Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын құқықтық қорғау мәселелері


МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

І Тарау. Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын құқықтық қорғау мәселелері . . . 6

1. 1. Адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құқықтық қорғау . . . 6

1. 2. Балалардың табиғи құқықтарын қорғау мәселелері . . . 16

ІІ Тарау. Баланы ауыстыру үшін қылмыстық жауаптылық мәселелері

2. 1. Баланы ауыстыру қылмысын саралау . . . 23

2. 2. Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жеке құрамдары . . . 26

Қорытынды . . . 52

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 54

Кіріспе

Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына биылғы Жолдауында біздің Конституцияның әлемде демократиялық қоғамның негізгі міндеттеріне сәйкес келетіні танылып отырғандығын, егер атына сын айтылып жұрсе, оның ережелерінің орындалуына ғана қатысты болып жүргендігін, онда берілген құқықтар мен мүмкіндіктер әлі де болса толығымен игерілмей келе жатқандыгын айта келе, ең әуелі қолданылып жүрген Конституциямыздың әлеуетін барынша пайдалануымыз қажет екендігін басып көрсетті.

Расында да, 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Ата Заңымыз - Қазақстан Республикасы Конституциясының мағынасы мен мәніне тереңінен жугінсек, оның Қазақстандағы азаматтарды құқықтық қорғау, олардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайту женіндегі негізгі заң екендігін аңғару қиын емес. Конституцияның 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарың /1/ деп айқыннан-айқын көрсетілуі осы пікірдің нақты дәлелі болса керек.

Құндылық салыстырмалы түрде айқындалады демекші, біздің қолданыстағы Конституциямыздың, казақ жерінде мұнан бұрын қолданылған конституцияларды былай қойғанда, әлемдік деңгейдегі мамандардың оң бағасын алғандығын ақпарат кұрадаарынан оқып, біліп жүрміз. Демократия үстемдік құрған әлемдік мемлекет - Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы сол кездегі елшісінің өз мемлекетінің басшыларына жаңадан қабылданған біздің Конституция туралы жағымды баяндама жолдағанымен де таныспыз.

Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларында адамның құқықтары мен бостандықтарынын табиғилығын тану қазақстандық коғамның демократиялануға талпынғандығының айғағы. «Табиғи бөлінбейтін, айырылмайтын кұқықтарң деген сияқты ұғымдар бұрынғы кеңестік конституцияларға тән емес еді, ал ғылымда негізінен мемлекет пен қ. ұкықтың, я болмаса шет елдердін, конституциялык, құрылымдарының тарихын зерттеумен ғана байланыстырылатын. Сондықтан бұл турғыдан алғанда жаңа Конституция - адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жағынан біздің кезекті алға жылжуымыз.

Адамның табиғи айыруға жатпайтын құқықтарын мойындап, оларды негізгі конституциялык құқықтар мен бостандықтарда бекіте отырып, Негізгі заң оларды қорғау механизмдерімен қамтамасыз етті. Қазақстан Республикасының Конституциясымен құқықтар мен бостандықтарды қорғаудың екі маңызды - соттық және әкімшілік құралдары бекітілген.

1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде (оның ерекше бөліміндегі нормалар 16-тараудан тұрады) біз карастырып отырған тақырып, яғни баланы ауыстыру отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар деп аталатын екінші тарауда көрсетілген және соның ішінде бап-баппен тізіліп көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінін, 2-бабында адам мен азаматтың құқықтары, мен заңды мүдделерін корғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. Қазакстан Республикасының барлық заңдары адамды, оның құқықтары мен бостандыктарын қорғауға әр уакытта артықшылықтар береді. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады, соның ішінде жеке адамның бостандығына кол сұғатын әрекеттерге карсы күрес жүргізуде қылмыстық заңның маңызы зор. Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы кылмыстардың жеке кұрамдары Қылмыстық Кодекстің 131-140-баптарында тікелей көрсетілген. Қазіргі танда 1997 жылы 16 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне сәйкес отбасына және кәмелетке толмағандарға зиян келтіру құқықка карсы әрекеттердің жиынтығын кұрайды, бұл түрлі қылмыстар мен қылмыс кұрамдарында көрініс табады.

Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар ерекшеліктерін арнайы зерттеудің өзектілігі, жаңа Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару заңдарында орын алып отырған өзгеріс - жаңалықтарға байланысты. Сонымен қатар, бұрынғы Кеңес Одағы құрамындағы және қазіргі Қазақстан Республикасында отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар туралы біраз еңбектер жарыққа шыққаны жалпыға мәлім. Алайда, ерекше бір айтатын мәселе - отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар бойынша жаңа заңға көптеген өзгерістер енгізілгеніне қарамастан, біздің елімізде ғылыми зерттеулер жүргізілмеген. Осыған орай, сот, құқық қорғау органдарының жұмысында, мекемелердің іс-әрекетінде әр түрлі методикалық олқылықтар кездеседі. Міне, осы айтылған жағдайларға байланысты отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстарды оның ішінде баланы ауыстыруды, арнайы зерттеудің өзектілігі талас туғызбайды.

І Тарау. Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын құқықтық қорғау мәселелері

1. 1. Адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құқықтық қорғау

Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары ретінде осы субъектілердің Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтары түсініледі. Кейде бұл құқықтарды тұлғаның негізгі құқьіқтары мен бостандықтары деп атайды.

Әдебиетте "қазіргі кезде адамның негізгі құқықтары ретінде . . . мемлекеттің конституциясы мен адам құқықтары жөнінде халықаралық құқықтық құжаттарда белгіленген құқықтарды түсіну керек . . . " делінген ой бар /2/. Сонымен қатар "адамның кез келген негізгі құқығы конституциялық бекітілуіне карамастан әрбір қатысушы мемлекет тарапынан танылуы қажет", - дөген пікірді деп айтып кетуіміз керек /3/. Осы көзқарас көптеген заңгер ғалымдармен құпталады. Мәселен Л. Д. Воеводин адам мен азаматтың құкықтары мен бостандықтары жөнінде әңгіме көтерілгенде, ең алдымен Адам құқықтарының жалпылай декларациясы мен халык, аралық пактілерде жарияланған, сондай-ак ұлттық конституцияларда жазылған құқықтар туралы айтылады және де осы құқықтар, бостандықтар мен міндеттер барлық жүйенің аз ғана бөлігін кұрағанымен оның символы болып табылады, - деп айтады. Бұл ғалым конституциялық құқықтар мен бостандықтар туралы айта келе, "олар үшін бірқатар белгілер тән:

  1. конституциялық құқықтар, бостандыктар және міндеттер негізгі болып табылады;
  2. құқықтардың, бостандык, тар мен міндеттердің барлық жүйесі үшін заңи негіз болып табылады;
  3. ең жоғары зандық күшке ие;
  4. күшейтілген түрде қорғалуы тиіс;
  5. "бұл құқықтар мен міндеттердің конституцияда болу-болмауына қарамастан. қоғамдық санасезімде олар дәстүр бойынша негізгілерге жатқызылады"-дейді /4/ Іргелі құқықтар ретінде конституциялық құқықтарды тану және соңғыларды негізгі құқықтар ретінде қарастыру әдетке айналды деген де пікір қалыптаскан /5/. Демек, әдебиетте адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары негізгі және негізгі емес деген екі топқа бөлінеді. Бірақ бұл дегеніміз, негізгі емес кұқықтарды екінші сорттағыларға жаткызу емес, негізгі құқықтар мен бостандықтардың түлғаның күқықтык. мәртебесінің ядросын құрайтынын және осылардан көптеген басқа да құқықтардың туындау мүмкіндігін көрсетеді /6/. Түлғаның негізгі-құқыктары мен бостандықтары екі топтан тұрады. Олар:

1) конституциялық құқықтар мен бостандықтар конституцияларда бекітілген құқықтар мен міндеттер) ;

2) негізгі халықаралык, құқықтық актілерде бекітілген тұлғаның құқықтары мен міндеттері.

- Демек, конституциялық құқықтар мен бостандықтар барлық жағдайларда негізгі құқықтар болып табылады. Ал тұлғаның негізгі құқықтар мен бостандықтары болса тек конституциялық құқықтар мен бостандықтардан ғана құралмайды, олардың құрамына халықаралық құқықтық актілерде бекітілген құқықтар мен бостандықтар да кіреді.

Бұл қорытындымыз өте маңызды, өйткені халықаралық құжаттарда бекітілген құқықтар мөн бостандықтардың барлығы конституцияларда жазыла бермейді. Сонымен қатар халықаралық құқықтык актілерді өздері үшін міндетті деп тану әрбір мемлекеттің егеменді құқығы екенін ұмытпауымыз керек. Яғни негізгі халықаралык, құқықтық актілерге кейбір мемлекеттер қатыспауы мұмкін.

Ал негізгі халықаралық құқықтық актілерге қандай құжаттарды жатқызуға болады?

Олар: 1948ж. Адам құқықтарының жалпылай декларациясы; 1966 ж. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті мен оған екі қосымша хаттама; 1966 ж. Экономикалық әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакті. Бұл құжаттардың қатарына аймақтық халықаралық құқыктық актілер жатқызылмайды.

Жоғарыда аталған халықаралық актілерге кейбір мемлекеттердің қатыспауын мәселе ретінде айтып кету керек. Мәселен Қазақстан осы күнгедейін адам құкықтары жөніндегі екі халықаралық пактіге қосылмаған. Оларға республикамыздың қатысуы ерте ме, кеш пе болатын нәрсе, бірақ бүгінгі осы құжаттарда бекітілтен құқықтар мен бостандықтар біздің елімізде қаншалықты сақталып, оларға қаншалықты кепілдік берілгенін айту қиын.

Тағы бір мәселе - аталған халықаралық құжаттардағы адам құқықтарының тізімі бір-біріне сәйкес келмейді. Мысалы 1966жылғы Азаматтық және саяси құқықтар туралы пактіде бекітілгенімен, 1948 жылғы декларацияда орын таппаған құқықтардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:

1) қарыздың төленбеуінен қамауға алынудан

2) әрбір баланың азаматтық алу құқығы және жасына қарай қорғау шараларына ие болуы.

Осы сияқты аталмыш халықаралық пактіде көрсетілмеген, бірақ 1948 жылғы декларацияда белгіленген құқықтарға келсек, олар:

1) меншік иелену құқығы;

2) саяси баспана сұрау және оған қол жеткізу құкығы;

3) азаматтыққа ие болу құқығы.

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактіде де 1948 жылғы декларацияға қарағанда адам құкықтарының тізімі әлдеқайда кеңірек /7/.

Осы ережелерден қандай қорытынды шығаруға болады?

Яғни, жоғарыда аталған халықаралық құжаттардың барлығына қосылмай, оларға ішінара қатысушы мемлекеттерде адам құқықтарының барлық кешені қамтамасыз етілмейді.

Сондықтан да осыңдай мемлекеттер үшін (олардың ішінде Қазақстан да бар) адамның конституциялық құқықтары жөніндегі мәселе аса маңызды болып табылады. Мұндай мемлекеттердің адам құқықтары бойынша негізгі халықаралық актілерге қатыспауы жағдайында аталған кемшілік тұлғаның ең маңызды құқықтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтар жүйесімен неғұрлым кең қамтылуы арқылы өтелуі тиіс.

Тағы бір тоқтала кететін мәселе - кейбір құқықтар мен бостандықтардың конституцияда бекітіліп, ал тағы біреулерінің жай заңдарда белгіленуінің себебі. Жалпы алғанда, адам мен азамат құқықтарының конституцияларда бекітілуінің әдебиетте мынадай себептері көрсетілген:

1) бұл құқықтар мен бостандықтардың адам мен қоғам үшін маңызды болуы;

2) адамға тән құқықтар мен бостандықтардың бастапқы, тумыс және ажырамас сипаты;

3) конституциялық құқықтар мен бостандықтардың жоғары болып, ал басқа (өзге) құқықтардың туынды сипатқа ие болуы;

4) негізгі құқықтар мен бостандықтардың әрбір адам мен азаматтың немесе әрбір азаматтың иелігінде болуы;

5) негізгі қуқыктардын, бостандықтар мен міндеттердің жалпыға бірдей болуы, яғни олар әрбір тұлғаға тең және бір болып табылады;

6) негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер азаматтың еркі бойынша қолға түсіп ажыратылмайды;

7) олар мемлекеттің барлық аумағында әрекет етеді /8/.

Жоғарыда қарастырылған ережелердің негізінде конституциялық құқықтар мен бостандықтардың анықтамасын беріп кету керек. Бұлардың бір-бірінен айырмашылық жасауы қиындыққа соғады, өйткені тұлғаның құқығы да, бостандығы да қуқық теориясы бойынша мүмкін болып табылатын жүріс-тұрыс ережесі ретінде анықталады. Құқықтар мен бостандықтар бір-біріне өте ұқсас терминдер. Әдебиеттерде көп жағдайларда оларды айыратын белгілер тіптен көрсетілмейді. Мысалы оқулықтардың біреуінде субъективтік құқық туралы айткан кезде осы құқыққа сәйкес келетін міндет жүктелетін нақты субъектінің болуы жорамалданады, ал бостаңдық туралы айтқан кездө саны жағынан нақтыланбаған субъектілер қатарына бағытталған осы бостандықты құрметтеуге міндеттің орындалуы белгіленеді, - делінген. Бірақ тап осы жерде құқык, пен бостандықтың көрсетілген айырмашылық барлық жағдайларға жарай бермейді делінген де сөз бар /9/.

Осы ережелерге сүйенсек конституциялық құқықтар мен конституциялық бостандықтардың бөлек анықтамасын берудің қажеті жоқ болып көрінеді.

Алайда құқықтар мен бостандықтарды сот арқылы қорғау құқығы ең бірінші кезекте. Конституцияның 13-бабының 2-тармақшасында «әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы барң деп нақты көрсетілуі тегіннен-тегін емес. Сондықтан құқықтык мемлекет жағдайында тәуелсіз сот адамның құқықтарын қорғаудың негізгі құралы болып табылады.

Тәуелсіз сот әділдігін қамтамасыз ету мақсатында еліміздің Негізгі заңы судьялардың тұрақтылығы мөн оларға қол суғылмауын бекітеді; соттарды қаржыландыру тікелей мемлекеттік бюджет қаражаттары есебінен жургізуді көздейді: судьяның қызметі депутаттык, мандатпен, өзге де ақы төленетін жұмысты аткарумен, кәсіпкерлікпен айналысуымен, коммерциялық ұйымның басшы органың немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіру мен сыйыспайтындығын белгілейді. Қазақ. стан Республикасының Жоғарғы сотынан басқа соттардың барлығының судьялары қызметке Қазақстан Республикасының Президентімен тағайындалады және к, ызметінен тек сонымен ғана босатылады. Ал Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары Қазақстан Республикасынын Президенті ұсынысы бойынша Парламенттің Сенатымен сайланады.

Сст билігі Қазақстан Республикасының атынан жургізіледі және де азаматтар мен ұйымдардың құқыктары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Конституция, заңдар мен басқа да нормативтік кұқықтық актілердің, мемлекеттің халықаралық келісім-шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат тұтады. Сот әділдігін жүргізуде сот билігі тек Конституцияға кайшы келмейтін нормативтік құк, ықтық актілерді ғана қолдана алады. Жұрттың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан заң және сот алдындағы заңды теңдігі туралы ұстанымды анықтайтын Конституция ережелері нағыз әділеттілікке жатады.

Конституцияда әркімнің өмір сүруге, өзінің жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне, жеке өміріне және тұрғын үйіне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының қүпиясы болуына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына құқықтары бар екендігі айқын көрсетілген. Бұл құқықтардың кепілі ретінде ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға қақысы жоқтығы; занда кезделген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тутқындауға және ұстауға болатындығы, тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы берілетіндігі, ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады дөп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттын, (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы екендігі; ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге нежазалауға болмайтындығы; соттың шешімінсіз турғын үйден айыруға жол берілмейтіндігі, турғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол берілетіндігі; әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, пошта, телеграф арқылы және басқа жолдар мен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар екендігі, мемлекеттік органдар, қоғамдык, бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты кұжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті екендігі көзделген. Сондай-ақ Конституцияның 15-бабында белгіленген әркімнің өмір сүруге қуқығының кепілі ретінде осы баптың 2-тармақшасында көрсетілген өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза рөтінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы арыздану кұқығы беріледі деп көрсетілген ережеге Қазақстан Республикасы Президентінің 200З жылғы 17 желтоқсандағы Жарлығымен өлім жазасына мораторий енгізігізілгендігін қосымша атап өткен жөн.

Баршамызға белгілі, кешегі кеңес дәуірінде мемләкеттік меншік үстемдік күрып, жеке меншікке онша мән берілмөй келді. Ал казіргі демократияға бет бұрған біздің қоғамымызда. керісінше, жеке меншіктің кеңінен өсіп-өркендеуіне жан-жақты қолдау көрсетілуде. Мұндай саясаттың негізін Конституцияның (6-бап) Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке қорғалатынын мойындауы болып отыр. Оның 26-бабында «Республика азаматтарының заңды турде алған к, андай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алатындығы, мөншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік берілетіні, соттың шешімінсіз ешкімді де өз мұлкінен айыруға болмайтыны, әркімнің кәсіпкерлік кызметеркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар екендігі нақты айқындалған.

Конституцияның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына берген осы бір кепілдіктерінің өзі іс жүзінде қалай орындалып жатқанына мына бір жеке деректер арқылы-ақ. кез жеткізуге болады. Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев каласында бұрынғы Кеңестер одағының кұрамына кірген 11 мемлекетпен бірлесіп қол қойған «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен кұқықтык. қатынастар туралың Конвенцияның 89-бабында республика азаматтарының қылмыс жасаған жағдайда да шет мемлекетке берілмейтіндігі бекітілген. Сондай-ақ жуырда ғана еліміздің Сыртқы істер министрлігінің АҚШ-тың Техас штатында адам өлтіруде айыпты деп танылған Қазақстан Республикасы азаматшасы Абдығаппарова Әселдің тағдырына тікелей араласып, оның құқықтарын қорғап қалуға атсалысқаны жөнінде бұқаралық акларат құралдарынан қаныкпыз.

Сонымен бірге Конституция ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адамның, заңда арнайы көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға, әркімнің республикадан тыс жерлерге кетуіне, республика азаматтарының республикаға кедергісіз қайтып оралуына кұқыктары бар екендігін атап өткен жөн.

Қазақстан Республикасының Конституциясында заңның, соның ішінде бірінші кезекте Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етудің бірқатар кепілдіктері бекітілген. Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етудің негізгі заңды кепілдіктерінің бірі - оның республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылуыңда. Бұл деген сөз -Конституцияның нормалары негізінде, я болмаса; онын нормаларына берілген ресми түсіндірулер негізінде нақты заңнамалық істердің шешілуі мүмкін деген сөз. Мұнан Конституцияның, сондай-ақ ережелерді күнделікті өмірде басшылыққа алуға, құқық қолдану қызметінде қолданылуға жататын нормативтік құқықтық акт екендігі туындайды. Конституцияның тікелей қолданылуы оның ең жоғары заңдық күшінің маңызды бөлігі болып табылады.

Конституциянын, ең жоғары заңдық күші бар деген ұғым заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер Конституцияға қайшы келмеуі керектігін, барлық мемлекеттік билік органдары, лауазымды түлғалар, азаматтар мен олардың бірлестіктері Конституция мен зандарды орындауға міндетті екендігін білдіреді. Бұл конституциялық ұстанымдар қайсыбір субъективтік құқық ағымдағы заңнамада нақтыланған, нақтыланбағанына қарамастан адамға тиесілі екендігін және де оны әркім Қазақстан Республикасының Конституциясына сілтеме жасай отырып заңға қайшы келмейтін барлық жолдармен қорғай алатындыын растайды. Конституцияның ең жоғары заңдық күші оған қолданыстағы заңдардың бағынуын және оларда конституциялық үғымдар мен ұстанымдардың көрініс табуын талап етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың мемлекеттік кепілдіктері
Азаматтардың мәдениет саласындағы құқықтары
Халықаралық адам құқықтары мен бостандықтар
ҚР адам мен азаматтың азаматтық құқықтық жағдайы
Адам құқықтары мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын топтастыру
Адам құқығы
Адам және азаматтардың конституциялық міндеттері
Соттың қорғау құқығын конституциялық құқық ретінде қарастыру
Адам және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары
Адам құқы – ең жоғары құндылық. Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтың негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz