Бұлауға түсу


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Бұлауға түсу.

Ыстық бұлауға түсу Тәніңді сергітіп, сауықтырады

Пайдасы:

Бұлауға түсу - дененің сыртын (терісін) тазартады, ағзаны сергітеді. Дәрігерлердің айтуынша, адам терісінің бір шаршы сантиметрінде 40 мың бак терия сақталып, олар терінің бетіндегі шаң - тозаңмен, кірмен, термен қоректенеді. Сөйтіп, өсіп - өнеді. Бұлауға түсіп шыққаннан соң тері бетінде жиналған 100 милли ондай микробтар жо йылады. Бұлауға түскенде тер түтікшелері ашылады, адам тер лейді, денесі рахаттанады, терісі жұмсарып, нәрленеді. Мұның бәрі ішкі ағза жұмысын жақ сартады.

Емдеу ванналары

Оны дәрігерлер тағайындайды, солардың бақылауымен жүргізіледі. Дәрігерлердің ақыл - кеңесімен үйде де құбырдан келетін тұщы сулар арқылы ем дік бұлауды қабылдауға болады. Емдік бұлау үшін хош иісті жә не емдік заттар қосылған, немесе азот, тағы да басқа газдар мен байытылған тұщы сулар, арасан сулар (табиғи және қолдан жасалынған), теңіз су лары, емдік балшықтар, құм пайдаланады.

Бұлауға түскен адамның басының астына сүлгі әйтпесе ауа толтырылған резеңке жас тықша қояды, оның қан қысымын, жағдайын бақылап отыру үшін бөлме ішіне жақсы жарық жасайды.

Тұщы судың емдік әсерін күшейту үшін оған кейбір дәрілік және хош иісті заттар қосылады. Олардың бір тобы мыналар: қыша экстрактісі, жалбыз, қыша (горчица), ски пидар, марганец қышқылды калий, крахмал, т. б.
Бұлаудың су температурасы Суық бұлау - 20 градусқа дейін, қоңыр - салқын бұлау 20 - 33 градусқа дейін. Олардың сергітетін әсері бар. Жылы бұлау - 37 - 39 градус. Бұл адам жанын жай таптырады. Ыстық бұлау - 40 - 42 градус. Ол адамды терлетеді.

Бұлауға түсу тәртібі. Бұлауға түсерде қа таң орындалуға тиісті талаптар мен қағидалар бар. Олардың 8 түрі мынандай:

1. Тамаққа тойып алып бұлауға түсуге болмайды;
2. Бұлауда 10 - 15 минуттан артық отырмайды.
3. Ыстық бұлаудан соң үнемі суық су қабылдауға болмайды.
4. Өте салқын бұ лауды қабылдау шыны қтырғанмен, бүйрекке зиянды.
5. Өте ыстық бұлау жүректің жұмысын әл сіретеді. Сол себепті сырқаты бар адам дәрігермен кеңесіп, мұндай бұлауды қабылдауға болатынын, болмайтынын білуге тиіс.
6. Күнделікті бұлаудың қызуын 36 градустық ыстық температурадан асырмайды.
7. Бұлау суы жұмсақ болуы үшін бура ерітіндісін қосуға болады. Алайда өздігіңізден әсерін білмейтін ерітінділерді қоспаңыз.
8. Бұлаудан соң іле жатып дем алады. Күндіз бұлауға түссеңіз, кем дегенде 15 минут жатып дем алыңыз.

Шипалық бұлау түрлері Қыша бұлауы. Оны жоғары тыныс жолда рына салқын тигенде (тұтастай және аяққа), қолқа демікпесі ұстағанда (қолға), артерия қысымы жоғарылағанда (аяққа) қолданылады. Қыша бұлауын мынан дай адамдарға қолда нуға болмайды: тері ау руларына шалдыққандарға, қыша иісін көтере алмайтындарға.

Әзірлеу тәсілі: 200 литр суы бар ванна үшін 100 - 250 грамм, 1 шелек су үшін 5 - 10 грамм құрғақ қышаны өлшеп алады, оны аздаған суға езіп, сүзгіден өткізеді де ваннадағы, шелектегі суға салып, әбден араластырады. Ванна температурасы 360С, түсу ұзақтығы 5 - 7 минут, дененің бір мүшесін ғана малғанда су температурасы - 39 - 400С болуға тиіс. Бұлаудан шыққан соң 30 - 60 минут жылы бүркеніп жатады.

Тұз бұлауы. Оның зат алмасуды арттыратын, жүйке жүйесін тыныштандыратын, 6 айдан асқан мешел балаларды оңалтатын шипалық қасиеті бар.

Әзірлеу тәсілі: Мешел балалар үшін: 10 литр суға 50 100 грамм теңіз не ас тұзын салып, араластырады, бұлауға түсу мерзімі 3 - 10 минут, су температурасы 36 - 370С болуы қажет.

Жалпы тұз бұлауы үшін суға 250 500 грамм ас тұзын салып езеді. Те ңіз тұзы болса өте пайдалы. Судың қызуы 20 - 300С болуға тиіс. Тү су ұзақтығы - 15 минут.

Марганец қышқылды калий бұлауы. Ол теріні залалсыздандыра ды әрі құрғатады. Оған күн сайын немесе күнара түседі.

Әзірлеу тәсілі: Су ға марганец қышқылды калийдің қою ерітіндісінің бірнеше тамшысын тамызады. Су қызғылт тартуға тиіс. Оған кристалын тастауға болмайды. Себебі теріге ти се, оны күйдіріп, зақымдайды. Бұлауға түсу ұзақтығы - 5 - 10 минут.

Крахмал және сода бұлауы. Бірқатар тері ауруларының тітіркенуін және қышуын басу үшін пайдалы.

Әзірлеу тәсілі: 3 ас қасық крахмалды салқын суға езеді, сосын оған ыстық су құяды да шелектегі суға араластырады. Сода ваннасын жасағанда бір шелек суға 1 ас қасық сода салады. Бұлауға түсу ұзақтығы - 8 - 10 минут, су температурасы - 36 - 370С.

Крахмал немесе сода бұлауына түскен адам денесін сүлгімен сүртпейді, онымен желпіп кептіреді.

Қылқан жапырақты бұлау. Ол шарша ғанды басады, сырқаттың жанын жайландырады, жүйке жүйесін ты ныштандырады, денені сергітіп, жігерлендіреді.

Әзірлеу тәсілі: Жылы суға (35 - 370С) қылқан экстрактісін (сығындысын) қосады. 200 литр суға сұйығынан - 100 мл. ұнтағынан - 50 - 70 грамм. Немесе 1 - 2 таблетка. Мұндай бұлауға 10 15 минут түседі.

Екінші тәсіл: 30 - 35 градус ыстық температурадағы суға қылқан жапырақ сығындысының 2 ас қасығын немесе өсімдіктің бір будасының жартысын салып ерітеді. Оған 10 минуттан артық түсуге болмайды. Глицеринді бұлау. Адам далада жұмыс іс теп әйтпесе күнге қыздырынып, денесінің те рісі күнге күйіп құрғақтанғанында глицеринді бұлауды қолдану өте пайдалы да қажет. Оны құрғақ түлеген беттің те рісіне де пайдаланады.

Әзірлеу тәсілі: Ваннаның тең жартысына дейін 350С температурадағы суды құяды, үстіне ¼ литр глицеринді қосады. Соған түседі.

Құрғақ түлеген бет үшін : үлкен ыдысқа салқын су құяды, үстіне 1 - 2 ас қасық глицерин қосады да араластыра ды. Бетті осы суға батырып, шайқайды. Бұлауды қолданып болған соң сүртінбейді. Кебек қосылған бұлау. Адамның денесі дуылдап, қышыса, жүйкесі қозса, терісі бөртіп, ақ жарғақтанса оған бидай кебегінің (отруби) бұлауы шипалы.

Әзірлеу тәсілі: Бір келі бидай кебегін матадан тігілген қалтаға салады, үлкен ыдысқа құйылған мұздай суда қайнатады. Су қайнағаннан соң да кебек онымен 6 минут бірге қайнауы керек. Кебекті алып тас тап, суын ваннаға құяды.

Екінші тәсіл: екі уыс бидай кебегін дәкеден жасалған дорбаға сала ды, ваннаға құйылатын су ағынына қояды. Ол толғанша кебек сумен араласады. Бұлау суының температурасының қызуы 28 - 300С болуы шарт. Бұлаудан кейін де не терісі нәрленеді, жұм сарады, жылтырайды.

Кебек қосылған бұлаудан кейін де сүлгімен сүртінбей кептіріледі.

Шәлім (шалфей) бұлауы . Сезіну, қозғалыс, жүріс - тұрыс қызметіне қатысты шеткері жүй ке талшықтары жарақат алып ауырса, басқа да әсерден сырқаттанса, қозғалыс - тірек жүйесі зақымға ұшыраса шәлім бұлауын қолданған дұрыс. Ол ауырғанды басады, климакс кезіндегі тершеңдікті өте тежейді.

Әзірлеу тәсілі: 500 грамм кепкен шәлімнің үстіне сақылдап қайнап тұрған 3 литр суды құя ды, оны 3 сағат тұндырып қояды. Сосын оны ваннадағы суға қосып, шомылады.

Түйетікен тұнбасы араластырылған булау. Оны диета ұстағандарға қолдануға кеңес беріледі. Бұлаудың бүл түрінен адам денесінің терісі ширайды, шомырлана түседі.

Әзірлеу тәсілі: 250 грамм түйетіккенді алып, қайнаған суға салып бұқтырады. Сосын судан алып, ваннадағы температурасы 300С су ға араластырады. Тұнба қосылған ванна суы денеге шипалық әсер етеді.

Емен қабығы қосылған бұлау. Бұл бұлауды мынандай сырқаттарға қолданады: микробты жоюға (терідегі), қабынуға, тері аурулары мен көк тамырдың варикоз дық кеңеюіне, тершеңдікке қарсы.

Әзірлеу тәсілі: Емен қабығының 600 грамын ұнтақтайды, суға салып жарты сағат қайнатады, сүзіп алып, оны ваннаға құяды.

Жалбыз (мята) бұлауы. Жалбыздың ем дік қасиеттері өте көп, иісі де әдемі. Жалбыз қосылған бұлауды көбі несе омыртқа буыны ның қабынуына, аллер гияға қарсы қолданып, сол дерттерді сауықтырады.

Әзірлеу тәсілі: Ыдыс тағы 300 грамм кепкен жалбыздың үстіне 5 литр ыстық су құйып 2 - 4 сағат қозғамай қояды. Сонан кейін ваннаға құйып, пайдаланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Цистит — қуықтың қабынуы
Қазақстан жеріндегі тұзды көлдер
ОМЫРТҚААРАЛЫҚ ДИСКІНІҢ ЖАРЫҒЫ
Дененің қызу және суу процестері
Силикатты кірпішті өндіру технология­сы
Гибберилиндердің микробиологиялық өндірісі
Жылқы қорасы жобасының зоогигиеналық негізделуі
Дәрілік зат
Тағамдық ақуыз алу технологиясы
Сәбіз шырынын өндіру желісін жөндеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz