Физалогия ғылымы және оның даму тарихы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Физиология (грекше - табиғат, - ілім) тірі организм мен оның жеке жүйелері, ағзалары, тіндері және жасушаларының әре-кеттерін, тірліктерін зерттейтін биологиялық ғылым. Физиология организм жүйелері мен ағзаларының бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын тексереді. Сонымен қатар ол әрекеттерді жас кезеңдеріне байланысты онтогенез және эволюциялық даму барысында бақылайды.

Физиология жедел дамып келе жатқан ғылым. Ол дербес ғылым ретінде, анатомия мен гистологиядан бөлінгеннен бастап, организмнің тіршілік әрекеті туралы физика, химия ғылымдарының әдістерін қолданып, көптеген нақтылы деректер жинады. Қазіргі кезде физиологиядан жеке ғылым ретінде биохимия, биофизика, нейрофизиология, эндокринология, радиобиология бөлініп шықты. Физиология -тірліктану ғылымы. Ол тіршіліктік үрдістерді, олардың реттелу тетіктерін және іс-әрекеттерді қалыпты жағдайда анықтайды.

Тірлік (функция) - жүйелер мен ағзалардың және жасушалардың арнамалы іс-әрекеті.

Үрдіс - белгілі бір нәтижені орындауға бағытталған әрекеттердің құбылыстары мен күйлерінің дәйекті түрде алмасуы.

Жүйе - жалпы тірлігі бірдей ағзалар мен тіндердің жиынтығы (ты-нысалу, асқорыту, қанайналымы, қорғаныс, реттеліс, сөйлеу, өрбу т. б. ) .

Фшиологиялыц цалып (норма) - бұл тірі жүйенің оңтайлы тірлігінің шегі. Ол белгілі тетіктері арқылы үйлесімді және нәтижелі деңгейде сақталады немесе жағдайға сәйкес жеткілікті мөлшерде өзгереді.

Тетпік - тірлікті немесе үрдістерді реттеу тәсілі.

Ретптпеліс - ағзалар мен жүйелердің іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін оның ауытқуларын шектеу немесе қалпына келтіру. Оның жергілікті, гуморалды (- с9йықтық) және жүйкелік тетіктері болады. Физиологияның зерттейтін нысаны дені сау тірі организм.

Физиологияның негізгі бөлімдері. Физиология өзінің ғылыми ба-ғытына қарай жалпы, жеке және қолданбалы болып жіктеледі.

Жалпы физиология көптеген түрлер организмінің жасушалары мен тіндеріне, ағзаларына бірдей тән негізгі тіршілік үрдістерінің жара-тылысын, тірліктерін, жалпы көрсеткіштерін, қасиеттерін зерттейді. ардың сыртқы және ішкі ортаның әртүрлі әсерлеріне жалпы жауабын, тітіркену, қозу, тежелу, зат және қуат алмасу құбылыстары туралы мәселелерін қарайды. Жалпы физиология салыстырмалы және эволюциялық физиология болып бөлінеді.

Салыстырмалы физиология - жануарлар әлемінің әртүрлі өкілдерінің тірліктік негізін, ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады.

Эволюциялъщ физиология - адам мен жануарлардың онтогенез (же-кедаму) және филогенез (тарихи даму) кезінде физиологиялық әре-кеттерінің біліну, даму, қалыптасуының жалпы тіршіліктік заңдылықтары мен тетіктерін қарастырады.

Жеке физиология - кейбір тіндердің (ет, жүйке т. б. ), ағзалардың (ми, жүрек, бауыр, бүйрек т. с. с. ) қасиеттерін, олардың жүйелерге (қанайналымы, тынысалу, асқорыту т. с. с) бірлесіп ұйымдастырылу және реттелу негіздерін тексереді.

Қолданбалы физиология - адамның әлеуметтік жағдайлары мен мақсатты ісәрекетіне байланысты заңдылықтарды анықтайды. Оның қатарына бірнеше физиология саласы жатады.

Авиация физиологиясы - ұ шқыштар организмінің үшу кезіндегі жа-ғымсыз әсерленісін анықтап, оларды болдырмау тәсілдері мен амалдарын табады.

Әлеуметтік физиология - адам организміне қоғамдық ортаның, өндіріс, тұрмыс жағдайларының әсерін анықтайды.

Әскери физиология - оқу - жауынгерлік даярлану кезінде және соғыс жағдайларында физиологиялық әрекеттердің реттелісін зерттейтін әскери медицина саласы.

Ғарыштьщ физиология - космостық түрткілердің (салмақсыздық, гиподинамия) ғарышкерлер организміне жарамсыз ықпалын тексеріп, оларға қарсы сақтану амалдарын жасайды.

Еңбек физиологиясы - адам организмінің еңбектену кезіндегі қалыпты жағдайын, жұмыскерлігін, оған өндірістік әсерлерді тексеріп тиімді жұмыс істеу шараларын жүзеге асырады.

Жас физиологиясы - адам организмі мен ағзалары және жүйелері қызметінің туылған сәттен жеке дамуының ақырына дейінгі қалыптасу және жойылу ерекшеліктерін тексереді.

Спорт физиологиясы - дене шынықтыру, машықтану тәсілдерін ғылыми түрғыдан ұйымдастырады.

Суасты жүзу физиологиясы - теңізшілер мен сүңгушілер организміне сүңгуір қайықтардың ұзақ уақыт жұмыс кезіндегі әсерін анықтайды.

Тамақтану физиологиясы - адамдардың жасына сәйкес әртүрлі кәсіби топтар үшін арнайы, ұтымды тамақтану шарттарын қарастырады.

Психофизиология - адам психологиясы мен физиологиясы саласынан қалыптасқан. Ол әртүрлі психикалық үрдістер (түйсік, есте сақтау, сезім, ойлау, сөйлеу т. б. ) кезінде ақиқат байқалатын физиологиялық өзгерістерді зерттейді.

Экологиялъщ физиология - адам организміне табиғаттың әралуан төтенше түрткілері мен орасан жүктемелерінің әсерін тексереді.

Физиологияның аса маңызды саласының бірі - ауылшаруашылық жануарлар физиологиясы, оның негізгі мақсаты мал мен құс шаруашылық өнімдерін ғылыми жетілдіру.

Физиология басқа мақсаттарына, зерттейтін нысандары мен әдістеріне байланысты қалыпты, патологиялық және клиникалық болып бөлінеді.

Қалыпты физиология - дені сау адам организмінің қалыпты жағдайы, салауатты тұрмыс салтын, әртүрлі әсерлерге бейімделу әрекетін тексеріп, оларды жақсарту амалдарын анықтайды. Қалыпты физиологияның басты мұраты - адамның денсаулығын сақтау. Мұны қазіргі кезде денсаулық туралы ғылым валеология ( сау болу, - ілім) зерттейді.

Денсаулық дегеніміз - адам организмінің барынша ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жүмыскерлігінің, әлеуметтік белсеңділігінің, сондай-ақ ерекшеліктеріне сәйкес дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы. Дара кісінің (индивидуум) денсаулығы туралы мағлұматтар физиологиялық қалыпты көрсеткіштермен немесе нормалармен сипатталады.

Патологияльщ физиология - ауру организмдегі ауытқуларды, олардың ағымдарын, барысын, дерттену тетіктерін анықтайды. Сонымен қатар ол науқастардың бейімделу әрекетін, сауығу және айықтыру үрдістерін зерттейді.

Клиникальщ физиология - ауру организмдегі физиологиялық көрсеткіштердің (хирургиялық емдеуден, протездер қондырғаннан кейінгі) жаңа стационарлық деңгейін тексереді.

Физиология ғылымы медицина мен гигиенада өте маңызды орьш ала-ды. Расыңда, организмнің қалыпты қызметін, денсаулыққа тән көрсеткіш-терін жете білмей, ауруды емдеуге болмайды. Сондықтан қалыпты фи-зиология барлық медициналық ғылымдардың теориялық негізі деп есеп-теледі. Демек, физиология, организмнің қалыпты жағдайдағы әсерінен ауьгщу мөлшерін білуде, медициналық және гигиеналық білім алу бары-сында профилактикалық жұмыстарды, еңбек және тынығу режимдерін ұйымдастьфғанда, ауруды емдегенде өте қажет ғылым.

Физиологияның жас ерекшеліктері туралы саласы педагогика, пси-хология, валеология және дене тәрбиесі ғылымдары үшін өте қажет.

Балалардың денсаулығын сақтауды, олардың өсуі мен дамуына

оңтайлы жағдайларды қамтамасыз етуді, мұғалімдердің жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы жөнінде, тиісті білім қоры болған кезде ғана жүзеге асыруға болады. Мұның өзі мұғалімнің өскелең ұрпаққа адамгершілік, әсемдік, еңбек, ақыл-ой және дене тәрбиесін беруін ойдағыдай жүзеге асыруына жәрдемдеседі.

Физиологияның мақсаттары. 1. Органимнің және оның әрбір құрылымының қызметін ұғыну арқылы болашақ мамандардың әрекеттік және клиникалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.

  1. Физиологиялық зерттеу әдістерін үйрету арқылы әрекеттік ди-агностика дағдыларын қалыптастыру.
  2. Физиология ғылымының қағидаларымен таныстыру арқылы адамденсаулығын тиімді ұйымдастыруды үйрету.
  3. Әрбір адамға денсаулық деңгейін анықтау мен бағалау жәненығайту тәсілдерін үйрету.

Физиологияның зертгеу әдістері. Фгоиологиялық үрдістер және үде-мелі өзгеріп отырагын құбылыстар. Оларды анықгау тәсілдері фозиоиоло-гаяның даму кезеңцеріне және шектес ғылымдардың жетістіктөріне сәйкес қалыптасты. Сондықган мұның бірнеше бағытын талдауға болады:

  1. Бақылау әдістері- физиологиялық құбылыстарды қалыпты жағдайда және әр түрлі әсерлерден кейін қадағалауға мүмкіндік береді. Тірліктік әрекеттер жылжымалы болғандықтан, бұл әдетте, 2-3 үрдісті қамти алады.
  2. Тіркеу әдістпері -физиологиялық құбылыстарды механикалық және электрлік тәсілдермен жазып алады.
  3. Тітіркендіру әдістері -тірі құрылымдардың, ағзалар мен тіндердің күйін өзгерту мақсатымен механикалық (кесу, түйреу), биологиялық (егу, уландыру), химиялық (түздар, қышқылдар, дәрілер), физикалық (дыбыс, сәуле, электр ағыны, температура т. б. ) түрткілердің әсерін қолданады.
  4. Электрофизиологиялъщ әдістер -қозғыш тіндер мен ағзалардың электрлік құбылыстарын және әртүрлі электрлік емес көрсеткіштерді (ультрадыбыс, электромагнит толқындары т. б. ) тіркегіштер мен күшейткіштер қолданып осы амалмен тіркейді.
  5. Өткір тәжірибе әдістері -жануарларға вивисекция (тәнтілу), олардың мүшелерін, ағзаларын, тіндерін оқшаулау тәсілдерінжасайды.
  6. Созылмалы тәжірибе әдістері -жануарларға тірідей операция жасап, олар жазылғаннан кейін ұзақ уақыт бақылайды. Бұл әдістіфизиологияға алғашқы енгізген И. П. Павлов болатьш, сөйтіп ол организмді бөлшектеп қараудьщ (анализ) орнына, біртұтас жүйе ретінде (синтетездік) тексеруге мүмкіндік жасады.

7) Аспаптық әдістер - физиологиялық зерттеулер нәтижесінде медицинаға әртүрлі үрдістерді тексеру, ауруларды анықтау (ди-агноз) және емдеу (терапия) үшін арнайы аспаптар ұсынады.

Қазіргі кездегі физиология, басқа да ғылымдардың жетістіктерін кеңі-нен пайдаланып, медицина салаларының дамуына ықпалын тигізуде.

Осы кездегі физиологиялық зерттеу жұмыстарында ғылым мен техника жетістіктерін, кибернетика, информатика, радиоэлектроника жа-ңалықтарын, есептеуші машиналарды, телеметрияны т. б. кеңінен қол-данады.

Физиология мен техника ғылымдарының тығыз байланысынан био-ника, физиологиялық кибернетика және кванттық медицина дамыды. Мұндай жетістіктер медицина ғылымының басқа да жаңа салаларын қалыптастырды.

Оған қоса қазіргі физиология ғылыми зерттеулерді кешенді түрде жүргізеді, шектес ғылымдардың табыстарын, мәліметтерін мол пай-даланады. Соңғы кезде осының негізінде маңызды ғылыми нәтижелер алынып отыр.

Мүнымен бірге физиологиялық зертгеулер жүйелі түрде жүргізіледі. Организмнің қызметін жүйелі түрде зерттеу ондағы көптеген физио-логиялық жағдайларды түсінуді жеңілдетеді. Сондықтан тірі организмді әрекеттік жүйелер теориясының тұрғысынан зерттеу басталды. Әрекеттік жүйелер теориясы және оның әржақты қағидалары медицина, педагогика, психология, социология, техника т. б. ғылым салаларында кеңінен қолданыс тапты.

Физиология (грекше - табиғат, ілім) - тірі организм мен оның жеке жуйелері, ағзалары, тканьдері және клеткаларының әрекеттерін, функцияларын зерттейтін биологиялық ғылым. Физиология организм жуйелері мен ағзаларының бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын тексереді. Сонымен қатар ол функцияларды жас кезеңдеріне байланысты онтогенез және эволюциялық даму барысында бақылайды.

Физиология үрдіс дамып келе жатқан ғылым. Ол дербес ғылым ретінде, анатомия мен гистологиядан бөлінгеннен бастап, организмнің тіршілік әрекеті туралы физика, химия пәндерінің әдістерін қолданып, көптеген нақтылы деректер жинады. Қазіргі кезде физиологиядан жеке ғылым ретінде биохимия, биофизика, нейро-физиология, эндокринология, радиобиология бөлініп шықты.

Физиологияның негізгі бөлімдері. Физиология өзінің ғылыми бағытына қарай жалпы, жеке және қолданбалы болып үш бөлімге жіктеледі.

Жалпы физиология организмнің клеткалары мен тканьдеріне, ағзаларына бірдей тән негізгі тіршілік процестерінің табиғатын, функциялардың жалпы көрсеткіштерін, қасиеттерін зерттейді. Олардың сыртқы және ішкі ортаның әр турлі әсерлеріне жалпы жауабын, тітіркену, қозу және тежелу қубылыстары туралы мәліметтерді қарайды.

Жеке физиология кейбір тканьдердің (ет, жүйке т. б. ), ағзалардың (жүрек, бауыр, бүйрек т. с. с. ) қасиеттерін, олардың жүйелерге (қан айналымы, тыныс, ас қорыту т. с. с, ) бірлесіп ұйымдастырылу және реттелу негіздерін тексереді.

Қолданбалы физиология - адамның әлеуметтік жағдайлары мен мақсатты іс-әрекетіне байланысты заңдылықтарды анықтайды. Оның қатарына еңбек физиологиясы жатады. Ол адам организмінің еңбектену кезіндегі қалыпты жағдайын, жумыскерлігін, оған өндірістік әсерлерді тексеріп, тиімді жумьгс істеу шараларын жүзеге асырады. Спорт физиологиясы дене шынықтыру, машықтану тәсілдерін ғылыми турғыдан ұйымдастырады. Тамақтану физиология сы адамдардың жасына сәйкес әр турлі кәсіби топтйр ушін арнайы, ұтымды тамақтану шарттарын қардстырады. Соңғы жылдары адамның жаңа істер, мекен-жайлар игеруіне байланысты қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларын тексеретін экологиялық физиология ү рдіс дамуда. Сол сияқты ұшқыштар, ғарышкерлер, сүңгушілер организміне табиғаттың әр алуан төтенше турткілері мен орасан жүктемелерінің әсерін зерттейтін суасты, авиация және космос физиологиясы қалыптасты. Физиологияның аса маңызды саласының бірі - ауылшаруашылық жануарлар физиологиясы. Оның негізгі мақсаты - мал шаруашылығы өнімдерін ғылыми жетілдіру.

Физиология басқа мақсаттарына, зерттейтін нәрселері (объект) мен әдістеріне байланысты қалыпты және патологиялық болып екіге бөлінеді. Біріншісі дені сау адам организмінің қалыпты жағдайы, салауатты тұрмыс салтын әртүрлі әсерлерге бейімделіс әреке-ін тексеріп, оларды жақсарту амалдарын зерттейді. Яғни қалыпты физиологияның басты мураты - адамның денсаулығын сақтау. Денсаулық дегеніміз - адам организмінің барынша ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттер мен тиімді жұмыскерлігінің, әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ ерекшеліктеріне сәйкес дені сау урпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы. Дара кісінің (индивидуумның) денсаулығы тұрақты физиоло-гиялық көрсеткіштермен немесе нормалармен сипатталады.

Патологиялық физиология ауру организмдегі ауырқуларды, олардың ағымдарын, барысын, дерттену тетіктерін анықтайды. Сонымен қатар ол ауырған организмнің бейімделу әрекетін, сауығу және айықтыру процестерін зерттейді. Ауру организмдері физиологиялық көрсеткіштердің жаңа стационарық деңгейін клиникалық физиология саласы тексереді.

Басқа да биологиялық ғылымдар іспетті физиология ертеден дамыған.

Физиология ғылыми даму жолында көптеген тірліктерді тексере келе, табылған зерттеу әдістерімен физиологиялық құбылыстарды анықтау арқылы практикалық медицинаны байытып, оның жетілуіне ерекше ықпалын тигізді. Осы туралы атақты физиолог И. П. Павлов "медицина тек қана физиологиялық деректермен күннен - күнге толықтырылып отырғанда ғана адам денесіндегі бүзылған механизмдерді дәл тауып, дүрыс емдей алады, яғни шын мәнінде өз мақсатын орындайды" - деді (И. П. Павлов.

Бізге жеткен деректер бойынша, байырғы Қытай, Үнді, Грек, Орта Азия елдерінің ойшыл ғұламалары, дәрігерлері организмнің құрылысы мен тіршілік әрекеттері туралы көптеген мәліметтер жинаған.

Жаңа дәуірге дейінгі IV ғ-да өмір сүрген грек ойшылдары Гиппократ (б. з. д. . 460-377 ж. ж) пен Аристотельдңц (б. з. д. 384-322 ж. ж) еңбектерінде адам организмінің негізін, оның көптеген құбылыстарын түсінуге арналған әрекеттері байқалады. Алайда, ғылымның өте нашар дамуына байланысты олар біраз сауалдарға, қазіргі тұрғыдан алғанда, дұрыс жауап таба алмаған. Өйткені, физиологияның алғашқы кезеңінде тірі организмді тәжірибелер арқылы бақылау болмады. Дегенмен, Аристотель мен Гиппократтың кейбір тірліктік әрекеттер туралы ұғымдары дұрыс бағытталған.

Аристотельдің жануарлар туралы еңбектері көп жылдар бойы зоология, салыстырмалы эмбриология, анатомия, психология ғылымдарының дамуына негіз болды. Ол аурудың пайда болуы сыртқы ортаның табиғи және қоғами жағдайына байланысты болатынын анықтады.

Гиппократ - бүкіл медицинаның атасы болып саналады. Ол ұсынған ауруды анықтау, емдеу және болжау қағидалары, дәрігерлер этикасы туралы көзқарастары осы күнге дейін өз маңызын жойған жоқ.

Гиппократ адам денсаулығы, дене бітісі мен жан қуаттары (темперамент) организмдегі сұйықтардан қалыптасады деп есептеді. Сондықтан ол аурудың себептерін жалпы (сыртқы әсерлерден) және даралама (жеке бастың ерекшеліктерінен) болады деп екі топқа бөлді.

Бұл ғұламалардың беделінің күштілігіне байланысты жүздеген жылдар бойы олардың ілімдері өзгеріссіз сақталған.

Тәжірибелік физиологияның қалыптасуы римдік дәрігер Клавдий Гален (129-201) түңғыш рет қолданған вивисекциялық (тәнтілу) тәсілдерінен басталады. Оның жасаған тәжірибелері бірнеше ғасырларға созылған қағидалардың негізін қүрады.

Қазақтың ұлы ғұлама ғалымы әлемге Аристотельден кейінгі "Екінші ұстаз" деп танылған бабамыз Әбу Насыр Әл Фараби (870-950 ж. ж) - "дәрігер әрбір ағзаның саулығын анықтау үшін, оның жаратылысына қарай атқаратын қызметін білуге тиіс" - деп жазды. Әл-Фарабидің айтуынша, "медицина - ақиқат негіздерге сүйеніп, адам организмі мен оның әрбір мүшесінің аман-саулығын қамтамасыз ететін өнер". Әл-Фараби медицинаның мәнін, мақсатмұратын ғылыми материалистік тұрғыдан қарады. Ол адамның рухани, ойлау және басқа психикалық қабілеттеріне қоршаған ортаның әсерін, аурудың пайда болу себеп - салдарын, емдеу амалында дәрі мен тамақтың маңызын дұрыс түсінді. Әл-Фараби денсаулықты сақтау үшін дәрігерлерге жеті міндет жүктеді: 1) дене мүшелерінің құрылысы мен қызметін; 2) денсаулықты анықтау - диагностика тәсілдерін; 3) аурудың түрлерін және пайда болу себептерін - этиологияны; 4) аурудың белгілерін - симптомдарын және оларды өзара ажыратуды; 5) ауруды дұрыс емдеуді, тағамдар мен дәрілерді жөнді тағайындауды - терапия; 6) денсаулықты нығайту шараларын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптпстыруды; 7) аурудың алдын алу істерін жүргізу, емдеу нәтижесін қадағалауды білуі тиіс.

Оның мүндай жан-жақты ұсыныстары қазіргі кезде де медицина әлемінде кеңінен қолданылып отьф.

Әлемдік медицинада ерекше орын алған шығыстың екінші дарынды ғұамасы Абу Али ибн Сина.

Абу Али Әл-Хусейн ибн Сина (980-1037) -әлемге латынша аты Авиценна деп танылған дәрігер, философ, ақын, шығыс ғылымының кемеңгері.

Ибн-Синаның данышпан еңбегі "Медицина қағидалары" (толық аталуы "Китаб ал Ка-нун фи-т-тибб") жарық көргелі бері (1012-1024 ж. ж. ) бүкіл дүниежүзінде дәрігерлердің бірнеше ұрпағы медицина саласында тәлім алды. Ол өзінің білімін жетілдіруде, Аристотельдің шығармаларын үғынуда Әл-Фараби еңбекерінің маңызы болғанын ерекше атады. Ибн-Сина кітабында медицина ұғымына түсініктеме, денсаулық туралы толық анықтама береді. Онда анатомия, физиология деректерімен қатар, дерттену туралы көптеген мәліметтер бар. Ол өз заманындағы жалпы және жеке аурулардың түрлерін, олардың пайда болу себептері мен белгілерін, ауруды емдеу тәсілерін келтірген. Қағиданың "Денсаулықты сақтау" деген бөлімінде балалардың туылғаннан өскенге дейінгі және жасы ұлғайғандардың денсаулығын сақтаудың тәсілдері берілген.

Абу Али ибн - Синаның баға жетпес еңбектері осы күнгі медицина, физиология, гигиена, валеология, санология ғылымдарына мызғымас негіз болып отыр.

Организмнің тіршілік іс әрекетін бақылау және тәжірибелер арқылы ұғынатын ғылым ретінде физиология ХҮІ-ХУШ ғ. ғ. арасында қалыптасты.

Физиология дамуының екінші кезеңін 1628 жылдан бастап санайды. Осы жылы ағылшын ғалымы, дәрігер, эмбриолог Уиль-ям Гарвей (1578-1657) өзінің "Жүрек пен қан қозғалысының анатомиялық зерттеулері" деген ғылыми еңбегін басып шығарды. Осы еңбекте тірі организмдерге жасалған тәжірибелердің нәтижесінде қанайналымы туралы бұрынғы бірсыпыра теріс ұғымдарды әшкереледі. Ол ғылыми зерттеулерге вивисекция әдісін кеңінен енгізді. 1 Осы тәсілдер арқылы теріні, ағзаларды, тіндерді ашып, олардың қызметін тікелей бақылауға мүмкіндік туды. Сөйтіп, жануарлар физиологиясының негізгі бастамасы деп саналатын Уильям Гарвей ашқан қанайналымының желісі осы кезде де өзгерусіз қолданылады. Оның екінші еңбегі "Жануарлардың пайда болуын зерттеу" (1651) эмбриология ғылымының негізін қалады. Бұл (кейін акушерлік ғылымның дамуына және қалыптасуына зор түрткі болды. Физиологияның үдерісті (прогрессивті) дамуына рефлекстік ілімнің көп ықпалы тиді. Оның негізін қалаушы - француз философы, жаратылыстанушы Рене Декарт (1596-1650) . Ол мидың қызметін У. Гарвей ашқан қанай-налымы жүйесінің үлгісі ретінде, сол кездегі механикалық қағидалар да сәйкес ұғынды. Оның болжауы бойынша, сыртқы түрткілердің әсері, жүйке ұштары арқылы қабылданып, мидан тойтарылып бұлшық еттерге оралып, оларды қозғалтады.

У. Гарвей жаңалықтары кейін организмнің әрекеттерін тәжірибе арқылы зерттеу көбейіп, физиологияның екінші даму кезеңінде көптеген жаңа ғылыми мәліметтер анықталды. Осыған қоса, бүл кезде физика, химия ғылымдары күшті дамып, олардың жаңа зерттеу әдістері мен жетістіктері физиологияда кеңінен пайдаланылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іс әрекетке психологиялық талдау
Адамның іс-әрекеті
Іс-әрекет психологиясы Іс-әрекет дағды туралы жалпы түсінік
Тілдік тұлға және оның мәдени құзіреті
Іс-әрекет психологиясы
ІС-ӘРЕКЕТ ПСИХОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ
Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыру
Психология тарихы туралы
Әдебиеттану ғылымының ғылым салаларындағы орны мен даму тарихы туралы мәлімет
Әдебиеттану ғылымының ғылым салаларындағы орны мен даму тарихы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz