Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы, пәні, түрлері.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы- еңбекке қабілетсіз азаматтарға материалдық және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қатынастарды, сондай-ақ олармен тығыз байланысты заңдық фактілерін анықтау және дауларды шешу жөніндегі іс жүргізу қатынастарын реттейтін құқық саласы.

Зейнетақылар, жәрдемақылар, жеңілдіктер және алуан түрлі қызметтер көрсету мен бағып күтудің нақты түрлері әлеметтік қамсыздандыру түрлері болып табылады. Әлеуметтік қамсыздандыру түрлерінің алуан түрлілігі әлеуметтік қамсыздандыру құқығын мемлекеттік бюджеттен тікелей қаржы бөлу есебінен мемлекеттік органдардың қарттар мен жұмысқа қабілетсіздерді қамтамасыз ету ретінде ғана сипатталып қоймайды. Кең мағынасында әлеуметтік қамсыздандыру азаматтарды қартайғанда және еңбекке қабілетсіз болған жағдайда қамсыздандырумен, аналар мен балаларға қамқорлық жасаумен, азаматтарды сауықтырудың, профилактикадан өткізудің және олардың еңбек қабілеттілігін қалпына келтірудің маңызды құралдары ретінде медициналық қызмет көрсетумен және емдеумеен байланысты мемлекет жүргізіп немесе қолдап отырған белгілі бір әлеуметтік-экономикалық шаралардың жиынтығын сипаттайды.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының принциптері.

1. Қамсыздандырудың жалпыға бірдейлігі.

2. Оның түрлерінің жан-жақтылығы және алуан түрлілігі.

3. Азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыруға құқығын қорғау.

4. Мемлекеттік бюджет және өзге де түсімдер есебінен қамсыздандыру.

5. Еңбек үлесінің мөлшеріне, мұқтаждық себептеріне және өзге де әлеуметтік маңызы бар факторларға байланысты жағдайлары мен деңгейін саралау.

6. Еңбекке қабілетті жастағы әрбір азаматтың зейнетақыны жинақтауды қалыптастыруға міндетті түрде қатысуы.

7. Әрбір азаматтың ерікті қосымша зейнетақылық қамсыздандыруға құқығы.

Аталған принциптерді жүзеге асыру өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Қазақстан секілді ( Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабы ) кез-келген мемлекеттің әлеуметтік саясатының кемелділігі мен экономикалық жағынан дамығандығын айқындайды.

Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі құқықтық қатынастар - өздеріне қатысты емес мән-жайлар бойынша әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтардың қартайған, еңбекке қабілетсіз, өзге де табысы аз және әлеуметтік жағынан осал санаттарын материалдық жағынан қамтамасыз ету және әлеметтік қызмет көрсету жөніндегі қатынас, мұнда азаттарға зейнетақылық төлем, жәрдемақылар, өтемдер не әлеуметтік қызмет көрсетулер нысанында белгілі бір ақшалай төлемдер алуға субъективті құқық берілген, ал тиісті мемлекеттік немесе өзгеде орган осындай төлемдерді төлеуге не әлеуметтік қызметтер көрсетуге заң жағынан міндетті болады.

Әлеуметтік қамсыздандыру қатынастарын жіктеу негізіне алынған өлшемдерге байланысты былай бөлінеді:

1. қамсыздандырудың жекелеген түрлері бойынша құқықтық қатынастар:

а) зейнетақылық (ынтымақтастық және жинақтау зейнетақы жүйелері) ;

б) жәрдемақылар мен өтемдік төлемдер бойынша (уақытша еңбекке қабілетсіздік бойынша жәрдемақылар, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақылар және т. б. ) ;

в) әлеуметтік қызмет көрсету бойынша ( мүгедектерді кәсіптік оқыту және еңбекке орналастыру) ;

2. мерзімдер бойынша:

а) белгісіз мерзімге қолданылатын мерзімді құқықтыққатынастар ( зейнетақылық құқықтық қатынастар, қарттар мен мүгедектерді интернат-үйлерде ұстау жөніндегі ) ;

б) белгілі бір мерзімге қолданылатын мерзімді құқықтық қатынастар (мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, асыраушысынан айрылған жағдай бойынша, мүгедектік бойынша және т. б. ) ;

в) міндетті бір мәрте орындаумен тоқтатылатын құқықтық қатынастар (біржолғы жәрдемақы, протездеу ) ;

3. заңды фактілерді анықтау және дауларды қарау жөніндегі іс жүргізу құқықтық қатынастар.

Әлеуметтік-қамтамасыз ету құқықтық қатынастарының ерекшелігі сол, олар, әдетте, мынадай күрделі заңдық құқықтан туындайды;

  • заңдық фактілер (зейнеткерлік жас, еңбекке қабілетсіздік, асыраушысынан айырылу және т. б. )
  • оған ие адамның өз қалауын білдіру;
  • құзіретті органның қамсыздандыру түрін тағайындау туралы актісі.

Еңбек стажі- азаматтың қоғамдық өндірістегі ақы төленетін қоғамдық пайдалы қызметінің ұзақтығы, сондай-ақ заңмен соған теңестірілген, құқық белгілі бір заңдық салдарларды сонымен байланыстыратын қызмет.

Еңбек стажының үш түрі бар: жалпы, үздіксіз және арнаулы.

Жалпы еңбек стажы - бұл жұмысшының немесе қызметкер ретіндегі жұмыстың жиынтық ұзақтығы немесе соған тең келетін басқа қызмет түрімен айналысу.

Үздіксіз еңбек стажы- жұмыста жол беруге болатын, белгіленген шектік мерзімнен асатын үзіліс жасалмаған, қызметкердің ұйымдардағы жұмысшының және заңда көрсетілген басқа да қызметінің ұзақтығы.

Арнаулы еңбек стажы- белгілі бір кәсіп бойынша, белгілі бір қызметтегі, белгілі бір еңбек жағдайындағы, экономиканың белгілі бір саласындағы жұмыстың ұзақтығы.

Еңбек стажы әлеуметтік қамсыздандырудағы заңдық факт ретінде түрлі роль атқарады: зейнетақылық және өзге де құқықтық қатынастардың пайда болуын туғызады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының мәні
Еңбекке құқық қабілеттілігі
Қоршаған қолайлы ортаға деген құқық ұғымы
Мемлекет және құқық теориясы пәнінен дәрістер
Қазақстан Республикасында адам өмір сүруінің денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғаудың конституциялық құқықтық негіздері
Азаматтық құқық қабілеттілік пен азаматтық әрекет қабілеттіліктің мәні мен мағынасын ашу
Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығының түсінігі
Қазақстандағы зейнетақымен қамсыздандыру саясаты
Әлеуметтік қорғау құқығының теориясы
Еңбекті қорғаудағы азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудің қағидалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz