Қазақстандағы «қайта құру» саясаты. Желтоқсан оқиғасы



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985.1991 жж.).
2. Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кеңес дәуірінде Отан тарихында жинақталған ақтаңдақтардың бетін ашып, оларды тарихи және объективтік принциптер тұрғысынан жаңаша бағалау тарих ғылымының алдында тұрған маңызды міндеті. Сондай ақтаңдақтардың бірі 1985-1991 жылдар аралығын қамтыған қайта құру шаралары болып табылады.
Тоқырау жылдары деп айдар тағылған кезеңде барлық жерлердегі сияқты Қазақстанда да, оның ішінде Оңтүстікте де ол басқару ісінде елеулі кемшіліктер орын алды. Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік – экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа, бұрмалаушылыққа жол берілді. Жалпы, барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезеңде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды іріктеуде көп жағдайда тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды.
Партияның экономикалық стратегиясының ең жоғарғы мақсатыхалықтың материалдық және мәдени тұрмыс дәрежесін үздіксіз арттыру болып келді және солай болып қала береді. Алдағы тұрған кезеңде осы мақсатты жүзеге асыру әлеуметтік экономикалық дамуды жеделдетуді ғылыми-техникалық прогремм негізінде өндірісті барынша интенсивтендіріп, оның тиімділігін арттыруды талап етті. Қайта құру кезеңінде өндіріс негізінен дамудың интенсивті жолына көшіріліп, қоғамдық еңбек өнімділігінің түбегейлі арттырылуына қол жеткізу және осының негізінде экономикалық өсу қарқынын жетілдіру қаралды. Елдің ұлттық таңбасын 2 еседей ұлғайту болды.
1. Амеркулов Н.А., Масанов Н.Э. Казахстан между прошлым и будушим. Алматы, 1994 г.
2. Арыстанбекова А. Казахстан и Объединенные Нации. Алматы, 2002 г.
3. Абдакимов А. История Казахстана( с древнейших до наших дней) Алматы, 2001 г.
4. Артыкбаев Ж. История Казахстана XIX веке. Караганда, 1992 г.
5. Абылхожин Ж., Алексеенко А., Баратова Г., Ерофеева И., Масанов Н. История Казахстана. Алматы, 2001 г.
6. Абуситова М., Абылхожин Ж., Кляшторный С., Масанов Н., Султанов Т., Хазанов А. История Казахстана и Центральной Азии. Алматы, 2001 г.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті

Заң факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы

СӨЖ

Òàºûðûáû:

Қазақстандағы қайта құру саясаты.
Желтоқсан оқиғасы.
.

²àáûëäà¹àí: Нурбетова Г.О.

Îðûíäà¹àí: Бектемірова А.

Тобы: ЗҚТ-112

Түркістан - 2011 ж

Жоспар

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Қазақстандағы қайта құру саясаты (1985-1991 жж.).
2. Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Кеңес дәуірінде Отан тарихында жинақталған
ақтаңдақтардың бетін ашып, оларды тарихи және объективтік принциптер
тұрғысынан жаңаша бағалау тарих ғылымының алдында тұрған маңызды міндеті.
Сондай ақтаңдақтардың бірі 1985-1991 жылдар аралығын қамтыған қайта құру
шаралары болып табылады.
Тоқырау жылдары деп айдар тағылған кезеңде барлық жерлердегі сияқты
Қазақстанда да, оның ішінде Оңтүстікте де ол басқару ісінде елеулі
кемшіліктер орын алды. Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік –
экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа,
бұрмалаушылыққа жол берілді. Жалпы, барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезеңде
қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең
өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші
басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды іріктеуде
көп жағдайда тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды
рөл атқарды.
Партияның экономикалық стратегиясының ең жоғарғы мақсатыхалықтың
материалдық және мәдени тұрмыс дәрежесін үздіксіз арттыру болып келді және
солай болып қала береді. Алдағы тұрған кезеңде осы мақсатты жүзеге асыру
әлеуметтік экономикалық дамуды жеделдетуді ғылыми-техникалық прогремм
негізінде өндірісті барынша интенсивтендіріп, оның тиімділігін арттыруды
талап етті. Қайта құру кезеңінде өндіріс негізінен дамудың интенсивті
жолына көшіріліп, қоғамдық еңбек өнімділігінің түбегейлі арттырылуына қол
жеткізу және осының негізінде экономикалық өсу қарқынын жетілдіру қаралды.
Елдің ұлттық таңбасын 2 еседей ұлғайту болды.
Экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру күрделі қаржыны халық
шаруашылығы дамуының басым бағыттарына шоғырландыру өткен кезге қарағанда
неғұрлым жігерлі түрде жүзеге асырылатын болады.

1. Қазақстандағы қайта құру саясаты (1985-1991 жж.).
Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы.
КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса
күрделі жағдай басталды. Мүндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық
нышандарының жоқтығынан туып еді.
Дағдарыстың себебі өте көп болды.
Саяси саладағы белгілері:
1. Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздегі
және дәрменсіздігі.
2. Қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір
орталықтан басқарылуы.
3. Партиялық және мемлекеттік функциялардың бірігуі мен төрешілденуі.
4. Заңдылықтың бұзылуы.
5. Жариялылықтың болмауы.
Экономикалық салаларда-дағдарыстың белгілері:
- Шаруашылықтың жүргізудің шығындық тәсілі.
- Ғылыми-техникалық және технологиялық прогресте артта қалушылық.
- Бақылаусыз басқару аппараты.
- Инфляция.
- Товар зәрулігі.
Әлеуметтік саладағы оның негізгі белгілері:
- Халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауы.
- Теңгермешілдік.
- Әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы.
- Күнделікті тіршіліктің бұрмалануы.
- Ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер.
- Маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, парақорлық, жезөкшелік және коррупция.
Сонымен, КСРО қоғам дамуының жаңа бетбағытына мұқтаж жағдайда тұрды.
Қайта құру бағыты.
1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас
хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың
пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес
экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев
саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру
бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде
жаңару бағытына бастауға міндет алды.
Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл
бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден
бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта
Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар
кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты
қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен
күнге қиындай берді.
Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы.
1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында Қайта құру және
партияның кадр саясаты туралы мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері:
1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады.
2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды.

1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне
арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде Мемлекеттік кәсіпорын туралы
заң қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды.
Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды.
Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз
жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі
енгізілді.
Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын
жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі
айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен
күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады.

1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық конфернцияда қоғамның
әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер
қобылдады:
1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер
жасау мүмкін еместегін мойындау.
2. Демократияландыру мен жариялылық.
3. Төрешілдікке қарсы қүрес.
4. Халықтық реформа жүргізу.
5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.
Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа
еңгізу керек болды.
Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар мен кемшіліктер.
80-жылдарға қарай халық шаруашылығын жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді
орналастырудағы әміршіл-әкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен
қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстарын тұғызды. Республика шикізат
көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық
ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың қалдықты
ұстанымы сақталды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға
тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін
600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол
кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады.
Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Москвада ғана шешіліп отырды.
Республикалар егемендегі сөз жүзінде ғана болды.
Қазақстан партия басшысы Д.Қонаев (1912-1993 жж.) өз жұмысында көптеген
кемшіліктерге жол берді. Д.Қонаевтің өзіне республика халықтарының арасында
табынушылық пайда болды. Оның маңындағылар республикадағы күрделі
әлеуметтік-экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немқұрайды қарады.

2. Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)
1986 жылғы желтоқсан оқиғасына орталықтың өктемдік әрекеттері мен
демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар және шовинистік саясат
т.б. қалыптасқан жағдайлар нарызылықтың негізгі себептері болды.
Наразылықтың сылтауы 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы орталық
Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Г.П.Разумовский ұсынысымен
Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д.Қонаевты орнынан босатып, мемлекет
басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің
бірінші хатшысы болған Г.В.Колбин тағайындалды. Ел басшылығының
ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл
әрекеті барып тұрған саяси қателік және қазақ халқының мүддесін мүлде
елемеушілік болды.
Оқыға барысы. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда жастар толқуы басталды.
Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Шеру бейбіт және
саяси сипатта болды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан аулақ
болды. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды.
Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін
тыңдағылары келмей, олардың тез таралуын талап етті. Шеруді тарқату
мақсатында республика басшылары Алматы Гарнизоны, басқа да әскери күштер
көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату
мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінен ішкі әскер бөлімдері әкелінді.
Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар,
сойындар т.б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп
сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы қайта құру саясаты. (1985 – 1991 жж)
Қазақстан "қайта құру" жылдарында
Қазақ халқының патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы азаттық күресі
ХХ ғасырдың 80-90 жылдардағы Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар
Саяси - экономикалық реформалық бағыттың басталуы
Қайта құру кезеңіндегі республиканың өміріндегі өзгерістер
Тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихы
Қазақстанның тәуелсіздігі Түркияның қоғамдық пікірінде
Қазақстанда тың жерлерді игеру шаралары
Қазақстанның қалаларында болған демократиялық сипаттағы қазақ жастарының шерулерінің Желтоқсан көтерілісі
Пәндер