Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН арттырудың ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 5
1. 1Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық мәні мен маңыздылығы . . . 5
1. 2 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері9
2 КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ . . . 14
2. 1 Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін талдау . . . 14
2. 2 “Raimbek agro” ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау . . . 23
3 ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН арттыру ЖОЛДАРЫ . . . 27
3. 1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда сапа және баға саясатын жетілдіру…… . . . 27
3. 2 Кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру - бәсекеге қабілетті өнім шығарудың тиімді тетігі . . . 30
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 39
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 40
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда Қазақстан нарықтық экономикалық ел ретінде танылған мемлекетке айналды, ол жаңа экономикалық даму кезеңіне жол ашты. Ондаған жылдар бойы қалыптасқан жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшуі, экономикада жаңа ұғымдардың пайда болуына әкелді. Сол ұғымдар арсында "Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі" ұғымы қазіргі таңда кең қолданысқа түскенін аңғаруға болады. Өнімнің сапа және бәсекеге қабілеттілігі мәселесі қазіргі жағдайда әмбебап сипатты иеленуде.
Қазақстан Республикасының президенді Н. Ә. Назарбаевтың 2005 жылы наурыз айының 24жұлдызында Республика кәсіпкерлерінің (бәсеке қабілеттілігі мен өнімділігін арттыру) конгресінде сөйлеген сөзі: “Бірінші - ол отандық кәсіпкерліктің бәсеке қабілеттілігі мен өнімділігін арттыру деп атап қөрсетті”. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру еліміздің экономикасы үшін үлкен маңызға ие болып отыр. Соған байланысты отандық тауарлардың шетел тауарларына бәсеке бола алатын деңгейге жеткізу алға қойған мақсаттардың бірі болып табылады.
Халықаралық бәсекелестік жағдайында елімізде өндірілген өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте тұр. Ал халықаралық нарыққа шығу үшін сапалы өнім қажет және жоғары сапалы өнім өндіретін салалар білікті мамандармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонда ғана белгілі нәтижелерге қол жеткізгенімізге сенім артуға болады. Елімізде жүзеге асырылып жатқан индустриялық - инновациялық даму стратегиясы да дәл осы мақсаттарды көздейді.
Статистика мәліметтеріне жүгінсек республика бойынша 700 - ге тарта кәсіпорын халықаралық сапа белгісі ИСО - 9001 - ге ие болды.
Алайда бұл бәсекеге қабілетті өнім шығару үшін әлі де аздық етеді. Сондықтан да, қол жеткізген табыстарға тоқмейілісіп, бір орында тұрып қалуға болмайды, сонымен қатар алдымызға әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу міндеті тұр. Осы өскелең міндетті жүзеге асыру жолында қыруар істер тындыру қажет. Шындығына келгенде, бұл - осыған дейінгі табыстардан да күрделі мәселе. [1]
Қарастырылып отырған мәселенің өзектілігі, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша, өнімнің сапалық қасиеттерін жақсарту, кәсіпорынның баға саясатын, өнімнің табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде маңызды болып табылатын, маркетинг жүйесін жетілдіру қажеттілігі туындап отырғандықтан, курстық жұмысымның тақырыбын “Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін көтеру жолдары” деп таңдауға себеп болды.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің теориялық - әдістемелік, тәжірибелік негіздерін зерттеу және бәсекеқабілеттілігін арттыру жолдарын анықтау.
Анықталған мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттер шешілуі тиіс:
- Өнімнің экономикалық мәні мен маңызын ашып көрсету;
- Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемелерін қарастыру;
- Кәсіпорынның ұйымдық - экономикалық сипаттамасын қарастыру;
- Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін талдау;
- Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтауда, кәсіпорын өнімінің сапалық қасиеттерін жақсарту және баға саясатын жетілдіру.
- Бәсекеге қабілетті өнім шығарудың тиімді тетігі - кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру;
Курстық жұмысымның теориялық және әдіснамалық негізіне Қазақстан Республикасының Заңдары, Үкіметтің Қаулылары, Президент Жолдаулары, ҚР Статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметтері мен “Raimbek agro” ЖШС деректері құрайды.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық мәні мен маңыздылығы және бағалау көрсеткіштерін анықтаудың теориялық мәселелері қарастырылады.
Екінші бөлімде “Raimbek agro” ЖШС ұйымдық - экономикалық сипаттамасы қарастырылады және өнімінің бәсекеге қабілеттілігіне талдау жасалынады.
Үшінші бөлімде кәсіпорынның сапа, баға саясатын және маркетингтіқ жүйесін жетілдіру мен қатар “Raimbek agro” ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру жолдары қарастырылады.
Қорытындыда зерттеу тақырыбы бойынша жалпы қорытындылар мен ұсыныстар жасалды.
ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН арттырудың ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық мәні мен маңыздылығы.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі - бұл оның нарықтағы сәттілігін анықтайтын тауардың тұтынушылық және құндық сипатының жиынтығы. Бұл тауарға сәйкес нарық шарттарымен, тұтынушылардың техникалық, эстетикалық сипаттарымен қоса сапасы бойынша, сонымен қатар оны таратудағы экономикалық және коммерциялық жағдайларын сипаттайтын күрделі категория, көп функциялы ұғым.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі жөнінде көптеген экономист ғалымдар әртүрлі анықтамалар берген. Мәселен: Ресейлік ғалым И. В. Сергеев өнімнің бәсеке қабілеттілігіне “тұтынушының қажетін өтейтін және сатып алу мүмкіндігіне сай келетін тауардың сапалық және құндық көрсеткіштерінің жиынтығымен сипатталады және осы тектес бәсекелес өнімдерден ерекшеленеді ” - деген анықтама берген. Ал И. Н. Герчикова: “Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі-тұтынушының жеке сұраныстарын қанағаттандыратын, бағасы жағынан тиімді және сапасы жоғары, ұқсас тауарлардан айырмашылығы артық тауардың жиынтық қасиеті” - деп айтады. Отандық ғалымдар: ”Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі - бұл өнімнің, бәсекелес өндірушулердің ұқсас өнімдермен салыстырғанда, жоғары тұтынушылық қасиеттерімен, төмен бағамен, тартымдылығымен және оның қажеттілікті өтеу құндылығымен ерекшелену сипаты ” - деген пікір айтқан. Сонымен өнімнің бәсекеге қабілеттілігі - бұл өнімнің бәсекелес өнімнің ұқсас қасиеттерінен, өндіруші және тұтынушы үшін екі жақты тиімді өндіру, сатып алу-сату және түтыну көрсеткіштерімен ерекшеленетін техникалық, функционалдық және экономикалық қасиеттерінің жиынтығы.
Кез келген тауар ішкі нарықта бәсекеге қабілетті, ал сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттілігі төмен болуы әбден мүмкін. Соған байланысты сомалық көрсеткіштердің өзгеріссіз, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі кең шеңберде өзгеруі мүмкін. Ол нарық конъктурасының өзгерісіне жарнама және т. б. тауарға әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар негізінде жүзеге асады.
Ішкі факторлар - кәсіпорынның тиісті сапаға сай өнім өндіру қабілетіне байланысты болып келеді. Олар төмендегідей жіктеледі:
- Техникалық факторлар
- Ұйымдық факторлар
- Экономикалық факторлар
- Әлеуметтік - психологиялық факторлар
Техникалық факторлар - өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды факторы болып табылады. Сондықтан да жаңа техника мен технологияны енгізу, жаңа материялдар мен сапалы шикізатты қолдану бәсекеге қабілетті өнім өндірудің материялдық негізі болып табылады.
Электронды есептеуіш техниканың жылдам дамуы үлкен көлемде ақпаратты жинақтауға, сақтауға, өңдеуге мүмкіндік береді. Жаңа күрделі ақпараттық техника фирманың құрал - жабдықтарының тиімділігін бақылауға, көрсеткіштерді басқаруға мүмкіндік береді. Ал үнемі жаңартылып, жетілдіріліп отыратын ақпараттар көмегімен фирма басшылығы перспективалы шешім қабылдауға қажет, нақты, қазіргі заманға сай ақпараттарды алады.
Ұйымдық факторлар - өндірістік және еңбек ұйымдарының жетілуіне, өндіріс тәртібі мен өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне қатысты жауапкершіліктің жоғарлауына, өндіріс мәдениетіне, ұйымды жоғары деңгейлі квалификациямен қамтамасыз етуге, сапаны басқару мен оның сертификациялау жүйесін енгізуге байланысты болып келеді.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне қатысты жауапкершілік фирманың бірнеше мамандандырылған бөлімшелеріне бөлінуі тиіс. Бұрында сапаға тек шеберлер мен инженер - конструкторлар ғана жауап беретін болса, қазір өнім өткізуді ұйымдастыру тобы әр бөлімге талаптарды бөліп береді. Мысалы: Техникалық топ, талаптарға сай келетін жобаға жауап береді. Бұл топтың міндеті - өндірісті дайындау мен ұйымдастыру. Сапаны басқару тобы, талаптарға сай сапаның мінездемесін жоспарлауға және өнімді өндірістік үрдіс кезінен, дайын өнім болып шыққан сәтке дейін сапамен қамтамасыз етуге міндетті.
Экономикалық факторлар - өнімді өткізу мен шығаруға кеткен шығындармен, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін керекті деңгеймен қамтамасыз етуге кеткен шығындармен, баға белгілеу саясатымен және жоғары сапалы өнім өндіру үшін, ұйымды экономикалық жағынан ынталандыру жүйесімен байланысты болып келеді.
Сапалы емес өнім өндіруге кеткен қосымша қаржылық шығындар кәсіпорын үшін қауіпті болады. Белгілі бір деңгейде шығындардың өсуінен, фирма басшылығы сол облысқа көңіл бөліп, шығындарды төмендетуге және табысты өсіруге тырысуы керек.
Әлеуметтік - психологиялық факторлар - ұйымда мықты әлеуметтік - психологиялық орта құруға, жұмысқа қолайлы жағдай жасауға, қызметкерлерді кәсіпорынға адал етіп тәрбиелеуге, қызметкерлердің өз жұмыстарын шынайы ниетпен істеуіне әсер етеді.
Көптеген индустриалды дамыған елдер компаниялары өнімнің бәсекеге қабілеттілігін ішкі нарықта шешуге тырысады, өйткені болашақта өз тауарын сыртқы нарықта тарату мүмкіндігіне толық сенімді болады.
Сыртқы факторлар - нарықтық ортада өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырады. Оларға жататындар:
- Бәсеке
- Нормативтік құжаттар
- Нарықта белгілі бір орынға иелену
- Имиджбен қамтамасыз ету
Ішкі және сыртқы факторлар бір - бірімен тығыз байланысты және олар өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететіні сөссіз. [2]
Өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін көтерудің экономикалық маңызы өндіруші мен тұтынушының екі жақты тиімділігінде анықталады. Өндірушіде − бұл нарықты жеңіп алу, келісімшарт бағалар мен өнім рентабельділігін арттыру, ал тұтынушыда − өнімді өндіруде материалдық−техникалық және еңбек ресурстарын үнемдеу болып табылады.
Еркін нарық жағдайында өндірушіге де тұтынушыға да өндіріс тиімділгін көтеру, құнын төмендетумен қатар, сапаны көтеру шешуші фактор болып табылады.
Біріншіден, өнім сапасын көтеру пайдалы әсер бірлігіне материалдық−техникалық және еңбек ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Тұтынушыға ағымдық шығындардың мұндай үнемделуі жаңа техниканың жақсартылған көрсеткіштерін береді:
, (1)
Мұндағы:
материалдық−техникалық және еңбек ресурстарын үнемдеу;
,
және
− жаңа техниканың өнімділікті, сенімділікті және табиғи өміршеңдігі арттыру коэффициенттігі; Р
сб
−базалық техниканың ресурс сыйымдылығы; Ж
жт
−жасалған келісімшарттар мен маркетингтік зерттеулер мәліметтері бойынша техниканың жоспарланған сату көлемі.
Өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін көтеру өңдеушіге баға мен оның ретабельділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді.
Екіншіден, жаңа техниканың сапасын көтеру тұтынушыға құндық фактор есебінен өнімнің бәсекеге қабілеттігін көтеру арқылы оның сату көлемін арттыру есебінен өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді (Э өқ(т) ) :
Э
өқ(т)
Ш
тшн
х (К
жтө
−
), (2)
Мұндағы: Ш тшн −негізгі кезеңдері тұтынушыдағы өнімнің құнының шартты −тұрақты шығындары; К жтө − жаңа техника өнімділігін арттыру есебінен нарықтық қажеттілік шегінде өнім шығаруды көбейту.
Үшіншіден, жаңа техниканың сапасын көтеру тұтынушыға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге жұмсалатын шығындарды салыстырмалы түрде қысқартуға мүмкіндік береді (Э тқж(т) ) :
Э
тқж(т)
Ш
тқжн
х (К
өз
−
) х
(3)
Мұндағы: Ш тшн −машиналар мен құрал−жабдықтар паркінің жөндеу күрделігі бірлігі есебіндегі негізгі кезеңде техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге кеткен шығындар; Ж кп − машиналар мен құрал −жабдықтар паркінің жөндеу күрделілігі бірлігінің жиынтық саны.
Төртіншіден, өнім сапасын көтеру тұтынушыға өндірісті ұлғайтуға кеткен капитал салымын үнемдеуге мүмкіндік береді; (Э кст ) :
Ө х Қ
қт
х К
с
(4)
Мұндағы:
Ө −заттық түрдегі жоғары сапалы бәсекеге қабілетті өнімді тұтынушының өндіру мен өткізуін арттыру; Қ
қт
−тұтынушының негізгі өндірістік қорларының активті бөлігінің қор қайтарылымдығы; К
с
−тұтынушыдағы капитал салымы.
Сонда, бәсекеге қабілетті өнім сапасын көтеру нәтижесіндегі тұтынушыдағы экономикалық әсердің жиынтық мөлшері мына түрде көрінеді (Э фк(т) ) :
Э
фк(т)
(Э
мр(т)
+ Э
тқж(т)
+Э
өқ(т)
) −Р
ефн(т)
х (
S
нқ(т)
−Э
кс(т)
) (5)
Мұндағы
S
нқ(т)
−негізгі кеендегі негізгі өндірістік қорлардың рентабелділігі Р
ефн(т)
кезінде тұтынушыдағы негізгі өндірістік қорлар құнының өсуі.
Бір қарағанда бір жолғы және ағымдық шығындардың артуына алып келетін жаңа техника сапасын жасап шығаруды арттырудан түскен барлық табыстарды тұтынушы алатын жағдай төтенше, әдеттегіден тыс әсер туғызады.
Бірақ, тіпті нарықтық экономика жағдайында өнім сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін көтеру өндіруші үшін экономикалық жағдайынан тиімді.
Жаңа техниканы өндіруші, біріншіден, бәсекеге қабілетті өнімге өте жоғары баға беру есебінен қосымша пайда алады. (
П
(ө)
) :
П
(ө)
[(Б
қ
шжт
−Ө
қжт
) −( Б
қ шет
−Ө
кет
) ] х
Жжт
(6)
Мұндағы: Б қ шжт және Б қ шет −жаңа және ескі техникалардың келісім −шартты нарықтық бағасы; Ө қжт және Ө кет − жаңа және ескі техникаларды шығарудың өзіндік құны.
Екіншіден, өнім сапасын көтеру өнімге тұтынушылардың кінәрат−талабы және ол бойынша ықпал шараларды төмендетуге тура келеді. Сонда, өнім сапасы мен оның бәскеге қабілеттілігін көтеруден алынатын экономикалық әсер мөлшерін мына түрде анықтауға болады (Э фк(ө) ) :
Э
фк(ө)
П
(ө)
+
П
санк
−Р
еф(ө)
х К
с(ө)
, (7)
Мұндағы: П санк −жарамсыз өнімнің құны мен ақауларын жоюға кеткен шығындар; Р еф(ө) − өндірушідегі негізгі өнірістік қорлардың рентабельділігі; К с(ө) −өндірушідегі капитал салымы.
Бір− бірімен байланысты салалардағы әсерді (Э фкс ) есептеу арқылы өндіруші мен тұтынушыдағы жиынтық экономикалық әсер халық шаруашылық әсерін (Э ф(хш) ) құрайды. [3]
Э
ф(хш)
Э
фк(т)
+ Э
фк(ө)
+ Э
фк(с)
(8)
1. 2 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау және болжау - бірнеше этаптардан тұратын күрделі жұмыс. Алғашқы этапта бәсекеге қабілеттіліктің мақсаты анықталады. Нақты шарттарға тәуелді олар келесідей болуы мүмкін:
- бірнеше кәсіпорындар арасында өнімнің жағдайын анықтау;
- нарықта өнімді таратудың перспективасын бағалау;
- өнім көрсеткіштерін анықтау; Оған бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтауға қажетті қажеттіліктер;
- өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша іс-шараларды жасау;
- тауарға баға тағайындау;
- нақты нарықта тауармен жұмыс істеу стратегиясын таңдау;
Екінші этапта өнімге талаптар қарастырылады. Оған ақпарат тұтынушылардың талаптары мен сұранысы негізінде талдау жасалынады. Келесі этап - өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалауға қажет параметрлерді қарастыру. Барлық параметрлер өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалауда үш үлкен топқа бөлінеді:
- нормативтік
- техникалық
- экономикалық.
Алғашқыда өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің нормативтік параметрлері анықталады. Бәрінен бұрын тауардың патенттік тазалығы бағаланады. Содан кейін стандарттар мен талаптарға тауар параметрлерінің сәйкес келуі белгіленеді. Жоқ дегенде бір нормативтік көрсеткіш (экологиялық, қауіпсіздік, құқықтық, өзара алмастырушы, санитарлы ветеринарлық) белгіленген талапқа сай келмейтін болса, бәсекеге қабілеттілікті бағалау процесі ары қарай жүргізілмейді. Бәсекеге қабілеттіліктің нормативтік параметрлерін бағалау үшін 1немесе 0 - ге тең болуы мүмкін. Егер нормативтік көрсеткіштің біреуі 0 - ге тең болса, онда жалпы көрсеткіш те 0 - ге тең болады. Бұл тауардың бәсекеге қабілетсіз екендігін көрсетеді.
J нп = П qi ; (9)
мұндағы: J нп - нормативтік параметр бойынша жалпы топтық көрсеткіш;
qi − әр көрсеткіштердің туындысын көрсетеді;
Өнімнің техникалық мінездемесін санды түрде техникалық параметр бірлігі шамасының (Т еi ) сондай эталон параметр шамасына, олрдың қуаттылығы, икемділігі, сыйымдылығы, өнімділігі жанар - жағармай шығындары бойынша салыстыру арқылы көрсетуге болады.
(10)
мұндағы: t ні - талданып жатқан өнімнің i - ші параметр шамасы;
t эі - ұқсас немесе эталон өнімнің i - ші параметр шамасы;
Техникалық параметр бойынша (Jтп) топтық көрсеткішті белгілу үшін әр параметрдің мәнділігі есебінен бірлік көрсеткішті (Li) жинақтау қажет:
J тп = ∑ T ei *L i ; (11)
мұндағы: Jтп − техникалық параметрлер бойынша жалпы топтық көрсеткіш;
Тei - i параметрі бойынша бірлік техникалық көрсеткіш;
Li - жалпы параметрі бойынша коэффициент;
n - бәсекге қабілеттілік бағаланатын техникалық параметр саны;
Параметрлердің үшінші тобына экономикалық көрсеткіштер жатады. Топтық экономикалық көрсеткішті анықтау үшін, талданатып отырған өнім өнім мен эталон немесе ұқсас өнімнің тұтыну бағасын салыстыру қажет.
Equation. 3 (12)
мұндағы: Jэп − экономикалық параметрлер бойынша жалпы көрсеткіш;
Цnі − талданып жатқан өнімнің тұтыну бағасы;
Цnэ - эталон немесе ұқсас өнімнің тұтыну бағасы;
Тауардың тұтыну бағасы сату нарық бағасы мен барлық шығындар түрінде белгіленеді.
Цni = Цpi + ∑ Зэкс і; (13)
мұндағы: Црі - тауардың нарықтық бағасы;
∑ Зэкс і - тауардың сомалық шығыны;
Осы формулаға сәйкес тұтыну бағасы неғұрлым төмен болса, соғұрлым бәсекелестік деңгейі жоғары, яғни тұтынушы салыстыратын тауардың біреуін иеленуге мүмкіндігі болады.
Нормативтік, техникалық, және экономикалық параметрлер бойынша топтық көрсеткіштер негізінде талданып жатқан өнімнің кешенді көрсеткіші кешенді көрсеткіші есептелінеді.
К k = Jнп *Jтп > 1; (14)
Jэп
мұндағы: Кk - талданып жатқан өнімнің кешенді көрсеткіші;
Jнп - нормативті параметр бойынша топтық көрсеткіш
Jтп - техникалық параметр бойынша топтық көрсеткіш
Jэп - экономикалық параметр бойынша көрсеткіш
Есептелген коэффциент негізінде талданып отырған өнімнің бәсекеге қабілеттілігі жөнінде шешім қабылданады. Егер Кk < 1 болса, бәсекеге қабілеттілік төмен. Кk = 1 тең көрсеткішке ие болады, Кk > 1 бәсекеге қабілеттілігі салыстырмалы түрде жоғары. Егер Кк > 1 болса, онда осы өнімді өндіру және нарыққа шығару шешімі қабылданады, Кк < 1 болса, онда бәсекеге қабілеттіліктің қажетті деңгейіне жету мақсатында техникалық және экономикалық параметрлерді көтеру үшін тиісті іс - шаралар жасау керек. [4]
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау жолдары келесідей жүзеге асырылады:
І кезең: Нарықта бәсекеге қабілеттілігі жоғары тауарды таңдап алу.
ІІ кезең: Тауардың салыстырылатын көрсеткіштері мен параметрлерін анықтау.
ІІІ кезең: Салыстырылатын тауардың бәсекелік көрсеткіштер деңгейін анықтау.
Тауарлардың көрсеткіштері мен параметрлерін әртүрлі белгілер бойынша топтастыруға болады:
- экономикалық көрсеткіштері: бағасы, өзіндік құны, пайдасы.
- техникалық көрсеткіштері: нақтылығы, жүк көрсеткіштігі.
- қолдану көрсеткіштері: персоналды оқыту шығындары, монтаждау және т. б.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау процесінде келесідей принциптерді ескеру қажет:
−нарық субъектілерінің мақсаттары мен құралдарының қарама - қарсылығы;
−нарық сегменттерінің әртүрлі ерекшеліктерін ескеру;
−зерттеу кезеңдерінің нарық конъктурасы;
−нарық субъектілерінің рационалды мінез-құлқы.
Мақсаттар мен құралдардың принципі өнімнің бәсекеге қабілеттілігін басқаруда аталған категорияның екі аспектіде қарастыруды белгілейді. Бәсекеге қабілеттілікті басқару және бағалау процесінде екі нарық қатынасының субъектілерінің (тұтынушы мен өндіруші) қөзқарасын ескеріп, олардың өзара байланысын қарастыру керек. Өндіруші үшін маңызды параметр шығын деңгейі болса, ал тұтыну үшін маңызды параметр болып, өнімнің тұтынушылық қасиеті табылады.
Тұтынушы мен өндіруші қатынас арасындағы байланыс ақша, тауар, айырбас процесінде мақсаттар мен құралдар қарама - қарсы матрицасын бейнелейді.
Өнімді сатып алуды жетілдіру мақсатында тұтынушы үшін оның сапасын иелену болып табылады. Аталған қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін факторлар құнын тұтынушы бағасы түрінде көрсетуге болады. Әрбір тұтынушы нақты өнімді таңдағанда тұтыну қасиеттерінің деңгейімен оған кеткен иелену мен қолдану шығындарының арасындағы қолайлы қатынасқа ұмтылады. Соған байланысты әрбір шығын бірлігіне жоғары тұтыну тиімділігін алады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейін өлшеу үшін Батыс Еуропа мен АҚШ мемлекеттерінде кең қолданылатын тұтынушы қажеттіліктерін қанағатттаныру индексі қолданылуы мүмкін.
Өндіруші қөзқарасы мен өнімнің пайдалылығы екі шығын бағалы факторлармен анықталады. Кез келген өндіруші ұзақ мерзімді перспективада таратылған өнім бағасы мен оның өндіру шығындары арасында максималды айырмашылық мақсатында әрекет жасайды. Осыған байланысты өндіруші үшін алғашқы міндеттерінің бірі болып аталған өнімнің жоғарғы пайдалылық деңгейі туралы ой қалыптастыру болып табылады. Өндіріс процесінің сапалы деңгейі өндірістік - технологиялық көрсеткіштерін бейнеленіп, өнім сапасында байқалады және өндірушінің негізгі мақсаты пайда алуды қанағаттандырады.
Соған байланысты өнім нарықтың екі субъектісі үшін де тұтынушы мен өндірушіге пайдалы қасиеттер жиынтығын бейнелейді.
Нарықтың әртүрлі сегменттерінің ерекшеліктерін есепке алу принципі.
Нарықтық қатынастар тәжірибесінде негізделген және тұтынушыларды бірлік қоғам ретінде бейнелейтін шарт.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz