Дәстүрлі емес діни қозғалыстар



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім
І тарау
1.1. Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың Қазақстандағы саны
және ерекшеліктері ... ... ... ...4
1.2. Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың Қазақстанда
миссионерлікпен айналысуы ... ... ... ... ... 7
ІІ тарау
2.1. Өзін «Нағыз әке» атаған Мұн Сан Мен ... ... ... 12
2.2. Мұн Сан Меннің мақсаты . әлемді билеу ... ... ... ...17
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ІV Пайдаланған әдебиеттер ... ..22
Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың карастыратын мәселесі дін -адамзат тарихымен қатар жасап келе жатқан және бүкіл әлемге ортақ кұндылық. Дінсіз адам және мемлекет болса да,бірақта дінсіз халықта қоғамда болмайтындығын тарих дәлелдеп отыр. Адам баласына діннің не екендігін танып білу рухани-мәдени кажеттілік,сонымен қатар дінтанушы мамандарға дін туралы білім өз кәсіби саласында кажет.
Дәстүрден тыс дідердің пайда болуын әлеуметтік саяси өзгерістермен,демографиялы қозғалыстармен және де дәстурлі діндердің ықпалының әлсіреуімен байланысты. Жаңа діни қозғалыстар өздерінің діни ілімдерінің мазмунына,діни рәсімдерінің атқарылуына карай жаңа христиандык,жаңа шығыстык,жаңа бағдарламалық, жаңа пұтқа табынушылық болып бөлінеді. Дәстүрден тыс діндер ілімдері ұйымдастыру жүйелерінде ерекшеленеді
Бұл діндерде дәстүрлі діндердің қасиетті кітаптары мойындалғанымен қоса осы дідерді құрушылардың еңбектері де қасиетті деп құрметтеледі. Жаңа діндердің негізгін салушылар құтқарушылар,пайғамбарлар,тірі құдайлар ретінде кабылданып, түсшіндіріледі. Дәстүрден тыс дідердің ілімі мен практикасы синкретплікпен жене дүниежүзілік діндердің көптеген қағидаларын ұстанулығымен ерекшеленеді. Көптеген дәстүрден тыс дідерде қатал басқару жүйесі бар дінге қабылдауда да қагал талаптар қойып, арнайы храмдарда өткізіледі. Дәстүрден тыс діндер белсенді миссионерлік кызметімен де ерекшеленеді. Бұл дідердің әлеуметтік бағдарламасы түрлі yaғыздаудан бастап күнәхар әлемнен толық бөлініп шығу,экономикалык өмір мен қоғамдық қатынастарға белсенді араласу.
[1] Назарбаев Н.Ә. Жүз жылға татитын он жыл. Алматы-2001.
[2] Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. Алматы-2003.
[3] Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі. Алматы-2003.
[4] Н.А. Назарбаев. На пороге ХХІ века. Алматы-2003.
[5] Н.А.Назарбаев. Стратегия независимости. Алматы-2003.
[6] Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. Алматы-2003.
[7] Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы-2003.
[8] К.К.Токаев. Преодоление. Алматы-2003.
[9] Тоқаев Қ. Беласу. Алматы-2003.
[10] Тоқаев Қ. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. Алматы-2002.
[11] К.К.Токаев. Казахстан процессе глобализаций. Алматы-2003.
[12] К.К.Токаев. Под стягом независимости. Алматы-1997.
[13] Г.Б.Хан, Л.С.Суворов, Г.Б.Рахманова. Внешняя политика Республики
Казахстан. Алматы-2001.
[14] М.Лаумулин. Казахстан в современных международных отношениях:
безопасность, геополитика. Политология. Алматы-2000.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

Негізгі бөлім

І тарау

1.1. Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың Қазақстандағы саны

және
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..4

1.2. Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың Қазақстанда

миссионерлікпен
айналысуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

ІІ тарау

2.1. Өзін Нағыз әке атаған Мұн Сан
Мен ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

2.2. Мұн Сан Меннің мақсаты - әлемді
билеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .17

ІІІ
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .20

ІV Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
22

Кіріспе

Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың карастыратын мәселесі дін -адамзат
тарихымен қатар жасап келе жатқан және бүкіл әлемге ортақ кұндылық. Дінсіз
адам және мемлекет болса да,бірақта дінсіз халықта қоғамда болмайтындығын
тарих дәлелдеп отыр. Адам баласына діннің не екендігін танып білу рухани-
мәдени кажеттілік,сонымен қатар дінтанушы мамандарға дін туралы білім өз
кәсіби саласында кажет.
Дәстүрден тыс дідердің пайда болуын әлеуметтік саяси
өзгерістермен,демографиялы қозғалыстармен және де дәстурлі діндердің
ықпалының әлсіреуімен байланысты. Жаңа діни қозғалыстар өздерінің діни
ілімдерінің мазмунына,діни рәсімдерінің атқарылуына карай жаңа
христиандык,жаңа шығыстык,жаңа бағдарламалық, жаңа пұтқа табынушылық болып
бөлінеді. Дәстүрден тыс діндер ілімдері ұйымдастыру жүйелерінде
ерекшеленеді
Бұл діндерде дәстүрлі діндердің қасиетті кітаптары мойындалғанымен қоса
осы дідерді құрушылардың еңбектері де қасиетті деп құрметтеледі. Жаңа
діндердің негізгін салушылар құтқарушылар,пайғамбарлар,тірі құдайлар
ретінде кабылданып, түсшіндіріледі. Дәстүрден тыс дідердің ілімі мен
практикасы синкретплікпен жене дүниежүзілік діндердің көптеген қағидаларын
ұстанулығымен ерекшеленеді. Көптеген дәстүрден тыс дідерде қатал басқару
жүйесі бар дінге қабылдауда да қагал талаптар қойып, арнайы храмдарда
өткізіледі. Дәстүрден тыс діндер белсенді миссионерлік кызметімен де
ерекшеленеді. Бұл дідердің әлеуметтік бағдарламасы түрлі yaғыздаудан бастап
күнәхар әлемнен толық бөлініп шығу,экономикалык өмір мен қоғамдық
қатынастарға белсенді араласу.

І.1Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың Қазақстандағы саны және
ерекшеліктері. Тәуелсіздік жылдары азаматтық қоғамның және нарықтық
экономиканың құрылуымен ғана емес, сондай-ақ діни серпілістің жүруімен де
сипатталады: дәстүрлі діни бірлестіктер ұстанымдарының күшеюімен бірге
қазіргі Қазақстан үшін беймәлім, жаңа “дәстүрлі емес” діни ұйымдар пайда
болды.
Атап айтар болсақ, пресветериандық және методизм, протестанттық
конфессиялар, сондай-ақ “Агапе” “Жаңа аспан” сияқты протестанттық
шіркеулер, “Бахаи” “Сайтан шіркеуі”, “Саентология шіркеуі” сияқты діни
бірлестіктер көріне бастады.
Қазақстандағы қазіргі діни ахуал күрделі әрі сан-салалы. Кейбір
деректер бойынша, 1989 жылғы 1 қаңтарда 30 конфессияға тиесілі 700-ге жуық
діни бірлестіктер болса, 2003 жылдың 1 қаңтарында 3206 діни бірлестіктер
жұмыс істеген. Олардың арасында 1652 исламдық, соның ішінде 1642 суниттік,
2 шииттік, 2 сопылық, 4 ахмадия ағымдары бар. Бұған қоса Қазақстанның
аумағында православиелік шіркеуге жататын 241 діни бірлестік (олардың 230-ы
Орыс православие шіркеуіне қарайды), 7 старообрядтық шіркеу, римдік-
католиктік шіркеуінің 77 бірлестігі, бірқатар протестанттық бірлестік жұмыс
істейді. Қазіргі Қазақстандағы дәстүрлі емес діни қауымдарға төмендегілер
енеді: 5 буддистік қауым, 24 индуистік, 12 кришнаиттік, 23 бахаи, 2
трансценденталдық медитация қауымы, ұлы ақ бауырластықтың 2 қауымы, 6
саентология шіркеуі қауымы және т.б.
Еліміздің негізгі діни қауымы суниттік ислам және христиандықтың
православиелік бағыттары. Елімізде 1700-ге жуық мұсылман бірлестіктері бар.
Оның басым көпшілігі суниттік бағыттағы бірлестіктер. Орыс православие
шіркеуінің үш епархиясына 214 приход, 8 монастыр және басқа шіркеулік
құрылымдар тиесілі. Орыс православие шіркеуі приходтар санының өсуіне және
материалдық тұрғыдан нығаюына күш-жігерін жұмсауда. Еліміздің бірнеше
қаласында православиелік ғибатханалардың құрылысы жүріп жатыр.
Кейінгі уақытта католик, протестанттық және дәстүрлі емес діни
құрылымдар өз қызметтерін белсенді түрде жүргізуде. “Иегова куәлары”
бірлестігінің миссионерлік қызметі ерекше қарқын алуда. “Иегово куәлары”
Қазақстандағы саны жағынан өсіп келе жатқан конфессия болып отыр. Оның діни
орталығы Есік қаласында орналасқан, 70-тен астам діни бірлестіктері әділет
органдарында ресми тіркелген және 30-дан аса жергілікті қауымдары бар, оны
ұстанатын адамдар 20 мыңға жуық.
1999 жылы діни бірлестіктердің құқықтары мен мүдделерін қорғау
мақсатымен Қазақстанның діни бірлестіктер қауымдастығы құрылды. Бұл
қауымдастық 200-ге жуық діни бірлестіктерді біріктіреді.
Сонымен қатар елімізде протестантизмнің жаңа апостолдық шіркеуі,
елушілер (пятидесятничество), методизм, меннонизм, пресветерианство сынды
ағымдары таралуда. Пятидесятничество ХХ ғасырдың басында АҚШ-та құрылған.
Бұл ағымның ең ірі қауымдары Қарағанды және Алматы қалаларында орналасқан.
Апостолдар рухындағы евангелшіл христиандар өз жұмысын белсенді жүргізуде.
Қазіргі кезде 3 мыңға жуық адамды біріктіретін 40-қа жуық қауымдар бар.
Пресветериандық ағымы елімізде америкалық, корейлік уағыздаушылардың
миссионерлік қызметі нәтижесінде таралып жатыр. Бұл уағызшыларға шет елдегі
діни орталықтар көмек көрсетуде. Елімізде 20-дан аса пресветериан
бірлестіктері бар. “Грэйс-Благодать”, “Бірінші пресветериан шіркеуі,”
“Алматы аймақтық пресветериан шіркеуі” бірлестіктері белгілі болып отыр.
Жетінші күн адвентистері қауымының республикалық орталығы Жетінші күн
христиан-адвентистерінің Солтүстік Қазақстан конференциясы Астана
қаласында. Ұйымдық жағынан бұл бірлестік Алматы қаласында орналасқан
Жетінші күн адвентистерінің Оңтүстік одағына кіреді. Евангелшіл бағыт
елімізде негізінен неміс этносының арасында таралған. Елімізде лютерандық
70-тен аса діни қауым бар.
Евангелшіл христиан-баптистердің қауымдары 10 мыңнан аса сенушілерді
біріктіреді. Евангелшіл-христиан баптистер Қазақстан евангелшіл христиан-
баптистері шіркеулерінің одағын құрды. Бірлестіктің орталығы Қарағанды
облысының Саран қаласында. Евангелшіл-христиан баптистердің 250-ден аса
қауымдары мен топтары бар. Евангелистер 2010 жылға дейін Қазақстан мен
Орталық Азия елдерін евангелшілдендіру жоспарын басшылыққа алуда.
Шет елдік миссионердің белсенді қызметі арқасында протестанттық
ағымдардың харизматикалық қауымдары “Агапе”, “Жаңа өмір”, “Жаңа аспан”,
“Благая весть” және т.б. жұмыс істеуде. Елімізде дәстүрлі емес культтер
қатары өсуде. Саентология шіркеуі АҚШ-та ХХ ғасырдың 50-ші жылдары пайда
болды. Негізін салушы Лафайет Рон Хаббард (1911-1986). Ол өз ілімін
“Динаетика: ақылды ойдың саулығы туралы бүгінгі заманғы ілім” атты
еңбегінде қорытындылаған. Саентология шіркеуі діни бірлестігі Алматы,
Қарағанды, Семей қалаларында ресми тіркелген. Саентология шіркеуі Ресей,
АҚШ, Англия, Австралия елдеріндегі саентологиялық ұйымдармен тығыз байланыс
орнатқан.
“Кришна санасы” қоғамы елімізде әрекет етіп отырған жаңа діни
ағымдардың бірі. Индуизмнен тармақталатын “Кришна санасы халықаралық
қоғамының” негізін салушы – Свами Прабхупада (1896-1977). Бұл діни ағым
жастар арасында таралып жатыр. Дүниежүзілік христиандықты біріктіру
жолындағы Қасиетті рух ассоциациясы (Бірігу шіркеуі) 1954 жылы құрылған.
Негізін салушы – Сан Мен Мун. Бірігу шіркеуінің миссионерлері әлемнің 100-
ден аса елінде қызмет етеді. Бұл шіркеудің түрлі бағыттағы ұйымдары бар.
Бірігу шіркеуі елімізде 1992 жылдан жұмыс істейді.
Қазақстанда түрлі дәстүрлі емес культтар саны өсуде. Атап айтсақ, 1990
жылдары жаңа культтар саны 10-нан сәл асатын болса қазіргі уақытта жаңа
культтардың саны 160-тан асады. “Кришна санасы қоғамы”, “Соңғы өсиет
шіркеуі”, “Жаңа аспан”, “Жаңа өмір шіркеуі” сынды ХХ ғасырдың наным-
сенімдері үгіт-насихат жұмыстарын түрлі мерекелік және қайырымдылық іс-
шаралар ұйымдастыру арқылы жүргізуде.
Елімізде экстремистік бағыттағы “Хизб-ут-тахрир” (“Азат ету партиясы”)
ұйымының заңға қайшы әрекеттері жұртшылықтың наразылығын тудыруда. Хизб-ут-
тахрирдің мақсаты – Ислам атын жамылып, дінаралық келісім мен үн қатысуға
зиянын тигізіп, бейбіт өмір тыныштығын бұзу. Хизб-ут-тахрир Орталық Азия
елдерінің мемлекеттік құрылысын мойындамайды және осы аймақта халифат
құруды өздерінің мақсаты ретінде ұстанады. Аталған ұйым күресі идеологиялық
күрес, идеологиялық төңкеріс, билікті өз қолдарына алу сынды үш бағытта
жүргізіледі. Кейінгі жылдары мұсылмандар арасында жік салатын пікірлер мен
ұстанымдар көрініс беруде. Діни фанатизм, лаңкестік, пікір төзімсіздігі
ислам дініне жат.
Елімізде “әл-Каида”, “Мұсылман бауырлар”, “Талибан”, “Лашкар”, “Таиба”,
“Боз-құрт”, “Өзбекстан ислам қозғалысы” және т.б. лаңкестік ұйымдардың қыз–
діни метіне тыйым салынған.
І.2Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың Қазақстанда миссионерлікпен
айналысуы. Миссионерлік ұйымдардың ілімдерін таратуға арналған діни және
саяси қызмет. Миссионерлік ұйымдардың шоқындыру саясаты Африка және Азия
халықтары арасында қарқындап, мақсатты түрде жүргізіліп отыр. Миссионерлік
ұйымдарға бірқатар елдердің мемлекеттік құрылымдары, қайырымдылық қорлары,
үкіметтік емес ұйымдар, қаржылық топтар материалдық және моральдық тұрғыдан
көмектесіп, ортақтаса жұмыс жасайды. Миссионерлер баратын ел халқының
дінін, тарихын, әдет-ғұрпын, ділі мен психологиясын зерттеп біліп барады.
Көптеген миссионерлер жергілікті халық басым елді мекендерде тұрып,
сол халықтың тілін, әдет-ғұрпын, мінез-құлықтарын өз қызметтерін табысты
атқару үшін жетерліктей деңгейде зерттеп, үйренеді. Елімізде протестанттық
және неопротестанттық шіркеулердің миссионерлік қызметтері халқымыздың діни
бірлігі мен ынтымақты өміріне кері әсерін тигізеді.
Жұмыссыздар, өмірден өз орнын таппағандар, рухани ізденісте жүргендер,
жеке басы және отбасындағы психологиялық қиындықтарға төзе алмағандар,
Ислам дінін терең білмейтіндер, әсіресе жастар миссионерлердің үгіт-
насихатына тез ілігеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында ождан бостандығы мен діни
бостандықтың қағидаттары, әртүрлі конфессияларға жататын азаматтардың
өздерінің діни бірлестіктерін құрудағы теңқұқылығы, мемлекеттің шіркеуден
бөлінгендігі туралы қағидаттар бекітілген. Сондай-ақ діннің және діни
бірлестіктердің әлеуметтік қызметтерін реттеудің халықаралық тәжірибелеріне
негізделген өзге де бірқатар нормативтік-құқықтық негіздер бар. Соған
қарамастан, діннің мәртебесі, оның қоғам өміріндегі шынайы жағдайы мен
рөлі, яғни діннің қоғамның әлеуметтік-саяси, рухани салаларына тигізер
әсерінің мәртебесі, кеңістігі және шекаралары қазірге дейін дәл
анықталмаған. Осындай белгісіздік, әсіресе оның теріс салдары еліміздегі
қазіргі діни жағдайда орын алған жаңа үрдістерге байланысты анық та айқын
аңғарылуда. Бұл, әрине, әсіресе дін мен діни сананың күдік туғызатын діни-
рухани нормалары мен догмаларына негізделген жаңа діни ағымдар мен
бағыттардың пайда болуына байланысты. Мұндай әсірешіл нышандар діни
фундаментализм мен діни экстремизм ретінде көрініс табуы мүмкін.
Қазақстанның зайырлы мемлекет болуына байланысты, ресми идеология
дінге мейлінше бейтарап қарайды: ол діншіл де, дінге қарсы да сипатқа ие
емес. Қазіргі Қазақстандағы діннің жағдайы авторитарлық, тоталитарлық және
теократиялық басқару жүйесі бар мемлекеттерден түбірінен өзгеше.
Конфессияаралық бейбітшілік пен келісім көпұлтты, көптілді және
көпконфессиялы Қазақстан үшін күрделі мәселе. Бүгінде Қазақстан әлемге
бүкіләлемдік діни-рухани форумның орталығы есебінде де таныс. Оған әлемдік
және дәстүрлі діндердің басшылары анағұрлым маңызды заманауи діни
мәселелерді шешу үшін жиналады.
Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының бірінші съезінде еліміздегі
конфессияаралық келісім мен диалогтың маңыздылығы ерекше атап өтіліп,
конфессияаралық келісім мен диалогтың негізгі қағидаттары айқындалды. Олар:
толеранттылық, өзара құрметтеу мен түсінісу, ұлтаралық келісім мен діни
төзімділік. Бұл қағидалар Қазақстандағы конфессияаралық қатынастардың да
негізін құрайды. Бұл туралы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында былай
делінген: “Біз барлық діндердің тең құқылығына кепілдік береміз және
Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз”.
Дін біріктірудің, интеграциялық үдерістердің күшті факторы бола алады.
Ол үшін діндерден қайшылықтарды емес, керісінше, ортақ белгілер мен
қағидаттарды, ортақ негіздер мен ортақ құндылықтарды, біріктіруші бастауды
іздеуге міндеттіміз.
Айта кету керек, Қазақстан діни толеранттылық пен конфессияаралық
келісім ісінде игі дәстүрлерге ие. Қазақстан көне заманнан бері саналуан
мәдениеттер мен діндердің тоғысу мекені болған. Қазіргі Қазақстанның
аумағында бірнеше ғасырлар бойы тәңіршілдік, зороастризм, манихейлік,
буддизм, христиандық (оның әсіресе нестериондық және яковиттік тармақтары)
және ислам сияқты әртүрлі нанымдар бейбіт қатар өмір сүрген, яғни
толеранттылық пен конфессияаралық келісімнің үлгісі болған. Сондықтан
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап айтқанындай: “...бізге төзімсіздік немесе
діни фанатизм жат. Бұл рухани дәстүр, бұл қандай шеңберде болмасын Құдайдың
Сөзіне деген ашықтық. Бұл – Қазақстандағы конфессияаралық келісімнің ең
маңызды негіздерінің бірі. Біз әлемге өзіміздің толеранттығымызбен,
ұлтаралық, конфессияаралық келісім мен диалогты сақтауымызбен танылдық.
Біздің еліміздің өскелең дүниетанымдық әлеуеті бұдан әрі қарай да
сақталуға, дамуға тиіс”.
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, неке қидырған жұптардың
дені бұрын бір-бірімен таныс болмаған. Құжаттарындағы мәліметтер бойынша
оларды шіркеу қызметкерлері жарастырыпты. Бірігу шіркеуі ілімін ұстанатын
жастар бұған дән риза. Өйткені осы діни ағым бойынша бір-бірін көрмей-
білмей шаңырақ құру – ғаламда бейбітшілік орнатудың басты жолы. Мун Сон
Меннің құрметіне арналған мұндай шара Кореямен көршілес өзге елдерде де
өтті. Жаппай некелесу салтанатына үн қосқандар Ресейден де табылды. Айта
кетейік, Бірігу шіркеуі діни ағымы будданың христиандықпен ұштасатын
саласы саналады. Әлемнің көптеген елдері оны секталық бірлестік деп те
таниды.
Ең алдымен сәл статистикаға жүгінейік. 1995 жылдың соңында Ресей
аймағында 40-тан аса конфессияға кіретін 12 мыңдай түрлі бірлестіктер
тіркелген. Ресейдің “Діни сенім бостандығы туралы” заңы тіркелген
қауымдардың ішінен нақты сектанттықтарын бөліп қарау мәселесін
күрделендірді. Сонымен бірге “жаңа құдайларға” бірталай адамдардың сыйынып
жүргендігі белгілі. Муна сектасының (әлемдегі ең қуаттылардың бірі)
Ресейдің 50-ден астам қалаларында өз өкілдері болған. Бастықтардың
бағалауынша, Мәскеу мен Санкт-Петербургтен ғана оған шамамен 20 мыңдай адам
кірген. Алайда, түрлі елдердің діни уағыздаушыларының мың жылдық
христиандық дәстүрі бар Ресейде өздерін қаншалықты ожарлықпен ұстағандарына
қарап, олардың басқалардың сенімі мен тарихына шын мәнісінде қалай
қарайтындығына бүтіндей көз жеткізуге болады.
Түрлі секталарды бірнеше негізгі топтарға бөлуге болады:
шетелдік протестанттық ағымдар (әсіресе американдықтар басым);
дәстүрлі емес мәндегі (“шығыстық”) экзотикалық секталар – шетелдік те,
ресейлік те;
өздерін “жетілдірілген” дәстүрлі конфессиялар ретінде көрсететін
“жаңа” діндер (оның ішінде “жетілдірілген” православие) немесе барлық
конфессиялардың үйлесімді бірігуі;
әдетте экстрасенстермен, сиқырлы дуагерлермен т.б. байланысты болып
келетін шағын оккульттік топтар;
ібілістер.
Мамандар әдетте бірнеше негізгі белгілерді атап көрсетеді:
ішкі қатаң ұйымдастырылу – жеке басқа бағынушылық секта мүшесіне дереу
байқалмайды, ал нәтижесінде оны Құдай емес, Құдай атынан сөйлеген адам
билейді; айтпақшы, әдетте секта құрылымы да оған кіретіндердің (оның
мүшелерінің) барлығына белгілі емес;
секта жетекшісінің жеке бас культі (табынушылығы) - әдетте ол өзін
ақиқат ашылған бірден-бір жан деп жариялайды: 1993 жылы юсмалианның
жетекшісі Марина Цвигун Мария деви Христос деген бүркеншік есіммен өзін
“Тірі Құдай” және Дүние анасы (!) деп жариялады; “Аум ақиқатының ілімі”
жапон сектасының жетекшісі Сёко Асахара өзін “Аса Қасиетті Киелі Ұстаз” деп
атады, тіпті аты беймәлім “пайғамбарлар” да өздерін атақтардан құр
қалдырмайды (мәселен, Эль Оахим Моношес деген біреу өзін Дүние Санасының
Магистрімін деп әйгілейді);
әлемдік діндер адамдардың бірігуін уағыздайды, ал секталар болса,
оларды бөлектейді (бәріне ортақ ағайыншылдық туралы сөзбен бүркемеленіп),
онда қалған адамзаттың бәрі ғана емес, жақын адамдары да “жат” болып
саналады; сектанттың сыбайластары оның жанұясына айналады, ал кейбір
секталарда анасы да, тіпті баяғыда қаза тапқан туыстары да жау деп
жарияланады.;
сектаның қатардағы мүшесіне табанды экономикалық талаптар –
материалдық игіліктердің пайдасыздығы туралы әңгіме бола тұра адам сектаға
өзінің (кейде тіпті, біреудің) беруі немесе оған жұмыс істеуі тиіс болып
шығады: кейде бұл әдебиеттерді немесе діни көрініске билеттерді зорлап
беру, кейде – жезөкшелік болса, Муна сектасында оның өзінің ерекше
“ұжымшарлары” мен зауыттарында тегін жұмыс істетілді. 1995 жылы германдық
“ұстаздар”, мәселен өздерінің жейделері мен басқа да заттарын сатудан 18
млрд. маркадан астам кіріс түсірген.
Залалсыз тәрізді көрінетін жайт – сектаға әуестікпен бару – көбіне
өмірде тез-ақ экстремалді жағдайды туындатады. Адамды билеудің оңтайлы
жасалған әдістемесі оның ерік-жігерін жоғалтып, қызығушылығының бүтіндей
өзгеруіне әкеледі. Сектадан шығу аса қиын, оған талаптану көбіне өзін-өзі
өлтірумен немесе психикалық ауруларға душар болумен аяқталады. Адамға өзін-
өзі құтқару үшін жарты жылдан артық уақыт берілмейді деп саналады. Бірақ,
басқа да қауіпті жағдайлардағы сияқты, бұл жерде де ең жақсы шара – ескерту
деп санау керек.
Берілген нұсқауларды Православие университетінің деканы диакон
о.Андрей (Кураев) ұсынады. Әрине, бұлар ең алдымен орыс (атап айтқанда -
православ) оқырманға арналған, алайда оладың көбісі басқа кез келген
әлемдік діннің өкілдеріне де пайдалы.
Руханилық - тұрақсыз сөз екенін әрдайым есіңізде сақтаңыз. Высоцкий
әндерінде: “Жоғарыдағының бәрі Құдайдан емес” деген сөздер бар. Руханилық
туралы айтылған нәрсенің бәрі Құдайға бастап бармайды. Діни жолдардың бәрі
мейірбандыққа апармайды.
 Егер сіз өз бойыңыздан байыпты діни өмірге ену үшін қажетті
шешімділік пен ішкі тәжірибені таба алмасаңыз, сонда да өз таңдауыңызды
жасаңыз (мысалы, “Егер мен бір сенімге бас ұрсам, ол - Православие” болады
немесе “Мен мұсылман боламын”, “Мен католик боламын”). Содан кейін өзіңіз
сенгіңіз келмеген нәрсені дереу айқындаңыз. Бұдан кейін бірнеше ондаған
жылдар өтуі мүмкін, бірақ сіз мәселен бір кезде православ болуға шешім
қабылдасаңыз (тіпті діни дәлелдер үшін емес, жай отбасылық немесе ұлттық
дәстүр үшін ғана), одан кейінгі жылдары сіз өзіңізді сектанттардың
“шабуылынан” қорғай аласыз.
Егер сізбен біреу діни наным туралы сөз қозғаса, әңгімелесушіден анық
таныстырылуын өтініңіз. Оның “Христ шіркеуі”, “Бірігу шіркеуі”, “Жаңа Киелі
Русь” және т.б. тәрізді конфессиялардың атын атауымен қанағаттанбаңыз. Егер
ол өзін “жай ғана христианинмын” десе, оның православиеге, иконаларға
көзқарасын білдіруін өтініңіз. Бұл арқылы сіз өзіңіздің таңдау
бостандығыңызды қорғап, ашық алдаудан құтыласыз; көптеген уағызшылар
бастапқыда өздерінің сізге өз халқыңыздың дәстүрлі наным-сенімінен бас
тартуды ұсынып тұрғандарын байқамай қалғаныңызды қалайды.
Сектанттар көбіне зиялылықтың аттарымен және мақсаттарымен
бүркемеленеді. Егер сізді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар жайында
Дәстүрлі діннің белгілері
Лекциялар жинағы «Дінтану және теология»
Қазіргі дәстүрлі емес діни қозғалыстар пәнінен лекциялар жинағы
Қазақстандағы «Грейс благодать» шіркеуінің қызметі
Саентология біздің елімізге келудегі мақсаттарын салыстырмалы түрде анықтау және мемлекетпен арақатынастарын ашып көрсету
Адвентизмнің негізінің қалыптасуы
Қазіргі дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғибадат. Бүгінгі Қазақстандағы дін және ұлт
Еліміздегі дәстүрлі емес ағымдардың пайда болуы
Рухани бірлік пен діни тұтастығымыздың негізін қалайтын дәстүрлі діни танымымыздың мәнін ұғыну
Пәндер