Зеңгі баба туралы аңыз


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

1. Зеңгі баба туралы аңыз

2. Зеңгі баба -Ясауи шәкірті

3. Сиыр атасы - Зенгі баба

4. Пайдаланылған әдебиеттер

Зеңгі баба туралы аңыз

Тілесең сиыр, сұлтаным,

Зеңгі баба пірлер бар,

Соған барып тілеңіз,

Басына барып түнеңіз.

«Ақжонасұлы ер Кеңес» жыры

Қазақта «Кешегі аңыз - бүгінгі ақиқат» деген сөз бар. Алайда қазақ фольклорына, аңыз әңгімелеріне келгенде «кешегі ақиқат - бүгінгі аңызға» айналып кететіні де рас.

Ең өкініштісі - тарихи тұлғаларымыз ертегі мен мифке айналып кетіп жатқаны. Оның түбі рухани дағдарысқа апаратыны анық. Кешегі Зеңгі баба, Ойсыл Қара, Шопан, Қамбар аталар, тіпті әзіл сөздің патшасы Қожанасыр болсын ертегі мен анекдоттың кейіпкеріне айналып кеткелі қашан? Ол ол ма, ертеңгі болшағымыз, бүгінгі үмітіміз оқушыларға да осылай деп оқытылуы - кешірілмес қателік. Смағұл Елубай ағамыздың: «Америка тамырын таппай әлек, қазақ тамырын таптаумен әлек» деген сөздің жаны бар екенін осыдан-ақ көруге болады.

Зеңгі баба Ясауи шәкірті

Зеңгі баба - (араб тілінен - зеңгі - «қара», парсы тілінен - «қоңыраулы» деген мағына береді. ) - Орталық Азиядағы атақты әулие. Қожа Ахмет Ясауидің ілімін ұстанушы. Шын аты белгісіз кейбір деректерде Ай-қожа немесе Имин-баба деген есімдер келтіріледі. Зеңгі атын терісінің қаралығына байланысты қойылған. Оны және химмати («мейірімді», «жомарт») деген де аты болды. Зеңгі бабадан пәлсапалық я поэтикалық еңбек қалмаған. Аңыз бойынша Зеңгі баба сиыр бағып, оңашада намаз оқып, зікір салумен айналысқан. Әулие жария зікір салған уақытта сиырлар айнала қоршап, бірге зікірге қатысып тұратын болыпты.

Қорлама кем адамды болсаң дана,

Кәріпті Құдай сүйсе нендей шара?!

Ер болған сиыр бағып Зеңгі баба,

Пір болды түйешіден Ойсылқара.

Зеңгі баба 1258 жылы қайтыс болыпты. Оның қабірі Ташкент шаһарының маңында. Өз уақытында Әмір Темір (1370-1405) басына кесене соғады. Аңыз бойынша Әмір Темір көреген Зеңгі бабаға мазар салмақшы болғанда, әулие түсіне еніп, ең бірінші Қожа Ахмет Ясауидің кесенесін салуды бұйырады. Зеңгі баба кесенесіне кірпіштерді Самарқаннан қолдан қолға жалғастырып тасытқан.

