Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:
1. 1. . Отбасы және балалардың азаматтық және саяси-әлеуметтік құқықтарын конституциялық қорғау ерекшіліктері
1. 2. Отбасы және кәмелетке толмағандардың бірқалыпты дамуы және оларға дұрыс тәрбие беру шарттары
2. 1. Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
2. 2. Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жеке құрамдары
3. 1. Отбасы және кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктері
3. 2. Кәмелет жасына толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан босату ерекшеліктері
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы үшінші 1000-жылдықтың табалдырығын тәуелсіз ел ретінде аттап, құқықтық-демократиялық мемлекет негізін қалыптастыруға кірісті. Қазақстан қоғамын сипаттайтын саяси, әлеуметтік және әкономиқалық өзгерістер мен қайта құрулардың шапшаңдығы Қазақстан жастарының қал-жағдайына және дамуына кейде теріс ықпал етуде. Тұтас алғанда қазіргі қоғамда және экономиқалық байланыстар мен қатынастар жүйесінде бейімделген, тұрақсыз статусқа ие әлеуметтік топ ретінде тани аламыз.
Бұл жағдайлар отбасында қалыптасатын өз ара қарым-қатынастарын сәттілігімен ұштасады. Міне сондықтан да кәмелетке толмағандардың қорғау жалпы отбасылық қатынастарды қорғау мен бір тұтас.
Жаңа қоғамдық қатынастарға көшу және осыған байланысты туындаған күрделі өзгерістер қарапайым халықтың өмір сүруден кейін күрт төмендетіп кедейлікке ұшыраған отбасылар санының күннен күнге өсуіне алып келеді. Ал мұндай отбасыларында олардың балаларының үйінен кетіп қалуына, тіпті ата-ана некесінің бұзылуына ықпал ететін күрделі психологиялық жағдайлар орын алатыны белгілі ерлі-зайыптылардың ажырасу фактілері жиілеп, ал некесіз туылған балалардың саны өсе түсуде. Елде келе жатқан «Әлеуметтік жетімдік» яғни ата аналары бар, бірақ көшеде қалған немесе мемлекеттік тәрбиелену мекемелерінде балалар үйінде тәрбиеленіп балалар санының өсуіне әкеледі. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық қол сұғуышылықтан қорғауға бағытталған нормалардың Қазақстан Республикасының қылмыстық заңында орын алуы 1989 жылы дүние жүзілік «балалардың құқықтар туралы» Конвенциясының ережелеріне сәйкес келеді. Мұндай нормалардың қылмыстық заңға енгізілуі жас тұлғаның дене құрылысының толық жетілмеуімен сондай-ақ ересек адамға қарағанда Кәмелетке толмағандардың қылмыстық қол сұғушылыққа төтеп беру.
1959 жылы 22 шілдедегі ҚазақССР-ның Қылмыстық Кодексімен салыстырғанда 1998 жылы 1 қантарда күшіне енген қазіргі қолданыста жүрген Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде кәмелетке толмағандар мен отбасына қарсы жасалатын қылмыстар үшін жауаптылық қарастырған бапатардың саны едәуір өскен Мысалы: 1959 жылғы заңда тек жасы кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың небәрі алты түрі ғана көрсетілген еді. Олар жасы он алтыға толмаған қыз бен жыныстық қатынас жасау 102 бап, жас баларды аздыру 103 бап, неке жасына жетпеген қызбен іс жүзінде некелі жағдайда тұру 105 бап, балаларды асыраудан немесе тәрбиелеуден бұлтару 112 бап, опекундық праволарын, қиянат жасау 113 бап, біреудің баласын ұрлау 116 бап.
Ең бастысы, жаңа заманда отбасымен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін жауаптылықты қарастыратын нормаларға, өз алдына бір тарау арналған. Бұл біздің жаңа қылмыстық заңымыздың отбасымен кәмелетке тлмағандардың құқықтарымен заңды мүдделерін жоғары деңгейге көтеріп отырғанын дәлелдейді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында:
Неке мен отбасы, ана мен әке жене бала мемлекеттің қорғауында болады (1) ; Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи кұкығы әрi парызы (2) ; Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi (З) - дслiнген. Бұл көрсетiлген қағидалар халықаралық құқықтын осы мәселелер жөнiндегi негiзгi ережелерiне сәйкестендiрiлген. Адам кұкығы жөнiндегi 1948 жылғы жалпыға бiрдей декларацияда, Азаматтық жене саяси құқықтар туралы 1966 жылғы Халықаралық фактiде отбасы қоғамның табиғи негiзгi ұясы және ол мемлекет пен қоғам тарапынан қорғау құқығына ис деп белгiленгсн. 1989 жылы 20 қарашада қабылданған “Бала құқықтары жөнiндегi” Конвенцияда да балалардың азаматтық және саяси-әлеуметтiк құқықтарының қорғалуына ерекше мән берiлген. Қазақстан Республикасы да отбасы жене кәмелетке толмағандар жөнiндегi халықаралық құқық нормаларын қастерлей отырып, осы мәселелерге байланысты пайда болатын қоғамдык қатынастарды қылмыстық-құықтық жолмен қорғауға ерекше мән бередi.
1997 жылы қабылданған жаңа Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң 2-тарауы отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін жауаптылық белгiлеген. Бұл тарауда осы тұрғыдағы қылмыстарға арналған нақты қылмыстардың мынадай түрлерi көрсетiлген: кәмелетке толмаған адамды қылмыстық iске тарту (131-бап) ; кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы iс-әрекеттер жасауға тарту (132-бап) ; кәмелетке толмағандарды саудаға салу (133-бап) ; баланы ауыстыру (134-бап) ; бала асырап алу құпыясын жария ету (135-бап) ; балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейi жалтару (136-бап) ; кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндттердi орындамау (137-бап) ; балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамау (138-бап) ; қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын терiс пайдалану (139-бап) ; еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейi жалтару (140-бап) . Осы топқа жататын қылмыстардың объектiсi ата-аналар мен балалардың арасындағы отбасылық қатынастар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың дене бiтiмi, интеллектуалдық, рухани, адамгершілiк тұрғысынан дұрыс дамып, қалыптасу жағдайлары болып табылады. Ендi осы топқа енген қылмыс құрамдарының әрқайсысына жеке-жеке талдау жасап өтейiк.
I тарау. ОТБАСЫ ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Отбасы және балалардың азаматтық және саяси-әлеуметтік құқықтарын конституциялық қорғау ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағыңда «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандық тары» деп көрсетілсе, 3-бабының 1-тармағында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық» деп бекітілген. Құқықтық мемлекет құрудың бірден-бір шарты - халықтың құқықтық білімін көтеру мақсатында 1995 жылдың 21 маусымында Елбасының «Жалпыға бірдей құқықтық білім мен тәрбие беру туралы» № 2347 қаулысы қабылданған болатын. Аталмыш заңдық құжат азаматтардың құқықтық мәдениетін, білімін жетілдіре отырып, заңдылықты күшейту қажеттілігін негізгі меже етіп қойды. Мұның мәнісі қазіргі кездегі түрлі қылмыстық, әрекеттердің ушығып кеткенімен байланысты. Ертеректе «кәрші ақысы - тәңір ақысы» деп ынтымақпен өмір кешкен халықтың кейбір өкілдері бүгінде кәрші кемпірдің талғажау еткен жалғыз сиырын шімірікпестен қорасынан жетектеп әкететінді шығарған.
Қазақ елінің заңды құрметтеуі, адам құқығын ардақтауы сонау ықылым заманнан-ақ қалыптасқан. Ғасырлар қойнауынан жол тартып келе жатқан әдет-ғұрып, салт-сана, мәдениетті сөйлеуге құрылған қарым-қатынасқа айрықша баға берген. Ел басқару ісіне жіті мән бергендіктен, ақ сақалды қариялардың түйінді бір ауыз сөзінің өзі тасқын тоқтатарлық күшке ие болған. Ал дуалы ауыздан шыққан қасиетті сөздер ел арасына кеңінен тарап, Ата Заң баптарындай бағыт беріп отырған /1/.
Қазақ халқы жазусызуды білмеген кездің өзінде тәрбиеге ерекше көңіл бөліп, адам құқын қорғауды назарда берік ұстаған. Мысалы, сол заманда ел тоқтаған «Қасым ханның қасқа жолы» (1511-1518 ж. ж. ), «Есім ханның ескі жолы» (1598-1628 ж. ж. ), Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» (1680-1718 ж. ж. ) сияқты кәрнекті заңдар жұртшылық, ты ынтымақ пен бірлікке жұмылдырып, адамдарды әділеттілікке, яғни біреудің алажібін аттамауға тәрбиелей отырып, зорлық пен зомбылықтың барлық түріне қатаң жаза қолданған. Ал елі менжерін сатқан екіжүзділерді, жауыздықпен күн көрген қаныпезерлерді, Ата заңын аттаған азғындарды «етегін кесіп, елден қу» деген қағидамен аяусыз жазалаған.
Ел басқарушыларды ақыл-парасатына, турашылдығы мен әділеттілігіне қарай құрметтеген. Елге жайсыз болған басшы билік басында ұзақ отырмаған. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Көп қорқытады, терең батырады» дегенді айтып, тура жолдан тайғандарды жөнге салған да халықтың өзі болған. Сол себепті, қай хан болмасын алдымен халықтың қамын ойлап, ел қорғауда үнемі халықпен бірге болып, ел бірлігін сақтауға тырысқан.
Содан кейінгі кезеңде қазақ жерін отарлау мақсатында патшалық Ресейдің хандықты жойғаны, ел басқару ісіне өзгерту енгізгені, халықты бір-біріне айдап салғаны тарихтан мәлім. Ал қызыл империяның құйтұрқы саясаты халықты тілі мен дінінен, әдеп-ғүрып, салт-санасынан айыруға дейін жеткізді. Осындай бағытты ұстанған содыр саясат халықтың теңдік құқын жаншып, оның ұлттық болмысын көмескілендіруді көздеді. Басқасын қойғанда, жеке адамның құқы, оның тағдыры деген ұғымдар адыра қалды. Тағдыр демекші, жеке адамның тағдырын ойлау әр елде, әр кезеңде түрлі сипатта болды. Мысалы, француз буржуазиялық революциясының негізгі құжаты саналатын «Адам және азамат декларациясының» 1-бабында «Адамның туылғаннан кейінгі бостандығы мен құқы теңдей» деп көрсетілген. Бул барлық адамдардың құқықтары тең екенін айғақтау деген сөз. Дәл осындай қағида ислам дінінде де бар және онда «Адам туылғанда да, өлгенде де бірдей, сондықтан бір-біріңді қорламаңдар, пенделер» деп тұжырымдалады.
Ерте кезде адам және азамат құқықтарын теңестіретін демократиялық көзқарастың деңгейі төмен болғаны рас. Нағыз демократия өз жемісін екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, дәлірек айтқанда 1948 жылы берді. Өйткені, дәл осыжылы БҰҰ өзінің «Жалпыға бірдей адам құқығының декларациясын» қабылдаған еді. Бұл құжат дамушы елдер үшін адам құқын қорғау саласында бағыт беретін негізгі заң актілерінің бірі болды.
Енді құқықтық мемлекет құруға бет алған елімізде қылмыс неге көп, оның себебі неде деген мәселеге келейік. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін басқа одақтас республикалар сияқты Қазақстанда да жұмыссыздар саны көбейді. Бұған зауыт, фабриқалардың жоқтығы, бұрыннан қалыптасқан әкономиқалық байланыстардың үзілуі себеп болды. Әсіресе, республика заңдарын орындамау жауапсыздық пен құқықтық сауатсыздықты тудырды.
Қазір жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың ішімдік ішу, нашақорлық, әйел зорлау, жезөкшелік сияқты түрлері көп ұшырасады. Бұған, әлбетте, сағат сайын теледидардан соғыс пен кісі өлтіруге, жалаңаш ерлер мен әйелдерді жарнамалауға құрылған бейнефильмдердің шексіз көрсетілуі себеп. Міне, осындай жүйесіз, жүгенсіз бейнефильмдерге бой алдырып, санасы уланған жасөспірімдердің ертеңгі күні сол жаман әдетке еліктемеуіне кім кепіл?! Сондықтан, республика Президентінің жоғарыдағы қаулысының әкономиқалық-әлеуметтік жағдайларды қамти отырып, Құқықтық мемлекетті жеделдете құруға мұрындық болатын заңдық құжат екендігі шындық. Жалпыға бірдей құқықтық білім мен тәрбие беру жас урпақ үшін халықтық іс бояуы шарт. Бул отбасындағы ата-анадан бастап, мемлекетке дейінгі аралықта атқарылатын маңызды жумыстардың бірі болып есептелуі тиіс.
Бүгінгі таңда мектеп алдыңда тұрған міндеттердің бірі - оқұ-тәрбие жұмысының барлық саласына құқықтық шараларды енгізу. Мұның мәнісі әрбір оқұшының құқықтық санасын қалыптастыру мен жауапкершілігін нығайтудың тйімді жолдары мен тәсілдерін қолдануда. Оқұшыларға құқықтық тәрбие беру үшін, ең алдымен оларға Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясының мазмұнымен жыл бойына түбегейлі таныстыру қажет. Құқықтық сана - қоғамдық сананың құрамдас бөлггі, ал құқық қоғамдық қатынастарды реттейтін, қоғамның бірыңғай ұйымдасып, өмір сүруін қамтамасыз ететін күшті құрал.
Заңның рөлі, әсіресе әкономиқасы дамыған елдерде терең байқалады. Елімізде жүргізіліп жатқан әкономиқалық реформалар «Жекешелендіру туралы», «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» және т. б. заңдарды басшылыққа алған. Ал құқықтық тәрбие берудегі мемлекеттің рөлі айрықша. Бүгінге дейін біз құқықтық тәрбиені «Қазақстан мемлекетінің құқық негіздері» деген пәнді оқыту арқылы беріп келдік. Десекте, бұл құқықтық мемлекет құру үшін аздық етеді. Аталмыш пәнді оқұшыға 1-сыныптан бастап соңғы сыныпқа дейінгі аралықта оқытып, құқықтық тәрбиемен ұштастырған жөн. Оларға Конституция және жалпы заң туралы ұғымдарды терең қамти алатындай жағдай тудыру шарт. Қазіргі кезде оқұшыға қылмыс пен жаза туралы толық дәріс беріп, оқұшылардың өздеріне тиісті құқықтары мен міндеттерін, бұған қоса ата-ананың құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, өзін-өзі қорғай білуге баулу керек-ақ. Оларға заңды білген адам әділетті, парасатты, турашыл да батыл болса, заңды білмеген адам жағымпаз, жасқаншақ, екіжүзді, қорқақ болатының үнемі айтып, түсіндіру де артық етпейді. Қысқа қайырғанда, әрбір азамат заңгер болуы керек.
Жоғарыда құқықтық тәрбие беруді отбасынан бастаған дұрыс дедік. Ал, ол кейін мектепте жалғасса, мектептен қоғамдық ортаға бағыт алса, сонда ғана біз көздеген мақсатқа жетпекпіз. Мектеп мемлекеттік оқұ-тәрбие мекемесі болғандықтан, онда жүргізілетін құқықтық білім мен тәрбие жұмысы да алдың ала жоспарлануы тиіс. Әр ұстаз өз пәндеріне байланысты заңдық құжаттарды пайдалана отырып, ашық сабақ өткізсе, әр сынып жетекшісі ертеңгілік, апталық сабақтарды, іскерлік ойын, сөзжұмбақ, ребус, анкета, тест жұмыстарын, сұрақ-жауап, пікір сайыстарды құқықтық тақырыппен байланыстырып жүргізуді қадағалап отырса, нұр үстіне нұр болмақ.
Кезінде нарық заманыңың нар белін қайыстырған қиыншылықтарына кезіктік, уақыт өзгеріп, ұрпақ ауысты дедік, қойшы, әйтеуір еліміздің ертеңгі болашағынан саналынатын жастар тәрбиесін уыстан шығарып алғанымызды күні бүгіндері кеш аңғарып отырмыз. Қазір сол одақ тұсындағы құатты жастар қозғалысын қанша жерден қалпына келтіреміз деп талпынғанымызбен ісіміз ілгерілемей шатқаяқтап келеді. Жастар мен жасөспірімдердің құқығын қорғау, оларға тәлім тәрбие беру жөнінде бірнеше заң қабылданғанымен күнделікті тәжірибеде олардың да тетіктері толық іске қосылмай, бір кездері өзара сабақтасып жатқан мектеп пен отбасы және қоғамдық ұйымдар арасындағы байланыстың әлсіреп, аққудың көкке, шортанның көлге тартқаныңдай берекесіздіктің үстемдік құрып тұрған жағдайы бар. Сонымен соңғы жылдары патриотизм мен отан сүйгіштік рухынан айырылып қалған жастар қауымы арасында қылмыстың қаулап өсуі үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Әрине оның түпкі себебін бір ауыз сөзбен түсіндіріп беру қиын мәселе /29/.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz