Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы


А Қ П А Р А Т
Ақтөбе облыстық сотының 2010 жылдың 12 айында
сот әділдігін жүзеге асыру және соттар қызметін ұйымдастыру бағытында атқарған жұмыстары жөнінде
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде
1. 1 Қылмыстық істер бойынша
2010 жылы Ақтөбе облысы соттарымен 3656 адамға қатысты 3149 қылмыстық іс қаралған. 2009 жылмен салыстырғанда жұмыс көлемі 13, 1%-ға өскен (3198 адамға қатысты 2784 іс) .
Ағымдағы жылда қаралған істерден 1629 адамға қатысты 1320 іс бойынша үкім шығарылған (1746 адамға қатысты 1441 іс 2009 жылы) . Соның ішінде, 11 адамға қатысты ақтау үкімі шығарылған (2009 ж. -32) .
Облыс соттарымен 2010 жылы 1787 адамға қатысты 1585 іс өндірістен қысқартылған. Соның ішінде, 1475 іс ҚР ҚК 67 бабына сай сотталушының жәбірленушімен татуласуына байланысты, яғни бұл көрсеткіш жалпы қысқартылған істердің 93, 3 пайызын құрайды (2009 жылы 1373 адамға қатысты 1172 іс өндірістен қысқартылған, соның ішінде 1281 тұлғаға қатысты жәбірленушімен татуласуына себепті, немесе 93, 3 пайыз) .
Есеп мерзімінде 69 адамға қатысты 48 іс қосымша тергеуге қайтарылған (2009 жылы - 41/60) .
2010 жылы есеп мерзімінің соңына қалдық істер саны 194, ал 2009 жылы 269 іс.
Қылмыстық істерді қарау сапасы жөнінде айтсақ, үкімнің күшін жоюмен өзгерістер енгізу Ақтөбе қалалық №2 сотында және Мұғалжар, Алға аудандық соттарында орын алған.
Сонымен қатар, судьялар жүктемесінің нормативтік жүктемеден едәуір асуы әлі де сақталуда. Әсіресе, бұл жағдай қалалық №2 сотына тән. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қалалық №2 сотымен қаралған істердің саны жалпы облыс соттарымен қаралған істер санының (3149) 50, 9 пайызын құрады. Яғни облыс бойынша қаралған қылмыстық істердің басым бөлігі қалалық сотта қаралған (1603) . Сонымен қатар, мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотымен қаралған 117 қылмыстық істің 17-і немесе 14, 5% алқа билердің қатысуымен қаралған.
Осыған байланысты, ағымдағы жылда бір айлық жүктеменің орташа көрсеткіші 1 судьяға 9 іс болса, 2009 жылы 6 іс болған. Ал қалалық №2 сотта бір айлық жүктеменің орташа көрсеткіші 1 судьяға 12 істі құраған (2009 жылы - 9 іс) .
Оған қоса, судьяларға қылмыстық істерден басқа негізінен жадығаттарды (сотталғандарды мерзімінен бұрын шартты түрде босату, түзеу колониясының түрін өзгерту, мәжбүрлеп емдеуден босату туралы т. б) қарау заңмен жүктелгені белгілі. Қаралған жадығаттардың санын есепке алған жағдайда қалалық №2 сотында бір айлық орташа жүктеме 1 судьяға 21, 5 істі құрады (2009 жылы 16, 5 іс) .
Сонымен қатар, ағымдағы жылда Ойыл, Ырғыз аудандық соттарында айлық орташа жүктеме 1 судьяға 2 қылмыстық істі құраған.
Жалпы жүктеме көрсеткішінің ұлғаю серпіні 2006 жылдан бастап сақталуда, өйткені қылмыстық істердің соттарға түсуі жыл сайын 80-90 іске көбеюде.
1. 2 Апелляциялық сатыда қылмыстық істерді қарау
2010 жылы апелляциялық сатыда 691 адамға қатысты 530 іс қаралған. 2009 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда, істердің саны ұлғайғаны көрінеді (2009 жылы 572 адамға қатысты 490 қылмыстық іс қаралған) . Яғни, апелляциялық сатыда қаралған істер саны 20, 8% өскен.
Бұл төмендегі диаграммада келтірілген:
Есеп мерзімінің аяғына қалдық істердің саны - 17 (2009 жылы -23) .
2010 жылы апелляциялық сатыға қаралуға түскен істердің 70-і апелляциялық наразылықпен, 420-сы апелляциялық шағымдармен, ал 41-і наразылық және шағымдармен түскен.
2010 жылы қаралып қосымша тергеуге жолдаумен аяқталған істерден (69/48) 39 қылмыстық іс (54 адамға қатысты) апелляциялық сатыдан өткен. 12 іс бойынша 15 адамға қатысты қаулының апелляциялық сатыда күші жойылып, 27 қылмыстық іс бойынша қаулы өзгеріссіз қалдырылған.
Бұл өткен 2009 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда (20 адамға қатысты іс) қосымша тергеуге қайтарылған істер санының өскенін айқындайды. Сонымен қатар, өткен жылы соттардың 10 адамға қатысты істі қосымша тергеуге жолдау туралы қаулыларының күші жойылған.
ҚІЖК-нің 110 бабы тәртібімен 84 жадығат қаралып, олардан 72 адамға қатыстысы өзгеріссіз қалдырылған, 12 адамға қатысты қаулының күші жойылып, 7 адамға қатысты «қамауға алу» бұлтартпау шарасынан бас тартылған және 5 адамға қатысты «қамауға алу» бұлтартпау шарасы қолданылған.
Сонымен қатар, ҚІЖК-нің 109 бабы тәртібімен 30 жадығат, 453 бабымен - 73 жадығат қаралған.
Алқаға қарауына түскен істер бойынша үкімдердің заңдылығы дер кезінде тексеріліп, бірінші сатыдағы соттардың жіберген қателіктері өзгерістер енгізу арқылы қалпына келтірілді. Сонымер қатар, заңда белгіленген тәртіппен сот үкімдерінің күші жойылып, жаңа үкімдер шығарылды және сот үкімдерінің күші жойылып, қылмыстық істер соттың қайта қарауына жолданған.
Атап айтқанда, есеп кезеңінде апелляциялық сатыда қарау нәтижесінде 521 адамға қатысты үкімдер заңды күшінде қалдырылса, 61 (1, 8%) адамға қатыстысы өзгертіліп, 33 (0, 9%) адамға қатысты үкімдер күші жойылды. (2009 жылы 16 адамға қатысты үкімдердің күші жойылған (0, 5%), өзгертілген үкімдер саны 1, 9%) . Жалпы ағымдағы жылда қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру сапасы 0, 3% төмендеді (2, 4% - 2009 жылы, 2, 7% - 2010 жылы) .
Жоғарыда көрсетілгендей, есеп кезеңі ішінде 33 адамға қатысты күші жойылған үкімдер бойынша қылмыстық істі соттың жаңадан қарауына жіберумен 16 адамға, қылмыстық істі қосымша тергеуге жолдаумен 3 адамға, жаңадан үкім шығарумен 13 адамға және сотталушының жәбірленушімен татуласуына байланысты өндірістен қысқартумен 1 адамға қатысты үкімдердің күші жойылған. Оның 28 адамға қатысты үкімдерінің күші 2010 жылдың бірінші жартыжылдығында жойылған . Бұл көрсеткіштің 2009 жылмен салыстырғанда /16 адамға қатысты/ көбейгенін көрсетеді.
Сот үкімдерінің апелляциялық сатыда өзгертілу негіздері
Сот үкімдерінің апелляциялық сатыда өзгертілу негіздеріне тоқталсақ, 61 адамға қатысты үкімдердің өзгертілуі төмендегі негіздерге байланысты орын алған:
- сотталғанның әрекетін саралауды өзгертіп жаза мөлшерін өзгеріссіз қалдырумен байланысты - 6 адамға қатысты немесе жалпы сотталғандар санының 0, 9, %) ;
- сотталғанның әрекетін саралауды өзгертіп жаза мөлшерін азайтумен байланысты - 8 адамға қатысты немесе жалпы сотталғандар санының 1, 2%) ;
- сотталғанның әрекетін саралауды өзгертпей жаза мөлшерін азайтумен байланысты- 27 адамға қатысты немесе жалпы сотталғандар санының 3, 9%) ;
- жаза өтеу колониясының режимін өзгертумен байланысты - 1 адамға қатысты немесе жалпы сотталғандар санының 0, 2 %) ;
- үкімнің азаматтық талапты шешу бөлігін өзгертумен - 1 адамға қатысты немесе жалпы сотталғандар санының 0, 2 %) ;
- басқа негіздерге байланысты - 18 адамға қатысты немесе жалпы сотталғандар санының 2, 6%) ;
Өзгерістерге негіз болған бірінші сатыдағы соттардың қателіктерін
талдау жұмысы төмендегіні анықтады. Соттардың көбі ҚР ҚК-нің 52 бабында белгіленген жаза тағайындау талаптарын сақтаған. Сонымен қатар, тым қатаң жаза тағайындау фактілері де орын алған.
Мысалы, Алға аудандық сотының 2 ақпан 2010 жылғы үкімімен Украина азаматы Ю. Сенин ҚР ҚК-нің 330-1 бабымен Казақстаннан еріксіз шығару туралы сот қаулысын орындамағаны үшін 1 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған /судья Ж. Олжаш/. Іс құжаттарынан Ю. Сениннің бұрын соңды сотталмағандығы, кінәсін мойындап қынжылатындығы, әкімшілік тәртіпте қолданнылған шараның орындалмауының себебін құжаттарын жоғалтып алуымен түсіндіретінін тиісті түрде ескерілмей, сот ҚК-нің 330-1 бабының санкциясымен альтернативтік шара түрлерін қолдануды талқыламаған. Осыған байланысты тағайындалған жазаны апелляциялық сот алқасы тым қатаң деген тұжырымға келіп, үкімнің жаза тағайындау бөлігі айыппұл тағайындаумен өзгерткен.
Осындай қателіктердің жіберілуі себебімен Ақтөбе қалалық №2 сотының ҚК-нің 175 бабының 1 бөлігімен 1 жыл бас бостандығынан айыруға сотталған М. Шунгалинаға қатысты үкім ҚК-тің 63 бабын қолдануға өзгертілді /судья М. Дуйсен/.
Сондай-ақ, осы соттың С. С. Подгайныйға қатысты үкімі де өзгертілді /судья З. Г. Шмирова/. С. С. Подгайный «Шығыс» базарынан жасырын түрде 5. 415 тенге тұратын су-эмульсиялық сырды ұрлауға оқталғаны үшін, алайда өзінің ниетіне байланысты емес жағдайларға себепті, яғни әрекеті әшкереленіп, ұсталып қалынуына байланысты ҚК-нің 24 бабы 3 бөлігі, 175 бабының 1 бөлігімен айыпты деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған. Жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.
Алайда, сот сотталушының жасаған әрекетінің онша ауыр емес қылмыстар қатарына жататынын, санкциясында жазаның жеңілірек түрлері қарастырылғанын, зиянның өтелгенін, кінәсін мойындағанын, жәбірленушінің қатаң жазаламауды сұраған өтінішін ескермей, іске қатысушы прокурордың негізсіз қолдауымен С. С. Подгайныға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Апелляциялық сот алқасымен С. Подгайныйға тағайындалған жаза қоғамдық жұмыстарға бейімдеу жазасымен өзгертілген.
Жергілікті соттар жаза тағайындағанда қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау тәртібін, яғни ҚК-тің 58 бабының 6 бөлігі талаптарын сақтамау орын алды /Мұғалжар аудандық соты, судья Ш. Алнияз/.
Республика соттарының 2010 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысының қорытындылары бойынша Жоғарғы Сот судьяларының кеңейтілген кеңесінің хаттамалық шешімінде келтірілген сын Ақтөбе облысының жергілікті соттарының ауырлығы орташа және онша ауыр емес қылмыстарға жаза тағайындау тәжірибесіне де қатысты. Осыған байланысты алдағы уақытта жергілікті соттардың аталған қылмыстар түріне байланысты істер бойынша жаза тағайындау жұмысы апелляциялық сот алқасының тұрақты бақылауында. 2010 жылдың 4-ші тоқсанында аталған хаттамалық шешімді орындау мақсатында алынған пәрменді шаралар нәтижесінде, жергілікті соттардың ауырлығы орташа және онша ауыр емес қылмыстарға жаза тағайындау тәжірибесі тұрақтанды.
Сот үкімдеріне өзгерістер енгізуге негіз болатындай қателіктер төмендегі жергілікті соттар судьяларының жұмысында орын алған: Актобе қалалық №2соты судьялары Б. С. Мушатова (7 адамға қатысты), Р. С. Ахметова (6 адамға қатысты), Р. С. Мухамбеткалиева (7 адамға қатысты), З. Г. Шмирова З. Г. (4 адамға қатысты), Мұғалжар аудандық соты судьясы Ш. Алнияз (4 адамға қатысты), Алга аудандық соты судьясы Ж. А. Олжаш Ж. А. ( 3 адамға қатысты) .
Сот үкімдерінің күшін жою негіздері
Жоғарыда көрсетілгендей есеп кезеңі ішіңде 33 адамға қатысты сот үкімдерінің күші жойылған. Апелляциялық тәртіппен күші жойылған үкімдердің көбею себептерін анықтау осы жылда жіберілген қателіктердің қайталанбауын қамтамасыз етудің бір жолы.
Осыған байланысты үкімдердің күшін жою себептерін талдағанда 8 адамға қатысты үкімдердің жаза тағайындаудың талаптары сақталмауына байланысты жойылғанын және бұл себептер процессуалдық заңға өзгеріс енгізілуіне байланысты орын алғаны анықталған. Өйткені, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа алынған «Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу Кодексіне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 10 желтоқсан 2009 жылғы № 227-1V ҚР Заңының талаптары бойынша, ескі заңмен өзгерістерге негіз болатын қателіктер жаңа заңның талабы бойынша үкімнің күшін жоюға негіз ретінде қарастырылған.
Мысалы, Мұғалжар аудандық сотының 31 наурыз 2010 жылғы үкімімен И. Балжигитов, Н. Игісін, С. Тагабергенов, А. Жакин және К. Куздибаев "Арлан-секьюрити" ЖШС-нің күзетшілері болып, 2008 жылдың мамыр-тамыз айларының аралығында Мұғалжар ауданы Жаңажол поселкасында орналасқан "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ-ның өндірістік-техникалық және жабдықтармен жинақтау басқармасының базасына тергеумен анықталмаған тұлғаларды техникаларымен заңсыз кіргізіп, аулада сақтаулы тұрған жалпы құны 29035862 теңге тұратын 80, 57 тонна трубаларын-«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның мүлкін ірі мөлшерде жасырын ұрлағандары үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысы ҚР ҚК-нің 175 бабының 3 бөлігінің "б" тармағымен 3 жылға бас бостандығынан айыруға ҚК-нің 63 бабына сәйкес шартты түрде сотталған.
Сотталғандарға қылмыстың сипаты мен қауіптілік дәрежесі ескерілмей, тым жеңіл жаза тағайындалуына байланысты апелляциялық сот алқасының 20 мамыр 2010 жылғы қаулысымен соттың үкімінің күші жойылып, жаңа айыптау үкімі шығарылды. Аталмыш сот алқасының үкімімен ҚР ҚК-нің И. Балжигитов, Н. Игісін, С. Тагабергенов, және К. Куздибаев ҚР ҚК-нің 175 бабының 3 бөлігінің «б» тармағымен әрқайсысы 3 жылға бас бостандығынан айыруға, мүліктерін тәркілеуге, жазаны түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге сотталған.
Апелляциялық сот алқасының 25 мамыр 2010 жылғы қаулысымен ҚК-нің 179 бабының 2 бөлігінің "а, г" тармақтарымен 5 жылға бас бостандығынан айыруға ҚР ҚК-нің 63 бабына сәйкес шартты түрде сотталған Б. А. Наренбаевқа қатысты Ақтөбе қалалық №2 сотының 6 сәуір 2010 жылғы үкімнің күші жойылып, жаңа айыптау үкімі шығарылған, прокурордың наразылығы ішінара қанағаттандырылған. Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған. Алқа Наренбаевтың қылмысты 15 жасында жасағанын, оған жәбірленушінің кешірім бергенін ерекше мән-жай деп танып, ҚК-нің 55 бабының талаптарына сай қылмыстық заңда көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза - 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
Сонымен қатар, сот үкімдерінің күшін жоюға әкеп соқтырған басқа да себептер орын алған.
Атап айтқанда, 14 адамға қатысты үкімдер қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауына байланысты, 11 адамға қатысты үкімнің күші сот тергеуінің толық еместігіне байланысты жойылған.
Сот тәжірибесін талдау көрсеткендей, соттардың қылмыстық заңды қате қолдануы, яғни сотталушының әрекеттеріне құқықтық баға бергенде жіберілетін қателіктер сот тергеуінің үстіртін өткізілеуіне тіке байланысты болады.
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 25 маусым 2010 жылғы үкімімен А. Калашников ҚР ҚК-нің 103 бабының 3 бөлігімен 9 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған. Осы үкіммен Ю. В. Шмидт ҚК-нің 364 бабымен ақталған.
Аппеляциялық сот алқасының 13 тамыз 2010 жылғы қаулысымен сот үкімінің күшін жойылып, прокурордың наразылығы қанағаттандырылған.
18 тамыз 2010 жылғы сот алқасының үкімімен А. Калашников ҚР-нің 96 бабының 1 бөлігімен айыпты деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айыруға, Ю. Шмидт ҚР ҚК-нің 364 бабымен айыпты деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталған.
Алқа, жаңадан айыптау үкімін шығарғанда бірінші сатыдағы сотпен ҚІЖК-нің 24 бабының 1 бөлігінің талаптарының орындамағанын, сот тергеуінің біржақты, толық емес жүргізілгендігін және істің дұрыс шешілуіне негіз болатын нақты мән-жайлар анықталмағанын, сондай-ақ, жәбірленуші Г. Паламарчуктің өліміне себеп болған тесіліп-кесілген ауыр жарақаттар қысқа мерзімде оның өміріне маңызды органы-ішіне, сол жақ иық қан тамырларына пышақпен салынғандығын ескерген.
Ақтөбе қалалық №2 сотының 20 қаңтар 2010 жылғы 11 адамға қатысты үкімімен 2 тұлға тағылған айыптан толық көлемде ақталып, 9 тұлға тағылған айыптың бөлігімен сотталған. Атап айтқанда, жалған кәсіпкерлікпен алдын-ала сөз байласып, топтасып, бірнеше рет айналысқандары үшін Д. Жолымбетов және тағы басқалар сотталған. Сот үкімімен Д. Жолымбетов ҚК-нің 192 бабының 2 бөлігі «а, б» тармақтарымен мүлкін тәркілеп 6 жылға бас бостандығынан айыруға, Н. Проценко, Р. Жалекенова ҚК-нің 192-1 бабымен 9 айға бас бостандығынан айыруға, Утегенова, Байжаркинова, Утепова ҚК-нің 192-1 бабымен 2 жылға бас бостандығынан айыруға шартты түрде, Канатбаева, Даулыбаева ҚК-нің 192 бабының 2 бөлігі «б» тармағымен, Даулыбаева Ж. М. ҚК-нің 192 бабының 2 бөлігі «а, б» тармақтарымен - 3 жылға бас бостандығынан айыруға шартты түрде сотталған.
Осы үкіммен Д. Жолымбетов ҚК-нің 235 бабының 1 бөлігімен, 28 баптың 2 бөлігі, 222 баптың 1 бөлігімен, Н. Проценко, Р. Жалекенова, К. Утегенова, Б. Байжаркинова, Н. Канатбаева, А. Утепова, Даулыбаевалар ҚК-нің 28 бабының 2 бөлігі, 222 бабы 1 бөлігімен, Д. Сералин мен А. Тампишев ҚК-нің 192 бабының 3 бөлігіндегі «а» тармағымен және 28 бабы 2 бөлігі, 222 бабы 1 бөлігімен әрекеттерінде аталған қылмыстардың құрамы болмауы себепті ақталған.
Апелляциялық сатыда сот үкімі іс бойынша жүргізілген сот тергеуінің толық еместігіне, сотталғандардың әрекеттерінің қате саралануына байланысты күші жойылып, бірінші сатыдағы соттың қайта қарауына жолданған.
Сонымен қатар, Ақтөбе қалалық №2 сотының 11 адамға, яғни Жолымбетов және басқаларға қатысты сот үкімінің күшін жою себептерін сот тергеуінің үстіртін өткізілуіне байланыстыру негізсіз, өйткені бірінші сатыдағы соттың сот тергеуі нәтижесінде жасаған тұжырымдары сотталушыларға айыпқа тағылған материалдық заңның түсініксіздігін, жалған кәсіпкерлік бойынша тергеу мен сот тәжірибесінің аздығын және істің күрделілігін айқындайды. Осыған байланысты сот айыптың бірнеше бөлігіне сын көзбен қарап, айыпты қолдап ұсынылған бірқатар дәлелдемелерге сынды баға берген. Аталған жағдайлар ескеріліп, қылмыстық іске төрағалық еткен судья Г. С. Әжіғалиеваға сот үкімінің күшін жоюға негіз болған қателіктерді жібергені үшін жеке қаулы шығарылып, судьяның жауапкершілігі жөнінде мәселе облыстық соттың пленарлық отырысында талқыланып, оның бұрын-соңды заң бұзушылыққа жол бермегені, сот төрелігін сапалы түрде атқаратыны ескерілді.
Үкімдердің күшін жоюға негіз болған қателіктер төмендегі жергілікті соттар судьяларында орын алған: Актобе қалалық №2 соты судьялары Г. С. Әжіғалиева (13), М. Дуйсен (3), Мұғалжар аудандық соты судьялары Н. Әжіғалиева (6), Ш. Алнияз (2), ауданаралық мамандандырылған қылмыстық соты судьясы М. А. Сисенова (2) .
Апелляциялық сатымен алдын-ала тергеу барысында және сот отырысында жіберілген қателіктерді жою және болашақта болдырмау мақсатында бірқатар шаралар алынған. 2010 жылы апелляциялық сатымен 10 жеке қаулы шығарылған, 2009-шы жылмен салыстырғанда 28 жеке қаулыға кем. Бұл көрсеткіш жергілікті соттардың қылмыстық істер қарағанда қылмысты жасауға себеп болған жағдайларға және алдын-ала тергеу сапасына қатысты жеке қаулылар шығарып, шара алғандықтарын көрсетеді, өйткені ағымдағы жылда жергілікті соттармен 171 жеке қаулы шығарылған .
Апелляциялық сатыда шығарылған жеке қаулыларға дер кезінде жауап қайтарылу қадағаланып, жеке қаулыларда аталған кемшіліктер жөнінде шаралар алынған.
Сонымен қатар, істерді сот мәжілісінде қарауда, құжаттарды жасақтау барысында орын алған кемшіліктер туралы жергілікті соттарға алқа атынан 30 ұсыныс хаттар жіберілген.
Апелляциялық сатыда қаралған істердің басым бөлігі заңда белгіленген мерзімде ҚР ҚІЖК-нің 422 бабының талаптарына сай ресімделген,
Қадағалау тәртібінде үкімдерді өзгерту мен күші жойылуы
Алқаның апелляциялық тәртіпте қабылдаған қаулыларының заңдылығы тексеріліп, кейбір сот үкімдерін өзгеріссіз қалдыруды қарастыран апелляциялық қаулылар өзгерістерге ұшыраған.
Атап айтқанда, ҚР ҚК-нің 209 бабының 1 тармағымен экономикалық контрабанда бойынша сотталған А. Бикеев пен В. Легайға қатысты 2 үкім мен апелляциялық сот алқасы қаулыларының өзгертілу себебі - мемлекет пайдасына өндіруге шешілген соманың мөлшері 3000 АҚШ долларына дейін азайтылған, өйткені бірінші сатыдағы соттар мен апелляциялық сот алқасы ҚР-ның 13 шілде 2005 жылғы «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңының 18 бабы 2 бөлігінің талаптарын ескерусіз қалдырған. Аталған заңның талабы бойынша, ҚР шекарасынан декларациясыз 3000 АҚШ долларына дейінгі мөлшерде ақша алып өтуге рұқсат етілген. Осыған байлынысты, экономикалық контрабанда жасағандардың жауапкершілігі қаралғанда, іс бойынша айғақтар заттар - валюталарды мемлекет пайдасына өткізу туралы шешім аталған талаптарға сәйкес қабылдануы қажет/судьялар М. Е. Байжанов, О. Бактыгереев, баяндамашы А. Ж. Балмуханов А. Ж. /
Есірткі заттарды заңсыз иемдену, сақтау, сату бойынша сотталғандар В. Мацаков, М. Хмелевскилерге қатысты үкімдер мен апелляциялық сатының қаулыларына төмендегі өзгерістер енгізілген. ҚК-нің 259 бабы 3 бөлігі «в» тармағымен 8 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған М. Мацаковтың қылмыстық әрекеттері 28 баптың 5 бөлігі, 259 баптың 1 бөлігімен қайта дәрежеленіп, соңғыға 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Есірткі затын аса ірі мөлшерде сатусыз сақтағаны үшін сотталған М. Хмелевский жөніндегі үкім ҚК-нің 55 бабын қолдану арқылы мүлкін тәркілеу туралы қосымша жазаны алып тастаумен өзгертілген, өйткені аталған қосымша жазаны қолдану сот үкімінде дәлелденбеген /судьялар Б. С. Мушатова, Г. С. Әжіғалиева, баяндамашылар С. К. Елтүзер, Д. С. Койлыбаева/.
Алдын-ала тергеу барысында жіберілген ҚІЖК-нің талаптарын сақтамаушылық, бірінші саты сотымен және апелляциялық сот алқасымен ескерусіз қалдырылуына байланысты, ҚК-тің 314, 177 баптарымен сотталған Х. Мендіғалиев жөнінде қабылданған сот актілері ішінара өзгертілген /судья Ж. Султанова, баяндамашы А. С. Кулбосынова /.
Жаза тағайындау туралы заң талаптарының сақталмауына байланысты екі адамға қатысты үкімге өзгеріс енгізілген. Бұрын соңды сотталмаған А. Танабергеноваға ҚК-тің 259 бабы 3 бөлігінің «а, б, в» тармақтарымен 10 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған, жазаны өтеу орны ретінде түзеу колониясының қатаң режимі қате белгіленген /судья М. А. Сисенова, баяндамашы К. Е. Бимурзаев/
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz