Азаматтық құқықтың жүйесі


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Азаматтық құқықтың түсінігі және пәні
- Азаматтық құқықтың әдісі мен қағидалары
- Азаматтық құқықтың жүйесі
- ҚР азаматтық заңдарының түсінігі
- Азаматтық заңдарының түрлері
- Азаматтық заңдарының қолдану
- Азаматтық заң нормаларын түсіндіру
Қорытынды
Құқық өзіне тән бірнеше құкық салалары негізінде біртұтас жүйені кұрайды. Ал сол құқық салаларын бір-бірінен тиісті құқықтың реттеу пәні мен әдісі арқылы ажыратамыз. Бұл құқықтың пәні мен әдісі олардың айырмашылығын айқындаумен қатар, ол құқық салаларының ерекшелігін де жан-жақты көрсетіп береді. Яғни қандай да бір құқық саласы болсын, ол өзінің кұқықтық реттеу пәні мен әдісі арқылы жеке айқындалады.
"Азаматтық құқық" термині ежелден белгілі, яғни рим заңгерлері Рим азаматтарының құқығы ретінде түсіндірді. Римде құқық екі салаға жария және жеке болып бөлінді. Қазақстан Республикасында құқық жүйесі мұндай болып бөлінбейді. Ал азаматтық құқық тек қана өзіне тән институттардан тұрады.
Азаматтық құқық азаматтардың, заңды ұйымдардың, сонымен бірге мемлекеттің күнделікті өмірі және қызметімен тығыз байланысты болатын жалпы құқықтың бір саласы. Біз бұл құқықтың түсінігін терең ашуымыз үшін оның пәнінің анықтамасын айқындауымыз керек. Ал азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың ауқымдылығына және сан қырлылығына байланысты азаматтық құқык пәнін анықтау күрделі.
Бізге белгілі болғандай құқықтық жүйе үлкен құқық салаларына бөлінеді. Ол құқық салаларын бір-бірінен ажырату үшін әдетте негізгі белгі ретінде /критери/ құқықтық реттеудің пәні мен әдісі негізге алынады.
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша және қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік қатынастар, сонымен бірге мүлікпен байланысты немесе мүлікпен байланысы жоқ жеке мүліктік емес қатынастар құрайды (АК-тің 1-бабы, 1-тармағы) . Азаматтық кұқықпен реттелетін қоғамдық, қатынастардың ңегізгі түрі мүліктік қатынастар болып табыдады.
Материалдық құндылықпен байланысты қоғамдық қатынастар (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздармен, ақшамен және басқа да мүліктермен) мүліктік қатынастар деп аталады. Яғни мүліктік қатынас - мүлік иелену, пайдалану, мүліктің бір адамнан екіншісіне өту, яғни -мүліктің тағдырының шешілуі тұрғысында болса, ол азаматтық заңдармен реттеледі. Демек, кез келген қоғамдық қатынастың мүліктік сипаты (мазмұны) болса, ол азаматтық заңдармен реттелсе, бұл - мүліктік құқықтық қатынас болып табылады.
Мүліктік емес құқықтық қатынастарға мүліктік сипаты жоқ (өмір сүру құқығы, есім алу құқығы, өз құпиясын сақтау құқығы, ар-намыс, іскерлік бедел, авторлық т. б. ) азаматтық заңдармен реттелетін қоғамдык қатынастар жатады.
Қазақстан Республикасы азаматтық заңдары жеке мүліктік емес қатынастардың екі тобын реттейді
а) мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар (АК-тің 1-бабы, 1-тармағы) .
б) мүлікпен байланысы жоқ және мүліктік емес қатынастар (АК-тің 1-бабы, 2-тармағы)
Жеке м үліктік емес қатынастардың бірінші тобына мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар жатады. Мысалы, бір ұйымның келесі ұйымның тауар белгісін заңсыз пайдалануы, алғашында оның мүліктік емес құқығына залал келтірсе, соңында ол оған мүліктік залал келтіреді. Ал мүлікпен байланысы жок жеке мүліктік емес қатынастар адамның жеке басынан бөліп алуға болмайтын, мазмұны мүліктік құндылық емес жағдайға байданысты туындаңды. Мүліктік емес құқықтар конституцияда адам және азаматтардан бөліп алуға болмайтындығы көрсетілген. Яғни азаматтық құқықтық реттеудің пәніне мүліктік және мүліктік емес қатынастар жатады.
Қорыта келгенде, азаматтық заңдармен реттелетін қоғамдық қатынастар (азаматтық құқықтың пәні) басқа құқықтық пәндерден төмендегі екі негізгі белгілер арқылы ажыратылады.
а) оның қандай да бір мүлікті иелену, пайдалану немесе билік етуге байланысты және келтірілген мүліктік зиянды өтеуге баиланысты мүліктік мазмұны болады.
б) бұл қатынасқа қатысушылар заң құжаттарында көзделген реттерді қоспағанда, бір тараптың екіншісіне әкімшілік немесе өзге де билік жағынан тәуелді бағыныштылықта болмайды.
Егер азаматтық құқықтың пәнінің түсінігі қандай қоғамдык қатынастардың азаматтық құқық нормаларымен реттелетіндігімен байланысты болса, ал азаматтық құқықтың әдісі сол қатынастар азаматтық құқық нормаларымен қалай реттелетіндігін білдіреді. Азаматтық құқықтың пәні мен әдісі өте тығыз байланысты ұғымдар.
Әрбір құқ саласына өзіндік ерекшелігі бар реттеу әдісі тән.
Олар:
- Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың заңдық теңдігі, яғни жеке заңды тұлғалар азаматтық айналымда мүліктік басқа да жағдайларға қарамастан тең құқықты. Бұл дегенімізешқандай бір тарап екінші тарапқа бір жақты негізде міндеттер жүктей алмайды.
- Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысу барысындағы еріктілік, әрбір жеке және заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарын өз еркімен өз мүддесі үшін иемденеді және жүзеге асырады.
- Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушы тараптар құқықтарын қорғауда тең құқыққа ие және қорғау мүмкіндігін иеленуде еркін болады. Азаматтық құқықтарды қорғау соттар арқылы жүзеге асады.
- Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің ерекшелігі. Оның мүліктік және өтемді болуы (компенсация), келтірілген залалды толық өтеу құқығы.
"Принцип" деген термин латын сөзінен шыққан ол негіз, бастама деген мазмұнды білдіреді. Азаматтык құқықтың принциптері яғни ол коғамдық қатынастарды азаматтық кұкықтық реттеудің нормативтик құқықтық мазмұны бар негізгі басшылыққа алынатын бастамалар.
Принцип біріншіден тікелей қолданылатын норма, екіншіден, заң актілерін (заң асты) жасау өзгерту барысында басшылыққа алынады, үшіншіден, заң ұқсастығы барысында басшылық алынады, төртіншіден, заңдарды түсіндіру барысында ескерілуді болжайды және заңдар қайшылығы барысында басшылыққа алынады.
Азаматтық құқықтың принциптеріне мыналар жатады (АК-тің 2-бабы, 1-тармағы) :
- Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылардың теңдігі;
- Мүліктік және басқа да мүліктік емес құқықтарға қол суғылмаушылық;
- Келісім-шарттың еркіндігі;
- Жеке іске бөгде біреудің араласуына жол бермеу;
- Азаматтық құқықтардың кедергісіз іске асуы;
- Бұзылған құқықтық қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
7. Азаматтық құқықтарды сот арқылы қорғау;
Принциптердің кейбіреулерін жеке қарастырайық.
Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылардың теңдігі.Қатысушылардың мұндай теңдігі азаматтық құқықтың пәні мен реттеу әдісінде де айқындалған.
Демек, азаматтық құкықтық қатынасқа қатысушы тараптар құкықтық мәртебелеріне қарамастан, мемлекет немесе ұйым, жеке адам болсын олардың құқыктық, жағдайы тең.
Eгер заңда өзгеше көзделмесе шет елдің заңды тұлғалары мен жеке тұлғалар және азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары сияқты азаматтық заңда көрсетілген барлық құқықтар мен міндеттерді иеленеді. Конституцияңың 6-бабында меншік кұқығын қорғаудағы теңдік принципі көрсетілген. Бұл олардың құқықтарының бұзылуына қарсы қорғаңу құралын субъектілер бірдей қолданады дегенді білдіреді.
Сонымен азаматтық құқық принциптерінің негізгі үш ерекшелігі бар.
Біріншіден, жаңа заң актілерін жасағанда немесе оларға өзгерістер енгізгенде міндетті түрде ескеріледі.
Екіншіден, құқық нормаларының ұқсастығына немесе қандай да бір мәселенің нақты реттелуі құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етілмеген жағдайда принциптер басшылыққа алынады.
Үшіншіден, құкық нормаларын немесе шарттарды түсіндіру, олардың нақты мәнін анықтау барысында басшылыққа алынады.
Құқық жүйе ретінде келесі белгілермен сипатталады. Біріншіден, құқық - кездейсоқ кұкық нормаларының жиынтығы емес, бұл органикалық бүтін бір құқықтық құбылыс, сонымен бірге ол объективтілігімен сипатталады. Құкық жүйесіне оны құрушы нормалардың бірлігі және олардың өзара байланысы тән.
Екіншіден, құқық жүйесі өзінің мазмұны және құрылымдык элементтерінің көлемі бойынша біртектес емес, көпжақты құқықтық құбылыс. Құқық жүйесі сонымен бірге құқық нормасына, құқық институтына және құқық саласына бөлінеді.
Құқық жүйесі - бұл құқықтың жекелеген бөліктерге бөлінуіне қатысты сонымен бірге құқық нормаларының бірлігі мең келісімділігін білдіретін оның ішкі құрылымы.
Құқық жүйесі мен заң жүйесінің байланысына, арақатынасына және айырмашылығына байланысты заңгер ғалымдар бір нақты тұжырымға келген жоқ. Бірақ жалпы алғанда олардың тұжырымы бойынша құқық жүйесі мен заң жүйесі бір феноменнің көрінісі. Бұған қосымша тағы да құқық - норма жүйесі, және заң да норма жүйесі деген көзқарастар да бар.
Көптеген ғалымдар заң жүйесі заң актілерінің жиынтығы мен нормативтік ұйғарымдардың реттеу объектісіне байланысты бөлінетін заң саласы және институттарынан тұрады деп көрсетеді.
Құқық жүйесі кеибір ғалымдардың пікірінше құқықтан, құқықтық идеялогия, құқық шығарушылық пен құқық практикасынан тұрады. Ал басқа бір ғалымдар тобының айқындауынша, құқық жүйесі - құқық нормасынан, құқық институтынан және құқық саласынан тұратын күрделі көп салалы кешен болып табылады.
Барлық жүйе қалыптасу үшін белгілі бір негізге сүйенеді. Құқық нормаларын жүйелеу, құқық жүйесінің қалыптасу негізінің қандай критерилерге сүйенетініне байланыссыз кем дегенде мына екі талапқа сай болуы тиіс. Біріншіден, жүйелеу ғылымға және практикаға қандай да бір пайда әкелуі тиіс. Құқық нормаларын дұрыс жүйелеу, құкық саласының құрылымдық бөлімдерінің дәлме-дәл қалыптасуына әсер етеді. Жүйелердің келесі үлкен маңыздылығының бірі сонда, ол құқық нормаларының даму тенденциясын қалыптастырады, заңның одан әрі дамуына және ғылыми негізде кодификациялауға жол ашады. Қандай да бір қоғамдық қатынасты реттеу үшін қабылданатын жаңа заңдар құқықтың белгілі бір саласындағы жүйеге негізделеді.
Екіншіден, құқық нормаларын жүйелеу бір жағынан бір немесе басқа қоғамдық қатынастардың түрін реттейтін құқық нормаларының бірлігін, екінші жағынан оларды әртүрлі топтарға бөліктерге бөлуді (дифференциациялау) қамтамасыз етуі тиіс.
Құқық теориясынан белгілі болғандай, жалпы құқық құқық салаларына, құқық салалары - құқық институттарынан тұрады. Біз бұл ретте құқықтың жеке бір саласы - азаматтық құқықтың жүйесін қарастырамыз.
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының жүйесі жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады.
Бұл екі бөлім де бірнеше институттардан құралып, бұл институттардың өзі өзара ұқсастық белгілеріне орай бөлімшелерге топтастырылады. Жалпы бөлім -ережелерден, меншік құқығы және өзге де заттық құқықтардан, міндеттемелік құқықтан тұрады, ал ерекше бөлім міндеттемелердің жекелеген құқықтан және халықаралық жеке құқықтан тұрады.
Азаматтық заңдарға АК-тің 1-бабында көрсетілген қатынастарды реттейтін заңдар жатады. Бұл жерде 1-баптың 3-тармағында көрсетілгендей тараптар арасындағы қатынастар мүліктік және мүліктік емес сипатта болғанымен, отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөніндегі қатынастарды арнайы салалық заңдар реттейді. Ал азаматтық заңдар тек сол арнайы заңдармен реттелмеген жағдайларда ғана ол қатынастарға қолданылады. Сонымен бірге билік жағынан бағыныштағы тараптар арасындағы мүліктік және салық жөніндегі мен бюджеттік қатынастарға заң құжаттарында тікелей көрсетілмесе азаматтық заңдар қолданылмайды.
Азаматтық құқық пен азаматтық заң терминдері өзара байланысты болғанымен де өзіндік үлкен айырмашылығы бар. Азаматтық құқық азаматтық құқықтық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын білдірсе, азаматтық заңнама - сол нормалар көрсетілген құқықтық актілердің жиынтығы болып табылады.
Азаматтық құқықтың дерекнамалары заңдар, басқа да нормативтік құқықтық актілер және әдет-ғұрып нормалары деп аталатын түрлерге бөлінеді. Сонымен бірге халықаралық шарттар (конвенция) да азаматтық құқықтың бастауларына жатады (АК-тің 3-бабының 8-тармағы) . Бұларға келесі сұрақта жеке тоқталамыз.
Барлық азаматтық заңдар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлык субъектілерге бірдей қолданылады. Қандай да бір министрліктер, басқа да орталык атқарушы органдар мен жергілікті атқарушы органдар өз бастамасымен азаматтық құқықтық қатынастарды реттейтін актілер шығаруға құқығы жоқ. Бұл органдар тек заңдарға бағынышты туынды актілер шығара алады.
Азаматгық құқықтың нормалары диспозитивті және императивті болып бөдінеді. Егер қатысушы тараптар өзара келісіп басқа шарттар жасаса, ол шарттар жарамсыз болып табылады.
Диспозитивтік нормаға тараптардың тиісті мәселе бойынша келісімдері болмаған ретте, оның орның толтыру үшін қолданылатын нормалар жатады (шартта көзделген ретте) . Яғни диспозитивтік норманың мазмұны тараптардың шарт еркіңдігі принципіне негізделген болып табылады. Азаматтық құқықтың дерекнамалары заңдар, басқа да нормативтік құқықтық актілер және әдет-ғұрып нормалары деп аталатын түрлерге бөлінетіні жоғарыда айтылды.
Алдымен заңдарды қарастырайық.
Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтық кұкықтық қатынастар төмендегі заңдармен реттеледі. Солардың ішінде Азаматтық Кодекстің орны бөлек. ҚР АК-тің жалпы бөлімі 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданып, оған бірнеше өзгертулер енді. Сонымен азаматтық кұқықтың нормалары заңда және басқа да заң актілерінде орын алады.
Қазақстан Республикасының "Нормативтік актілер туралы" заңында барлық нормативтік құқықтық актілер заңдық күштері бойынша айқындалған. Нормативтік құқықтық актілердің ішінде Конституцияның ең жоғарғы күші бар. Оның нормалары тікелей қолданылады. Конституцияда азаматтық құқықтық қатынастарды да реттейтін нормалар бар. Мәселен оның 6 бабында Қазақстанда жеке және мемлекеттік меншік тең ңегізде танылатындығы және қорғалатындығы айтылған.
Конституцияның 26-бабында азаматтардың жеке меншігі туралы мәселелер жан-жақты көрсетілген. Сонымен бірге Конституцияда азаматтардың телефонмен сөйлесу, хат-хабар алысу, құпиялықпен, ар-намыс пен абыройы, оның бостандығы мен оған ешкімнің тиіспеуі құқығы сияқты мүліктік емес құқықтары көрсетілген.
Конституциядан кейін, 1994 жылы қабылданып, 1995 жылы 1-наурызда күшіне енген азаматтык кодекстің (жалпы бөлімі) заңдық күші бойынша күші бар. Оның ерекшелігі сонда, нарықтық экономика жағдайындағы азаматтық айналымының нормативтік қоры қалыптасқан. Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" заңы бойынша заң актілеріне мыналар жатады: Конституциялық заң, ҚР Президентінің конституциялық заң күші бар жарлығы, кодекс, заң, ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы, ҚР Парламентінің қаулысы, Сенат пен мәжіліс қаулылары. Күші бойынша нормативтік актілер жүйесінде заңға тәуелді нормативтік қүқықтық актілері заң актілерінен кейін тұрады.
Президенттің заң күші бар жарлығымен қатар жай жарлыктары да бар. Олар да азаматтық құқықтың нормалары болып табылады. Сонымен катар Үкімет қаулылары да заңға тәуелді нормативтік актілерге жатады. Олардың көпшілігі азаматтық құқықтың нормалары болып табылады. Сонымен бірге азаматтық құқықтық нормаларына министрліктің, мемлекеттік ведомствалары мен комитеттердің жалпы орталық атқарушы органдардың нормативтік актілері де жатады.
... жалғасы"Нормативтік құкықтық актілер туралы" заңда орны көрсетілмесе де Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы сот Пленумының азаматтық заңдарды талдау мен түсіндіруге байланысты нормативтік қаулылары азаматтық құқықтың бастауларына жатады. Бұл кұқықтық құжаттардың жалпыға бірдей заңдық күші бар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz