Қазақстан Республикасында жазадан босатылғандарды әлеуметтік бейімдеу мәселелері



КІРІСПЕ
Жұмыстың негізгі мазмұны
Қорытынды
Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған құқықтық реформа елімізде демократиялық, зайырлы, әлеуметтік мемлекет құруға бағытталған, бұл өз кезегінде біздің негізгі заңымыз Конституцияға сәйкес келеді. Алғашқы рет, атап айтқанда қылмыстық іс жүргізуде адам мен азаматтың табиғи құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету – біздің мемлекетіміздің басым бағыты болды.
Ел басы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халқына арнаған жолдауында: «Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды шеше алатындай болуға тиіс. Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет. Зор өкілеттілік пен құқық иеленген мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс» - деді [1].
Бүгінде халықаралық құқықтың жалпыға ортақ қағидаттары және нормаларымен бостандығынан айырылған тұлғалармен қарым-қатынас жасаудың құралдары мен әдістерінің қылмыстық және қылмыстық-атқару тәжірибесімен мейілінше үйлесімге келуге мемлекеттердің ұмтылысы айқын байқалады. Халықаралық пенитенциарлық құқықтың дамуы ұлттық, экономикалық және басқа ерекшеліктерді есепке ала отырып, бірыңғай халықаралық стандарттарға жазаны атқарудың бір-біріне сәйкестенуін білдіреді.
Алға қойған міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі жарлығымен қабылданған Кұқықтық саясат Тұжырымдамасы қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттік қызметті одан әрі ізгілендіруге бағытталған кешенді заңдық шараларды қабылдау қажеттілігін белгілейді [2, 19 б.].
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында да қылмыстық құқықты одан әрі дамыту, бұрынғыдай қылмыстық саясаттың қос векторлығын ескере отырып жүргізілуге тиіс делінген. Қылмыстық құқықты дамытудың маңызды бағыты, ең алдымен аса қоғамдық қауіп тудырмайтын адамдарға қатысты қылмыстық жазалаудан босатудың шарттарын кеңейту арқылы қылмыстық қуғын-сүргінді қолдану аясын кезең-кезеңмен қысқарту мүмкіндігін айқындау болып табылады. Тұжырымдамада азаматтарды қылмыстық жазаға тартуды азайту, қылмыстық жазалау шараларын үнемдеу мақсатында, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық-құқықтық шараларын кеңінен қолдану үшін жағдайлар жасау қажеттігі туралы айтылады. Сонымен қатар, заңнамада және сот тәжірибесінде нақты тұлғаға қатысты, түрі мен қылмыстық-құқықтық шаралары әсіресе тиімдірек болатын мәліметтерге негізделген ережелерді дайындау қажет.
1 «Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы (Астана, 17 қаңтар 2014 жыл).
2 Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат Тұжырымдамасы. – Алматы: Жеті жарғы, 2002. – 46 б.
3 Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 28 тамыздағы №858 Жарлығымен қабылданған Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан. – 2009. – 28 тамыз. – № 281-283. – Б. 2-4.
4 Чукмаитов Д.С. Применение уголовного наказания в целях
предупреждения рецидивных преступлений. Алматы: Баспа, 1997.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 345.056 Қолжазба құқығында

РЫСБЕКОВ БЕРІК

Қазақстан Республикасында жазадан босатылғандарды әлеуметтік бейімдеу
мәселелері

6М030100 – құқықтану

Құқықтану магистрі академиялық дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертацияның

Авторефераты

Қазақстан Республикасы
Түркістан, 2014
Жұмыс Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің
қылмыстық құқық, іс жүргізу және криминология кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекшісі Заң ғылымдарының кандидаты
Айгүл Есіркепқызы Паридинова


Ресми оппоненті заң ғылымдарының кандидаты
Бижан Нұрлан Рабханұлы


Диссертация 2014 жылдың ____ _____күні сағат ____ Қ.А. Яссауи
атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы Мемлекеттік
біліктілік комиссия отырысында қорғалады. Мекен жайы: Түркістан қаласы,
заң факультеті, аудитория ____.

Диссертациямен Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университетінің кітапханасында танысуға болады.

Мемлекеттік біліктілік комиссия
хатшысы

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасында жүргізіліп
отырған құқықтық реформа елімізде демократиялық, зайырлы, әлеуметтік
мемлекет құруға бағытталған, бұл өз кезегінде біздің негізгі заңымыз
Конституцияға сәйкес келеді. Алғашқы рет, атап айтқанда қылмыстық іс
жүргізуде адам мен азаматтың табиғи құқықтары мен бостандықтарын жүзеге
асыруды қамтамасыз ету – біздің мемлекетіміздің басым бағыты болды.
Ел басы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір
мүдде, бір болашақ атты халқына арнаған жолдауында: Сот жүйесі іс жүзінде
ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды шеше алатындай болуға
тиіс. Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет. Зор
өкілеттілік пен құқық иеленген мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби
деңгейімен ерекшеленуге тиіс - деді [1].
Бүгінде халықаралық құқықтың жалпыға ортақ қағидаттары және нормаларымен
бостандығынан айырылған тұлғалармен қарым-қатынас жасаудың құралдары мен
әдістерінің қылмыстық және қылмыстық-атқару тәжірибесімен мейілінше
үйлесімге келуге мемлекеттердің ұмтылысы айқын байқалады. Халықаралық
пенитенциарлық құқықтың дамуы ұлттық, экономикалық және басқа
ерекшеліктерді есепке ала отырып, бірыңғай халықаралық стандарттарға жазаны
атқарудың бір-біріне сәйкестенуін білдіреді.
Алға қойған міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасы
Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі жарлығымен қабылданған Кұқықтық
саясат Тұжырымдамасы қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттік қызметті одан
әрі ізгілендіруге бағытталған кешенді заңдық шараларды қабылдау
қажеттілігін белгілейді [2, 19 б.].
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге
арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында да қылмыстық құқықты одан әрі
дамыту, бұрынғыдай қылмыстық саясаттың қос векторлығын ескере отырып
жүргізілуге тиіс делінген. Қылмыстық құқықты дамытудың маңызды бағыты, ең
алдымен аса қоғамдық қауіп тудырмайтын адамдарға қатысты қылмыстық
жазалаудан босатудың шарттарын кеңейту арқылы қылмыстық қуғын-сүргінді
қолдану аясын кезең-кезеңмен қысқарту мүмкіндігін айқындау болып табылады.
Тұжырымдамада азаматтарды қылмыстық жазаға тартуды азайту, қылмыстық
жазалау шараларын үнемдеу мақсатында, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес
қылмыстық-құқықтық шараларын кеңінен қолдану үшін жағдайлар жасау қажеттігі
туралы айтылады. Сонымен қатар, заңнамада және сот тәжірибесінде нақты
тұлғаға қатысты, түрі мен қылмыстық-құқықтық шаралары әсіресе тиімдірек
болатын мәліметтерге негізделген ережелерді дайындау қажет. Сонымен қатар,
соттармен бас бостандығынан айыруға балама жазаларды белсенді қолдану үшін,
оның орындалуының тиімділігін арттыру қажет, ол үшін осындай шараларды
орындауға жауапты мамандандырылған органдарды институционалды дамыту
қажеттілігі бар. Бас бостандығынан айыру жазасы негізгі жаза болып қала
беретіндігін ескере отырып, азап шектіру белгісі бар бас бостандығынан
айыру жазасының тәрбиелік компонентін жоғарылатын шараларды қабылдау керек.
Атап айтсақ, жазаны орындауды жеке даралау қағидасының негізінде
сотталғандарды түзеу-тәрбиелеу әсерінің нысандары мен әдістерін одан әрі
дамыту қажет. Әсіресе өзекті болып бас бостандығынан айыруға сотталғандарды
қоғамға-пайдалы еңбекке немесе оқуға, ресоциализацияның арнайы
бағдарламаларына тарту арқылы жұмыспен қамту өзекті болып отыр [3, 3 б.].
Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде заңнаманың, оның ішінде
материалдық-тұрмыстық, медициналық-санитариялық жағынан қамтамасыз ету,
сотталғандарды еңбегіне ақы төленетін жұмыстарға тарту, жазасын өтеген
адамдарды және қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға
сотталғандарды әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету туралы талаптарын
сақтау жөніндегі мәселелер де өзекті болып қала береді.
Алайда қылмыстық саясаттың аталған міндеттері бойынша мемлекеттік билік
органдарының осы күнге дейін тиімді жұмысы байқалмайды, немесе бұл шаралар
бір жолғы және көп жағдайда жүйесіз сипатта болады.
Соңғы жылдардағы қылмыстылықтың жағдайына жасалған талдаулар, бірқатар
қылмыстар бойынша рақымшылық жасалғаннан кейінгі бас бостандығынан
айырылғандардың санының 20-30 мыңға дейін азайғандығы мемлекетімізде
қылмыстылықтың өсуіне ешқандай әсерін тигізбейтіндігін куәландырады.
Сотталған адамға ізгілікпен қарау қылмыс жасаған адамның тиімді
ресоциализациясын қамтамасыз етеді.
Бүгінгі күні, қылмыстық-атқару жүйесін ізгілендірудегі позитивті
бағыттарға қарамастан, қоғам тарапынан көмек қажет етіледі, өйткені жазасын
өтеп шыққн адамдар қоғамның толыққанды мүше болу үшін ақталуға мұқтаж.
Елімізде мыңдаған адамдар бостандыққа шыққанымен өз бетімен лайықты өмірге
орала алмай жүр. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға
жүргізілген сұраулар, адамдардың бұл категориясының 80% жеке куәлігінің
жоқтығы, тұрақты тұрғылықты жерінің болмауынан және ешбір жерге
тіркелмегендіктен (осыған байланысты еңбекке орналасу үшін қажетті
құжаттарды алу мүмкіндігінен айырылады) жұмысқа орналасу мүмкіндігінің
жоқтығын куәландырады.
Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактіге, сондай-ақ
сотталғандармен қатынас жасаудың ең төменгі стандарттық Ережелеріне сәйкес,
сотталғандардың конструктивтік қызметке және әлеуметтік ақтауға құқығы
бар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған адамдарды ресоциализациялау үшін, оларға әлеуметтік қызмет
көрсету үкіметтік емес ұйымдармен жүзеге асуы керек. Мемлекет еншісіне
қаржыландыру және бақылау функция ғана беріледі. Егер де осындай қағиданы
белгілейтін заң қабылданса, онда бұл бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу мәселесін шешу үшін мықты күш
болады.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың көп жағдайда
қоғамның, мелекеттің көмегінсіз қалыпты өмірге оралуға нақты мүмкіндігі
болмайды. Бұл, егер біз жазасын өтеген адамдардың ресоциализациялануы
мәселесі төңірегінде жұмыс жасамасақ, републикамыздың азаматтары әлі де
өздерін қауіпсіз сезіне алмайды дегенді білдіреді.
Қазақстан Республикасында қылмыстық жазаларды атқару жүйесі жетілдірілу
үстінде. Жүргізіліп жатқан өзгерістер жазаны атқаруға деген амалдың өзін
сапалы түрде өзгерту керек. Қылмыстық жазаларды орындау жүйесі формальды
емес, ашық болуға тиіс, әсіресе маңыздысы – негізгі міндетті шешуге
бағытталу керек, ол: сотталғандарды түзеу және жазаны өтегеннен кейін
толыққанды мүше ретінде қоғам өмірін енгізу.
Жазаны атқару жүйесінің тиімділігінің маңыздылығы қазіргі таңда
сотталғандарды ресоциализациялаумен айқындалады, бұл әрбір сотталған
адамның жазаны өтегеннен кейін қоғам өмірінің дағдылы жағдайларына оралуға
қабілеті мен дайындығын қалыптастыруға бағытталған психологиялық-
педагогикалық, экономикалық, медициналық, құқықтық және ұйымдастырушылық
шаралардың күрделі кешені. Бұл үрдіс қоғам өміріне ену үшін, жазаны өтеген
адамның қажетті және жеткілікті нормаларды, құндылықтар мен білімдерді
игеруін білдіреді.
Жазаны өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеудің мәселелерін ғылыми
зерттеудің өзектілігі олардың әлеуметтік тұрғыдан шеттетілгеніне
байланысты. Осыған байланысты қылмыстылықпен күресу міндеттерін шешуге
ықпал ететін шаралар жүйесінде елеулі рөл қылмыстық жазаларды атқару
саласының құқықтық реттелуін жетілдіруге берілу керек.
Қылмыстық жазаны өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу криминологияның ең
маңызды мәселелерінің бірі болып табылады, өйткені бұл категориядағы
адамдар тарапынан жаңа қылмыстарды алдын алу қылмыстылықпен күресудің
негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Қылмыстық жазаларды тағайындау және қолдану жүйесіндегі жағдай, жаза
барлық уақытта құқықбұзушыларды түзеуге және қылмыстарды алдын алуға
бағытталмайтындығын көрсетеді. Сондықтан қылмыстық жазаларды орындау және
сотталғандарды түзеудің нәтижелерін бекіту бойынша көпаспектілі қызметте
өзекті болып жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мәселесі
табылады.
Аталған мәселеге арналған еңбектерде бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеуде тұлғаның ерекшеліктерімен және
босатылғандардың әлеуметтік ортасымен ғана емес, қолданыстағы қылмыстық-
атқару жүйесінің кемшіліктерімен де себептелетін, объективтік және
субъективтік себептердің жиынтығына негізделген үлкен қиындықтардың бар
екендігін көрсетеді. Осыған байланысты, жазадан босатылған адамдарды
әлеуметтік бейімдеу бойынша мемлекеттің көпаспектілі қызметін зерттеу
кешенді зерттеуді талап ететін өзекті мәселе болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ескі заң негізінде түзеу мекемелерінен
босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу мәселелеріне елеулі көңіл Ю.М.
Антонян, Н.А. Беляев, А.И. Васильев, И.М. Гальперин, А.Д. Глоточкин, В.И.
Гуськов, В.А. Елеонский, И.И. Карпец, В.Н. Кудрявцев, У.С. Джекебаев, Е.И.
Каиржанов, А.С. Михлин, В.Ф. Пирожков, А.Т. Потёмкина, В.М. Трубников, И.В.
Шмаров сияқты ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Бұл бағытта қазақстандық ғалымдар Д.С. Чукмаитов, К.Ж. Балтабаев, Х.Х.
Валиев, С.Ж. Жорабеков, А.Б. Скаков біршама жұмыстар жазған болатын.
Алайда, жазаны өтеуден босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеудің
жекелеген жақтары төңірегінде жазылған еңбектердің жалпы ауқымдылығына
қарамастан, Қазақстанда қылмыстық және қылмыстық-атқару жүйесінің
реформалануы жағдайында жазаны өтеуден босатылған адамдарға әлеуметтік
көмек көрсету бойынша мемлекеттік-құқықтық шараларды бекіту және оны жүзеге
асыру механизмі бойынша мәселелерге кешендік зерттеулер жүргізілмеген.
Диссертация тақырыбының өзектілігі аталған жағдайларға байланысты.
Зерттеудің мақсаты – халықаралық стандарттарға сәйкес қылмыстық жазаны
қолдануды ізгілендіру тұрғысынан жазаны өтеуден босатылған адамдарды
әлеуметтік бейімдеу үрдісінің құқықтық реттелуін жетілдіру.
Осы мақсатқа сәйкес зерттеу барысында мынадай міндеттер қойылды:
– жазаны өтеуден босатылған адамдардың әлеуметтік бейімдеу үрдісінің
түсінігі мен ерекшеліктерін анықтау;
– бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеген адамдардың
әлеуметтік бейімделуіне әсер ететін негізгі факторларды талдау;
– шет елдерде жазадан босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу үрдісін
жүзеге асыру тәжірибесін зерттеу;
– жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мәселелерін қарастыратын
қылмыстық-атқару заңнамасы нормаларының жүзеге асырылуын талдау;
– осы салада қылмыстық-атқару нормаларының және оларды қолдану
тәжірибесінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін зерттеу;
– жазаны өтеуден босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеудің
құқықтық реттелуін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диссертациялық зерттеу жазаны
өтеуден босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу институтын кешенді зерттеу
нәтижесі болып табылады.
Ғылыми зерттеу қылмыстық жазаны ізгілендіру тұрғысында қылмыстық жазаны
өтеуден босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеудің құқықтық реттелуін
жетілдіру мәселелеріне арналған.
Жұмыста қылмыстық-атқару жүйесін реформалау саласындағы құқықтық
саясат Тұжырымдамасымен жүзеге асырылатын шаралардың тиімділігімен,
жекелеген қылмыс түрлерінің тиімділігімен және олардың жазаны өтеуден
босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу үрдісіне әсерімен, бас
бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әлеуметтік көмек
көрсету бойынша шаралар қарастырумен; әлеуметтік бейімдеу үрдісіне бас
бостандығынан айыру жазасын қолданбастан, қылмыспен келтірілген залалын
толық өтеген адамдардың жазасын жеңілдететін көтермелеу институтын
қолданудың әсерімен; сотталғандармен қарым қатынас жасау бойынша
халықаралық стандарттарды қолдану және олардың әлеуметтік бейімдеу үрдісіне
әсерімен, Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасында
бекітілген, жазаны өтеуден босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу туралы
нормалардың осы саладағы халықаралық стандарттарға сәйкестігіне
салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізумен байланысты мәселелерді зерттеу
қарастырылады.
Зерттеу объектісі болып қылмыстық жазаны қолдануда қылмыстық саясатты
ізгілендіру тұрғысынан жазадан босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу
бойынша қызметтің құқықтық реттелуі барысында туындайтын қоғамдық
қатынастар табылады.
Зерттеу пәні болып бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден
босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу үрдісі, сондай-ақ осы нормаларды
қолдану тәжірибесі табылады.
Зерттеудің методологиялық және әдістемелік негіздері. Диссертациялық
жұмысты жазу барысында ғылыми талдаудың принциптері мен жалпы материалистік
диалектика тәсілі қолданылды. Біртұтас нәтижеге жету мақсатында зерттеуде
формальды логикалық ережелері және жүйелі-құрылымдық, салыстырмалы құқықтық
және статистикалық, салыстырмалы-тарихи және жалпығылыми әдістемелер
пайдаланылды.
Зерттеудің теориялық негізіне социология мен педагогика, жалпы құқық
теориясын, криминология, қылмыстық құқық пен қылмыстық-атқару құқығының
тұжырымдамаларын, сондай-ақ түзеу мекемелерінен босатылған адамдарды
әлеуметтік бейімдеудің құқықтық реттелуіне арналған ғылыми еңбектерді
жатқызуға болады.
Зерттеудің құқықтық нормативтік базасы негізінен Қазақстан
Республикасының 1995 жылғы Конституциясының қағидаларынан, Қазақстан
Республикасы Президентінің 2009 жылғы 28 тамыздағы №858 Жарлығымен
қабылданған Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі
кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасынан, қылмыстық және қылмыстық-
атқару кодекстері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылыры және
құқыққорғау органдарының ведомствалық құқықтық актілері, қылмыстық жазадан
босатуға байланысты ресми мәліметтік есеп-шолулары, жинақтары, құжаттары,
сонымен қатар, басқа да заңдар және заңға бағынышты актілерден тұрады.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы жазаны өтеуден босатылған адамдарды
әлеуметтік бейімдеу туралы ғылыми тұжырымдамаларды одан әрі жетілдіруге
бағытталған ұсыныстарда. Зерттеу жұмысы қылмыстық жазаны өтеуден босатылған
адамдарды әлеуметтік бейімдеудің түсінігін анықтаумен байланысты
мәселелерді зерттеудегі олқылықтарды толтырып, сондай-ақ қылмыстық-атқару
заңнамасына осы үрдісті реттейтін нормалар енгізе отырып, қылмыстық-атқару
құқығының теориясына қомақты үлесін қосады. Сонымен қатар, халықаралық
стандарттарға сәйкестендіру тұрғысынан қылмыстық-атқару заңнамасы мен
жазаны өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу жүзеге асыру тәжірибесін
бағалаудың, оны жетілдіру бойынша ұсыныстардың да теориялық маңызы бар.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Диссертациялық жұмыста келтірілген
ұсыныстар мен тұжырымдар отандық қылмыстық және қылмыстық-атқару
заңнамаларын жетілдіру мақсатында жазаны өтеуден босатылған адамдарды
әлеуметтік бейімдеуге қатысты мәселелердің құқықтық реттелуін жүзеге
асыруда пайдаланылуы мүмкін.
Зерттеу жұмысындағы ұсыныстар жазаны өтеуден босатылған адамдарды
әлеуметтік бейімдеу тәжірибесінде көрініс таба алады, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамаларын жетілдіруде,
бас бостандығынан айыру жазасын орындайтын мекемелердің тәжірибелік
қызметінде ескерілуі мүмкін. Сонымен қатар, зерттеудің тәжірибелік
ұсыныстарын тек ғылыми зерттеу бағытында ғана емес, білім беру үрдісінде
пайдалануға болады.
Қорғауға шығарылатын негізгі ғылыми нәтижелер:
1. Қылмыстық жазаны өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу бір жағынан
тұлғаның қоршаған ортамен өзара әрекеттесу, белгілі уақыт бойы сотталған
адамның айырылған әлеуметтік байланыстарын қалпына келтіру, ал екінші
жағынан осындай адамдарға көмек көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық-
құқықтық үрдіс болып табылады.
2. Түзеу мекемелерінде жазасын өтеуші адамдармен жүргізілетін тәрбие
жұмысының негігі бағыттарының бірі болып еңбекпен тәрбиелеу табылады. Бұның
мақсаты сотталған адамның еңбек ету дағдысын, босатылғаннан соң жұмысқа
орналасу үшін қажетті мамандық алуына бағытталу керек. Дегенмен, түзеу
мекемелерінің әкімшілігі нарықтық экономиканың болмысын тиісті деңгейде
ескерместен жұмыс жасауға мәжбүр, өйткені кейбір түзеу мекемелерінде
жұмыссыз сотталғандардың саны 90% құрайды. Бұл жағдайда сотталған адамды
еңбекпен тәрбиелеу туралы әңгіме қозғай алмайсын. Алайда, сотталғандармен
тәрбие жұмысын ұйымдастыру туралы Нұсқауда да, я болмаса ҚР Қылмыстық
атқару нормаларында да сотталғандарды босатылғаннан соң еңбек нарығындағы
бәсекелестікке нақты дайындау мақсатында тузеу мекемелерінің еңбек
нарығының маркетингін зерттеу немесе осы мәселе бойынша тиісті мемлекеттік
немесе жеке меншік құрылымдармен бірге әрекеттесу бойынша түзеу мекемесінің
міндеттері белгіленбеген.
3. Қазақстан Республикасында жазаны өтеуден босатылған адамдарды
әлеуметтік бейімдеу бойынша арнайы бағдарлама дайындалу қажет.
Бағдарламаның негізгі мақсаты қылмыстық жазадан босатылғандарға адрестік
көмек көрсету арқылы қылмыстылықты азайту болу керек. Бағдарлама жазаны
өтеген адамдарды жұмыс басты етуге және қолы бос халықты еңбекке тартуға
ынталандыратын жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталу керек.
Бағдарламада мына мәселелер қамтылуға тиіс:
– әлеуметтік салада жүйелі реформалар жүргізу негізінде, қылмыстылықты
азайту және адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін қажетті жағдайларды
құру;
– мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету
үрдісіне қауіп төндірмейтін көрсеткіштерге дейін жұмыссыздық деңгейін
төмендету;
– жазадан босатылған адамдар тарапынан құқықбұзушылықты алдын алу және
оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды айқындау;
– тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарға әлеуметтік, медициналық және
өзге де көмек көрсету;
– жазадан босатылғандарды әлеуметтік бейімдеу және ақтау.
4. Жергілікті атқару орындарында қылмыстық жазалар мен қылмыстық-
құқықтық әсер етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне
көмек көрсету бойынша міндеттер жүктеу арқылы арнайы комиссиялар құру
қажет.
5. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әкімшілік
қадағалау жүргізу ҚР қылмыстық-атқару заңнамасымен реттелгенімен, бұл
әкімшілік-құқықтық сипаттағы шара болып табылады. Біріншіден, оның себебі
бұл үкім орындалғаннан кейін белгіленеді. Екіншіден, бұл шара биліктің
атқару органдарымен қолданылады. Үшіншіден, ішік істер органдары тұлғаны
және қадағалауға алынған адамның мінез-құлқын ескере отырып шектеулер
қояды, оларды жеңілдетеді немесе қатаңдатады, қадағалаудың мерзімін
белгілейді, оны ұзарту немесе уақытынан бұрын тоқтату туралы мәселелерді
шешеді. Қылмыстың аса қауіпті қайталануы жағдайында қылмыс жасаған
адамдарға да қатысты ішкі істер органдары бақылауды қандай мерзімге
белгілеуді, қандай шектеулер қоюды, оларды жеңілдету немесе қатаңдату,
тоқтату немесе ұзарту туралы мәселелерді шешеді. Егер, мысалы, оны ұзарту
туралы шешім қабылданса, онда оның негізі қылмыс емес, құқықбұзушылық
табылады. Төртіншіден, қарастырылып отырған шара әкімшілік тәртіппен
қолданылады. Бесіншіден, көп жағдайда бұл шара қылмыс болып табылмайтын,
құқықбұзушылық үшін қолданылады. Алтыншыдан, Әкімшілік құқықбұзушылық
туралы кодексте тікелей қарастырмағандығымен, әкімшілік қадағалау туралы
заңнаманы бұзғаны үшін жауаптылық белгілей отырып, заңшығарушының өзі
қадағалауды әкімшілік деп атайды.
Алдағы уақытта осы мәселе төңірегінде әр түрлі пікірлерді болдырмау
үшін, әкімшілік қадағалау туралы норманы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы
кодексіне алдын алу сипатындағы әкімшілік бұлтартпау шарасы ретінде енгізу
қажет.
6. Қазақстан Республикасының түзеу мекемелерінде жазасын өтеп шыққан
адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталықтарын құру туралы ұсыныс негізделеді.
Оның үсіне бұл орталықтар Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Министрлігінің біртұтас қылмыстық-атқару жүйесіне кіру керек және
қолданыстағы әлеуметтік бейімдеу орталықтарынан ерекшеленуге тиіс. Мұндай
орталықтарға босатылу мерзімі өткенге дейін 6-12 ай қалған сотталғандар мен
мерзімінен-бұрын шартты түрде босатылғандар жіберілуге тиіс.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, бес
бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың негізгі мазмұны

Кіріспеде диссертацияның өзектілігі негізделіп, зерттелу деңгейі,
мақсаты мен міндеттері, зерттеу обьектісі мен нақты заты, қорғауға
ұсынылған диссертацияның негізгі тұжырымдары, зерттеу жұмысының ғылыми
жаңалығы, оның теориялық және тәжірибелік маңыздылығы, сондай-ақ зерттеудің
методологиялық және әдістемелік негіздері баяндалған.
Бірінші бөлім Жазаны өтеуден босатылған адамдарды әлеуметтік
бейімдеудің түсінігі мнен мәні деп аталады. Ол екі бөлімшеден тұрады.
Әлеуметтік бейімдеудің түсінігі деп аталатын бірінші бөлімшеде
әлеуметтік бейімдеу ұғымына қатысты қылмыстық-атқару және криминология
ғылымындағы заңгер-ғалымдардың әр түрлі пікірлері талданып, анықтама
берілген.
Әлеуметтік бейімдеу - бұл адамдар арасындағы әлеуметтік, психологиялық,
өнегелі психологиялық, экономикалық және демографиялық қатынастардың
өзгеруі үрдісінің нәтижесі, әлеуметтік ортаға бейімделу. Әлеуметтік
бейімдеудің өзгеше ерекшеліктері ретінде мыналар қарастырылады: сананың
белсенді қатысуы; ортаға адамның еңбек қызметінің әсері; болмыстың
әлеуметтік жағдайына сәйкес адамның өзінің әлеуметтік бейімделуінің
нәтижелерін белсенді түрде өзгертуі.
Әлеуметтік бейімдеу – бұл жаңа ұжыммен қарым-қатынас жасауға тұлғаның
бейімделуі. Бейімделудің бұл түрінің жеңілділігі мен тиімділігі, толықтығы
ұжымның ерекшеліктеріне байланысты болады, ол кей жағдайларда және көбінесе
бұл тұлғаның коммуникативтік қабілетіне байланысты болып келеді. Егер де
әңгіме жай ғана индивид жөнінде болса, онда маманның біліктілік деңгейінің,
тұлғаның физиологиялық ерекшеліктерінің, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлардың,
нәсілінің, жұмыстағы әріптестеріне қарым-қатынасының және т.б. маңызы зор,
яғни жиынтықта міндетті түрде роль атқаратын барлық факторлар.
Пенитенциарлық мекемелерден босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу
мәселесін қарастыруда тағы да бірқатар қосымша факторлар ескеріледі:
жынысы, жасы, білімі, тұқым қуалаушылығы, мекемелерде болу кезінде елеулі
өзгерістерге ұшырайтын тұлғаның психологиялық ерекшеліктері.
Қоршаған орта факторларымен қоса тұлғаның әлеуметтік бейімделу үдерісіне
тұқымты қуалаушылықпен берілетін генетикалық факторлардың да ықпалы бар,
олар адамның мінез-құлқына, оның дамуына әсер етеді.
Жаңа жағдайда жазаны өтеуден босатылғандарды әлеуметтік бейімдеу үш
кезеңнен тұрады:
1) бейімділік кезеңі, мұнда жазаны өтеуден босатылған адам тұрмыс және
еңбекке орналасумен байланысты өмірлік мәселелерді шешеді. Бұл бастапқы
кезең (игеру кезеңі) қысқа болғанымен, оның алдағы уақытта әлеуметтік
бейімдеу үшін маңызы зор. Бұл кезеңде еңдек ұжымы, мемлекеттік органдар мен
қоғамдық ұйымдар тарапынан болатын тәрбиелік әсердің негізі қаланады. Оның
жетістігі сотты болған адамдар тарапынан қылмыстың қайталануын алдын
алуының тиімділігінің кепілі болып табылады.
Көбінесе жазаны өтеуден босатылғандар тұрмысқа және жұмысқа орналасу
қиындықтарына соқтығыса негативті әсерлерге қарсы тұруға құлқы немесе
қабілеті болмай, олар бқрын өздеріне таныс өмір қалпына икемделеді.
Босатылған адамның көзқарастары мен сенімдерінің микротоптың талаптарымен
сәйкес келуі әлеуметтік бейімдеу үрдісінің тына қалуына әкеп соқтырады.
Антиқоғамдық бағыттағы топтар мен адамдардың жағымсыз әсерін жою қиын, ал
кей жағдайларда жою мүмкін де емес.
2) әлеуметтік пайдалы рольдерді игеру кезеңі әсіресе күрделі және қарама
қайшы, жазаны өтеуден босатылған адамның психологиялық және өнегелілік
қиындықтарымен байланысты болып келеді. Оның әлеуметтік рольдері мен
функцияларының әдеттегідей, қалыптасқан дағдылары мен әдеттерін өзгерту
қажеттілігі туындайды. Көбінесе ұзақ мерзімді бас бостандығынан айыру
жазасын өтеген адамдар жаңа әлеуметтік ортаға үлкен ішкі ынтамен,
психологиялық кері кетушілікпен, үнемі стресстік жағдаймен икемделеді. Бұл
кезеңнің профилактикалық маңызы бұрынғы әлеуметтік ортаның әсерін ескі
жолдастардың, қылмыс жасауға себепші болған адамдардың әсер етуіне жол
бермеуде.
Екінші кезеңнің тағы да бір маңызы, мұнда еңбек ұжымы, қоғамдық ұйымдар,
мемлекеттік органдар әлеуметтік бақылауды белсенді түрде жүзеге асыруы
тиіс. Бұл жазаны өтеуден босатылған адамдардың қылмыс жасауын, мемлекеттік
заңдар талаптары мен өоғамдық ережелерін бұзуының алдын алудың маңызды
құралы болып табылады, алғашқы уақытта олардың мінез-құлқын қатаң реттеу,
яғни олардың әлеуметтік бейімделуін басқару.
3) жазаны өтеуден босатылғандарды әлеуметтік бейімдеудің үшінші
кезеңінде санада қажетті және пайдалы көзқарастардың, дағдылардың,
құндылықтардың, бейімділіктердің, еңбек етуге, заң және өнегелі нормалар
талаптарын нақты және бұлжытпай орындауға құмбылдықтың бекітілуі орын
алады. Бұл жерде әңгіме жазаны орындау барысында қол жеткізілген түзеу
әсерінің жағымды нәтижелерінің бекітілуі және сотталған адамның түзелу
мақсатына жеткендігі жөнінде болып отыр.
Автордың пікірінше, жазаны өтеп шыққан адамдарды әлеуметтік бейімдеу
тұлға мен әлеуметтік ортаның өзара әрекеттесу үрдісі, белгілі уақыт ішінде
сотталған адамның айырылған әлеуметтік-жоғалтқан байланыстарын қалпына
келтіру, екінші жағынан бұл осындай адамдарға көмек көрсетуге бағытталған,
мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар тарапынан жүргізілетін
ұйымдастырушылық-құқықтық үрдіс болып табылады деп санауға болады.
Жазаны өтеуден босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу ерекшеліктері
деп аталатын екінші бөлімшеде құнды бағдарларының жүйесіне, яғни жынысына,
жасына, кәсіби жарамдылығына, тұқымқуалаушылық икемділігіне байланысты
жазаны өтеуден босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу ерекшеліктері
қарастырылған.
Көбіне әлеуметтіліктің биологиялықтан тұқымқуалаушылықтан, тумыстан
басымдылығы жөнінде айтылады. Ал дәлел ретінде жағымсыз ортаның фактілері
келтіріледі. Сөзсіз, жағымсыз ортаның болуы айқын, бірақ тек осы ғана
қылмыс жасауға септігін тигізеді ма?
Түзеу мекемелерінен әр түрлі бағытты, әлеуметтік-өнегелілік тұрғыдан
бұзылған, әр түрлі жастағы, денсаулық жағдайы да әр түрлі адамдар
босатылатындығын ескеру керек. Қоғаммен пайдалы әлеуметтік байланыстарды
үзбеген жазадан босатылғандар, пайдалы қызметке тез және сәтті оралуы, жаңа
ортаға еніп кетуі, жаңа әлеуметтік рөлдерді тез арада игеруі мүмкін.
Мұндайда қоғам тарапынан олардың бейімделу үрдісіне тек бақылау жасау және
еңбекке немесе тұрмысқа орналасу, жақын әлеуметтік ортамен қарым қатынас
орнату барысында туындайтын қиындықтарды жеңуге қажетті көмек көрсету қажет
етіледі.
Әлеуметтік бейімдеу уақыт ішінде өтетін үрдіс болғандықтан, оның
кезеңдері мен сатылары туралы мәселе туындайды. Магистранттың пікірінше,
әлеуметтік бейімдеу кезеңдері деп қарастырған жөн. Д.Чукмаитов төрт кезеңді
қарастырады:
Бірінше кезең, мұнда бейімделуші индивид тек мінез құлық ережелерін
меңгереді, бірақ жаңа ортаның құндылықтар жүйесін ол іштей қабылдамайды;
Екінші кезең (шыдамдылық), мұнда орта да, индивид те бір-бірінің мінез-
құлық эталонының тең бағалығын мойындайды;
Үшінші кезең (бейімделу) өзара жол берумен байланысты: индивид ғана
ортаның құндылықтар жүйесін мойындап, қабылдайды, соңғылардың өкілдері де
оның кейбір құндылықтарын мойындайды;
Төртінші кезең (толық бейімделу), мұнда индивид бұрынғы үлгілер мен
құндылықтардан бас тартып, толығымен жаңаларын қабылдайды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазаны өтеуден босату
Жазасын өтеген тұлғалардың әлеуметтік бейімделуінің түсінігі
Қылмыстық жазасын өтеген тұлғалардың әлеуметтік ортаға бейімделуінің ұғымы мен негіздемесі
Қылмыстық жазасын өтеп шыққандар
Қылмыстық жазасын өтеп шықан тұлғалардың бостандықтағы өмір жағдайларына бейімделуінің мәселелері
Рақымшылық және кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату
Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден мерзімінен бұрын- шартты түрде босату
Қылмыстық құқықтағы соттылық ұғымы және оның өзекті мәселелері
Қаржы полициясы органдары
Өлім жазасын қолдану
Пәндер