Уақыт өте Әмір Темірдің немересі Ұлықбек Зеңгі баба кесенесін толық салып бітіреді. XVII ғасыр кесененің қасынан медресе мен мешіт бой көтереді. Бүгінде де мемориалдық кешен Зеңгі ата атымен аталады. Кіре берістен бақ орналасқан және қарама-қарсы бас мазардың фасады, оң жағынан мешіт, периметр бойынша бір қабатты медресенің бөлмелері тұр. Екі күмбезді мазар ғимаратының биіктігі 17 метр, екіге бөлінген: біріншісі - ханака, әрі қарай кішірек бөлмеде қара түске боялған Зеңгі бабаның қабірі. Мазарда жай күндері ғибадаттар жасалса, күзде қабірдің жанында зікір салады. Зеңгі баба қабірінен ара зікірдің даусы естіліп тұратын болған. Ташкент маңындағы Зеңгі баба мазарынан басқа Орта Азияның басқа да аудандарында да әулие мазары кездеседі. Айтар болсақ, Ашхабад маңындағы Ақ-ишан мазары, Солтүстік Тәжікстандағы Кулянгир ауылында.
Осы күнге дейін Зеңгі баба сиыр бақташыларының пірі болып есептеледі. Әулие туралы ерте жазба дерек Фаур ад-дин Кашифи Уаизидің «Рашахат айн әл-Хайат» (1503 ж. құрастырылған) еңбегінде кездеседі. Осы уақыттан оның шежіресі де белгілі бола бастайды. Бір нұсқада әулие бабамыздың әкесі - Қожа Ахмет Ясауидің шәкірті Тәжқожа. Тәжқожаның әкесі шейх Әбд әл-Мәлик баб (ө. ж. 1218 ж. ) . Мәлик бабтың екі қабірі белгілі, бірі - ХV ғ. Сайрамда салынған кесене және Ахангарон өзенінің маңында. Әбд әл-Мәлик бабтың әкесі әулие Мансұр ата (ө. ж. 1197 ж. ) . аңыз бойынша Мансұр ата Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы Арыстан бабтың ұлы. Арыстан бабтың қабірі Отырарда, Ферғана алқабының шығыс жағында, Түркіменстан территориясынан өтетін Әмудария өзенінің бойында. Тағы бір аңыз бойынша Зеңгі баба Хазіреті Әли ибн Әбу Талип пен Фатимадан тарайды.
Зеңгі баба - Сүлеймен Бақырғанидың шәкірті. Сүлеймен Бақырғани Хакім ата есімімен белгілі. Хакім ата қайтыс болғаннан кейін оның орнын Зеңгі баба басады. Зеңгі баба туралы айтылған уақытта әйеліне тоқталмай кетпеуге болмайды. Анбар анамыз (Анбар-бибі) «Рашахат айн әл-Хайат» кітабында Барақ ханның қызы делінген, бірақ кейінгі авторлар ол кісінің әкесі Борақ хан емес, ал қарахан патшасы Бохра хан деп те атап жүр.
Анбар анамыз Хакім атаның әйелі еді. Хакім ата дүниеден озар алдында әйеліне «Мен дүниеден өткеннен соң, 40 күннен кейін Мекке мен Мәдина жақтан 40 әулие (абдал) келеді, солардың біреуінің терісі қара болады, сен оған күйеуге шығасың» дейді, алғашында Анбар-бибі келісімін бермейді. Бірақ Хакім атаның айтқаны келіп, Анбар ана Зеңгі бабаның әулиелігін көріп, келісімін береді. Анбар ананың қабірі Ташкенттен 80 шақырым жерде. Осы жерде Хакім атаның анасы Ұлық-патшахтың да мазары бар. Анбар-бибінің қабірі Канибадам, Самарқант қалаларында және т. б. жерлерде кездеседі.
Зеңгі баба шәкірттерінің қатарында Ұзын-Хасан ата (қабірі Ташкент маңында, Самарқантта, Маңғыстауда), Сеийд ата немесе Сайид Ахмад (қабірі Харезмде, Хакім ата мазарының қасында, Ташкент маңында, Самарқандта), Бадр ад-дин (Бадр ата), Садр ад-дин (Садр ата) немесе ел арасында Садр ата-Баба Туклас, Баба Түкті Шашты Әзіз.

Аңыз бойынша төртеуі рухани ұстаз іздеп Бұхарадан Ташкентке қарай шықса керек. Жолдан жалаң аяқ тікенек үстінде мал бағып жүрген қара адамды жолықтырады. Ол Зеңгі баба еді. Хасан ата мен Садр ата бірден шәкірт болады да, ал Бадр ата мен Сайид ата келіспейді. Соңында Сайид ата кешірім сұрап, шәкірт етіп алуды өтінгенде, Зеңгі баба келіспей қояды. Сонда Сайид ата Анбар анамыздан көмек сұрайды. Анбар ана қалай ұстаздың кешірімін алуға болатын жолын айтады.

Бірде Зеңгі баба сахар уақытында дәрет алуға бара жатса, жолында оралып жатқан киізді көреді де, теуіп қалады. Сол кезде киізге оранып жатқан Сайид ата шығып, кешірім сұрап шәкірт қылып алуды сұрайды. Зеңгі баба риза болып, шәкірт етіп алады. Бадр ата да Анбар анамыздың көмегімен Зеңгі бабаға шәкірт болады. Зеңгі бабаның төрт шәкіртінің арқасында 1320 жылы Өзбек хан ислам дінін қабылдайды.

Хакім ата мен Анбар анамыздан Мұхаммед қожа, Асқар қожа мен Үбі қожа деген ұрпақтары болған. Басқа деректерге қарағанда Хакім атадан екі ұлы, ал Зеңгі бабадан Әли Асқар болған. Соңғысының ұрпағы бабасының мазарының маңында, қалғаны Самарқанд жаққа көшіп кеткен. Сол жақта оларды қожа гүл-и сурх немесе гүлисухийон («қызыл гүл») деп атаған.
Зеңгі баба ұрпақтарынан белгілісі Жәнібек сұлтан тұсындағы мемлекет қайраткері Падшахқожа. Оның баласы Баха ад-дин Нисари Бухари (ө. ж. 1597), «Музаккир әл-ахбаб» атты өз уақытының ақындар антологиясының авторы.

Үкімет 1930 жылы Зеңгі баба мемориалдық кешенін жауып, 1945 жылы қайта ашады да келесі жылы қайта жабады. 1989 жылы зиярат етушілер үшін қайта ашылады. Осы кезден бастап кесенеге реконструкция жүргізіле бастайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зеңгі баба мифтік кейіпкерінің тілдік портреті
Айша бибі және Бабажы қатынға орнатылған ескерткіштер
Сиыр малына қатысты қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестері
Тараз өңірінің архитектуралық ескерткіштері
Қожа Ахмет Ясауидің ата-бабасы
Қазақ фольклоры жырлары
Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарының әулиелері
Төрт түлік пірлерінің пайда болуы
Төрт түлік
Тарих толқынындағы көне қалалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz