Көбею және даму


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

КӨБЕЮ ЖӘНЕ ДАМУ.

Дүние жүзіндегі ағзалар минут сайын әр түрлі себептерге байланысты тіршілігін жойып отырады, бірақ осыған қарамастан, Жер шарыңдағы тіршілік тұрақты болады. Осы тұрақтылықтың қамтамасыз етілуі тірі ағзалардың көбею қарқынына байланысты. Ағзалардың көбеюі алуан түрлі болып келеді, бірақ оларды топтастырып жыныссыз және жынысты жолмен көбею деп екіге бөлеміз. Жыныссыз көбеюдің жолдары 2-кестеде берілген, ал жынысты жолмен көбею аналық және аталық гаметалардың қосылып, зигота түзілуіне байланысты, яғни ағза ұрықтанған бір жасушадан дамиды.

Ағзалардың көбеюі мен жеке дамуы жасушаның бөліну барысына негізделген. Жасушаның негізгі қасиеттерінің бірі-оның бөлінуге қабілеттілігі. Жасушаның бөлінуінің үш жолы бар:

1. Амитозды немесе тікелей бөліну - мұнда ядро екіге бөлінеді (қарапайым жасушалардың бөлінуі) .

2. Мейозды бөліну-оның нәтижесінде жыныс жасушалары пайда болады.

3. Митоз немесе күрделі бөлінуі Сома (дене) жасушалары осы жолмен бөлінеді.

Мұндай жасушаның бөліну жолдары көбею барысының маңызды кезеңі болып табылады. Тұкымқуалаушылықтың негізгі қызметін ядро жиынтығы атқаратын болғандықтан митоздық бөлінуге кеңінен тоқталамыз. Митоз (грекше «митос» - жіп) деген мағынаны білдіреді. Митоздың бөлінуі кезінде жасушалардың барлығында, әсіресе хромосомаларда, күрделі өзгеріс болады. Митоз екі кезеңнен түрады:

1) митозды белінуге дайындық кезеңі - оны интерфаза деп атайды.

2) бөліну кезеңі (митоз) .

Интерфаза кезеңінде митоз әрекетіне қажетті заттар синтезделеді. Сондықтан да, оны дайындық кезеңі деп атайды. Интерфазада тұқым қуалаушылықпен тығыз байланысты мынадай дайыңдықтар жүреді.

1. Бұл уақытта жасушадағы заттар нуклеотидтер, аминқышқыддары, ферменттер, т. б. жинақталады. Хромосомалар екі еселенеді. Екі еселенген хромосомалардың әрқайсысы екі бөліктен тұрады, оларды - хроматидтер деп атайды. Әрбір хроматидтердің кұрамыңда ДНҚ молекуласы болады. Сонымен қатар РНҚ мен ақуыз синтезделеді.

2. АТФ синтезделеді, ол энергия жасушаларының боліну кезіңде жүмсалады.

3. Жасушаның орталығы және әр түрлі маңызды органоидтар синтезделіп, олар бөліну әрекетіне қатысады. Осындай дайьшдыктар аяқталысымен жасуша боліне бастайды.

Жасуша ядросының бөлінуі митоз төрт фазадан тұрады: профаза, метафаза, ашфаза жөне телофаза Профаза -амитоздың бірінші фазасы. Мұнда ядроның торлы кұрылысы хромосома жіпшелеріне айналады. Осы кезде ядро ісініп, хромосомалар ширатылады, осыған байланысты ДНҚ-ның жіпшесі бірнеше есе қысқарады және жуаңдайды оны жарықтың I көмегімен көрсететін микроскоппен де көруге болады.

Бұл кезде ДНҚ-сы еселенген хромосомалардың мөлшерін, пішінін кұрылысын және санын анықтауға болады. Хромосомалар дегеніміз - созылыңқы тығыз денешік. Олар үзбелене бөлінген бірнеше бөліктерден тұрады. Алғашкы бөлік (керме грекше «мерос- бөлік) және екінші реттік бөлікті көруге болады.

Хромосомалардың әрқайсысы ширатылған екі жіпшеден тұрады, оларды хроматидтер немесе жас хромосомалар деп атайды. Профазаның аяғында жасушаның орталығы екіге бөлінеді де, экватордың қарсы полюстеріне қарай ажырайды жөне олардың арасын бөліну шүйкесі байланыстырады. Бөліну шүйкесі негізінен ақуыздан тұрады. Прометафазада ядро қабықшасы еріп, ядрошықтар жойылады да, хромосомалар цитоплазмаға таралады. Бұл әрекет метафазаның басталғанын білдіреді.

Метафазада хромосома қабығы - түпнегізді байқауға болады. Ол профазада пайда болып, телофазаға дейін сақталады. Зерттеулердің нәтижесі хромосома қабықшасы ядролық заттарынан пайда болатынын дәлелдеді Метафазада хромосомалар түгелімен жасуша эквагорына жинақтала бастайды., Экватор жазықтығына жинақталған хромосомалардың әркайсысы бөліну шүйкесі жіпшелеріне жабысады. Осыдан кейін бөліну шүйкесіне бекінген хроматидтер жасушаның екі жақ полюсіне жылжиды Бұл әрекет анафазаның басталғанын білдіреді.

Анафазада хромосомалардың орталық бөліктерінің бөлінуі нәтижесіңде хроматид жіпшелері бір-бірінен ажырап, жеке хромосомаларға айналады. Бөліну шүйкесі жіпшелерінің тұтқырлығы артады. Осыған байланысты хромосомалар жасушаның екі жақ полюсіне тез жылжиды. Бөліну шүйкесі кысқарады, Осы жүріп жатқан процестерге АТФ энергиясы жұмсалады. Анафазаның аяғында хромосомалардың шиыршығы жазылады. Осыған байланысты хромосомалар біртіндеп ұзарады және жіңішкереді. Бұл телофазаның бастамасы. Телофазада профаза сатысының барысына қарама-қарсы әрекеттер жүреді. Жасу шаның полюстеріне жақындаған хромосомалар бұрынғы пішінін жоғалтып, щиратылады да ұзын жіпшелерге айналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вегетативтік көбею
Вегетативтік жолмен көбею
Өсімдіктердің көбеюі және табиғатта таралуы
Өсімдіктердің құрылысы
Көбею - тірі ағзалардың ортақ қасиеті
Жертану пәнінен дәрістер кешені
Жанама тамыр
Көбеюдің мәні
Жыныссыз көбею
Жынысты және жыныссыз көбею
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz