәмун (813-833), әл-Мутасим (833-842), әл-Уасиқ (842-847) дәуірінде ресми идеология сипатында болған. Әл-Мутауақкил (847-861) басшылығы кезінде исламға қарама қайшы сипатында қатты қудалауға алынды. Бұл ағым дамып Хорезм жерінде жайылды және ХІІІ-ХІV ғасырлардың аяғында толығымен жоқ болды. Аталмыш мектептің Орта Азиядағы танымал өуілдерінің бірі ғалым, филолог, тәпсір ғалымы Махмұд Әз-Замахшарий (1144 жылы өлген) болатын.

Калам ғылымының тақырыбы. Калам ғылымы ақида саласында бiрнеше тақырыптарды зерттейді. Әуелi Алланың бар болуы, жалғыздығы және сипаттары туралы тақырыптар қарастырылған. Калам ғылымының қарастыратын мәселесінің ауқымы уақыт өте келе кеңейтілді. Алғашқы каламшылар мен Қазы армауидің пікірінше калам ғылымының қарастыратын мәселесі Алла Тағаланың заты мен сипаттары болып табылады. Ислам әлемінде философияның кең таралуының арқасында қарастыратын мәселесінің ауқымын кеңейте отырып калам ғылымын басқа ғылымдарға тәуелді болудан құтқару керек болды. Сол себепті Имам Ғазали (505/ж. Қайтыс болған) мен оның ізімен жүрген каламшылар қабылдаған көзқарас бойынша калам ғылымының қарастыратын мәселесі кеңейтіле отырып «бар болуына байланысты ол бар» («маужуд мин хайсу һуа маужуд» немесе «маужуд бима һуа маужуд») делінді. Яғни калам болмыстар мен олардың халдері туралы тек олардың бар болуына байланысты ислам негіздеріне сүйене отырып баяндайды. Философияда исламға сәйкес келсін, келмесін тек ақыл тұрғысынан болмыстар туралы сөз қозғалады. Басқа ғылымдар да болмысты дәл қазіргі күйінде жан жақты зерттейді. [1]

Кейiнгi дәуiрлерде философияның исламға араласа бастауымен калам тақырыптары ауқымды бола бастайды. Ендiгi кезекте тек Алланың жалғыздығы емес тек барлық бар болған жаратылыс, болмыс Каламның тақырыбына айнала бастайды. Философиямен бiрге қисын (логика) iлiмi де каламға кiргеннен кейiн бұл ғылымның тақырыбы одан да кеңейе түстi.

Болмыс мәселесi каламның ең басты тақырыбына айналды. Ислам дiнiнде Аллаһ ұғымы мен сенiмi болмаса онда ол дiн болмайды. Сол үшін исламда барлық iстiң басы Алла сенiмiне барып тiрелуде. Алланың бар екендiгiн мойындағаннан кейiн оның сипаттарын танып бiлу керек болады. Бұларды бiлу үшін адамның ақылы, бiлiмi тақырыптары қарастырылады. Одан кейiн иман, пайғамбарлық, ақырет сенiмi, тағдыр және адамның iс-әрекетi (еркi) сияқты тақырыптар қамтылады.

Калам ғылымының маңыздылығы:

Калам ғылымының маңыздылығын екі негiзгi тақырыппен қорытындылауға болады:

1-Ислам дiнiнiң сенiм негiздерiнде Алланың барлығын дәлелдеуге бағытталады. Мiне Калам ғылымы да осы негiздi ортаға қояды.

Кез келген ғылымның маңыздылығы оның қарастырған тақырыбына байланысты болады. Калам ғылымының тақырыбы да Алланың заты, сипаттары және пайғамбарлықты дәлелдеу ғылымдардың ең маңыздысы болып табылады. Тафсир, ислам құқығы және хадис сияқты исламдық iлiмдер каламмен тiкелей қатысты. Өйткенi, Алланың барлығы мен пайғамбарлық жайлы калам iлiмi тарапынан дәлелденедi.

2-Ислам сенiмдерiне iштен және сырттан келетiн қарсылықтар мен бос сенiмдердi анықтап оларға қарсы шығуынан Калам ілімінің маңыздылығын көремiз.

Калам ғылымы бiр жақтан исламның сенiм негiздерiн түсіндiрсе екiншi жақтан сырттан келетiн бос болған сенiм қауiптерiнен сақтауда.

Калам iлiмiне қарсы шығушылардың қатарында сауатсыз елiктеушi, мәдениетi төмен, ақылмен келтiрiлген анықтамаларды түсінбейтiн адамдар болды. Сондай-ақ адасқандардың басында сенiмi берiк болмаған бидғатшылар болды.

Көптеген ислам ғұламалары калам ғылымының қажет екендiгiн айтқан. Солардың бiрi Имам Ғазали былай дейдi: “Бидғатшыларға қарсы тұру үшін калам ғылымына қажеттілік туындайды. Әр аймақта бидғатшыларға қарсы күресетiн, тура жолдан шыққандарды керi қайтаратын ақиқатты қорғайтын адамдардың болуы керек”- деп калам iлiмiн үйренудің парыз кифая ретiнде көрсеткен. (ғылыми жұмыс) Сондай-ақ Ғазали калам ғылымын мынадай үш ерекшелігі бар адамдарға үйретілуі керек деді:

Калам ғылымын үйренгісі келген адам өзін тек осы ғылымға арнауы керек. Бұдан басқа кәсіппен айналыспауы керек. Өйткені басқа іспен шұғылдануы осы ғылымды толық меңгеруге және пайда болатын күдіктерді сейілтуге кедергі келтіреді.

Бұл ғылымды үйренген адам өзін тек осы ғылымның жолына атауымен қатар ақылды, айтар сөзін жақсы жеткізе алуы қажет. Өйткені ақылды болмаған адам бұл ғылымды түсініп қолдана алмайды. Түсінігі таяз ақылсыз адам бұл ғылымның пайдалы жақтарын пайдалана алмайды және оған бұл ғылым зиянды болуы мүмкін деп қауіптену керек.

Бұл ғылымды үйренушінің болмысында дұрыстық (салах), діндарлық пен тақуалық ерекшеліктер болуы керек. Нәпсісіне еріп кетпеуі керек. Өйткені пасық адам каішкентай ғана күмәнмен діннен шығады. Себебі кішкентай ғана күмән оның өзі мен ләззаттар арасындағы бөгетті бұзады. Бұл жағдайда ол күмәнді жоюға талпынбайды. Ол күмәнді жауапкершілік жүктерінен құтылу үшін берілген байлық деп санайды. Мұндай каламшының адамдарды жаман жолға азғыруы жақсылықтарға жол көрсетуінен де көбірек болады. Ғазалидің пікірінше заманның өзгеруіне, ғасырлардың өтуіне байланысты калам ғылымына кей кездері сұраныс өте аз болады. Осы тұрғыдан калам ғылымының қажеттілігі сұранысқа қарай өзгереді.

Калам ғылымына қарсы шыққандарды екі топқа бөлуге болады.

А) жақсы ниетпен қарсы шыққандар мына себептерді алға тарта отырып осы ғылымға қарсы шықты:

  • Калам ғылымы сенімді қиын жағдайға ұшыратады, адамды шүбәландырып, күмәнға ұрындырады;
  • Калам ғылымы адамды толық меңгермеген ақаид саласында сөз қозғап үкім шығаруға және қате сөздер айтуға итермелейді;

ә) Кейбір жаман ниеттегілер де калам ғылымына қарсы шықты. Олардың мынадай топтар екендігі анықталған:

  • Адам білмейтін нәрселерге дұшпан болады. Еліктеушілікке бой алдырған дәлелдер мен олардың дәлелдейтін нәрселерінің тұстарын түсінбейтіндер тек жалқаулықтарына байланысты осы ғылымды үйренуге батылдары жетпей, бір ғана риуаяттармен шектеледі;
  • Кейбір істелінуі керек істен қашқақтайтындар;
  • Қате және адасқан сенімдерге ие болып, өздері адасқандай басқалардың да адасуын қалайтындар;
  • Қиыншылыққа төзе алмайтын адамдар;

Каламға халық пен әміршілер аз қызығатындықтан бұл ғылымда қазылық қазылық, сый-құрмет пен ішіп-жем секілді өздерін дүниеге кенелтетін нәрселер аз болады, тіпті жоқ деуге де болады. Ал халықтың көпшілігінің бейім болатыны атаққа, қазылық пен муфтилікке және дүниеге қол жеткіздіретін ғалымдар болып табылады. Бұл ғылым болса Алланың жолында (фи сабилиллаһ) жүруді үйретеді. [1]

1. 2 Ахли Суннаттағы сенім туралы түсінік

«Олардың біреуі ғана жұмаққа кіреді, қалған жетпіс тобы тозақтық. Христиандар болса жетпіс екі топқа бөлінді. Олардың жетпіс бір тобы тозақтық, тек бір ғана тобы жұмаққа кіреді. Алланың атымен ант етемін! Менің үмметім жетпіс үш топқа бөлінеді, олардың біреуі ғана жұмаққа кірсе, жетпіс екісі тозақтық болады». Сонда сахабалар: «Уа Алланың елшісі жұмаққа кіретін кімдер - деп сұрағанда «Олар, жамағат» деп жауап берді. Фирқа араб тілінен аударғанда «бөлу», «ажырату» деген мағыналарды білдіреді. Терминдік мағынасы: Ислами көзқарастағы өздеріне тән саяси ойлары мен сенім түсінігі бар топтар. Бұған қоса «саяси ағым» және «итиқади (сенім) мазхап» деген мағыналарда қолданылады. Ал Құран кәрімде «тәфриқ» деген сөз «топтар мен бөлімдерге ажырату, бір-бірінен бөліну» деген мағыналарға келеді. Діни тұрғыдан болсын немесе өмірдегі әлеуметтік жағдайларда болсын, мұның қауіпті екендігіне ишара жасайды. Құран кәрімде: «Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да ешқашан жіктерге бөлінбеңдер!» , [2] яғни жік-жікке бөлінбеңдер деп бұйырылған. Ал басқа бір аятта орынсыз талас-тартыстың соңы өкінішке апарып соқтыратынын баяндай келе, мұсылмандарға мұны қатаң түрде ескертеді. Аятта: «Аллаһқа әрі елшісіне бой ұсыныңдар, өзара жанжалдаспаңдар, онда үрейленесіңдер де құттарың қашады және сабырлы болыңдар. Расында Аллаһ сабырлылармен бірге». [3] Жоғарыда айтылған хадистегі «жамағат» деген сөздің төркіні қай уақытта болмасын хазіреті Пайғамбардың (с. ғ. с. ) суннатіне сай амал етіп, дінде көрсетілмеген нәрселерді (бидғат) діннің қатарына қоспай, яғни діннің негізінен ауытқымайтын топқа айтылады. Олар Құран, хадис, фиқһ және ғұламалардың көрсеткен жолдары. Осы хадис Абдуллаһ бин Амрдан (р. а. ) алынған риуаятта Мұхаммед үмметінің жұмаққа кіретін жалғыз тобы Пайғамбарымыздың (с. ғ. с. ) «Менің және сахабаларымның жолында жүргендер» дегенін тілге тиек етеді. (Тирмизи)

Жеке тұлғаның адасқаны сияқты жамағат пен жамағаттардың да уақыт өте негізгі жолдарынан адасуы әбден мүмкін. Шын мәнісінде адам мен қоғам, тарих сахнасында өз арнасынан адасып қайта қалпына келіп, осы екі аралықта үнемі өзгеріп отырады. Сондықтан айнымай бір қалыпты келеді деу қиын. Бұған мысал ретінде, Ислам тарихында хазіреті Пайғамбардың өмір сүрген бақытты кезеңінен кейінгі, әділетті төрт халифаның дәуірі мен хазіреті Османның халифалығының соңғы жылдарында ортаға шыққан дау-дамайлардың артынан бой көрсеткен жік-жікке бөлінушілікті айтуымызға болады. Осы даудың арқасы былай жалғасты: 656 жылы мұсылмандардың өздері халифа Османды (р. а. ) шейт етті, Жәмәл және Сыффын деген соғыстарда бір-бірлерімен соғысты, сондай-ақ хазіреті Хасан мен Хұсайынды (р. а. ) шейіт етілуі т. б. осы сияқты жағдайларды тізбектей беруге болады. Ислам тарихында орын алған мұндай дау-жанжалдаржың әсерінен бүлік шығарушылардың нәтижесінде ағымдар пайда болып, Ислам ғалымдары өзара бөлініп әлсірей бастады. Мәселен, осы ағымдардың алғашқыларының қатарына кіретін харижиттер, хазіреті Османның халифалығының соңғы жалдарында ортаға шығып, оны шейт еткенге дейін жандары жай таппады, діни әрі саяси мәселелерде астамшылыққа бой алдырып, өзара ағым пайда болды. Сондай-ақ осындай ағымдардың бірі ретінде шиаларды айтуымызға болады. Пайғамбарымыздың немересі әрі хазіреті Алидің ұлы Хұсайынды 680 жылы уммәялықтар тарапынан Кәрбалада шейт етілуі, бұл ағымның одан сайын өрши түсуіне ықпал етті. Осы ағымдардың барлығының пайда болуы, жоғарыдағы хадистерде айтылғандай адасушылардың қатарынан орын тепті. Исламның негізіне жататын «жамағаттан» бөлініп, Ислам үмметінің басына неше түрлі қайғылы жайттар туғызып отырды.

Аталмыш осы ағымдардың ішінде Исламның негізін құрайтын пайғамбарымыз бен сахабалардың ізінен жүретіндерден «ахли суннат уәл жамағат» құрылды. Сондықтан ахли суннат уәл жамағат сөзіндегі «суннат» -дінді жаю мен баян етуге міндеттелген Мұхаммед пайғамбардың Исламды көрсету үлгісін білдірсе, ал, «жамағат» деген сөз - Исламдағы сенім, ғибадат, құқық пен ахлақ сияқты асыл құндылықтарды өздерінен кейінгі ұрпаққа жеткізуші сахабалар екендігін айқындайды. Бұл есім жоғарыда айтылған хадистегі «жамағат» деген сөзден алынған.

Негізінде ахли суннат уәл жамағатты ағым деп айтуға болмайды. Бұлай дейтіндерге, «егер ол ағым болса, Ислам қайда қалды?» деген сұраққа жауап беруге тура келеді. Демек бұл қате түсінік деуге негіз бар. Әйтсе де, «ахли суннат уәл жамағат-ағым емес, Исламның дәл өзі» десек қателеспейміз. Өйткені, он төрт ғасырдан бері Ислам, «сүнни» ғалымдар арқылы, еш өзгеріссіз біздерге дейін ұласты. Бұл дәл осылай қиямет қайымға дейін өз жалғасын табатын болады.

ахли суннат уәл жамағаттың ең алғашқы негізі «фиқһ» саласы жағынан қаланды. Осылайша алдымен ахли суннат уәл жамағаттың фиқһқа қатысты мазхаптары пайда болды. Ал ахли суннат уәл жамағаттың сенім тұрғыдағы мазхаптарының басында Матуриди және Ашари мазхаптары тұрады. Ахли суннат ақидасының қалыптасуына өз үлесін қосқан ғалымдардың атақтысы Әбу Ханифа екендігі күмәнсіз. Яғни ахли суннаттың басым бөлігі фиқһ мазхапының құрушысы болып табылатын Имам Ағзамның сенім тұрғысындағы көзқарастары өте маңызды роль ойнайды. Оның «әл-Фиқһул-әкбар» атты еңбегі, ислам тарихындағы сенімге байланысты жазылған еңбектердің алғашқысы.

Хижраның III ғасырында (милади IX) қалыптасқан өзге де мәдениеттерге байланысты жазылған көптеген еңбектердің араб тіліне аударылуы мен әр түрлі мәдениеттермен танысуының нәтижесінде, алғашқы мұсылмандырдың ұстанған сенім (итиқади) негіздерін ақылға сүйену арқылы қуаттауға тура келді. Бұл сол кездің талабы болатын. Сол түсінікпен жазылған еңбектер хижраның IY ғасырында Әбул Хасан әл-Ашари мен Әбу Мансур әл-Матуриди арқылы өз күшіне мінді.

1. 3 Ахли Суннаттағы сенімдік мазхабтар: Салафия, Ашария және Матуридия

1. Салафие мазхабы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Матуриди ақидасы мен қазақ діни танымы арасындағы сабақтастық
Имам Матуридидің иманды түсіндіруі
Ханафи фикх мазхабының негіздері мен ерекшеліктерін жас ұрпаққа көрсете білу
Матуриди мәзхабының ерекшелігі мен әшария мазхабынан айырмашылы
ӘЛ - ПАЗДАУИ ІЛІМІНДЕ ҚҰДАЙЛЫҚ СИПАТТАР
Сабуни іліміндегі таным және оның маңызы мен мәні
ИСЛАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АҒЫМДАР: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
Ислам ілімдерінің қалыптасуы және дамуы
Хазреті Әлидің халифалығы заманында шыққан адасқан топ
М. Абдух ілімінің негізгі көзқарастарын ашып талдап көрсету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz