Әйелдер құқығы


ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ
Қай қоғам болмасын әйелге күллі жақсылық пен парасаттылықтың қайнар бұлағы деп қараған. Ата-бабаларымыз да әйелді құрмет тұтқан. Содан да болса керек, ұрпақ тәрбиесін әйел - анаға жүктеген.
Бұл туралы Елбасымыз «Әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда - еліміз үшін алаңдамауға болады», - деп сенім білдірген еді. Бүгінде бүкіл дүниежүзі деңгейінде әйелдер қозғалысы күшейген сыңайлы. Оған жер-жерлерде түрлі конференциялар мен форумдардың өткізілуі дәлел. Аталмыш шаралардың күн тәртібінен әйелдердің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік өмірге қатысуы, еңбек саласында орын алған теңсіздік, өз денсаулықтарын сақтау мен білімдерін жетілдіру мәселелері ешқашан түскен емес. Ендеше, дәл осы жағдайлар тәуелсіз елімізде қалай шешілуде? Әйел құқығы бізде қалай сақталып отыр?
Елімізде әйел, отбасы мәселесі мемлекеттік саясаттың басты бір бөлігі болып табылады. Оның жарқын көрінісі - Президенттің жанынан Отбасы және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрылуы. Комиссия жұмысының басымдығы ретінде отбасы, әйелдер мен ерлердің теңдігі, әйелдер арасында кәсіпкерлікті, отбасы институтын дамыту мәселелері қаралған. Әйелдер құқығының қорғалуы жөніндегі нормалар мұнымен шектеліп қоймай, бірқатар құқықтық актілер қазірде заңды күшіне енген. Солардың бірегейі 2003 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат тұжырымдамасы» болып табылады. Тұжырымдаманың негізгі бағытында да әйелдер мен ерлердің тең құқығы мен еркіндігі, әйелдердің саясатқа, экономикаға араласуы, оларды жұмыспен қамту, отбасы проблемалары және зорлықтан қорғау мәселелері белгіленген.
Елімізде әйелдер құқығының қорғалуына 1995 жылдан баса назар аударыла бастады. Осы жылы Елбасы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияны құрды. 2002 жылы Адам құқықтары жөніндегі өкіл лауазымы енгізілді. Гендердік саясатты айшықты бейнелеу үшін елімізде «Қазақстанның әйелдері мен ерлері» жинағы шығарылып, отбасы, әйелдер мүдделерін қорғау үшін Парламентте «Отбасы» депутаттар тобы құрылды.
Бұл шаралардың барлығы дерлік әйелдердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталып отырғаны анық. Еліміздің заңдарында да әйелдердің құқықтары мен мүдделері ерекше айшықталған. Қылмыстық кодексте адам өмірі мен денсаулығын, ар-ожданын қорғау, әйелдер мен ерлердің еңбек рыногындағы құқықтары мен мүмкіндіктері сияқты қағидаларды бұзғаны үшін, сондай-ақ әйелдерді кемсіту мен зорлау қылмыстарының кез келген түріне жауаптылық жан-жақты тәптіштеп беріледі. Сонымен қатар Қылмыстық кодексте әйелдерге қатысты жазаларға шектеулер қойылған.
«Қазақстан Республикасындағы еңбек кодексінде» әйелдерге, жүкті әйелдерге қатысты мән-жайлар енгізілген. Атап айтсақ, жүкті әйелдерді үстеме жұмысқа тартуға шектеу қойылған. Жүкті әйелдерді еңбек демалысынан шақыртып алуға жол берілмейді. Әйелдер еңбегін ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды немесе қауіпті жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады. Осы сияқты әйелдер мен жүкті әйелдерге қарастырылған жеңілдіктер бұл кодексте көптеп кездеседі. Қарап отырсақ, мұның барлығы мемлекетіміздің әйелдер мәселесіне бейжай қарамайтындығының белгісі.
Біздің ұғымымызда «ер адам - шаңырақ иесі, әйел - ошақ иесі» деген түсінік бар. Бұрын отбасында тек ерлер ғана табыс табатын болса, бала-шаға асырау жауапкершілігі енді әйел-аналардың да иығына түсті. Нарықтың әйелдерге әкелген тауқыметі орасан. Жұмыссыздық деген килікті. Болашақ дегенде бала еске түседі. Ал сол баланы өмірге әкеліп, үлкен азамат ететін - ана. Саясатқа, мемлекеттік істерге әйелдердің қатысқаны мейлінше дұрыс. Дегенмен, бала тәрбиесін де ұмытпағанымыз жөн. Өйткені, баланы толыққанды, өз Отанын сүйе алатын азамат ретінде қалыптастыратын да - ананың тәлімі.
Ана мен бала құқығы, денсаулығы тәуелсіз республикамыздың басты назар аударатын мәселесі. Өзінің ерекше табиғаты бар, экологиялық апат аймағы аталған біздің облыста соңғы жылдары дүниеге келген сәбилердің саны асып, керісінше шетінегендер саны азайды. Мұны біз жақсылыққа жорып, бұл көрсеткіш республикада болып жатқан оң бастамалар, экономика, әлеуметтік салада болып жатқан реформалардың нәтижесі деп түсінеміз. Облысымызда жыл сайын 18000-ға жуық сәби өмірге келеді. Демек, осыншама ана бала тәрбиесімен, оны өсірумен айнылысады. Ал ер адамдарымыз бала тәрбиесіне аса көңіл бөлу керектігін көбіне ұмыт қалдырады. Мұның бала психологиясына да әсер ететін жақтары бар. Мысалға, бала алдымен анасынан пана іздейді. Соның көмегіне жүгініп, содан ақыл сұрайды. Ал әйел аналардың ер балаға берер тәрбиесі барлық жағдайда баланың өз деңгейінде жетілуіне себеп бола бермейді.
Қазір жасөспірімдер қылмысы көбейді. Бұл нені көрсетеді? Әлбетте, бұл отбасында бала тәрбиесіне жіті көңіл бөлінбеуден. Сондықтан әрбір отбасы осы мәселені жадында ұстағаны абзал. Айталық, 14-15 жастағы бала үлкендердің өзіне әсерін, қоғамдағы жаман-жақсы нәрсені тез қабылдайды. Осы бір өтпелі кезең оның өмірге деген көзқарасын өзгертуі де мүмкін. Балаға отбасының маңыздылығы, неке-отбасы қағидалары күнделікті үйдегі отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы арқылы дарыса, мектепте арнайы психолог мамандардың дәрісі қажет. Күнделікті тәулік уақытының жартысына жуығы мектеп қабырғасында өтетіндігін ескерсек, мамандардың бақылауы міндетті түрде керек. Себебі, бала үйден гөрі сырттың әрекетін қабылдауға бейім тұрады.
Енді отбасыдағы кикілжіңдердің балаға әсері жөнінде бірер сөз қозғасақ. Жалпы психологтар пікірімен санассақ, өмірлік қағида бойынша отбасындағы ұрыс-керіс бала психологиясына, тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Өйткені, балалар өздерінің ата-анасының бейнесін қайталауға тырысады. Сондықтан ата-ана балаға барлық жағынан үлгі болуы тиіс. Әр адам өз өмірін мағыналы, мазмұнды өткізуге құқы бар. Сол себепті кішкене кемшіліктің өзіне кешіріммен қарап, сыйластық пен құрмет көрсету тіршілік талабы деп түсінген абзал сияқты. Олай дейтінім, отбасы бақыты осыдан бастау алады. Белгілі психоаналитик Н. Нарицын «Свадьба - развод и наоборот» кітабында: «Некеге тұрған кезде сіз мойныңызға өз серігіңізге қатысты белгілі бір міндеттемелер жүктейсіз, серігіңіз де сізге қатысты сондай міндеттемелер алады. Және де бұл беделді инстанцияның - құдайдың (мешіт), заңның (АХАЖ) алдында, әрі адамдардың алдында жария етіледі», дейді. Әрине, дұрыс пікір. Дейтұрғанмен, қазіргі жастар арасында кереғар пікірлер де кездеседі. Мысалы, қыздар жағында «Мені баға алмасаң, неге алдың?» деген ұғым бар. Демек, олар үшін тұрмысқа біреудің бағуы үшін шығатыны көзделетін сияқты. Ал өмірде бірлесіп күресу керек дегенді сонда қайда қоямыз? Бұл орайда әлі де болса феодалдық ойдан арыла алмай жүргеніміз, құқықтық теңдікті терең түсінбегеніміз байқалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz