Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық технологиялардың теориясы мен практикасы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті

Факультеті: Жаратылыстану

Кафедрасы: География

СӨЖ.

Тақырыбы: Инновациялық педагогикалық технологиялар.

Қабылдаған: Серім А.

Орындаған. Байжигитов Б.

Тобы: ЖГА - 516.

Инновациялық педагогикалық технологиалар туралы.

Мектепке дейінгі мекемелер басқа да білім беретін институттар сияқты қоғамдық қатынастарда жұмыс істегендіктен, оның жағдайы көптеген сыртқы факторлармен, әлеуметтік ортамен қарым - қатынасының сипатымен анықталады. Қоғамымыздағы өзгерістер мектепке дейінгі білім беру жүйесіне де елеулі жаңалықтар әкелді. Соңғы уақыттағы демократиялық жаңарулар тәрбиешілердің, педагогтардың және әдіскерлердің шығармашылық қызметіне заңды түрде еркіндік берді. Педагогтардың алдында мектепке дейінгі мекемелердегі жаңа заманның мақсаттары мен сұраныстарына жауап беретін, жоғары деңгейде баланың жан - жақты дамуына әсер ететін технологияны таңдау міндеті тұрды.

Осындай тарихи кезеңде адам мен мемлекеттің қарым - қатынасының мәні өзгерді. Нарықтық жағдайда ол жеке тұлғаның мүддесі мен қажеттілігінің өсуіне қызмет етуге бағытталды. Мектепке дейінгі педагогика адамзаттың сұраныстарынан қалмауға тырысады, оқыту мен тәрбиенің қиындығы мен қайшылықтарын алдын - ала білуге ұмтылады, сонымен бірге білім беру жүйесінің дамуына қоғамдық мүдделер негіз болады. Қоғамдық мүдделер мен қажеттіліктер әлеуметтік тапсырыс құрайды.

Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепте оқытудың мәселесін қарастыра отырып В. Никитин былай атап өтеді: «егер бұрын мектептерді мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің баланы мектепке дайындау деңгейі қанағаттандырса, енді инновациялық мектептердің пайда болуы баланың жеке тұлғалық, танымдық, ойлау белсенділігі түрлі қызметтерде өздігінен сауалдарды шеше алатын сапасы жаңа талаптарды ұсынады». Бұл өз кезегінде білім беру үрдісінде мектепке дейінгі мекемелерде жаңа технологиялармен жұмыс істеу бағытының өзгеруін қажетсінеді.

В. Щетинин мен Н. Хроменков білім алудың ең басты мақсаты мен құндылығы - адамдардың білімге, біліктілікке, дағдыға деген қажеттілігін қанағаттандыру оның рухани күштерінің жетілуі мен қабілеттілігінен және жеке тұлғаның шығармашылық әлеуметтілігі мен қоғамдық дамдан тұрады деп атайды. Әлеуметтік тапсырыс беруші қоғамның барлық мүшелері: балалар, ата - аналар, әлеуметтік топтар мен сыныптар, мекемелер мен өнеркәсіптердің мүддесі білім мен тәрбиені жүзеге асырудың құралдарын, нысандары мен мақсаттарын анықтауда және осы саланы жетілдіруде нгізге алынады, яғни елдегі білім берудің дамуы туралы мәселе әлеуметтік тапсырысқа сәйкес шешіледі.

В. Подобед білім беру мәселесін қарастыра отырып, білім берудің әлеуметтік тапсырысын шартты түрде: қоғамдық, аймақтық, ұжымдық және даралық деп 4 түрге бөлді. Қоғамдық тапсырыс жеке тұлғаның жан - жақты дамуында білімге деген қажеттілігінің дамуының әр кезеңінде объективтілігімен анықталады. Ол білім беру ісінің барлық салаларының әлемдік дамуына бағытталған. Аймақтық тапсырыс бірқатар шарттардың ықпалының нәтижесінде әлеуметтік, мәдени, экономикалық, ұлттық, демографиялық және басқа да аймақтық ерекшелік негізінде қалыптасады. Ұжымдық және жекеменшік тапсырыстар оқушылардың, ата - аналардың, әлеуметтік топтардың, қоғамдық мекемелердің білім алу ерекшеліктерінің түрлілігімен, жеке тұлғаның мүдделерін қанағаттандыру қажеттілігімен және адамның қабілеттілігі, бейімділігі негізінде анықталады. Кешенді қажеттіліктердің негізінде (қоғамдық, аймақтық, ұжымдық, жекеменшіктік) олардыңі қазіргі және болашақтағы мүмкіндіктерінің мөлшері, кезектілігі мәселесі шешіледі. Қоғамның қажеттіліктері заңды актіге және нормативті іс қағаздарға сүйенеді. Олар елдің мүдделерін нығайтып және білдіріп, әлеуметтік тапсырыстарға қарсы келмей, білім алуға қоғамдық, аймақтық және жеке қажеттіліктерін қорғауы керек.

Білім беруде жаңа тапсырыстар педагогикалық бірлестіктерде, ғылыми - зерттеу зертханаларында пікірталас, түрлі көзқарастарды салыстыру, мақсаттарды жетілдіру құралдарының негізінде туындайды және адам туралы ғылымнің кешенді талдамаларының жетістіктеріне сүйенеді. Сонымен білім беруге әлеуметтік тапсырыс кең қоғамдық пікірдің негізінде қарастырылады. Қазақстан Республикасының «білім туралы» заңының 8 тарауында көрсетілгендей, білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, халықаралық ғалами коммуникациялық байланысқа шығу, білім беруді ақпараттандыру болып табылады. Ал қазір қоғамдық сұраныстарды жоғары деңгейде қанағаттандыруға бағытталған.

Мектепке дейінгі тәрбие жүйесіндегі жаңалықтарды түсінуде және ынталандыруда «жаңа», «жаңалық», «жаңа енгізулер» немесе «инновация», «инновациялық үрдіс» категорияларына ерекше көңіл бөлінген. Бұл мәселе К. Ангеловский, В. Ляудис, В. Загвязинский, Л. Подымова, М. Поташник, В. Сластенин, Н. Юсуфбеков сияқты ғалымдардың еңбектерінде кеңінен баяндалған.

С. Ожегов сөздігі «жаңа» сөзіне төмендегідей анықтама береді:

  1. бірінші рет туындаған не жасалған; көненің орнына келген, жақында пайда болған немесе туындаған, қайтадан ашылған;
  2. жақында өткен, не осы кезге байланысты;
  3. аз белгілі.

Берілген анықтама «жаңаның» анықтамасының сипаттамасын «бірнеше туындаған», әсіресе «қайтадан ашылған», бұрыннан белгілі «ескінің» элементі ретінде айтады.

В. Загвязинский көзқарасындағы педагогикадағы «жаңалық» - бұл тек ұсыныстар, тәсілдер, технологиялар емес, бұл элементтердің «кешені» немесе педагогикалық үрдістің бөлек элементтері, олар өздерінде үдемелі бастамаларды құрайды. Сонымен «жаңалық» бұрынғы белгіленген синтезін құраса да, үдемелі жүйеге әкелуі керек.

Педагогикалық сөздікте Батыс елдерінде ХХ ғасырдың 50 - жылдарының аяғында, ал біздің елімізде соңғы онжылдықта қолданыла бастаған «инновация» түсінігі кейде «жаңаны енгізу», «жаңалық» түсініктерімен қосылып айтылады.

Шындығында, «инновация» (латынша inb - novus - жаңашылдық) көптеген ғалымдар менпедагогтарды пікірінше, «жаңалық енгізу» болып табылады. М. Поташкин барлық түсініктердмыі талқылай келе: « . . . жаңалық енгізу - бұл құрал (жаңа әдіс, әдістеме, технология, оқу бағдарламасы және т. б. ), ал «инновация» - бұл осы құралдары игеру үрдісі» деп анықтама береді.

«Инновация» термині өзгерістердің жағымды және белсенді сипаттамасын, олардың әлеуметтік қажеттілігін бейнелейді. Педагогикалық инновациялардың екі ерекшелігі бар. Олардың біреуінің қызметінің объектісі дамытушы, баланың жеке тұлғалық қайталанбас «менін» иеленген. Үрдістің басқа ерекшелігі: оның орталық фигурасы болып инноватор педагогтің тұлғасы болады, оның даралығы жаңалықтың тиімділігіне тәуелді.

«Жаңашыл» сөзі орыс тілінде - жақсартушы, «жааландырушы» аналогында мағынасы бар. Бұдан шығатын қорытынды: жаңашылдық - бұл бұрыннан бар нәрсеге жақсартулар, өзгерістер енгізу. Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» психологиялық - педагогикалық әдебиетте ең көп таралған және қолданылатын ұғым.

Қаралып отырған ұғым әр түрлі болып түсіндіріледі: кейбіреулері бұл ұғымды оқу мен тәрбиенің жоғары жетістіктерін бағалау құралы десе, екіншісі, бұл категорияға жаңа педагогикалық технологияға өту және құру - бұл болашақ ақпарат өркендеу алдындағы білім беруге қойылған міндеттер мен өзекті шешімдердің заңды құбылысы деп көрсетеді. «Педагогикалық технология» ұғымы алғаш рет АҚШ - та енгізіліп, әр түрлі түсініктер берілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі инновациялық педагогикалық технологияларды енгізудің теориясы мен тәжірибесі
Қазақстандағы инновациялық білім беру технологияларының мектепке дейінгі білімдегі педагогикалық қолданылуы
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы инновациялық педагогикалық технологиялар: әдіс-тәсілдер мен ұсыныстар
Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялардың ғылыми-теориялық негіздері мен шетел тілі оқытуындағы қолданылуы
Білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері мен енгізу жолдары
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық педагогикалық технологиялар мен АКТ қолдану
Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялардың теориялық негіздері және деңгейлеп оқыту технологиясы
Білім беру жүйесіндегі жаңаша бағыттар мен заманауи педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану әдістері мен тиімділігі
Қазақстандағы білім беру жүйесінде инновациялық педагогикалық технологиялардың мәні мен енгізу принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz